Менеджерлерге қойылатын талаптар



Басқарушылық еңбектің ерекшелігі, басқарушылық функциялардың күрделілігі мен жан-жақтылығы басқару практиктері мен теоретиктерінің есінен еш уақытта шықпаған және олардың назарында басты орын алған, оған деген көзқарастардың XX ғасырдың басынан қазірге дейінгі эволюциясына көңіл аударалық. Кәсіпорында немесе ұйымда басқару жүйесінің қалыптасу кезеңінде және әрі қарай ұзақ уақыт бойында (шамамен 70-жьшдарға дейін) менеджерлерге қажетті сапаны ұйымның жұмыс әрекеті, сипаты мазмұнына байланыстырған. Сонымен қоса, бұл сапалардың тізбегін уақыт өткен сайын кеңейтіп отырған.
Ғылыми менеджменттің классигі Ф.У. Тэйлордың пікірінше, мастерлердің "ақыл, білім, арнайы немесе техникалық мағлұмат, тәсілқойлық немесе күш, әдептілік, энергия, батылдық, адалдық, парасатты және дұрыс ойлау, мықты денсаулық" сияқты сапалары болуы керек.
Басқару ісінің маманы А. Файолдың пікірі бойынша, ірі кәсіпорындарының басқарушыларына мына төмендегідей қасиеттер тән болуға тиіс:
а) денсаулық пен дене төзімділігі;
ә) ақыл және ақыл-ойының жұмыс қабілеттілігі;
б) өнегелі сапалар: қатаң, қажырлы, саналы жігер, белсенділік, қуат және, белгілі жағдайда, ерлік, жауапкершіліктен қорықпау, міндетті түсіну, барлық мүддеге қамқорлық;
в) жалпы түсінік шеңберінің кендігі;
г) әкімшілік қабілеттілік, іс-қимыл бағдарламасына көрегендік білдіру және оны жетілдіру қабілеті, ұйымдастырушылық сапасы, әсіресе әлеуметтік орта жасай білу мүмкіншілігі, бұйрық бере білу, адамдарды

Пән: Менеджмент
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
Менеджерлерге қойылатын талаптар

Басқарушылық еңбектің ерекшелігі, басқарушылық функциялардың
күрделілігі мен жан-жақтылығы басқару практиктері мен теоретиктерінің
есінен еш уақытта шықпаған және олардың назарында басты орын алған, оған
деген көзқарастардың XX ғасырдың басынан қазірге дейінгі эволюциясына көңіл
аударалық. Кәсіпорында немесе ұйымда басқару жүйесінің қалыптасу кезеңінде
және әрі қарай ұзақ уақыт бойында (шамамен 70-жьшдарға дейін) менеджерлерге
қажетті сапаны ұйымның жұмыс әрекеті, сипаты мазмұнына байланыстырған.
Сонымен қоса, бұл сапалардың тізбегін уақыт өткен сайын кеңейтіп отырған.
Ғылыми менеджменттің классигі Ф.У. Тэйлордың пікірінше, мастерлердің
"ақыл, білім, арнайы немесе техникалық мағлұмат, тәсілқойлық немесе күш,
әдептілік, энергия, батылдық, адалдық, парасатты және дұрыс ойлау, мықты
денсаулық" сияқты сапалары болуы керек.
Басқару ісінің маманы А. Файолдың пікірі бойынша, ірі кәсіпорындарының
басқарушыларына мына төмендегідей қасиеттер тән болуға тиіс:
а) денсаулық пен дене төзімділігі;
ә) ақыл және ақыл-ойының жұмыс қабілеттілігі;
б) өнегелі сапалар: қатаң, қажырлы, саналы жігер, белсенділік, қуат
және, белгілі жағдайда, ерлік, жауапкершіліктен қорықпау, міндетті түсіну,
барлық мүддеге қамқорлық;
в) жалпы түсінік шеңберінің кендігі;
г) әкімшілік қабілеттілік, іс-қимыл бағдарламасына көрегендік
білдіру және оны жетілдіру қабілеті, ұйымдастырушылық сапасы, әсіресе
әлеуметтік орта жасай білу мүмкіншілігі, бұйрық бере білу, адамдарды
басқару өнері, олардың әрекетін үйлестіру және бақылау;
д) өте маңызды, қатысы бар барлық функциялармен таныс болу;
е) осы кәсіпорынға тән мамандықты жете білу.
Ірі кәсіпорындар табиғаты қандай болса да, басшыларына міндетті түрде
қажетті сапа мен біліктіліктің жеті тобының алтауы біркелкі элементтерден
құралады, тек жетінші топ әртүрлі кәсіпорындар үшін түрлі арнаулы жағдайды
қажет етеді.
XX ғасырдың 70-жылдары ұйым сыртқы ортамен белсенді түрде бір-бірімен
келіскен әрекет еткендіктен, оның жұмысы тек қана ішкі ортаға тәуелді емес,
сол сияқты сыртқы ортаға да байланысты деген пікірдегі бағыт пайда болды.
Ішкі және сыртқы орталардың әр алуандылығы, күрделілігі және қозғалмалығы
ұйымдарды басқарудың жан-жақты тәсілді табу мүмкіншілігін жоққа шығарды,
оның қалыптасқан жағдайға сәйкес келетіні, ең қолайлысы ситуациялық тәсіл
болып есептеледі. Бұл амалды жағдайлық, яғни ситуациялық деп атайды. Соған
байланысты ұйым басшысының қызметін бағалайтын көрсеткіштерге көзқарастарда
да өзгерістер пайда болды; ішкі және сыртқы орталардың өзгермелі жағдайына
бейімделе білу осы көрсеткіштердің ішінде ең бастысы болып саналады.
Жоғарыда аталған сипаттарды есепке ала отырып, кез-келген
,., г ... .,.,.. Р г ... ы ... ... ... ,. басты талаптар: кәсіби
мамандығын жете білу, менеджмент саласындағы жалпы даярлығы, өз әрекетінің
сипаты мен түріне байланысты саладағы өндіріс ұйымның техникасы мен
технологиясын меңгеру (әсіресе төменгі және орта дәрежедегі менеджерлер
үшін), экономика мен құқық, психология мен педагогика теориясынан
хабардарлығы, әкімшілік ету қабілеттілігі, өздігінше және уақытында
негізделген шешімдер қабылдау және бағыныштыларына ықпал жасай отырып, сол
қабылданған шешімдердің орындалуына қайсарлықпен қол жеткізу, жаңаны сезе
білу, фирманың даму тенденциясын алдын-ала көру қабілеттілігі. Әрине,
басқарушылық сапаның ерекше маңызы бар: мақсатқа жетуге талпыну,
қызметкерлерді іріктей білу және оларды тиімді пайдалану, олардың
қызметтері мен алдарындағы мақсаттарын анықтау, өкілдікті бөлу.
Бұған тағы да: сөз бен істің бірлік принципін сақтау, бастаған істі
тиімді аяқтау, өз басының мұқият жинақтылығы, ағымдағы және алдағы
міндеттерді орындауға қажетті уақытты дұрыс бөлу мүмкіншіліктері жатады.
Адамдарды басқара білуге қажетті талаптар: бағыныштылардың қабілеті
мен мүмкіншілігін білу, олардың мүддесін қорғау және олардың еңбек
жағдайына, тұрмысына қамқорлық жасау, ұжымда өзара сыйластық пен
сенімділікке негізделген жақсы катысты қалыптастыруға қабілеттілігін
көрсету, былайша айтқанда, өзі басқаратын ұйымда қолайлы әлеуметтік -
социологиялық орта құру.
Бүгінгі күні менеджердің жоғары бағаланатын қасиеттері: ақылдылық,
мақсатқа жету жолындағы табандылық, принциптілік пен шешімділік, адалдық
пен әділеттілік, өзіне және басқаларға жоғары талап қою, бағыныштыларды
сыйлау және олардың пікірімен санасу, жауапкершілік пен парыз сезімділігі.
Бүгінде менеджмент туралы әрқилы пікірлер, менеджерлерге қойылатын
талаптың саны мен сапасын талдау, жетілдіру әлі де жалғасуда.
Басқару бойынша ағылшын мамандары М. Вудкок пен Д. Френсис
төмендегідей қосымша тізбелер ұсынады: "өзін басқару қабілеті", "жеке
басының парасаттылығы", "жеке басының айқын мақсаты", "жеке басының өсуіне
баса күш салу", "мәселені шешу әдеті", "тапқырлық және жаңашылдыққа
қабілет", "айналасындағыларға ықпалын тигізуге қабілеттілігінің жоғары
болуы", "осы замандағы басқарушылық амалдарды білуі", "басқару
қабілеттілігі", "бағыныштыларын жетілдіріп, оларды оқытуға шеберлігі",
"жұмысшылар тобын қалыптастырып, оларды жетілдіруге қабілеттілігі".
Профессор Школаның тізбегіне сәйкес, Питер Вейлдің бизнес және
мемлекеттік әкімшілік жүйедегі төмендегідей көзқарастарына тоқтауға болады:
стресс жағдайында жұмыс істегенде, "зиялылық пен шапшаңдық қасиеттерді
жаңаша үйлестіру". Қазіргі басшылардың жұмысы стресстермен төркіндестігін
айтады автор. Стресс жағдайында жұмыс істейтін адамдар өздерінің оған
қарсылық көрсету қабілеттілігін дамытады. Сөйтіп, оны жұмысқа қырсығы
тиюден сақтандырады.
Біздің қазіргі экономикамызда Батыстағы рыногы дамыған елдерде
кездеспейтін қолайсыз жағдайларға байланысты басшылардың әрекеті адам
айтқысыз күрделіленіп кетті. Менеджерлер шешім қабылдау үшін үлкен
тәуекелге баруға тиіс, осындай күрделі жағдайда қате жіберіп қоймау үшін,
оларға шапшаңдық, тәуелсіздік және оның алғы ұйғарымына өз
жауапкершілігінен тайсалмайтын табандылық көрсеткені жөн. Мұндай
жағдайларда менеджердің кәсіпкерлік ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Менеджерлерге қойылатын талаптарға сай, басқару жұмысын ұйымдастыру
Басқару есебі-бухгалтерлік есеп жүйесінің элементі
БАСҚАРУ ЕСЕБІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Менеджмент философиясы
Ұйым туралы түсінік, оның түрлері
Ұйым туралы түсінік және оның түрлері
Персоналды басқару жүйесі туралы
Шағын және орта кәсіпорын менеджменті пәнінің оқу-әдістемелік кешені
CRM – жүйесі
Кәсіпорынның жұмысшыларын басқару
Пәндер