Апплеттер: анықтамасы, құруы, әдістері және қауіпсіздігі


Жоспар

  1. Апплеттің анықтамасы
  2. Қарапайым апплетті құру, орындату және әдістері
  3. Апплеттен қорғану

Апплет (applet) - браузердің басқаруымен басқа серферден жүктеліп, клиент компьютерінде WWW-құжат терезесінде жұмыс істейтін арнайы программа(арнайы класс) . Апплет WWW-дегі кез-келген серверге деректерді жібере алады. Сондықтан да, апплеттерді қолданып қолданушы компьютеріндегі құпия ақпараттың ұрлануын немесе зиянкес әрекеттердің жасалуын болдырмау үшін апплеттің компьютер ресурстарына қатынау мүмкіндіктері шектелген.

Қарапайым апплетті құру, орындату және әдістері

Java тілі қолданбаларын басқа, апплетерді, яғни Internet серверінде орналасатын, Web-браузер арқылы іске қосылып, клиенттің компьютерінде орындалатын шағын Java- қолданбаларды да жасауға мүмкіндік береді. Апплет қолданушыға желі арқылы жіберіледі, HTML құжатының бір бөлігі ретінде автоматты түрде орнатылады және іске қосылады. Ол клиент жағындағы Web-программалаудың мықты құралы болып табылады. Қауіпсіз болу үшін апплеттің қолданушы компьютеріндегі ресурстарға қолжетімділігі шектеулі.

Апплеттер JVM емес, браузер арқылы іске қосылады, браузердің өзі апплетті орындату үшін JVM-ны іске қосады. Осы ерекшелік апплет программасында сипатталады.

Java тілінің тұрғысынан апплет-бұл java. Applet дестесіндегі Applet класының кеңейтілімі, өз кезегінде ол Panel класын туындатады. Басқаша айтқанда, апплет- бұл арнайы түрдегі панель, қасиеттері мен әдістері бар компоненттерді орналастыратын контейнер. Апплеттерде графикалық интерфейстерді, суреттер мен бейнелерді жүзеге асыруға болады. Құжаттарға мәндері өзгеріп отыратын өрістерді қосуға, экранда «жүгіретін жолдар» («бегущие строки»), мультипликация, есептеулер жасауға мүмкіндік береді.

Апплетте main() әдісі жоқ, өйткені JVM апплетті іске қоспайтын болғандықтан, оның керегі болмайды. Сондықтан да, апплеттің бастапқыда орындайтын әрекеттері Applet класының int() әдісінің ішіне жазылады. Программа кодындағы түрі: public void int() {}. Бұл әдіс автоматты түрде браузер апплетті жүктеген соң іске қосылады, аргументі жоқ, мән қайтармайды. Ал, қажет жағдайда, апплет жұмысын аяқтату, ресурстарды босату сияқты кері әрекеттер апплетті босату кезінде автоматты түрде орындалатын destroy() әдісіне жазылады. Applet класында бұл әдістің бос жүзге асуы бар.

Аталған әдістерден басқа Applet класында автоматты түрде орындалатын екі әдіс бар: браузер апплет экранға шыққан сайын start() әдісін, ал апплет экраннан жоғалғанда stop() әдісін орындатады.

Бұл әдістердің апплетте болуы міндетті емес.

Мысал. Төменде Hello апплетінің коды берілген:

Import java. awt. *;

Import java. applet. *;

Public class HelloWorld extends Applet{

Public void paint(Graphics gr) {

Gr. drawstring( “Hello, XXI century World!”, 10, 30) ;

}

}

Бұл апплет java. applet және java. awt иерархияларының барлық дестелерін импорттайтын екі жолдан басталады. Мұндағы paint әдісін шақырған кезде, оған Graphics класының объектісіне жасалатын сілтемені қамтитын gr аргументі беріледі. Graphics типті осы объектімен шақырылатын drawstring() әдісінің (10, 30) экран позияциясында «Hello, XXI century World!» мәтіндік жолы шығады. Бұл программа HelloWorld. java файлына сақталады, javaс HelloWorld. java деп компиляцияланады. Компилятор HelloWorld. class файлыын құрады, алайда оны орнату үшін енді java интерпретаторын қолдануға келмейді, өйткені main() әдісі жоқ. Интерпретациялау орнына апплетті іске қосуға браузерге нұсқау беру керек. Браузерге арналған барлық нұсқаулар HTML ( HyperText Markup Language) тілінің тегтері (tags) арқылы жазылады. Апплетті іске қосу туралы нұсқау <applet> тегінде беріледі, оның ішінде апплет класы бар файл аты және апплет панелінің ені width мен биіктігі height пикселмен көрсетіледі.

Жоғарыдағы HelloWord апплетін жүктеуге арналған файлдың мәтіні келесідей болады:

<html>

<head><title>Applet</title></head>

<body>

Ниже выполняется апплет. <br>

<applet code = “HelloWorld. class” width =”200” height = “200”>

</applet>

</body>

</html>

Бұл мәтін кеңейтілімі html немесе htm болатын файлға сақталады (мысалы: HelloWorld. html) . Файл атын қалауыңыз бойынша, еркін түрде беруге болады.

Екі файл да- HelloWorld. html және HelloWorld. class- сервердегі бір каталогке орналасуы тиіс. HelloWorld. html файлы браузер арқылы жүктеледі. Браузер HTML-файлды қарап, <applet> тегін орындап, апплетті клиенттің компьютерінде жүктейді.

Апплеттің екі ерекшелегі бар:

  • Апплеттің өлшемі апплет кодында емес, HTML-файлдағы <applet> тегінде беріледі. Бұл апплет кодын қайта компиляцияламай-ақ, оның өлшемін өзгерту үшін аса қолайлы. Өлшемін бір пиксель етсе, апплет көрінбейтін түрде болады. Апплет өлшемін браузер терезесіне қатысты пайызбен де анықтауға болады:

<applet code= “HelloWorld. class”width=”200%”height=”200%”>

  • Апплеттің фоны сұр түсті, апплетті браузер терезесінен ажырату үшін мұндай фон алғашқы браузерлерде болды. Қазіргі браузерлерде ақ түс беру қабылданған, оны int() әдісінің ішінеsetBackground(Color. white) әдісін жазып, шақыру арқылы ауыстыруға болады.

JDK -ның кез келген версиясының құрамында appletviewer программасы бар. Бұл- тексеріп, жөндеу мақсатында апплетті іске қосатын қарапайым браузер, оны Internet-браузер болмаған кезде қолдануға болады, ол командалық жолдан appletviewer HelloWorld. html деп жазылып, іске қосылады.

Апплеттен қорғану

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
MS Word 97 құжаттарында колонтитулдар: анықтамасы, құруы және өңдеуі
Java тілінің объектіге бағытталған негіздері, апплеттер және JDK утилиталары
Java тілінде қарапайым сағат құру: апплеттер, графикалық интерфейс және іске асыру
Delphi-де формалар: құрылымы, құруы және модальды режимдері
Оқыту әдістемесі: анықтамасы, жіктелуі және негізгі әдістері
Шыңғыс хан: мемлекетті құруы, ішкі саясаты және жорықтары
Еңбек қауіпсіздігі стандарттары, өндірістегі бақылау әдістері және жауапкершілік
Тәрбие әдістері: анықтамасы, жіктелуі және педагогикалық қолданылуы
Модельдеудің анықтамасы, әдістері және түрлері
Өрт қауіпсіздігі: негіздері, алдын алу және сөндіру әдістері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz