Java тілінің негізгі ұғымдары. Java тілінің базалық типтері, операциялары мен операторлары



1. Java тілінің негізгі ұғымдары
2. Java тілінің базалық типтері
3. Java тілінің операторлары
Java тілінде жазылған программалар кластар жиынтықтарынан тұрады және .java кеңейтілімі бар мәтіндік файлдарда сақталынады. Компиляциялау барысында программа мәтіні .class кеңейтілімі бар екілік файлдарға аударылады. Мұндай файлдар байт- кодтардан тұрады. Ол дегеніміз абстрактілі Java - процессорға арналған процессордың командаларын және оларға арналған мәліметтердің тізбектілігін байттық битте көрсету. Байт-код кез-келген компьютерде орындалуы үшін ол қажетті процессорға сәйкес келетін нұсқауға аударылуы қажет.
Java – машина нақ осылармен айналысады. Алдымен байт-код әрқашан да түсіндіріледі: қандай да бір Java-процессор нұсқаулары кездескен жағдайда ол компьютердің процессоры нұсқауларының тізбектілігіне айналдырылады. Сондықтан бұл Java қосымшасының жұмысын әлдеқайда бәсеңдеткен болатын. Операциялық жүйе қосымшасы операциялық жүйе құралдарының арқасында орындауға жіберіледі.
1.Андасова Б.З. Java тілінде программалау: ақпараттық технология мамандықтарына арналған оқу құралы /- Астана: Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті,2014.

Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
Ақпараттық технологиялар факультеті
Ақпараттық жүйелер кафедрасы

СӨЖ
Тақырыбы: Java тілінің негізгі ұғымдары. Java тілінің базалық типтері, операциялары мен операторлары

Астана 2017
Жоспар
1. Java тілінің негізгі ұғымдары
2. Java тілінің базалық типтері
3. Java тілінің операторлары

Java тілінің негізгі ұғымдары
Java тілінде жазылған программалар кластар жиынтықтарынан тұрады және .java кеңейтілімі бар мәтіндік файлдарда сақталынады. Компиляциялау барысында программа мәтіні .class кеңейтілімі бар екілік файлдарға аударылады. Мұндай файлдар байт- кодтардан тұрады. Ол дегеніміз абстрактілі Java - процессорға арналған процессордың командаларын және оларға арналған мәліметтердің тізбектілігін байттық битте көрсету. Байт-код кез-келген компьютерде орындалуы үшін ол қажетті процессорға сәйкес келетін нұсқауға аударылуы қажет.
Java - машина нақ осылармен айналысады. Алдымен байт-код әрқашан да түсіндіріледі: қандай да бір Java-процессор нұсқаулары кездескен жағдайда ол компьютердің процессоры нұсқауларының тізбектілігіне айналдырылады. Сондықтан бұл Java қосымшасының жұмысын әлдеқайда бәсеңдеткен болатын. Операциялық жүйе қосымшасы операциялық жүйе құралдарының арқасында орындауға жіберіледі. Ал Java қосымшасы болса, операциялық жүйе қосымшасы болып табылатын виртуалды Java - машинасының арқасында орындауға жіберіледі. Сондықтан да ең алдымен Java - машина орындауға жіберіледі. Ол параметр сапасы ретінде кластың компиляцияланған коды бар файлдың атын алады. Осы класта main деген атпен ішкі программа орындалуға жіберіледі.
Java қосымшалары тек жақсы төзімділік қана көрсетіп қоймай, жұмысты жылдам орындауға мүмкіндік береді. Бірақ олар JIT-компиляциясы бола тұрса да C немесе C++ тілінде жазылған программаларға қарағанда жұмыс істеу жылдамдығы азырақ. Бұл мынаған байланысты: JIT-компиляциясы программаның құрылымын іздеуге көп ресурс пен өте үлкен уақыт жібере алатын CC++ көпөткізгішті компиляторының үйлесімді коды секілді код құра алмайды. JIT-компиляциясы белгіленген шартты уақыт және ресурстар аралығында "тез арада" жүзеге асады. Осы мәселенінің шешімін табу үшін нақты программалы-аппараттық платформалар (native code - "өзінің" коды) кодына айналдыратын Java программаларының компиляторы жасалынды. Мысалы, GNU қорымен тәуелсіз таратылатын gjc компиляторы. Бірақ Sun-ның Java-машиналарды дамыту барысындағы жетістіктері кейбір жағдайлармен салыстырғанда басқа тілдерде жазылған программалардың жылдамдығынан артық болу мүмкіндігін берді. Жекелеп алғанда, жадты босату және орын берумен айналысатын Java қосымшалары CC++ тілінде жазылған өзінің аналогтарына қарағанда, жадтың программалық слоттарының (slot - "паз, бір нәрсені қоюға арналған тесік") арнайы механизміне байланысты жылдамырақ жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Виртуалды Java-машина тек қана байт-кодты орындап қоймай (оны интерпретациялайды, JIT-компиляциясымен айналысады және JIT-компиляцияланған кодты орындайды), сонымен қатар, басқа да әртүрлі функцияларды орындайды. Мысалы, файлдар немесе графиканы қолдауға қолжетімділікті қамтамасыз ету үшін операциялық жүйемен қарым-қатынас жасайды. Сонымен қатар, қоқыс жинау (garbage collection) деп аталатын қажетсіз объектілермен толып тұрған жадты автоматты түрде босатумен айналысады.
Java программаларын бірнеше негізгі категорияларға бөлуге болады:
- Қолданба (application) - "қарапайым" қолданбалы программаның аналогы.
- Апплет (applet) - WWW-құжат терезесінде браузердің басқаруымен жұмыс атқаратын мүмкіндіктері шектелген арнайы программа.
- Сервлет (servlet) - WWW-да сервер жағынан жұмыс істейтін мүмкіндіктері шектелген арнайы программа. WWW-құжаттарды сервер жағынан программалау үшін JSP технологиясы (Java Server Pages - Java Серверлік Беттері) шеңберінде қолданылады.
- Серверлік қосымша (Enterprise application) - сервер жағынан көп еселі қолдануға арналған.
- Кітапхана (Java Class Library - кластар кітапханасы, немесе NetBeans Module - NetBeans платформасының модулі) - Java программасын көп еселі қолдануға араналған.
Қолданбаны өңдеу құралдары:
Утилита Қолданылуы
javac Java тілінде жазылған командылық жол режимінде жазылған компилятор
java Командалық жол режимінде программаның қосымшасын іске қосуға арналған утилита
appletviewer Браузерсіз апплеттерді орындауға іске қосу мен жөндеуге арналған утилита. Бұл жағдайда браузердегі жөнделген апплеттін жұмысқа жарамдылығына кепілдік берілмейді.
jdb Java тілінде жазылған жөндеуші программалар
javadoc с ** басталатын түсініктемелер негізінде құжаттарды класқа бөлу генераторы
jar jar архивы арқылы Java басқару және құру
javah JNI интерфейсы негізінде CC++ сыртқы кітапханаларын Java тіліне CC++ файлдарын қосу генераторы
javap Кластардың дизассемблері
extcheck jar архивының файлдарының арасындағы қақтығысты анықтауға арналған утилита
native2ascii Ұлттық алфавиттың тексті түрінде берілетін параметрдің командалық жол режимінде айырбастауға арналған утилита, символдардың тізбегі UNICODE.
Java тілінің базалық типтері
Java тілінде деректердің барлық типтері екі топқа бөлінеді:
oo қарапайым типтер (primitive types);
oo сілтемелі немесе объектілік типтер (reference types).
Object - Java-ның ең қарапайым объектілі типі (класы), бұдан басқа объектілі типтер де бар. Сонымен қатар, қолданушының өзі анықтайтын объектілік типтерді де (кластарды) беруге болады. Типтер, кластар жайында кейінгі бөлімдерде қарастырылады.
Қарапайым типтер. Егер деректер бір ғана жад ұяшығында сақталса және осы ұяшықтың ішкі ұяшықтары болмаса, онда оларды қарапайым типтер деп атайды. Қарапайым типтердің саны сегіз, олар бульдік (логикалық) тип және сандық типтер болып екі топқа бөлінеді:
Қарапайым типтерге келесі алдын-ала анықталған типтер жатады:
oo бульдік (логикалық) тип: boolean;
oo бүтін санды типтер: byte,short,int, long, char;
oo нақты (жылжымалы нүктелі нақты саңдық) типтер: float, double;
oo enum резервтелген сөзі арқылы жарияланатын санау-типтері (enumeration сөзінен қысқартылған, санау" дегенді білдіреді).
Java тілінің бұлардан басқа типтерінің барлығы сілтемелі (объектілік деп те атайды) болып табылады.
Сілтемелі типтер. Жад ұяшықтарында деректердің өздері емес, тек қана осы деректердің адрестері, яғни, деректерге сілтемелер болса, онда оларды сілтемелі типтер деп атайды.
oo Сілтемелі типтер өз ішінде массивтер (arrays), кластар (classes) жэне интерфейстер (interfaces) болып бөлінеді.
oo Сілтемелі айнымалыға меншіктеу кезінде деректердің өздері емес, тек жаңа адрес енгізіледі. Бірақ сілтемелі айнымалыларда сақталған адреске қолжетімділік жоқ. Бұл CC++PASCAL тілдерінде орын алатын деректермен және олардың адрестерімен жұмыс істеу барысында болатын қателерді болдырмау үшін, сонымен бірге, ақпаратты қасақана бүлдіруден қорғау үшін жасалынған шектеу болып табылады.
Егер сілтемелі айнымалыға сілтеме меншіктелмеген болса, онда оның мәні ретінде null деген символдық аты бар нөлдік адрес сақталады. Егер сілтемелер типтері сәйкес келсе, оларды бір-біріне меншіктеуге, сонымен қатар, null мәнін меншіктеуге болады. Сілтемелерді бір-біріне меншіктегенде бір сілтемелі айнымалыдан екіншісіне ондағы сақталынған адрес көшіріледі.
Сілтемелі айнымалыларды өрнектермен, сонымен қатар, null мәнімен салыстыруға болады. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Java - объектіге бағытталған бағдарламалау тілі ортасында ойындар құрастыру
Java бағдарламалау тілі
Java кең таралған программалау тілі
Пән Java тілінде программалау
Java бағдарламалау тіліне кіріспе
Банк клиенттерінің әртүрлі төлемдерді орындауы үшін тіркелудің автоматты жүйесін жасау
Қазіргі Web сайттар туралы
Компьютерлік оқыту мәселелері
Си тіліндегі өрнектер және меншіктеу операторы
С++ программалау ортасының негізгі операторлары
Пәндер