Басқарушы құрылымдар. Continue, break және return операторлары


Жұмыс түрі: Реферат
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:
Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі
Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
Ақпараттық технологиялар факультеті
Ақпараттық жүйелер кафедрасы
СӨЖ
Тақырыбы: Басқарушы құрылымдар. Continue, break және return операторлары
Астана 2017
Жоспар
- Басқарушы құрылымдар
- Құрамды оператор
- Меншіктеу операторы
- Инкремент және дикремент операторлары
- Шартты операторлар
- Switch таңдау операторы
- Тернарлық оператор
- Continue, break және return операторлары
- Break операторы
- Continue операторы
- return операторы
Басқарушы құрылымдар
Java тілінің синтаксисі С++ тіліне өте ұқсас. Басқа программалау тілдеріндегідей тілдің синтаксисіне байланысты көптеген кұрылымдарда тек қана бір оператор болуы мүмкін, алайда бірнеше операторлардан тұратын тізбекті қолдану қажет болатын жағдайлар жиі кездеседі. Операторлар соңына ; (нүктелі үтір) белгісі қойылады.
Құрамды оператор
Құрамды оператор (немесе блок) - бұл {} фигуралы жақшалар арасында орналасқан программа кодының блогы. Блок бос болуы мүмкін, онда {} деп жазады. Программада әдетте блокты ішіндегі операторларын бip оператор ретінде қарастыру үшін, программа мәтінін оңай оқу үшін, айнымалылардың әрекет ету аймағын шектеу үшін колданады.
Программа кодын фигуралы жақшаларда пайдалана отырып құрастырудың eкі тәсілі бар. Біріншісінде жақшалар бірінің астына бірi жазылады, ал жақша ішіндегі тұрған мәтін оң жаққа карай бірнеше символға жылжытылып орналасады. Мысал:
1-құрамды оператор
{
Жай немесе құрамды операторлар miзбегі
}
2-құрамды оператор
{
Жай немесе кұрамды операторлар miзбегі
}
. . .
Бұл тәсіл программа кодын оқуды жеңілдетеді. Бұл тәсілді программалау ортасына орнату үшін Tools/Options менюінен Editor/Indentation опциясын таңдап, пайда болған сұқбат терезесінде Add New Line Before Brace бөлімін белгілеу керек.
Көбірек қолданылатын екінші тәсілде ашылатын { жақшаны кeлeci жолға түсірмей кұрамды оператор басталатьн жолда жазады. Ал жабылатын } жақшаны құрамды оператордың атының астына тұспа-тұс келетіндей жазады. Мысал:
1-кұрамды оператор {
Жай немесе кұрама операторлар тізбегі
}
Меншіктеу операторы
Кез келген меншіктеу операциясының соңындағы нүктелі үтір оны меншіктеу операторына айналдырады. Меншіктеу көбінесе операция емес, оператор ретінде қолданады.
инкремент және декремент операторлары
"++" операторын инкремент ("1-ге арттыратын"), ал"--" операторын декремент ("1-ге азайтатын") деп атайды.
Бұл операторлардың постфиксті (ете кең таралғаны, оператор операндтан кейін қойылады: х++ ) және префиксті (өте сирек колданылады, оператор операндтан бұрын тұрады: ++х) деп аталатын екі пішіні бар. Кез-келген х сандық шамасы үшін х++ немесе ++х өрнегі түрінде жазу х мәнінің 1-ге артуын көрсетеді, ал х- немесе -х өрнектері х мәнінің 1-ге кемуін көрсетеді.
Бұл пішіннің айырмашылықтары мынада: ++ немесе - операторлары қолданылатын өрнекті есептеу кезінде постфиксті х++ түрінде шамаларды өзгерісі өрнекті есептеуге дайын, ал префиксті ++х түрінде өрнекті есептеуден кейін ғана шамалардың өзгеруі болады. Мысалы, у=х++ және у=++х меншіктеулері әртүрлі нәтиже береді. Егер бастапқы қалыпта х=0 тең болса, онда бірінші у=х++ меншіктеу у айнымалысына 0 мәнін береді, ceбeбi х мәні 1-ге меншіктелу жүргеннен кейін ғана артады. Ал екінші у=++х у айнымалысына 1 мәнін береді, ceбeбi басында инкремент орындалады және содан кейін ғана өрнек есептелінеді және меншіктеу орындалады. Бұл кезде екі жағдайда да орындалу өткеннен кейін х мәні 1-ге тең болады.
if шартты операторы
Java тілінде if шартты операторының екі түрі бар: if және if- else. Ағылшын тілінен аударғанда if cөзi "егер" дегенді, else - "басқа жағдайда" дегенді білдіреді. Осылайша, бұл операторлардың мағынасы "егер . . . онда . . . " және " егер . . . онда . . . басқа жағдайда . . . " болады.
Бірінші түрі:
if (логикалық шарт)
1-оператор;
Егер логикалық шарт true болса, онда 1-оператор орындалады. Егер шарт false болса, онда операторда ешқандай да ic-әрекет орындалмайды.
Екінші түрі:
if (логикалық шарт)
1-оператор;
else
2-оператор
switch таңдау операторы.
Бірнеше таңдау шарттарына қатысты if шартының аналогы болып табылады. Оператор синтаксисі келесі түрде болады:
switch (өрнек) {
саsе мәні1: операторлар1;
.
саsе мәнN: операторларN;
default: операторлар;
}
Мұндағы switch сөзінен кейін жақша ішіндегі өрнекті типі бүтін типтерден (byte, short, іпt, сһаr) болуы керек, бүтін long типін және нақты типтерді қолдануға болмайды.
Бұл оператордың беретін мүмкіндіктері: саsе бөлімдерінде мәндер аралығын көрсетуге немесе бірдей операторлар сәйкес келетін мәндерді үтір арқылы тізіп шығуға болады. Шарт саны үшеуден асқан (немесе көп шарт болған) жағдайда іf шартты операторы арқылы күрделі жазылатын мәтінді программа логикасын оңай түсінетіндей және қысқа етіп жазуға мүмкіндік береді.
Бұл switch таңдау операторы келесі принцип бойынша жұмыс істейді: алдымен өрнек есептелінеді, содан соң алынған нәтиже саsе бөлімдерінде тұрған мәндерімен салыстырылады. Олар программаның компиляциясы кезінде алдын-ала анықталып қоюы керек. Егер өрнектің мәніне саsе бөлімдерінде сәйкес келетін мән ңұсқасы табылса, осы нұсқаға сәйкес келетін операторлар тізбегі орындалады. Одан кейін саsе операторынан шығу жүзеге аспайды, ол үшін break операторын қою керек. Ал default бөлімі міндетгі емес болып саналады және егер де есептелген өрнек мәніне саsе бөлімдерінен ешбір нұсқа табылмаған жағдайда ғана орындалады.
тернарлық оператор
Бұл операторда қодданылатын шартты операция жайлы 1. 3. 3. - бөлімде айтылған болатын. Тернарлық оператор үш операндтан тұрады, оның синтаксисі келесі түрде болады:
Логикалық шарт? мән1: мән2
Логикалық шарт true мәніне ие болған жағдайда, оператор жұмысының нәтижесінде мән1, ал керісінше жағдайда мән2 қайтарылады. Мысалы, у айнымалысына х<5 шарты орындалғанда х+1 мәнін және басқа жағдайда х+2 мәнін меншіктеу үшін оператор келесі түрде жазылады: у=(х<5) ? (х+1) : (х+2) .
Жақшаларды қолданған ыңғайлы болып табылады. Алайда "?" және ":" бөлгіштерінің басымдығы өте төмен, одан төмен тек меншіктеу операторының басымдығы ғана.
Сондықтан да бұл өрнекті жақшаларды қолданбай-ақ мына түрде жазуға болады: у==х<5 ? х+1 : х+2
Continue, break және return операторлары
break операторы
break операторы оны біріктіретін switch, do, for, while операторларының ең ішкі орындалуының тоқтатылуын қамтамасыз етеді. break орындалғаннан кейін басқару келесі операторға беріледі.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz