Тізімдерді, бейнелеулерді, жиындарды құру кластары


Эмблема Қазақстан Республикасының білім және ғылым министірлігі

«Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті» ШЖҚ РМК

Ақпараттық технологиялар факультеті

Ақпараттық жүйелер кафедрасы

CӨЖ

Тақырыбы: Тізімдерді, бейнелеулерді, жиындарды құру кластары

Астана 2017 жыл

Жоспар:

1) Тізімдерді құру класы

2) Екі бағытты тізім

3) Бейнелеулерді құру кластары

4) Реттелген бейнелеулер

5) Жиындарды құру кластары

6) Коллекциялар элементін салыстыру

7) Collections класының әдістері

Тізімдерді құру класы.

ArrayList класы. ArrayList класы AbstractList класынан туындайды, ол List интерфейсі мен Iterator типіндегі итераторды жүзеге асырады. ArrayList класы өлшемін динамикалық түрде кеңейте алады. Тек басқа кластардан бір айырмашылығы: бұл кластың объекттерін бірнеше процесс қатар қолданып, өзгерте алмайды. Сондықтан да операциялар жылдам орындалады.

ArrayList класында 3 конструктор бар:

1) ArrayList () - бос объект құрады;

2) ArrayList (Collection coll) - coll коллекциясының барлық элементтерінен тұратын объект құрады;

3) ArrayList (int initCapacity) - сыйымдылығы initCapacity болатын бос объект құрады.

Екі бағытты тізім.

LinkedList класы. LinkedList класы List нтерфейсін толық жүзеге асырады және оны екі бағытты тізімге айналдыратын қосымша әдістері бар. LinkedList және ArrayList кластары қызметі жағынан ұқсас, алайда олар өнімділігі жағынан өзгешеленеді. ArrayList класы деректерді алу мен бүкіл тізімді қарастырып шығу операциясын0жылдам жасаса, ал LinkedList оған қарағанда элементтерді қосу мен жою операциясын жылдам орындайды. LinkedList класы тізімнің басынан соңына қарай және керісінше жүруге мүмкіндік береді, тізімге элемент қосу, жою, тізім басындағы және соңындағы элементтерді алу үшін қолданылады.

LinkedList класының 2 конструкторы бар:

1) LinkedList () - бос объект құрады;

2) LinkedList (Collection coll) - coll коллекциясының барлық элементтерінен тұратын объект құрады.

Бейнелеулерді құру кластары.

HashMap класы . Бейнелеулерді құруға арналған HashMap класы AbstractMap класынан туындайды, Мар интерфейсін және Iterator типіндегі итераторды толық жүзеге асырады. HashMap класы Hashtable класына өте ұқсас, бірдей жағдайларды қолданылады. Олрадың әдістерімен конструкторлары да бірдей:

1) HashMap () - жүктелу көрсеткіші 0, 75 пайыз болатын бос обьект құрады;

2) HashMap (int capacity) - бастапқы сыйымдылығы capacity және жүктелу көрсеткіші 0, 75 пайыз болатын бос обьект құрады;

3) HashMap(int capacity, float loadFactor) - бастапқы сыйымдылығы capacity және жүктелу көрсеткіші loadFactor болатын бос обьект құрайды;

4) HashMap (Map f) - f бейнеленуінің барлық элементтерінен тұратын, сыйымдылығы f бейнеленуінің элементтерінің екі еселенген санына тең, бірақ 11-ден кем емес және жүктелу көрсеткіші 0, 75 пайыз болатын HashMap класының обьектісін құрады.

HashMap класы да «кілт-мән» түріндегі обьекттердің жұптарын сактауға арналған. Кілттерге де, элементтерге null типті мәндерді меншіктеуге болады. Бұл коллекциядағы элементтердің сақталу реті олардың коллекцияға қосылу ретіне сәйкес келмейді. Коллекцияның барлық элементтерін қарастырып шығу оның сыйымдылығына пропорционал болғандықтан, мұндай итерация жиі қолданылатын жағдайларда коллекцияның өлшемін аса үлкен етпеу керек.

Реттелген бейнелеулер.

TreeMap класы. TreeMap класы SortedMap интерфейсін толық жүзеге асырады. Ол екілік іздеу бұтағы түрінде ұйымдастырылғандықтан, элементтері реттелген күйде сақталады, ал бұл қажет элементті іздеуді жылдамдатады. Элементтердің реті элементтердің табиғи орналасуы бойынша немесе Comparator салыстыру интерфейсін жүзеге асыратын объект арқылы беріледі.

TreeMap класында 4 конструктор бар:

1) TreeMap () - элементтердің табиғи реті бар бос объект құрады;

2) TreeMap (Comparator c) - c салыстыру объектісі арқылы реті берілген бос объект құрады;

3) TreeMap (Map f) - f бейнеленуінің барлық элементтерінен тұратын, ондағы элементтердің табиғи реті бар бос объект құрады;

4) TreeMap (SortedMap sf) - sf бейнеленуінің барлық элементтерінен тұратын, элементтердің реті сондағыдай болатын объект кұрады.

TreeMap класында кілттер өсу ретімен орналасады, ол үшін кілттерді қарапайым салыстыру немесе Comparable интерфейсі жүзеге асуы тиіс. Кілттерге null мәнін беруге болмайды. Іздеу алгоритмінде containsKey, get, put және remove негізгі операцияларын орындауға логарифмдік тәуелділігі бар уақыт кетеді.

Жиындарды құру кластары.

HashSet класы. HashSet класы Set интерфейсін және Iterator типіндегі итераторды толық жүзеге асырады. Ол әрбір элементің тек қана бір көшірмесін сақтау қажет болған жағдайда қолданылады.

HashSet класында 4 конструктор бар:

1) HashSet () - жүктелу көрсеткіші 0, 75 пайыз болатын бос объект құрады.

2) HashSet (int capacity) - бастапқы сыйымдылығы capacity және жүктелу көрсеткіші 0, 75 пайыз болатын бос объект құрады.

3) HashSet (int capacity, float loadFactor) - бастапқы сыйымдылығы capacity және жүктелу көрсеткіші loadFactor болатын бос объект құрады.

4) HashSet (Collection) - coll коллекциясының барлық элементтерінен тұратын, сыйымдылығы coll коллекциясының элементтерінің санының 2 еселенген санына тең, жүктелу көрсеткіші 0, 75 пайыз болатын бос объект құрады.

TreeSet класы. TreeSet класы SortedSet интерфейсі мен Iterator типіндегі итераторды толық жүзеге асырады. Ол екілік іздеу бұтағы түрінде ұйымдастырылғандықтан, реттелген жиын элементтерін сақтау үшін, элементті іздеу үшін, элементте жиынның қандай да бір қасиеттерінің бар болуын анықтау үшін қолданылады. Элементтер реті элементтердің табиғи орналасуы бойынша немесе Comparator салыстыру интерфейсін жүзеге асыратын объект арқылы анықталады.

TreeSet класында 4 конструктор бар:

1) TreeSet () - эементтердің табиғи реті бар бос объект құрады;

2) TreeSet (Comparator c) - c салыстыру объектісі арқылы реті анықталған бос объект құрады;

3) TreeSet (Comparator coll) - coll коллекциясының барлық элементтерінен тұратын, оның элементтерінің табиғи реті бар объект құрады;

4) TreeSet (SortedMap sf) - sf бейнеленуінің барлық элементтерінен тұратын, элементтердің реті сондағыдай болатын объект кұрады.

Коллекциялар элементтерін салыстыру.

Comparator интерфейсі. Коллекциялардағы сұрыптау немесе салыстыру әдістерінің көпшілігінде параметрдің бірі ретінде Comparator интерфейсін жүзеге асыратын обьектті беруді талап етеді.

Comparator интерфейсі мына екі салыстыру әдісін сипаттайды:

comparе (Object obj1, object obj2) әдісі - параметр ретінде берілген обьекттерді салыстырады, нәтижеге келесі мәнінің біреуін қайтарады:

-1, егер obj1 < obj2 болса;

0, егер obj1 = obj2 болса;

1, егер obj1 > obj2 болса;

boolean equals (Object obj) - берілген обьектті параметрде көрсетілген obj обьектісімен салыстырады, егер екеуі қандай да бір мағынада тең болса да нәтижеге true мәні қайтарылады.

Әрбір коллекцияға осы екі әдісті қолдануға болады, ол үшін элементтерді салыстырудың нақты тәсілін көрсету керек және екінші конструктор арқылы SortedMap класының обьектісін анықтау керек. Нәтижесінде коллекция элементтері автоматты түрде берілген рет бойынша сұрыпталады.

Collections класының әдістері.

Коллекциялар элементтерді кейін өңдеу үшін, атап айтқанда сұрыптау немесе іздеу үшін ыңғайлы болатындай түрде сақтауға арналған. Коллекциялардағы элементтерді сұрыптау мен іздеуге арналған және басқа да әдістер Collections класының обьекттерін құрмай - ақ қолдануға болады. Статикалық әдістердегідей, әдістің жұмыс істейтін коллекциясы әдістің аргументінен көрсетіледі.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
HTML редакторлары және конвертерлері
Бос жиын
Ақпараттың мәліметтер базасында сақталу режимі
Тіректік конспектіні геометрияны оқыту процесінде пайдалану
Corel Draw - векторлы графикалық редактор
АЛГОРИТМДЕР ТЕОРИЯСЫН ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫ ЖҮЙЕЛЕРДЕ ҚОЛДАНЫЛУЫНА ҚАТЫСТЫ ТЕРМИНДЕРГЕ ШОЛУ
ЭЛЕКТРОНДЫҚ ОҚУЛЫҚТАР БАСЫЛЫМЫ
Векторлық графика
Coreldraw
Paint бағдарламасынан CorelDraw бағдарламасының артықшылығы және баланың қызығушылығын арттыру
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz