Табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде орындалатын нақты іс әрекеттер



I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім
1. Жер сілкініс қатерінен және салдарынан халықты қорғау үшін жасалатын іс.әрекеттер
2. Көшкін қатерінен және салдарынан халықты қорғау үшін жасалатын іс.әрекеттер
3. Су тасқыны қатерінен және салдарынан халықты қорғау үшін жасалатын іс.әрекеттер
4. Өрт қатерінен және салдарынан халықты қорғау үшін жасалатын іс.әрекеттер
III. Қорытынды
Табиғи сипаттағы төтенше жағдай — бұл табиғи апаттардан (жер сілкінісі, сел, көшкін, су тасқыны), табиғи өрт, эпидемия мен эпизоотиядан, ауылшаруашылық өсімдіктері мен ормандардың аурумен және зиянкестермен зақымдануынан туындайтын төтенше жағдай.
Ел аумағының әртүрлі табиғи, таулы геологиялық және геодинамикалық жағдайлары оның табиғи апаттарға ~ жер сілкінісіне, су тасқынына, селге, желге, көктайғаққа, қар көшкініне, дауылға, орман және дала өртіне, тем-ператураның шұғыл төмендеуіне, қарлы боранға, эпидемия мен эпизоотияға ұшырауын анықтайды.
Табиғи сипаттағы төтенше жағдайлардың өздері сан алуан. Сондықтан туындау себептеріне (жағдайларына) орай оларды: геологиялық, метеорологиялық, гидрологиялық (гидрометеорологиялық), табиғи өрттер, жаппай аурулар топтарына бөледі.

Қазақстан Республикасының білім және ғылым министірлігі
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті ШЖҚ РМК
Ақпараттық технологиялар факультеті
Ақпараттық жүйелер кафедрасы

CӨЖ
Тақырыбы: Табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде орындалатын нақты іс әрекеттер

Астана 2017 жыл
Жоспар
I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім
1. Жер сілкініс қатерінен және салдарынан халықты қорғау үшін жасалатын іс-әрекеттер
2. Көшкін қатерінен және салдарынан халықты қорғау үшін жасалатын іс-әрекеттер
3. Су тасқыны қатерінен және салдарынан халықты қорғау үшін жасалатын іс-әрекеттер
4. Өрт қатерінен және салдарынан халықты қорғау үшін жасалатын іс-әрекеттер
III. Қорытынды

Кіріспе
Табиғи сипаттағы төтенше жағдай -- бұл табиғи апаттардан (жер сілкінісі, сел, көшкін, су тасқыны), табиғи өрт, эпидемия мен эпизоотиядан, ауылшаруашылық өсімдіктері мен ормандардың аурумен және зиянкестермен зақымдануынан туындайтын төтенше жағдай.
Ел аумағының әртүрлі табиғи, таулы геологиялық және геодинамикалық жағдайлары оның табиғи апаттарға ~ жер сілкінісіне, су тасқынына, селге, желге, көктайғаққа, қар көшкініне, дауылға, орман және дала өртіне, тем-ператураның шұғыл төмендеуіне, қарлы боранға, эпидемия мен эпизоотияға ұшырауын анықтайды.
Табиғи сипаттағы төтенше жағдайлардың өздері сан алуан. Сондықтан туындау себептеріне (жағдайларына) орай оларды: геологиялық, метеорологиялық, гидрологиялық (гидрометеорологиялық), табиғи өрттер, жаппай аурулар топтарына бөледі.
"Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туралы" 05.07.97. ҚР Заңы республика аумағында табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайларды ескерту мен жою жөніндегі қоғамдық қатынастарды реттейді. Онда халықты, қоршаған орта мен шаруа-шылық объектілерін төтенше жағдайлардан және одан туындаған салдардан қорғау мен мемлекөттік саясат жүргізуде басым салала-рының бірі екендігі атап көрсетіледі.
Заңда төтенше жағдайға, зілзалаға, аварияға, апатқа анықтама беріледі, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдай саласындағы ұйымдардың міндеттемесі, халықтық құқығы мен міндеттемесі белгіленіп, мемлекеттік органдар мен жергілікті басқару органдарының өкілеттігі атап көрсетілген. Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдай саласындағы заңның бүзылғандығы үшін жауапкершілік белгіленген. Заңда төтөнше жағдайға қатысты басқа да мәселелер мазмүндалған.

Жер сілкініс қатерінен және салдарынан халықты қорғау үшін жасалатын іс-әрекеттер
Жер сілкінісі -- бұл, негізінен, геофизикалық себептерден туындайтын жерастылық дүмпулер мен жер бетінің тербелістері.
Жер сілкінісінің тікелей салдары үрей болып табылады, бұл кезде адамдар қорқыныштан өздері және айналасындағылар үшін ақылға сыйымсыз, қауіпті әрекеттер жасайды және өзін-өзі құтқару мен өзара көмек шараларын саналы түрде ұйымдастырып, жасай алмайды. Үрей әсіресе адамдар шоғырланған жерлерде: ұйымдарда, кәсіпорындарда, оқу орындары мен бала-бақшаларда, жатақханаларда, ортақ пайдаланылатын орындарда ерекше қауіпті.
Сондай-ақ жер сілкінісі салдарынан туындайтын екінші реттік факторлардан (өрт, өнеркәсіп және көлік апаты, зақымданған инженерлік және энергетикалық желілер) да зардап шегуі мүмкін.
Құрбандардың көпшілігі күшті тербелістер әсерінен ғимараттардың, құрылыстардың шайқалуы, қирауы кезіндегі заттардың, әйнектердің, тастардың, қабырғалардың және т.б. құлауының нәтижесі болып табылады. Адамдардың жарақаттануы мен опат болуының себептері сан алуан болған кездің өзінде, жер сілкінісіне алдын ала байыппен дайындалып, іс-әрекеттерді ойластырып және бірқатар ұсыныстарды орындаған кезде зардап шегушілер санын айтарлықтай азайтуға болады.
Ғимараттың берікілігін( осы уақыттағы орналасқан орнын) және аталған уақыт шамасын (12-20 сек) есепке ала отырып, күшті жер сілкінісі кезінде саналы әрекет тәсілін таңдауға болады не ғимарат ішіндегі салыстырмалы түрдегі қауіпсіз орынға бару, не тезірек шығып кетуге әрекеттену.
Ең қарапайым жағдайлардағы: үйде, жұмыста, көшеде, кинода, театрда және т.б. жер сілкінісі кезінде халықтың алдын ала ойластырылған әрекет ету тәртібі нәтижелі және шұғыл қимылдарға жағдай жасайды. Алайда нақты мән-жайдың барысына орай оны кез келген уақытта өзгертуге дайын болу керек. Жер сілкінісі туындаған жағдайда тиімді және ұтымды іс-әрекеттерге барып, зардап шегушілер мен құрбандардың санын азайту мақсатында сейсмикалық қауіпті аудандардың тұрғындары мынадай іс-шараларды орындауы тиіс:
-- төтенше жағдайдағы іс-әрекеттер жоспарын алдын ала белгілеу және жер сілкісінісінен кейін отбасының жиналатын жері туралы келісу, қажет болған жағдайда құтқару қызметін, медициналық көмекті, полицияны шақыру үшін телефондар тізімін жасау;
-- электр сымдары, су және газ құбырларының жай-күйін үнемі тексеріп тұру. Отбасының барлық ересек мүшелері пәтердегі, подъездегі, үйдегі электр, газ және су көздерін жабуға, сондай-ақ зардап шегушілерге алғашқы медициналық көмек көрсетуге машықтанған болуы тиіс;
-- ең қажетті заттарды (бұйымдарды): қоректендіргіштері (батарейка) бар радиоқабылдағыш, консервілік өнімдер мен ауызсудың 3-5 күнге есептелген қоры; отбасының созылмалы аурулары бар науқас мүшелеріне қажетті дәрілер жиыны және таңу материалдарының жеткілікті қоры салынған алғашқы медициналық көмек қорапшасы; тасымалдаушы электр қолшамы; құм толтырылған шелек; автомобилъдік өрт сөндіргіштерді (оны пайдалануды алдын ала үйренген жөн) және т.б. алдын ала дайындау жане оларды отбасы мүшелерінің бәріне белгілі жерде сақтау;
-- құжаттарды оңай қолжетімді жерде, мүмкіндігінше пәтер кіреберісіне жақын тұста сақтау. Рюкзактың болғаны да мақсатқа лайық болмақ: онда колшам, шағьн балта, сіріңке, тамақ, дәрі қорапшасы, балауыздар, ауыстыратын киім мен аяқкиім (маусым бойынша) болуы тиіс; гараж бен бақшалық шағын үй бар болса, оларды жер сілкінісінің алғашқы күндері баспана ретінде пайдалануға болады. Сол жерде азық-түлік қоры мен киімді сақтаған тиімді;
-- шкафтарды, баспалдақтарды, сөрелерді, стиллаждарды қабырға мен еденге берік етіп бекіту; жиһаздарды ұйықтайтын жерлерге құламайтындай етіп орналастыру; бөлмелерден шығатын жерлерді, есіктерді жабу; сөрелердегі немесе жиһаздың үстіндегі (аятресольды қосқанда) ауыр заттарды мықтап бекіту немесе төменге түсіру; 13
-- сөрелерді ұйықтайтын орындардың, кіреберіс есіктердің, пештердің, раковиналардың, унитаздардың үстіне орнатпау; ыдыстар қойылған сөрелердің алдыңғы бөлігін жабу, люстралар мен люминесцентті шам-шырақтарды сенімді бекіту;
-- пәтерге кірер жерге, дәліздерге, баспалдақтарға заттарды үймеу;
-- оңай тұтанатын заттар мен күйдіргіш сұйықтықтары бар сыйымдылықтарды сенімді бекітіп, тербеліс кезінде құламайтындай, сынбайтындай жерде сақтау;
-- мезгіл-мезгіл жаттығулар (дайындықтар) өткізу. Балалардың, қарт адамдардың, мүгедектер мен науқастардың қауіпсіздігін арттыруды ойластыру;
-- дүмпулердің тоқтауын күтуге болатын неғұрлым қауіпсіз орындарды (пәтерлерде, жұмыста, жұмыс орнына жақын жерде) алдын ала анықтау; негізгі ішкі қабырғалардағы ойықтар (терезе мен есік жақтаулары), ішкі негізгі қабырғалармен құрылған бұрыштар, баған мен қаңқа арқалығының астындағы жерлер. Отбасының барлық мүшелері пәтердегі аталмыш қалқа жерлерді естерінде сақтауы тиіс;
-- ұйықтайтын жерді үлкен терезелердің, әйнек қабырғалардың жанына орналастырмау.
Құлаған заттар мен сынықтардан қорғайтын ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Халықтың төтенше жағдай кезіндегі іс әрекеті
Төтенше жағдайлардағы ішкі істер органдары әрекеттерінің негіздері
Жұмыс орнындағы ауаның зиянды заттарынан қорғау
Төтенше жағдай енгізілген аймақтар
Халық шаруашылық объектілерде болуы мүмкін төтенше жағдайлар
«Азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар қызметтерінің негізгі міндеттері»
Төтенше жағдайлар туындаған жағдайда халықаралық ынтымақтастық
Халық пен аумақты табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардан қорғау
Табиғи апаттардың көздері
Тіршілік қауіпсіздігі сабағындағы ақпараттық технологиялар
Пәндер