Омыртқалы жануарлардың биоалуандығы пәнінен



Дөңгелек ауыздылар(Cyclostomata)
1.Жалпы сипаттамасы
2.Дене құрылысы
3.Нерв системасы
4.Дөңгелек ауыздылардың систематикасы мен экологиясы
5.Миногалар(Petromyzoniformes)
6.Миксиндер (Myxiniformes)
7.Пайдаланылған әдебиеттер
Дөңгелек ауыздылар осы кезде тіршілік ететін омыртқалардың ішіндегі өте қарапайым құрылысты жануарлар.Осыған сәйкес олардың жартылай немесе толық паразиттік тіршілік жағдайына бейімделген өзіндік белгілері бар.Сырт пішіні мен тіршілік әрекетіне қарағанда,олар балықтарға ұқсас,ал кейбір ерекше белгілері,оларды омыртқалылардың ерекше тармағына жатқызады.
Дөңгелек ауыздылардың аяқтары мен жақтары болмайды.Мұның өзі олардың құрлысының қарапайым екендігін көрсетеді.Иіс капсуласы біреу,ол бір ғана танау тесігі арқылы сыртқа ашылады.Желбезек аппараты эндодермадан пайда болған жапырақшалары бар желбезек қапшықтарынан тұрады.Сондықтан бұл класты қапшық желбезектілер деп атайды.Паразиттік тіршілік етуіне байланысты , сорғыш воронкаларының түп жағында ауыз тесігі болады.Сондықтанда олар дөңгелек ауыздылар деп аталады.Олардың мүйізді тістері болады,терісі жалаңаш,бірақ оның бездері соншалықты көп болады.
1 Омыртқалылар зоологиясы –С.П.Наумов-Алматы-1970ж,17-23беттер

Пән: Биология
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Семей қаласының Шәкәрім атындағы Мемлекеттік университеті

Жаратылыстану-математика факультеті

Омыртқалы жануарлардың биоалуандығы пәнінен
СӨЖ

Орындаған:Еркінов.М.Е
Тексерген:Мадыбекова.А.С.

Жоспар
Дөңгелек ауыздылар(Cyclostomata)
1.Жалпы сипаттамасы
2.Дене құрылысы
3.Нерв системасы
4.Дөңгелек ауыздылардың систематикасы мен экологиясы
5.Миногалар(Petromyzoniformes)
6.Миксиндер (Myxiniformes)
7.Пайдаланылған әдебиеттер

Дөңгелек ауыздылар(Cyclostomata)

Жалпы сипаттамасы. Дөңгелек ауыздылар осы кезде тіршілік ететін омыртқалардың ішіндегі өте қарапайым құрылысты жануарлар.Осыған сәйкес олардың жартылай немесе толық паразиттік тіршілік жағдайына бейімделген өзіндік белгілері бар.Сырт пішіні мен тіршілік әрекетіне қарағанда,олар балықтарға ұқсас,ал кейбір ерекше белгілері,оларды омыртқалылардың ерекше тармағына жатқызады.
Дөңгелек ауыздылардың аяқтары мен жақтары болмайды.Мұның өзі олардың құрлысының қарапайым екендігін көрсетеді.Иіс капсуласы біреу,ол бір ғана танау тесігі арқылы сыртқа ашылады.Желбезек аппараты эндодермадан пайда болған жапырақшалары бар желбезек қапшықтарынан тұрады.Сондықтан бұл класты қапшық желбезектілер деп атайды.Паразиттік тіршілік етуіне байланысты , сорғыш воронкаларының түп жағында ауыз тесігі болады.Сондықтанда олар дөңгелек ауыздылар деп аталады.Олардың мүйізді тістері болады,терісі жалаңаш,бірақ оның бездері соншалықты көп болады.

Дене құрылысы
Сыртқы көрінісі. Денесі балықтардың денесі сияқты ұзын және үш бөлімнен :бас,көкірек және құйрық бөлімдерінен тұрады,аяқтары болмайды.
Құйрық қанаттары сыртқы және ішкі құрлысына сәйкес симметриялы орналасқан, оларды протоцеркальды деп атайды. Жиектері өскіншектерімен шашақталған басының алдыңғы жағында сорғыш воронкасы бар. Мүйізді тістері воронканың ішіндегі етті тілдің ұш жағына орналасқан.Эпидермисті, жалаңаш терісінде безді клеткалары көп юолады және олар тері үстіне көп шырын шығарып тұрады. Миногаларда дара танау тесігі екі көзінің аралығына, басының үстіне таман, ал миксиндерде басының алдыңғы жағына орналасады. Аналь және зәр - жыныстық тесіктер кеуде мен құйрық бөлімі-нің шекарасында орналасады да сыртқа ашылатын әрқайсысының жеке жолдары болады.
Денесінің арқа және құйрық жағындағы еттері қарапайым құрылысты болады. Олар қабат-қабат болып жатқан миомерлерден құралады, ал миомерлер өз ара жабын дәнекер миосепталар арқылы жіктеліп тұрады. Желбезек қапшықтары, ауыз воронкасы мен тіл сақиналы еттерден құралады. Ет системасының көпшілігі жақсы жетттіліп жіктелмеген, бұл олардың құрылысының аса күрделі емес екендігін дәлелдейді.
Тұлға мен құйрық бөлімдерінің склеті негізінен хордадан тұрады. Хорданың сыртын және оның үстінде орналасқан нерв түтігін дәнекер тканьнен тұратын қалың қабық қаптап тұрады. Бұл дәнекер тканьдерінде омыртқаның жоғарғы доғасының алғашқы нұсқасы болатын көптеген жұп шеміршектер орналасқан. Осы шеміршектердің хорданың жоғарғы жиегіне жалғасуы нәтижесінде қуыс пайда болады, осы қуыста жұлын жатады.
Бұларда ми сауытының құрылысы да қарапайым болады. Ол мидың астыңғы жағында төселіп жататын шеміршек пластинкасынан ғана тұрады. Осы пластинканың ортасындағы тесігінен гипофиздік өсінді өтеді. Бұл пластинканың бүйіріне шеміршекті есту капсуласы жалғасады, ал алдыңғы жағында шеміршекті есту капсуласы жатады. Демек, дөңгелек ауыздыларда ми сауыты әлі жоқ, мидың үстіңгі беті жарғақпен қапталып тұрады.
Миногалардың висцеральдық скелеті жіктелмеген тоғыз желбезек доғасынан тұрады, олар өзара төрт шеміршек тяжімен байланысады. Осы айтылған шеміршектер системасына арт жағынан шеміршекті жүрек қалтасы жалғасады. Желбезек коробкасының алдыңғы жағынан екі ұлтарақ тәрізді шеміршектер мен көз асты шеміршектері жалғасады, олар түрі өзгерген желбезек доғалары болып саналады. Миксиндердің желбезек коробкасы жетілмеген, ол тек қана алғашқы нұсқасы түрінде ғана болады.
Ми сауыты мен висцеральдық склеттің негізгі ерекшеліктері: жақтың, ми сауытының болмауы, желбезек доғасының жіктелмеуі және ауыз воронкасында күрделі шеміршекті системасының болуы т.б жатады.
Ас қорыту органдары - воронкадан, тілден, жұтқыншақтан және ішектен құралады. Ауыздың алдыңғы жағында, ішінде мүйізді тістері бар воронка орналасқан. Етті тілінде де тістері болады. Воронканың түбінде жатқан ауыз қуысы жұтқыншақпен жалғасады. Жұтқыншақ екі тарамға бөлінеді: жоғарғы тарамымен қоректік заттар ішке қарай кетеді де, ал төменгі тарамы тұйықталып, желбезек қапшықтарымен байланысады. Қарыны дамымағандықтан өңеш бірден ішекке келіп жалғасады, олардың түйіскен жерінде клапаны болады. Үшектер бөлімдерге бөлінбегендіктен құрышталмайды. Үшектердің ішінжде винт тәрізді қатпарларының, спираль тәрізді клапандарының болуы ішектің сіңіру бетін ұлғайтады да, тамақтың ішек қуысынан өтуін баяулатып, оның толық қорытылуына себепші болады.
Ішектің алдыңғы бөлімінен бауыр дамиды, ал ұйқы безі жетілмеген.
Желбезек аппараты. Денесінің ұзына бойына бас бөлімінің екі жағынан 7пар желбезек тесіктері ашылады. Осы тесіктердің қуалай желбезекті ішіне қарай жарып қарағанда, онда көптеген желбезек пластинкаларының болатынын байқауға болады. Осы пластинкаларда қан тамырының торы құралады. Желбезек қапшығының екінші жағындағы ішкі желбезек жолдары жұтқыншаққа барып жалғасады. Дөңгелек ауыздыларда ғана желбезек аппараты энтодермальдық қабаттан пайда болады, ал басқа желбезекпен тыныс алатын омыртқалылардың желбезек аппараты эктодермадан дамиды.
Тыныс алғанда су желбезек тесіктерінен желбезек қапшықтарына еніп, ал тыныс шығарғанда осы жолмен қайта шығарылады.
Желбезек қапшықтары 5-тен 15-ке дейін болады.
Қан айналу органдары. Дөңгелек ауыздылардың қан жүретін органдарының құрылысы ланцетниктікіндей болады. Бірақ олардың екі камерадан (жүрекше, қарынша) тұратын жүргеі болады. Жүрекшеге жұқа қабырғалы веноздық синус (вена қолтығы) жалғасады оған барлық вена тамырлары қосылады. Құрсақ қолқасынан 8 пар қан алып келгіш желбезек артериясы кетеді. Олар желбезек аралықтарына барады. Әрбір артерия бүтін желбезек қапшығын қанмен қамтамасыз етпейді, ол екі желбезек аралық қатпарға қан алып келеді, анығырақ айтқанда, алдыңғы желбезек қапшығы-ның артқы жартысына және одан кейінгі желбезектің алдыңғы жартысына қан жеткізеді.
Қанды алып кететін желбезек артериялары қолқаның дара түбіріне келіп құйылады, одан алға қарай ұйқы артериялары кетеді де ал қолқа түбірі артқа созылып, негізігі арқа қолқасы болып есептеледі. Арқа қолқасы хорданың асытмен қуалай отырып, дененің артқы бөлімдеріне артерия қанын таратады. Вена қаны бастан шықшыттың қос веналарымен келіп вена қуысына құйылады. Ішектерден жиналған вена қаны ішек асты вена мен бауырға келіп, мұнда қан айналуының қақпалық системасы пайда болады. Бауырдағы қан бауыр венасымен келіп вена қуысына құйылады. Бүйректе қан тамырларының қақпалық системасы болмайды.
Нерв системасы. Дөңгелек ауыздылардың миы бес бөлімнен: алдыңғы (telencephalon), аралық (diencephalon), ортаңғы (mesencephalon) мишық (metencephalon), сопақша мидан ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Клетканың органикалық заттары
Зертханалық жануарлар түрлері
Нервтер мен нерв талшықтары
Қазақстан биоресурстары: өсімдіктер әлемі
Мекен ортасына бейімділігі
Қазақстан биоресурстары: өсімдіктер әлемі жайлы
Биология сабақтарында ойын технологиясын пайдаланып өткізу әдстемесі
Қарқаралы қаласының физикалық - географиялық сипаттамасы
Құрлық тіршілік ортасы
ЖАНУАРТАНУ ПӘНIНДЕ БУЫНАЯҚТЫЛАР ТИПIНIҢ ҚҰРЫЛЫСЫН OҚЫТУ ӘДIСТЕМЕСI
Пәндер