Бұлшық ет және оның жиырылу механиздері



1 Бұлшық ет
2 Бұлшық ет жиырылуының механизімі
Бұлшық ет - адамда, омыртқалы жануарларда және көптеген омыртқасыздарда денені қозғалысқа келтіретін мүше. Оның негізін бұлшық ет талшықтары құрайды. Бұлшық ет құрамы 75%-і су, 25%-і ақуыз, май, көмірсу және минералды тұздардан тұрады. Адам денесінде 400-ден астам бұлшық ет бар, олар дене салмағының 40%-дан астамын құрайды. Бұлшық ет пішініне, атқаратын қызметіне, орналасқан жеріне байланысты алуан түрлі, олар ұзын, қысқа, жалпақ болып келеді. Көбіне, ұзын бұлшық ет қол мен аяқта, қысқа бұлшық ет омыртқа бағанасы бойында, жалпақ бұлшық ет іште, кеудеде орналасқан. Кейбір ұзын бұлшық ет түрлі сүйектерден басталады да екі басты, үш басты және төрт басты болып келеді.
Организмдегі бұлшық ет тіндерін екі түрге бөледі:
а) қаңқалық көлденең жолақты бұлшық еттер. Бұлар тірек-қимыл мүшелеріне қатысты денені әртүрлі қозғалысқа келтіреді, жиырылу жылдамдығы өте жоғары болады;
ә) бірыңғай салалы (тегіс) бұлшық еттер ішкі органдардың қызметін қамтамасыз етеді, баяу жиырылады, үнемі ұзақ қозғалыста болады.
1. Адам физиологиясы – Сатпаева Х.К., Нілдібаева Ж.Б., Өтепбергенов А.А. – А.: «Білім», 2005 ж.
2.Адам физиологиясы-Т.Несипбаев.Алматы-2000ж.

Пән: Медицина
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 21 бет
Таңдаулыға:   


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Семей қаласының Шәкәрім атындағы Мемлекеттік университеті

Жаратылыстану-математика факультеті

Орталық жүйке жүйесінің физиологиясы пәнінен

СӨЖ

Орындаған:Еркінов.М.Е

Тексерген:Жармухаметова.Р.О

Тобы:БЛ-409

Бұлшық ет және оның жиырылу механиздері

Бұлшық ет - адамда, омыртқалы жануарларда және көптеген омыртқасыздарда денені қозғалысқа келтіретін мүше. Оның негізін бұлшық ет талшықтары құрайды. Бұлшық ет құрамы 75%-і су, 25%-і ақуыз, май, көмірсу және минералды тұздардан тұрады. Адам денесінде 400-ден астам бұлшық ет бар, олар дене салмағының 40%-дан астамын құрайды. Бұлшық ет пішініне, атқаратын қызметіне, орналасқан жеріне байланысты алуан түрлі, олар ұзын, қысқа, жалпақ болып келеді. Көбіне, ұзын бұлшық ет қол мен аяқта, қысқа бұлшық ет омыртқа бағанасы бойында, жалпақ бұлшық ет іште, кеудеде орналасқан. Кейбір ұзын бұлшық ет түрлі сүйектерден басталады да екі басты, үш басты және төрт басты болып келеді.

Организмдегі бұлшық ет тіндерін екі түрге бөледі:

а) қаңқалық көлденең жолақты бұлшық еттер. Бұлар тірек-қимыл мүшелеріне қатысты денені әртүрлі қозғалысқа келтіреді, жиырылу жылдамдығы өте жоғары болады;

ә) бірыңғай салалы (тегіс) бұлшық еттер ішкі органдардың қызметін қамтамасыз етеді, баяу жиырылады, үнемі ұзақ қозғалыста болады.

Бұлшық ет пішініне немесе бекитін сүйектеріне сай шаршы, үшбұрышты, жұмыр, дельта, жолақ деп аталады. Ал қызметіне қарай — бүккіш, жазғыш, әкелуші, әкетуші; орналасқан жеріне қарай — төс-бұғана бұлшық еті, қабырға аралық бұлшық еттер, т.б. болып ажыратылады. Дененің қозғалысы мен қызметі бұлшық еттің жиырылғыштық қасиетіне байланысты. Оның жиырылу процесі жүйке талшықтары импульстерінің әсерімен рефлекторлы түрде өтеді. Бұлшық етте қан тамырлары, жүйке түйіндері мен талшықтары және лимфалық құрылымдар орналасады.

Бұлшықеттер адам ағзасындағы әртүрлі қозғалыстарды қамтамасыз ететін тірек-қимыл жүйесінің белсенді бөлігі. Бұлшықеттің қатысуымен адам кеңістікте қозғалып, дененің тепе-тендігін сақтайды. Кеуде қуысын құрайтын қабырғалардың арасындағы бұлшықеттер мен көкет (кеуде мен құрсақ қуысын бөліп тұратын ет) тынысалу қозғалысына қатысады. Жұтыну, дауыстың шығуы, көздің қозғалуы, ішкі мүшелер жұмыстарының барлығы бұлшық еттердің жиырылу, босаңсу әсерінен болады. Сүйектермен бірлесіп денеге пішін беріп, денені тік ұстауға көмектеседі. Бұлшық еттер дене салмағының бестен екі 25 бөлігіне дейін мөлшерді құрайды.

• Орташа алғанда ерлерде әйелдерге қарағанда дене салмағының бұлшық еттер салмағына қатынасы артық болады.

• Ең үлкен бұлшық ет - бөксе бұлшық еті, ол жүру, жүгіру және секіру кезінде артқа қарай, ал денені алдыға қарай итеру қызметін атқарады.

• Ең кіші бұлшық ет - құлақтың түпкі жағында орналасқын көлемі "1" санының мөлшеріндей үзеңгі бұлшық ет.

Сонымен бұлшық ет — организмнің қозғалысы мен ішкі органдарының жиырылу процестерін қамтамасыз ететін жоғары дәрежеде мамандалған ұлпалар. Бұлшық еттің үш түрін ажыратады: 1. Бірыңғай салалы бұлшық ет ұлпасы; 2. Көлденең салалы бұлшық ет ұлпасы; 3. Жүрек бұлшық ет ұлпасы.

Көлденең-жолақты бұлшық еттердің қызметтері: 1) қозғалыс (динамикалық және статикалық); 2) тыныс алуды қамтамасыз ету; 3) мимикалық; 4) рецепторлық; 5) қор жинағыш; 6) жылу реттегіш. Бірыңғай салалы бұлшық еттердің қызметтері: 1) қуыс мүшелеріндегі қысымның тұрақтылығын қамтиды; 2) қан тамырлардағы қысымды реттейді.

Жүрек бұлшық еті – қан тамырлар арқылы қанның қозғалысын қамтамасыз ететін қызмет атқарады.

Бұлшық ет жиырылуының механизімі

Жиырылу жылдамдығына қарай ет талшықтары шапшаң және баяу әрекетті болып бөлінеді.

Шапшаң әрекетті, немесе фазалық талшықтарда саркоплазмалық ретикулум жақсы дамиды да, одан кальций иондары оңай, тез шығады. Мұндай талшықтар қанмен нашар жабдықталады, жиырылғаннан соң шапшаң босаңсиды және оларда тотықтырғыш ферменттердің белсенділігі төмен келеді. Олардың талшықтары ақ түсті, ірі әрі үзынырақ, құрамында миоглобин аз, гликоген көп болады.

Баяу әрекетті, немесе тонустық, талшықтардың түсі қызыл, диаметрі жіңішке, тотықтырғыш ферменттерінің белсенділігі жоғары және олардың құрамында миоглобин көп, гликоген аз жинақталады.

Шапшаң әрекетгі еттер белгілі мерзім ішінде АТФ-ті көп жұмсайды және тонустық жиырылу кезінде қуатты аз сақтайды. Сондықтан статикалық жүмыс атқарылғанда (мысалы, дененің кеңістіклері жағдайын сақтау үшін) организм негізінен баяу өрекеті қызыл талшықтарды, ал жылдам қимыл атқару үшін шапшаң өрекеті ақ талшықтарды пайдаланады.

Бұлшық етте изотониялық, изометриялық және ауксотониялық жиырылу түрлері кездеседі.

Изотониялық жиырылу кезінде ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ауыспалы жіптер моделі. Хилл теңдеуі
Бұлшық ет жиырылуының механизімі
Бұлшық ет, оның қасиеттері және жұмысы
Жүрек және оның құрылысы
Қан тамырларының негізгі бөліктерінің құрылысы
Электромеханикалық қабаттасу
Көкірек клеткасының бұлшық еттері
Ауыспалы жіптер моделі
Қозғалыс реакциясының жасырын уақыты
Тірек-қимыл жүйелі мүшелері. Қаңқа
Пәндер