Дәрі-дәрмек дайындайтын мекеме


Жоспары:
- Кіріспе . . . 3
- Негізгі бөлім
II. 1. Дәрі-дәрмек дайындайтын мекеме . . . 4-9
II. 2. Дәріхана басқармасының қызметін ұйымдастыру . . . 9-13
II. 3. Қазақстан Республикасының фармацевтикалық заңы . . . 13-14
- Қорытынды . . . 15
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 16
Кіріспе
Фармация (грек. pharmakeіa - дәрі, дәріні қолдану) - денсаулық сақтау ісінің халыққа дәрімен көмек көрсетуді іске асыратын бір саласы. Фармацияның теориялық негізіне дәрілік заттарды анықтау, іздеу, оларды зерттеу, дайындау, қалыптау және шығару, сұрыптау, стандарттау, сақтау, тарату және фармациялық қызметті ұйымдастыру жатады. Фармация ұғымы ертеден белгілі. Алғашқы кезде емдейтін адам өсімдік, жануар және минералдық заттардан алынатын дәрілерді өзі дайындап, науқасқа өзі тағайындады. Сондықтан да мұндай емдеулер көп жағдайда әр түрлі әдет-ғұрып және ырым-жоралармен жасалды. Біртіндеп дәрілік шикізаттарды жинайтын, олардан әр түрлі дәрілер жасап, дұрыс сақтап, сататын адамдар шыға бастады. Ежелгі Мысырда оларды фармаки (аурудан жазатын, қауіпсіздік сыйлайтын адам) деп атады.
Фармация өсімдік пен жануардан алынатын шикізаттар, оларды алғаш рет өңдеу кезінде алынатын өнімдер туралы ғылым - фармакогнозиядан және дәрінің әсер ету дәрежесінің дәрі формасына, оны әзірлеу технологиясына қаншалықты тәуелді екенін зерттейтін ғылыми бағыт - биофармациядан тұрады. Ал дәрілік заттардың сапасын нормаға келтіріп, стандарттау жиынтығы фармакопея (грек. pharmakon - дәрі және poіeo - жасаймын) деп аталады.
Қазақстанда Фармация саласындағы ғылыми-тәжірибелік жұмыстар 1951 жылы басталды, олармен қазір Қазақ ұлттық медицина унивеситетінің фармацевтика факультеті, Алматы дәрігерлер білімін жетілдіру институтының клиник. Фармакология кафедрасы, республиканың жоғары медициналық оқу орындарындағы арнайы кафедралар шұғылданады. 2006 жылы мәлімет бойынша Қазақстан Республикасында 3228 дәріхана, 1144 дәріханалық пунктер, 2358 дәріханалық киоскілер, 626 дәріханалық қоймалар, 115 фармацевтік өндірістер жұмыс істейді. Республикада фармацевтика жүйесінде 12 мыңнан астам адам қызмет етеді, олардың 5, 5 мыңы жоғары дәрежелі мамандар. Фармация саласында еңбек етіп жүрген белгілі ғалымдар: Т. А. Арыстанова, К. Үшбаев, К. Ә. Абдуллин, А. О. Төлегенова, Е. Т. Тегісбаев, Р. Д. Ділбарханов, т. б.
Дәрі-дәрмек дайындайтын мекеме
Дәріхана - бұл арнаулы фармацевтикалық білімі бар жеке кәсіпкер немесе заңды тұлға ұйымдастыратын денсаулық сақтау жүйесіне жататын дербес құрылымды мекеме. Дәріхана халықты және емдеу, алдын-алу мекемелерін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету үшін ұйымдастырылады. Дәріхана жұмыс істеу үшін мыналар қажет:
1. Тиісті нормативті-техникалық құжаттардың талабына сай мекен-жай.
2. Фармацевтикалық жоғары және орта білімі бар мамандар.
3. Фармацевтикалық іс немесе қызметін жүргізу үшін белгіленген тәртіп бойынша алынған рұқсат қағаз (лицензия) .
Дәріхана өзінің қызметін ҚР заңдарына және ҚР ДСМ басқарушы нормативті құжаттарына сәйкес жүргізеді. Дәріхана мекемелерінің фармацевтикалық дәріхана мекемелерінің іс-әрекетін ҚР ДСМ фармацевтикалық комитет, фармацевтикалық бақылау бас басқармасы дәрілік заттарды медицина мақсатында қолданылатын бұйымдарды және медициналық техниканы сараптау ұлттық орталық жүргізеді.
Дәріхананың міндеттері мен функциялары.
Дәріхананың негізгі міндеттері:
1. Халықты емдеу, алдын-алу мекемелерін, сонымен қатар, денсаулық сақтау мекемесіне жатпайтын ұйымдарды және кәсіпорындарды сапалы, қауіпсіз, тиімді дәрілік заттарды тазалыққа қажет гигиеналық және аурудың күтіміне керекті бұйымдармен, таңу-байлау материалдарымен дезинфекцияға қажетті заттармен және басқа медициналық тауарлармен қамтамасыз ету.
2. Жергілікті денсаулық сақтау мекемелерімен жасалған келісім шарттарға сәйкес жеңілдікпен және тегін босатуға арналған рецепттер арқылы халықты дәрілік заттармен, медициналық бұйымдармен қамтамасыз ету.
3. Дәрілік заттарды рецептпен және рецептсіз босатуды іске асыру.
Дәріхана негізгі осы міндеттерді атқару үшін төмендегілерді орындауы керек:
1. Денсаулықты қорғаудың басқарушы органдар бекіткен тізімге сәйкес дәріханада дәрілік заттар және медицинаға қажетті бұйымдар ассортиментінің болуын қамтамасыз ету.
2. Дәрілік заттарды рецептпен және емдеу, алдын-алу мекемелерінің талаптарына сай дайындағанда, сапасын тексергенде, босатқанда нормативті құжаттарды және олардың талаптарын орындауы қажет.
3. Сатылатын өнімдер сапасын тексергенде және олардың сертификациялау тәртібін орындау және тиісті құжаттарды толтыру.
4. Дәрілік заттар, олардың физико-химиялық қасиеттеріне сәйкес сақтауын ұйымдастыру.
5. ҚР тіркелмеген дәрілік заттар және улы, есірткі, психотропты заттар туралы жарнама жұмысын жүргізбеуі керек, егер ондай заттар туралы жарнама жүргізсе, оған айып- пұл төлейді және тиым салынады. Дәрілік заттар туралы жарнама арнайы медициналық және фармацевтикалық басылымдарда жасауға болады.
6. Денсаулықты қорғау жүйесіндегі мамандар дәрілік заттар туралы ақпаратты беру, дәрілік заттарды рационалды дұрыс тағайындау және үнемді пайдалануға көмектесу.
7. Рецептсіз босатылатын дәрілік заттар туралы ақпаратты тұтынушыларға беру, оларды таңдап алуға және пайдалануға көмектесу.
8. Фармацевтикалық нарықта дәрілік заттардың, медициналық бұйымдардың ассортименті мен бағасы туралы сұраныс пен ұсынысты зерттеу.
9. Дәріхана мекемесінің жұмыс орындарында тазалықты сақтау.
10. Дәрігерге дейінгі алғашқы көмек көрсету.
11. Дәріханада келесі жарнама ақпараты болуға тиіс:
а) фирманың аты
б) жұмыс режимі
в) лицензияның бар екендігі туралы мағлұмат
г) бақылаушы (тексеруші органдардың мекен-жайы туралы)
Дәріханада келесі хабарландырулар болуы қажет:
А) балаларға дәрілік зат босатылмайтындығы туралы
Б) сатылған дәрілік заттарды дәріхана кері қабылдамайтындығы және басқа дәрілік затқа ауыстырмайтындығы туралы хабарландыру
В) дәрілік заттардың рецепт арқылы тегін және жеңлдікпен жіберетін дәріхана тізімі
12. Атқарушы органдар басқаруымен төтенше жағдайлардың (эпидемия, жер сілкіну) салдарын жоюға бағытталған шараларды іске асыруға қатысу.
13. Дәріхана ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізуге, сондай-ақ жоғарғы және орта оқу орындарынының студенттеріне тәжірибе өту үшін база бола алады.
Дәріхана қызмет штатына қарай келесі түрлерге бөлінеді:
1. Медициналық мекеме дәріханасы
2. Дәрілік заттарды дайындауға құқығы бар дәріхана
3. Дайын дәрілік түрлер дәріханасы
Экономикалық белгілеріне сәйкес дәріхана төмендегідей түрлері бар:
- шаруашылық есептегі дәріхана
- мемлекет бюджетіндегі дәріхана
- орналасқан орнына қарай
- арнайы дәріхана
Дәріхана орналастыруға қойылатын талаптар:
1. Дәріхана жеке тұрған ғимараттарда
2. Ғимарат құрылымдағы тұрғын үй фонына кірмейтін оқшау үй жайларда
3. Ғимарат құрылымы тұрғын үй фонына кіретін, оқшау үй жайы тек 1-ші қабатта орналаса алады.
Дәріхананың жеке кіріп шығатын есіктері болуы қажет. Дәріханалар атқаратын жұмыс көлеміне сәйкес үш категорияларға бөлінеді, сонымен қатар дәріханалар атқаратын жұмыс көлеміне қарай тиісті құрылымдық бөлімдері болады.
Дәріхана меңгерушісінің негізгі міндеттері:
- Тұрғындарды және дәріханаға бекітілген емдеу орындарын дәрі-дәрмекпен, басқа да фармацевтикалық тауарларын сапалы түрде камтамасыз етуді ұйымдастыру.
- Дәріханаға рецептерді қабылдау, дәрілік формаларды дайындау, дайын дәрілердің сапасын тексеру және дәріханалық дәрілерді босату жұмысын ұйымдастыру.
- Дәріхана дәріханаға бекітілген дәріханалық пункттерден, қисокілерден керекті дәрі-дәрмекпен, құрал-жабдықтармен қамтамасыз етіп, олардың жұмысына тікелей басшылық жасау.
- Дәріханалық пункттерден, киоскілерден нормативке сәйкес дәрілік түрлердің болуын фармацевтік тәртіптің, санитарлық ережелердің, өрт қауіпсіздігінің еңбек заңының сақталуын тексеріп бақылап отыру.
- Дәріханада ағымдық және күрделі жөндеу жұмыстарын ұйымдастырып, олардың бекіткен жоспарымен техникалық құжаттарға сәйкес жүргізілуін қадағалау.
- Дәріхана жабдықталуының тиімді, үнемді пайдалануын олардың уақытында жөндеуден өткізілуін тексеріп, бақылап отыру.
- Фармацевтік мамандарды жұмысқа дұрыс реттеу, пайдалану, тәрбиелеу және олардың біліктілігін жоғарлату жұмыстарын ұйымдастыру.
- Дәріхана есеп және есеп беру жұмыстарын өндірістік финанстық операцияларды, финанстық жоспарға сәйкес жүргізілуін қадағалап, бақылау.
- Тұрғындар арасында санитарлық ағарту жұмыстарын жүргізіп, дәрілік шөптерді жинауды ұйымдастыру.
- Дәріхана қызметкерлерін дәріхана жұмыстарына байланысты нормативтік құжаттармен, бұйрықтармен, нұсқаулармен таныстырып, олардың орындалуын талап ету.
Дәріхана бөлімдерінің міндеттері:
- Рецептік өндіріс бөлімі - рецептерді қабылдау, дәрілік түрлерді дайындау, даындалған дәрілердің сапасын тексеру, безендіру және босату жұмыстарын атқарады.
- Дайын дәрілік бөлімі- дайын дәрілерге рецептер қабылдап, рецептсіз босатылатын дайын дәрілерді тұрғындарға босатады.
- Қор сақтау бөлімі- дәріханаға керекті дәрілік тапсырыстарды сұрау, талап қағаздарын жазып, дәріні өндірістерге немесе дәріханалық қоймаға, фармацевтік фирмаларға жіберіп, дәріні алып, дәріханаға қабылдап дұрыс сақталуын ұйымдастырып, сұрау талап қағаздары бойынша дәріхананың басқа бөлімдеріне, емдеу орындарына босатады.
- Рецептсіз босату бөлімі- дәріхана тұрғындарағ рецептсіз босататын дәрілерді босатады.
Дәріхана басқармасының қызметін ұйымдастыру
Халықтың денсаулығын сақтау саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі принциптерін негізге ала отырып, Республика тұрғындарына дәрі-дәрмектік көмекті көрсетудің принциптеріне келесілерді жатқызуға болады:
• тұрғындарға көрсетілетін дәрі-дәрмектік түрлі меншіктегі дәріханалық ұйымдар арқылы ұйымдастырып, мемлекет тарапынан реттеу;
• дәрі-дәрмектік көмектің көрсетілу деңгейін қалалық және ауылдық тұрғындарға бірдей мөлшерде жүргізе отырып, оларға мейлінше жақындату;
• дәрі-дәрмектік көмекті қамтамасыз етуді фармацевтикалық ғылым мен тәжірибелердің бірлігі негізінде ұйымдастырып жүргізу;
• фармацевтикалық қызметтің сапасын мемлекет тарапынан қамтамасыз ету;
• тұрғындарға дәрі-дәрмектік көмек көрсетудегі мемлекеттік саясатты дәрілік заттарды, медицина бұйымдарын, медициналық техникаларды тұтынудың қысқа және ұзақ мерзімді жобалануы негізінде жүргізу.
Республика тұрғындарын дәрі-дәрмектермен қамтамасыз ету денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік саясаттың құрамды бөлігі болып саналады. Фармацевтикалық саланың дамуы еліміз үшін әлеуметтік, экономикалық және стратегиялық жағынан маңызды болып табылады.
Елімізде экономикалық қайта құрылу жылдары фармацевтикалық салада үлкен өзгерістер болды. Тұрғындарды дәрі-дәрмектермен қамтамасыз етудің Кеңестер дәуірінде қалыптасқан жүйесінің орнына фармацевтикалық нарықтық жүйе қалыптасты. Нәтижесінде ірі фармацевтикалық компаниялар, фирмалар және дәріханалық ұйымдар пайда болды. Отандық фармацевтикалық және медициналық өнеркәсіп қарқынды дамуын бастады.
Қазақстан Республикасының дәрі-дәрмектік саясаттың мақсаты - тұрғындарды қауіпсіз, тиімді және сапалы дәрілік заттармен медицина бұйымдарымен және медициналық техникалармен үзіліссіз, уақытында, жоғары сапалы деңгейде қамтамасыз ету болып табылады.
Қазақстан Республикасындағы дәрі-дәрмектік саясаттың негізгі міндеттеріне келесілер жатады:
• тұрғындардың қауіпсіз, тиімді және сапалы дәрілік заттарды тұтынуларына жағдай жасау;
• дәрілік заттар айналысы саласында, оның ішінде дәрілік заттар өндірісіне, дәріханалық ұйымдардан босатылып - өткізілуіне және тиімді пайдаланылуына мемлекет тарапынан жүйелі түрде реттеу, бақылау-қадағалау жұмыстарын күшейту;
• фармацевтикалық ғылымдарды дамыту, нәтижесінде қол жеткізілген жетістіктерді практикалық тұрғыда қолдануды жүзеге асыру;
• шет елдік дәрілік заттарға тәуелділікті азайту, отандық ғылымдардың ғылыми-зерттеу жұмыстарының негізінде дәрілік заттар өндірісін дамытудың басымдылығын қамтамасыз ету;
• елімізде стратегиялық маңызы бар дәрілік заттар өндірісін дамыту;
• отандық жаңа дәрілік заттарды, бірінші кезекте қауіпті және әлеуметтік маңызды ауру түрлерін емдеуде қолданылатын дәрілерді өндіруге қолайлы жағдайларды жасау;
• дәрілік заттардың сапасын және дәріханалық ұйым, кәсіпорындар жұмыстарын халықаралық стандарттар талаптарына сәйкестендіру шараларын жүргізу;
• Қазақстан Республикасында дәрілік заттар айналысы саласын реттейтін құқықтық-нормативтік базаны нағайту;
• халықаралық тәжірибелерді ескере отырып, дәрілік заттар айналысы саласында басқару, ақпараттық және бақылау, қадағалау жүйелерін жақсарту;
• халықаралық ынтымақтастық байланыстарды дамытудың негізінде әлемдік фармацевтикалық нарыққа енуді және фармацевтикалық мамандардың кәсіби білім деңгейлерін жоғарылату.
Тұрғындарға дәрі-дәрмектік көмек көрсету - денсаулық сақтау саласының ажырамас құрамды бөлігі болып саналады. Дәрі-дәрмектік көмек халықаралық денсаулықтарын нығайтуға, азаматтардың жұмыс істеу қабілеттіліктерін жоғарылатуға және өмір сүру ұзақтығын қамтамасыз етуге ықпалды түрде әсер етеді.
Фармацевтикалық мамандардың кәсіби деңгейлерін жоғарылату, фармацевтикалық жүйені дамыту, тұрғындарды және емдеу профилактикалық мекемелерді қажетті дәрі-дәрмектермен қамтамасыз ету мемлекет тарапынан бақыланады.
Фармация саласының дамуын жоспарлауда, оның ішінде дәрі-дәрметтердің керекті мөлшерін анықтауда алыс және жақын шет елдерде жинақталған озық әдіс-тәсілдер, дәрілік заттарды өндірудегі жаңа технологиялар мен ғылыми жетістіктер бipгe қолданылады.
Қазақстан Республикасында отандық фармацевтикалық өнеркәсіп саласын дамытуда дәрі-дәрмектердің өндірілyi жене медицина саласында қолданылуы өкілетті органдармен бекітілген арнайы нұсқаулар арқылы анықталады. Жаңа дәрілік заттарды шығару үшін Денсаулық сақтау министрлігінің рұқсаты керек. Aталған рұқсат кең деңгейде жүргізілген клиникаға дейінгі, клиникалық және эксперименталды-фармацевтикалық талдау-зерттеу, фармакопеялық тексеру жұмыстарының нәтижесінде жоғарғы дәрежедегі емдік әcepi бар дәрілік заттарға беріледі.
Жаңадан шығарылған дәрілік заттардың медицина саласында емдеу- профилактикалық бағытта қолдануға болатындығын анықтау eкi негізгі талапқа сәйкес жүргізіледі:
1) Клиникалық, токсикологиялық және фармакологиялық зерттеулер нәтижелерінде анықталған дәрілік заттың жоғарғы дәрежедегі терапевтік әcepi.
2) Дәрілік заттың құрамы, дәрілік түрі және тазалығы туралы зерттеулер нәтижелерінің жаңа дәрілік заттардың сапасына қойылатын фармакопеялық талаптарға сәйкес келуi.
Дәрілік заттың өндіpy, тұтыну және сақтау сатыларында мемлекеттік фармакопеяның (МФ), басқа да нормативтік-техникалық құжаттардың талаптары сақталып, тұрғындарға көрсетілетін дәрі-дәрмектік көмектің сапасына кепілдеме беріледі.
Денсаулық сақтау iciн дамытуды одан әpi жақсарту медициналық және фармацевтикалық мамандардың кәсіптік білім деңгейлеріне байланысты. Сондықтан орта және жоғарғы фармацевтикалық кәсіптік білім беру орындарында оқу процесін теориялық білімді тәжәрибемен ұштастыру, мамандық алғаннан кейін кәсіптік білім деңгейін жоғарлатуды жақсарту, мамандарды аттестациялау жұмыстарын жетілдіру қарастырылуда.
Қазақстан Республикасында нарықтық экономика талаптарына сәйкес денсаулық сақтау ұйымдарының материалдық-техникалық базалары нығайтылып, дәрі-дәрмектермен камтамасыз eтілуi жақсаруда. Әcipece ауыл турғындарына көрсеттетін медициналық және дәpi-дәрмектік көмектердің сапасын жақсарту міндеттірі қойылуда.
Фармацевтикалық қызмет - дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы өндіру, дайындау, көтерме және бөлшек саудада өткізу бойынша денсаулық сақтау саласында жүзеге асырылатын қызмет.
Тұрғындарға кепілді мөлшерде көрсетілетін ақысыз, жеңілдетілген дәрі-дәрмектік көмектi ұлғайту көзделуде.
Елімізде дәрілік заттар өндіретін фармацевтикалық кәсіпорындар саны өсіп, дәрі-дәрмектер туралы анықтама-ақпарат және жарнама жұмыстарының жүргізілуі жақсаруда.
Қазақстан Республикасында денсаулық сақтау ici мен фармация саласын дамыту мемлекеттік тұрғыда халықаралық байланыстарды ecкepiп, тұрғындарды қayiпciз, тиімді, сапалы медициналық және дәрі-дәрмектік көмекпен қамтамасыз етуді үнемі жақсарту негізінде жүзеге асырылады.
Дәріханалар фармацевтикалық қызметтерінің түрлері мен жұмыс көлеміне байланысты Қазакстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 26 қаңтардағы № 65 Қаулысымен бекітілген «Дәріханалардың, дәріханалық қоймалардың құрылымын және категорияларын анықтау Ережесіне» сәйкес үш категорияларға бөлінеді:
I категориялы дәріханаларға келесі дәріханалар жатқызылады:
• нeгiзгi (өмірлік маңызды) дәрілік заттардың толық тізіміне кipeтiн дәрілік заттарды, есірткілік әcepi бар және психотроптық заттарды, прекурсорларды кабылдауды, сақтауды және босатуды жүзеге асыратын дәріханалар;
• медициналық бұйымдарды және көзілдіріктік оптиканы қабылдауды, сақтауды, босатуды жүзеге асыратын дәріханалар;
• дәріханалық жағдайда дәрілік формаларды, оның ішінде асептикалық және стерилдік дәрілерді жасауды жүзеге асыратын дәріханалар.
П категориялы дәріханаларға келесі дәріханалар жатады:
• негізгі (өмірлік маңызды) дәрілік заттардың толық тізімінің 70%-ан аз емес және есірткілік әcepi бар және психотроптық заттарды, прекурсорларды кабылдауды, сактауды, босатуды жүзеге асыратын дәріханалар;
• медициналық бұйымдарды және көзілдіріктік оптиканы қабылдауды, сақтауды, босатуды жүзеге асыратын дәріханалар.
Қазақстан Республикасының фармацевтикалық заңы
"Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңының 130-бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы Медициналық орталығының "Қазіргі заманғы медициналық технологияларды енгізу орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны мен "Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы Медициналық орталығының Базалық дәріханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны қосылу және қайта құрылу жолымен жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын "Медициналық технологиялар және ақпараттық жүйелер орталығы" акционерлік қоғамына (бұдан әрі - қоғам) қайта ұйымдастырылсын.
2. Қоғам қызметінің мынадай негізгі бағыттары белгіленсін:
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz