Қоректік орта топтары



I Кіріспе

II Негізгі бөлім

2.1 Пайдалану мақсатына қарай қоректік орталардың топтары
2.2 Қоректік орталарды жасау принциптері
2.3 Қоректік орталарды залалсыздандыру
2.4 Микроорганизмдердің қоректенуі

III Қорытынды бөлім

IV Пайдаланылған әдебиеттер
Іргелі және қолданбалы микробиологияның дамуы микроорганизмдерді бөліп алу және оларды өсірумен байланысты. Бұл зерттеулер Р.Кохтың бактериялардың таза дақылдарын алу әдісін ұсынған соң мүмкін болды. Таза дақылдар деп бір туысқа және бір түрге жататын клетка шоғырын атайды. Таза дақылдарды алу микроорганизмдерді анықтау, оларды өсіруге қолайлы жағдай жасауға және жан-жақты зерттеуге жол ашты.
Қоректік орта дегеніміз- микроорганизмдерді лабораториялық және өнеркәсіптік жағдайларда өсіруге арналған белгілі бір заттектердің сұйық немесе қатты қоспасы.
Микроорнганизмнің таза өсіндісін бөліп алуға,зертханалық жағдайда олардың көбеюін қамтамасыз ету,сыртқы орта нысандары санитарлы-бактериологиялы зерттеу,сүт және сүт өнімдерін микрогбиологиялық зерттеуде де,микроорганизмдерді қоректік орталарда өсіреді.
Сүтқышқылды және ішек таяқшаларының бактериялары өсу үшін оларға өсінді заттар немесе химиялық құрамы мен физикалық қасиеттеріне байланысты дәрумендер-витаминдер немесе дәрумендер тәрізді заттар –биотин,холин,тиамин және никотин және пантонин қышқылы ,рибофлавин беріледі.
1. М.Х.Шығаева, Ә.Т.Қанаев «Микробиология және вирусология». Алматы, «Қазақ университеті» баспасы, 2008ж. (106бет; 116 бет, 118бет)
2. kk.wikipedia.org/wiki/Қоректік_орта
3. Лекциялар жинағы (презентация)
4. Бұлашев А.Қ., Сұраншиев Ж.А., Жұмабаев Х.Ж. Жалпы микробиология пәнінен ветеринариялық медицина факультетінде оқитын студенттердің зертханалық тәжірибе сабақтарына арналған әдістемелік нұсқауы. Астана, 2005ж. 26-27 беттер.
5. Асонов Н.Р. Практикум по микробиологии // Москва, «Агропромиздат». 1988. С. 42-45
6. Валиханова Г.Ж. Биотехнология растений. Алматы:Қонжық, 1996ж,272с.
7. Бегімқұлов Б. Молекулалық генетика және биотехнология негіздері. Алматы.Білім, 1996.200б.

Пән: Ветеринария
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
Жоспары:

I Кіріспе

II Негізгі бөлім

2.1 Пайдалану мақсатына қарай қоректік орталардың топтары
2.2 Қоректік орталарды жасау принциптері
2.3 Қоректік орталарды залалсыздандыру
2.4 Микроорганизмдердің қоректенуі

III Қорытынды бөлім

IV Пайдаланылған әдебиеттер



I Кіріспе

Іргелі және қолданбалы микробиологияның дамуы микроорганизмдерді бөліп алу және оларды өсірумен байланысты. Бұл зерттеулер Р.Кохтың бактериялардың таза дақылдарын алу әдісін ұсынған соң мүмкін болды. Таза дақылдар деп бір туысқа және бір түрге жататын клетка шоғырын атайды. Таза дақылдарды алу микроорганизмдерді анықтау, оларды өсіруге қолайлы жағдай жасауға және жан-жақты зерттеуге жол ашты.
Қоректік орта дегеніміз- микроорганизмдерді лабораториялық және өнеркәсіптік жағдайларда өсіруге арналған белгілі бір заттектердің сұйық немесе қатты қоспасы.
Микроорнганизмнің таза өсіндісін бөліп алуға,зертханалық жағдайда олардың көбеюін қамтамасыз ету,сыртқы орта нысандары санитарлы-бактериологиялы зерттеу,сүт және сүт өнімдерін микрогбиологиялық зерттеуде де,микроорганизмдерді қоректік орталарда өсіреді.
Сүтқышқылды және ішек таяқшаларының бактериялары өсу үшін оларға өсінді заттар немесе химиялық құрамы мен физикалық қасиеттеріне байланысты дәрумендер-витаминдер немесе дәрумендер тәрізді заттар - биотин,холин,тиамин және никотин және пантонин қышқылы ,рибофлавин беріледі.
Микроорганизмдер қышқылды ортаға бейім болғандықтан арнайы сутек иондарының концентрациясынан тұруы қажет,оның ішінде сапрып рН 7,2-7,6,сірке қышқылдығы рН 4,0-5,0 және сүт қышқылдығы бактерияларға рН 6,5-6,9 болады.
Қолданылу аясына байланысты қоректік орталар: жай ,арнайы және дифференциалды-диагностикалық болып бөлінеді.

II Негізгі бөлім

2.1. Пайдалану мақсатына қарай қоректік орталардың топтары

Пайдалану мақсатына қарай қоректік орталар 4 негізгі топқа бөлінеді:
А) Әмбебап қоректік орта. Бұл орталарда хемогетеротрофты, арнайы органикалық заттарды қажет етпейтін микроорганизмдердің көптеген түрлері өседі.Бұл орталарға бактериялар жақсы өсетін ет-пептонды сорпасы және ашытқы саңырауқұлақтарға лайықты сусло жатады.
Б) Арнайы орта. Ерекше органикалық заттарды қажет ететін және әмбебап ортада өспейтін хемоорганотрофты микроорганизмдерді өсіретін орта. Мысалы, спирохеталарға көмірсутегі мен аминқышқылдардан басқа, ұзын тізбекті майлы қышқылдар қажет. Олар қан сарысуы құрамына кіреді. Сондықтан спирохеталарға арналған қоректік ортаға қан не қан сарысуын қосады. Ал кейбір теңіздерде тіршілік ететін бактериялар, мысалы, Marinomonasтуысына жататындар, теңіз суына қажетті болады.
С) Элективті немесе таңдамалы орта. Бұл орта табиғи субстраттардан (топырақ, су, тағамдардан, өсімдік пен жануарлардан) микроорганизмдердің жеке топтарын бөліп алуға арналған. Оларды микробиологияға С.И.Виноградский енгізді. Элективті деп микроорганизмдердің белгілі бір тобының немесе түрінің өсуіне қажетті құрамы ерекше қоректік орталарды атайды. Элективті ортаны жасау барысында микроорганизмдердің физиологиясын және зат алмасуын, олардың қоректік зат көзіне талғамын, ортаның қышқылдылығын, оттектік мөлшерін, температураны және т.б жағдайларды ескеру қажет.
Мысалы, азот қоспалары жоқ минералды ортада, жарық көзі бар жағдайда, молекулярлы азот сіңіруші көк жасыл балдырлар жақсы өседі. Осы ортаға қосымша органикалық энергия көзін және көміртегі көзін қосып, қараңғы жағдайда аэробты, азот сіңіруші Azotobacter-діөсіріп алуға болады. Ал осы ортада оттексіз жағдайда тежесе, анаэробты, азот сіңіруші Clostridium дамиды. Құрамы әр түрлі элективті қоректік орталарды пайдаланып, түрлі фототүзуші бактерияларды бөліп алуға болады. Мысалы, күкіртті фотосинтездеуші бактерияларды бөліп алу үшін органикалық заттар жоқ қоректік ортаны пайдаланады. Ол ортада сульфидтің бар-жоғына және оның мөлшеріне байланысты әр түрлі бактерияларды бөліп алуға болады.
Сонымен, органика және сульфид жоқ ортада азот сіңіретін цианобактериялар өседі. Ал осы ортаға сульфидті қосса, оның мөлшеріне қарай не жасыл, не қара-қошқыл күкіртті бактериялар өседі. Органикалық ортада қара-қошқыл күкіртті бактериялар басым болады.
Д) Дифференциалды-диагностикалық орталар. Бұл орталарды жалпы микробиологияда әр түрлі субстраттардан бөліп алынған бактериялардың физиологиялық-биохимиялық қасиеттерін анықтап, оларды жіктеу үшін пайдаланады. Ал медициналық және ветеринарлық микробиологияда оларды ауруларды қоздыратын бактерияларды анықтау үшін қолданады. Бұл орталар бактериялардың белгілі бір ферменттерінің, мысалы, каталаза, оксидаза, протеаза, фосфотаза, желатиназа және гемолитикалық ферменттердің бар-жоғын анықтау үшін қажет. Оған қоса, дифференциалды-диагностикалық орталар бактериялардың энергия көзі ретінде қандай заттарды қай жолмен пайдаланатынын анықтауға мүмкіндік береді.

М.Бейеринк ұсынған жинақ орта

Жинақ ортаны М.Бейеринк ұсынды. Мұндай орталарда қандай да бір компонент артық мөлшерде болады. Сонда сол компонетті пайдаланатын микроорганизмдер өседі, яғни олар доминантты болады. Бұл орталарды табиғи субстратта саны аз бактерияларды бөліп алу үшін қолданады. Жинақ және элективті орталарды қолдану әдістері ұқсас болса да, олардың арасында айырмашылықтар да бар. Элективті орталарды қолданғанда, зерттейтін сынамаларды тікелей тығыз қоректік ортаға егіп, колонияларды бөліп алады. Ал жинақ орталарды қолданғанда, оларды, алдымен, сұйық ортада өсіріп алып, содан кейін тығыз қоректік ортаға егеді.

2.2 Қоректік орталарды жасау принциптері

Микроорганизмдерді лабораториялық және өндірістік жағдайда өсіру үшін жасанды қоректік орталар дайындалады. Микроорганизмдерді зерттеу барысында, көбінесе, синтетикалық (құрамы жағынан қарапайым) орталар пайдаланылады.
Синтетикалық орта деп- белгілі бір химиялық қоспалардан тұратын орталарды атайды. Бұл орталардың негізін минералды заттар құрайды. Минералдардың негіздеріне энергия, көміртегі, азот көздерін қосып, күределілігі әр түрлі қоректік орталарды дайындауға болады.
Құрамында күрделі заттар, ашытқы экстрактісі, ашытқы автолизаты, пептон немесе ет экстрактісі қосылған орталарды күрделі орта деп атайды.
Құрамына тәуелсіз орталарды дайындау ережелері бірдей. Өсіруге арналған орталарды дайындаудың ең қарарпайым әдістерідің бірі - бұл коммерциалық ұнтақ тәрізді орталарды қолдану. Оның құрамына бейорганикалық тұздар (макро- және микроэлементтер), витаминдер кіреді. Қажетті ұнтақ мөлшерін қағазда көрсетілгендей дистиллденген су көмегімен ерітеді. Содан кейін ерітіндіге сахароза, олар, фиотгормондар қосып, ортаны культуральды ыдыстарға құяды да, автоклавтайды. Қоректік орталарды дайындау үшін жоғары дәрежеде химиялық таза реактивтер қолдану қажет. Әдетте жұмысты тездету және жеңілдету үшін аса қанық ерітінділерді пайдаланады: макроэлементтер 10 есе концентрленген, микроэлементтер 100 есе. Макро- және микро тұздар ерітінділерін жазбаларға сәйкес дайындайды, бөлек өлшеп, дистиллденген және бидистиллденген суда еріту арқылы.
Макроэлементтерді Са және Fe тұздарынсыз дайындайды, олар тұнбаға түсетін болғандықтан, оларды бөлек қосады. Аса қанық ерітінділерді тоңазытқыштарда сақтайды. Сұйық орталарды дайындау үшін бір колбаға макротұздар және микротұздарды құяды, Са және Fe тұздарын, витаминдерді, фитогормондарды, сахарозаны қосады, рН мәнін қажетті мәнге келтіреді, ол үшін 1 н немесе 1 н Na OH қолданылады, содан кейін қажетті көлемге дейін келтіреді. Дайын орталарды колбаларға (көлемінің 10 %) құяды, қақпағымен жауып, залалсыздандырады.
Фитогормондар ерітінділерін келесі түрде дайындайды:
-ауксиндер: 2,4-дихлорфеноксисірке қышқылы (2,4-Д), α-нафтилсірке қышқылы (НСҚ), β-индолилсірке қышқылы (ИСҚ), индолил қышқылы (ИМҚ), пиклорам - 100 мг затты 0,5-2 мл этонлода ерітеді, қыздырады, 100 мл дейін су қосады (концентрациясы 1мгмл);
-цитокининдер: кинетин, зеатин, бензиламинопурин (БАП) - аз көлемде 0,5 н Н Cl ерітеді, қыздырады, сәйкес көлемде су қосады; абсциз қышқылы (АБҚ)- 70% этанолда ерітеді, қажетті көлемге су қосу арқылы жеткізеді, гибберилл қышқылы (ГҚ) - суда ерітеді;
-витаминдер: тиамин (В1), пиридоксин (В6), никотин қышқылы (РР), аскорбин қышқылы (С), фолий қышқылы (ВС), биотин (Н), парааминбензой қышқылы, холинхлорид, Са - пантотенат, цианкобаламин (В12), рибофлавин (В2) - суда ерітеді.
Барлық компоненттерді ортаға қосқаннан кейін керекті көлемге дейін су қосады, рН-н келтіреді. Автоклавтау арқылы залалсыздандырады. Құрамында ысыту кезінде бұзылатын заттары бар сұйық орталарды мембранды фильтрлер арқылы сүзу көмегімен залалсыздандырады. Қатты орта дайындау үшін дистиллденген су мөлшерінің жартысына агар қосады, содан кейін клеткада агар ерігенге дейін қыздырады. Кейін еріген агарға қажетті рН-ы бар ортаның барлық компоненттер ерітіндісін қосады, барлығын араластырып 2 қабат марля арқылы сүзеді, дистиллденген су арқылы қажетті көлемге жеткізеді, 20 мл-ден пробиркаларға, колбаларға (көлемінің 10 %) құяды, тығындармен жабады және залалсыздандырады.

2.3 Қоректік орталарды залалсыздандыру

Микроорганизмдерді өсіруге арналған қоректік орталарда басқа микроорганизмдердің тірі клеткалары және олардың споралары мүлде болмауы керек. Бөгде микроорганизмдерді жою үшін арнайы залалсыздандыру әдістерін қолданады.Бұл мақсатта, көбінесе, жоғары температураның әсерін пайдаланады. Температура микробтардың өсуіне лайықты деңгейінен жоғарылаған сайын, оның әсері күшейе түсетіндігі бұрыннан белгілі.
Температураның әсерін микроорганизмдер популяциясының белгілі бір бөлігін жою үшін қажетті уақытпен сипаттайды.
Автоклавтау арқылы орталарды залалсыздандыруға қажетті минимальды уақыт колбадағы орта көлеміне байланысты. Мысалы, 250-500 мл көлем үшін автоклавтау 120 ºС-да 25-мин барысында жұреді. Өсімдіктер өсуінің кейбір регулятолары термобильді, сондықтан оларды автоклавтауға болмайды. Мұндай жағдайда, жоғарыда айтып өткендей, ортаны бұл заттарды қоспай дайындайды. Осыдан кейін колба салқындайды, содан кейін ғана ламинар - бокста қажетті рН - қа келтірілген, тесігінің диаметрі 0,45 мкм болатын мембранды фильтр арқылы сүзілегн термобильді компоненті бар ерітіндіні қосады. Кіші көлемді орталарды тұрмыстық тез пісіргішті пайдалану арқылы залалсыздандыруға болады. Орта бар термотұрақты ыдысты кострюля түбіне құйылған және матамен жабылған торға қояды. Залалсыздандыру уақыты 20 мин, осыдан кейін тез пісіргіш қалыпты қысымға дейін жай сууы тиіс. Кейін стерильді бокс жағдайында жылы ортаны культуральды ыдысқа құяды. Дайындалған орталарды 10 ºС температурада сақтаған жөн.
Бөлме температурасында ортада инфекция 5-10 күннен кейін пайда болады, егер дайындалған ортаның залалсыздығына күмәндансаңыз, ортасы бар бөлек культуральды ыдысты бақылаудан өткізген дұрыс.

2.4 Микроорганизмдердің қоректенуі

Жасуша ішіне сыртқы ортадан енген қоректік заттардан жаңа заттардың түзілуі немесе олардың ыдырауы күрделі биохимиялық процестердің көмегімен іске асып отырады. Микроорганизмдер табиғатта қоректік заттарды өсімдіктер мен жануарлар қалдықтарынан немесе тірі жасушалардан алады.
Зертханаларда микроорганизмдерді өсіру үшін арнайы әзірленген қоректік орталар қолданылады. Оларды өздерінің құрамына қарай табиғи (сүт, сарысу, жұмыртқа, ет, картоп, бұршақ, сәбіз, т.б.) және жасанды қоректік орталар деп екіге бөлінеді. Жасанды қоректік орталар арнайы рецептер бойыншадайындалады. Олар жануар текті (ЕПС,ЕПА, ЕПЖ) және өсімдік текті (сыра суслосы) болып екі топқа бөлінеді. Барлық микроорганизмдер бір ғана қоректік ортада өсе бермейді. Әр организм өзінің өсіп дамуына арнайы құрамы бар қоректік орталарды элективті (таңдаулы) орталар деп атайды. Дайындалған орталарды құрғақ, салқын орындарда ұстайды, қоректік орталарға арналған ыдыстарды (шыны түтіктерді) жақсылап жуып, нейтралдап, кептірген соң бу стерилизаторында немесе кептіргіш шкафта стерильдейді (160-1700С). Мақталы тығындарды қолмен немесе тығын жасағыш қондырғы көмегімен әзірлейді. Қолданылған тығындарды әуелі кептіреді, сонан соң стерильдейді. Мақталы тығындар құрғақ және шыны түтікке жақсы үйлестірілген болуы керек. Дымқыл жерде олар +

ылғалды тартып алып, зең ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қоректік орталарға сипаттама
Спиртті ашу
Қоректік орталарды залалсыздандыру
Сүт қышқылды бактерияларды бөліп алу
ДЕМЭКОЛОГИЯ (Популяциялар экологиясы). ПОПУЛЯЦИЯ. ПОПУЛЯЦИЯ НЫШАНДАРЫ
Қан организімінің ішкі ортасы
Қоректік орталарға сипаттама. Пайдалану мақсатына қарай қоректік орталардың топтары
Темекі өсімдігін модель есебінде IN VITRO және IN VIVO микроэлементтерді жағдайында өсіргенде қолдану технологиясы және оның экологиялық маңызы
Биотехнологияның негізгі бағыттары мен преспективалары
Дененің ішкі ортасы туралы түсінік
Пәндер