Кәсіптік бағдарлау жұмысы



1 Кәсіптік бағдарлау жұмысының шығу тарихы
2 Кәсіптік диагностика мен кәсіптік іріктеу
Білім берудің артып келе жатқан рөлін сезіну бүгінгі күні заманауи қоғам дамуының негізгі үрдістерінің бірі болып табылады. Көптеген елдер өз азаматтарының интеллектуалдық және шығармашылық әлеуетінің дамуын максималды деңгейде қамтамасыз ете алатын өркениеттің болашағы зор екені туралы қорытындыға келді, мұның өзі, бәрімізге мәлім болғандай, тек қана мемлекет пен қоғамның білім беруге деген тиісті көзқарасы қалыптасқан кезде ғана мүмкін.
Білім берудің жеке тұлғаға бағдарланған парадигмаға көшу және оқушылардың кәсіби орнын өзі белгілеудің сапасын қамтамасыз ету қажеттілігі педагогтердің мектеп оқушыларына кәсіптік бағдарлануына ықпал етуге даярлаудың қажеттілігін оятты. Оқушылардың мамандық таңдау табыстылығы көбіне педагогтердің құзыретті ықпалына байланысты.
Кәсіптік бағдарлау оушыларға мамандық таңдауда көмек көрсетуге бағытталған, психологиялық педагогикалық іс-әрекет ретінде, құрылуы мен дамуының өз ұзақ тарихы бар.
1. Сазонов А.Г. Профориентация учащихся школ. - М: Академия, 2011. – 223 б.
2. Талызина Н.Ф. Управление процессом усвоения знаний. - М., 1975. - 176 б.
3. Захаров Н. Н. Профессиональная ориентация школьников: учебное пособие для студентов-слушателей факультетов общественных профессий. - М.: Педагогика, 2008. – 272 б.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
Кәсіптік бағдарлау жұмысының шығу тарихы
Білім берудің артып келе жатқан рөлін сезіну бүгінгі күні заманауи қоғам дамуының негізгі үрдістерінің бірі болып табылады. Көптеген елдер өз азаматтарының интеллектуалдық және шығармашылық әлеуетінің дамуын максималды деңгейде қамтамасыз ете алатын өркениеттің болашағы зор екені туралы қорытындыға келді, мұның өзі, бәрімізге мәлім болғандай, тек қана мемлекет пен қоғамның білім беруге деген тиісті көзқарасы қалыптасқан кезде ғана мүмкін.
Білім берудің жеке тұлғаға бағдарланған парадигмаға көшу және оқушылардың кәсіби орнын өзі белгілеудің сапасын қамтамасыз ету қажеттілігі педагогтердің мектеп оқушыларына кәсіптік бағдарлануына ықпал етуге даярлаудың қажеттілігін оятты. Оқушылардың мамандық таңдау табыстылығы көбіне педагогтердің құзыретті ықпалына байланысты.
Кәсіптік бағдарлау оушыларға мамандық таңдауда көмек көрсетуге бағытталған, психологиялық педагогикалық іс-әрекет ретінде, құрылуы мен дамуының өз ұзақ тарихы бар.
Кәсіптік бағдарлаудың басталуын жиі 1908 жылғы, Бостон қ. (АҚШ) бірінші кәсіптік бюросының ашылу кезеңіне жатқызады. Бірақ, басқа көзқарасқа сүйенсек, кәсіптік бағдарлау одан едәуір ертерек, көне заманда пайда болған. Кәсіптік бағдарлау адами қоғамның даму қажеттілігінен туындайды, және сондықтан, оның да, қоғам сияқты, өз тарихы мен тарихының бастауы бар. Әрине, кәсіптік бағдарлау кәсіптер пайда болғаннан бұрын шығуы мүмкін емес, демек, осы кәсіптерге бағдарлаудың қажеттілігі де. Адамның кәсіби жарамдылығын бағалаудың кейбір элементтерінің пайда болу тарихы ғасырлар түбінде жатыр. Бұл, негізінен білім, іскерлік мен қабілеттер диагностикасына қатысты. Біздің дәуірімізге дейінгі ІІІ мыңжылдықтың ортасында Ежелгі Вавилонда жазғыштарды дайындайтын мектеп түлектерін сынақтан өткізген. Сол кезеңдегі ауқымды болып келетін білімі арқасында кәсіби дайындалған жазбашы месопотамиялық өркениеттің негізгі тұлғасы болды; ол алқапты өлшеу, мүлікті бөлуді білді, музыкалық аспаптарда ойнай білді. Сынақ кезінде оның мата, металл, өсімдіктерді ұғыну іскерліктері тексерілді, сонымен қатар, түгел төрт арифметикалық әрекетті білуін тексерді.
Ежелгі Мысырда абыз өнеріне тек қана белгілі бір сынақтар жүйесіне шыдай алғандарды ғана үйреткен. Басында үміткер қазіргі кездегі әңгімелесу деп аталатын процедураны өткен. Сол кезде биографиялық деректер, білім деңгейі тексеріліп, келбетін, әңгіме жүргізу дағдысы анықталды. Еңбек ету, тыңдау, үндемеу іскерліктерін тексерді, отпен, сумен, өмір қаупі бар сумен сынақтар өткізді [1].
Мұндай қатаң сынақтар мен іріктеудің жүйесін ежелгі заманның атақты ғұламасы Пифагор сәтті еңсеріп өткені белгілі. Оқудан соң Грецияға оралып,ол өз мектебін ашты, оған өзінің қарсы тұра алған, өзінің өткеніне ұқсас түрлі сынақтардан кейін қабылдауды мүмкін қылған. Пифагор Әрбір ағаштан Меркурийді жонып шығуға болмайды деп бейнелі түрде айта келе, интеллектуалдық қабілеттердің маңызды рөлін ерекше атап өткен,сондықтан да дәл осы қабілеттердің диагностикасына ерекше мән берген. Сонымен қатар, Пифагор жастардың күлкісі мен жүріс-тұрысына назар аударған, оның пайымдауынша, күлу мәнері адам мінезінің ең жақсы көрсеткіші болып табылады. Ол ата -аналар мен мұғалімдердің ұсыныстарына зер салды, әр жаңадан келгенді өз ойын еркін айтуға, қысылмай, сұхбаттастың пікірімен жүрексінбей қарсы шығуға шақырған соң, оны мұқият бақылап жүрді.
Б.д. дейінгі III мыңжылдықта Қытайда үкіметтік шенеунік сияқты кең таралған лауазым мен кәсіп болды. Сәйкесінше, мұнда да осы лауазымға кәсіби іріктеудің алғашқы элементтері пайда болды. Осы қызметке тұру үшін мемлекеттік емтиханнан өтуге батылдық танытқан, жастардың айналасындағы әсемділік пен жағдайдың салтанаттылығы рәсімге айтарлықтай үлесін қосты. Қытайлық қоғамда бұл емтихан мереке ретінде қабылданды. Императордың өзі емтихан тапсырмасын жиі беріп тұрды, үміткерлерді көп сатылы конкурстық іріктеудің қорытынды кезеңінде білімдерін де өзі тексерді [1].
Басқа үлгілерін бізге Спарта, Афин, Рим тарихы ұсынады. Спартада жауынгерлерді тәрбиелеу жүйесі құрылып, табысты жүзеге асырылып ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жоғары сынып оқушылардың кәсіптік бағдарын қалыптастыру жолдары
Орта мектеп оқушыларына кәсіби бағдар берудің жұмысын ұйымдастырудың ғылыми-теориялық негіздері
Мектепте және колледжде кәсіптік бағдар беру ерекшеліктері
Жоғары сынып оқушыларына кәсіби бағдар берудің теориялық негіздері
Оқушыларға кәсіптік бағдар беру жұмысының психологиялық ерекшеліктері
Жаңа типтегі мектептердегі кәсіптік бағдар берудің мазмұнын теориялық тұрғыда негіздеу
Мамандық таңдауға дайындығы және кәсіби ниеті
Мектепте технология пәнін оқыту
Кәсіптік бағдар жұмысының негізгі қағидаттары, мақсаты мен міндеттері
Орта мектеп оқушыларына кәсіби бағдар беру жұмыстарын ұйымдастыру
Пәндер