Шет елдеріндегі жер кадастры жұмыстары


Жұмыс түрі: Материал
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:
Тақырыбы:
Шет елдеріндегі жер кадастры жұмыстары
Жоспар:
1 Шетелдік жер-кадастрлары және оны жіктеу
2 Шетелдік жер-кадастрлар жүйелерінің сипаттамасы
3 Батыс-европалық жер-кадастр жүйелер іне сипаттама беріңіз.
Жерді жалпы қабылданған мағынасы бойынша кеңістік ресурсы (аумақ) деп қарастырады, ал заң түрінде шетелдерде жылжымайтын мүлік атрибуты немесе белгісі (жеке мекшік институты болған жағдайда) . Сонымен қатар бұл мағынаны жеке меншіктегі жер, табиғат ресурстары, ғимарат және құрылыстар деп түсініледі.
Жылжымайтын мүліктің құқықтық жағынан ерекшеліктері: иеленудің жариялығы және заң жүзінде жерді пайдалану тәсілі мен басқа да жылжымайтын мүлікке бекітілген қоғамдық бақылау.
Көптеген шетелдерде иелену жариялығы арнаулы тіркеу жүйесімен - жер кадастрымен қамтамасыз етіледі, сонымен қатар жерге деген меншік құқығын мемлекеттік тіркеу жүйесі қолдайды.
Европа елдерінің жер кодекстерінде жер учаскелерін келесі құқықтық ережелер бойынша айырады: меншік, құрылыс салуға мұрагерлік құқығы бар жалға беру, жалға беру мезгілін ұзарту құқығы бар, белгілі бір мезгілге жалға беру.
Сонымен қатар көптеген елдердің жер кодекстерін салық салу жүйелеріндегі құқығына және жылжымайтын мүлік нарығында меншіктік құқық алу және беру заңды шарттарына байланысты айрықшаланады.
Көптеген елдерде келесі меншік түрлері болады:
мемлекет; муниципалиттер, қауымдар, қалалық және ауылдық кеңестер және коммуналар; діни немесе қоғамдық табысы жоқ ұйымдар; кооперативтер, серіктестіктер, акционерлік қоғамдар, фирмалар; жеке тұлғалар;
шетел мемлекеттері, шетел ұйымдары немесе шетелдік жеке тұлғалар.
Кадастрлар әртүрлі жіктеледі:
бірінші кезектегі қызметтеріне қарай (мысалы, жылжымайтын мүлікке деген құқықты беруді рәсімдеуде құжаттарды құруда салық салуды қолдау, жерді бөлу немесе көпмақсатты жер пайдалануды басқару шаралары) ; 88 жазылған құқық түрлері бойынша (мысалы, меншік, пайдалану құқығы, материалдарды дайындау үшін тау ашымдары) ;
мәліметтердің дәлділігі мен дұрыстығына мемлекеттің жауапкершілік дәрежесіне қарай (мысалы, мемлекеттің толық мандаты, жауапкершілікті қоғам мен жеке тұлға арасында бөлу) ;
орналасуына және заң құзыретіне қарй (мысалы, қалалық және ауыл қадастры, орталыққа бағынған және бағынбаған) ;
жер учаскелері туралы ақпараты жию әдістерін байланысты (оның ішінде жер бетінде түсіру, аэрофототүсіру, мәліметтерді санды түрге айналдыру және т. с. с. ) .
Көптеген шетелдерде кадастрлық ақпараттарды басқару жауапкершілігі тарихы жүзінде бірнеше мемлекеттік үкімет органдары мен мамандар арасында бөлінген. Мысалы, жерді тіркеу сот органдары мен заң қызметкерлері; картографиялау, жер учаскелері шекараларын белгілеу және қаржы мақсаттары үшін жер учаскелерін құжаттау - түсіру жұмыстарын жүргізушілерге жүктелген.
Батысевропалық кадастрлар жүйелері жалпы сипаттары бойынша бірдей: учаскелер регистрі, кадастрлық карталар және құқықтық жазуды жүргізу. Иеленулерді есепке алу техникасы - Жер бойынша регистр (Жер кітабы) немесе оның құрамдыөқ бөлігі. Кадастр (немесе кадастрлық түсірулер нәтижелерін жиынтығы) және Жер бойынша регистр, әдетте бірыңғай ұйымдастыру қызметі жүргізеді, бұл қызеттердің әртүрлілігі сирек келеді, олар бірімен-бірі бірігіп жұмыс жасайды және өзара бақылайды да көпмақсатты кадастр құрайды.
Батысевропалық кадастрлық ақпараттар жүйесінің жалпы сипаты мынада: олар барлық аумақты қамтиды және мәліметтерді үздіксіз жаңғыртып отырады. Сонымен қатар тағы бір жалпы сипатына регистрлерда ақпараттарды жүргізу техникасын (жар пайдалану типі, ауданы, құрылыстардың орналасуы, орналасуы, иелері туралы ақпараттар және басқа да регистрлер мен ақпарат жүйелеріне сілтемелер) жатқызуға болады. Жалпы ережелерден ерекше болып англиялық кадастр саналады, онда тек картографиялық ақпарат болады, негізінен жер учаскелерінің шекаралары мен жылжымайтын мүлік құрамы туралы. Батыс Европа кадастрлары тарихи себептерге байланысты ұқсас сипаттамалары бар және негізінен франциялық кадастр принциптерін ұстайды, оны 19 ғ. басында I Наполеон белгілеген болатын. Басты принципі екі бөлімнің болуы: сөзбен жазу және карта, олар барлық жер учаскелерінің орналасуы мен шекарасын бейнелеген.
Континенттік Европада қазіргі түсініктеме бойынша кадастр деп топографиялық негізде жерді жіктеу және бағалау, меншіктердің шекарасын көрсету және учаскелер мен иеленушілер реестрін жүргізу.
1985 ж. Жерге орналастыру және жер пайдалану бойынша ақпараттық жүйе бойынша халықаралық эксперттер тобы келесі анықтаманы бекітті: «Кадастр -бұл ел аумағы немесе өңірі бойынша меншік учаскелер шекарасын 89 топографиялық түсірумен анықталған жүйелі қолданылатын және үлкен масштабта бейнеленген мәліметтердің жариямалы реестрі».
Шетелдердегі жер кадастрының негізгі принциптері:
1 Кадастр, егер анықталатын аумақта толық жүргізілмесе оны пайдасы шамалы.
2 Жұмысты қомақты іргетаста жүргізу керек.
3 Шығындар шамасы кадастрды жүргізуден түсетін орташа пайдадан кем болуы тиіс емес.
4 Жазулар бірнеше мақсатқа қызмет етуі керек.
5 Кадастрлық бірлік бірыңғай жер бірлігі болуы керек және заңмен сенімді қорғалуы керек.
6 Жазуларға кететін шығындарды үкімет бекітуі керек.
7 Жер-есеп жүргізу жүйелерін жобалау келешекке бағытталған болуы керек.
Европалық кадастрлар, жоғарыда айтылғандай, тура немесе жанама француздық кадастрдың үлгісі болып саналады. Француз кадастрының басты мақсаты жерге салық салуды қамтамасыз ету.
Қазіргі француз кадастрының негізгі міндеттері 3 топқа жүгінеді: техникалық (кадастрлық жопарларды құрастыру) ; жер (сәйкестендіру және жер учаскелерін жазу - парцелл, олардың жер иелерін анықтау) ; салықтық (жерді бағалау және жер салығының нормасын негіздеу және анықтау) .
Қазір Францияда жүргізіледі: кадастрлық бюроларда сақталған қолжазбалық кадастрлық жоспарларды фотоматериалдың айқын негізіне ауыстыру; стандартты кадастрлық жоспарларды көптеп өндіру немесе шығару; кейбір үлкен коммуналардың жоспарларын сәйкестендіру (идентификация) ; аймақтардағы сапасы төмен заманғы кадастрларды қайта өңдеу; кадастрлық жоспарлардың микрофильмдерін жасау; кадастрлық құжаттарды микрофишаларды шығару; жер туралы файлдарды тұтынушыларға тапсыру.
Германиядағы кадастрлық жүйе салық кадастрынан дамып, заң жүйесінің бір бөлігі болып рәсімделген және иеленушілер мен иелік ету мәліметтерінен тұрады, сонымен қатар жер пайдалау функциялары туралы толық мәліметтер және топографиялық түсірулер деректері. 1970-шы жылдардан бастап жерлер, округтар және үлкен қалаларда жылжымайтын мүліктер туралы деректердің (Жер туралы кітап, жылжымайтын мүлік кадастры, картографиялық материалдар) автоматтандырылған банктері құрылған. Осыған орай қазіргі кезде Германияда әртүрлі ақпараттық қызметтермен байланыстар арқылы жер және жылжымайтын мүліктер туралы деректердің көпмақсатты автоматтандырылған банкі құрылуда.
Австриядағы кадастрдың ерекшелігі Жер регистрында теміржол учаскелерінің арнаулы кітабы және тау кітабын жүргізу. Қазіргі кезде Австрияда автоматтандырылған жүйе құрылуда, онда Жер регистры және жылжымайтын мүлік кадастры жалпы жер және жылжымайтын мүлік туралы банкке біріктірілген.
90 Конфедерация құрушы Швейцария кантондары, әдетте жер саясатына байланысты емес, сондықтан жерге және жылжымайтын мүлікке деген салықтар толық жергілікті кантондық бюджетке түседі. Кадастрлық қызметтер көп жағдайларда өздігінен ұйымдастырылған, тек Жер регистры кітабының формасы мен мазмұнын мемлекет белгілеген, ал регистр жүргізуші ведомствоны кантон анықтайды (бірінде сот бөлімдері, бірінде арнаулы қызмет) .
Швейцарияда жер-кадастрлық құжаттар кадастрлық деректер базасына кіреді, олар жер учаскелері туралы мемлекекттік ақпараттық жүйеде болады және ол алғашқы деректер негізінде құрылады.
1975 ж. Нидерландтардың кадастрлық қызметі үлкен масштабты базистік карта жасау жұмыстарын бастады, соңынан санды картографиялауға автоматтандырылған жүйе құрылды. Осылардың негізінде жер туралы ақпараттық жүйелер пайда болды, олар негізгі 5 элементтерден тұрады: мемлекеттік жер салықтары; жерді қорғау туралы заң мәліметтері; жер пайдалануды бақылау органдарына арнаулы деректер; жер пайдалану объектісі; жоспарлау үшін қажетті ақпарат.
Данияда кадастр Кадатрлық коллегияның басқаруымен жүргізіледі. Онда автоматтандырылған кадастрлық жүйе жұмыс істейді және деректер қатты дискілерде болады. Кадастрлық жүйедегі ақпарат учаскелер жайындағы мәліметтерден тұрады және олардың әрқайсысының өзінің нөмірі бар. Бұл деректерге учаске файлінің нөмірі, ақырғы өзгерістер енгізілген мезгіл және басқа да мәліметтер кіреді. Мәліметтердің маңыздылығын кадастрлық коллегия анықтайды. Сонымен қатар мәліметтер базасына геодезистерден түсетін ақпарат кіреді, олар: әр меншіктегі жол учаскелері, су қоймасы және т. с. с. ауданы. Сонымен бірге барлық міндеттемелер жайында мәліметтер болады және кадастрлық карталар кіреді.
Швеция кадастры көпмақсатты болып саналады, сондықтан 1976 жылдан бастап жер және жылжымайтын мүлік туралы көпмақсатты ақпараттық жүйеге қайта жаңарған. Ол үшін жылжымайтын мүлік туралы автоматтандырылған банк пен тұрғындар, экономикалық статистика, салық салу және түгендеу деректер банкі қосылады. Жер кадастрының өзі екі регистрдан тұрады: жер және жылжымайтын меншіктерден тұрады.
Норвегия кадастры швециялық жүйеге ұқсас келеді және оларда кадастрлық жүйені біріктіретін GAB жүйесі жұмыс істейді. Ол 3 реестрдан тұрады: жер учаскелері, адрестер және құрылыстар.
Финляндияда жер кадастры туралы деректер банкі 1995 жылы құрылған және санды кадастрлық карта жұмыс істейді. Сонымен қатар жер кадастры туралы деректер банкі мен санды кадастрлық карта біртұтас болып саналады.
Италиялық кадастр орталық Европада таралған жүйеге ұқсас келеді және учаскелер регистры мен иелер туралы деректер регистрынан тұрады, олар автоматтандырылған деректер банк базасына кіреді.
Испанияда кадастрды құру учаскелер аумағының жоспарлары, фотограмметриясын жасау, оның мөлшері мен шекарасын, иелер санын анықтаудан тұрады. Жалпы жер-кадастрлық мәліметтер базасында 91 машинаоқитын тасымалдаушылар жоқ.
Грекияда қазіргі заманға сәйкес бірыңғай ұлттық кадастр жүйесін құру жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Ұлыбритания - карта жасауда компьютер әдістерін қолдануда әлемде көшбасшы болып саналады және ол үшін деректер санды түрде болуы әдетте белгілі жай. Осыған орай топографиялық карталардың көп болуына байланысты бұл процесс ұзаққа (онжылдарға) созылады.
АҚШ жер ресурстарымен байланысқан ақпараттық жүйелерін екіге бөлуге болады: кеңістікпен байланыспаған (мысалы есеп жүргізу) және кеңістіктегі, оның ішінде географиялық ақпараттық жүйелер, жерді қоса және басқалар (мысалы, әлеуметтік-экономикалық) . Бір қатар жер ақпараттық жүйелерде есептеу біріліг ретінде парцелла (кадастрлық учаскелер) қарастырылады. учетной единицы рассматриваются парцеллы (кадастровые участки) .
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz