Витаминдер (Дәрумендер )— денсаулық тірегі



I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім
1.Витаминдер
2. Суда еритін витаминдер
3. Олардың биомедициналық қызметтері, авитаминозының белгілері
III. Қорытынды
Суда еритін витаминдерге: тиамин, рибофлавин, панготен қышқылы, никотин қышқылы, пиридоксин, кобаламин, никотинамид, аскорбин қышқылы, биотин, инозит, холин, рутин, фолий қышқылы, парааминобензой қышқылы және т.б. (В1, В2, В3, В5, Вб, В12 В5, РР, С, Н, Р және т.б.) енеді.
Қазіргі кезде 30-дан астам витаминдер түрлері ашылды. Суда еритін витаминдер ферменттердің простетикалық топтарының құрамына кіреді, сөйтіп, олар ферменттердің активтілігін жоғары-латады. Керісінше де әсер етеді. Суда жақсы еритін витаминдер түрі өте көп. Бұл витаминдердің адам организміне қабылдану мөлшері де түрлішс болады.
Ал витаминдерді көп мөлшерде пайдалану гипервитаминоз құбылысының тууына әкеледі. Тамақ азықтарында, дәрі-дәрмектік өсімдіктер мен басқа да заттардың құрамында кездесетін вита-миндерді түрлі түсті сапалық реакциялар көмегімен ашуға болады.

Пән: Медицина
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 21 бет
Таңдаулыға:   
Витаминдер
Витаминдер (Дәрумендер ) -- денсаулық тірегі
Кейінгі кезде әлемдік ғылыми терминдерді бұзатын адамдар көбейіп кетті. Олар витаминді дәрумендер деп атау керек деп түсіндіреді. Бұл дұрыс емес.
Витаминдер деп химиялық табиғаты әр түрлі органикалық заттарды айтады. Витамин латынша vіtа -- өмір, тіршілік; vitman -- тіршілік амині деген мағынаны білдіреді. Олар тағамдық заттармен организмге түсіп, зат алмасуға, организмнің өсіп-өнуіне әсерін тигізеді. Организмнің қорғаныштық қабілетін арттыруда витаминдердің атқаратын міндеті өте зор. Егер тамақ-тану дұрыс жолға қойылмаса, яғни күнделікті пайдаланатын тағамдарымызда организмдерге қажетті витаминдер мөлшері жеткіліксіз болса, онда организм әлсіреп, ол әр түрлі ауруларға шалдығады, оның өсіп-өнуі мен жетілуі нашарлайды. Витаминдер, сол сияқты, жоғары дәрежелі өсімдіктер мен микро-организмдердің қалыпты өсуі мен дамуы үшін қажетті заттар. Организмге тағамдар арқылы келіп түсетін белоктардың, майлардың, углеводтардың және минералдық тұздардың алмасуын жылдамдататын жәнс реттейтін де витаминдер. Соңғы кезде витаминдерді классификациялап үлкен 4 топқа бөледі:
1) алифатикалық витаминдер қатары (аскорбин қышқылы);
2) алицикдды витаминдер қатары;
3) ароматикалық витаминдер қатары;
4) Гетероциклды витаминдер қатары. Витаминдер суда және майда еритін витаминдер болып 2 топқа жіктеледі.

Суда еритін витаминдер
Гиамин (В] витамині, аневрин). Тамақ құрамында тиамин немесе В1 витамині жоқ болса, бери-бери немесе полиневрит деген ауруға шалдығады. Полиневрит кезінде нерв жүйелері қабынады, жүректің қызметі бұзылады, асқазан-ішск трактасының қызметі бүлінеді, ас қорыту сөлінің секрециясы төмендсйді, судың алмасуы бұзылады, ісік пайда бола бастайды. Азия және оңтүстік Америка материктерінде тұратын халық-тардың арасында бери-бери ауруы ерте заманнан-ақ кең етек алып келгені белгілі. Бұл нерв жүйесінің ауруы, әсіресе Жапония, Шығыс Азия, Филлппин аралдары, Оңтүстік Америка сияқты күріш дақылы көп пайдаланатын еддерде жиі тараған. Европа елдерінде бери-бери ауруы, керісінше өте сирек кездеседі. Мұның себебі, ондағы тұратын халықтардың негізгі тағамы күріш емес, олар қара нан, әр түрлі тағамдар мен овощтар жиі пайдаланады. Голланд ғалымы Эйхман 1890 -- 1897 жылдары Ява аралында жүргізілген зертгеулері кезінде мынаны байқады: адамның жегенінен қалған таза күріш берілген тауықтарда бери-бери ауруларының белгілері пайда болған. Ал, әр түрлі қалдықтары берілген тауықтар бұл аурумсн ауырмаған. Осы байқауларға сүйене отырып жүргізілген зерттеулердің нәтижесінде XX ғасырдың басында бери-бери ауруының негізгі себебі күріштің кебігінде көп кездесетін В) витаминінің (тиаминнің) жетіспеушілігінен екені анықталған. Организмде В1 витаминінің жетімсіздігінен нервтердің жарақат-тануының мәні -- бұл витамин фосфор қышқылымсн қосылып тиамин-пирофосфат деген зат түзеді. Тиамин (В1 витамині) тиамин-пирофосфат декарбоксилаза деген ферменттің құрамына кіреді. Бұл фермент заттар алмасуына пайда болатын организмде зиянды пирожүзім қышқылы ыдыратуға керек. Денеде В1 витамині жетіспегенде фермент азаяды да, қанда пирожүзім қышқылы көбейіп кетеді, ақырында ол нерв жүйесіне зақым келтіріп, адамды ауруға шалдықтырады. Тиамин ашытқы, сәбіз, сүт, бауыр құрамында көп кездеседі. Бұл тағамдарда тиамин таза, не қосынды -- тиамин пирофосфат және карбоксилаза түрінде кездеседі. В1 витаминінің таза кристалды препараты 1926 жылы күріш кебегінен бөлініп алынды. В1 витамині зат алмасуға, әсіресе углеводтардың организмдегі түрлі химиялық өзгерту процестсріне өте қажет. Өйткені ол осы процестерге қатысы бар ферменттер құрамына кіреді. В1 витаминнің организмнің түрлі зиянды әсерлерге қарсы күресу қабілетін арттыруда мәні зор. Күнделікті тағамда бұл витамин жеткіліксіз болса, нерв жүйесі зақымданады. Сөйтіп, полиневрит, яғни нерв жүйелерінің ауруы пайда болады. Жоғарыда айтылған бери-бери ауруының негізгі себебі де осында.
Бери-бери ауруымен аурғанда адамның жүру қабілеті на-шарлап, кібіртіктеп жүреді, организмнің жалпы әсліреуі байқалады. Тамаққа тәбеті тартпайды, салмақ кемиді. Аяқ-қолдың шаншып немесе сыздап ауруы пайда болады, сол ауырған жерлердің сезіну қабілеті нашарлайды. Бұлшық еттер таратылып, солып қалады. Жүрек қысылып, тамыры жиі соғатын болады. Тиаминнің организмде жетіспеуінің негізгі себептерінің бірі оның тағам құрамында аз болуы. Жоғарыда көрсетілгендей, В1 витамині қауызынан тазаланбаған күріште, ірі тартылған ұнда, тағы басқа өсімдік тағамдарында кездеседі. Сүтте, жұмыртқаның сары уызында, бауырда, бүйректе, етте көп болады. Организм тәулігіне орта есеппен 2 -- 3 миллиграмм тиаминді керек етеді.
В1 витамині (тиамин, аневрин, антиполиневриттік)
Химиялық тұрғыдан В1 витамині гетероциклдік пиримидин мен тиазол сақиналарынан тұратын құрамында азот пен күкірті бар, кристалды түссіз зат. Бұл витаминді поляк ғалымы К. Функ 1912 жылы ашады, 1913 жылы кристалды түрде бөлініп алынады, ал 1936 жылы синтездел-ген.
Тиамин жоғары температураға, қышқылдар әсеріне төзімді, бейтарап, әсіресе сілтілік ортада тез бұзылады.
В1 витамині ірі тартылған ұнда, қауызынан тазаланбаған кү-ріште, бұршақта, жаңғақта, ашытқыда, сүтте, бауырда, бүй-ректе, майда, жұмыртқа сарысында көп болады. В1 витаминін жануар организмінде ішек микрофлора бакте-риялары синтездейді.
Биомедициналық қызметі
Қазіргі кезде тиаминнің организмде атқаратын қызметі жақсы зерттелген. В1 витаминінің тірі организмдерде атқаратын қызметі оның биологиялық әрекетшіл түрі тиаминпирофосфатқа (ТПФ) байланысты. Тиаминнің тиаминпирофосфатқа айналу-ына АТФ, магний ионы және тиаминкиназа ферменті қатысады.
Декарбоксилаза ферментінің құрамына тиаминпирофосфат кофермент ретінде енеді. Бұл фермент жануарлар мен адамдар ұлпаларында көмірсулар ыдырағанда пайда болатын пирожүзім қышқылының тотыға декарбоксилдену реакциясына қатысады. Сондай-ақ, ТПФ кетоглутар, глиоксил және g - окси - α кетоглутар қышқылдарын декарбоксилдеу реакцияларына араласады. Транс-кетолаза ферментіне тиаминпирофосфат кофермент ретінде еніп, көмірсулардың пентозалық жолмен ыдырау реакцияларын қамтамасыз етеді.
Қорыта айтқанда, тиаминпирофосфат организмде көмірсу-лардың алмасуына, α-кетоглутар қышқылының трансаминдену реакциясы арқылы белоктардың алмасуына, нуклеин қышқылда-рының азоттық негіздерін синтездеуге қатысады. Жоғарғылардан басқа, организмде тиаминпирофосфат энергияға бай фосфор эфирлерін тасымалдайды, тотығу-тотықсыздандыру реакцияла-рына, катехоламиндердің алмасуына, жоғарғы қанықпаған май қышқылдарының биосинтезіне қатысады.
В1 витаминінің биомедициналық маңызы жоғарыда келтіріл-ген мәліметтермен шектелмейді.
В1 витамині авитаминозының белгілері
В1 авитаминозының алғашқы белгілеріне тәбеттің төмендеуі ішек-қарын қабырғаларының толқын тәрізді жиырылу қасиетінің кемуі, мінез-құлықтың өзгеріп, еске сақтау қабілетінің төмендеуі, көзге елес пайда болуы жатады.
Тиамин авитаминозында пирожүзім қышқылының мөлшері қанда, бұлшық ет ұлпаларында бірсыпыра көбейеді, нерв жүйесі зақымданып, полиневрит бери-бери ауруы пайда болады. Бери-бери ауруының белгісі бірнеше түрлі, құрғақ бери-бери шеткі нерв жүйесін зақымдағанда, бұлшық еттер тартылып, солып қалады, ауырған жердің сезіну қабілеті нашарлайды, сал ауруы пайда болады. Бери-беридің істіктік түрінде полиневрит пен қатар жүрек және қан тамырлары зақымданып, ақыры өлімге дейін әкеледі. Бұл аурумен адамдардан басқа құстар, иттер, егеу- құйрықтар және т.б. жануарлар да аурады.
В2 (рибофлавин, өсу витамині)
В2 витамині ең алғаш рет сүттен бөлініп алынады, сондық-тан лактофлавин деп те аталады. Рибофлавинді 1935 жылы Р. Кун химиялық синтездеу жолы-мен алады. Химиялық тұрғыдан В2 витамині 5 атомды спирт рибитолмен байланысқан метилденген гетероциклдік изоаллоксазиннен тұра-тын, кристалды, қызғылт-сары түсті, табиғи пигменттер-флавин-дерге жатады. Рибофлавиннің изоаллоксазин сақинасындағы қос байланыс-тар үзіліп сутек қосылған кезде сары түсті рибофлавин түссіз лей-коқосылысқа, ал, лейкоқосылыс керекті жағдайда, керісінше, сутегіні бөле отырып сары түсті рибофлавинге айналады: Рибофлавин суда, спиртте жақсы ериді, қышқыл ортаға берік, қыздыруға төзімді болса да ультракүлгін сәулесінің әсерінен тез бұзылады.
В2 витаминін кейбір микроорганизмдер мен өсімдіктер син-тездейді, ал жануарлар мен адамдар организмдерінде синтездел-мейді, сондықтан рибофлавин организмге ас арқылы түседі. Рибофлавин табиғатта өте кең тараған, жануарлар орга-низмінің барлық ұлпаларында және өсімдіктерде кездеседі. В2 витамині етте, бауырда, жұмыртқада, сүтте, ірімшікте, са-ры майда, балықтан жасалған тағамдарда, ұнда, әсіресе ірі тар-тылған ұнда, бидай тұқымдастардың дәндерінде, жас көкөністе көп болады.
Биомедициналық қызметі
Рибофлавин флавопротеид ферменттерінің коферменттері (ФМН; ФАД) құрамына енеді. Бұл ферменттер екі типті реакци-яларды катализдейді. Біріншіден - флавопротеидтер оттегінің қатынасуымен тура тотығу, яғни электрондар мен протондарды субстраттан, немесе аралық метоболиттерден тасымалдау про-цесін катализдейді. Бұл топқа L- және Д-аминқышқылдарының оксидазасы, глициноксидаза, альдегидоксидаза, моноаминокси-даза, т.б. ферменттер жатады.
Екіншіден - флавопротеидтердің биологиялық тотығу процесі-ндегі маңызы ерекше орын алады. Олар сутегіні тікелей субстрат-тан ажыратпай, тотыққан пиридинкоферменттерден тасымалдай-ды. Кофермент ретінде флавинмононуклеотид (ФМН), флавинаде-ниндинуклеотид (ФАД) енетін флавопротеидтер өте кең тараған.
Рибофлавиннің тотығу және тотықсыздану реакцияларына қатысуы, бұл витаминнің зат алмасудағы өте үлкен маңызын көрсетеді. Рибофлавин жетіспеуінен организмдегі органикалық заттардың тотығуы бұзылады. В2 витамині организмнің, клетка-ның өсіп өнуіне, көздің көру процесіне әсерін тигізеді.
В2 авитаминозының белгілері
Рибофлавиннің ас арқылы жеткіліксіз түсуі организмдегі органикалық заттардың тотығуын нашарлатып, зат алмасу проце-сін, әсіресе белоктар мен амин қышқылдарының алмасуын тө-мендетеді. В2 витамині авитаминозында адам шаршағыш келеді, бұл-шық еттерден әл кетеді, жүрек еті әлсірейді, балалардың бойы-ның өсуі тежеледі, салмақ қосуы төмендейді, шашы түсіп (алопе-ция), бас терісі қабыршақтанады (дерматит).
Адам организмінде рибофлавин жетпегенде көздің мөлдір қабығы мен бұршағында кератит, катаракта сияқты аурулар пай-да болады, көз қызарып, жас ағып, көру процесі нашарлайды. Тіл-дің кілегей қабаты қабынады (глоссит), ауызы уылады, екі езудің терісі жарылып, қабынады (ауыздық ауруы).
В3 витамині (пантотен қышқылы, антидерматиттік)
Бұл витамин 1933 жылы белгілі болды, кристалды түрде тек 1939 жылы алынады, 1940 жылы химиялық құрылымы анықта-лып жасанды түрде синтезделеді. Пантотен қышқылы химиялық құрылымы жағынан пантой қышқылы мен β-аланиннен түзілген дипептид: Д(+) α, g - диокси - β, β - диметилбутирил - β- аланин:
Пантотен қышқылы барлық жан-жануар, өсімдіктер клеткала-ры мен микробтар құрамында кездеседі (грек. пантотен - бар-лық жерде) және биологиялық активтілігі тек оң жаққа бұрушы Д(+) оптикалық изомеріне тән. В3 витамині май тәрізді қоймалжың, ашық сары түсті, су мен сірке қышқылында еритін, жылдам тотығатын, сілтілер мен қыш-қылдардың әсерінен пептидтік (-СО-NH-) байланысы гидролизге түсетін зат.
Пантотен қышқылы жұмыртқа сарысында, бауырда, өсімдік-тердің жасыл желектерінде, ашытқыларда, бұршақ тұқымдас өсімдіктерде, пішен ұнында өте көп болады және аз мөлшерде түрлі тағамдарда кездеседі, сондай-ақ, организмде ішек микро-флорасы синтездейтіндіктен авитаминозы сирек кездеседі.
Биомедициналық қызметі
Пантотен қышқылы организм үшін өте қажет күрделі органи-калық зат коэнзим - А-ның (HSKоA) құрамына енеді:
Коэнзим - А организмдегі негізгі зат алмасу процестеріне қа-тысады: май қышқылдарының катаболизмі мен анаболизміне, көмірсулар мен майлардың бір-біріне алмасуына өте қажет зат. Егер коэнзим - А организмде жектіліксіз түзілсе, онда зат алмасу процесі бұзылады.
В3 авитаминозының белгілері
Пантотен қышқылы авитаминозында адамдар мен жануар-лар әр түрлі ауруларға шалдығады: денедегі түктер мен шаш тү-сіп, түсі өзгереді, терісі зақымданып, ішкі органдардың кілегей қабаты қабынады, жүйке жүйесі, ішкі секреция бездері зардап шегеді. В3 витаминінің организмде жетіспеуінің ең алғаш белгілері мынадай: адамдардың аяғының саусақтары жансызданып, шанши бастайды, кейінірек саусақтары мен табаны өте қатты ауырып, ол тізеге дейін көтеріледі.
В5 (РР) витамині (никотин қышқылы, никотинамид)
Никотин қышқылы және оның амиді - никотинамид - ерте-ден белгілі. Бұл витаминді ниацин немесе РР деп те атайды. Ни-котин қышқылының витаминдік қасиеті 1937 жылы анықталады. Никотин қышқылының РР деп аталу себебі пеллаграға қарсы деген атаудың басты әріптерінен тұрады (итал. preventіve pellag-ra). Химиялық тұрғыдан В5 витамині - β-пиридинкарбон қышқы-лы, ал никотинамид - β-пиридинкарбон қышқылының амиді:
В5 витамині ақ түсті, қышқылдау, суда жақсы еритін, эфирде ерімейтін, жоғары температураға, күн сәулесіне, ауаға, сілтілік ерітінділерге тұрақты кристалдар.
Никотин қышқылы табиғатта өте кең тараған. Оған өсімдіктер де, жануарлар да бай.
Никотин қышқылының негізгі көздері: бауыр, бүйрек, ет, ба-лық, ашытқы, қара құмық, бұршақ тұқымдастар, қара нан, т.б.
Биомедициналық қызметі
Никотинамид дегидрогеназа ферменттерінің (алкоголь деги-дрогеназа, альдегиддегидрогеназа, глутаматдегидрогеназа, фос-фоглицеринальдегиддегидрогеназа , лактатдегидрогеназа, малат-дегидрогеназа, т.б.) коферменттері - никотинамидаденинди-нуклеотид (НАД), никотинамидадениндинуклеотидфосфат (НАДФ) құрамына енеді. НАД және НАДФ протондар мен электрондарды субстрат-тардан флавопротеидтерге тасымалдап, организмдегі биология-лық тотығу процесіне қатысады.
В5 авитаминозының белгілері
В5 авитаминозында адамдар пеллагра ауруына шалдығады. Пеллаграның алғашқы белгілері төмендегідей: ішек-қарынның кілегей қабаты қабынады, іш өтеді (диаррея), кейіннен тері қабынып, кедір-бұдырланады (дерматит), асқынған түрінде ми зақымданып, ойлау қабілеті төмендейді (деменция). Бұл дертке балалар шалдыққанда бойларының өсуі баяулап, салмағын жоғалтады, анемияның жеңіл түрі пайда болады. Организмде никотин қышқылының 5% В6 витаминінің қатысуымен триптофан-нан синтезделетіні анықталды, сондықтан пеллагра В5 витамині-нің ғана авитаминозы емес, бірнеше витаминдердің жетіспеуінен болатын поливитаминоз. Егер никотин қышқылы мен никотинамид организмге шама-дан көп түссе, адам уланады, іші өтіп, бұлшық еттері ретсіз жиы-рылып, аллергия, астения аурулары пайда болады. Никотин қыш-қылының метаболиттері метил тобын өзіне қосып алып, холин си-яқты липотропты факторларды азайтудың нәтижесінде бауырда май жиналып, семіреді.
В6 (пиридоксин, антидерматиттік)
В6 витамині міндетті түрде ас құрамында болу керектігін 1934 жылы Дьерди, егеуқұйрықтылардың аяқ жағында болатын акродиния деп аталатын ерекше дерматитті, сол кезде белгілі болған суда еритін В1, В2 және РР витаминдері жаза алмағаннан кейін ашты. Бұл витамин1938 жылы ашытқылар мен бауырдан бөлініп алынады, 1939 жылы синтезделеді. В6 витамині химиялық құрылымы жағынан 3 - оксипиридин туындысы: 2 - метил - 3 - окси - 4,5 - диоксиметил - пиридин екендігі анықталады.
В6 деген атауды 1970 жылы биологиялық химия номенкла-турасы бойынша халықаралық комиссия витаминдік активтілігі бар үш затқа береді. Олар: пиридоксин (пиридоксол), пиридок-саль және пиридоксамин: В6 витаминінің үш түрінде де витаминдік активтілік болғаны-мен, зат алмасу процесіне тек қана пиридоксаль мен пиридокса-миннің фосфорлы эфирлері - пиридоксальфосфат және пири-доксаминфосфат түрінде қатысады: Пиридоксаль мен пиридоксаминнің фосфорлануы фермента-тивтік процесс, оларды спецификалық киназалар катализдейді.
В6 витамині су мен спиртте жақсы еритін түссіз, жоғарғы тем-ператураға тұрақты кристалдар (tпл=160°C). Судағы ерітінділері қышқыл мен сілтілік ортада қыздыруға тұрақты, бірақ күн сәулесі әсерінен және бейтарап ортада тез бұзылады. Бұл витамин тағамның барлық түрінде кездеседі, өсімдіктер-де аз мөлшерде, ал жануар тектес азықтарда, (бауырда, бүйрек-те, етте, ірімшікте, балықта), ашытқыда өте көп мөлшерде бола-ды. Өсімдік тектес азықтардың ішінде дәнді дақылдардың дәнде-рінде, бұршақ тектестерде, өсімдіктердің көгінде мол болады. Адам организмінде В6 витаминін ішек микроорганизмдері синтез-дейді.
Биомедициналық қызметі
Кейінгі кезде В6 витаминінің азот метаболизмінде атқаратын маңызы өте зор екендігі анықталып отыр. Организмдегі азот алмасуының басты реакцияларын катализдейтін 20-дан астам ферменттердің құрамына В6 витамині кофермент ретінде енеді. Осы ферменттердің ішінде: трансаминаза - амин тобын (-NH2) аминқышқылдарынан α-кетоқышқылдарына қайтымды тасымал-дауын, ал, декарбоксилаза - карбоксил тобын (-СО2) аминқыш-қылдарынан қайтымсыз бөліп, биогенді аминдер түзілуін катализ-дейді. Пиридоксальфосфат кофермент ретінде серин мен треонин-нің декарбоксилденуіне, триптофанның, кинурениннің тотығуына, күкіртті амин қышқылдарының алмасуына, серин мен глициннің бір-біріне айналуына және гемоглобин гемінің алғы заты δ- амино-левулин қышқылының синтезіне, т.б. көптеген реакцияларды катализдейтін ферменттердің құрамына енеді.
В6 авитаминозының белгілері
Пиридоксин авитаминозында амин қышқылдары мен белок-тардың алмасуы бұзылады, қанның түзілуі нашарлайды, жалпы мөлшері азайып, анемия ауруы пайда болады. Жас балалар мен мал төлінің бойларының өсуі баяулап, салмақтарын жоғалтады. Жас сәби балалар пиридоксині аз жасанды тамақпен тамақтанғандықтан, В6 авитаминозымен жиі ауырады, ондайда балалардың терісі қабынып, нерв жүйесі зақымданады. Адамдар РР витаминімен емдегенде жазылмайтын, ал пири-доксинді қабылдағанда тез жазылатын, пеллаграға ұқсас, тері қа-бынатын аурумен ауырады. Туберкулезге шалдыққан адамдар пиридоксин авитаминозы-мен жиі ауырады, себебі, науқастарға пиридоксиннің антагонисі - изоникотинилгидразид (изониазид) дәрісі беріледі.
В12 витамині (цианкобаламин, антианемиялық)
В12 витамині басқа витаминдерден тек химиялық құрылымы-ның күрделігімен ғана емес, құрамында организмге өте қажет ко-бальт микроэлементінің болуымен ерекше, сондықтан кобаламин деп аталады. В12 витаминінде кобальт циан тобымен және коор-динациялық байланыспен коориндік циклдік жүйесімен байла-нысқан. Бұл жүйе гемопротеиндердің және гемнің порфирин тобына ұқсас және рибоза мен фосфор қышқылының қалдығы бар 5,6 - диметилбензимидазолдың азотымен байланысқан:
В12 витамині (цианкобаламин)
Адам организмінде коферменттік қызмет атқаратын В12 вита-минінің екі түрі бар, олар: метилкобаламин - цитоплазмада, дез-оксиаденозилкобаламин - митохондрияда шоғырланған. Амери-кандық ғалымдар Джордж Мино мен Уильям Мэрфи 1926 жылы шала піскен бауырды ас құрамына енгізгенде қатерлі анемияны жазатындығын анықтаған. 1948 жылы Эдвард Рикс пен Ролкерс кристалды түрде В12 витаминін жас бауырдан бөліп шығарды. Тек 1955 жылы Ходжкин химиялық құрылымын және кеңістіктегі кон-фигурациясын физикалық әдіспен (рентгеноструктуралық зерт-теу) анықтады. Ал қолдан 1961-1971 жылдары Р.Б. Вудворд син-тездейді. В12 витамині суда, спиртте, төменгі органикалық қыш-қылдарда, фенолдарда жақсы ериді, ал бензолда, хлороформда, ацетонда ерімейді. Жоғары температура әсеріне тұрақты, крис-талдары t≈210-220°С қараяды, t≈300°С жұмсарады. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Витаминдер – денсаулық тірегі
Оқушылардың денсаулық пен салауатты өмір салтына құндылық қатынасын қалыптастырудағы сынып жетекшісінің іс-әрекеті
Дәрумендерге жалпы шолу
Биологиялық активті заттар биотехнологиясы
Егде жастағы адамдардың тамақтануы
Витаминдердің адам өміріндегі физиологиялық рөлі
Тағам және су құрамындағы микроэлементтердің жетіспеушілігі нәтижесінде пайда болған аймақтық патология
Витаминдер. Физиологиялық қасиетіне қарап витаминдерді бөлу
Пациенттерді тамақтандыру жайында
Жасөспірім балалардың тәуліктік тамақтану ерекшеліктері
Пәндер