Кемелердің жалпы белгілері бойынша сыныпталуы


Кемелердің жалпы белгілері бойынша сыныпталуы
Кемелердің сыныптауға болатын көптеген айырмалық белгілері бар. Олардың біреулері жалпы болып табылады және кемелердің көптеген түрлерінің сипаттамалары үшін қолданылуы мүмкін. Басқалары, керісінше, жеке сипатта болып келеді, және кемелердің қандай да бір класы немесе тобының шегінде ғана қолданылуы мүмкін.
Қызмет түріне қарай барлық кемелерді негізгі екі түрге бөледі:
- азаматтық кемелер;
- әскери кемелер және әскери-теңіз флотының кемелері.
Бұл топтардың әрқайсысында өзінің сыныпталуы бар, дегенмен, бірқатар белгілері - азаматтық және әскери кемелер үшін де ортақ болып табылады. Оларға жататындары: жүзу ауданы, корпусының құрылған негізгі материал түрі, қозғалыс құралдары мен кеме қозғалысының принципі.
Кеменің жүзу ауданы
Жүзу ауданы бойынша теңіз, рейдтік, ішкі және аралас суда жүзу кемелерін ажыратады. Кемелердің мұндай бөлуінің негізіне қандай да бір жүзу ауданына сәйкес келетін, қолданыс жағдайлары жатқызылады, және оларға байланысты кемелердің беріктігі, суға батпайтындығы, құтқару құралдарымемен жабдықталуы және т. б. талаптар қойылады.
Теңіз кемелеріне жататындары:
- ашық теңіз мен мұхитта жүзуге арналған, алыс сапарға жүзу немесе шексіз суда жүзу кемелері. Олардың жоғары навигациялық қасиеттері бар және үлкен автономдыққа ие ;
- бір немесе іргелес теңіздердің ауданында қолданыста болатын, жақын сапарға жүзу кемелері . Алыс сапарға жүзу кемелерінен олар негізінен, шағын автономдылығымен ерекшеленеді (сонымен қатар олар біршама төмен деңгейде құтқару құралдарымен жабдықталған) ;
- жағалауда жүзу кемелері, олардың жағадан алыстауы шектелген (мысалға, 20 немесе 100 мильге дейін) ;
- солтүстік теңіздердің мұзды жағдайындағы қолданысына бейімделген мұздағы сапарға жүзу кемелері .
Рейдтік кемелерге біріңғай порттық сулар ауданында қолданылатын, түрлі типтегі кемелер жатады.
Ішкі суда жүзетін кемелерге өзен мен көлде жүзетін кемелер жатады. Жүзу шарты бойынша Ресейдің Өзен Регистрі Ережелеріне сәйкес ішкі жүзу кемелерін төрт разрядқа бөледі:
- М разряды (морской -теңіз типі) - ірі көлдерде жүзетін кемелер (Ладога, Онега, Байкал және Арал теңізі), Обь өзенінің теңізге құйылған жері, Енисей шығанағындағы Фин шығанағының шығыс бөлігінде және басқа осындай аудандарда.
Өзінің навигациялық қасиеттері және корпусының конструкциясы бойынша М разрядты кемелер жағалауда жүзу теңіз кемелеріне жақын;
- О разряды (озерный тип- көлді тип) - ірі өзендер сағасында жүзетін кемелер (Лена, Амур, Енисей, Оңтүстік Буг және т. б. . ), Волга және басқа су қоймалары, Астрахан рейдінде Волга сағасында, Балқаш, Севан көлдерінде және т. б. ;
- Р разряды (речной тип -өзен типті) - Днепр, Волга, Кама, Нева, Ертіс, Енисей, Лена, Амур және басқа өзендерде, ірі өзендер сағаларын және су қоймаларын қоспағанда, қолданыстағы кемелер. Р разрядына сонымен қатар Чудское, Ильмень, Московское және т. б. көлдері бойынша жүзетін кемелер жатады. ;
- Л разряды (речной--өзенді, жеңіл тип) - жеңілдетілген конструкциялы өзен кемелері. Олар өзеннің жоғарғы жағында, сонымен қатар, барлық шағын кеме жүретін өзендерде қолданылады.
Аралас жүзу кемелеріне теңіз және өзен порттары арасында немесе теңіз порттары арасында өзендер мен каналдар арасынан жүкті ауыстырмай тасымалдауға арналған кемелер жатады. Шөгу және басты көлемдерінің ара қатынасы бойынша бұл кемелер өзендік кемелерге жақын, ал беріктігі бойынша - теңіз кемелеріне.
Корпус материалының негізгі материал түрі бойынша кемелер ағаш, болат, темірбетон, жеңіл алюминий қоспаларынан, пластмасс және корпустары мысалға, ағаштан немесе болаттан орындалған, композитті (ағаш қаптауымен болат жиынтығы) етіп айырады.
Кеме қозғалысының құралдары
Қозғалыс құралдары бойынша кемелерді өздігінен жүрмейтін және өздігінен жүретін кемелер деп бөледі.
Өздігінен жүрмейтін кемелер сумен бұл кеменің сыртында болатын энергия арқасында қозғалады. Оларға қатысты:
1) буксир - кеме тросының көмегімен тіркеп сүйрейтін немесе өздігінен жүретін итергіш - кеме көмегімен (құрамның артқы жағында орналасқан) теңіз, рейдтік және өзендік көлік кемелері. Итеру ТМД мен АҚШ ірі өзендерінде кең қолданыс тапты;
2) жүзгіш дебаркадерлері (айлақтар), брандвахталар (тұрғын кемелері) және тұрақты типті басқа өздігінен жүрмейтін кемелер, олардың қолданылуы бойынша ұзақ уақыт қозғалмайды немесе аз ғана қозғалады. Бұл кемелер тіркеп сүйрегіш көмегімен қозғалтады;
3) желкенді кемелер , олар желкенге қысым көрсететін, жел энергиясының арқасында қозғалады. Желкенді жабдықтау кемелердің қозғалыс құралы ретінде өз маңызын жоғалтты және қазіргі кезде негізінен (балық кәсіптік, спорттық кемелерде (швертботтар мен яхталар) және оқу кемелерінде кездеседі.
Өздігінен жүретін кемелердің механикалық энергияны алуға мүмкіндік беретін күш қондырғысы бар. Механикалық энергия қозғағыштың көмегімен кеменің судағы қозғалысын шарттайтын, күшке айналады (тірек) .
Күш қондырғысының типіне және бас қозғалтқышына байланысты өздігінен жүретін кемелер арасында айыратындары: пароходтар - поршеньді бу машиналарымен, турбоходтар - бу турбиналарымен, теплоходтар - іштен жанатын қозғалтқыштарымен, газоходтар - газды қозғалтқыштарымен, газотурбоходтар - газды турбиналарымен, электроходтар - әрбір типті қозғалтқышпен әрекеттенетін, батареялар немесе электр генераторынан қуат алатын, электр қозғалтқыштарымен, және атомоходтар - атомдық күш қондырғысы бар кемелер.
Қозғалтқыштар типіне байланысты өздігінен жүретін кемелерді винттік, дөңгелекті, қанатты қозғағыштарымен, су атқыш және ауа винтерімен деп бөледі.
Кемелердің қозғалыс тәртібі немесе принципі
Кемелердің судағы қозғалыс тәртібі немесе принципі бойынша оларды жүзетін, глиссирлейтін (сырғитын), су асты қанаттарында және ауа жастығындағы кемелер болады. (1 сурет) .
1 сурет - Кемелердің қозғалыс тәртібі - а - жүзу, б - глиссирлеу;
в - су асты қанатында; г - ауа жастығында.
1 - түбінің астына ауа қысып толтыратын желдеткіш: 2 - кеме қозғалысы үшін ауа винті
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz