Коммерциялық банктегі қаржылық талдау пәнінің оқу-әдістемелік кешені


Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 60 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік Университеті.

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігіШәкәрім атындағы Семей мемлекеттік Университеті.: 3 деңгейлі СМЖ құжат
ПОӘК
ПОӘК 042-18-4. 1. 29/03-2015
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігіШәкәрім атындағы Семей мемлекеттік Университеті.: «Коммерциялық банктегі қаржылық талдау» пәні бойынша оқу-әдістемелік мәліметтер
Баспа№ 1 11. 09. 2014ж.

«5В050900»- «ҚАРЖЫ» МАМАНДЫҒЫ ҮШІН

«КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕГІ ҚАРЖЫЛЫҚ ТАЛДАУ » ПӘНІНІҢ

ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ

ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК МӘЛІМЕТТЕР

Семей

2015

Мазмұны
1.
Глоссарий
1.: 2.
Глоссарий: Дәрістер
:
1.: 3.
Глоссарий: Практикалық сабақтар
:
1.: 4.
Глоссарий: Оқушылардың өздік жұмыстары
:

1. ГЛОССАРИЙ

Акция - иеленушінің акционерлік коғамда өзінің меншікті қаражаттардың бөлігімен иелену құқығы

Ақша активтер - жеке және заңды тұлғалардан ақша сомаларды алу құқығы. Бұл банктегі дипозиттер, облигациялар, акциялар, несиелер, зайымдар ж. т. б.

Валюта - бұ біріншіден, сол елдің ақша бірлігі; екіншіден, шетел мемлекеттерінің ақша бірліктері; үшіншіден, халықаралық есептесу бірліктері мен төлем құралы.

Валюталық бағам - бір елдің ақша бірлігінің екінші бір елдің ақша бірлігіне қатысты бейнеленетін бағасы.

Валюталық паритет - валюталық бағамның негізі болып табылатын заңды тәртіпте белгіленетін екі валюта арасындағы шекті қатынасы.

Дивиденд - акционерлерге қолында бар акцияларының құндылықтарына қарай жыл сайын төлеп отыратын және акционерлер арасында бөлінетін акционерлік қоғам пайдасының бір бөлігі.

Дисконт - қор биржасында сатылатын бағалы қағаздардың бағасы мен оның ағымдағы биржалық бағамының арасындағы айырма.

Депозит - бұл клиенттердің (жеке және зхаңды тұлғалардың) банктегі белгілі бір шотқа салған және өздері пайдалана алатын қаражаттары.

Депозиттік емес тартылған қаражаттар - бұл банктің қарыз түрінде немесе өз меншікті қаражаттарын сату жолымен тарататын қаражаттары.

Депозиттік сертификат - бұл салым иесіне белгілі бір мерзім өткен соң тиісті қаражатты және оған есептелетін пайызды алуға құқық беретін және оның шотындағы ақшалай қаражаттарының барлығын куәләндыратын эмитент банктің жазбаша куәлігі.

Диверсификациялау - тәуекелді төмендету құралы. Егер капитал әр түрлі бағалы қағаздар арасында таратылатын болса онда тәуекелдер төмендейді. Бағалы қағаздар қоржынына облигацияларды, артықшылығы бар және жай акцияларды кіргізу жөн - мұндайды бағалы қағаздардың түрлері бойынша диверсификациялау деп атайды. Диверсификациялау экономиканың салалары, аймақтары, мемлекеттер және мерзім бойынша айырылады.

Банк ресурстары - бұл банктің пассивті операциялары негізінде қалыптасқан және барлық активтік операциялар бойынша банк өтімділігін қамтамасыз ету және пайда табу мақсатында орналастырылуға бағытталған банктің меншікті және тартылған қаражаттарының жиынтығы.

Бөлінбеген пайда - акциялар бойынша дивидендті төлегеннен кейін және резервтік қорға бөлулерлен кейін қалған банк пайдасының бір бөлігі.

Валюталық нарық - бұл шетел валюталары мен шетел валютасындағы бағалы қағаздарды сату және сатып алу операциялары жүзеге асырылатын арнайы орталық.

Валюталық интервенция - ұлттық валюталық бағамына әсер ету мақсатында орталық банктің шетел валютасын сату және сатып алу жолымен валюталық нарықтағы операцияларға араласуы.

Еншілес банк - жарғылық капиталдың елу пайыздан астамы бас банкке тиесілі және өзінің дербес бухгалтерлік балансы бар заңды тұлға.

Қарыз міндеттемелер - инвестор (несиегер) және осы құжатты шығарған тұлға (несие алушы) арасында зайымды дәлелдейтін құжат. Қарыз міндеттемелерге облигацияларды, мемлекеттік зайымдарды, банктердің депозиттік және сақтандыру сертификаттарды, вексельдерді жатқызады.

Қарыз бағалы қағаздар - пайыз түрінде табысты алу айырбасқа қарызға берілген қаражаттарды дәлелдейтін және қарыз алушының белгіленген уақытта қарызды қайтарып беру міндеттемесін көрсететін бағалы қағаздар.

Инвестициялар - көбейту немесе құның сақтау мақсатымен экономиканың әр түрлі салаларына салынатын ұзақмерзімді капитал салымдары.

Инвестор -инвестициялық қызметті асыратың жеке немесе заңды тұлға.

Инновациялар - ғылым, техника, технологияны еңгізу негізімен негізгі капиталды (өндірістік қорларды) немесе өндірілген өнімді жаңарту.

Ипотекалық несие -бұл қозғалмайтын мүліктерді (тұрғын үйді, өндіріс ғимараттарын, жерді және т. б. ) кепілге алып, ұзақ мерзімге берілетін несие.

Қаржы-несиелік саясаты - ҚР Ұлттық Банкінің қаржылық реттеу әдістерінен тұратын мемлекеттің саясаты.

Қаржылық салымдар - бұл бағалы қағаздарды сатып алу, яғни инвестициялық қоржының құрау. Инвестициялық қоржынға кіретін бағалы қағаздар, олардың атқаратың мақсатына қарай ірі банкілердің инвестициялық қоржынында жетекші ролге ие болып отырған меншікті инвестициялар. Жалпы, қаржылық инвестициялар дегеніміз несие-қаржы қызметі болып табылады, сондай-ақ несие мекемелеріне (банкілерге) сақтауға тапсырылатың ақша сомасы, қаржы мекемелеріне сақтауға тапсырылатың бағалы қағаздар (акциялар, облигациялар) және депозиттік салымдар.

Коммерциялық банк - бұл ерекше өнім шығарумен айналысатын кәсіпорын және қолма қолсыз ақшада төлем айналысын реттеуді жүзеге асыратын ақша-несие институты.

Конверсиондық операциялар - сол елдің қолма-қол және қолма-қолсыз ұлттық валюта-

ларына қолма-қол және қолма-қолсыз шетел валюталарын сатып алу және сату мәмілелері.

Күмәнді несиелер - қайтарылу уақыты кешіктірілген, мерзімі ұзартылған және банк үшін тәуекел туғызатын несиелер.

Қаржы лизингі - бұл уақытша пайдалануға берген лизинг затының мерзімі ішінде өзінің толық амортизациялық құнын төлеп шығаруымен немесе өзін өзі өтеуімен байланысты ұзақ мерзімді лизинг.

Дисконталған таза пайда -бастапқы уақытқа келтірілген барлық мерзім бойынша есептелген ағымдағы тиімділіктін сомасы.

Лизинг - бұл лизинг берушінің өзіне тиесілі құрал-жабдықтарды, машиналарды, ЭЕМ, ұйымдастыру техникаларын, өндірістке, саудаға, қоймаға арналған құрылғыларды лизинг алушыға лизингтік төлем төлеу шартымен, белгіленген мерзімге пайдалануға беруін қарастыратын жалға беру шарты.

Мерзімді депозит - белгілі мерзімі бар және тұрақты пайыз төленетін, сол сияқты алдын ала алуға шек қойылатын салым.

Несиелік саясат - банктің несиелік жұмысын ұйымдастыру негізін және несиелеу процесіне қажетті құжаттар жүйесін жасау шарттары.

Несиелік тәуекел - қарыз алушының банктен алған несиесі бойынша қарызын немесе оған есептелінген сыйақысын өз уақытында қайтара алмауына байланысты банктің зиян шегуін сипаттайды.

Овернайт - банктердің Ұлттық банктегі корреспонденттік шотында дебеттік қалдықтың пайда болуына байланысты бір түнге берілетін несие.

Пайыз тәуекелі - берілген несиелерге байланысты пайыз мөлшерлемелерінен тартылған қаражаттарп бойынша төленетін пайыз мөлшерлемелерінің артып кетуі нәтижесінде коммерциялық банктер, несиелік мекемелер және инвестициялық ұйымдар қызметі процесіндегі зияндардың пайда болу қаупі.

Резервтік қор - банк қызметінде пайда болуы мүмкін зияндардың орнын жабу мақсатында құрылған ақшалай қаражаты.

Тұтыну несиесі - бұл жеке тұлғаларға тұтыну тауарларын сатып алу үшін және тұрмыстық қызметтерді өтеуге берілетін несие.

Траст операциялары - клиенттің сенімді тұлғасы ретінде оның мүлкін басқаруға және тапсырмасы бойынша басқа да қызмет көрсетуге байланысты банктің операциялары.

Факторинг операциясы - жабдықтаушының жабдықтаған тауары мен көрсеткен қызметтері үшін төленбеген төлем құжаттарын банкке сатумен байланысты комиссиондық-делдалдық операция.

Форфейтинг операциясы - форфейтордың, яғни коммерциялық банктің немесе арнайы компанияның экспортерға төлеуге тиісті импортердің төлем құжатын сатып алуы.

Чек - ағымдағы шот иесінің чекті ұстаушыға белгілі бір ақшалай соманы төлеу туралы немесе басқа ағымдық шотқа аудару туралы өзінің банкісіне берген жазбаша бұйрығы.

2. ДӘРІСТЕР: оқу сабағының формасы, оның мақсаты логикалық формадағы пәннің теориялық сұрақтарын қарастыру болып табылады.

Дәрістің негізгі бағыты барлық оқу сабақтарының, сонымен қатар студенттердің өздік жұмыстарының негізгі мазмұны мен сипатын, негізгі бағыттарын анықтай отырып, білім негізін салу.

Дәріс - берілген пәннің теориялық сұрақтарын қарастыру мақсаты болып табылатын оқу сабағының нысаны.

Модуль I. Қаржылық талдаудың теориялық негіздері.

Тақырып 1. «Банктегі қаржылық талдау» курсының мәні,

құрылымы мен міндеттері

  1. «Банктегі қаржылық талдау» курсының пәні, құрылымы, оның өзіне тән сипаттары.
  2. Қаржылық талдау түсінігі және оның мәні.
  3. Қаржылық талдаудың негізгі бағыттары.

4. Ішкі және сыртқы қаржылық талдаудың сипаты.

5. Қаржылық талдау элементтері.

1. Банктегі қаржылық талдаудың мәні және құрылымы

Қаржы секторының тұрақты жұмыс жасауы елдің экономикалық дамуының негізгі қағидаты болып табылады. Əлемдік қаржы дағдарысы Қазақстанның қаржы жүйесінің осалдығының бірнеше факторларын анықтады жəне оның жұмыс істеуі тəуекелін едəуір арттырды. Осы жағдайда тəуекелдің негізгі көздерін зерттеу, жалпы алғанда банктік сектордың қаржылық жағдайын зерттеу қаржы институттарының жəне елдің тұтастай алғанда қаржы жүйесінің орнықты жұмыс істеуін қамтамасыз етуге қажетті ең елеулі факторларды айқындауға мүмкіндік береді. Осы тұрғыда қаржылық секторға, соның ішінде банктік секторға қаржылық талдау жасау экономиканың тұрақты дамуында алатын орны зор.

Банктер - қазіргі өркениеттің өзінен ажырағысыз буындарының бірі. Қазіргі заманда банктердің қызметі қоғамдық өнімді өндіруді, бөлуді, айырбастауды және тұтынуды бір - бірінен бөлінбейтін үздіксіз процесске айналдырады. Сондықтан банктердің қызметін пайдаланбай ешбір шаруашылық субьектісінің ісі тынбайды, ол кез - келген адам үнемі банк қызметін пайдаланады.

Нарықтық экономика жағдайында банктердің қызметінің маңыздылығы зор, олар уақытша қолданылмаған ақша қаражатын жинақтап, оларды салалар мен аймақтар, кәсіпорындар мен халықтар арасында қайта бөлумен қатар, экономиканы қосымша капиталмен қамтамасыз етіп, сайып келгенде қоғамдық байлықты көбейтуге негіз қалайды.

Коммерциялық бактердегі қаржылық талдау банк қызметінің экономикалық тиімділігін бағалау жүйесі ретінде және банк қызметін басқару сапасын бағалау әдістері ретінде негізінен 2 бағытта жүзеге асырылады: қаржылық нәтижелерді талдау және банктің қаржылық жағдайын талдау.

Қазіргі жағдайда коммерциялық банктерді қаржылық талдау қаржылық басқару элементін ғана емес, сонымен қатар оның негізін де білдіреді. Кез келген коммерциялық банкті басқару талдаусыз мүмкін емес. Банктердегі қаржылық талдаудың мазмұны, орны және рөлі көбінесе несиелік - қаржылық сипаттағы қызметтерімен, экономикалық қатынастардың өзара байланыстылығымен, клиенттік базаның дәрежесімен және басқаларға байланысты қызмет түрлеріне тәуелді болады.

Қаржылық талдаудың коммерциялық банктерді басқарудағы ролі мен мәні келесі суретте көрсетілген:

Қаржылық талдау ғылым ретінде қаржылар және қаржылық көрсеткіштер категориясында көрсетілген қаржылық қатынасымен сипатталады. Сәйкесінше коммерциялық банктерді басқарудағы қаржылық талдаудағы рөлі, басқару функциясы, басқару инструменті мен оны бағалау әдісі болып табылатындығымен сипатталады. Қаржылық таладудың мәні оның объектілерімен анықталады.

Банктегі қаржылық талдаудың объектісі болып қаржылық нәтижелер мен банктің қаржылық жағдайының көрсеткіштері, қаржылық басқару жүйесінің тиімділік көрсеткіштері, банктің қызмет көрсетулерінің, операцияларының, технологияларының тиімділігі және т. б.

2 Банктегі қаржылық талдауды жүзеге асыруды ұйымдастыру

Банктегі қаржылық талдаудың негізгі міндетерін жүзеге асыру оларды тиімді ұйымдастыру деңгейінсіз мүмкін емес. Қаржылық талдауды дұрыс ұйымдастыру банк қызметін талдаудың тиімділігін арттыруға ықпал етеді. Таладудың негізгі прициптері: ғылымдылық, жүйелілік, жинақтылық, объективтілік, нақтылық, жоспарлылық, оперативтілік.

Қаржылық талдаудың әтүрлі түрлері оларды жүзеге асыруды сәйкес ұйымдастыруды талап етеді. Талдаудың барлық түрлерін ұйымдастыру келесідей жағдайлардан тұрады.

  1. талдау объектілері мен субъектілері;
  2. талдау жүргізудің ұйымдық формаларын таңдау;
  3. аналитикалық жұмыстарды жоспарлау;
  4. міндеттерді талдауды жеке субъектілер арасында бөлу;
  5. аналитикалық жұмыстың әдістемелік және ақпараттық қамтамасыз етілуі;
  6. шаруашылық бірліктің қасиеті туралы мәліметтерді аналитикалық өңдеу және рәсімдеу;
  7. талдау нәтижелері бойынша ұсыныстарды қамтамасыз ету;

Банк қызметін қаржылық талдауды ұйымдастыруға әртүрлі факторлар әсер етеді. Қаржылық және экономикалық талдау банк құрылымында маңызды орын алады. Коммерциялық банк қызметінің экономикалық талдауы банк қызметінің қаржылық эконмикалық көрсеткіштерін зерттеу мен әсер етуші факторларды айқындаумен және банктің даму бағыттарымен негіздеумен байланысты арнайы зерттеу жүйесі. Мұнда да талдау объектісі болып банк қызметі табылса, ал субъектісі коммерциялық банк, орталық банк, несиелік мекемелер, салық комитеті, аудиторлық формалар және т. б. заңды және жеке тұлғалар.

Өзін- өзі тексеру сұрақтары:

1. Қаржылық талдау түсінігі мен мәні;

2. Талдаудың негізгі этаптары мен әдістері;

3. Талдау обьектілері мен субьектілері.

Ұсынылатын әдебиеттер:

1. «Банктер және банктік қызмет туралы» ҚР Заңы, 31. 08. 1995 ж.

2. Батракова Л. Г. Экономический анализ деятельности коммерческого банка. -М. :Логос, 1998

3. Коммерциялық банктегі қаржылық талдау. Оқу құралы. Масалимова С. Ж., Есенгельдинова С. Ж. -Семей, 2012ж. - 116 бет.

Тақырып 2. Ақпараттық база, коммерциялық банк қызметін талдаудың

түрлері мен әдістері.

  1. Талдаудың негізгі кезеңдері мен тәсілдері.
  2. Талдаудың обьектілері мен субьектілері.
  3. Сыртқы және ішкі ақпарат жүйесі.
  4. Қаржылық талдауды жүргізуді ұйымдастыру.
  5. Қаржылық талдау міндеттері мен принциптері.

Қаржылық талдау банк қызметін практикалық басқарудың негізгі түрлерінің бірі болғандықтан қаржылық басқаруда ақпараттар жүйесінің маңызы зор. Себебі ақпарат қаржылық басқарудың маңызды элементтерінің бірі болып табылады.

Банк қызметіндегі жалпы ақпараттар көзі ішкі және сыртқы ақпараттар қайнар көздерінен қалыптасады.

Коммерциялық банктерде қаржылық талдауды жүргізу кезінде қолданылатын сыртқы ақпараттар қайнар көздерінің қалыптасуы келесідей:

  1. мемлекеттік үкімет және басқарудың жоғарғы органдарының мәліметтері;
  2. Қазақстан Республикасының орталық банкінің мәліметтері;
  3. Банктер мен басқа да қаржылық институттардың мәліметтері;
  4. Халықаралық қаржылық институттардың мәліметтері;
  5. Шетелдік инвесторлар мен кредиторлардың мәліметтері;
  6. Қарыз алушылардың қаржылық есеп берулері және олардың қызметтері туралы басқа да мәліметтер;
  7. Елдің немесе мекеменің экономикалық жағдайы туралы қор нарығы мен валюталық нарық жағдайы және бакнтік жүйе жағдайлары туралы стратегиялық материалдар мен ғылыми басылымдар.

Жоғарғы мемлекеттік басқару органдарынан алынатан негізгі қайнар көздер, заңдылықтар, жарғылар, қаулылар, нормативтік және заңдық актілер және т. б.

Ақпараттың ішкі қайнар көздері де қаржылық талдау үшін қажетті негізгі ақпарат базасы болып табылады. Олар:

  1. Құралтайлық құжаттар;
  2. Жеке нормативтік құжаттар;
  3. Бизнес-жоспарлар;
  4. Бағалы қағаздар проспектілері мен эмиссиялау туралы есеп берулер;
  5. Банк қызметі туралы есеп берулер;
  6. Бухгалтарлік есеп мәліметтері;
  7. Электронды мәліметтер базасындағы ақпараттар;
  8. Ішкі және сыртқы аудит жүйесінің мәліметтері және т. б.

Ішкі ақпараттар жүйесі банкті ішкі жағдайы тұрғысында сипаттайды.

Ішкі ақпараттарға жалпы алғанжда келесілер жатады:

  1. Статистикалық есеп берулер;
  2. Банктің бухгалтерлік есеп берулері;
  3. Несиелендіру бойынша есеп берулер және банктің басқа да есеп берулері мен мәліметтері.

2. Банктің қаржылық-аналитикаық қызметінің міндеттері мен

функциялары

Несиелік мекемелердің аналитикалық функцияларының жүзеге асырылуы сәйкес құрылымдық бөлімшелер арқылы ұйымдастырылады. Банктің аналитикалық қызметінің ұйымдастырылуына келесідей факторлар әсер етеді:

1. Банк қызметінің стратегиясы;

2. Банк капиталы мен активтерінің мөлшері;

3. Персоналдар саны;

4. Филиалдардың саны;

5. Персоналдың біліктілік деңгейі және т. б.

Банктегі аналитикалық қызметті ұйымдастыруда жоспарлық экономикалық департаменттің рөлі зор. Ол банкттің барлық бөлімшелерінің аналитикалық жұмыстарын кординациялайды. Сонымен қатар жүргізілген талдау нәтижелерін қорытындылайды.

Жоспарлы экономикалық департамент функцияларына келесілер жатады:

  1. Банк қызметінің стратегиялар мен так\сын өңдеу;
  2. Олардың жүзеге асырылуын бақылау;
  3. Бизнес жоспарлау;
  4. Банктің барлық құрылымдық бөлімшелерінің талдау нәтижелерін қорытындылау;

Ірі банктерде департамент құрамына келесідей бөлімдер жатады:

  1. Банктің тиімді қызмет етуін талдау бөлімі;
  2. Жалпы экономикалық талдау бөлімі;
  3. Жиынтық жоспарлау бөлімі;
  4. Банктік қызмет көрсетулерді дамыту бөлімі;

Қаржылық талдау бағалы қағаздар департаментінің жұмысында маңызды роль атқарады. Оның функциялары:

  1. Банкте қоданылатын бағалы қағаздардың түрлері мен құрылымын зерттеу;
  2. Қаржылық тәуекелдердің мөлшерін зерттеу;
  3. Бағалы қағаздар құнын болжамдар әдістерін жүзеге асыру;

Бухгалтерлік есеп департаментінің негізгі міндеттері:

  1. Құрылымдық бөлімшелерге талдау жасау үшін ақпараттар дайындау;
  2. Шығындар сомасын анықтау;
  3. Банктердің табыстары мен пайдасын анықтап, оларды баланс негізде оптималды басқару.

Өзін- өзі тексеру сұрақтары:

1. Талдаудың ақпараттық қамтамасыз етілуі;

2. Бак бизнесіндегі қаржылық талдаудың ролі;

3. Банктің қаржылық-аналитикаық қызметінің міндеттері мен функциялары

Ұсынылатын әдебиеттер:

1. «Банктер және банктік қызмет туралы» ҚР Заңы, 31. 08. 1995 ж.

2. Батракова Л. Г. Экономический анализ деятельности коммерческого банка. -М. :Логос, 1998

3. Коммерциялық банктегі қаржылық талдау. Оқу құралы. Масалимова С. Ж., Есенгельдинова С. Ж. -Семей, 2012ж. - 116 бет.

Тақырып 3. Коммерциялық банк балансы - банктің қаржылық жағдайын

талдау үшін негізгі құжат.

  1. Банк балансы - банктің қаржылық жағдайын талдаудың негізгі құжаты.
  2. Банк балансын құру қағидалары, тәртібі, оның негізгі бөлімдері.

3. Банк балансын талдаудың негізгі бағыттары.

Баланс мәліметтер бойынша ақшалай ресурстардың қалыптасуы мен орналасуына сонымен қатар несиелік, есеп айырысу, кассалық және басқа да банктік операциялардың жағдайына бақылауды жүзеге асыруға болады.

Банк балансының мәліметтерін талдау белгілі бір периодтағы банк қызметін кешенді бағалауға, банктің жекелеген операцияларын жүзеге асыру кезінде өтімділік төлем жағдайын және тәуекел деңгейін анықтауға мүмкіндік береді.

Коммерциялық банктің балансының құрылымын келесі кестеден көруге болады:

Кесте 1 - Бактің топтастырылған бухгалтерлік балансы. (мың. тенге)

Баланс баптары
2007 ж.
2008 ж.
2009 ж.
Баланс баптары: АКТИВТЕР
Баланс баптары: Қолма қол ақшалар және оның эквиваленттері
2007 ж.: 57759513
2008 ж.: 95590527
2009 ж.: 18775
Баланс баптары: Міндетті резервтер
2007 ж.: 60880209
2008 ж.: 21654652
2009 ж.: 18036119
Баланс баптары: Несиелік мекемелердегі қаражатар
2007 ж.: 4994258
2008 ж.: 13556199
2009 ж.: 3130290
Баланс баптары: Саудалық бағалы қағаздар
2007 ж.: 31042793
2008 ж.: 24903501
2009 ж.: 2607613
Баланс баптары:

Инвестициялық бағалы қағаздар, оның ішінде:

-сатуға арналған бағалы қағаздар

-өтеуге дейін ұсталатын инвестициялар

2007 ж.:

15603285

-

2008 ж.:

24340361

-

2009 ж.:

17790535

243978

Баланс баптары: Коммерциялық займдар мен аванстар
2007 ж.: 783253258
2008 ж.: 799054021
2009 ж.: 778889753
Баланс баптары: Негізгі қаражаттар
2007 ж.: 25089322
2008 ж.: 25321368
2009 ж.: 25564877
Баланс баптары: Ассоцир. компанияларға инвестициялар
2007 ж.: -
2008 ж.: -
2009 ж.: -
Баланс баптары: Басқа да активтер
2007 ж.: 4968772
2008 ж.: 11363223
2009 ж.: 9466360
Баланс баптары: Аффинирленген бағалы металдар
2007 ж.: -
2008 ж.: -
2009 ж.: -
Баланс баптары: Дебиторлық қарыз
2007 ж.: 12387
2008 ж.: 127
2009 ж.: -
Баланс баптары: Туынды қаржылық құралдар
2007 ж.: 1530039
2008 ж.: 2591846
2009 ж.: 25564877
Баланс баптары: Ағымдық салықтық активтер
2007 ж.: 75805
2008 ж.: 412185
2009 ж.: -
Баланс баптары: Мерзімі кешіктірілген салықтық активтер
2007 ж.: 1063011
2008 ж.: 3580027
2009 ж.: 8308728
Баланс баптары: Активтердің барлығы
2007 ж.: 984654421
2008 ж.: 1019577514
2009 ж.: 1051560940
Баланс баптары: МІНДЕТТЕМЕЛЕР
Баланс баптары: ҚРҰБ және Үкімет қаражаттары
2007 ж.: 412062
2008 ж.: 207033
2009 ж.: -
Баланс баптары: Несиелікмекемелердің қаражаттары
2007 ж.: 293755417
2008 ж.: 317560754
2009 ж.: 33690324
Баланс баптары: Қлиенттердің қаражаттары
2007 ж.: 380605239
2008 ж.: 343421095
2009 ж.: 501639782
Баланс баптары: Шығарылған қарыздық бағалы қағаздар
2007 ж.: 174987265
2008 ж.: -
2009 ж.: -
Баланс баптары: Субординирленген қарыз
2007 ж.: 55027555
2008 ж.: 204988009
2009 ж.: 204988009
Баланс баптары: Артықшылықты акциялар б-ша міндеттемелер
2007 ж.: 1754774
2008 ж.: 55156913
2009 ж.: 55156913
Баланс баптары: Басқа да міндеттемелер
2007 ж.: 2292647
2008 ж.: -
2009 ж.: -
Баланс баптары: Кредиторлық қарыз
2007 ж.: 1814134
2008 ж.: 1748582
2009 ж.: 1748582
Баланс баптары: Туынды қаржылық құралдар
2007 ж.: 134252
2008 ж.: 1098215
2009 ж.: 1098215
Баланс баптары: Мерзімі кешіктірілген салықтық міндеттемелер
2007 ж.: 595759
2008 ж.: 332190
2009 ж.: 332732251
Баланс баптары: Резервтер
2007 ж.: 323239
2008 ж.: 602379
2009 ж.: -
Баланс баптары: Міндеттемелердің барлығы
2007 ж.: 909753957
2008 ж.: 923684765
2009 ж.: 991 040 487
Баланс баптары: КАПИТАЛ
Баланс баптары: Жарғылық капитал:
2007 ж.: 57897607
2008 ж.: 89170492
2009 ж.: 106878518
Баланс баптары: Қарапайым акциялар
2007 ж.: 44130644
2008 ж.: 73770492
2009 ж.: 73770492
Баланс баптары: Артықшылықты акциялар
2007 ж.: 13766963
2008 ж.: 154
2009 ж.: 154
Баланс баптары: Қосымша капитал
2007 ж.: 242185
2008 ж.: 242185
2009 ж.: 242185
Баланс баптары: Резервтік капитал
2007 ж.: 822230
2008 ж.: 15181181
2009 ж.: 15181181
Баланс баптары: Резервтер
2007 ж.: -488431
2008 ж.: -2236501
2009 ж.: -2236501
Баланс баптары: Таза пайда (шығын)
2007 ж.: 15823873
2008 ж.: -6899432
2009 ж.: -6899432
Баланс баптары: Меншікті капиталдың барлығы
2007 ж.: 74297464
2008 ж.: 95457925
2009 ж.: 95457925
Баланс баптары: Азшылық үлесі
2007 ж.: 603000
2008 ж.: 434824
2009 ж.: 434824
Баланс баптары: Міндеттемелер мен меншікті капиталдың барлығы
2007 ж.: 984654421
2008 ж.: 1019577514
2009 ж.: 1019577514

Коммерциялық банк балансының құрылымы келесідей негізгі бөлімдерден тұрады:

  1. Банк активтері
  2. Банк міндеттемелері
  3. Банктің меншікті капиталы

Банк активтеріне келесілер жатады:

  1. Нақты ақшалар
  2. Бағалы қағаздар
  3. Банк клиенттерінің
  4. Негізгі құралдар
  5. Басқа активтер

Банк міндеттемелеріне келесілер жатады:

  1. Ұлттық банк және Қазақстан Республикасының қаражаттары
  2. Клиенттер қаражаттары
  3. Шығарылған қарыздық бағалы қағаздар

Банктің меншікті капиталына келесілер жатады:

  1. Банк қорлары
  2. Негізгі құралдарды қайта бағалау қорлары
  3. Банктің таратылмаған пайдасы
  4. Ағымдағы жылдағы банктің пайдасы

Осылайша банк балансының баптарын келесідей топтастыруға болады:

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Банк несиелерінің кәсіпорын экономикасына әсері
Қаржы менеджменті банктік менеджменттің құрамдас бөлігі және аясы ретінде
Банк үшін программалық жабдықты жобалау
Коммерциялық банктің рейтингін талдаудың ақпараттық жүйесі
Несие тәуекелділігін басқару жүйесіндегі қарыз алушының несие қабілеттілігін талдау
Банктің несиелік ресурстарын қалыптастырудың теориялық негізі
Қазақстан Республикасында коммерциялық банктердегі қаржылық менеджменттің мәні мен маңызын анықтау
Банктің бағалы қағаздармен операциялары
Банк қызметіндегі қаржылық менеджменттің ролі
Коммерциялық банктегі сервистің дамуының теоретикалық негіздері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz