Қанның ұюы


Пән: Ветеринария
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 15 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар

I Кіріспе

II Негізгі бөлім

1. Қанның ұюын өзгертетін заттар

2. Эритропоэзды күшейтетін дәрілер

3. Лейкопоэзды күшейтетін дәрілер.

4. Гемостаз жүйесіне эсер ететін дәрілер.

5. Қан алмастырғыштар

III Қорытынды

IV Пайдаланылған әдебиет

I Кіріспе

Қан (гр. haemo ; лат. Sanguis - қан) - ағзадағы ішкі сұйық ортаның бірі. Ол қантамырларының тұйық жүйесін бойлай ағып, тасымалдау қызметін атқарады. Қан барлық мүшелердің жасушаларына қоректік заттар мен оттегін жеткізеді және тіршілік әрекетінің өнімдерін зәр шығару мүшелеріне тасымалдайды. Организмдегі биологиялық әрекетшіл заттардың гуморальдық реттелу қызметі қанның қатысуымен іске асады. Қан ағзаның инфекциядан қорғаныш реякциясын қамтамасыз етеді. Қан - ағзадағы дәнекер ұлпасының бір түрі. Оның негізгі бөлігі жасуша аралық сұйық зат - плазмадан құралады. Плазмадан қан жасушалары - эритроциттер мен лейкоциттер және қан пластинкалары - тромбоциттер болады. Тромбоциттер сүйектің кемік майындағы жасушалардан түзіледі. Олардың жетілуі, қорға жиналып, бұзылуы басқа мүшелерде өтеді.

Плазма негізінде еріген органикалық және бейорганикалық заттары бар судан тұрады. Плазма құрамының өзгеруі ағза үшін өте қауіпті. Қанға үздіксіз көптеген заттардың қосылуына қарамастан, плазманың құрамы өзгермейді. Плазмадаға артық заттар зәр шығару мүшелері арқылы шығарылады: қан өкпеде көмір қышқыл газынан, ал бүйректе - судың артық мөлшері мен онда еріген минералды тұздардан арылады.

Қан келесі қызмет атқарады:

-асқорыту - қан, ұлпалар мен мүшелерге қоректік заттарды, суды, минералды тұздарды және витаминдерді тасымалдайды;

-бөліп шығару - қан бөліп шығару мүшелері арқылы ыдырау өнімдерін шығарады;

-тыныс алу - өкпе мен ұлпалардың арасында газ алмасу процесін қамтамасыз етеді;

-регуляторлық - әр түрлі мүшелердің гуморальдық реттелуін анықтайды, ағзада гормондар мен басқа заттарды жеткізеді, олар мүшелердің қызметіне әсер етеді (күшейтеді немесе бәсеңдетеді)

-қорғаныш - қанның құрамында фагоцит қабілеті бар жасушалар болады және арнайы ақуыздар - антиденелер болады, олар улы ағзалардың көбеюіне кедергі жасайды да оларды бөліп шығарады.

-терморегуляторлық - қан ағзаның тұрақты дене қызуын сақтайды.

II Негізгі бөлім

1. Қанның ұюын өзгертетін заттар.

Ұю (ұйысу) - қанның физикалық қасиеттерінің өзгеріп, сұйық күйден қойыртпақтанып қатқылдануын атайды. Қанның ұюы оның маңызды қорғаныш қасиеттерінің бірі. Ол организмді қансыраудан сақтайды. Қансырауды тоқтатуға (гемостаз) қан тамырларынын қабырғасы, тамыр маңындағы ұлпалар, қан плазмасы құрамындағы ұю факторлары, барлық қан торшалары қатысады. Бұл процесте биологиялық белсенді заттар да маңызды роль атқарады. Олар физиологиялық әсеріне қарай қанның ұюын жеңілдететін, қанның ұюына кедергі жасайтын және ұйықты ерітетін заттар болып бөлінеді. Қанның ұюы тізбектелген реакциялардан тұратын күрделі процесс. Оның мәні қан құрамындағы фибриноген белогының физика-химиялық қасиеттерінің өзгеруінде. Ұюға қарсы жүйе: Гепарин (өкпелермен бауырда) - ұюға қарсыласады; Фибринолизин (сывороткада) - фибринді ерітетін фермент. Ұю процесі барысында фибриноген белогынан қышқыл пептид бөлінеді де, ол ерімейтін белок -фибринге айналады.

Қанның ұю сатылыры:

1. Қанның ұюы жарақат алған жерден қан жоғалтпауға көмектеседі. Қалыпты жағдайда денедегі айналған қанда тромбоциттер, негізгі сары суы және ұюға қажетті қосымша факторлар болады. Олардың ішіндегі негізгісі протромбин, фибриноген, Са2+ иондары және К дәрумені. Ұлпалық факторлар қан тамырларын қоршаған жасушаларда болады.

2. Ұлпалар мен тамырлар зақымданғанда одан қан щыға бастайды. Тромбоциттер тамырдың қабырғасына «жабысады» да ұый бастайды. Зақымданған жерді жабады. Ұю факторларын және тамырды тарылтатын заттар бөле бастайды.

3. Протромбиназа еріген фибриногенді ерімейтін фибринге айналдырады да зақымданған жерді жауып тастайды.

4. Желе тәрізді жұмсақ зат біртіндеп қатая бастайды. Ол сары су арқылы сүзіліп қатты - фибринді тромб пайда болады.

Организмді қан жоғалтудан сақтайтын, оның ең маңызды қорғаныс механизмі. Қан ұюы нәтижесінде оның ерігіш нәруызы фибриноген ерімейтін фибринге айналады. Қан ұюының ферментативтік үрдіс екенін 100 жыл бұрын орыс ғалымы А. А. Шмидт (1861) тапқан.

Қан ұю жүйесінің факторлары екі топқа бөлінеді. :

1. Гемокоагуляцияны тездететін және қамтамасыз ететін;

2. Оны тоқтатын немесе баяулататын.

Қан плазмасында гемокоагуляция жүйесінің 13 факторы бар. Факторлардың көбісі бауырларда кездеседі. Оның синтезі үшін « К» витамині қажет. Қан ұю үрдісі үш фазада өтеді:

1. Протромбиназа деген кешен түзіледі;

2. Белсенді протеолитикалық фермент тромбин түзеді;

3. Тромбин әсерінен фибриноген фибринге айналады.

Антикоагулянттар (грек. antі - қарсы және coagulans немесе coagulantіs - ұю, ұйыту) - қан ұю процесін тежеп, тромб пайда болуын жоятын дәрілік заттар. Антикоагулянттар қан ұю жүйесіне әсер етеді. Қалыпты жағдайда қанның сұйық жағдайдағы күйін сақтайды. Әртүрлі патологиялық жағдайда қанның ұйығыштығын күшті арттырады, соның салдарынан өкпе, жүрек, бүйрек және басқа мүшелердің қызметі едәуір қиындауы мүмкін. Қан ұйығыштығының артуы көбінесе көптеген аурулардың ауыр түрде өтуінің және тіпті жануарлардың өліп кету себебі болып табылады. Қан қасиетінің өзгеруі көбінесе оның ұюының бірінші себебі болып табылады, сондықтан онтайлы еммен, алдын алу осы бағытта міндетті түрде әсер ету көзделеді. Олар тікелей әсер ететін антикоагулянттар, тікелей әсер етпейтін антикоагулянттар, сирек жер металдарының тұздары, сондай-ақ лимон және қымыздық қышқылының тұздары болып 4 түрге бөлінеді:

-тікелей әсер ететін антикоагулянттарды (гепарин, гирудин т. б. ) қан тамырында тромб пайда болмауы үшін қолданады. Олардың көк тамырға енгеннен кейінгі әсері 4-6 сағатқа созылады.

-тікелей әсер етпейтін антикоагулянттар (дикумарин, неодикумарин немесе пелентан, фенилин т. б. ) бауырдағы протромбинді тежеу арқылы қанның ұюын азайтады. Олар асқазан-ішек жолдарына жылдам сіңіп, қан сарысуындағы белоктармен байланысады, әсері 24-72 сағаттан кейін басталып, бірнеше күнге созылады.

-сирек жер металдарының тұздары (скандий, лантан т. б. ) организмге іштен (іn vіvo), және сыртта (іn vіtro) бірден әсер етеді, күші бір тәулікке дейін созылады.

-лимон және қымыздық қышқылының тұздары организмге сырттан (іn vіtro) да әсер етеді.

Ең тез әсер ететін дәрі- гепарин. Оны вена тамыр арқылы енгізгенде бірнеше минуттан кейін қанның ұю уақыты ұзарады. Дикумариннің әсері тек 10-20 сағаттан кейін ғана байқалады. Қалған антикоагулянттар әсер ету уақыты жөнінен осы екі заттың арасында аралық қалыпта болады. Әдетте тез әсер ететін антикоагулянттар организмнен тезірек бөлініп шығады, ал баяу әсер ететін антикоагулянттар әлдеқайда ұзақ әсер етеді. Осыны негізге ала отырып, аурудың ауыр және тұрақты түрлерінде тез әсер ететін антикоагулянттар мен ұзақ әсер ететін антикоагулянттарды бір мезгілде қолданған жөн.

Антикоагулянттарды инфаркт миокарды, өкпе артерияларының, ми қантамырларының, шажырқай тамырларының, көздің орталық венасының тромбоэмболиялары, тромбофлебиттері кезінде пайдаланады. Бірақ антикоагулянттарды геморрагиялық диатездер, бауыр және бүйрек функцияларының бұзылуы, ойық-жара ауруы, рак, септикалық эндокардит т. б. аурулары кезінде қолдануға болмайды.

Гепарин - Geparinum. Протромбинді тромбинге айналуын төмендетеді, ондағы тромбиннің белсенділігін темендететін қанның ұюына қарсы жүйенің факторы. Жануарлардың организмінде базофильдік торшалар бөліп шығарады, бауыр мен бүйректе болмашы мөлшерде болады. Ірі қара малдың өкпесінен алады. Сыртқы түріне қарағанда гепарин ақ түсті, ұнтақ, суда аз ериді. Оның белсенділігі ӘБ бойынша есептелінеді. Ұнтақ және ерітінді (1 мл ампулаға құйылған ерітінді, құрамында 5000, 10 000 және 20 000 ӘБ-де гепарин болады) түрінде шығарылады. Оны қанның 1мл шаққанда 100-130 ӘБ мөлшерінде (жобалы мөлшер) тері астына және бұлшық етке енгізіледі. Күре тамырға еңгізгенде қан ұюының төмендеуіне тез әсер етіп, әсері 5 сағатқа созылады. Натрий және кальций тұздары түрінде шығарылады. Кальций тұзы көбінесе жергілікті гематоманы сирек тудырады. Құрамында гепарині бар препараттарының бірі лиотонфлебитте, тромбофлебитте, варикозда сыртқа қолданылады.

Төмен молекулалы гепариндерге (гепариноидтар) : эноксапарин, фраксипарин жатады.

Фраксипарин - Frахіраrin : 0, 3 мл шприц-тюбигін бел деңгейінен іштің қабырғасының тері астына еңгізіледі. Антитромботикалық әсері ұзағырақ.

Гепарин және гепариноидтарды әртүрлі тромбоэмболиялық ауруларды алдын алуда, асқынуларында, миокард инфарктында, қан қүю кезіндегі қан ұюын алдын алу үшін қолданылады. Протамин сульфаты гепариннің антагонисті болып табылады. Жанама әсері: әртүрлі асқазан-ішектен қан кетулер, гематурия, гемартроздар және т. б. аллергиялық реакциялар байқалуы мүмкін. Кан кетуге бейімділікте, тромбоцитопенияда, лейкозда, жүктілікте (алдыңғы 3 айында) қолдануға болмайды.

Гирудин - қандағы тромбиннің ферменттік белсенділігін төмендететін (медициналық сүлік) сілекей бездерінің ақуызы (полипептид) . Сүлікті гипертониялық кризде және ми қан айналымы бұзылысында (емізік тәрізді өсік аймағына) қолданады. Әсері тікелей емес: in vivo белсенділік көрсетеді. Бұл препараттар бауырда протромбиннің синтезін тежейтін К витаминінің антагонисті болып табылады. Қанның ұюын баяулатады, тамырлардың өткізгіштігін жоғарылатып, қандағы липидтерді азайтады. Неодикумариннің әсері 12-24 сағат, ал фенилин мен синкумарда 8-10 сағаттан соң басталады. Әсері 3-4 күнге созылады. Тромбоз және тромбоэмболияны ұзақ уақыт емдеуде, тромбофлебит, инсульт, коронарлы жеткіліксіздігін емдеу және оны алдын алуда қолданылады. Емдеу кезінде қан ұю жүйесінің көрсеткіштерін міндетті түрде бақылап отыру қажет. Жанама әсері: геморрагиялар. Ойық жара ауруларында, қан ұюының төмендеуінде, бауыр, бүйрек ауруларында және жүктілікте қолдануға болмайды.

Дикумарин- Dicumarinum. Ақ немесе сарғыштау түсті кристалды ұнтақ. Суда іс жүзінде ерімейді, күйдіргіш сілті қосылғанда оңай ериді. Дикумарин протромбиннің түзілуін қиындатып, К витаминінің белменділігін бәсеңдетеді. Белсенділігі бойынша ол гепариннен едәуір күштірек. Кумуляциялық әсер етеді. Оны қолданудан проторомбинің мөлшері тек 10-18 сағаттан кейін ғана азаяды, аз деңгейде 2-10 күн бойына ұстап тұрады. Препарат бүйрек пен бауыр қызметі бұзылғанда, сондай-ақ асқазан мен ішектің жүйкелік реттелуі бұзылғанда қолданады. Бөлшекті мөлшермен ішкізіледі, итке күніне үш рет 0, 05- 0, 1 г.

Фибринолитикалық дәрілер - жаңа түзілген тромбты ерітеді. Фибринолизинді белсенді фибринолизинге айналдырады. Плазминогеннің плазминге айналуын катализдейді, ұйыған қандағы фибринді ерітеді. Тікелей: фибринолизин (плазмин) - фибринді ерітетін протеолитикалық фермент болып табылатын: қан ұюын төмендететін жүйенің бір компоненті. Әсіресе жаңа пайда болған фибрин (суда ерімейтін ақуыз қан ұюына қатысады, тромбиннің әсерінен болатын фибриногеннің (плазма ақуызы) туындысы жіпшелерін ерітеді.

Фибринолизин - Fibrinolysinum : 1; 2; 3 жэне 40 000 ӘБ құрғақ зат флаконда шығарылып, алдын-ала 100-400 мл 0, 9% NaCI ерітіндімен ерітіп, қан тамырға тамшылатып еңгізіледі. Тікелей емес: актилизе, стрептокиназа (авелизин, стрептаза), целиаза, стрептодеказа, урокиназа. Стрептокиназа және оның аналогтары целиаза жэне урокиназа профибринолизиннің фибринолизинге өтуін күшейтеді. Жіті эмболияда жэне тромб түзілу қауіпінде қолданылады. Стрептодеказа - стрептокиназаның әсері ұзартылған (48-72 сағатқа дейін сақталады) препараты. Жанама әсері: аллергиялық реакциялар.

Стрептокиназа - Streptokinasa : 250 000 жэне 500 000 ӘБ қүрғақ зат флаконда шығарылып, 100-150 мл 0, 9% NaCI еріт. немесе 5% глюкоза ерітіндісінде ерітіп, күре тамырға тамшылатып еңгізіледі.

Актилизе - профибринолизинді фибринолизинге өтуін күшейтетін, плазминогеннің (профибринолизиннің) адамдағы рекомбинантты күшейткіштері. Жіті артериялық және веноздық тромбозда қолданылады

Натрий цитраты- Natrii citras. Лимон қышқылының үш натрилі тұзы. Түссіз кристалдар немесе ақ түсті кристалды ұнтақ, иіссіз, дәмі сортаңдау, судың бір жарым бөлігінде ериді, спиртте ерімейді.

Цитраттар қан кальциімен әрекеттесіп, оны лимон қышқылды кальциге айналдырады. Мұндай жағдай датромбопластин түзілмейді және протромбиннің тромбинге айналуы бұзылады. Қан тіпті ұзақ сақталғанда да ұйымайды. Цитраттын артық мөлшері организмде иондаған кальцидің тапшылығын туғызатынын есеру қажет. Натрий цитратын венаға енгізудің шектік мөлшері ірі жануарларда 10, 0 -ден аспауы керек. Көбінесе натрий цитратын 0, 1-1% мөлшерінде құйылатын қанға қосады. Мұндай жағдайда ол ағзаға мүлдем дерлік уытсыз комплексті қосылыстар түрінде түседі.

Ксимелагатран - ximelagatran . Ішке қолданылатын тромбинді тікелей тежеуші препарат. Қанға сіңірілгеннен кейін метаболитикалық өзгеріске түсіп тромбиннің тікелей тежегіші мелагатра түзеді. Мелагатра қан сарысуындағы ақуызбен аз байланысады, басқа дәрілермен метаболиттенбейді, 80% бүйрек арқылы шығарылады. Ксимелагатран ішке тізенің терең көк тамырларының тромбозының және ортопедиялық хирургиялық операциядан кейінгі тромбоэмболиялық асқынулардың алдын алу үшін қолданылады. Ишемиялық қан құюлу және жүректің созылмалы фибриляциясындағы жүйелі эмболияның алдын алатын анықталды.

Антикоагулянттар ретінде сондай-ақ, неодикумарин, фенилин, фепромарон, сенкумар да пайданылады. Бұл препараттардан басқа ветеринария практикасында кальцисіздендірілген дәрілер цитраттар, оксалаттар, фтордың бір негізді тұздары, сондай- ақ, наганин ұсынылады. Цитраттардың уақыттылығы аз, сондықтан қанның ұюынан сақтандыру үшін жарамды, жануарларға емдік мақсатта қолданылады. Оксалаттар мен фторттер өте уытты, оларды тек қанды зерттеу мақсаттарымен лабаротоиялық мақсатта ғана қолданылады.

Коагулянттар (лат. Coagylatio- ұю) -қанның үюына әсер ететін дәрілер. Қан ұйытатын дәрілер (гемостатиктер - прокоагулянттар) - қан кетуді тоқтату үшін қолданылады. Қан ұюы көбінесе К витаминінің, тромбоциттердің жетіспеушілігінде, мөлшері азайғанда, протромбин, фибриноген синтезінің бұзылуында, тромбокиназа мөлшерінің тапшылығында, кальций тұздарынын азаюына байланысты ауруларда баяулайды. Сонымен бірге көптеген улануларда қанның ұюы әлсірейтіні байқалады.

Мұндай ауруларды емдеу ең алдымен осы құбылысты туғызған себептерді жоюға бағытталуға тиіс. Қан тоқтататын дәрілер ретінде көбінесе плазманы, гемостатикалық кеуекті, аскорбин қышқылын, рутинді, Р витаминің, йодты, мыс, темір, желатинді, биопластикті, арника гүлін, синтетикалық андроксон препаратын және басқаларды қолданады. Өсімдіктекті дәрілік препараттары: жұмыршақ (пастушья сумка), қалақай (крапива), мыңжапырақ (тысячелистник), айланшөп таран (қымыздық) (горец почечуйный) және т. б

Әсері тікелей емес дәрілік заттарға: тірі ағзада in vivo белсенділік көрсетеді. К витаминінің синтетикалық аналогтары: (викасол, фитоменадион) .

Викасол - Vikasolum -1% 1 мл ерітінді түрінде ампулада шығарылып, 1-1, 5 мл тәулігіне 1 рет бұлшық етке еңгізіледі. К витаминінің суда еритін аналогы болып табылады. Гипопротромбинемиямен байланысты қан кетуде тиімді. Қолдануы: вирусты гепатитте, гепатитте, операциядан кейінгі жатырдан, геморройдан, өкпеден, мұрыннан ұзақ қан кетуде қолданылады. Әсері 12-18 сағаттан кейін басталады.

Әсері тікелей: in vivo және vitro - ағзада және одан тыс жерде (шыныда) түтікшеде белсенділік көрсетеді. Донор (қан беруші) канының препараттары.

Тромбин - Thrombinum - бұл қанның табиғи ферменті. Ампулаға құйылған стерильді ұнтақ түрінде шығарылады. Құрамында 125 ӘБ тромбині бар флаконда шығарылады, қолданар алдында 10 мл 0, 9% NaCI ерітіндісінде ерітеді. Тромбин фибриногенді фибринге айналдыратын, қан үю жүйесінің табиғи компоненті болып табылады. Майда капилярлардан және паренхиматозды мүшелерден қан кетуді тоқтату үшін тек жергілікті қолданылады, бұлшық етке еңгізуге болмайды (тромбоэмболия) . Фибриноген тромбиннің әсерінен фибринге айналады. Қандағы фибриноген құрамының төмендеуімен байланысты, қан кетуде (нүсқау бойынша күре тамырға) қолданылады.

Желатин - қанның тұтқырлығын төмендетеді (ішке, т/а) . Жергілікті гемостатикалық және коллагенді сіңдіргіш (губка), желатинді сіңдіргіш, феракрил (дәкені, тампонды ылғалдап) белгіленеді.

2. Эритропоэзды күшейтетін дәрілер.

Эритропоэз - кемігінде (жілік майында) түзілетін эритроциттердің өнімі. Эритропоэз стимуляторлары қан аздықты (анемияны) емдеу үшін қолданылады.

Гипохромды (темір тапшылық) қаназдықта қолданылатын дәрілер (түс көрсеркіші 0, 9 төмен) . Темірдің негізгі мөлшері оттегінің тасымалдауын қамтамасыз ететін, ағзадағы гемоглобиннің құрамында, ал қалған мөлшері ұлпалы депода (жілік майында, бауырда, көк бауырда) болады. Темір тапшылығында тек гемоглобиннің мөлшері ғана емес, тыныс алу ферменттерінің белсенділігі де төмендеп, ол оттегі тапшылығына алып келеді. Темірдің сіңірілуі органикалық қышқылдардың (аскорбин, алма, фумар, лимон қышқылдары және т. б. ) әсерінен аш ішекте өтеді. Темірдің сіңірілуі Со2+, Cu2+, Mn2+, Zn2+, Mn2+ микроэлементтерінің әсерінен жақсарады.

Қолдануы: темір препараттарын теміртапшылық гипохромды анемияларда, яғни темір сіңірілуі бұзылуында, созылмалы қан кетуде және жүктілік кезінде кеңінен қолданады.

Жанама әсері: жағынан ішке қабылдағанда темір ішекте күкірт сутегімен байланысып іш қатуды, АІЖ-ң шырышына тітіркендіргіш әсерінен құсу және лоқсу байқалуы мүмкін. Темір препараттары (таблетка, капсула, драже түрінде шығарылады) ауыз қуысында құрамындағы сульфат сульфидке айналып тісте қара дақтың пайда болуын тудырады, сондықтан шайнамай қабылдаған дұрыс. Ал темір препараттарын парентеральды еңгізгенде күре тамыр жолдарында ауырсынулар, флебит, бет және мойын терісінің гиперемиясы, тахикардия, тыныс алу бұзылуы, ауыз қуысында металл дәмінің келуі, лоқсу, арқа мен буынның ауырсынуы және аллергиялық реакциялар байқалуы мүмкін. Гемохроматозда, апластиялық және гемолитикалық анемияда, бауыр және бүйректің созылмалы ауруларында, созылмалы қабыну ауруларында және лейкозда қолдануға болмайды.

Ферро-градумент - Ferro-Gradument: 1 таблетка таңғы астан 1 сағат бұрын белгіленеді.

Тардиферон - Tardyferon : 1 дражеден тамақтан 1 сағат бұрын таңертең және кешке қабылдауға белгіленеді.

Ферроплекс - Ғеrrоріех: 1-2 дражеден тәулігіне 3 рет тамақтан кейін белгіленеді.

Гиперхромды кан аздықта қолданылатын дәрілер. Пернициозды (қатерлі В12-тапшылық, мегалобласты, Адиссон-Бирмер анемиясы) анемия В12 витаминінің тасымалдануын қамтамасыз ететін асқазан сөліндегі Касла «ішкі факторы» болмауынан (гликопротеин) В12 витаминінің сіңірілуі жетіспеушілігінен пайда болады, В12 витаминінің жеткіліксіздігінде эритроциттердің жетілмеген түрі (мегалобластар) түзіледі. В12 витамині бауыр, ет, бүйрек, жұмыртқа, сүт өнімдерінде бар, ал өсімдік тағамдарында кездеспейді. Жануарға тәулігіне 1-3 мкг қажет, цианокобаламин эритроциттердің өндірілуін күшейтеді. Пернициозды (қатерлі) анемияда бауыр және жүйке жүйесінің ауруларында қолданылады.

Жанама әсері: аллергиялық реакциялар, тахикардия, жүрек тұсының ауырсынуы, қан үюының жоғарылауы және ОЖЖ-гі қозудың жоғарылауы байқалуы мүмкін. Жіті тромбоэмболиямия, эритремияда және эритроцитозда қолдануға болмайды.

Цианокобаламин (витамин В12) - Cyanocobalaminum (Vit. В12) : 003%, 0, 01%, 0, 02%, 0, 05% 1 мл ерітінді ампулада шығарылып, күн apа немесе күнде бұлшық етке, т/а, қан тамырына еңгізіледі. Мөлшерін науқастың жағдайына қарай белгілейді. Бір инеде В1 және В6 витаминдерін бірге еңгізуге болмайды, себебі кобальт иондары оларды бұзып, витамин В12, витамин В1-ң аллергиялық реакцияларын күшейтеді.

Макроцитарлы (фолий тапшылық) анемия ағзада фолий қышқылының көп шығындалуында (мысалы, жүктілікте) байқалады, сонымен қатар кейбір препараттарды қабылдағанда (метотрексат, триметоприм, триамтерен) пайда болуы мүмкін. Вс витамин (фолий қышқылы) көкөніс жапырақтарының, бұршақ тұқымдастарының, туйе бұршақ (фасоль) құрамында кездеседі, ал сүт өнімдерінде, бауыр, буйрек, жұмыртқада аз кездеседі. Ағзаға тәулігіне 0, 2 мг қажет. Фолий қышқылы эритроциттердің түзілуіне өте қажет. Оның жеткіліксіздігінде эритроциттердің ірі түрі түзіліп (макроцит), оның жалпы эритроциттөрдің саны бірден төмендеп кетеді.

Фолий қышқылы (Вс витамин) - Acidum folicum : 0, 001 таб, шығарылып, ½ -1 таб. тәулігіне 1-2 рет белгіленеді. Фолий қышқылын цианокоболаминмен бірге белгіленеді.

Эпоэтин-альфа (эпрекс, эпоген) - адамның рекомбинантты эритропоэтині. Эритропоэтин бүйректің гликопептидті гормонының препараты. Қызыл қан түйіршіктерінің пролиферациясы (көбөюі) мөн жетілуін күшейтеді. Бүйректің созылмалы ауруларымен, ревматоидты артритпен, қатерлі ісіктермен, ЖИТС-мен байланысты анемияларда, шала туған балалардың анемиясында қолданылады. Эритропоэзды тежейтін дәрілер эритремияда (полицитомия) қолданылады. Олар жілік майына тежегіш әсер көрсетеді. Фосфордың радиоактивті препараттары: Р-32 фосформен белгіленген натрий фосфатының ерітіндісі, имифос.

3. Лейкопоэзды күшейтетін дәрілер.

Бұл препараттар нуклеин қышқылдарының синтезін құрылымды және ферментті ақуыз синтезін күшейтеді. Олар лейкопоэз және басқа да ұлпалардың регенерациялық процесін күшейтеді. Лейкопения жөне агранулоцитоз, сондай-ақ нашар жазылатын жарақаттар, ойық жаралар, күйік, сынықта, мүшелердің дистрофиялық процесінде ұлпа регенерациясын күшейту үшін қолданылады. Әртүрлі ісіктерде колдануға болмайды, жүқпалы ауруларда микробқа қарсы дәрілермен бірге тағайындайды.

Метилурацил - Methyluracilum : 0, 5 таб. шығарылып, 1 таблетка тәулігіне 3-4 рет; 0, 5 суппозиторий; 10% жағылма түрінде шығарылады.

Пентоксил- Pentoxylum: 0, 2 таб. шығарылып, 1-2 таблетка тәулігіне 4 рет тамақтан соң белгіленеді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қанның ұюы сызбанұсқасы
Қан ұюы
Қан плазмасы
Жүрек қан тамырлар жүйесінің қызметінің реттелуі
Қанның құрамы мен қасиеттері
Қанның құрамы, қан жасушалары
Тромбоциттердің жалпы сипаттамасы
Қан алу, оның физикалық қасиеттерін анықтау
Қан физиологиясы
Қан жасушалары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz