Ерітінділер туралы жалпы ұғым



І. Кіріспе бөлім
1. Ерітінділер, еріткіштер дегеніміз не? Ерітінділер туралы жалпы ұғым.
2. Ерітінділердің бөлінуі. Олардың қасиеттері.
3. Ерітінділердің физикалық және химиялық теориясы.
ІІ. Негізгі бөлім
1. Идеалды ерітінділер. Рауль заңы.
2. Ерітінділер түрлері.
3. Ерітінділерді дайындау технологиясы.
ІІІ. Қорытынды бөлім
1. Пайдаланған әдебиеттер.
Ерітінділер - кем дегенде екі құрамдас бөліктен тұратын біртекті (гомогенді) жүйелер. Олардың ішінде жан-жақты зерттелгені және жиі қолданылатыны сұйық, әсіресе, сулы ерітінділер. Сондықтан тұрмыста ерітінділер деп, көбінесе, сұйық күйдегі молекулалы-диспрестік жүйелерді айтады. Ерітінділердің құрамы құрамдас бөліктердің концентрацияларымен сипатталады.
Еріткіштер - әр түрлі заттарды ерітіп ерітінділер түзуге қабілетті химиялық қосылыстар, жеке органикалық қосылыстар немесе олардың қоспалары.
Еріткіштер деп, әдетте, сұйық күйдегі құрамдас бөлікті, ал құрамдас бөліктердің барлығы сұйық болса, онда концентрациясы жоғары бөлікті айтады. Еріткіштерді бейорганикалық еріткіштер және органикалық еріткіштер деп екі топқа бөледі.

Пән: Химия
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар.
І. Кіріспе бөлім
1. Ерітінділер, еріткіштер дегеніміз не? Ерітінділер туралы жалпы ұғым.
2. Ерітінділердің бөлінуі. Олардың қасиеттері.
3. Ерітінділердің физикалық және химиялық теориясы.
ІІ. Негізгі бөлім
1. Идеалды ерітінділер. Рауль заңы.
2. Ерітінділер түрлері.
3. Ерітінділерді дайындау технологиясы.
ІІІ. Қорытынды бөлім
1. Пайдаланған әдебиеттер.

Ерітінділер - кем дегенде екі құрамдас бөліктен тұратын біртекті (гомогенді) жүйелер. Олардың ішінде жан-жақты зерттелгені және жиі қолданылатыны сұйық, әсіресе, сулы ерітінділер. Сондықтан тұрмыста ерітінділер деп, көбінесе, сұйық күйдегі молекулалы-диспрестік жүйелерді айтады. Ерітінділердің құрамы құрамдас бөліктердің концентрацияларымен сипатталады.
Еріткіштер - әр түрлі заттарды ерітіп ерітінділер түзуге қабілетті химиялық қосылыстар, жеке органикалық қосылыстар немесе олардың қоспалары.
Еріткіштер деп, әдетте, сұйық күйдегі құрамдас бөлікті, ал құрамдас бөліктердің барлығы сұйық болса, онда концентрациясы жоғары бөлікті айтады. Еріткіштерді бейорганикалық еріткіштер және органикалық еріткіштер деп екі топқа бөледі. Маңызды бейорганикалық еріткіштерге су, ал органикалық еріткіштерге спирт, эфир, кетондар және олардың қосылыстары жатады. Органикалық еріикіштердің көбісі өте ұшқыш, улы болады. Сонымен қатар еріткіштерді полюсті және полюссіз, төмен және жоғары температурада қайнайтын, т.б. деп ажыратады. Техникалық мақсат үшін пайдаланылатын еріткіштердің тығыздығы, тұтқырлығы, улылығы, т.б. сипаттамалары маңызды. Еріткіштердің аталған сипаттамаларын арттыру үшін, көбінесе, басқа еріткіштермен қоспа түрінде пайдаланады.Еріткіштерді химиялық реакция жүргізетін орта ретінде пайдаланудың маңызы зор.Еріткіштер әрекеттесетін молекулалар арасында (көп реакциялар тек еріткіштерде жүреді) байланыс тудырып, гомогенді орта түзіп қана қоймай, химиялық реакциялардың тепе-теңдік константасы мен жылдамдығына әсер етеді. Органикалық еріткіштер бояу, жасанды талшық, желім өндіруде қолданылады.

Ерітінділер туралы ұғым.

Заттардың агрегаттық күйлеріне байланысты ерітінділер былай бөлінеді:
Газ күйіндегі ерітінділер қатарына: газдар қоспасы - ауа, тұман, мұнай бетіндегі газ күйіндегі көмірсутектер қоспасын жатқызуға болады.
Сұйық ерітінділер - сұйық бойында еріген қатты, сұйық, газ заттары, теңіз, мұхит сулары, бензин, керосин, бояулар және т.б. дүниеліктер.
Қатты ерітінділер түрі - құймалар (болат, шойын) түрлі минералдар.
Табиғатта таза зат өте сирек кездеседі, көбісі қоспа, ерітінді түрінде ұшырасады.
Жан - жануарлар, өсімдік дүниеліктерінде орын алатын биохимиялық, физикалық және химиялық құбылыстар сұйық ерітінді түрінде өтеді.
Сұйық ерітінділер - еріткіш бір немесе бірнеше затты еріту арқылы алынатын болғандықтан, бұлардың түзілу табиғатын талдау барысында екі түрлі көзқарас бар - физикалық және химиялық.

Ерітінділер

Қанықпаған Қаныққан Аса қаныққан

Қанықпаған ерітінді - еріген заттың жаңа мөлшерін әлі еріте алатын ерітінді.
Қанық ерітінді - белгілі бір температурада затты одан әрі еріте алмайтын ерітінді.
Аса қанық ерітінді - сол температурадағы ерігіштігіне сәйкес еруге тиісті мөлшерден артық затты еріген күйде ұстай алатын ерітінді. Аса қанық ерітінді тұрақсыз, еріген заттың аз мөлшерін ғана ерітіндіге салса, артық еріген зат тез кристалданады.

Сұйық ерітінді - еріген зат аз ерітінді.
Қою ерітінді - еріген зат көп ерітінді.
Концентрленген ерітінді - өте қою ерітінділер.

Кей заттар ерігенде олардың молекуласы иондарға ыдырайды, яғни диссоциацияланады. Электр тогын өткізетін болғандықтан, ондай заттардың ерітінділерін электролит ерітінділері деп атайды. Оған көптеген қышқылдар мен негіздер, әсіресе, тұздардың ерітінділері жатады. Керісінше, ерігенде молекулалары иондарға ыдырамайтын, сондықтан электр тогын өткізбейтін заттардың ерітінділері бейэлектролиттердің ерітінділері деп аталады. Ерітінділердің бетіндегі бу қысымы және оның қату температурасы таза еріткіштікке қарағанда төмендеу, ал қайнау температурасы жоғарылау болады. Сонымен қатар ерітінділерде осмос қысымы байқалады. Ерітінділердің бұл қасиеттерінің барлығы тек еріген заттың молекулалар санына ғана тәуелді. Олардың өзгерістері Вант-Гофф және Рауль заңдарымен сипатталады. Мысалы, ацетонның кез келген эфирдің немесе спирттің судағы концентрациялары бірдей ерітінділерінің осмос және бу қысымдарының салыстырмалы төмендеулері, қату температураларының төмендеуі, ал қайнау температураларының жоғарылауы бірдей болады. Бұдан кейбір ғалымдар: Ерітінді түзілгенде еріткіш пен еріген зат арасында ешқандай әрекеттесулер болмайды, олар тек араласады - деген қорытындыға келген. Сондықтан бұл қасиеттер ерітінділердің физикалық теориясына тәжірибелік негіз болған.

Ерітінділердің физикалық теориясы XIX ғасырдың екінші жартысында қалыптасты. Ол теорияның негізін салушылар С. Аррениус пен Я - Вант-Гофф болды. Бұл теория еру процесі жай физикалық қоспа ретінде, еритін заттардың ұсақ бөлшектері еріткіш көлемін-де біркелкі таралған, олардың араларында ешбір әрекет бол-майтын орта сияқты ұғымда қарастырылады. Олай болса, бұл теория еритін зат пен еріткіш араларында ешбір химиялық әрекет жүрмейді деген пікірді теріске шығармайды. Жалпы физикалық теория ерітінділердің, қайнау температурасының жоғарлауы, қату температурасының төмендеуі, будың қысымы, осмостық қысым сияқты касиеттеріне сүйенді.Бұл шамалар ерітінділердің концентрациясына тәуелді де, еріген заттың табиғатына тәуелсіз. Сондықтан да бұл теория бойынша ерітінділер еріген заттардың күйі газ күйіндегі ерітінділер секілді болып келетін молекулалардың бірыңғай қоспасы.
Ерітінділердің химиялық теориясының негізін калаушы Д. И. Менделеев болды. Бертін келе, бұл теорияға И. А. Каблуков, Н. С. Курнаков сияқты әйгілі совет ғалымдары елеулі үлес қосып, оны жаңа деңгейге көтерді. Бұл теорияны бірінші тұжырымдаған Д. И. Менделеев күкірт кышқылының, этил спиртінің және басқа да қосылыстардың судағы ерітінділерін нақты, жан-жақты зерттеді. Мұның нәтижесінде ол, ерітіндідегі компоненттер арасында, яғни еріген зат пен еріткіш арасында химиялық әрекеттер жүреді деген қорытынды ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ерітіндінің концентрациясы еріген зат шамасының ерітінді шамасына қатынасы
Ерітінділердің физикалық теориясы
Ерітінділер теориясы пәніне кіріспе
Ерітінділерді дайындау технологиясы
Қышқылдар мен негіздер
Су — сутегі мен оттегінің қалыпты жағдайларда тұрақтылығын сақтайтын қарапайым химиялық косылысы
Химияны оқыту әдістерінің классификациясы
Коллоидтық жүйелердің электрлік қасиеттері
Термодинамика заңдары сұрақ-жауап түрінде (20 сұрақ)
Қышқылдардың химиялық қасиеттері
Пәндер