БАҚ-ТАҒЫ АҚПАРАТТЫҚ САЯСАТТЫҢ МАҢЫЗЫ
1 Мемлекеттік БАҚ.тардың қызметін стратегиялық жоспарлауды ұйымдастыру
2 Елімізде ақпараттық саясат және ақпараттық процестерді тиімді басқару

Тәуелсіз Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуында, жалпы өмірімізде ерекше тарихи орны бар маңызды өзгерістер болуда. Жиырма жылдан астам уақытта асқан асуларымыз бен алған белестеріміз, шыққан биіктеріміз, қол жеткен табыстарымыз, рухани жетістіктеріміз ұшан-теңіз. Әр азаматтың өзін-өзі жас ұрпақ алдында жақсы, ұнамды жағынан көрсете білуге ұмтылып, оны жақсылыққа, адамгершіліктің асыл қасиеттеріне баули білуге талпынуының болашағымызға сенімді болуға қосар үлесі мол.
Қазақстан Республикасының ақпараттық кеңістігінің бәсекеге қабілет-тілігі туралы тұжырымдамада: «... мемлекеттік органдар мен мемлекеттік БАҚ-тардың атынан мемлекеттің өзара тиімді іс-қимыл жасауына жағдай жасау, оның ішінде өзара ақпарат алмасу тетіктерін жолға қою, мемлекеттік билік пен басқару органдарының іс-қимылы туралы жедел және толық хабардар етуі тиіс» [1, 38-б], - делінген. Еліміздегі ақпараттық саясатты жүргізуді жүзеге асыратын ұлттық баспасөзімізде еңбек ететін журналистеріміз елімізде болып жатқан оқиғаларды жіті бақылап, жазып отырады.

1. Қазақстан Республикасы ақпараттық кеңістігінің бәсекеге қабілеттілігін дамытудың 2006-2009 жылдарға арналған тұжырымдамасы. Қ.Р Президентінің 2006 жылғы 18 тамыздағы N 163 Жарлығы. – Астана: Ақорда. 2006.
2. Назарбаев Н.Ә. Қазақстан өз дамуындағы жаңа серпіліс жасау қарсаңындағы Қ.Р. Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. – Астана. 2006. -8-бет.
3. Назарбаев Н.Ә. Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан. Қ.Р. Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. – Астана. / / Егемен Қазақстан. 1 наурыз. 2007.
4. Этносаралық және конфессияаралық келісімінің қазақстандық моделін жетілдірудің 2006-2008 жылдарға арналған бағдарламасы. – Астана. 2006. - 23-бет.
5. Кенжалин Ж. БАҚ: ұлтаралық жарасымдылық мәдениетін қалыптастыруда жайбасарлық жараспайды. // Ақиқат. №5. 2010. 21-б.
6. Ақпараттық саясаттың рөлі. // Егемен Қазақстан. 2003. 5 сәуір.
7. Бекболатұлы Ж. БАҚ жұмысының стратегиялық қағидаттары. // Ақиқат. №8. 2011.

М.Б.Шындалиева
Филология ғылымдарының докторы, профессор
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Астана қ, Қазақстан
Тәуелсіз Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуында, жалпы
өмірімізде ерекше тарихи орны бар маңызды өзгерістер болуда. Жиырма жылдан
астам уақытта асқан асуларымыз бен алған белестеріміз, шыққан биіктеріміз,
қол жеткен табыстарымыз, рухани жетістіктеріміз ұшан-теңіз. Әр азаматтың
өзін-өзі жас ұрпақ алдында жақсы, ұнамды жағынан көрсете білуге ұмтылып,
оны жақсылыққа, адамгершіліктің асыл қасиеттеріне баули білуге талпынуының
болашағымызға сенімді болуға қосар үлесі мол.
Қазақстан Республикасының ақпараттық кеңістігінің бәсекеге қабілет-
тілігі туралы тұжырымдамада: ... мемлекеттік органдар мен мемлекеттік БАҚ-
тардың атынан мемлекеттің өзара тиімді іс-қимыл жасауына жағдай жасау, оның
ішінде өзара ақпарат алмасу тетіктерін жолға қою, мемлекеттік билік пен
басқару органдарының іс-қимылы туралы жедел және толық хабардар етуі тиіс
[1, 38-б], - делінген. Еліміздегі ақпараттық саясатты жүргізуді жүзеге
асыратын ұлттық баспасөзімізде еңбек ететін журналистеріміз елімізде болып
жатқан оқиғаларды жіті бақылап, жазып отырады.
Қазір бүкіл ел көлемінде Қазақстанның әлемнің дамыған 50 мемлекетінің
қатарына кіруі мақсатында қам-қарекет жүріп жатыр. Осыған байланысты
Президент Н.Ә.Назарбаев өзінің Жолдауында этносаралық қатынас мәдениетін
жетілдіруге айрықша назар аударып: Ұлтаралық және мәдениетаралық
келісімді, біртұтас Қазақстан халқының ілгері дамуын қамтамасыз етеміз [2,
8-б], - деп атап көрсетсе, ал Жаңа әлемдегі Жаңа Қазақстан деп аталатын
жолдауында осы мәселеге қайта бір айналып соғып, ...халықтардың бірлігін
нығайту және Қазақстан қоғамын жаңартудың саяси идеология мен ағымдағы
сұраныстан биік тұратын негіз қалаушы құндылықтары бойынша арналы
қоғамдық келісімді қолдау мен дамыта беру [3] керектігін қадап айтты.
Елбасының осынау мақсаткерлік бағыты Қазақстан Республикасы Мәдениет
және Ақпарат Министрлігі қабылдаған: Қазақстан Республикасы ақпараттық
кеңістігінің бәсекеге қабілеттілігін дамытудың 2006-2009 жылдарға арналған
Тұжырымдамасымен өзектесетіні сөзсіз. Бұл ретте ...мемлекеттік органдар
мен мемлекеттік БАҚ-тардың атынан мемлекеттің өзара тиімді іс-қимыл
жасауына жағдай жасау, оның ішінде өзара ақпарат алмасу тетіктерін жолға
қою, мемлекеттік билік пен басқару органдарының іс-қимылы туралы жедел және
толық хабардар етуі, мемлекеттік БАҚ-тардың қызметін стратегиялық
жоспарлауды ұйымдастыру және қазіргі заманғы менеджментті енгізу [4, 17-б]
қажеттілігі міндеттеледі. Осы тұрғыдан келгенде елімізді мекендейтін 130-
ға жуық ұлыстар мен этносаралық топтардың ынтымағын нығайту,
жарасылымдылықты баянды ету мәселесінде БАҚ-на елеулі міндет жіктелетіні
байқалады. Ортақ Отанымыз Тәуелсіз Қазақстанның өсіп-өркендеп, экономикасы
қуатты, халқының ынтымағы жарасты болуы жолындағы ізденісте газеттер мен
журналдардың атқарар міндеті ұшан-теңіз. Бүгінде Қазақ газеттері
жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне қарасты басылымдар 3 тілде: қазақ,
орыс, ұйғыр тілінде ақпарат таратып отыр. Ана тілі, Қазақ әдебиеті,
Ұйғыр авази газеттері мен Ақиқат, Жұлдыз, Мысль, Простор
журналдары еліміздегі этносаралық келісімнің мән-жайын жазып көрсетуде
едәуір тәжірибе жинақтағаны сөзсіз. Бірақ атқарылар іс жеткен жетістіктен
де ауқымды. Енді мәселеге нақты тоқталсақ. 2006 жылы 28 маусымда Қазақстан
үкіметінің қаулысымен Этносаралық және конфессия-аралық келісімінің
қазақстандық моделін жетілдірудің 2006-2008 жылдарға арналған бағдарламасы
қабылданған. Онда БАҚ-да төзімділік ұғымын қалыптастыру жөнінде метериалдар
жариялау республикамызда ұлтаралық және концессиялық келісімді
насихаттайтын жарнамалық материалдар жасау, сондай-ақ қоғамдық орындарда
орналастыруды қамтамасыз етуге орай қаржы бөлініп тұратындығы айтылған. Бұл
мәселе жергілікті бюджеттен әкімдердің шешімімен жүзеге асырылуы тиіс. Және
оған республика бойынша 241 млн. теңге жұмсалуы қажеттігі көрсетілген [5,
23-б]. Ойлап қарасаңыз, бұл едәуір қаражат. Егер оны тиімді етіп ұқсата
білсе, бұдан жергілікті әкімшілік те, БАҚ-тарда ұтары сөзсіз. Жұмабек
Кенжалин: Тоқырау заманы деп ат қойып, айдар таққан кешегі кеңестік
кезеңнің өзінде редакция өкілдері мен шаруашылықтардың, кәсіпорындардың
арасындағы тығыз шығармашылық әріптестік байланысқа айрықша назар
аударылатын. Мәселен, халықтар достығы, ұлттар ынтымағы, қоғамдық келісім
дейтін мәселелер бойынша аймақтық, республикалық семинарлар, өндірістік
лездемелер жиі өтетін [5,21-б], - дейді. Сол лездемелер кезінде журналист
мәселенің мәніне көз жеткізіп, өзін ойландырған шаруаларға қанығатын.
Көкейдегі сауалына жауап табатын. Әңгіменің ақ-қарасын ажыратып, содан
кейін ғана қолға қалам алатын. Айталық ұлттық азшылық басылымдарына
арнаулы беттер, нөмірлер шығарып тұру үшін қаржы бөлініп тұрса құба-құп
шаруа болар еді.
Өткен жолдың ізгілікті, өрісті ісін іскерлікпен пайдалана білу де
өнер. Сондықтан осындай бір мәселелерге жиі назар аударсақ. Сол
ұйымдастыратын шараларға аз қаражат жұмсалады. Бұл-бір. Екіншіден, қазір
республикамыздың ақпарат кеңістігінде қазақ-орыс тілдеріндегі шығатын газет-
журналдардан басқа ұйғыр, кәріс, неміс, украин, т.б. тілдерінде де мерзімді
басылымдар жарық көріп келеді. Мәселен Ұйғыр авази, Или вадиси, Йени
заман, Хуш кәйпият, Яш әвлад, Сәньят, Йени эвлат, Яркент тәбәси,
Азие бугун - ұйғыр тілінде, Коре ильбо - корей тілінде, Украінські
новини - украин тілінде, Дойтче Аль-гемайне - неміс тілінде, Дунганская
газета - дүнген тілінде, Жийана курд - курд тілінде, Сайрам сабоси,
Баложон, Жанубий Козогистон, Комрон, Мактабдош - өзбек тілінде,
Зубр - қаржыландырылып келе беларус тілінде, Яшьлек - татар тілінде
ақпарат таратады. Бір мәселені ашық айтуымыз керек: бүкіл ТМД елдерінде
өзге тілдегі басылымдарға дәл Қазақстандағыдай қолайлы жағдай жасалып
жатқан жоқ. Осы аталған газет-журналдардың басым бөлігі мемлекеттік
тапсырыс негізінде жатқаны ешкімге жасырын емес. Олай болса, ұлы Алаш
елінің салт-санасын, әдет-ғұрпын, тарихын елемеу нағыз көзсіздік болар еді.
Сондықтан, өздерінің ең басты міндеті Қазақстанды мекендеген ұлттар мен
ұлыстардың ауызбіршілігін, ынтымағын жазып көрсетуге, өз оқырмандары
арасында осы рухта тәрбие жүргізуге тиісті басылымдарға талап қай
кездегіден де күшейтілуі тиіс. Осы басылымдардың беттерінде қазақтың
тіліне, діліне, оның рухани құндылықтарына деген құрмет айқын аңғарылып
тұруы қажет.
Жоғарыда аталған басылымдарда жүргізіліп отырған ақпараттық саясат
жағдайына сараптама жасау, олардың бағыт-бағдарын белгілеу, нақты
әдістемелік көмек көрсету кезек күттірмес міндеттердің бірі болуы тиіс.
Бұл, әрине, кешегі өзіміз өткен кеңестік идеологиясының қалабын аңсау емес,
қайта демократиялық жаңару мен қарапайым ғана жүйелілікті, реттілікті өз
деңгейіне көтере білсек деген ойдан туған пікір. Елiмiзде БАҚ-ты кең
тұрғыда тақырыптық саралау орын алып отыр. Қазiргi уақытта баспалық БАҚ-тың
үлесi массмедианың жалпы санының 50 пайызын, қоғамдық-саяси - 16 пайызы,
ғылыми - 9 пайызы, жарнамалық - ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz