Фараби трактаттарындағы білім, тәрбие және адамгершілік - гуманизм мәселелері



Қазіргі дүниені неғұрлым дұрыс танып, білу үшін және жақсы өмірдің дұрыс жолын таңдай білу үшін және жаңа мыңжылдықта білімді, тәрбиені, адамгершілікті-ізгідікті дамыту үшін біз әр уақытта, әр дәуірде өзімізге дейінгі өткен идеялар мен қағидаларға сүйенгеніміз жөн. Ондай идеяларды Орта ғасырларда өмір сүрген Батыс пен Шығыстың ғұлама ойшылдары Аверроэсо (Ибн Рушд), Я.А. Коменский, Н.Макиавелли, Ибн Халдун, Ибн Сина, Әл Бируни және т.б. айтты. Осындай ой титандарының бірі-бірегейі, қазақ топырағынан шыққан ғұлама ғалым-философ Әл Фараби еді. Ол сонау Ерте орта ғасырлардың өзінде адамзат ілімінің молайып, ақыл-парасаттың жетілуін, оқу-ағартудың қажеттілігін айтып, білім алудың маңызын атап көрсеткен болатын. Фараби идеялары оның 140-тан астам трактаттарының арқауы болды.
Фараби трактаттарының әрқайсысы өзіндік бір дүние, қағида, теория мен әдіс. Солардың бірі 948жылы Египетте жазылған «Қайырымды қала тұрғындарының көзқарастары туралы трактат» болып табылады. Ол бұл еңбегінде адам әрекетінің түпкі мақсаттарының бірі—Бақытқа жету деп айта келе, сол бақытқа тек білім мен игілік нәтижесінде ғана жетуге болады дейді.
Әл Фараби тәрбиенің, оның ішінде еңбек тәрбиенің теориясы ғылымға негізделуі қажет деп санады. Ол ғылымда тарихи үрдіс деп түсініп, ғылым жүйелі түрде құрылған білімнің жоғарғы формасы деген анықтама берген. Фараби сонымен бірге оқу-ағарту мен тәрбие туралы, еңбек мәдениеті туралы ілім жасады. Еңбектің өзі өнер. Ал еңбек тәрбиесі сол өнерден туындайды, әрбір адамды еңбекке баулиды, еңбек шеберлігін үйретеді.Олардың еңбек ету дағдысын қалыптастырады деген болатын Фараби.Оның адам еңбегі туралы бұл тұжырымдамалар қазіргі жаңа мыңжылдықта да актуальды екені
Пайдаланған әдебиеттер.
1. Машанов А. Әл Фараби. Алматы, 1970. 11-бет.
2. Григорян С.Н Великий мыслители Средней Азий. Москва, 1958. 12-бет.
3. Қазақ Совет энциклопедиясы. Алматы, 1973, ІІ-том. 12-бет.
4. Хайрулаев М. Мировозрение Фараби и его значение в истории философии. Ташкент, 1967. 38-бет.
5. Көбесов А. Әл Фараби. Алматы, 1971. 28-бет.
6. Қазақ Совет энциклопедиясы. Алматы, 1973, ІІ-том. 12-бет.
7. Сонда, 12-бет

Пән: Тарихи тұлғалар
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
ФАРАБИ ТРАКТАТТАРЫНДАҒЫ БІЛІМ, ТӘРБИЕ ЖӘНЕ АДАМГЕРШІЛІК —ГУМАНИЗМ
МӘСЕЛЕЛЕРІ

Ж. Исахметұлы
Тараз мемлекеттік педагогикалық институты, Тараз қ.

Қазіргі дүниені неғұрлым дұрыс танып, білу үшін және жақсы өмірдің
дұрыс жолын таңдай білу үшін және жаңа мыңжылдықта білімді, тәрбиені,
адамгершілікті-ізгідікті дамыту үшін біз әр уақытта, әр дәуірде өзімізге
дейінгі өткен идеялар мен қағидаларға сүйенгеніміз жөн. Ондай идеяларды
Орта ғасырларда өмір сүрген Батыс пен Шығыстың ғұлама ойшылдары Аверроэсо
(Ибн Рушд), Я.А. Коменский, Н.Макиавелли, Ибн Халдун, Ибн Сина, Әл Бируни
және т.б. айтты. Осындай ой титандарының бірі-бірегейі, қазақ топырағынан
шыққан ғұлама ғалым-философ Әл Фараби еді. Ол сонау Ерте орта ғасырлардың
өзінде адамзат ілімінің молайып, ақыл-парасаттың жетілуін, оқу-ағартудың
қажеттілігін айтып, білім алудың маңызын атап көрсеткен болатын. Фараби
идеялары оның 140-тан астам трактаттарының арқауы болды.
Фараби трактаттарының әрқайсысы өзіндік бір дүние, қағида, теория мен
әдіс. Солардың бірі 948жылы Египетте жазылған Қайырымды қала тұрғындарының
көзқарастары туралы трактат болып табылады. Ол бұл еңбегінде адам
әрекетінің түпкі мақсаттарының бірі—Бақытқа жету деп айта келе, сол
бақытқа тек білім мен игілік нәтижесінде ғана жетуге болады дейді.
Әл Фараби тәрбиенің, оның ішінде еңбек тәрбиенің теориясы ғылымға
негізделуі қажет деп санады. Ол ғылымда тарихи үрдіс деп түсініп, ғылым
жүйелі түрде құрылған білімнің жоғарғы формасы деген анықтама берген.
Фараби сонымен бірге оқу-ағарту мен тәрбие туралы, еңбек мәдениеті туралы
ілім жасады. Еңбектің өзі өнер. Ал еңбек тәрбиесі сол өнерден туындайды,
әрбір адамды еңбекке баулиды, еңбек шеберлігін үйретеді.Олардың еңбек ету
дағдысын қалыптастырады деген болатын Фараби.Оның адам еңбегі туралы бұл
тұжырымдамалар қазіргі жаңа мыңжылдықта да актуальды екені айдан анық.
Еңбек тәрбиесінің теориясын жасау барысында ол антик заманының
теоретиктері Платон мен Аристотельдің тұжырымдарын басшылыққа алды. Демек,
ол қандай да болсын құбылысты түсіндіруге бағытталған ұғымның, идеяның,
белгілі бір саласының мәнді байланыстары мен заңдылықтары жөнінде толық
түсінік беретін ғылыми білімді қорытудың ең жоғарғы формасы деген қағиданы
ұдайы басшылыққа алған Фараби еңбек тәрбиесінің теориясын өзінің ішкі
құрылымы жағынан бір-бірімен логикалы байланыста болатын біртұтас білім
жүйесін құрайды1, 11-б деп тұжырымдайды.
Педагогикалық тұрғыда қарастырсақ бұл тұжырым оқушыларға сапалы тәртіп,
саналы білім беру пайдалы қоғамдық еңбекке баулу деген сөз. Фараби еңбек
тәрбиесінің теориясын жасауда еркін еңбектің, адамның жан-жақты дамуы үшін
маңызы зор екенін атап көрсетеді.
Фараби Еңбек ету, саналы болу, адамгершілік, ізгілік, ақылдылық
табиғаттан туындауы қажет деген ғылыми тұжырым жасады. Фараби адамды
табиғат, адам, жер бетіндегі тірі организмдер дамуының ең жоғарғы сатысына
көтерілген, еңбек құралдарын жасап, оларды өз қажетіне жарата білген,
түсінікті сөз сөйлей білетін саналы ортаның мүшесі дейді. Адам туралы
материалистік бағытты ұстанған Фараби адам еңбек ету нәтижесінде жоғары
сатыға көтерілетінін алға тартады.
Фарабидің пікірінше, оқу, тәрбие, білім алу, еңбек ету, ғылым адамы
болу адамгершілік және еңбек тәрбиесіне тығыз байланысты. Фараби ең алғаш
еңбекті, таза еңбекті, адал еңбекті тәрбиенің алғы шарты етіп алды.
Тәрбиені неден бастау керек, Философияны үйрету үшін алдын-ала не білу
керек еңбектерінде ғылымды, оқу-ағартуды меңгеру, білім тәрбие алу,
еңбекке үйрену, философияны меңгеру тәрбие әдістеріне байланысты екенін
ғылыми тұрғыда дәлелдейді. Осы негізде ол оқыту мен тәрбиелеудің
мақсаттарын жеке-жеке анықтайды. Ғылымдар тізбесі, Ғылымдардың шығуы
еңбектерінде ғылымдарды үйрену, реттерін белгілейді және тәрбиенің, оның
ішінде еңбек тәрбиесінің тарихи тағылымын, үлгісін, болашақ ұрпаққа өнеге,
тәлім етіп қалдырады.
Әл Фараби жас ұрпаққа тәлім-тәрбие беріп, еңбекке үйретіп, еңбек
тәрбиесін беретін адамды(ұстаздық ететін адамды) өте жоғары бағалаған. Оның
ойынша тәрбиеші адам (қазіргі мұғалім) мәңгі нұрдың қызметшісі2, 12-б
Ұлы ойшыл Фараби тарихи шындықты, еңбекті, тәрбиені, оның ішінде еңбек
тәрбиесін адамның игілігі, бақыты үшін қолдануды армандады. Адамның
игілікке жету жолдары туралы ойларын Фараби Сол кездің өзінде
экономиканың, саясаттың, мемлекеттік құрылыстың, отбасы тәрбиесінің, еңбек
тәрбиесінің мәселелеріне байланыстыра отырып, аса қажет мызғымас берік
негізге сүйенеді. Сондай-ақ ол қоғамды ақылмен дұрыс басқарудың шарттары
жөнінде батыл пікір айтқан ғұлама. Өйткені адам бақытты болуға лайық және
сол бақытын табуға тиіс. Адам өз заманында жақсы да дұрыс басқарылатын
қоғамда ғана шын мәнісінде бақытты өмір сүре алады3, 12-б-дейді
данышпан. Сөйтіп, Фараби адамның өмірлік іс әрекетіне үлкен мән бере
отырып, еңбек қана адамды жануарлар дүниесінен бөліп, оқшау көрсететінін
ғылыми тұрғыда дәлелдеді. Адамзат қоғаманың өмір сүруіне ең керектісі оның
материалдық тұтыну қажеттері дегенді бірінше орынға қойып, осынау маңызды
мәселе төңірегіндегі теріс көзқарастарды үзілді-кесілді жоққа ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ежелгі және хандық дәуір әдебиеті және оны оқыту
Ерте ортағасырда Еуропадағы білім берудің ерекшеліктері. Катехумендер мектептері. Кафедралды немесе собор мектептері. Монастырлар
Абай мұраларындағы «Толық адам» идеясын оқу-тәрбие процесінде пайдалану
IX-XII ғасырлардағы қазақ отбасы тәрбиесінің қалыптасуы мен дамуы
ҒҰЛАМА ӘБУ НАСЫР ӘЛ-ФАРАБИ
Әл-Фарабидің педагогикалық-психологиялық көзқарастары
Ана тілі сабақтарында бастауыш сынып оқушыларының гуманистік көзқарасты қалыптастыру
Гумандық қасиеттер тән гумандық гумандык
Абай, Ыбырай, Әл-Фараби тағы басқа ұлы адамдардың адамгершілік тәрбиесі туралы пікірлері
Н.Ә.Назарбаевтың Менің арманым да, мұратым да Қазақстан халқын бақытқа жеткізу
Пәндер