Ауыл шаруашылығындағы инвестициялық қызмет


Пән: Ауыл шаруашылығы
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   

Ауыл шаруашылығындағы инвестициялық қызмет еліміздің маңызды экономиқалық стратегиясының элементі болып табылады және оның мақсаты мен міндеті арқылы анықталады. Экономиқалық реформаға сәйкес мемлекетпен шетел капиталы және инвестицияны тарту саясаты жоғары инфляция мен дағдарыс жағдайында өндірістік құрылымды қайта кұру қажеттігінен туындап отыр.

Ауыл шаруашылығын индустриалды-инновациялық даму қатынасында мемлекеттік инвестициялық саясаттың мақсаты қарлсыландыру көздерін және соған сәйкес қолдау механизмдерін анықтау. Әсіресе, инвестицияны жеке секторға тарту керек. Ауыл шаруашылық саласында мемлекеттік инвестициялық саясатты жүргізу жеке секторды ынталандыру бойынша және шикізаттық өндірісті дамыту мақсатында мемлекеттік инвестицияны жүзеге асыруда кешенді шаралармен үйлесімді. Стратегиялық тұрғыдан мемлекеттің инвестициялық саясаты барлық мүмкін механизмдерді қолдануды қарастырады.

Орталықтандырылған жоспарлы жүйеде «жалпы капитал салым» ұғымы қолданылған. Аталған капитал салымы ұдайы өндірістің негізгі қорының барлық шығындары мен оны жөндеу шығындарын қамтыды. Инвестиция кең мағынадағы ұғым. Батыс эксперттердің пікірі бойынша, ҚР-ның инвестициялық климаты толығымен қолайлы. Бірақ, біздің ойымызша, ауыл шаруашылық саласына шетел капиталы мен инвестицияның құйылуын мына маңызды шектеулер тоқтатып қоюы мүмкін: бюрократия, қаржылық тәуекелдер, сақтандыру саласында құкықтық инфрақұрылым дамуының жеткіліксіздігі, кепілдік және т. б. Басқа жағынан Қазақстан шетелдік инвесторлар үшін іскерлік климатта нағыз базалық параметрлер бойынша тартымды нарық болып саналады, яғни республикамыздың ауыл шаруашылығы табиғи және еңбек ресурстарына бай ірі нарықтық потенциалға ие. Инвесторлар үшін негізгі фактор қолайлы жағдай мен Қазақстанның ауыл шаруашылығына инвестицияны тартуда күтілетін потенциалды пайдалылық болжамы болуы керек.

Стратегияның ең маңызды міндеті ауыл шаруашылығын мақсатты инвестициялық және ғылыми-техниқалық бағдарламаны жүзеге асыру қажет.

Белгілі Стратегиямен мақсатқа жету үшін ауыл шаруашылық- саласын инвестициялық қаржыландыру мен оны мемлекеттік даму институтында қатайтуда арнайы мамандандырылған институттар құру қажет. Демек Қазақстанның аграрлық секторының инвестициялық қорын, Қазақстанның АӨК дамыту Банкі, Ауыл шаруашылық инновациялық қор, ауыл шаруашылық кәсіпкерлерінің Несиелік Комитетін, Жер Банкісін және инвестицияны сақтандыру бойынша басқалай корпорациялар. Жалпы аталған институттар бірдей жүйені қалыптастыру керек. Мұндай жүйе орталықтанбаған, маманданған, бәсекелік және транспаренттік қағидалар негізінде тұрақты қызмет жасауы қажет.

Орталықтандырылмаған қағидасы жеке сектордың ынтасымен көптеген қолдау көздерінің қаржылық нақтылығын көрсетеді. Тәжірибеде мемлекет бір ғана даму институтына қаржылық пен ақпараттық ресурстарды жұмылдырып қана қоймайды. Бұл мынадай мүмкіндіктерді береді:

- шешім қабылдау кезінде потенциалды жүйелік қателіктерден арылады,

- қолдау көрсету сәтінде ашық саясатты жүргізуде бәсекелік үшін негізін қалау;

- жеке сектордың ынтасына тереңдетілген талдау жүргізу.

Қағидасы белгілі операциялар мен қызмет түрлерін даму институтымен маманданғанын көрсетеді. Мысалы, ҚР-ның АӨК дамыту Банкі банктік несиелеу арқылы жобаны қаржыландыруға маманданған; Қазақстанның аграрлық секторының инвестициялық қоры жарғылық капиталға үлестік катысуымен; Инвестициялық қор - грант арқылы. Даму институты тек маманданған операциялармен, қызмет түрлерімен ғана айналыспайды, олар негізгі болып табылмайтын басқалай операцияларды жүзеге асырады. Негізгі емес операцияларды жүзеге асыруда белгілі шектер қойылады.

Бәсекелік қағидасы бәсекелік негізде даму институты қызметінде жүзеге асырылады. Бұл қағида сол немесе басқалай институттардың қызмет нәтижесін бағалау мүмкіндігін береді.

Транспаренттік қағида ауыл шаруашылық саласын дамытуда мемлекеттік институтты корпоративті басқару жүйесін құрады. Ол қаржылық ресурстарды мақсатты және тиімді қолдануды бақылауда менеджерлердің жауапкершілігін қамтамасыз етеді.

Қазақстанның аграрлық секторындағы инвестициялық қордың мақсаты ауыл шаруашылық саласында өз ынтасымен қатысушыларға қаржылық қолдау көрсету болып табылады. Бұл қордың құрылуы қор нарығының дамымауынан, отандық компаниялардың төменгі капитализациясы, отандық нарықта инвестицияның ауыл шаруашылығының өндеуші өніміне ағылуын қамтамасыз ететін нарықтық механизмдердің болмауынан негізделген. Қор қаржы секторы үшін қызмет жасаудағы ең жаңа сапалы белгілі деңгей болып саналады. Қордың банктер мен басқалай қаржылай институттарымен серіктестігі жаңа өндіріс пен қор нарығының дамуы үшін белсенді соққы болып табылады. Қаржылық нарықта 3-5 бірдей маңызға ие жеке инвестициялық, аграрлық қордың құрылуы жекешелендіріліп және мемлекеттік қаржылық институттың рөлі жекеге өтеді. Қор толығымен Қазақстанның Даму Банкісінің кооперациясымен жұмыс істеуі керек. Бұл екі институт бірін-бірі толықтыра отырып, несиелеу мен бастапқы капиталды орналастыру арқылы қаржыландырады. Келешекте шетелдің маманданған қаржылық ұйымдар қорын тарту мәселесі қарастырылады. Бірлесіп жұмыс істеу нәтижесінде шетел мамандары тарту бағыты бойынша жүзеге асырылады.

Қазақстанның Даму Банкінің негізгі міндеті несиені ең төменгі пайызбен үзақ мерзімге және орта мерзімге беру жолымен мемлекет пен жеке сектордың ынтасын қаржылық қолдау болып табылады. Ал қызмет жасауы жағынан экономиканың қаржылық жүйесі ең төменгі пайызбен ұзақ мерзімге несие беру мен тәуекелді қамтамасыз ете алмау мүмкіндігіне негізделеді.

Инновациялық қордың құрылуы барлық посткеңестік елдерге инновацияны және нарықтық механизмдерді енгізуде жүйелік мәселелерді тиімді шешу қажет. Бұл мәселе екі жақтамада көрсетіледі: біріншіден, бұл дайындалған инновацияға енгізу қажеттілігі; екіншіден, жаңа инновацияны дайындау үшін қолданбалы ғылыми-зерттеулер мен тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды қаржыландыру. Аталған мәселелерді шешу үшін біздің көзқарасымыз бойынша инновациялық қордың ең басты күші жеке сектор жағынан Қазақстанда венчурлы қаржыландыруды ынталандыру мен дамытуға және инновациялық инфрақұрылымды құруға бағытталуы қажет. Инновациялық қор алғашқы кезеңде өз қызметінде отандық және шетелдік серіктестермен бірігіп, инновация бағытындағы жобаларды қаржыландыруды және венчурлық қорды құруды жүзеге асырады. Бұл қордың негізгі міндеттері мыналар:

- инновациялық инфрақұрылымдардың элементтерін құруға қатысу;

- отандың және әлемдік дәрежеде ірі венчурлы инвесторлармен бірлесе венчурлы қорды құру;

- жана технологияларды дайындау, жоғары технологиялық және ғылыми өнімді өндіру мақсатында құрылған және іс-әрекеттегі кәсіпорындардың жарғылық капиталына қатысу;

- жаңа технологияларды, тауарларды бағытталған жеке ғылыми іерттеулер мен тәжірибелі-конструкторлық жұмыстарды қаржыландыру.

1998 жылдың мамыр айында құрылған ЖАҚ «Қазинвест» орталығының міндеті ҚР-сы үшін барлық елдердің ішінде инвестицияны салу жөніндегі негізгі беделін көрсету болып табылады. Одан кейінгі мақсаты инвесторларды іздеп, біздің мүмкіншіліктерімізді потенциалды инвесторларға ақппараттандыру жүйесін құру болып келеді. Ауыл шаруашылық саласында елдер арасында бірлескен кәсіпорындарды құру үшін республикалық мәліметтерден инвестициялық жобаны табады. Қазіргі кезде консалтингтік қызмет өте белсенді дамуда. Бір сөзбен айтқанда, ауыл шаруашылық саласында қызығушылық танытқан компаниялар бірін-бірі тауып және бірлесіп жұмыс істеуі қажет.

Негізгі ойдьі іске асыру мақсатында 2003-2015 жылдар аралығында Стратегияның индустриалды және инновациялық дамуында ең басты мемлекеттік институттар мен жеке сектордың арасында серіктестік қатынасты орнату керек. «Қазинвест» пен даму институттарының алдынғы осындай жауапкершіліктегі тапсырмалар қойылған (Инвестициялық қор, Инновациялық қор, экспорт пен инвестицияны сақтандыру жөніндегі қазақстандық корпорациялар) . Мемлекет жоғарыда аталған ұйымдармен бірлесе жалпы өнімнің бәсеке қабілеттілігін дамытуға өз күш-жігерін қосады.

Стратегияны жүзеге асыруда қойылған мақсаттарға жету үшін жыл сайын инвестициялық шығындар 1, 2 млрд. долларды, мұнда мемлекеттт үлесі 200-300 млн. долларды құрап отыр. Статистикалық көрсеткіштерде инвестициялау бойынша ең біршші АҚШ (7 млрд, $), сосын Ұлыбритания (3 млрд. $) және Италия (1, 5 млрд. $) тұр. Бұл елдердің инвестициялық белсенділігі республикамызда аз табыс әкелмейтін мұнай-газ секторын дамытуға бағытталған. Қазақстанда инвестицияны өңдеуші өнеркәсіпке салған Голландия (1, 5 млрд. $) болып табылады. Сонымен бірге, ол көлік және коммуникация, қозғалмайтын мүлік операциясы, газ және су қызмет түрлерін инвестициялайды. Сол сияқты инвестиция Швейцария, Қытам, Ресей елдерінен де ағылуда. Ал басқа салалармен салыстырғанда ауыл шаруашылық саласында инвестиция салу өте темен. Ауыл шаруашылық саласы инвесторлар үшін тартымсыз. Мемлекеттің міндеті ауыл шаруашылық өндірісіне жеке инвестицияны тартуда қолайлы инвестициялық климатты құру болып табылады. Сондықтан Стратегия ауыл шаруашылық саласының басымды дамуын қамтамасыз етуі керек. Демек, Қазақстан тікелей шетел инвестициясын тарту көлемі бойынша әлемдегі елдердің бірінші жиырмасына кіреді.

Инвестицияны тарту үрдісін ынталандыруда экономиқалық механизмдер ретінде инвесторларға «Инвестиция туралы» ҚР-ның заңына сәйкес мемлекеттік кепілдіктер мен гранттар, инвестициялық салықтық преференциялар қолданылуы қажет. Осыған байланысты оларды фискалды салық саясатының шараларымен толықтыруы қажет. Ауыл шаруашылығын экономикалық тетіктерді қолдану ұйымдық сипаттағы шаралармен толықтырылуы керек. ҚР-ның аграрлық өндіріске, оның аймағына инвестициялық мүмкіндіктер туралы ақпарат көлемі мен сапасын ұсыну, экономиканың ауыл шаруашылық саласына капиталды салу инвесторлар жағынан маңызды шешім қабылдауға әсерін тигізетін болады. Осыған қарай, инвестициялық мүмкіндіктер презентациясы бойынша жүргізілген жұмыстар ауыл шаруашылық саласында индустриалдық-инновациялық сектор салаларын дамытуда табандылық танытуда. Осыған байланысты, тікелей ауыл шаруашылық аймақтарында ақпараттық-кеңес орталығын құру жөніндегі жұмыстар ұйымдастырылады. Ол потенциалды инвесторлардың келешекте тиімді кәсіпорындарға инвестицияны салуда жеке инвесторлардың қызығушылығын танытады. Ақпараттық-презентациялық шараларды жүзеге асырумен қатар, әсіресе, АӨК-ті трансұлттық компанияның инвесторларымен белсенді келісім жүргізуі қажет. Айналым капиталы мен күрделі қаржы салымын каржыландыру қажеттілігін ұлғайтуда өндіріс көлемінің өсуі басқа жағынан кәсіпорындардың шетел инвестициясымен тапқан табысының өсу есебінен борыш міндеттемелерін жабуда төлемдерді ұлғайтады.

Индустриалдық-инновациялық даму сипатындағы ауыл шаруашылық саласында жүзеге асырылатын мемлекеттік инвестиция көздері республиқалық және жергілікті бюджет құралы, сол сияқты мемлекет бақылауындағы кәсіпорындар (ұлттық компания, мемлекеттік кәсіпорындар) арасынан индустриалдық-инновациялық даму үшін интеллектуалды және инфрақұрылым негізін құратын сала ғана қалуы қажет. Яғни бюджеттік инвестиция еліміздің ауыл шаруашылық саласындағы инвестициялық белсенділік пен іскерлігін күшейтуге қабілетті және ауыл шаруашылығын өндірістік жоғары технологиямен қосымша қамтамасыз ету - маңыздылық нақтылығымен ауыл шаруашылық саласының базалық және әлеуметтік инфрақұрылымын дамытуға бағытталған. Ауыл шаруашылық саласына тікелей бюджеттік инвестицияның құрылған мемлекеттік қаржылық даму ұйымдары арқылы жүзеге асырылуы қажет. Оның негізгі қызметі ауыл шаруашылық саласын инвестициялық қаржыландыру үшін институтционалды инвестордың құралдарын, ссудалық капиталдың ішкі және сыртқы нарығықтағы құралдарды тарту болып табылады. Әр өндірістің потенциалын анықтағаннан кейін аграршылардың инвестициялық саясат күші Қазақстан экономикасының шикізаттық секторына жұмылдырылуы қажет. Тек осы жағдайда ғана Қазақстанның ауыл шаруашылық экономикасының келешекте аграрлық сектор негізін қалау қабілетімен АӨК-де бірнеше жаңа күшті ұйымдардың құрылуы негіз табады. Басқа сөзбен айтқанда, еліміздің инвестициялық және мемлекеттік ресурстары шектелген, барлық ресурстарды ауыл шаруашылық саласына салу жоғары қосылған құн мен орташа дамыған өндіріс қатарын әкеледі, бірақ халықаралық деңгейден жоғары емес бәсекеге қабілеттілік деңгейін әкеледі.

Ауылшаруашылық өндірісі экономикасының тұрақты түрде дамуы инвестициялық процестердің белсене қатысуымен байланысты. Инвестицияны тарту ауылдың экономикасын тұрақтандыруға және халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартуға мүмкіндік береді. Бірақ республикада әлі күнге дейін ауылшаруашылық өндірісінде инвестицияның әсері айтарлықтай болмай отыр. Оны көптеген шаруашылықтардың тәжірибесі көруге болады.

Көптеген сыртқы және Ұлттық инвесторлар өздерінің тез арада табыс табуын, пайданы көбейтуді мақсат етеді. Сол үшін олар инвестицияның қысқа мерзімді, тез қайтарымды болуын қалайды, соған қаржы салуды көздейді.

Инвесторлардың мұндай жағдайға көбірек көңіл бөлуінің себебі, аймақтардың қаржылық жағдайларынының жеткілікті болуына ғана байланысты емес, сонымен бірге сол өңірдегі өндірістің келешектегі тұрақтылығына да климаттың ахуалына да байланысты болып отыр. Олар -қайшылықтардың болу болмауының анықталмауы, заңдылық негіздердің, салық саясатының инвесторларды корғау, оларға кепілдік беру сияқты механизмдердің толық жетілмегенінен деп түсінуге болады.

Сондықтан да, ҚР-ның кейбір аймақтарында инвестицияны тартуға мемлекет әлі де болса қатаң заң қабылдап, онды саясат жүргізгені жен болар еді, былайша айтканда кепілдік беру керек.

Бұл жөнінде Президент 2007 жылғы Халыққа Жолдауында: «Біз тиімді жұмыс істейтін қор рыногын құруымыз керек. Оның дамуы халықты өз салымдарын бағалы қағаздарға белсенді инвестициялауға тартпайынша мүмкін емес. Үкіметтің халықты инвестициялық сауаттылық әліппесіне тиісінше үйрету жөнінде кең ауқымды жұмыс жүргізу керек», -деген тұжырымдаманы айтты.

Қазақстанда және соның ішінде Оңтүстік Қазақстан облысында кейінгі жылдары ауылшаруашылығына инвестиция тарту көлемі біраз өсе бастады.

Облыс келемінде ауыл еңбеккерлері үшін 16 ауылдық жолдастық-несиелік ұйым құрылған.

Кейінгі үш жыл мерзімінде (2003-2005жж) ауылшаруашылығындағы тауар өндірушілерге 4, 1 млрд. теңге несие берілген, оның егіншілік саласына -1, 65, мал шаруашылығына - 2, 56 млрд теңге бөлінген.

Сонымен бірге «Ауылшаруашылығына жәрдемдесу қаржы қоры» акционерлік қоғамы арқылы үй шаруашылықтарындағы өнім өндірушілеріс жеңілдетілген несиелік ресурстар есебінен, микро - несиелеу арқылы 2005 жылы 2100 ауылдағы тұрғындарға 190, 0 млн тенге босатылған.

2006 жылы бұл жұмыстар одан әрі жүргізіліп, республикалық бюджеттен 8, 0 млрд. теңгеден аса, ауылдық аймақты дамытуға 6, 0 млрд. тенге жұмсалған.

Мұндай көлемде қаржы беру ауылшаруашылық саласына аймақтағы, бұл саланың тұрақты, сапалы өнім өндіруіне мүмкіндік беретінін көрсетіп отыр. Бұл экономиқалық жолмен айтқанда, инвестициялық процестің өндірісті модернизациялауға (жаңалауға) мүмкіндік жасайтынын дәлелдейді.

Eгep де, инвестициялық процестің республиқалық жағдайына талдау жасайтын болсақ, негізгі құрал-жабдықтарды жаңалап іске қосу жөніндегі көрсеткіштері жылдан-жылға өсуде. Мысалы, республика бойынша материалдың айналым құралын толықтыруға жұмсалған инвестиция көлемі 2005 жылы 594, 8 млрд. теңгеге жетті немесе 2002 жылмен салыстырғанда үш есеге жақын өскен. Оны жалпы қаржылық активтегі инвестицияның көлеміне салыстырсақ, ол оның 20 пайызына жуығын құрайды.

Мемлекеттегі инвестицияны негізгі капиталға экономиқалық қызмет бойынша қарастырсақ, оның ішінде ауылшаруашылығына 2005 жылы 31, 2 млрд. теңгенің жұмсалғанын, ол 2002 жылмен салыстырғанда екі есеге жуық (65, 97 млрд) өскендігін көрсетеді. Негізгі құрал-жабдықтарды іске қосу жөніндегі инвестицияның төрт жылғы өсу көлемінің динамикасы меншік нысандары бойынша екінші кестенің көрсеткіштерімен дәлелдеуге болады.

Инвестицияны өндіріске тартудың тағы бір жолы - оны тиімді пайдалану. Ол үшін ауылшаруашылығы өндірісінде еңбекті ұйымдастыруды, еңбек ақы төлеуді жетілдіру керек болып отыр. Өйткені, шаруашылықтарда еңбек нарығын тиімді пайдалану, оны жетілдіру мемлекеттердің азық-түлік проблемасын шешуге мүмкіндік жасайды. Оның себебі, ауылшаруашылығы жалпы ұлттық табыстың үштен бір бөлігін, саудадағы тауардың жетпіс пайызына жуығын, аграрлық саланың өндіретін өнімі, ішкі жалпы өнімнің үштен бір бөлігін құрайтын атап өтуге болады.

Инвестициялық стратегиялардың жүйені басқарушы ретіндегі қызметтері негізгі қызметтерін толық атқаруға мүмкіндік береді. Олар:

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ауыл шаруашылығының инновациялық әлеуетінің қаржылық тиімділігін талдау
БСҰ-ға кіру жағдайындағы ауыл шаруашылығының бүгінгі жағдайын ғылыми-теориялық тұрғыда талдап, оның бәсекеге қабілеттілігін арттыру
Ауыл шаруашылығының мәселесі қазіргі кездегі өзекті мәселе
Ауыл шаруашылығы техникасының паркі
Аграрлық секторды мемлекеттік реттеудің қажеттілігі мен мүмкіндіктері
Аграрлық секторда тауар өндірушілердің тұрақты жұмыс істеуі үшін түрақты қаржы-несие жүйесін құру
Инвестицияның пайда болу және даму тарихы
Ауыл шаруашылығы саласын дамыту
Ауыл шаруашылығы техникасымен қамтамасыз ету
Аграрлық қатынастарды экономикалық реттеу
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz