Бала тәрбиесіне байланысты қазақтың салт-дәстүрлері


Бала тәрбиесіне байланысты салт-дәстүрлер
Қазақ халкының көпшілік салт-дәстурлері баланың дүниеге келуімен байланысты туған. Отбасының жеміс берер гүлі, алтын тіреу діңгегі- бала. Халқымыз «Бесіксіз үйде береке жоқ» деп ой түйген. Бұл -отбасы ошағының түтіні сөнбесін деген жеке бастың тілегінен туған мақал емес, сонымен қатар халыктың. қамын қа-растыру, елдікті ойлау, елдің ертеңгісі жөнінде қам жеу. Қазақ халқының: «Бір баласы бардың шығар-шықпас жаны бар, көп баласы бардың үйінде маздаған шамы бар», “Балалы үй- базар, баласыз үй- мазар”«Бала - адамның бауыр еті» деуі - баланы бақыт санағандық. Ананың отбасындағы бақыты баламен байланысты. Халық ұғымында баласыз өмірді қараңгы түнмен тең көрген. Өмірден баласыз өту ана үшін үлкен қайғы, қасірет болып саналган. Ертегілер мен батырлар жырында баласыэ ата-аналардың құдайға жалынып, әулие, әмбиелердің басына _түнеп, ақсарбас айтып, мал сойып бала тілеуі, ал сол үлкен үміт, зор тілектен кейін дуниеге келген баланың ерекше батыр болып өсуі, біріншіден, халық арманының ауыз әдебиетіндегі көрінісі болса, екіншіден, діни сенімнің әсері екені байқалады.
Баласы жоқ адамдар «қу бас» атанудан қорыққан. Осы атақтан арылу үшін баласы жоқ ата-аналар жақын ағайын-туыстарының балаларын асырап алған. Ал бұл дәстүр ізгі адамгершілік қасиет деп саналып, дәріптеліп келген. Ондай ата-аналар асыран алған балаға барын-ша мейірімділікпен қарап, туған баласынан да артық еркелетіп өсірген, жақсы тәрбие беруге тырысқан. Бас-қаның баласын бауырына басып, өз баласындай етіп тәрбиелеу ағайынды адамдардың арасын былай койған-да, Ұлы Отан соғысы жылдарында жау уақытша басып алған Украинадан, Белоруссия мен Балтық жағалауы-нан Қазақстанға әкелінген жетім балаларды көптеген қазақ ата-аналары асырап алып, тәрбиелеп, азамат етіп өсірді. Мысалы, Еңбек Ері, атақты құрылысшы М. Т. Қа-зыбеков жеті ұлттың баласын асырап, азамат еткен. Ұш-қыш-космонавт Владимир Жәнібековтің өмірі де соның айғағы.
Н. К. Крупская балаға деген бауырмалдык, жылы журектік шығыс халқына тән қасиет екенін айта келіп: «Балаға деген сүйіспеншілікті россиялықтар шығыс халқынан үйренсін» деп өте орынды айтқан.
Асырап алған баладан кейін анасы өз құрсағынан бала тапса; асырап алған баланы «ақ жолтай» атаған. Оның ит көйлегін кейінгі балаларына ырымдап кигізе-тін болған. Көпшілік ырымдар жол-жоралғылар бала-ның дүниеге келуімен байланысты жасалған. Мысалы, «шілдехана тойында жас нәрестені, жас босанған әйелді үш күн бойы жын-пері жағалап жүреді. Әйелдер, қыз-келіншіктер жас босанған әйелді үш күн бойы жын-пе-ріден қорғап күзету керек» деген діни ұғымнан пайда болған. Күн батқаннан таң атқанша жас босанған әйел жаңа туған жас сәбиді ұйықтамай күзетіп отыру үшін үш күндей түнімен өлең айтып, ән мен жыр, күй мен би, ойын-сауықпен өткізген. Кейін бұл дәстүр жас нәрестенің дүниеге келген құрметіне арналған жастардың ойынсауық кештері болып кеткен.
Жас босанатын әйелдің басына пышақ, балта сияқты заттарды жастатып қою, «бала ырысты болып тусын» деп қазанның қақпағын ашып, сүт пісіріп қою, «жынпе-рінің көзі қызылға түседі» деп әлем-жәлем, қызылды-жасылды заттарды тығып немесе бетін жауып қою, әйел босана алмай қиналғанда леген даңгырлату (жын-періні аластау) сияқты ырымдар жасалған. Жас нәресте туа салысымен қарт аналардың бірі жас сәбиді ақ шүберекке орап, оның кіндігін балтамен немесе пышақпен кеседі. Ондағы мақсат- баланың өмір жасы ұзақ болсын, балталаса да өлмесін деген ойдан туған, . ырым. Себебі көшпелі қазақ ауылында бала өлім-жітіммен көп шеті-неген. Әсіресе жас босанған әйелдер мен сәбилерге суық тиіп, ауруға жиі шалдыққан, сәбилер көбінесе бесікте жатып, тіпті қырқынан шықпай шетінен берген.
Қазақ халқының әдет-ғұрпында ұл баланың дүниеге келуін «ұл туғанға күн туған» деп ерекше санаған. От басының, ұрпақтың жалғасы, шаңырақтың иесі ұл бала болып есептелген. Бірнеше қыз туған әйелдің соңғы баласы ұл болса екен деген мақсатпен кейде қыз балаға «Ұлболсын», «Ұлтуган», «Ұлтуар», «Ұлбала» деген аттарды ырьмдап қойған.
Сүйінші. Жас нәрестенің, әсіресе ұл баланың өмірге келуі отбасы мушелеріне, әкесі мен атасына, нағашы жұртына улкен қуаныш әкелген. Әкесі мен атасы отба-сын асырау қамымен мал соңында немесе аңда жургенде жас нәресте дүниеге келсе, қуанышты хабарды тез жеткізу үшін атқа мініп, түзде жүрген атаның немесе әкенің алдынан шығып сүйінші сұраған.
Сүйіншіге хабаршы не сұраса, соны_берген. Ол, бі-ріншіден, арнайы ат терлетіп қуанышты хабар әкелуші-нің еңбегін бағалау болса, екіншіден, жақындықтың белгісі ретінде саналған. Тіпті үстіндегі киімін, сауыт-сайманын, астындағы атын да суйінші сұраушыға тарт-қан. Мұндай салт-дәстур көбінесе бала көтермей жүріп, ұл бала туғанда соның құрметіне жасалған. Сүйінші сұрай шыққан адам ұл болса «ат ұстар», қыз болса «қырық жеті» деп хабарлаған. Бұл - кызды қалыңмалға сатумен, «жат жұрттың адамы» деп қараумен байланысты туған ой-пікірлердің көрінісі.
Нәрестені атасына, нағашысына немесе әкесіне көр-сетіп, көрімдік алу дәстүрі де ертеден ел ішіне кең та-ралған салт.
Баланы қолына алып қуанышқа бөленген атасы:
Ақ тілек, ақ тілек,
Атаңның тілін ал, білек,
Атаң кәрі шал, білек.
Отыңға өзің бар, білек.
Ерте турып ерiнбей
Еңбек істе қар күреп . . .
деп бата беріп, маңдайынан иіскеп көрімдік берген.
Балаға ат қою . Бала туғаннан кейін қырық күн өт-кен соң ел ішіндегі аузы дуалы қарияға немесе баланың атасына, әжесіне немересінің атын қойғызады. Кейде «қырықтың бірі - қыдыр» деп құдайы қонаққа да баланың атын қойғызған. Көбінесе молданы әкеп, азан ша-қыртып ат қойдырған. Ат қойыстьң өзінде де букіл бір халықтың психологиясы, таным-түсінігі, ой-арманы ай-қын көрініп тұрады. Кім баласын жаман болсын дейді. Өмірде өздерінің қолдары жетпеген биіктер, арман асу-лар ұрпағының алдынан шықсын демейтін ата-ана жоқ. «Арман, Тілек, Бақыт, Махаббат» деген есімдердің жиі кездесуі соны меңзейді. Даңқты адамдардың есімдерін, тіпті фамилиясын қою да осындай ізгі ниеттен туындай-ды. Алайда мұндай есімдер көбінесе діттеген мақсаттан шықпай жатады. Мысалы, Абай атты жігіттің маскүнем, Амангелді деген жігіттің төбелесқор, тентек, Әлішер атты жігіттің жалақор, жауыз қылықтарын көргенде оба-лың әке-шешеңе болсын деп іштен тынасың. Немесе Зина деген аттың «жәлеп», Травиата деген аттың «жез-өкше» деген мағынаны беретінін әке-шешесі білмей, қоя салғаны өкіндіреді.
Баланы туған күнінен бастап күн аралата тұзды су-мен шомылдыру, денесін маймен сылау, «өс-өс» деп қол-аяғын керіп созу, өлеңмен:
Өс-өс, балам, өсе бер, Саусасыңдыы жазайык,
Батыр бол балуан білекті, Етті болсын балтырың.
Батыл бол таймас жүректі, Епті боп өс, жарқыным,
Аяғыңды созайық, өс-өс! -
деп тілек айту дәстүрлері сақталған. Бұл - жас нәрес-тенің дене құрылысының дұрыс өсуіне жасалған қам-қорлық. Жас босанған әйелдің кейде емшек сүті азайып кетеді. Ондай жағдайда жас сәбиге бненің саумал сүтін аз-аздан беріп, қойдың кұйрығын сорғызу сияқты әре-кеттер жасалған. Шала туған балаларды 40 күн бойы тулкі тымаққа салып асыраған.
Бесікке бөлеу . Халқымыздың бала тәрбиесіне қатыс-ты дәстүрінің бірі - жаңа туған, баланы бесікке бөлеу. Бесік алдымен гигиеналық жағынан бала тәрбиесіне қо-лайлы: біріншіден, көшіп-қонғанда түйеге артып жүруге оңай, екіншіден, баланы емізгенде өте ыңғайлы. Баланы жөргектен шешіп жатпай-ак, ана бесікке асылып отырып емізе береді. Тіпті анасы емізе отьтрып, мызғып алады. Үшіншіден, бесік баланың денесінің тазалығына, үйық-тауына жақсы. Баланың зәрі денеге жайылмай. шүмек арқылы түбекке кетеді. Денесі құрғақ болса, бала жайлы жатып, тыныш ұйықтайды.
Бесік тойы . Бала қырқынан шыққан соң атасы мен әжесі немесе әке-шешесі ауыл-аймақты жинап, баланың бесікке салу тойын жасайды. Бесікті көбінесе баланың нағашы жұрты алдын ала арнайы жасатьш, бесік тойына әкеліп тарту етеді. Ондағы мақсат - жиен-жекжат өсе берсін, үрім-бұтағым, өрісім кең болсын деген тілек. Қызды өріс, жиендерді ұрпақ, жұрағат санаған.
Егер нағашы жұрты алыста болып, бесік тойына ке-ле алмаған жағдайда үрім-бұтағы өскен, бала-шағалы аналардың бірі бесікті тойға сыйлаған. Мұнда. сәбидің өмір жасы ұзақ, осы үй бала-шағалы болсын деген ырым көзделген. Баланы бесікке салу үрім-бұтағы өскен, бе-делді қариялардың біріне тапсырған. Ол әйел бесіктің жасау-жабдықтарын үйінен жасап әкеп, баланы бесікке өзі бөлеген.
Тұсау кесу . Бұл бала қаз тұрып, тәй-тәй басып жүре бастаған кезде жасалатын салтәстүр. Ол әдетте баланың туғанына 12-14 ай толғанда жасалады. Тұсау кесу тойының негізгі жабдықтары 1, 5 метр ала жіп, өткір қайшы немесе пышақ. Тұсау кесу тойына ауылдың қыз-келіншек, бәйбішелері түгел шақырылады. Ет асылып, шай қайнатылады. Тойға келгендер шашу әкеледі: кұрт, май, тәтті тағамдар, балаға ойыншық, асык, сылдырмақ т. б.
Баланың шешесі шаруаға икемді, елгезек, пысық әйелдердің біріне қайшы мен жіпті ұстатып, баласының тұсауын кесуді ұсынады. Тұсау кесуші әйел жүре бастаған баланың аяғына ала жіппен тұсау салып жатып:
Қаз, қаз, балам, қаз балам, Тай-құлын боп шаба ғой,
Қадам бассаң мәз болам. Озып байге ала ғой.
Күрмеуіңді шешейін, Қаз баса ғой, карағым
Тұсауынды кесейін. Құтты болсын қадамың
Қаз қаз, балам, қаз балам, Өмірге аяқ баса бер,
Тақымыңды жаз, балам. Асулардан аса бер.
Қадамыңа қарайІык, Жүгіре қойшы, құлыным,
Басканыңды санайык, Желбіресін тұлымың.
Балтырыңды түре ғой. Ілгері бас, шегінбе, -
деп өлеңдете отырып, тұсау жіпті қайшымен қияды да, баланы 3-4 аттатады.
Бұдан кейін ойын-тойға келген 2-3 жастағы балаларды жарыстырып, күрестіріп, озғандарға бәйге береді. Көп құлайтын баланы тұсауын кесуші шешесінің шабан-дығынап деп күлкі-қалжың қылады. Тамақ ішу кезінде әзіл-қалжың, оындар ойналады. Балаларға өлең, жыр, тақпақ, жаңылтпаш айтқызады. Той тарқарда үлкен бәйбішелер тойдан немерелеріне сарқыт деп, қалталарына кәмпит, бауырсақ, құрт-ірімшік салып алады. Тұсау кескен әйелге көйлек немесе аяқ киім сыйлайды.
Атқа мінгізу тойы. Бала 4-5 жасқа толғанша әке-шешесі арнайы ат, ер-тоқым даярлайды . Ерді кайыңның безінен шаптырып жасатады. Мұны «ашамай ер» деп атайды. Ердің тебінгі, құйысқан, үзеңгілерін киіз бен былғарыдан, қайыстан күмістетіп жасатады.
Атқа мінгізу тойы жаз айларында болады. «Бәленше-нің баласы (немересі) азамат болыпты, атқа мінгізу то-йына шақырып жатыр» десіп, ағайын-туыс, жекжат, на-ғашылары келеді. Баланың нағашы жұрты жиенге ар-найы ат әкеп мінгізеді. Тойға келушілер балаға арнап қамшы, садақ, шідер т. б. заттар әкеп сыйға тартады. Бұл - бала азамат болуға жарады деген ырымдар.
Ел жиналғаннан кейін баланың өзіне арналған құна-нына ер салып, киіндіріп, атқа отырғызып байлап қояды да, ағасы немесе нағашы атасы атты жетектеп ауылды айналдыра аяңдатып, кейін ақырын желгізіп жүргізеді. Одан соң бала ауыл ортасында жиналып тұрған қария-ларға атпен келіп сәлем береді. Қариялар:
Ал ақ тілек. ақ тілек, Өнеге, өнер таба біл,
Атқа тоқым сал білек, Аймағыңа жаға біл,
Жасыңнан малды баға біл, Тек құрбыңның алды бол,
Атқа да жақсы шаба біл, Мінеки, атқа міндің
ашылды жол , -
деп бата береді. Әійелдер баланың азамат болу қуаны-шына шашу шашады. Мұнан кейін ересек балалар тай-ларымен жарысьіп, бірімен-бірі куресіп, ұлт ойындарын ойнайды. Қариялар қымыз ішіп, ет жеп, бата қылысып тарасады.
Қазақ баласы қаршадайынан атқа отырып шабуды, қозы-лақ қайыруды, мал бағуды 5-6 жасынан бастап үйренген. Атқа міну тойын баланың әжетке жарауы, ең-бекке араласуы, азаматтықтың басы деп ұққан. Ол балаға да үлкен ой туғызып, тез есебіне әсер еткен.
Сүндет тойы . Сүндетке отырғызу VII-VIII ғасырда араб елдерінен шығып, бүкіл мұсылман жұртына тара-ған. Сүндетке отырғызу мұсылмандықтың белгісі болып саналған. Ер баланы сүндетке 5-7 немесе 9 жасында отырғызған. Баланы неғұрлым ерте сүндетке отырғызса, солғұрлым ауырсынбай, тез жазылып кетеді. Сүндетке отырғызу көбінесе жазға салым немесе күзге қарай іске асырылған. Себебі суық та, ыстық та балаға әсер етпе-сін деген мақсат көзделген. Кейде 5, 7, 9 жастағы ауыл балаларын жинап, қожаны, шақырып 3-4 үйдің балала-рын бір-ақ сүндеттеткен. Қожаға баланы сүндетке отыр-ғызғаны үшін қой, тайынша, тай немесе ақша берген.
Баланы сүндетке отырғызғанда әкесі, «сүндет атың» деп балаға арнап белдеуге ат байлаған. Сүндетке отыр-ғызу, біріншіден, мұсылмандықтын белгісі болып санал-са, екіншіден, балаға ержеттің, азамат болдың деген сезімді де білдіру көзделген. Қазақта сүндет тойынан кейін 12-13 жастағы ер балаға қыз айттырып, құда тү-су дәстүрлері орындалған. Бұл баланың психикасына ықпал етіп, өзін үлкейген екенмін деп сезіне бастаған.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz