Ахмет Ясауи және ХІ – ХІV ғасырлардағы түркі поэзиясындағы сопылық ағымы


Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   

І. Кіріспе. Ахмет Иассауидің әрісі ХІ-ХІҮ ғ. ғ. түркі поэзиясына, берісі түркі тектес халықтар, оның ішінде қазақ әдебиетіне тигізген игі ықпалын түгел таңдап беру үшін ондаған еңбектер жазылуы қажет. Әдебиетте адамгершілік-имандылық идеясын қалыптастырды, түркі дүниесінің мінезін, болмысын жасады. Мүмкін бұл бір адам үшін артық мақтау болып көрінер, бірақ шындығы сол болса, не істеуге болады!

Иассауидің өз тұсындағы әдебиеттегі орны ірі-ірі үш нәрсемен өлшенеді дер едік. Бірі - сопылық идеяны түркі әдебиетінде негіздеуі болса екіншісі - ол кездегі поэзияның тілі парсы тілі болып тұрғанына қарамастан, өлеңді түркі тілінде жазуы, сол арқылы ұлтымызға ұйытқы болғаны (Ғұламаның бұл әрекетін кешегі жаппай орыстандыру кезінде ағысқа қарап тұрып қасқайып, ұлт үшін күрескен тұлғалардың өмірімен елестетуге болар еді) . Бұл кейін дәстүрге айналып, түркі тілінің мәртебесін көтеруге орасан ықпал етті. Фузули, Атаи, Насими, Мақтымқұлы, Науаилердің түркі тілді поэзиясын туғызды.

Сопылық поэзия тек Иассауиден басталды десек, артық айтқандық болар еді. Түркі әдебиетіңде сопылық идея алғаш Жүсіп Баласағұнидің "Құтадғу білігі" мен Махмуд Қашқаридің "Диуани лұғат-ит түрігінде" көрінеді. Араб-парсы пәлсафасы мен әдебиетінен бастау алып, әл-Фараби (X ғ. ), Әбу-л Хасан Фушанджа (XI ғ. ) еңбектері арқылы да түркі ақындарына жақсы таныс бола бастаған, кейін Имам Ғаззали (XII ғ. ) еңбектерімен негізделген сопылық идея XI ғасырдағы түркі ақындарынан бірден қолдау тапты.

Сопылық идеяның бірден түркі ақындарынан қолдау табу себептеріне келсек, бұл идеяның қоғамда орын алған әділетсіздік пен мансапқорлық, дүниеқұмарлық, ал иманды сөз жүзінде ғана айтып, оны пайда көзіне айналдырғысы келгендерді әшкерелейтіндігінде еді. Оған жан тазалығын, нәпсіні тыюды қарсы қоятындығында. Ол жөнінде Иассауидің өзі:

Шексіз құлқынын ашып, арамдыққа батқандар,

Молда, мүфти болғандар, шипасыз дұға қылғандар, -

(11; 87-хик. мет)

демейтін бе еді?

Сопылық поэзияның өрістеуі туралы сөз етуі үшін, алдымен "сопылық ағым" дегеніміз не, оның ұстанған тұғырнамасы қандай дегенді айта кеткен орынды. Сопылық поэзияны сопылық ағымнан бөліп, жеке-дара қарау мүмкін емес.

Хазірет Пайғамбардың мешітінің жанында отырған сахабалардың (Пайғамбардың рухани тәрбиесін алған достары. Жолы үлкені Әбубәкір мен Әли) саны 40 пен 400 аралығында еді. Артық ішіп-кимейтін, жүннен тоқылған жұпыны шекпенді ғана қанағат ететін, жұмсақ төсек жастанбайтын жандар болатын. Оларды "Эхли суффа" деген.

Бұлар тек ғибадат етіп, Пайғамбарға қызмет етумен айналысатын адамдар еді. Кейін осы сияқты өз нәпсісін тыйып, алла жолына берілген адамдарды "суфф", "сопы" деп атап кеткен. (1 б. ) "Суф" - арабша "жүн шекпен" деген мағынаны білдіретін.

Сопылықтың мақсаты - кемел адам (инсани кәміл) дәрежесіне жету. Кемел адам Алланың есім - сипаттарын, істерін толық өзінде көрсете білген адам. Толық адам - көздің қарашығына ұқсайды. Өзін көре алмайды, барлығын көреді.

Кемел адам - Алланың есім - сипаттарының айнасы. (10; 104 б. ) . Кемел адам идеясын жырлаған Жүсіп Баласағұни өзінің "Құтадғу білігін" жазған кезде Қожа Ахмет атамыз әлі дүниеге келмеген, сопылық поэзия кең өрістей қойған жоқ еді. Баласағұни дастанында таза түркілік поэзия ықпалы мықты.

Баласағұни қоғамды әр адамның өз орнында жетік болуын, кемелдікке ұмтылуын жырлайды. Кемел билеуші, кемел уәзір, кемел Хас Хажыб, кемел әскербасы - кемел мемлекет жасау идеясын жырлады. Бұл тұста әл-Фарабимен көбірек үндеседі. "Құтадғу білік" сарындас шығармалар қатарына дидактикалық тәсілмен жазылған "Қабуснама", Имам Ғаззалидің "Әдеп әліппесі", "Ей, перзент" кітаптарын айтуға болар еді. Ғаззалидің (хижраның 505 ж. дүниеден өткен) "Бақытқа жету әліппесінде": Біреу әкімге келіп: "Пәлен кісі сізді жамандады, - депті. Сонда әкім әлкі кісіге айтқан екен: "Маған бұл хабарды жеткізіп, үш қиянат жасадың. Бірі- көңілсіздендірдің, екінші- ашық көңілімді уайымға қалдырдың, үшінші өзіңнің жылпостығынды көрсеттің". Сонымен бірге : "Өз жаратылысыңды танысаң, өз пәруәрдігеріңді (жаратушыңды) танырсың", депті (8; 47 б. ) -"Құтты біліктегі" Одғұрмыш, жер астында жалғыздан-жалғыз өмір сүретін әулие - сопының нақ өзі. Оның өзін-өзі тану жолына түсіп, нәпсісін тыйғаны сондай, Елбасы лауазымды қызметке шақырғанда да елп етпейді. Ақыры, жалғыздықпен жан тапсырады.

Қашқаридің ғашықтық жырлары да сопылық идеямен суарылғаны күмән туғызбайды. Бұл сопылық идея түркі әдебиетінде Иассауи поэзиясында жарқырай көрініп, үлкен арнаға айналды. "Хикметтер" арқылы кең жайылды. Оның айқын көрінісін Иассауидің тікелей шәкірті Ахмет Жүйнеки өлеңдерінен оқуға болады. Жүйнекидің "Ақиқат сыйы" кітабы ұстазының ой-мұраттарымен суарылған. "Азға қанағат ету", "Жан жомарттығы", тазалық-имандылық идеялары Иассауи салған жолдың өміршеңдігін дәлелдейді.

ІІ. Негізгі бөлім. 2. 1. Қожа Ахмет Яссауи дүниетанымындағы адам проблемасы

Тұтас бір мың жыл бойы даналық хикметтегі ұлттық дүниетанымымыздың өзегі болған ұлы ойшыл Қожа Ахмет Яссауи туралы мақаланы дәл осыдан бастап отырғанымның бірнеше себебі бар. Ең алдымен біз - 70 жыл бойы "Дін - адамның басын . -айналдыратын апиын" деген қағиданы бала кезден жаттап өскен бүгінгі ғылым-зерттеушлер бұл көзқарасымызбен Яссауи даналығының сырын тани алмаймыз. Қаншама жыл бойы идеологиялық үгіт-насихатының шырмауына түссе де қарапайым халық ''Әзірет Сұлтан"' деп пір тұтқан, қабірінің басына барып тәу еткеннің өзін 'кіші қажылық парызымды орындадым" деп көңілі марқаятын ұлы тұлғаны біздің ғалымдарымызп әлі күнге деиін «мұсылман местицизімінің» «Миссионерлік сопылық» әдебиетінің ірі өкілі деп марапаттағн болып жүр. Мұндай материалистік ұшқырлық пен европоцентристік түсінік табынан арылмаған қасаң рационалдық әдіс арқылы Яссауи даналығының сырын білмек тұрмақ, маңына да жолай алмаймыз. Бұл - бір.

Екнішіден, тарихнама ғылымында, оның ішінде Отандық ғалымдардың еңбектерінде бір солақайлық бар: тарихтағы қай тұлғаның мұрасын зерттемесін ең алдымен, тегін клзбалап, сонан соң оның рухани әлемін әлгі тегіне қатыстыра талдауға ұмтылады. Әрине, тектанудың маңыздылығына жалпы адам баласының бойындағы талант пен қабілеттің қан арқылы атадан көшкен қасиет негізінде бүршік жарып, дамитынына шүбә келтірмеймін. . Алайда кез-келген тұлғаның қалыптасуы оның бойындағы ана сүтімен дарыған таланты мен қабілетінің ғана жемісі емес, бұл -өскен ортасының, туған жұртының, бала кезден бойына сіңген дәстүрлі ұлттық мәдениеті мен алған тәлім-тәрбиесі жәнс білімінің нәтижесінде бірте-бірте сомдалатын құбылыс. Осы тұрғыдан келгенде Қожа Ахмет Яссауи бабамыздың шежіресін таратып, 'әкесі Ибраһим қажы еді, өзі Әзірет Әлінің 14 ұрпағы болып келеді деп қазбалаудың қаншалықты мәні бар деген ойға батасың. Бәлкім солай болса, солай шығар. Бірақ, бұл дерекк Қожа Ахмет Ясауидің түркі жұртының өкілі екендігіне ешқандай күмән келтірмеуте тиіс. Себебі, оның танымы мен көзқарасы түркі жұртының дәстүрлі дүниетанымы а. ясында қалыптасып, ғұмыр бойы туған халқы мен ата мекеніне деген жүрек жарды сезімін даналық жырына қосып өткен.

Оның үстіне, Қожа Ахмет өз жырларын түркі халқының ежелгі жазба тілі - көне Шағатай тілінде жазған. Бұған қоса, оның даналық, дастандарының тіліндегі бүкіл ұғым-түсінік түркі ұғымы, түркі түсінігі. Тіпті, сопылық әдебиетке етене тән ишнраттардың өзі түрік дүниетанымында қолданылады. Мысалға. «Білгейсің бұ дүние барша елден өтер,

Малға да сенбе, бір күні қолдан кетер.

Ата-ана, қарындас қайда кетті ойлп көр,

Төрт аяқты шабан ат бір күн саған жетер"

/101 хикмет/

Біз бөліп көрсеткен ұғымдардың тек түркі жұртына тән түсініктер екеніне ешкім де дауласа алмаса керек. Демек. Қожа Ахмет Яссауи - түркі жұртының перзенті. артүрлі түркі мәдениетін тудырған ғұлама тұлға.

Бұл - екі

Үшіншіден, Қожа Ахмет Яссауи дүтниетанымын уақыт және кеңістік бойынша да, географиялық аймақ бойынша да ешкімге қатысы жоқ дара нәрсе сияқтандырып, бөліп алып. оқшау қарастыруға болмайды. Себебі ол - түркі мәдениетін тудырған тарихи тұлға ғана емес, өзінен бұрынғы ғұламалар ойларынан тәлім алған, озіне кейінгі толқын-толқын даналар дүниетанымның қалыптасуына әсср еткен, түркі оркениетінің біртұтас, үздіксіз даму процесіндегі ықпалды күш иесі. Сондықтан, алпыс үш жасында, өзі айтқаңдай "Өлмес бұрын жан бермектің дертін тартып", өз еркімен жер астына түскен Яссауи әрекетінің мәнін түсіну үшін алдымен, өлімнен қашып. Мәңгілік өмір іздеген күдіретті күшімен ажалдың өзін жеңген тағы бір түркі ойшылы Қорқыт Ата ізденісінің байыбына ой жіберіп алу қажет.

Салыстырып қарасақ, араларын үш жүз жылдай уақыт бөліп жатқан түркі даласының қос ойшылының іс - әрекеттері мен дүниетанымында ұқсастықтар өте көп. Қорқыт та, Яссауи да адам өмірінің бұ дүниедегі мәнін, әлемнің ақиқатын іздеп ел кезіп дәруіш болған. Іздеген ақиқатын таба алмаған Қоркыт баба туған жері, жер кіндігі - Сырдария жағасына қайта оралып, өзен үстіне желмаясының жабуынн төсеп, соның үстінде жүз жыл бойы қобызымен "Өмір жырын" күңірентіп ажалды маңына жолатпайды. Ал Яссауи болса, кезбеліктен жалығып туған жері Түркістанға кайта оралып, алпыс үш жасқа толғанда өз еркімен жер астына түседі. Сол қылуетте тағы да алпыс үш жыл бойы жаратушыға жалбарына жыр жазып, Хақпен Жаны бірігіп дидарласуды, сөйтіп дүниенің ақиқатына қанығуды, өз замандастары мен жаратушы арасын жалғастырушы көпір болуды армандайды. Дәстүрлі түркілік таным сипаты түсініп алмаған, оның ішінде Қорқыт ойының мәйегіне қанықпаған жан Қожа Ахмет Яссауи дүниетанымының сырын да ұға алмайды. Басқаша айтқанда, Яссауи хикметтерінің сырын ашуға жәрдемдесетін кілт тым тереңде - ежелгі түркілік әфсаналар мен Қорқыт Ата аңыздарында жатыр.

Ал қазіргі яссауитанушылар он екіші ғасырдан бастап түркі жұртының дүниетанымында өшпес із қалдырған ұлы әулие ойларын тым оқшауландырып талдайтыны сондай, тіпті, оның алдыңдағы Әбу Наср әл-Фараби мен Әбу Әли ибн Сина көзқарастарымен Қожа Ахметтің арасында ешқаңдай байланыс жоқ тәрізді әсерде қаласың. Оны айтасың, біз әлі күнге дейін Яссауи ойларының өз замандастары Жүсіп Баласағұн, Махмұт Қашқари пікірлерімен қалай астасып жатқанын зерделеуге талпыныс жасап көрген де жоқпыз. Ал Яссауи хикметтерінің Асан Қайғыдан бастап Абайға дейінгі қазақ ақындарының дүниетанымын қалыптастырудағы рөлі - мүлде зерттелмей жатқан тың тақырып.

Әріше, "сопылық" деген сөзден әзірейіл көргендей шошытып бұрынғы идеологаялық құрсау тұсында бұл тақрыптарды ауызға алуға қорқып келгеніміз рас. Бірақ, ол құрсаудың қақырағанына да біраз жылдың жүзі болды емес пе?! Еңді әл-Фарабидің де, ибн Синаның да, Жүсіп Баласағұнның да, Махмұт Қашқаридың да сопылық ағымның белсенді өкілдері болғанын несіне жасырамыз.

Ол, он екінші ғасырдан кейінгі түркі жұрты ұрпақтарының иманы мен танымының қалыптасуына үнемі ықпал жасаумен болған. Қожа Ахмет Яссауи ойларының ізі Асан Қайғыдан бастап Абайға дейінгі қазақ ақындарының шығармаларында сайрап жатқандығы баяғыдан бадырайып көзге шалынатыны шындық. Бұған қазақ ақындарының жырларын жай ғана шолып шыққан кез келген жан көз жеткізе алады. Мысалы:

"Қаз-үйрегі болмаса,

Айдын шалқар көл ғаріп,

Мұратын тауып алмаса,

Азғын болса, пір ғаріп"

/Асан Қайғы/

«Менің достым барды һәр жерде,

Іздесем табылмайды тар жерде.

Табылмаса кайтейін,

Мен ісімді хаққа тапсырғанмын һәр жерде»

/Шалкиіз/

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ясауи дүниетану жағынан сопылық бағытта
Белгілі әдебиет зерттеушілері
А. ҚЫРАУБАЕВАНЫҢ «РАБҒУЗИ ҚИССАЛАРЫ» МЕН «МАХАББАТНАМА» ТУРАЛЫ ЗЕРТТЕУЛЕРІ
Түркістан қаласының шығу тарихы
Түркістан - қазақ хандығының астанасы
Қазақ әдебиетіндегі Зар заман ағымы мен нәзирагөйлік дәстүр (ХІХ ғ. аяғы мен ХХ ғ. басы)
Ежелгі дәуір әдебиетінің мәселелерін тереңдете қарастырған ғалымның жұмыстары сан - салалы
Қазақ әдебиетіндегі мінәжат жанры: ежелгі поэзия мен қазіргі әдебиеттегі көрінісі
Түркі пәлсапасы
Қожа Ахмед Яссауий кесенесі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz