Бастауыш сынып интеграциясы



1 Оқушыларды оқыту мен тәрбиелеудегі пәнаралық байланыс
2 Бастауыш мектептегі интеграция мәселесі
3 Бастауыш мектеп тәжірибесіне интеграция курстарының нашар енгізілуінің себебі
4 Интеграция процесінің тарихи аспектісі
5 Пәнаралық байланыс бастауыш сыныптарда білім және тәрбие беру міндеттерін шешу маңызы
Қазіргі кезде мемлекеттік стандартқа көшу нақты пәндер бойынша емес, білімдік аймақ (табиғи тіл, табиғат адам, қоғам, технология т.б.) бойынша жүзеге асырылып, оқу әрекеті үдерісінде баланы дара тұлға ретінде тәрбиелеу және дамытуға баланың қоршаған дүниеге біртұтас көз- қарасын, тұлғалық – құндылық бағдарлығын қалыптастыруға жағдай туғызатын әртүрлі оқу жоспарларын жасауға мүмкіндік ашылуда. Оқушыларды оқыту мен тәрбиелеудегі пәнаралық байланыс проблемасын және білім берудегі интеграцияны әртүрлі негізде зерттеуге: И.Д. Зверев, М.Р. Львов,
Р.Г. Лемберг, Ю.М. Колягин, Н.Н. Светловская, Т. Оспанов, Т. Сабиров, А.А. Бисенбаева, К. Жүнісова және т.б. үлес қосқан.
Соңғы жылдары білім беруде оқытудың дамытушылық жағына, шығармашылық әрекетке, мектептің білім мазмұнын байытудың жаңа жолдарын іздестіруге (көп деңгейлі оқыту, интегративті оқыту, ауқымды білім беру және т.б.) ерекше мән берілуде.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
Бастауыш сынып интеграциясы
Қазіргі кезде мемлекеттік стандартқа көшу нақты пәндер бойынша емес,
білімдік аймақ (табиғи тіл, табиғат адам, қоғам, технология т.б.) бойынша
жүзеге асырылып, оқу әрекеті үдерісінде баланы дара тұлға ретінде тәрбиелеу
және дамытуға баланың қоршаған дүниеге біртұтас көз- қарасын, тұлғалық –
құндылық бағдарлығын қалыптастыруға жағдай туғызатын әртүрлі оқу
жоспарларын жасауға мүмкіндік ашылуда. Оқушыларды оқыту мен тәрбиелеудегі
пәнаралық байланыс проблемасын және білім берудегі интеграцияны әртүрлі
негізде зерттеуге: И.Д. Зверев, М.Р. Львов,
Р.Г. Лемберг, Ю.М. Колягин, Н.Н. Светловская, Т. Оспанов, Т. Сабиров, А.А.
Бисенбаева, К. Жүнісова және т.б. үлес қосқан.
Соңғы жылдары білім беруде оқытудың дамытушылық жағына, шығармашылық
әрекетке, мектептің білім мазмұнын байытудың жаңа жолдарын іздестіруге (көп
деңгейлі оқыту, интегративті оқыту, ауқымды білім беру және т.б.) ерекше
мән берілуде.
Жекелеген мектептерде оқытушылар эмперикалық деңгейде интеграцияны
оқу процесінде жүзеге асыра бастайды. Дегенмен, мұғалімдердің аталған
жұмыстары көбіне ашық сабақтарда ғана жүзеге асырылады.
Бүгінгі күні оқу процесінде пәнаралық байланыс өзінің терең тамырын
жайды. Педагогиканың дамуының қазіргі кезеңінде бұл идея дамып бекіді,
жаңарды және өзінің жаңа интеграция түрінде көрініп отыр. Бұл енді пәндер
арасындағы жай байланыс қана емес, бір сабақта бірнеше оқу пәндердің
мақсатының бірігуі. Интеграция – шығармашылықпен жұмыс істейтін бірде – бір
мұғалымнің назарын аудармай қоймағандығын байқау қиын емес. Бұл оқушыларды
оқыту мен тәрбиелеуге жаңаша көзқарас ретінде мойындалып отыр.
Бастауыш мектептегі интеграция мәселесін барынша терең зерттеуді
ұсынған Н.Н. Светловская болып есептелінеді. Ол өзінің мақалаларында
бастауышта оқытуда интеграцияны әдістемелік құбылыс деп танып, оның
мүмкіндігі туралы мәселені көтерді және білім берудің алғашқы көңілін
аударды.
Интеграция – бастауыш мектепке байланыстырып алғанда бұл пәндердің
өзара байланысын жоғары деңгейде нақтылы түрде іске асыру.
Интеграция – іс - әрекеттің кезектесуі, балалар меңгерген қарапайым
білім немесе іс - әрекеттің бір пәннен екінші пәнге ауысуы. Балалардың
білімдерін бекіту үшін оқыту процесін шапшаңдату деп есептейді.
В.И. Яковлева қазіргі мектептегі әр пәннің бағдарламасы бастауыш
мектепке арналған, сондықтан оның тұтастығын бұзуға болмайды, мектептану,
дидактика және пәндер әдістемелері толық интеграцияға дайын емес деп
тұжырым жасайды. Ал Н.Ф. Виноградова алты жастан бастап оқытатын бастауыш
мектептің жаңа моделін жасай отырып оқу іс - әрекетін жетілдіру процесін
аяқтау, әр түрлі мұғалімдер стилі мен пәндік оқытуға біртіндеп бейімделу,
интеграцияланған курстар есебінен білім беруді жалғастыру қажет деп
түсінік берді.
Бастауыш мектепте жаңа бағдарламаға сәйкес оқу мен жазу Дүниетану
интеграцияланған курстары енгізіліп, мектеп тәжірибесінде жүзеге
асырылуда. Сонымен, мектеп тәжірибесі, бастауыш мектепте сабақтарды
интеграциялауды мұғалімдердің жиі қолдануы, әртүрлі ғылыми білмідерді
жинақтау есебінен оқу – тәрбие үдерісінің тиімділігін арттыратындығын
көрсетіп отыр.
Бастауыш мектеп тәжірибесіне интеграция курстарының нашар
енгізілуінің екінші себебі: интеграцияланған курс бөлімдері бастауыш сынып
оқушыларының психологиялық ерекшеліктері ескерілмеген және бастауыш
мектептегі негізгі пәндерден алшақтауы. Біздің көзқарасымыз бойынша,
бастауыш сынып оқушылары артық жүктемеден құтылу үшін бұрыннан бар пәндер
негізінде сол пәндерді жаңа сапада интеграциялап оқыту қажет.
Қазіргі мектепте білім беру мазмұны оқушылардың кәсіптік даярлығының
даму деңгейін бейнелеуі қажет. Білім беру мазмұны қоғамдық
кәсіпорындардың обьективті қажеттілігін, ғылым мен техниканың даму
деңгейі, жаңа жиылтықталғын білімді қолдау сияқты факторлармен анықталады.

Сондықтан білім беру жүйесі жоғары білімді, оның жүйелік, сапалық,
тереңдетушілік, оңтайлылық сапаларын меңгерген, әлем бейнесін, ондағы
құбылыстар мен процестердің байланысын, тұтастығын түсінетін тұлғаны
қалыптастыруға бағытталған. Сонымен бірге қазіргі әлемнің экономикалық,
саяси, мәдени ақпараттық интеграцияның дамуын меңгеруді талап етеді.
Мектептегі пәндердің дербестігі, олардың бір – бірімен әлсіз
байланыстары оқушыларда әлемнің тұтас бейнесін қалыптастыруда қиындықтар
туғызып, мәдениетті қабылдауды шектейді. Барлық оқу пәндері жеке білімдік
жүйе ретінде қызмет атқарады және уақыт талаптарын қажетті дәрежеде
қанағаттандырмайды.
Осы орайда білім беру жүйесіне пәндер интеграциясын ендіру тұтас
алғанда, қоғам мен мектеп алдындағы міндеттерді шешуге көмектеседі.
Интегративті оқыту нәтижесі оқушылардың шығармашылық ойларының
дамуынан көрінеді. Ол оқу танымдық іс - әрекетті жұйелеп, күшейтіп қала
емес, мәдениетті (тілдік, этикалық, тарихи, философиялық) саналы меңгеруге
мүмкіндік туғызады. Ал мәдениет типі адамның санасын анықтайды. Сондықтан
ақпараттық мүмкіндіктерді қолданып, жаңа білімді іздестіру, оны сіңіре және
тарата білу қабілеттерін дамыту, яғни тұлғаның ақпараттық мәдениетін
қалыптастыру қажет.
Интеграция процесінің тарихи аспектісіне келсек, ол дифференциямен
тікелей байланысты. Демек, интеграция дифференция процесімен қатар жүретін
ғылымдардың байланысу және жақындасу процесі болып табылады. Интеграция
процесі пәнаралық байланыстың оқытудың жаңа сапалы деңгейінде іске
асырылатын жоғары формасын көрсетеді.
Осыдан интеграция процесінің тамыры классикалық педагогикадағы
пәнаралық байланыс идеясымен тығыз байланысты екені байқалады. Бұл идеяның
негізі оқу материалының мазмұнында табиғаттың тұтастығын бейнелеу жолдарын
ізденуден туындады.
ХІХ ғ. ортасында мектеп білімінде баланың әлемді тұтастай қабылдауы
мен оны жасанды пәндерге бөлу арасындағы қарама – қайшылық салалы түрде
түсіндіріле бастады.
Батыс Европаның, әсіресе Герменияда құбылыстарды бір өзектің
айналасына біріктіруге талпынған алғашқы кешенді тұтас алғанда, еңбек
процестері немесе мәдениет саласында пайдаланылды.
Сөйтіп, ХІХ мен ХХ ғасырларда интеграция идеясы жетекші сипат алды.
Білім берудің көрнекті реформаторы Дж. Дьюи баланы педагогикалық
кеңістіктің орталығы деп жариялап, оқу бағдарламасын құрастырудың мынанадай
жаңа принципін Баладан - әлемге және әлемнен - балаға деп ұсынды.
Бұрынғы пәндік орталықтанудың ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бейнелеу өнерін оқытудағы оқушылардың дүниетанымын қалыптастырудың интеграциялық мазмұны
БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ БІЛІМ САПАСЫН ОҚУ ПӘНДЕРІН ИНТЕГРАЦИЯЛАУ НЕГІНДЕ АРТТЫРУ ТИІМДІЛІГІ
Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің технологиялық құзыреттілігін қалыптастырудың педагогикалық шарттары
Оқытудың заңдылықтарымен принциптері
Оқушыларға педагогикалық - психологиялық қолдауды ұйымдастыру
МЕКТЕПТІ БАСҚАРУ ІЛІМІМЕН және ОНЫ ЗЕРТТЕУ әдістерінің ИНТЕГРАЦИЯСЫ
1-сынып оқу үдерісінде қазақ тілі мен математиканы байланыстырып оқытудың тиімділігін анықтау
Бастауыш сыныпта информатика пәнінің оқыту ерекшелігі
Проблемалы оқыту технологиясы
Бейнелеу өнері пәнін оқытудағы интеграциялау мәселелері
Пәндер