1950 –1953 жж. Корея соғысы аясындағы Қытай Халық Республикасы мен Кремль басшылары ұстанымдары



1 Корея еліндегі соғыс
2 Қытай әскерлерінің Корей соғысына араласу мәселесі
3 Солтүстік Кореяға әскер жіберу
Корея еліндегі соғыс 1950 жылдың 25 - маусымында басталды. Соғыстың басталғанының ертеңінде КХДР басшысы Ким Ир Сен: “Біз Ли Сын Манның қуыршақ үкіметін, фашистік үкіметін құртуымыз керек, отанымыздың оңтүстік бөлігін Ли Сын Манның фашистік жаулап алуынан азат етіп, ол жақта халық комитеттерінің жұмысын қалпына келтіруді мақсат етуіміз керек. Корея Халық Демократиялық Республикасы туы астында біз біртұтас, азат, демократиялық мемлекет құру. Бұл соғыс, біз үшін әділ соғыс, өйткені біз Отанымыздың азат болуын, еркін болуын және демократиялық ел болуын қалаймыз” деп халыққа үндеу тастады [1].
1950 жылы 27 маусымында Солтүстік Корея әскерлері шамамен 10 дивизия болып сол елдің оңтүстігіне дереу кірді. Ал әлем жұртшылығына Солтүстік Кореялық үкімет: “Оңтүстік Корея әскерін толық талқандау патриоттық қозғалыс ұйымдастыру және де ол қозғалысқа халықтың көп бөлігін қамту, темір жол, авто көлік көпірлерін қирату, байланыс жүйелерін істен шығару” тағыда басқа істерді атқаруға шақырды.
1. История Кореи, т. 2. М., 1974.
2.Дорохов Н.И. К итогам и урокам войны в Корее. В сб. Война в Корее 1950-1953: взгляд через 50 лет. М., 2001. С.209.
3.Локальные войны история и современность / под общ ред. И.Е.Шаврова). М., 1981.
4.Энциклопедия корейцев России. Под ред. академика РАЕН, д.х.н. и д.физ.-мат. н., проф. Цоя Брони. / Ли Г.Н.., Цой А.Д., Цой Б., Чен В.С., Югай Г.А. М.: РАЕН, 2003.
5.Орлов А.С., Гаврилов В.А. Тайны корейской войны. М., 2003
6.Васильев Г. Как мы воевали в Корее //Московские новости. 1992. № 30, 26 июля
7. Волохова А.А. Некоторые архивные материалы о корейской войне (1950–1953) – В: Проблемы Дальнего Востока. 1999, № 4
8. «Война в Корее 1950-1953 гг. Взгляд через 50 лет» М., 2001.
9. Корея глазами иностранцев. Пхеньян. 1960. С.49. 105.
10. Война в Корее. СПб. 2000.

Пән: Жалпы тарих
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
УДК 95056
Алпысбай Д.М., студент
Қазақстан,Ақтөбе қаласы
Секция1. Тарих

1950 –1953 жж. Корея соғысы аясындағы
Қытай Халық Республикасы мен Кремль басшылары ұстанымдары.

Корея еліндегі соғыс 1950 жылдың 25 - маусымында басталды. Соғыстың
басталғанының ертеңінде КХДР басшысы Ким Ир Сен: “Біз Ли Сын Манның қуыршақ
үкіметін, фашистік үкіметін құртуымыз керек, отанымыздың оңтүстік бөлігін
Ли Сын Манның фашистік жаулап алуынан азат етіп, ол жақта халық
комитеттерінің жұмысын қалпына келтіруді мақсат етуіміз керек. Корея Халық
Демократиялық Республикасы туы астында біз біртұтас, азат, демократиялық
мемлекет құру. Бұл соғыс, біз үшін әділ соғыс, өйткені біз Отанымыздың азат
болуын, еркін болуын және демократиялық ел болуын қалаймыз” деп халыққа
үндеу тастады [1].
1950 жылы 27 маусымында Солтүстік Корея әскерлері шамамен 10 дивизия
болып сол елдің оңтүстігіне дереу кірді. Ал әлем жұртшылығына Солтүстік
Кореялық үкімет: “Оңтүстік Корея әскерін толық талқандау патриоттық
қозғалыс ұйымдастыру және де ол қозғалысқа халықтың көп бөлігін қамту,
темір жол, авто көлік көпірлерін қирату, байланыс жүйелерін істен шығару”
тағыда басқа істерді атқаруға шақырды.
Солтүстік Корея Халық Демократиялық Республикасын соғыс кезінде
басқару үшін, халық кеңесі 1950 жылы 26 - шы маусымда КХДР - дың әскери
комитеті құрылды. Бұл комитетті Ким Ир Сен басқарды [2]. Комитет соғыстың
алғашқы кезінде үлкен қиындықтарды бастан кешіріп, ел экономикасын, оның
ішінде ауыл шаруашылықты, транспортты, ауыр өнеркәсіпті құру жұмыстары
іске асырылды. Х
Жалында ұрандар нәтижесінде халық армиясына ондаған мың адам өз
еркімен кірді. Соғыстың алғашқы кезінде - ақ Солтүстік Кореялық халық
әскерінің қатарына кіру үшін 800 мыңнан артық, жас қыз - жігіттер өтініш
білдірген. Майдан мен тыл біртұтас әскери кешенге айналды. Халық әскерінің
соққыларының нәтижесінде 28 маусымда Сеул қаласы алынды. Бұл қала кезінде
біртұтас Корея мемлекетінің астанасы болған, қазір ол Оңтүстік Корея
Республикасының астанасы. Сонымен қатар, халық әскерінің қайта қарымта
шабуылының нәтижесінде Онгдин жарты аралы, Кхон, Икчон қалаларын басып
алды.
Сол мезгілде АҚШ, Қытай Халық Республикасына қарсы агрессиялық қадамға
барды. Олар Галань аралын басып алды, Вьетнамға қарсы күресін өршітті.
Міне, осындай агрессиялық қадамдарын жасырып, дұрыс етіп көрсету үшін АҚШ,
Біріккен Ұлттар Ұйымының қауіпсіздік кеңесіне КХДР - ға қатысты агрессияны
жақтатып, онымен қоймай, Оңтүстік Кореялықтар Солтүстік Корея тарапынан
басқыншылыққа ұшырауда деген қарар қабылдатты. Сонымен қатар АҚШ - тың
көзқарасын қолдап, Біріккен Ұлттар Ұйымы оған мүше болатын мемлекеттерден
Оңтүстік Кореялық үкіметке көмек қолын созуды талап етті. Бұл шешім 1950
жылы 27 - маусымда жарияланды және де бұл шешім қабылдау сәтінде КСРО мен
Қытай Халық Республикасының өкілдері болмаған. Біріккен Ұлттар Ұйымының
кеңесінен кейін КСРО үкіметі атынан сөйлеген А.А. Громыконың баяндамасында,
АҚШ Кореяға қарсы зұлымдыққа барғанын атап көрсетті, сондай-ақ бұл
баяндамасында жағдайдың өршуіне АҚШ-тың ұстанған саясаты екенін екенін
басып айтты. Кеңес үкіметінің бұл баяндамасы бейбітшілікті қолдайтын барлық
адамдардың сенімінде қалды [3].
1950 жылы 13 шілдеде Үнді прьемер министрі Дж. Неру КСРО басшысы
И.Сталинге Кореядағы жағдайды бейбіт жолмен реттеуді, Біріккен Ұлттар
Ұйымының кезекті отырысында бірігіп жасайық деген арнауын жолдады. Ол
кісінің бейбіт ұсынысын қолдап, Корея мәселесін реттеуде күш салатынын
мәлімдеді. Ал осы арада Кореядағы жүріп жатқан соғыс агрессиялардың
пайдасында болмады. Жаудың ірі бекіністерін талқандай отыра, Солтүстік
Корея Халық Армиясы Оңтүстік территориясының көп бөлігін азат етті. Корея
Халық Армиясының ауа кіштері қарсыластарының көптеген ұшақтарын атып
түсіріп, едәуір шығын келтірді. Кейін белгілі болғандай Корея Әскери
Авиациясында негізінен кеңестік ұшақтар мен ұшқыштар болғаны анықталды.
Соңғы тарихи деректерге қарағанда кеңестік ұшақтар жаудың 13 мың ұшағын
жойып жіберген, өздерінің айырылғаны 435 ұшақ пен 200 - дей ұшқыш болған
[4].
Алғашқы кезде Солтүстік Корея әскері қарсыласының 95% жуық жерін өзіне
қаратқан. Сөйтіп, Оңтүстік Корея үкіметінің қарамағында теңізге тірелген
шағын ғана жер қалды. Жағдайды түзеу үшін 1950 жылдың 15 қыркүйегінде
біріккен күштер Инчжан маңында 50 мың десант түсірді, оның ішінде танктер
мен артиллерия бар болатын. Десанттың құрлыққа түсуін 800 әскери ұшақпен
300 әскери кеме қадағалап отырды. Біріккен күштер басшылығы сол күні - ақ
Сеулді басып алмақ болды. Бірақ та олардың бұл жоспары біразға дейін іске
аспады. Сеул батырлықпен жанқиярлықпен қорғанды. Қаланы қорғауға 700 - ден
аса қорғандар жасалды ал қарсылыстар қаланы үздіксіз бомбалады. Қаланы
қорғау 14 күнге созылды, бірақ қорғаушылардың күші қарсыластарының күшінен
әлде қайда кем еді. Біріккен әскери күштер халық әскері екіге бөлініп
оңтүстік бөлігін қоршауға алды. Солтүстік жақтағы халық әскері 38
параллельге кейін шегінді. Солтүстік Корея Демократиялық Республикасының
сын сағаттары басталды. 50 - ші жылдың қазан айының басынан Корея
оңтүстікте қоршауда қалып қойған [4].
Ким Ир Сен 1950 жылдың 1 қазанында Қытай басшысы Мао Цзэдунге әскери
көмек сұрап, жіберген жеделхаты келді [5]. Осы Корея соғысының бұл жағдайы
дәл қазіргі уақытқа дейін құпия болып келген еді. Кейінгі жылдары Қытайда
осы Корей соғысына байланысты тарихи деректер баспасөз беттерінде жариялана
бастады. Осыдан соң ҚКП басшысы Мао Цзэдун Пекинде Қытай әскерлерінің Корей
соғысына араласу мәселесін қарайтын жиналыс өткізіп онда екі жақты көзқарас
қаралды. Біріншісі, соғысқа араласпау, екіншісі, тез арада Солтүстік
Кореяға әскер жіберу. Қытайдың сол кездегі аса ірі саяси қайреткерлерінің
бірі Лянь Бао қытай әскерлерінің Кореяға жіберуілуіне қарсы болды. Оның
ойынша: “Қытай Халық Республикасы жаңадан құрылып отыр. Елде әлі де болса
революцияға қарсы содырлық топтар әлі де бар, егер де біз әскерлерімізді
сырт жаққа жіберетін болсақ, ішкі жаулар күшеюі мүмкін” деді. Оның сөзін
Мао Цзэдунның сенімді досы Гао Ган да қолдады. Оның айтуынша: “біздің ел 20
жылдан астам соғыс жүргізіп келеді, еліміз жаңа ғана тыныш өмір сүре
бастады. Біздің экономикамыз жаңа соғыстың ауыртпалығын көтере алмайды. АҚШ
- тың әр армиясында 1500 артилериялық зеңбірек бар, танктеріміз де өте аз,
қару - жарағымыз да ескі, көбінесе жаудан алынған.
Сондықтан да біз Корея соғысына араласпай, тек еліміздің Солтүстік -
Шығыс шекарасын нығайтуымыз керек” деген пікір айтады. Бірақ - та Мао
Цзэдун Кореядағы соғысқа кіруге шешім қабылдады. 1950 жылдың 2 - қазанында
Қытай басшылығы өз әскерлерін Кореяға жіберу жөніндегі шешімін қабылдады
[6]. Осы шешім қабылданғаны туралы ақпарат дереу КСРО басшысы И. Сталинге
жеткізілді .
Сонымен қатар бұл жиналыста Қытай әскерлерін кім басқаратыны жайлы
мәселесі де щешілді. Басында Лян Баоның әскербасы болатыны белгілі
болғанмен, артынша оның денсаулығына байланысты ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
1950-1953 жылдардағы Корей соғысы: себептері, барысы, нәтижелері
1950 жылдардағы Азиядағы дағдарыс
Соғыс аяқталғаннан кейінгі халықаралық саяси жағдай
КХДР ядролық бағдарламасының тарихи алғышарттары
КХДР ядролық дағдарысын шешуге қатысушы мемлекеттер мүдделерінің қарама-қайшылығы
Екінші дүние жүзілік соғыстан кейінгі Қытайдың сыртқы саясаты
Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі халықаралық жағдай
Корей түбегінде орналасқан мемлекет
Екінші дүниежүзілік соғыс. «Қырғи-қабақ» соғысының ақырғы белесі
ХХғ. Азия және Африка елдерінің әлеуметтік жағдайына сипаттама
Пәндер