1950-1953 жылдардағы Корей соғысы: себептері, барысы, нәтижелері


Пән: Жалпы тарих
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 86 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі

Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті

Алпысбай Д. М.

1950-1953 жылдардағы Корей соғысы: себептері, барысы, нәтижелері

ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫ

Мамандығы: 5В011400-Тарих

Ақтөбе - 2017

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . . 3-7

1. 1950 ЖЫЛДАРДАҒЫ АЗИЯДАҒЫ ДАҒДАРЫС

1. 1 1950 - 1953 жылғы Корей соғысы отының тұтануы және оның алғы шарттары . . . 8-16

1. 2 Корей жарты аралы - бейбітшілік пен соғыс арасында . . . 16-27

2. 1950 -1953 ЖЫЛДАРДАҒЫ КОРЕЙ СОҒЫСЫНЫҢ КЕЗЕҢДЕРІ, НӘТИЖЕЛЕРІ

2. 1 Корей елінің өзекті мәселесін қарулы қарсыластық аясында шешу ұмтылыстар . . . 28-37

2. 2 Халықаралық бейбіт ұйымдардың Корей мәселесін келісім шарт жолмен реттеу мүмкіндіктері . . . 37-48

3. ҚАЗІРГІ ӘЛЕМДЕГІ ЯДРОЛЫҚ КӨППОЛЯРЛЫҚ ЖАҒДАЙ ЖӘНЕ КХДР ЯДРОЛЫҚ ДАҒДАРЫСЫ

3. 1 КХДР ядролық дағдарысын шешуге қатысушы мемлекеттер мүдделерінің қарама-қайшылығы . . . 49-60

3. 2 КХДР ядролық дағдарысын шешу жолдары мен нәтижелері . . . 60-69

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 70-74

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕРДІҢ ТІЗІМІ . . . 75-77

ҚОСЫМШАЛАР . . . 78-86

КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі. Кеңестер Одағында, ҚХР мен КХДР -да ХХ ғасырдың соңғы онжылдықтарына дейін бұл соғыстың тарихы бір жақты, тіптен аз зерттеліп, айтылмай келді. Керісінше, Кореядағы соғыс мәселесі АҚШ пен оның бұл соғыстағы одақтастары болған елдердің тарихнамасында жан-жақты қарастырылып келгендігі ондаған ғылыми басылымдар мен бұқаралық баспада жарияланған болатын. Осы орайда «мұрағаттарын жабып тастаған ел, өзінің тарихының кілтін басқа мемлекеттерге ұстатады» деген түйін-тұжырымның анықтығына көз жеткізуге болады. Осы қатардағы тұжырымдардың объективтілігін Корея соғысы туралы жан-жақты баяндаған АҚШ елінің үлгісінен аңғаруға болады.

Дегенмен, АҚШ сол сияқты Батыс Еуропа мемлекеттерінде жарық көрген еңбектерде көптеген шындыққа жақын мәліметтермен қатар, «қырғи-қабақ соғыстың» ізі байқалып қалады. Әсіресе, бұл Корея соғысындағы КСРО-ның рөлін көрсетуде анық көрінеді. Американдық саясаткерлер артында Кеңестер Одағы тұрған тоталитарлық, коммунистік Солтүстік Корея батыстық демократия құндылықтарын ұстанған Корея Республикасына (Оңтүстік Кореяға) аяқ астынан басып кірді делінеді. Сол сияқты американдық тарихнамада Корея соғысына байланысты бұл соғыста Солтүстік Корея КСРО-ның Қиыр Шығыстағы саясатының «қолшоқпары» ғана болғандығы тезис орныққан. Бірақ ғылыми айналымға енген жаңа құжаттар бұл тезисті жоққа шығарады.

Корея соғысының басталуы мен барысы туралы батыстық тарихшылардың көзқарыстарына келетін болсақ. Кейбір елдердің тарихшылары, әсіресе, Оңтүстік Корея тарихшылары соғыстың КСРО-ға қарағанда АҚШ үшін аса маңызды болғандығын атап өтеді. Ли Сын Ман режимін Корея республикасы халқының түгелі қолдамады. Сол сияқты жергілікті халықтар АҚШ билеуші топтарының ұстанымын да бір жақты қарсы алмағандығы белгілі. Шынтуайтта, аталмыш идеологиялық ахуал Кореяның Ким Ир Сен туы астына бірігуіне алғы шарт болды десек объективті бағадан алыс болмаспыз.

Ал Ли Сын Ман мемлекеттік саясатының орнығуына мүдделі болған АҚШ-ы КХДР басшылығын қарулы қақтығысқа итермеледі. Сөйтіп, бүкіл АҚШ пен Батыс елдерінің әскери күш қуатының артықшылығын пайдаланып, Солтүстік Корея әскерлерін талқандай отырып, «жеңістің» нәтижесі ретінде Ли Сын Ман әскери режиміне сүйеніп, ҚХР-дағы революция жеңісінен кейін шайқалған Қиыр Шығыстағы АҚШ билік жүйесінің қанат жаюына жоль ашты. Бұл версияның дұрыстығын тек американдық мұрағат материалдарын талдау арқылы ғана дәлелдеуге болады. Осы орайда аталмыш мәселені талдап тұжырымдаудағы басты проблема, олардың көпшілігі зерттеушілер үшін жабық болуында.

Сонымен, 1950 жылы Корей түбегінде соғыс өрті бұрқ ете түсті. Әрине, бұл жерде тұтас жатқан Корей елі екіге бөлініп кетуді ойламаса керек. Алайда әлемнің азулы алпауыт елдерінің құрбаны болып кете берді. 1943 жылы Каирде бас қосқан Рузвельт, Черчилль және Чан Кайши жапондар басып алған Қиыр Шығыс мәселесін талдады. Және Кореяны жапон басқыншылардан азат ете отырып, тәуелсіз мемлекет құрмақшы болды. Алайда Жапония соғыста тізе бүккеннен кейін, Корей жарты аралының солтүстік бөлігін КСРО басып алды, ал оңтүстік бөлігі АҚШ иелігіне көшті. Солтүстік пен оңтүстікті 33-ші сызық бөліп жатты.

Осылайша бірі - коммунистік, екіншісі - капиталистік Корея әлем картасына пайда болды. Екі алпауыттың айдап салуымен солтүстік пен оңтүстіктер арасында күн өткен сайын теке тірес ушығып, ол қарулы қақтығысқа алып келді. Яғни, 1950 жылдың 25 маусымында солтүстіктер 33-ші сызықты кесіп өтіп оңтүстіктерге тап берді. Қытай мен КСРО-ның көмегіне, қолдауына ие болған солтүстіктер оңтүстіктердің басым бөлігін (оның ішінде астанасы Сеул де бар) басып алды. БҰҰ жедел шара қолданып, агрессорларды өз жеріне шегінуге талап қойды. Және негізі, америкалық күштерден тұратын БҰҰ-ның жедел қимыл әскерін енгізуге мәжбүр болды. Араға бес күн салып көмекке келген АҚШ ұшақтарының демеуімен оңтүстіктер қарсы шабуылға көшті. Екі арадағы қанды қырғын үш жылға созылып, 1953 жылы аяқталды. Содан бері екі жақтың әлі күнге қарым-қатынасы қарама-қайшы тіпті жаугершілік жағдайда қалып отыр.

Диплом жұмысының мақсаты - 1950-1953 жж. Корея соғысының тақырыбын отандық, ресейлік, шетелдіктер көзқарасы тұрғысынан оқып-үйрену.

Зерттеу алдына қойылған мақсаттар аясында төмендегідей міндеттер дұрыс болар деп есептеймін:

Біріншісі:1950-1953 жж. Корея соғысына деген теориялық көзқарастарды жан-жақты зерттеп оның оның тарихи ерекшелігін көрсету;

Екіншісі: Қазіргі әлемдік халықаралық арнасынан 1950-1953 жж. Корея соғысы негізгі проблемасын айқындау;

Үшіншісі: 1950-1953 жж. Корея соғысына қатысты проблемаларды шешу жолдарын көрсету;

Төртіншісі: 1950-1953 жж. Корея соғысының тарихындағы қамтылмаған салаларын пысықтап жаңаша жарияланымдар негізінде тақырыптың бұрын белгісіз болған бағыттарын айқындап көрсету.

Зерттеу нысаны - 1950-1953 жж. Корей соғысының алғы шарттары, барысы, нәтижелері.

Аталмыш зерттеулердің мақсаты Корей жартыаралындағы қарулы қақтығыстың себептерін талдап анықтау және бұрынғы тұжырымдармен салыстырып қарау, негізгі қатысушыларды анықтау және олардың Корея соғысындағы рөлін көрсету болып табылады. Осы бір аймақтық қақтығыстың алып мемлекеттер КСРО, ҚХР, АҚШ-ның халықаралық деңгейдегі қарсы тұруына алып келгендігін түсіндіру.

Тақырыптың зерттелу деңгейі. 1950-1953 жылдардағы Корей соғысы проблемасының ғылыми зерттелу деңгейін сипаттаған кезде бұл тақырыптың әртүрлі авторлар мен әртүрлі басылымдарда (оқулықтарда, монографияларда, мерзімді баспасөзде және интернетте) талданғандығын атағанымыз жөн. Солардың қатарында Е. Ю. Сергеевтің «Новейшая история. 1945-1999» еңбегін атап көрсете аламыз [1] .

А. В. Торкуновтың «Загадочная война: Корейский конфликт 1950-1953 годов» еңбегінде автор кеңестік архив материалдарына сүйене отырып, Корей жартыаралы туралы өзіндік концепция құрастырғысы келеді. Соның ішінде бұрын жарық көрмеген кеңестік басшылардың Пхеньян мен Пекин елшіліктерімен арасындағы қарым-қатынас, Ким Ир Сен мен Мао Цзедун арасындағы хат алмасу туралы көрсетіледі [2] . А. С. Орлов пен В. А. Гаврилотың «Тайны корейской войны» еңбегінде соғысқа қатысқан авиация және қару-жарақтың болғандығы туралы мәліметтер келтіреді [3] .

И. М. Попов, С. Я Лавренов., В. Н. Богдановтардың «Корея в огне войны» зерттеулерінде Корея соғысына әкелген себептер және КХДР қарсы БҰҰ-ның туу астында 16 мемлекеттің қатысып, халықаралық сипат алуы жайлы сөз болады [4] . Бұл «Ұлы шектелген соғыс» деген атауға ие болған соғысқа ҚХР қатысуы, бұл соғыстағы КСРО рөлі, Кеңестік қарулы күштердің қатынасуы, соғысушы жақтардың арасындағы келісімге келу мәселелеріне тоқталады. Жалпы айтқанда, бұрын айтылмай келген Корея соғысының объективті «бет-бейнесін» алуға болады.

Сол сияқты мерзімді баспасөз материалдары: Никольский М. «Танки в Корее» мақаласында 1952 жылдың сәуірінде демаркацияланған сызықта (38 параллель) корей әскерінің полкі Т-34-85 255 танкісі және СУ-76М маркасындағы 127 самоходтың болғандығы, қытай еріктілерінің құрамында ИС-2 полкі туралы мәлімет келтіреді [5] .

Сол кезеңде кеңестік дипломат Тарасов В. А. «Страна утренней свежести в сумерках смерти» еңбегінде БҰҰ-ның басып кіріуіне байланысты 1950 жылдың 10 қазанының түнініде еліні қауіпсіз аймаққа орналастырғаны және БҰҰ-ның басып кіруі туралы толық мәлімет береді [6] .

Корей соғысына байланысты кеңестік тарихнамада ерекше орын алатын И. Кравцовтың «Агрессия американского империализма в Корее (1945-1951 гг. ) » еңбегі болып табылады. Оның еңбегінде соғыстың бастаушысы АҚШ болып табылады және оның себебі дүние жүзілік соғыс бастау арқылы болсада әлемдік билікке қол жеткізуінен басталды деп көрсетеді. Ал бұл соғыстың қуыршағы оңтүстік корейлік әскер болды және АҚШ өзінің іс әрекетін БҰҰ -ның туы астына жасырды деген тұжырымдама береді. Еңбек соғыстың кезінде жазылғандықтан көптеген ресейлік, американдық және корейлік мөрлердің анықтамасы көрсетіледі, бұл еңбектің құндылығыда осында. И. Кравцовтың еңбегіне ерекше тоқталуымыздың себебі бірнеше онжылдар ішінде кеңестік еңбектер сілтеме жасап, копцепциясын ұстанды [7] .

Корей соғысы туралы еңбектер мен мақалаларда көп уақыт КСРО -ның соғыстағы рөлі туралы айтылмады, себебі КСРО өзінің бұл соғысқа қатысы жоқ екендігін алға тартты. КСРО -ның КХДР-сына көмек көрсеткені туралы жайттар құпия сақталды.

Бұл ақпаратқа мысалы ретінде КСРО-ның Корей соғысына қатысы туралы «Отношения Советского Союза с народной Кореей 1945-1980» құжаттар жинағын ұсна аламыз. Мұнда алғаш КСРО-ның Кореяға саясаты туралы мәліметтер келтіріледі. Бірақ 1950-1953 жылдар аралығындағы кезеңде бұрын ресми дипломатиялық келісімдер құүжаттары көрсетілген. Архив құжаттары тек И. Сталиннің 1952 жылы 14 сәуірде КХДР-на сыйлық ретніде нанға мұхтаж болғандарға 50 мың тонна астық жібергендігі туралы телеграмма және 19520 жылы 6 мамырда басшыаралық келімсім бойынша КХДР -ның азаматтары КСРО-ның Жоғағы оқу орнында оқи алады деген қаулысы ғана көрсетілген [8] . Ал КСРО мен КХДР арасындағы соғыс қимылдары көрсетілмеген.

Екі елдің құпиясы туралы алғаш рет белгілі дипломат және қытайтанушы М. С Капиц 1969 жылы өзінің «КНР: два десятилетия - две политики»еңбегінде жариялаған болатын. 1979 жылы бұл еңбек «КНР: три десятилетия - три политики» жаңа атпен шыққан болатын. Бұл еңбекте КСРО-ның корей халық әскері және қытай хылық еріктілерін қару-жарақ, транспорт және дәрігерлериен қамтамасыз еткені туралы баяндалады. Және де Кореяда кеңестік әскери мамандар орналастырылған. АҚШ-тың авиациясына үлкен шығын әкелген КСРО-ның әуе күштері Қытайдың Солтүстік -Шығыс шекарасында орналасқандығы туралы алғаш соғыс материалдары жарияланды. М. С. Капиц тұжырымдауы бойынша егерде жағдай ушығып кетсе, КСРО өзінің 5 танк дивизиясын Кореяға аттандырады делінген [9] . Осындай мәлімет О. Б. Борисов пен Б. Т. Колосковтың «Советско-китайские отношения» еңбектерінде көрсетілген [10] .

Зерттеудің теориялық-әдіснамалық негіздері. Зерттеліп отырған проблеманы төрт топтағы дерек көздер құрайды. Біріншісіне зерттеп отырған проблема жөніндегі авторлық жеке зерттеу еңбектері. Екіншісіне оқулықтар мен оқу құралдары, анықтама және энциклопедиялық әдебиеттер жатады. Үшіншісіне зерттеу тақырыбына арналған мерзімді баспасөздегі ғылыми мақалалар енсе, төртіншісіне арнайы мамандандырылған ұйымдардың веб-сайттарын жатқызуға болады.

Жұмыстың эмпирикалық базасын 1950-1953 жж. Корея соғысына қатысты практикалық ақпараттар құрады.

1950-1953 жж. Корея соғысын зерттеу барысында төмендегідей зерттеу әдістері қолданылды:

-Қарастырылып отырған проблема төңірегіндегі бар деректік базаларға талдау жасау (ғылыми талдау әдісі) .

-Дерекнамалық базада көрсетілген көзқарастарды синтездеу және жалпы қорыту (ғылыми синтез бен қорыту әдісі)

-тақырыпты ашып көрсету үшін авторлардың көзқарастары негізінде алынған мәліметтердің моделін жасау (моделдеу әдісі)

Болашақтағы 1950-1953 жж. Корея соғысы жайлы зерттеулер проблемаға жаңаша көзқарас пен тұрақты негізделген шешімдерін көрсету мақсатында әрқашан да маңыздылығын жоғалтпайды.

Жұмыстың жаңашылдығы және практикалық маңыздылығы. Зерттеліп отырған проблеманың бүгінгі күнге дейін жасалған ғылыми-методологиялық базасын бір арнаға тоғыстырып, оңтайластыруға деген талпынысында жатыр.

1950-1953 жылдардағы Корея соғысы тақырыбының практикалық маңызы проблеманы уақыттық, сол сияқты кеңістік шеңберінде алып талдап көрсету болып табылады. Бір жағынан алып қарағанда, зерттеу тақырыбының бүгінгі қоғамымызда ғалымдар мен жұртшылықтың назарын аударып отырғандығы айқын. Өйткені, осы күнге дейін 2 ел бір-біріне қарсы соғыс жағдайында тұр. 1950-1953-інші жылдардағы соғысты ресми түрде аяқтау үшін Қытаймен және АҚШ-пен келіссөз өткізілуі тиіс. Екі жақты қарым-қатынасты қалпына келтіру үшін бітім туралы шартқа ресми Сеул мен Пхеньян ғана емес, АҚШ пен Қытайдың өкілдері де қол қоюға тиіс. Екі елді қақ бөліп тұрған “Солтүстік шекара сызығы” деп аталатын ауданда екі елдің арасындағы қарулы қақтығыстарға жол бермеу мақсатымен Корея түбегінен батысқа қараған Сары теңізде “бейбітшілік аймағын” құруды қарастырады. “Солтүстік шекара сызығын” 1950-1953-інші жылдардағы соғыстан кейін БҰҰ белгілеген болатын және оны ресми Пхеньян осы күнге дейін мойындамай келді.

Екінші жағынан алып қарағанда, зерттеу тақырыбының көріп отырғанымыздай әлі де шешілмей жатқан тұстарының бар екендігі. Бұл дегеніміз зерттеу объектісінің ғылыми-теориялық маңызы ғана емес, бүгінгі күнде сол сияқты практикалық құндылығын артып отырғандығын көрсетеді.

1950-1953 жж. Корея соғысы проблемасының белгілі -бір деңгейдегі маңызы мен ғылыми тұрғыдан бір арнаға түспей келгендігі диплом жұмысының ғылыми жаңалылығын айқындайды.

Зерттеу жұмысының сыннан өтуі. «Еуразия кеңістігіндегі гуманитарлық ғылымның дамуы мен бүгінгі жетістіктері» атты Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің 20 жылдығына арналған IV Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясында мақала жарияланды.

Диплом жұмысының құрылымы. Зерттеу жұмысы кіріспеден, үш тараудан, өзара байланысты тараушалардан құрылған негізгі бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1. 1950 ЖЫЛДАРДАҒЫ АЗИЯДАҒЫ ДАҒДАРЫС СИПАТЫ

1. 1 1950 - 1953 жылғы Корея соғысы отының тұтануы және оның алғы шарттары

Кореяның қазіргі кезде екі бөлек мемлекет болып өмір сүріп келе жатқаны, екінші дүниежүзілік соғыстан кейін пайда болды. КХДР үкіметі мен Корей Республикасының үкіметтері де Корей жарты түбегіндегі жалғыз заңды үкіметке айналғысы келді. Халықаралық келісөздер арқылы елді бейбіт біріктіру мүмкін болмағаннан кейін, ары қарай не істеу керек деген мәселелер туды. Ал Корей жарты түбегінен кеңестік және американдық армиялардың әкетілуі, екі жақ үшін де мәселені түпкілікті шешуге итермеледі.

БҰҰ - ның көмегімен құрылған Оңтүстік Корей үкіметі өзін Корей түбегіндегі заңды үкімет деп бар әлемге жар салды. Бұдан көргеніміздей БҰҰ Оңтүстіктің Солтүстікке билік жүргізе алатынын заңды түрде мақұлдағанын көруге болады. Өйткені 1948 жылдың 12 қыркүйегінде БҰҰ шешіміне сәйкес, Оңтүстік Корея Республикасы Корей жарты түбегі мен оған тиісті аудандардың заңды үкіметі деп танылды [11] . Осы шешімге сәйкес Солтүстікті коммунистік құрылымды қолдаған заңсыз басып алған, сондықтан да Оңтүстік Кореядағы билік басындағылар Солтүстік Кореяны олардан азат ету керек деген пікірге келіп тоқталды.

Оңтүстік Корея премъер - министрі Ли Сын Ман Солтүстіктегі территорияны тез арада қосып алу жөнінде талай рет мәлімдемелер жасады. “Территорияларды қосып алу бейбіт жолмен емес, Солтүстікке жасалатын шабуыл арқылы болу керек” - деген пікірді сенімді ұстанған аталмыш мемлекет басшысы. Осыны желеу етіп Оңтүстік Корейлік үкімет Солтүстік барлық келіссөздерден бас тартып, тек қана АҚШ - тың арағайындығы нәтижесінде ғана бас қосуға болады деген сенімде болды. Осы мақсат аясында Оңтүстік Корея сондай - ақ БҰҰ - ның бақылауымен бүкіл Кореяда сайлау ұйымдастырмақ болды.

Сондай - ақ, сол кезде Оңтүстік Кореяның әлеуметтік-экономикалық жағдайы да нашарлап кетті. Айта кететін болсақ, елде Ли Сын Манның билігіне қарсы бас көтерулер, оның ішінде әскер қатарында да жалпы мемлекеттік тәртіпке партизандық көтерілістер болып тұрды. Оңтүстік Кореядағы билік басындағылардың бір бөлігі де Ли Сын Манның жүргізіп отырған саясатына наразы болды. 1950 жылдың мамырында болған Оңтүстік Кореяның Ұлттық жиналысында Ли Сын Ман мен оның жақтастары 44 орыннан айырылып, “тәуелсіз” кандидаттар 210 орынның 128- ін алды [12] . Осының өзі көрсеткендей, Оңтүстік Кореядағы Ли Сын Ман билігі қаншалықты тұрақсыз екені сол кезде - ақ көрінді. Сонымен қатар, Оңтүстік Кореяның жаңа сайланған Ұлттық жиналысы Солтүстік Кореямен келіссөздер жүргізіп, бейбіт бірігу жолдарын табу керек деген пікірде болды. Бірақта Оңтүстік Корея басшысы Ли Сын Ман бұған өте қарсы болды. Өйткені ол бұдан ертеректе - ақ Солтүстікпен бірігудің әскери жолын таңдап, сол жолдан тайғысы келген жоқ еді. Өйткені оны бұған АҚШ итермелеп, жан - жағынан дем беріп отырды. Осы саясатқа байланысты Ли Сын Ман Оңтүстік Кореяда коммунистерді қуғын-сүргінге ұшыратып, қудалауды күшейтті. Сонымен қатар, Оңтүстік Кореяда коммунистерді елде заңсыз тұлғалар ретінде санайтын, Ұлттық қауіпсіздік туралы заң шығарылды.

Коммунистік дүниетаным мен мемлекеттік ұстанымға қарсы бағыты Ли Сын Манның саясатының басты бағдарламасы болып жарияланды. Сонымен қатар Оңтүстік Корея жеріндегі партизандармен күресті. Ли Сын Ман асқан жанкештілікпен жүргізді. Елдің әскери қуаттылығы арта түсті. АҚШ Оңтүстік Корея қарулы күштеріне техника мен қару жарақты үсті - үстіне үйіп төкті. Сонымен қатар АҚШ экономикалық жағына да, Оңтүстікке көмегін аямады.

Бірақ та, АҚШ әлемде атомдық қару иелігі жөнінен монополиядан айырылуы және Қытай Халық Републикасы құрылғаннан кейін, Сеулмен ашықтан - ашық әскери одақ құрудан алшақтана бастады. 1950 жылдың 12 қаңтарында АҚШ - тың сол кездегі мемлекеттік хатшысы Д. Ачесон, “АҚШ - тың қорғаныс міндеттемелері тек Жапонияға дейін тарайды, ” - дегенді айтты. Бұдан біз көретініміздей АҚШ, Оңтүстік Корея мен Тайваньды өз қорғаныс бағдарламасынан қалыс қалдырғанын байқаймыз. АҚШ-тың мемлекеттік хатшысының бұл сөзі, Оңтүстік Кореяның одан әрі әскери қуаттылығын арттыруға мұрындық болды. Сонымен қатар Оңтүстік Корея аймағында антикоммунистік елдердің қорғаныс ұйымын құруға талаптанды. Оның негізінде НАТО ұйымы алынды. Бірақ та АҚШ халықаралық жағдайдың өзгеруіне байланысты, Сеулдің антикоммунистік елдердің қорғаныс ұйымын құруына қарсы шықты. АҚШ-тың кейбір саяси тұлғалары Оңтүстік Кореяның бұл қадамын АҚШ - қа жасалған тікелей бейбастақтық ретінде қарады.

Ал енді КХДР - ға келетін болсақ, Пхеньян өзін Корей жарты түбегіндегі халық заңды үкімет, халық сайлаған үкімет ретінде әлемге жариялағанын жоғарыда айтып кеттік. КХДР жақ Сеулді біріккен Кореяның астанасы деп жариялап, Пхеньянды “революциялық Корея астанасы” деп таныды. Солтүстік Кореялық үкіметін социалистік елдер “заңды” деп таныды [13] . Ал КСРО болса, Солтүстік Кореямен 1948 жылы 12 қазанында - ақ дипломатиялық қарым - қатынас орнатқан еді. 1950 жылдың басына дейін әлемнің барлық социалистік елдері КХДР - мен дипломатиялық қарым - қатынас орнатты. КХДР социалистік елдермен дипломатиялық қарым - қатынас орнатқанын желеу етіп, өзін заңды түрде оңтүстікті азат ету мәселесін талқылау жолдарын іздестіре бастады. Сонымен қатар КХДР - дың Жоғарғы жиналысы КСРО мен АҚШ - қа жіберген ашық хаттарында, Кореядан әкетілгелі жатқан шетелдік әскерлерден кейін де, біртұтас Корея жерінде тыныштық орнатамыз делінді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
1950 жылдардағы Азиядағы дағдарыс
АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ ЖЕРІНЕ КҮШТЕП ҚОНЫСТАНДЫРЫЛҒАН ХАЛЫҚТАР
Ақмола облысы аумағына халықтарды депортациялау
Екіжақты және аймақтық деңгейдегі ынтымақтастыққа негізделген АҚШ-тың сыртқы саясатындағы Жапонияның ролі
Соғыс аяқталғаннан кейінгі халықаралық саяси жағдай
КХДР ядролық дағдарысын шешуге қатысушы мемлекеттер мүдделерінің қарама-қайшылығы
Қазақ ауылын кеңестендіру
Корея Республикасы, табибиғаты, тарихы
ҚАЗАҚСТАНДА ТҰРАТЫН ӨЗГЕ ҰЛТТАР МЕН ЭТНОСТЫҚ ТОПТАР
Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі халықаралық жағдай
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz