Алға ауданының топонимикасы


Қазақстан Білім және Ғылым Министрлігі
МӘНЖАЗБА
Тақырыбы: Алға ауданының топонимикасы
Ақтөбе 2015 жыл
Жоспар
І. Кіріспе бөлім. Алға ауданының топонимикасы
ІІ. Негізгі бөлім.
1.
Алға ауданы бойынша жер-су атауларының пайда болу тарихы және оларды аталу ерекшеліктері
2.
Алға ауданының гидронимдері туралы
3.
Бестамақ ауылы және көшелер атауыныі өзгертілуі
ІІІ. Қорытынды бөлім.
Пайдаланған әдебиеттер тізімі.
Қосымшалар.
Кіріспе
Топонимиканың қалыптасуы мен дамуы негізгі үш ғылым саласының (география, тарих, тіл білімі) негізінде жүзеге асқанымен, қазіргі таңда оның географиялық бағыты теориялық және қолданбалы тұрғыда үлкен маңызға ие болып отыр. Сонымен қатар, географиялық білім беруді географиялық атауларсыз елестету мүмкін емес. Ал географиялық атаулар немесе топонимдер топонимика ғылымының басты зерттеу объектісі болып табылады. Осындай үлкен маңызға ие топонимдердің бірі - Ақтөбе облысы Алға ауданының топонимдері болып отыр.
Енді Алға ауданына тоқталатын болсақ , Алға ауданы - 1933 жылы құрылған, Ақтөбе облысының солтүстігіндегі әкімшілік бөлініс. Батысында Қобда, солтүстігінде Мартөк ауданы мен Ақтөбе қаласы, шығысында Хромтау оңтүстігінде Мұғалжар, Темір аудандарымен шектеседі. Аудан орталығы - Алға қаласы. Елек өзені бойы, Орынбор-Ташкент темір жол станциясы бойында орналасқан. Жер көлемі 7, 1 мың км 2 . Халқы 1999 жылғы санақ бойынша 37004 адам. Ал 2008 жылдың 1 қаңтарындағы санақ бойынша 42776 адам болса, 1 маусымның қорытындысы бойынша 43473 адамға жеткен. Ұлттық құрамы: қазақ 79, 1%, орыс 10, 8%, украин 4, 8%, неміс 1, 1% татар 0, 9%[3] . Аудандағы 33 елді мекен, 1 қалалық, 12 ауылдық округке біріктірілген. Олар: Алға қалалық округі, Ақсай, Бесқоспа, Бестамақ, Қарағаш, Қарабұлақ, Қарақобда, Қарақұдық, Маржанбұлақ, Сарықобда, Тамды, Тоқмансай, Үшқұдық ауылдық округтері[4] . 1999 жылы санақ бойынша халқы 1 мыңнан асатын ірі елді-мекендері: Павловка, Бестамақ, Ильинка, Богословка, Аққұдық, Тамды. Ауданнан Ақтөбе-Қандыағаш тас жолы өтеді. Көтерме тас жолдары аудандық округ орталықтарымен байланыстырады. Алға ауданының жері негізінен қыратты жазық (биіктігі 200 - 400 м. ) . Солтүстік-батысында Тасқоралы тауы (биіктігі 386, 7 м. ), оңтүстік-батысында Бесоба тауы орналасқан (биіктігі 324 м. ) . Олардан басқа, Аққұдық, Қарамең, Керуентау, Ақшоқы, Қайқы, Бесоба, Қаратөбе, Нартау, Есет, Тасшоқы таулары бар. Көлдері: Соркөл. Кен қазбаларынан тас көмір, мұнай, фосфорит, құрылыс материалдары, т. б. кездеседі. Фосфориттен минералды тыңайтқыш өндіретін ірі химия заводы болған. Климаты өте континенттік, қысқы суық -16 -17С, жазғы +27 +28С. Жауын-шашынның жылдық мөлшері 200-250 мм. шамасында.
Аудан жерінен оңтүстіктен солтүстікке қарай Елек өзені, Ұлы Қобданың салалары- Сарықобда, Қарақобда ағып өтеді. Тәңірберген, Талдысай, Есет, Тамды, Батпақты, Суықсу, Сазды, Темрей, Ащысай өзендер мен өзекшелері бар. Жері негізінен фосфоритті қара, карбонатты қоңыр, қара қоңыр топырақты келеді. Мұнда негізінен жусан, бетеге, боз өседі.
1937-1947 жылдары аудан өңірінде 70-тен астам ұжымшар болған, кейін солардың негізінде егін мал шаруашылығы бағытында 7 ұжымшар, 3 кеңшар, 1 құс кеңшары, 2 аудандық арнайы ауыл шаруашылық бірлестігі ұйымдасқан. Мал басын арттыруда, астық өндіруде жоғары табысқа жеткені үшін 1967 жылы «Красный колос» ұжымшары Еңбек Қызыл Ту орденімен марапатталған. 1981 жылы ХХ партсъезд-3047, Ильич атындағы-3564, «Красный колос» ұжымшарларында 4437-ірі қара, М. Горький атындағы кеңшарда 23386 қой, Тамды кеңшарында 8989 шошқа болған. Ауданда 1985 жылы 33592 ірі қара, 15914 шошқа, 983 жылқы, 80372 қой, 2000 жылы 28, 1 мың ірі қара, 60 мың қой-ешкі, 71, 1 мың шошқа, 3 мың жылқы болды.
Аудандағы тарихи ескерткіштер мен мешіттер: Тама Есет Көкіұлы, Шәкен, Уәйіс, Данабек, Бақтыбай, Сағидолла, Аралбай, Асқар, Жұмағали, Сыдық, Қараағаш. Алғашқы мектептер 1903 жылы ашылған, олар Бестамақ болысындағы (№4 ауылда Арынғазы, №5 ауылда Табантал, №8 ауылда Тастемір ) 2000 жылы 36 мектеп, оның 21 орта, 12 негізгі, 3 бастауыш, 1 кәсіптік-техникалық мектеп болды. 1 балабақша, 2 клуб, 2 кітапхана, аурухана, шипажай, мәдениет үйі, мұражай бар. "Жұлдыз"- "Звезда" газеті шығарылады, радиотелехабар қабылдайды. Социалистік Еңбек Ері Н. Мынза, Г. Ф. Федорченко қызмет істеген. 1990 жылы реформаға сай 239 шаруа қожалықтары, меншік түрлері бойынша 177 заңды тұлғалар, оның ішінде 85 мемлекеттік, 92 жеке тұлғалар болды. [1]
Алға ауданы бойынша жер-су атауларының пайда болу тарихы және оларды аталу ерекшеліктері.
Қарағаш селолық округі
- бұл аумақ тұнып тұрған тарих, айта берсе таусылмайтын шежіре. Бұл жерлерге кешегі кеңес дәуірі кезінде қонысы осы күнгі Тұзтөбеге жақын жердегі Көгалы, Сөгалы деген жерден қарашекпенділер алып - беріп қойған, атамыз Төребек Таубайұлы жер қарап, жер таңдап жүріп, осы Қарағаш өзенеіне келіп, жерді ұнатып, Орынборға барып, осы жерге аки жасатып әкелген. Ол кісі 1814 жылы туған. 77 жасында қайтыс болған. Қазіргі Бесобада(Торф) жерленген, құлыптасы тұр. Ол кісі 40 жасында келіп, осы жерде 30 жылдай қоныс тепкен. Бұл жердің қоныстануына 2006 жылы 150 жыл толды. Бұл жердегі Қарағашты "Төребек Қарағашы " дейді. Екінші Қарағаш - Мәртөк ауданында.
Бұрынғы Қарағаш ауыл советіне қараған колхоздар:
ҚҰМДАҚТЫ ҚЫР
- Оның аумағына Бесоба елді мекені (Торф) кіреді. Осы жерден Қарағаш өзені бастау алады, негізгі басында үлкен су көзі бар. Аймағы Батпақты өзені, жері батпақ, өту қиын болған соң батпақты деп атаған. Құмдақты қыр дейтыін себебі - қыр тек құмнан тұрады.
Бесоба аумағында Соркөл болды, аумағы 20 гектардай, қазір ол жер кеуіп, жоқ болуға айналды. Осы жерлерде "Аққұдық", "Ортаңғы құдық" деген жерлер болған. Қазіргі таңда Аққұдық деген жер жоқ. Ал Ортаңғы құдық бар, ол қазіргі артезиан немесе Құмдақты қыр су қоймасы. Осы су қоймасынан Ақтөбе қаласына су тартылып жатыр.
Бұл жерлердің Қара сулары: Иман, Базарғали, Есентемір сулары қазір бар.
Сайлар: Тайкешкен, Тасқұдық, Бекіқұдық, Бесқұдық, Құмсай, Жидексай деген үлкенді-кішілі сайлары бар.
Бұлақтар: Жауқашар, Мәмбикүл, Тұрлыбай деген бұлақтары бар.
Қарағаш
- бұның бастауы жоғарыдан алатын болған соң ортаңғы Қарағаш делінеді.
Қара су: Оразбай
Сайлар: Жұлқабай, Айтжан, Айтмағанбет.
Суық су: бұл Суық су жерін Қарағашпен қосфп, кезінде "Ударник" деп Тамды МТС-на қаратты. Суық су деп аталатын себебі: бастауын бұлақтан алады, Мұздай бұлақ болған соң Суық су өзені дейді.
Сайлар: Наурызәлі, Тіксай.
ҚЫЗЫЛ ӘСКЕР
-Бұл Ақжар өзенінің жерінде, Яғни Ақжар ауылы. Ақжар өзені бастауын Көкбұлақтан алады. Ақжар аталу себебі: Жоғарға жаған Үлкен Ақжар, Кіші Ақжар дейді. Негізі ақ бордан жаралған табиғи құбылыс.
Қара су:Біржан
Сай:Жанқара
Сонымен бірге ауылдың батысында Өтеш деген ауыл болды. Құдығы, бөгет орны қазір бар.
МОЛОТОВ
- Батпақты өзенінің бойында қүрылды, Ахметкерей ауылының негізі болып саналады. Ахметкерей Қосуақов 1857 жылы, Ақтөбе уезіне қарасты Батпақты ауылында, яғни осы Қарағаш ауылында Қосуақ деген жәй шаруаның шаңырағында дүниеге келген.
Сай:Ахметкерей сайы.
ҚАЙЫҢДЫСАЙ ауылы - қайың көп өскен аймақ. Орыстар Березовка деп атап кеткен. Облыстық әкімдік пен мәслихаттың №202/380 бірлескен шешімімен және қаулысымен Қайыңдысай болып 2007 жылдың шілденің 11 жұлдызында өзгертілді.
Алға ауданының гидронимдері: тарихы, сипаты
1. Адам аттарына байланысты.
Тәңірберген - өзен, елді-мекен атуы. Ақтөбе облысы, Алға ауданындағы өзен, су атауы. Бұл сөздің мән-мағынасын қарастырсақ, онда бірінші құрамдағы тәңір - "құдай", екінші құрамында берген - "берген" мағынасында. Яғни бұл екі құранды қосымшалар қосылып, "құдай берген" атауына сай келеді. Бұл да адам атын құрметтеу үшін аталған есім.
2. Жер аттарына байланысты:
Қотыртас
- Ақтөбе облысы, Алға ауданындағы су аты. Этимологиялық мағынасы "тілінген және қабысқан тастары" жағалаудың көп бөлігін алып жатқан су атауының мағынасы. Бұл аттас топоним Көкшетау қаласында кездеседі.
Тамды
- Ақтөбе облысы, Алға, Қобда аудандарындағы өзен, елді-мекен атаулары. Бұл атау түркі тіліндегі келесі компоненттен тұрады. "Там"+"ды". "Там" сөзі "саз балшықтан немесе кірпіштен салынған қабырға" болса "ды" қосымшасы сл салынған қабырғаның тұрған жерін көрсететін аффикс. Осы сөз балшықтан салынған қабырғаның тұрған жерінің айналасындағы өзен атаулы осы атпен атап кеткен. Жамбыл облысында да осы аттас елді-мекен атуы бар.
3. Табиғат атаулары мен өсімдік атауларына байланысты гидронимдер.
Сазды
- Ақтөбе облысы, Алға ауданындағы су атауы. Бұл атау да екі компоненттен тұрады. "Саз" +"ды". Атаудың мағынасы бұл су сазды жерде орналасқан соң, "сазды" деп атап кеткен.
Ақсай
- Ақтөбе облысындағы (Ырғыз, Алға, Қобда) өзен, елді-мекен атаулары. Бұл атауды кейбір ғалымдар "ақсу" деп қарастырады. Түркия мен Әзірбайжан тілдерінде "сай" тұлғалары "чай" түрінде келіп, "өзен" (су) мәнін береді.
Елек
- Ақтөбе өңіріндегі өзен атауы. Түркі тіллінде "йел" (жел) тұрғысында сын есімдік -ек жұрнағын жалғау арқылы жасалған атау. Әуелде, сол аймақтың "желмен " байланысты болды. Көне түріктің "Челек" атауымен пара-пар. Нұрмағанбетов: "бұл көне атаудың шығу төркіні мен мән-мағынасы жайлы әрқилы пікір, жорамал бар", -дейді. А. Әбдірахманов: "Герадотта Лик деп аталатын осы Елек (Илек) деген өзені болса керек. Өйткені Ор, Ырғыз, Елек, Ертіс өзендері бір-біріне жақын орналасқан. Бұл сөздің бастапқы түрі Илек болуы ықтимал", -дегенді айтқан. Ғалымның бұл пікріне келісуге болмайтын басты жайт- Електі "Лик өзені" деуі қате. "Бастапқы түбірі "Илек" болуы ықтимал", -деген ойы көкейге қонымды. Себебі құрамында "іл, ыл" бар өзен аттары жерімізде аз емес. Мсылы, Іле, Есіл, Еділ, Ойыл т. б. "Елек" (Ілек) атауының бірінші сыңарындығы "ел" (іл) сөзінің мағынасы да "су, өзен" дегенге саяды, ал екінші сыңарындағы "ек"- бұл жерде топоним жасаушы қосымша. [2]
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz