Жапон отарлау саясатына қарсы корей халқының ұлт-азаттық көтерілісі


Пән: Жалпы тарих
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

Жапон отарлау саясатына қарсы корей халқының ұлт-азаттық көтерілісі.

1 Наурыз Демонстрациясы.

Бұрынғы Кочжон императордың өлімінен кейін, «Токиялық корей жастарының егемендік ұйымының» Жапонияда білім алып жатқан корей студенттері тәуелсіздік декларациясын дайындады. Бұл жазбаның авторы болашақ корей жазушысы Ли Гвансу болды. 1919 жылдың 8 тамызында 600-ге жуық студенттер Корейлік протестант жастардың жиналыс залында Декларацияны баяндап, оны Жапон императорына тапсыру туралы шешім қабылдады. Декларация төрт негізгі бөлімнен тұрды: корей халқына тәуелсіздік беру; Корей Ұлттық жиналысын шақыру; Париждік бейбіт конференциясында Кореяның өз тағдарын өзі шешуге рұқсат берілуі; және бұл талаптар орындалмаса, корей халқының көтеріліске шығатыны жөнінде айтылды. (Негізінде Декларация мәтінінде 1917 жылы болған Қазан төңкерісінің тиімді тәжірибесінің тікелей нұсқауы жатыр) Алайда жиналыс залына жапондық полиция басып кіріп, 60-қа жуық адам тұтқындалды. Бұл туралы жаңалық барлық Кореяның түкпір-түкпіріне жетті.

Корея тәуелсіздігін қайта қалпына келтіру мақсатында жаппай халықтық көтеріліске дайындала бастады. Дайындықты бастамашыл топтар басқарды, соның ішінде басшылардың бірі болып чхондоге дінін ұстанушы патриарх Сон Бенхи және корей христиан протестанттарының өкілі Ли Сынхун болды. 1919 жылы 1 наурызда орталық Сеул саябағында митинг ұйымдастырып және сол жерде жаңа Тәуелсіздік Декларациясын оқып беру туралы шешім қабылданды. Оның дайындығы болашақ корей тарихшысы және жазушысы Чхве Намсонға тапсырылды. 27 ақпан күні Тәуелсіздік Декларациясының 20 мың данасы басып шығарылды. Сеулдің діни ұйымдар, мектеп және қала тұрғындар мен қонақтары арқылы шараға дайындық туралы хабаланды. [1]

1 наурыздың таңында саябаққа 4 мыңға жуық адам жиналды. Сағат 2 лер шамасында Сегіз қырлы павильон (Пхалъгакчон) алдында корей ұлттық жалауы тхэгыкки жазылды. Сонымен Сеулдегі мектеп түлектерінің бірі Чон Чжэен, 33 корей ұлтының өкілдері қол қойған (оның 29-ы Сеулде болғанымен, митинг өтіп жатқан жерге келе алмады) Тәуелсіздік Декларациясының мәтінін салтанатты түрде оқып шықты. Декларацияның мәтінің рухани жағынан бейбітшілікті жақтайтындай етіп құрастырылған. Корей халқы Жапонияға егерде Кореяға тәуелсіздігін қайтып беретін болса, жапон халқының өзінеде жақсы болатыны туралы мәлімдеді. Декларация мәтінін төрт бөлімге[4] : 1) Корей тәуелсіздігін жариялау; 2) Жапонияның корей халқына зорлық көрсетпеу және Кореяны достықты және бейбітшілікті жақтайтын дерджава ретінде қабылдау туралы; 3) Корей халықының тәуелсіздігін қалпына келтіру негізінде әлемдік даму тенденцияларын негізін көрсету; 4) Тәуелсіздікті қвлпына келтірудің амал-тәсілдерін айқындау;

Декларация мәтінін оқып болғаннан кейін, саябақта мынадай ұрандар: «Тәуелсіздік жасасын!». Жиналған студенттер аспанға бас киімімдерін лақтырып, биледі. Қарсы қозғалыс күші Сеул көшелерін шайқалтты. 1 наурыз туралы хабар көзді ашып жұмғанша барлық мемлекетке тарады және демонстрация барлық корей халқынан қолдау тауып, мақұлданды. Сол кезеңдегі 218 уезге бөлінген Кореяның, 211-де елеулі көтерілістер болды.

Қағида бойынша, наурыз көтерілісі айтарлықтай бейбіт түрде өтті. Халық мектептер мен жергілікті әкімшіліктердің алдында Декларацияны оқып, «Тәуелсіздік жасасын!» деген ұрандармен ғана шектелді. Алайда, барлық корейліктер бейбіт жолмен шешуге талпынбады. Тек 4 наурыздан бастап-ақ Пхеньянда шаруалар көтерілісі болса, ал 9 наурызда Сеулде жапон отаршылдығына қарсы барлық корей дүкендері жұмыс жасамады. Ал 5 наурыз күні 100 мыңнан астам адам қатысқан жаңа демонстация орын алды. Полиция көтерілісшілерді қарумен қарсы алды. Бұған қарсы Пхеньянда, Саривонда, Кунсанда, Кэсонда, Тэгуде, Чхорвонда, Кванджу және Ворсанде көтерілістер болды. Сеулде 9 мен 29 наурыз аралығында қоғамдық көліктердің жүргізушілері ереуіл ұйымдастырды. Оның ішінде 800 сеулдік теміржолшы, 1500 «Тао» темекі фабрикасының шаруалары, пхеньян электро компаниясының шаруалары ереуіл ұйымдастырса, «Хэйдзё когёсе» заводының пхеньяндық шаруалары сәуір айына дейін созылған жаппай ереуіл туралы жариялады. [1. ] Және де полициялармен қақтығысқа түскен жерлерде болды, оның ішінде ауылдық жерлердің шаруалары полиция учаскелеріне шабуыл жасалған жағдайларда тіркелді.

1919 жылғы 1 наурыз халық қозғалысының хронологиясы [6]

Провинциялар
Қозғалыстың басталуы
Соңғы қозғалыстар
Провинциялар: Кёнги (Астаналық)
Қозғалыстың басталуы: 1 наурыз
Соңғы қозғалыстар: 23 сәуір
Провинциялар: Канвон
Қозғалыстың басталуы: 2 наурыз
Соңғы қозғалыстар: 21 сәуір
Провинциялар: Солтүстік Чхунчхон
Қозғалыстың басталуы: 19 наурыз
Соңғы қозғалыстар: 19 сәуір
Провинциялар: Оңтүстік Чхунчхон
Қозғалыстың басталуы: 3 наурыз
Соңғы қозғалыстар: 12 сәуір
Провинциялар: Солтүстік Чолла
Қозғалыстың басталуы: 3 наурыз
Соңғы қозғалыстар: 13 сәуір
Провинциялар: Оңтүстік Чолла
Қозғалыстың басталуы: 3 наурыз
Соңғы қозғалыстар: 18 сәуір
Провинциялар: Солтүстік Кенсан
Қозғалыстың басталуы: 8 наурыз
Соңғы қозғалыстар: 28 сәуір
Провинциялар: Оңтүстік Кенсан
Қозғалыстың басталуы: 3наурыз
Соңғы қозғалыстар: 29 сәуір
Провинциялар: Хванхэ
Қозғалыстың басталуы: 1 наурыз
Соңғы қозғалыстар: 16 сәуір
Провинциялар: Оңтүстік Пхенан
Қозғалыстың басталуы: 1 наурыз
Соңғы қозғалыстар: 11 сәуір
Провинциялар: Оңтүстік Хамген
Қозғалыстың басталуы: 1 наурыз
Соңғы қозғалыстар: 8 сәуір
Провинциялар: Солтүстік Хамген
Қозғалыстың басталуы: 1 наурыз
Соңғы қозғалыстар: 19 сәуір

Келтірілген статистикалық мәліметтерде көрсетілгендей Кореяның солтүстік және орталық аудандарда басталып, бірақ ерте жаншылғаны туралы, ал осы уақытта оңтүстік аудандарда қозғалыстардың кеш басталғандағын көреміз.

Көтерілістердің санына 1542 жетсе, ресми түрде көтерілісшілердің саны 2 млн. астам адам болды. [2] Ал Кореяның жаңа мәліметтеріне сенетін болсақ, 10 млн. адам қатысқан. (Ланда) . 8000 мыңға жуық адам өлтірілсе, кейбір деректерде 7500 мыңнан астам қаза болды деген мәліметтер кездеседі. Жәнеде 16000 адам жараланып, 47000 адам(Хань), ал кейбір деректерде 53000 адам түрмеге жабылған. (Ланда) Бұл дегеніміз тек қана ресми тіркелгендері деп алатын болса, ресми тіркелмегені қаншама?! Жәнеде 16000 адам жараланып, 47000 адам түрмеге жабылды. [3]

1 Наурыз көтерілісі тек Сеулде ғана емес, сонымен қатар бір мезгілде және тіпті Декларацияның мәтіні алғаш оқылған Пхеньян қаласындада болып өтті. Негізінде көтеріліс осы екі қаладан бастау алып, барлық мемлекетке хабар жетті. [7]

Корея тарихында маңызды рөлге ие болған Бірінші наурыз көтерілісі мықты деген Қытай, Үндістан, Иран, Түркия, Египеттегі ұлт-азаттық көтерілістердің бөлігіне айналды. Бұл көтерілістерде барлық таптың өкілдері және корей қоғамының бетке ұстарларыда ат салысты. Жұмысшылардың көрсеткіші 40%-ды құраса, шарауалардың көрсеткіші 50-60 %-ды, ал қалған интеллигенция 20 %-ға жуық бөлікті құрады. [2]

Бірінші наурыз көтерілісі тек қана таралған аумағымен ғана емес, соның ішінде жоғарыда айтып өткендей қатаң таптық бөлініс орнаған мемлекетке тәуелсіздік үшін таптырдың бірлесіп жұмыс жасауы үлкен рөлге ие. Наурыз көтеріліс, көтерілістен де артық болды. Бұл қозғалыста буржуазиялық-демокрациялық революцияның элеметтері көрінеді. [8] .

Біріншіден, 1910 жылғы аннексия тек монархияға ғана емес, сонымен бірге Кореяны тәуелсіздігінен айырды. Осылайша1 наурыз қозғалысы «тәуелсіздікті қалпына келтіру» мақсатында көне басқару түрі монархияға емес, жаңа басқару түріне талпында. Бұл дегеніміз буржуазиялық республика ғана болуы мүмкін.

Екіншіден, Тәуелсіздік Декларацияның бөлек үзінділерінің бірінде корей демонстраторлары жаңа Кореяны республика ретінде көрген.

Үшіншіден, жоғарыда айтылғандай қозғалыс тек қана бейбіт түрде өтпеді. Себебі бұл көтеріліс полициялармен қақтығысқа түсіп, қарумен басылып отырды. Корей тарихшысы Пак Ынсиктің мәліметтеріне сүйенсек, 1919 жылдың 1 наурызы мен мамыр айының соңына дейінгі көтерілісті басу кезеңінде жапондықтар 7509 адамды өлтірсе, 15961 адам жараланып, 46948 адам түрмеге жабылған және 48 шіркеу, 2 мектеп, 715 үй өртелген.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жапонияның Корей халқына үстемдік жүргізуі
1915-1945 жылдар аралығындағы Корей халқының Жапон отарына қарсы ұлт азаттық қозғалыстары
ХХғ. Азия және Африка елдерінің әлеуметтік жағдайына сипаттама
Ұлы державалардың Қиыр Шығысқа шабуылдары
Дүние жүзі тарихы
Отаршыл үкіметтің тұсында қазақтың ана тілінде жарық көрген басылымдар
Ұлы Морав мемлекеті
Абылай хан, әбілмансұр (1711-1781)
XIX ғасырдың соңы мен XX ғасырдың басындағы Қиыр Шығыстығы халықаралық жағдай
Цинь империясының сыртқы саясатының кезеңдері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz