Ойыл уәлаяты


Ойыл уәлаяты, Ойыл өңірі сыр шетеді, Ойыл даласы.
Ұлан-байтақ Қазақ Елінің барлық өңірлері сияқты Ақтөбе өңірінің де кәрі тарихы өз бастауын есте жоқ ескі замандардан алады. Еуразияның асыл белдігі сияқты Ұлы Даланың орасан зор аймағын қамтитын Ақтөбе жерінің тау-тасы мен өзен-өткелі, көлі мен шөлі, киелі топырағы небір тарихтың, осы құрылықты мекендеген жүздеген ұлттар мен ұлыстардың талайына бұйырып, маңдайына жазылған талай тағдырлардың, небір қанкешулер мен қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған бақытты дәурендердің куәсі болғанына дау жоқ.
ХІХ ғасырдың ортасы мен ХХ ғасырдың басында Батыс Қазақстанда Орал облысының территориясында сауда қатынастары ерекше қарқынмен дамыды. Орал, Гурьев қалаларында жәрмеңке саудасымен қатар тұрақты сауда өркендеді. Әсіресе, Темір (Қарқамыс), Ойыл (Көкжар) жәрмеңкелері қазіргі Ақтөбе облысының территориясында сауда қатынастарының дамуына, жергілікті сауда буржуазиясының қалыптасуына зор әсерін тигізді.
Ойыл- ежелден қалыптасқан көне қала. Ойыл (Көкжар) -1930 жылдан бері қарай Ойыл ауданының орьалығы болып саналады. Ойыл- ертеде жібек жолы бойына орналасқандықтан керуен-керуен жүк өткен тарихи орын. Аты әлемге тараған Көкжар жәрмеңкесі осы Ойыл орталығында жылына екі мәрте өтіп, тауар айналымы жөнінен сол кезбен салыстырғанда басқа да атышулы жәрмеңкелерден басым түсіп, теңесіп отырған. Жәрмеңке Ойылдың гүлденуіне үлес қосты. Қазірде село орталығында қыштан тұрғызылған ғимараттар өзінің ерекше архитектурасымен қазіргі ғылымды таң қалдырады. Ұзыннан шұбақ сауда орындары, жеке үйлер әлемде теңдесі жоқ сапалылығымен құнды ескерткіштер қатарына жатқызылып, күтімге алынған. Осындағы мешіт үйі жаңартылып, халыққа қызмет етеді. Тарихын тереңнен алатын Ойыл топырағында ежелгі жер аттары сақталған. Оның ұрпақтың жадынан бүгінге дейін жетіп, тарихи мәнін жоғалтпай отырғаны қуантады.
Ойыл 1918 жылы Алашордалықтарға облыс орталығы болған. 1921 жылы Орал облысынан бөлініп, құрамында 14 болысы бар аудан атанып, 1922 жылы тарап кетеді. 1927 жылы Адай уезіне біріктіріледі. Ал, 1928-30 жылдары Алтықарасу ауданы атанған. 1930 жылдан Ақтөбе округіне, кейін облыс құрамына қарады. Облыстың батысында, Атырау, Орал облыстарымен шекаралас. Жер көлемі 11, 4 ш/км, 6 ауылдық округке бөлінген. Аудан жері негізінен жазық, шығыс жағы төбелі, қырқалы, жері қызыл қоңыр топырақты, сораң және құмды келеді.
Ауданда Ойыл, Қиыл, Ащы, Ойыл, Жақсыбай, Құырдақты өзендері, Барқын құмдары, Жекенді, Құтыкөл, Тамдыкөл кішігірім көлдері, Құсмұрын, Қаражар, Қарауылтөбе, Қаратау, Орындықтау биіктері бар. Қарауылтөбе, Ақшатау шоқыларының құрылыстық ақ бор алынады.
Ойыл өзенінің оң жағасында орналасқан Ойыл селолық округінде төрт ірі елді мекендер бар. Олар: Ойыл, Ақшатау, Қаракемер, Екпетал. Сондай-ақ іргілі-кішілі Жаңабоз, Добров, Кералы, Сарат, Жұмыртқалы, Кішіащысай, Санаторий, Тартоғай, Тайлақбай, Еңсеген, Ащықара елді мекендері орналасқан. Батысында Сарбие, Солтүстігінде Саралжын, оңтүстік шығысынды Қаратал, оңтүстігінде Көптоғай селолық окрутерімен шектеседі. Селолық округтің жерін негізінен жазықты. Шығыс жағында Екпетал орман алқабы, Барқын құмы бар. Батысында Қарауылтөбе, Орындықтау, Қаратау, Ақшатау биіктіктері көз тартады.
Ойыл мешіті-1893 жылы салына бастады. Іргетасы жабайы таспен төселіп, тастама белдіктері түйе арбамен Орынбордан тасылған қызыл кірпіштен қаланған. Алғашқы бас имамы Ізтілеуов Сағидолла-араб, парсы, орыс тілдерін игерген сауатты адам. Одан кейінгі имам-хазірет Хасан. ХХ ғасырдың 30-жылдары мешіттің діни белгілері қиратылып, драма театры үйіне, техникалық-шаруашылық қоймаға айналдырылды. 1999 жылы жөнделіп, қайтадан мешіттік қалпына келтірілді.
ХІХ ғасырдың екінші жартысынан бастап жұмыс жасаған Ойыл (Көкжар) жәрмеңкесі Батыс Қазақстан территориясында сауда қатынастарының дамуына ерекше үлес қосқан сауда орталығы болды.
Батыс Қазақстан өңіріндегі ең ірі сауда орталығының бірі- Ойыл бекінісіндегі Көкжар жәрмеңкесі. Көкжар жәрмеңкесі туралы негізгі ережелерді 1866 жылы 7- қыркүйекте Ресей ішкі істер Министрі бекіткен. Көкжар жәрмеңкесі ресми түрде 1867 жылы Орал облысының Қазбек болысында көктемде ашылды. Бұл туралы Қазақ даласындағы басқару ережелерінің жобасын дайындау комиссиясы өзінің түсіндірме жазбасында былай деп атап көрсетті: «Бастықтардың рұқсатымен бірінші рет 1867 жылғы көктемде Орынбор даласындағы Ойыл өзенінде ашылған жәрмеңке мейлінше қанағаттанарлық нәтижелер берді. Оған шамамен 250 мың сом тұратын тауарлар әкелінді, олардың 100 мың сомнан астам тұратыны сатылды және айырбасталды, жәрмеңкеде 20 мыңға дейін әр түрлі мал сатып алынды . . . ».
1867 жылы Қазбекте ашылған Ойыл жәрмеңкесі туралы «Уральские воисковые ведомости» (№ 31, 1867ж. ) газеті: «Жәрмеңкенің ашылуының қазақтар үшін пайдасы өте зор. Жәрмеңке қазақтарды Орынбор, Самара, Орал көпестерінің қазақ далаларына өз товарларын айырбастап, сатуға жіберген ұсақ приказчиктерінің қанауынан құтқарады», -деп атап көрсетті.
Деректерде алғашқы керуен жолының Ойыл бекінісінің шығысындағы Кенен атты жерден өтетіні келтіріледі. Кененннен Қазбек шатқалына ауыстырылады. Қазбектен Ойыл бекінісінің шығысына қарай 70 верста жердегі Барқынқұмға ауыстырылып, осы жерде арнайы керуен сарай тұрғызылады. Орыс құжаттарында келтірілген деректер бойынша жәрмеңке Ойыл бекінісіне Барқын құмынан емес, Қазбектен көшіріледі. Барқын құмы мен Қазбектің арасы әжептәуір. Осы арада бір мән бар. Біріншіден, Орал облысының әскери губернаторы Веревкин 1865 жылғы 17 шілдеде Орынбор генерал-губернаторы Крыжановскийден Барқындағы жәрмеңкені Ойыл бекінісіне көшіруді өтінсе, төрт жылдан кейін, яғни 1869 жылғы 14 шілдеде сол Веревкин сол Крыжановскийге бұрын Қазбекте болған жәрмеңке биылғы күзден бастап Ойыл бекінісіне көшіріледі деп хабарлайды. Торғай генерал-губернаторының 1869 жылғы 12 наурызда Веревкинге жазған хатында "Қазбекте мамыр айында 1867 жылы ашылған жәрмеңке өтуі керек еді, бірақ оны "Ережеге" қарсы көтерілгендер қиратып тастады деп шағынуына қарағанда, сол жылдарда жәрмеңкенің Қазбекте өткені ақиқат. Ендеше жәрмеңке Қазбектен бұрын Барқын құмында өткізілген болып шығады. Арнайы керуен сарайы кез келген жерге салына бермейді, демек Барқын құмының астында қала жатыр деген аңыз-әңгіме шыққанда жақындай түседі. Олай болса, жәрмеңкенің сол керуен сарайынан кейін Қазбекте болуы және Қазбектің атақты "Қырымның қырық бытыры" жырында аталуы көп жайтты аңғартса керек.
Көкжар жәрмеңкесінің тарихын әріден емес, құжаттарға көбірек түскен ХІХ ғасырдың соңғы жылдарындағы оқиғалар аясында өрбітсек, аталған жәрмеңкенің экономикалық та, саяси да қызу тартырстар ошағы болғанын көреміз. Миссионерлік пиғылдағы зерттеушілер мен патша шенеуніктерінің жәрмеңке орналасқн жерді Ресей мен Орта Азия елдерінен шыққан керуендер түйіскен жер, орыс мұжықтарын қоныстандруға таптырмайтын өлке деп бағалауы тегін емес-ті. Ол, бір жағынан, керуен жолындағы елдердің саудасын жүргізіп, қазіргі тілмен айтқанда нарқты меңгеруіне игі ықпал етсе, екінші жағынан империялық саясаттың бодан елге баса-көктеп кіруінің бір көрінісі еді. Сондықтан жәрмеңкенің салынуын жергілікті халық екі ұдай қабылдады. Бірі қару алып қарсы шықса, екіншісі жәрмеңкенің құрылысына тікелей ат салысты.
Көкжар жәрмеңкесі Ресей әкімшілігінің бастамасымен, солардың қазақ даласын отарлау мақсатында салынды. Орал облыстық басқармасының әскери губернаторы Веревкиннің 1869 жылығы 7 қыркүйектегі өкімімен бекітіледі. Ресей әкімшілігі жәрмеңкенің құрылысынан бастап, ондағы орыс ұлтты тұрғындардың тұрмысына дейінгі барлық күнделікті тіршілікті жіті қадағалап отырды.
Бекіністе алғашқы сауда жәрмеңкесі 1869 жылдың 9 мамырында басталды. 15 мамырда Орал облысының тарихына ерекше әріппен жазылып қалды деп ойлаймын. Орал облысының аумағында тұңғыш рет қазіргі заман талабына сай керуен сарайы тұрғызылды. Саудагерлер мен көпестерге барлық жағдай жасалынды. Алғашқы жәрмеікенің ашылу салтанатына орайластырып, ат жарысы ұйымдастырылды
Жәрмеңкенің алғашқы өткізілген орыны сауда ісінің жоғарғы талаптарына онша сай емес болғандығына байланысты Көкжар жәрмеңкесінің орны ауыстырылды. Осы мәселеге байланысты Орал облыстық басқармасының әскери губернаторы, генерал - майор Веревкин Орынбор генерал - губернаторына 1869жылы 29- қарашада: « үстіміздегі жылдың 15-қыркүйегінен 15-қазанына дейін жаңа орында, Барқын жерінде болған күзгі Ойыл жәрмеңкесінің сауда барысы туралы мәліметтер бере алады» . . . деп баяндап жәрмеңке орналасқан жердің ауысқаны туралы нақты дерек береді.
Көкжарда саудаға алғашқыда тауар алмасу түрінде жүргізіледі және сауданың мұндай түрі ойылдықтар үшін шекаралас Орынбордың айырбас сауда базары арқылы дамыды. Бұл базардың өзі басында Орта Азия байлары мен орыс көпестерінің бір-бірімен тауар алмасуына қолайлы мүмкіндік жасау мақсатында ашылған-ды. Оның құрылысының қай жылы басталғанын орыс зерттеушілерінің өзі нақтылап айта алмайды, тек 1758 жылы аяқталған болуы мүмкін деп болжам жасайды. Ал белгілі әдебиетші-жазушы Ғ. Ахмедов оның Неплюевтің бұйрығымен Жайықтың шығыс бетінде, қаладан жеті шақырым жерде салынғанын, іргесі 1807 жылдан бастап қаланғанын айтады.
Бірақ соңғы дерек күдік келтіреді, өйткені орыстың белгілі тарихшысы А. И. Добрамысловтың жазбаларына қарағанда, Орынбор губерниясы 1744 жылғы 15 наурызда құрылып, оның алғашқы губернаторы болып И. И. Неплюев тағайындалды. Және И. И. Неплюев 1764 жылы отставкаға кетті. Ендеше отставкаға кеткеніне 43 жыл болған генералдың бұйрғымен айырбас сауда базарының салынуы ақылға қонбайды. Дегенмен, бұл базардың Ойылдың саудагерлері үшін айрықша маңызды болғаны сөзсіз.
ХІХ ғасырдың соңғы жылдарына таман Көкжар жәрмеікесінің дамуына айтарлықтай ықпал еткен Орынбор айырбас сауда базарының дәурені өте бастады. Орынбор әскери округінің таратылып, 1885 жылы арғы Каспий темір жолының тартылуы аталған айырбас сауда базарының бәсін күрт төмендетіп жіберді. Сауда айналымы онда 1878 жылғы 6 223 537 сомнан 1892 жылы 2 735 765 сомға құлдырап кетті.
Қостанай мен Ойылда халықтың саны көбейіп, олар қала деңгейіне жетті. Қазақтар малын, басқа да шикізатын алып енді сонда, әсіресе Ойылға көбірек ағылатын болды. "Ойылда қазір ғажайып сауда корпустары, тауар сататын дүңгіршектер мен қоймалар тез бой көтеріп келеді. Әрқайсысында 9 дүңгіршектен тұратын 18 корпустің қазір 15-і дайын болды. Ойылда 1893 жылғы екі жәрмеіке де қызу өтті. Орынбордағы айырбас сауда базарымен салыстырғанда мұнда мал үш есе көп әкелінді. Жүн мен теріні сатып алушылар оны қолдан қолға тигізбей әкетіп жатыр. Ойыл жәрмеңкесінде сауда-саттық жүргізудің мәні жыл сайын тез күшейіп барады. Сондықтан осы жәрмеңкенің мән-маңызан жете түсінген Рязань-Орал темір жолы қоғамы Ойыл мен Орал арасына темір жол тартуды ұсынып отыр" деп жазды О. Гельмголц.
Осы материалда көрсетілгендей, 1893 жылы 18 корпустың 15-нің ғана дайын болғанына қарағанда, жәрмеңке құрылысы кейбір мәліметтерде көрсетілгеннен ұзақ мерзімге созылған сияқты. Және О. Гельмгольцтің соңғы дерегі Орал губернаторының "Менің атыма Орал және Рязань темір жол желісі әкімшілігінің тарапынан ұсыныс түсіп, өз қызметін бастап та кетті. Олар Закаспий темір жол торабының бір тармағын Сағыздың бастап Ойыл бекінісі арқылы Орынборға тура жол салынса, бұл істің бәріміз үшін пайдалы болары хақ. Өлке қазақтары Орынбордан гөрі Ойыл жәрмеңкесіне малдарын сатқанды қалайды. Басты себеп, жәрмеңкенің дала қазақтарына жақындығы, екіншіден аймақтың мал бағуға жайлылығында" деген хабарламасында қайталанғанмен, Ойыл мен Орал арасын қосуға тиіс темір жолдың тартылмай қалғаны белгілі.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz