Ойыл өңірінің топонимикасы мен этимологиясы


Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

Ойыл өңірінің топонимикасы мен этимологиясы.

Аралкаспий облысы - неғұрлым кеңінен қосып қарастыратын болсақ, Ақтөбе облысы, мұндай Батыс Қазақстан облысының маңызды құрамдас бөліктерінің бірі. Ғасырлар бойы бұл аумақ кейбір дәрежеде Азия және Еуропа секілді ірі континенттердің түйісу орталығы болып табылады, бұл жерде «Ұлы дала белдеуі» халықтың қозғалыс бағыттары жүрді. Әрине, атап айтқанда, қазақ халқының этногенезі бұл облыспен тығыз байланысты, әсіресе Кіші жүз тарихымен.

Қазақстанның географиялық атауларының тарихы, атап айтқанда, Ақтөбе облысы Қазақстандағы қазіргі ғылымның ең күрделі және қызықты проблемалардың бірі болып табылады. Оны зерттеу арқылы тарихи-өлкетанудың күрделі проблемалары, облыс тарихы бойынша ежелгі кезеңнен бастап қазіргі заманға дейінгі этникалық шығу тегі қарастырылады. Топонимика негізінен ландшафт ерекшеліктерін, яғни бүкіл экология, өлке тарихын және қазіргі уақытта топонимикалық жүйелердің ағымдағы жай-күйін сипаттап, оның даму үрдістеріне талдау қажеттілігін көрсетеді.

Жаңа заман ( XVIII басы- XX ғғ . ) Батыс Қазақстан үшін Әлімұлы, Байұлы және Жетіру, үш негізгі тайпалық одақтардың өкілдері қазақтардың Кіші жүздің этникалық қоныс тарихына байланысты . Олардың тарихы және тағы да басқа Орталық Азия ( түрікменстан, өзбек, қарақалпақ, қырғыз ) , Еділ ( башқұрттардың, татарлар, қалмақтар ) , славян халықтарының (орыс, украин ) , орыс казактар ​​, халықтар қарым-қатынасы болып табылады.

Ұлан-байтақ Қазақ Елінің барлық өңірлері сияқты Ақтөбе өңірінің тарихы өз бастауын есте жоқ ескі замандардан алады. Еуразияның асыл белдігі сияқты Ұлы Даланың орасан зор аймағын қамтитын Ақтөбе жерінің тау-тасы мен өзен-өткелі, көлі мен шөлі, киелі топырағы небір тарихтың, осы құрылықты мекендеген жүздеген ұлттар мен ұлыстардың талайына бұйырып, маңдайына жазылған талай тағдырлардың, небір қанкешулер мен қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған бақытты дәурендердің куәсі болғанына дау жоқ.

Топонимика-этимологиясы. Ойыл - ежелден қалыптасқан көне қала. Ойыл (Көкжар) -1930 жылдан бері қарай Ойыл ауданының орталығы болып саналады. Ойыл- ертеде жібек жолы бойына орналасқандықтан керуен-керуен жүк өткен тарихи орын. Аты әлемге тараған Көкжар жәрмеңкесі осы Ойыл орталығында жылына екі мәрте өтіп, тауар айналымы жөнінен сол кезбен салыстырғанда басқа да атышулы жәрмеңкелерден басым түсіп, теңесіп отырған. Жәрмеңке Ойылдың гүлденуіне үлес қосты. Қазірде село орталығында қыштан тұрғызылған ғимараттар өзінің ерекше архитектурасымен қазіргі ғылымды таң қалдырады. Ұзыннан шұбақ сауда орындары, жеке үйлер әлемде теңдесі жоқ сапалылығымен құнды ескерткіштер қатарына жатқызылып, күтімге алынған. Осындағы мешіт үйі жаңартылып, халыққа қызмет етеді. Тарихын тереңнен алатын Ойыл топырағында ежелгі жер аттары сақталған. Оның ұрпақтың жадынан бүгінге дейін жетіп, тарихи мәнін жоғалтпай отырғаны қуантады.

Көкжар топониміне тарихи - хронологиялық талдау. Ойыл 1918 жылы Алашордалықтарға облыс орталығы болған. 1921 жылы Орал облысынан бөлініп, құрамында 14 болысы бар аудан атанып, 1922 жылы тарап кетеді. 1927 жылы Адай уезіне біріктіріледі. Ал, 1928-1930 жылдары Алтықарасу ауданы атанған. 1930 жылдан Ақтөбе округіне, кейін облыс құрамына қарады. Облыстың батысында, Атырау, Орал облыстарымен шекаралас. Жер көлемі 11, 4 ш/км, 6 ауылдық округке бөлінген. Аудан жері негізінен жазық, шығыс жағы төбелі, қырқалы, жері қызыл қоңыр топырақты, сортаң және құмды келеді.

Халықтық-географиялық терминдер. Ауданда Ойыл, Қиыл, Ащы, Жақсыбай, Құырдақты өзендері, Барқын құмдары, Жекенді, Құтыкөл, Тамдыкөл кішігірім көлдері, Құсмұрын, Қаражар, Қарауылтөбе, Қаратау, Орындықтау биіктері бар. Қарауылтөбе, Ақшатау шоқыларының құрылыстық ақ бор алынады.

Ойыл өзені нің оң жағасында орналасқан Ойыл селолық округінде төрт ірі елді мекендер бар. Олар: Ойыл, Ақшатау, Қаракемер, Екпетал. Сондай-ақ ірілі-кішілі Жаңабоз, Добров, Кералы, Сарат, Жұмыртқалы, Кішіащысай, Санаторий, Тартоғай, Тайлақбай, Еңсеген, Ащықара елді мекендері орналасқан. Батысында Сарбие, Солтүстігінде Саралжын, оңтүстік шығысынды Қаратал, оңтүстігінде Көптоғай селолық округтерімен шектеседі. Селолық округтің жерін негізінен жазықты. Шығыс жағында Екпетал орман алқабы, Барқын құмы бар. Батысында Қарауылтөбе, Орындықтау, Қаратау, Ақшатау биіктіктері көз тартады.

Ойыл мешіті- 1893 жылы салына бастады. Іргетасы жабайы таспен төселіп, тастама белдіктері түйе арбамен Орынбордан тасылған қызыл кірпіштен қаланған. Алғашқы бас имамы Ізтілеуов Сағидолла-араб, парсы, орыс тілдерін игерген сауатты адам. Одан кейінгі имам-хазірет Хасан. ХХ ғасырдың 30-жылдары мешіттің діни белгілері қиратылып, драма театры үйіне, техникалық-шаруашылық қоймаға айналдырылды. 1999 жылы жөнделіп, қайтадан мешіттік қалпына келтірілді.

ХІХ ғасырдың екінші жартысынан бастап жұмыс жасаған Ойыл (Көкжар) жәрмеңкесі Батыс Қазақстан территориясында сауда қатынастарының дамуына ерекше үлес қосқан сауда орталығы болды.

Тарихи деректерді зерттеу, бұл Батыс Қазақстан өңіріндегі ең ірі сауда орталығының бірі- Ойыл бекінісіндегі Көкжар жәрмеңкесі болғандығын дәлелдейді. Көкжар жәрмеңкесі туралы негізгі ережелерді 1866 жылы 7- қыркүйекте Ресей ішкі істер Министрі бекіткен. Көкжар жәрмеңкесі ресми түрде 1867 жылы Орал облысының Қазбек болысында көктемде ашылды. Бұл туралы Қазақ даласындағы басқару ережелерінің жобасын дайындау комиссиясы өзінің түсіндірме жазбасында былай деп атап көрсетті: «Бастықтардың рұқсатымен бірінші рет 1867 жылғы көктемде Орынбор даласындағы Ойыл өзенінде ашылған жәрмеңке мейлінше қанағаттанарлық нәтижелер берді. Оған шамамен 250 мың сом тұратын тауарлар әкелінді, олардың 100 мың сомнан астам тұратыны сатылды және айырбасталды, жәрмеңкеде 20 мыңға дейін әр түрлі мал сатып алынды . . . ».

1867 жылы Қазбекте ашылған Ойыл жәрмеңкесі туралы «Уральские воисковые ведомости» (№ 31, 1867ж. ) газеті: «Жәрмеңкенің ашылуының қазақтар үшін пайдасы өте зор. Жәрмеңке қазақтарды Орынбор, Самара, Орал көпестерінің қазақ далаларына өз товарларын айырбастап, сатуға жіберген ұсақ приказчиктерінің қанауынан құтқарады», -деп атап көрсетті.

Деректерде алғашқы керуен жолының Ойыл бекінісінің шығысындағы Кенен атты жерден өтетіні келтіріледі. Кененннен Қазбек шатқалына ауыстырылады. Қазбектен Ойыл бекінісінің шығысына қарай 70 верста жердегі Барқынқұмға ауыстырылып, осы жерде арнайы керуен сарай тұрғызылады. Орыс құжаттарында келтірілген деректер бойынша жәрмеңке Ойыл бекінісіне Барқын құмынан емес, Қазбектен көшіріледі. Барқын құмы мен Қазбектің арасы әжептәуір. Осы арада бір мән бар. Біріншіден, Орал облысының әскери губернаторы Веревкин 1865 жылғы 17 шілдеде Орынбор генерал-губернаторы Крыжановскийден Барқындағы жәрмеңкені Ойыл бекінісіне көшіруді өтінсе, төрт жылдан кейін, яғни 1869 жылғы 14 шілдеде сол Веревкин сол Крыжановскийге бұрын Қазбекте болған жәрмеңке биылғы күзден бастап Ойыл бекінісіне көшіріледі деп хабарлайды. Торғай генерал-губернаторының 1869 жылғы 12 наурызда Веревкинге жазған хатында "Қазбекте мамыр айында 1867 жылы ашылған жәрмеңке өтуі керек еді, бірақ оны "Ережеге" қарсы көтерілгендер қиратып тастады деп шағынуына қарағанда, сол жылдарда жәрмеңкенің Қазбекте өткені ақиқат.

Көкжар жәрмеңкесі Ресей әкімшілігінің бастамасымен, солардың қазақ даласын отарлау мақсатында салынды. Орал облыстық басқармасының әскери губернаторы Веревкиннің 1869 жылығы 7 қыркүйектегі өкімімен бекітіледі. Ресей әкімшілігі жәрмеңкенің құрылысынан бастап, ондағы орыс ұлтты тұрғындардың тұрмысына дейінгі барлық күнделікті тіршілікті жіті қадағалап отырды.

Бекіністе алғашқы сауда жәрмеңкесі 1869 жылдың 9 мамырында басталды. 15 мамырда Орал облысының тарихына ерекше әріппен жазылып қалды деп ойлаймын. Орал облысының аумағында тұңғыш рет қазіргі заман талабына сай керуен сарайы тұрғызылды. Саудагерлер мен көпестерге барлық жағдай жасалынды. Алғашқы жәрмеікенің ашылу салтанатына орайластырып, ат жарысы ұйымдастырылды

Көкжар жәрмеңкесі Гурьев, Орал, Ақтөбе уездері және Орынбор, Самара, Троицк қалаларымен, көшпенді қазақ ауылдарымен тығыз сауда- саттық қатынастар орнатты.

А. Поленов өз еңбегінде Көкжар жәрмеңкесінің артықшылықтарына тоқталады: «Көкжар жәрмеңкесінде (күзде - 14 қыркүйекте, жазда - 1 шілдеде ) халық өте көп жиналады және қызу сауда жүргізіледі. Әсіресе мал саудасы жақсы жолға қойылған, сатып алынған малдың біразы Калмыковкаға, енді бір бөлігі солтүстік - Орынборға Ойылдан осы елді мекендерге апаратын жолдар арқылы айдалады», деп жазған.

Бұл жәрмеңке Хиуа, Бұқара, Қарақалпақстаннан саудагерлер көп жинаған. Ауғанстан, Персия жерлерінен келген түйе керуендері әр түрлі бұл өңірге таңсық товарлар әкелген.

Ресей статистикалық комитетінің 1911 жылғы деректері бойынша Көкжар жәрмеңкесінің товар айналымы 2 млн 140 мың сомға жетіп, Көкжар жәрмеңкесі Ресей империясының сол кездегі ең ірі 13 жәрмеңкесінің ішінде товар айналымының көлемі бойынша 9- шы орын алған.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Топонимдер сөздігі немесе топонимдер тізбегі
Ақмола өңірінің географиялық атауларының қалыптасуындағы геоэкологиялық құрастырушылар ( Зеренді және Атбасар аудандарының мысалында )
Оңтүстік Қазақстанның географиялық атауларының шығу тегі мен мағыналық жүктемесінің физикалық-географиялық негіздері
Ерте ортағасырлық топонимдер
Ақтөбе өңірінің тарихи топонимиясы
Қазығұрт өңірі топонимиясының этнолингвистикалық сипаты
Алға ауданының топонимикасы
Семей өңірінің тарихи топонимдері географиясын зерттеудің перспективалары мен маңызы
Қазақ топонимикасы туралы Қаныш Имантайұлының ғылыми ізденістері
Топонимдердің қалыптасуына географиялық және тарихи факторлардың ықпалы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz