«Шымкентқұс» фабрикасында ветеринариялық-гигиеналық жағдайды жақсартудың экологиялық негіздерін жасау


Пән: Ветеринария
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 57 бет
Таңдаулыға:   

«ШЫМКЕНТҚҰС» ФАБРИКАСЫНДА ВЕТЕРИНАРИЯЛЫҚ-ГИГИЕНАЛЫҚ ЖАҒДАЙДЫ ЖАҚСАРТУДЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІН ЖАСАУ

МАЗМҰНЫ

АНЫҚТАМАЛАР, ҚЫСҚАРТЫЛҒАН АТАУЛАР . . .
3
:
АНЫҚТАМАЛАР, ҚЫСҚАРТЫЛҒАН АТАУЛАР . . .: КІРІСПЕ . . .
3: 4
: 1
АНЫҚТАМАЛАР, ҚЫСҚАРТЫЛҒАН АТАУЛАР . . .: ӘДЕБИЕТКЕ ШОЛУ . . .
3: 6
: 1. 1
АНЫҚТАМАЛАР, ҚЫСҚАРТЫЛҒАН АТАУЛАР . . .: Сыртқы орта экологиялық факторларының жұмыртқалағыш тауық организміне, өніміне және оның сапасына тигізетін әсері (жалпы мәлімет) . . .
3: 6
: 1. 2
АНЫҚТАМАЛАР, ҚЫСҚАРТЫЛҒАН АТАУЛАР . . .: Тауықханаларға қойылатын экологиялық талаптар (құрылыс типтері, сиымдылығы, құрал-жабдықтары, микроклиматы, саңғырығы, т. б. ) . . .
3: 8
: 1. 3
АНЫҚТАМАЛАР, ҚЫСҚАРТЫЛҒАН АТАУЛАР . . .: Құс азығын, рациондарды экологиялық бағалау . . .
3: 13
: 1. 4
АНЫҚТАМАЛАР, ҚЫСҚАРТЫЛҒАН АТАУЛАР . . .: Су сапасын экологиялық бағалау . . .
3: 22
: 1. 5
АНЫҚТАМАЛАР, ҚЫСҚАРТЫЛҒАН АТАУЛАР . . .: Инкубациялайтын жұмыртқаларға қойылатын экологиялық талаптар . . .
3: 26
: 1. 6
АНЫҚТАМАЛАР, ҚЫСҚАРТЫЛҒАН АТАУЛАР . . .: Құсханаларды саңғырықтан тазарту . . .
3: 27
: 2
АНЫҚТАМАЛАР, ҚЫСҚАРТЫЛҒАН АТАУЛАР . . .: НЕГІЗГІ БӨЛІМ . . .
3: 29
: 2. 1
АНЫҚТАМАЛАР, ҚЫСҚАРТЫЛҒАН АТАУЛАР . . .: ЖШС «Шымкентқұс» фабрикасының қысқаша мәліметі . . .
3: 29
: 2. 2
АНЫҚТАМАЛАР, ҚЫСҚАРТЫЛҒАН АТАУЛАР . . .: Ғылыми-зерттеу нысандары мен әдістемелері . . .
3: 33
: 2. 3
АНЫҚТАМАЛАР, ҚЫСҚАРТЫЛҒАН АТАУЛАР . . .: Құсханалардың микроклиматының балапандардың өсіп-жетілуіне және мекиендердің өнімділігіне тигізетін әсері . . .
3: 35
: 2. 4
АНЫҚТАМАЛАР, ҚЫСҚАРТЫЛҒАН АТАУЛАР . . .: Құс азығының сапасын бағалау нәтижелері. Рациондардың энергетикалық және қоректік деңгейінің тауық өнімділігі мен сапасына тигізетін әсерін анықтау нәтижелері . . .
3: 44
: 2. 5
АНЫҚТАМАЛАР, ҚЫСҚАРТЫЛҒАН АТАУЛАР . . .: Су сапасын жақсарту әдістері . . .
3: 57
: 2. 6
АНЫҚТАМАЛАР, ҚЫСҚАРТЫЛҒАН АТАУЛАР . . .: Инкубациялық жұмыртқаларға қойылатын талаптар мен балапан шығару режимдері . . .
3: 58
: 2. 7
АНЫҚТАМАЛАР, ҚЫСҚАРТЫЛҒАН АТАУЛАР . . .: Балапандарды өсіру және тауықтарды күтіп-бағу технологиясы . . .
3: 70
: 2. 8
АНЫҚТАМАЛАР, ҚЫСҚАРТЫЛҒАН АТАУЛАР . . .: Экологиялық таза тауық өнімдерін арттыру жолдары . . .
3: 72
: 2. 9
АНЫҚТАМАЛАР, ҚЫСҚАРТЫЛҒАН АТАУЛАР . . .: Тауықханаларды саңғырықтан тазарту, өңдеу және тыңайтқыщ ретінде пайдалану . . .
3: 75
: 2. 10
АНЫҚТАМАЛАР, ҚЫСҚАРТЫЛҒАН АТАУЛАР . . .: Экологиялық жағдайды жақсартудың экономикалық тиімділігі . . .
3: 76
:
АНЫҚТАМАЛАР, ҚЫСҚАРТЫЛҒАН АТАУЛАР . . .: ҚОРЫТЫНДЫ . . .
3: 78
:
АНЫҚТАМАЛАР, ҚЫСҚАРТЫЛҒАН АТАУЛАР . . .: ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . .
3: 80

АНЫҚТАМАЛАР, ҚЫСҚАРТЫЛҒАН АТАУЛАР

Анықтамалар

Судың бактериялық ластануының жанама көрсеткіштері:

- микроб саны - 37 0 С 1 мл суды ет - пептон агары бар табақшада 24 сағатта өскен барлық микробтар саны;

- коли-титр - 1 л суда бір ішек таяқшасы бар су мөлшері

- коли-индекс - 1 л судағы табылған ішек таяқшаларының саны.

Азық өлшемі (а. ө. ) - жануарларды 1 кг сұлымен азықтандырғанда оның организмінде 150 г май түзілетінін анықтап, оның қоректігі шартты түрде, 1 азық өлшемі етіп қабылданған.

Жемнің алмасу энергиясы (АЭ) - құстар үшін АЭ құс = Ж э с , мұнда Ж э - жемнің жалпы энергиясы; Э с - саңғырықтың энергиясы. Алмасу энергиясы жемнің химиялық құрамын және қорытылатын қоректік заттарды анықтаған соң төмендегі формуламен шығаруға болады:

АЭ құс = 17, 84қП + 39, 78қМ + 17, 71қЖ + 17, 71қАЭЗ,

мұнда, қП - қорытылатын протиен, қМ - қорытылатын май, қЖ - құрытыла-тын жасұнық, қАЭЗ - қорытылатын азотсыз экстрактивті заттар.

Қысқартылған атаулар

ЖШС - жауапкершілігі шектеулі серіктестік

ОНТП - общесоюзные нормы технологического проектирования

СНиП - санитарные нормативы проектирования

ВИЖ - Всесоюзный институт животноводства

КБУ-3 - клеточная батарея трехъярусная

БКМ-3 - батарея клеточная модернизированная, трехъярусная

КБР-2 - клеточная батарея двухъярусная с раздатчиком кормов

КБН-1 - клеточная двухрядная четырехъярусная батарея с навесным бункерным кормораздатчиком

АЭЗ - азотсыз экстрактивті заттар

ГОСТ - Государственный стандарт

МемСт - Мемлекеттік стандарт

Ккал - килокалория

мДж -мегаджоуль

ЛК - люкс (жарық қуаттылығы)

ПЛМ-1 - передвижная лаборатория микроклимата

Р - Ресей желдеткіші

Қ - Қытай желдеткіші

МЕ - Международная единица

УОВ-5Н - Ультрафиолетовый облучатель воды

ОВУ-6П - Облучатель воды ультрафиолетовая, передвижная

КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі. Құс шаруашылығының дамуы негізінен үш факторға негізделеді. Олар: құстың тұқымдық қасиеттері (генотипі), оған әсер ететін сыртқы ортаның экологиялық факторлары және бағып-күту жағдайлары (паратиптік) . Қазақстан Республикасында құс өсіру жоғары мамандандырыл-ған кешендерде (құс фабрикаларында) автоматтандырылған басқару жүйесіне негізделген. Ауыл шаруашылығын жекешелендіру барысында орын алған келеңсіз жағдайлар құс шаруашылығының әрі қарай дамуына біршама кері әсерін тигізді. Дегенмен, соңғы уақытта құс шаруашылығы қайтадан жандана бастады. Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасында әр бір тауық мекиенінен 250-280 жұмыртқа алып, 1000 жұмыртқаға небары 1, 5-1, 7 ц азық өлшемі жұмсалуда. Диетикалық құс етін 7 тоннаға жеткізу көзделініп отыр. Егін шаруашылығы дамыған республикамызда құс шаруашылығының азықтық қорын жасауға, құс санын көбейтуге мүмкіншіліктер жеткілікті.

Құстарды күтіп-бағу ерекшеліктеріне қарай, құс фабрикаларында озат технологиялық құрал-жабдықтар орнатылған типтік құсханалармен қатар, әлі де болса экологиялық, ветеринарлық-санитарлық талаптарға сай келмейтін ескі ғимараттар және құрал жабдықтар пайдаланылып келеді. Мұндай жағдайда құс басын жедел арттырып, сапалы өнім өндіру қиындай түсетіні белгілі. Осыларға байланысты біздің ғылыми жұмысымыз сыртқы орта экологиялық факторлардың жұмыртқалағыш тауық организміне, өніміне, оның сапасына тигізетін әсерін зерттеуге бағытталады. Оның ішінде әртүрлі типті құсханалардың микроклиматын, атап айтқанда, ауаның температурасы, ылғалдылығы, қозғалысы, газдық құрамы, құрал-жабдықтар, желдеткіштер әсерін зерттеуге баса көңіл бөлінеді.

Құс азығындағы, судағы экологиялық зиянды заттарды анықтап, толық-қанды рациондар түзу, тауықтарды жасына, жынысына қарай күтіп-бағудың механикаландырылған технологиясы негізінде жүргізіліп, экологиялық таза сапалы өнім алуға бағытталған ғылыми-зерттеу жұмыстарымыздың теориялық және тәжірибелік маңызын айқындау тақырыптың өзектілігін көрсетеді деп сенеміз.

Ғылыми-зерттеу жұмыстарының мақсаты мен міндеті. ЖШС «Шымкентқұс» фабрикасында қалыптасқан экологиялық жағдайды бағалап, жұмыртқалағыш тауықтарға сыртқы ортаның зиянды әсерлерін төмендету, олардың өнімділігін арттыру, экологиялық таза жұмыртқа, ет және қосалқы өнімдерді (мамық, саңғырық) пайдаға асыру болып табылады.

Осы мақсатты орындау үшін төмендегідей міндеттер қойылады:

1. Ересек тауықтар мен балапандарды күтіп-бағатын құсханалардың типтерін анықтап, жұмыртқа өндіру технологиясын зерттеу.

2. Тауықханалардың микроклиматын: ауа температурасы, ылғалдылығы, қозғалысы; зиянды газдардың (көмірқышқыл газы, аммиак, күкіртті сутегі) концентрациясының құс организміне, өніміне, оның сапасына тигізетін әсерін зерттеу.

3. Жыл мезгілдерінде өзгерісте болатын табиғи ортаның температурасы, жарықтылығы, жасанды жарықтандырудың режимі, тауықтарды толықрацион-ды құрама жеммен қоректендіру, таза сумен қамтамасыз етудегі әдістердің құс организміне, өнімдеріне тигізетін әсерлерін зерттеу.

4. Тауықханалардың микроклиматын жақсарту үшін орнатылған әртүрлі қондырғылар мен желдеткіштердің мүмкіншіліктерін анықтау.

5. Тауықханаларды саңғырықтан тазарту, жинау, биотермиялық өңдеуден соң тыңайтқыш ретінде пайдалану.

6. Ғыыми-зерттеу жұмыстары нәтижелерінің экономикалық тиімділігін анықтау.

Ғылыми жаңалығы. Жан-жақты жүргізілген ғылыми-зерттеу жұмыстар-дың нәтижесінде ЖШС «Шымкентқұс» фабрикасының экологиялық жағдайы анықталды;

  • тауықханалардың микроклиматына әсер етуші ластаушы көздері анықталды;
  • Оңтүстік Қазақстан өңірінің табиғи-климаттық жағдайына сәйкес зиянды заттардың шекті мөлшері анықталды;
  • Оңтүстік Қазақстан облысында өндірілетін дәнді дақылдардың химиялық құрамын, қоректілігін ескере отырып түзілген рецептпен дайындалған құрама жемнің балапандардың өсіп-жетілуіне, ересек тауықтардың жұмыртқалағыштығына тигізетін әсері зерттелді;
  • ЖШС «Шымкентқұс» фабрикасының негізгі бағыты тағамдық жұмыртқа болғанымен, ауыстырып отырылатын мекиендерден өндірілген тауық етінің сапасы анықталды. Сонымен қатар қосалқы өнімдердің (мамық, саңғырық) пайдаланудың технологиясы анықталды;
  • түрлі құрал-жабдықтардың, желдеткіштердің тауықханалардың зиянды газдардан тазартудағы техникалық мүмкіншіліктері анықталды.

Практикалық маңызы. Тәжірибе нәтижелерін өндіріске ендірген жағдайда тауықтардың жұмыртқалағыштығы 7, 1%, 1000 жұмыртқаның салмағы 2 кг-ға артып, олардан жасалынған меланж, жұмыртқа ұнтағының сапасы 10% жоғарылайды.

Балапандарды толыққанды азықтандыру нәтижесінде олардың өсімтал-дығы жоғарылап, өлім-жітім азаяды. Ауыстырылып отыратын жұмыртқала-ғыш мекиендердің етінің сапасы жоғарылайды.

Биотермиялық өңдеуден өткен саңғырықтың қоректік заттары басқа малдың көңімен салыстырғанда анағұрлым жоғары болуы оның құнарлы органикалық тыңайтқыш болатындығын көрсетеді.

ЖШС «Шымкентқұс» фабрикасында экологияландырылған технологияны ендірген жағдайда құс шаруашылығының рентабельділігі 8%-ға дейін артады.

Диссертацияняң құрылымы. Диссертация мәтіні компьютермен терілген 83 беттен тұрады. Диссертация кіріспе, әдебиетке шолу, ЖШС «Шымкентқұс» факбрикасы туралы жалпы мәлімет, әдістеме және ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелері бөлімдерінен, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

Диссертацияда 46 кесте келтіріліп, 29 фотосуреттермен безендірілген. Пайдаланылған әдебиеттер саны - 91.

Диссертация тақырыбы бойынша екі мақала жарық көрді.

1 ӘДЕБИЕТКЕ ШОЛУ

1. 1 Сыртқы орта экологиялық факторларының жұмыртқалағыш тауық организміне, өніміне және оның сапасына тигізетін әсері (жалпы мәлімет)

Жануарлар сыртқы ортаның компоненттерімен (атмосфералық ауа, су, азық, топырақ, технологиялық құрал-саймандар, қора-жай, т. б. ) тығыз қарым-қатынаста тіршілік етеді. Олар жануарларға тәкелей немесе жанама әсер етеді. Организмнің тіршілік әсеріне қарай сыртқы ортаның әсер ету шамасы минимум, максимум және оптимальді болып келеді [1, 2, 3, 4, 5, 6] . Соңғы жағдайда малдың, құстың денсаулығы жақсы болып, қоршаған орта мен организм арасындағы үйлесімділік сақталады. Жануарлардың өсіп-дамуының және өнімдерінің төмендеуі олардың денсаулығының нашарлағанын көрсетеді [7, 8, 9, 10, 11, 12] . Оптимальды жағдайда организмнің физиологиялық константтары (дене температурасы, артериялық қысым, тыныс алу, қанның құрамы, т. б. ) қалыпты жағдайдан ауытқымай, құстардың өсіп-дамуы жедел өтіп, ересек кезінде мол өнім береді. Ауру жануарлардың организмі физиоло-гиялық және морфологиялық өзгерістерге ұшырап, қоршаған ортадан патогенді вирус, бактерия, ұсақ саңырауқұлақ, гельминттердің енуіне жол беріледі [14, 15, 16] .

Құсханалардың ауасындағы зиянды газдар (аммиак, күкіртті сутегі, көмірқышқыл газы, т. б. ) шектеу концентрациясынан артқан жағдайда құстар ринит, ларинготрахаит, бронхит, өкпенің қабынуы сияқты ауруларға душар болады [17, 18, 19] .

Құстардың азық рационында макро- және минералды заттар жетіспеген жағдайда (кальций, фосфор, кобальт, йод, мыс, мырыш, т. б. ) олардың өнімділігі төмендеп, сапасы нашарлайды [20, 21] . Тауықтардың қанат қағуынан, қимылдарынан болатын шаң-тозаңдар олардың тыныс органдарына жағымсыз әсер етеді.

Биологиялық ластаушылар ауа, су, топырақ және жануарлардан құс организміне түсіп, оларды түрлі ауруларға (сібір жарасы, туберкулез, бруцеллез, сальмонеллез, аусыл, туляремия, т. б. ) шалдықтырады [23, 24, 25] .

Жалпы айтқанда, жануарлардың денсаулығының төмендеуінің басты себептері - сыртқы орта әсерінен болатындығы байқалады. Жануарлардың сыртқы ортаның зиянды факторларына қарсы тұру (резистенттілігі) қасиеті мал мен құстың түріне, иммундік жүйесіне байланысты. Белгілі жағдайларда олар сыртқы ортаның бөгде заттарына қарсы тұрып, төзімділік көрсетеді. Бірақ олар жануарлар организміне әсер етпей қоймайды. Соның салдарынан жас шөжелердің өсіп-жетілуі нашарлап, ересектерінің өнімділігі төмендейді. Жоғарыда айтылған көрсеткіштер жануарлар денсаулығының қалыпты жағдайдан ауытқуын көрсететін индикатор ретінде пайдаланылады [26, 27, 28] .

Шымкент қаласының аумағының кеңеюіне байланысты құс фабрикасы қазір қала шеңбері ішінде қалып қойған. Оңтүстік Қазақстан облысының бас қаласында үлкен өндірістік зауыт, фабрикалар бар екендігі белгілі. Құс фабрикасы Қорғасын зауытының іргесінде орналасқандықтан ауыр металдар-дың зиянды зардабын шегуде.

700 мыңға жақын халқы бар қалада 250 мыңнан астам автокөлік тіркелген. Сондықтан да қалада, зиянды және улы өндірістік, тұрмыстық қалдықтармен қатар қоршаған ортаның диоксидпен ластануы шекті мөлшерден әлдеқайда жоғары.

«Шымкентқұс» фабрикасы бықсып жатқан қоқыстың ығында орналасқан-дықтан қоршаған ортаның ластануы жоғарғы дәрежеде болып отыр.

Құс фабрикасы қала шеңберінде орналасқандықтан өнеркәсіптік кешен-дердің, автокөліктердің шуымен қатар, құсханалардағы техникалық құрал-жабдықтар және тауықтардың өздерінің дауыстарын қосқанда, жалпы акустикалық деңгейі жоғары болатындығы белгілі. Оның үстіне темір жол торабы мен аэропорт небары 2-4 км қашықтықта орналасқанын ескерсек, тауықтар физикалық экологиялық ластаушылардан кенде емес [29, 30, 31] .

Қорыта келе құстардың денсаулығы, өнімі мен оның сапасының деңгейі қоршаған ортаның әсеріне байланысты деп тұжырымдауға болады.

Төменде сыртқы ортаның негізгі компонентері болатын - , азықты, суды және саңғырықты экологиялық тұрғыдан бағалау - таза, сапалы тауық өнімдерін өндіруге арналған әдебиеттік шолулар жеке тақырыпшалармен беріледі.

1. 2 Тауықханаларға қойылатын экологиялық талаптар (құрылыс типтері, сиымдылығы, құрал-жабдықтары, микроклиматы, саңғырығы, т. б. )

Алғашқы жұмыртқа бағытындағы құс фабрикаларын салғанда негізінен ОНТП 4-79, 82 технологиялық нормативтері басшылыққа алынды. Олар өндірістік бағыттарына қарай товарлы (өндірістік), асыл тұқымды болып бөлінеді. Әрқайсысында инкубаторлық стансия қарастырылған.

Жұмыртқа өндіретін құс фабрикаларының ғимараттарының сиымдылығы 300; 400; 500; 600; 1000 мыңдық тауық мекиендеріне арналып салынған. Мұндағы қосалқы өнімдер ет, мамық, көң [33, 34] .

Ветеринариялық-санитарлық, экологиялық талаптар.

Құрылысты бастар алдында территорияда инфекциялық аурулардың ошақтарының жоқтығы зерттеледі. Құс фабрикасы елді мекеннен кем дегенде 1000-1200 м қашықтықта салынуы тиіс. Ірі құс фабрикаларының инкубатор-лық стансасы қарастырылған. Өндірістік ғимараттар жекеленген аймақтық зоналарға бөлініп, оның бір-бірінен қашықтығы 60 м болуы тиіс [35, 36] .

Тауықтарды құсханаларға орналастырғанда олардың жасы, жынысы ескеріледі. Бұл кезде шөжелердің жас айырмашылығы 5 күннен, ал мекиендердікі 15 күннен аспауы тиіс.

Құс фабрикасының әкімшілік, шаруашылық (гараж, қойма, т. б. ) ғимарат-тары құсханалардан 300 м қашықтықта болуы тиіс. Сонымен қатар құстарды сою, құрама жем дайындайтын цехтар, жем және еденге төсегіш заттар қоймасын оқшауланған (300-500 м) жерде орналасқаны дұрыс. Құс саңғырығын залалсыздандыратын орын 300 м-ден кем болмауы тиіс.

Тауықтардан босаған ғимараттарды дезинфекциялағаннан кейін, есік, терезелерін 4 күндей жабық ұстау керек. Жаңадан толтыру алдындағы үзіліс жасына қарай 2-4 аптаға созылады.

Әр өндірістік аймақта жұмысшылар үшін міндетті түрде санитарлық бөлмелер болуы керек.

Көліктерге дезобарьерлер жасалынады.

Жұмыртқаларды инкубациялау алдында оларды тексерістен өткізеді. Саңғырық пен ластанған жұмыртқаларды инкубациялауға болмайды.

Бір күндік балапандарды өлшемдері 30х30 см, биіктігі 18 см дезинфекция-ланған қораптарға салып тасымалдайды. Дені сау, жақсы жетілген балапан-дарды өсіруге қалдырады [37, 38] .

Тауықханалардың номенклатурасы. Өндірістік бөлмеде құс өсірудің технологиялық нормативтері.

Жұмыртқа өндіретін құс факбрикаларының ғимараттарының номенклатурасы 1-кестеде көрсетіледі.

1-кесте. Өндірістік ғимараттардың сиымдылығы

Өндірістік тауықханалар
Сиымдылығы, мың бас
Өндірістік тауықханалар:

Торда ұстағанда:

Жұмыртқалағыш тауықтар

Сиымдылығы, мың бас:

150

Өндірістік тауықханалар: Асылтұқымды тауықтар
Сиымдылығы, мың бас: 16
Өндірістік тауықханалар: Асылтұқымды тауықтарды еденде ұстағанда
Сиымдылығы, мың бас: 10
Өндірістік тауықханалар:

Толықтырғыш шөжелерді өсіру:

торда

Сиымдылығы, мың бас:

200

Өндірістік тауықханалар: еденде
Сиымдылығы, мың бас: 20

Жұмыртқалағыш тауықтарды және шөжелерді тауықханаларда орналастыру технологиялық нормативтер арқылы жүргізіледі. Мұнда ересек және шөжелердің саны барлық тауықтардың жылдық орташа басына пайызбен есептелінеді (2-кесте) [39, 40] .

2-кесте. Тауықтарды құсханаларда күтіп-бағу

Толықтырғыш шөжелер
Ересек тауықтар
Толықтырғыш шөжелер: Жасы (апта)
Ересек тауықтар: алатын орны, %
жасы (апта)
алатын орны, %
Толықтырғыш шөжелер: 1-9
Ересек тауықтар: 35, 19
10-72
150, 8
Толықтырғыш шөжелер: 1-10
Ересек тауықтар: 41, 58
11-72
148, 5
Толықтырғыш шөжелер: 1-13
Ересек тауықтар: 49, 21
14-74
140, 6
Толықтырғыш шөжелер: 1-17
Ересек тауықтар: 61, 51
18-74
131, 8

2-кестенің мәліметтері бойынша ересек мекиендердің үлес салмағы жоғары 150, 8% болса, 1-9 апталық шөжелердікі 35, 19% шамасында болатынын көрсетеді.

Әтештердің мекиендерге қатынасы еденде ұстағанда 1:10, ал торда 1:9 болғаны дұрыс.

ОНТП 4-79, 82 нормативтері бойынша негізгі аналық мекиендерді шөжелермен толықтырып отыру мақсаты көзделеді [41] (3-кесте) .

3-кесте. Аналық бастың толықтырғыш балапандарға қатынасы

Өнім бағыты

Өндірістік мекиендер

Аналық мекиендер
Текті мекиендер
ұрғашы шөже
жас әтеш
орташа-сы
ұрғашы шөже
жас әтеш
орташа-сы
Өнім бағыты: Жұмыртқа
Өндірістік мекиендер: 1, 4
Аналық мекиендер: 1, 5
Текті мекиендер: 4
1, 7
1, 5
4
1, 7
Өнім бағыты: Ет
Өндірістік мекиендер: -
Аналық мекиендер: 1, 7
Текті мекиендер: 5
2, 0
2, 0
6,
2, 4

3-кестеде көрсетілгендей, құс фабрикасында тауықтардың санын бір деңгей-де ұстап тұру үшін бір жұмыртқалағыш мекиенге 1, 5 ұрғашы шөже және 4 жас әтеш өсіру керек, ал етті бағыттағы кешендерде бұл көрсеткіш 1, 7-2, 0, 2, 0-2, 4 болуы керек. Егер құс санын өсіру керек болған жағдайда толықтырғыш балапандардың басы артып отырады.

Құс фабрикасының ғимараттарына қойылатын технологиялық талаптар.

Бекітілген жоба бойынша барлық құс фабрикаларында қосалқы (құрама жем дайындайтын цех, сумен, жылумен, жарықпен қамтамасыз ететін ғимараттар, таразы және құрал-жабдықтарды жөндейтін шеберханалар, гараж, көліктер тұратын жабық алаң, өртке қарсы жабдықталған бекет болуы тиіс.

СНиП нормативтері бойынша құс фабрикаларында экологияны, ветеринариялық гигиенаны жақсарту үшін құсханаларды саңғырықтан, шайынды судан тазарту, қалдықтарды жинау, сақтау және залалсыздандыруға қажетті техникалар, қоймалар болуы қаралады [41, 42] .

Құс фабрикаларында оқшауланған территорияда әкімшілік және шаруашылық ғимараттары, асхана, медициналық және жұмысшылар демалатын орын болуы тиіс.

Өндірістік ғимараттарды салуда жергілікті ауданның табиғи-климаттық жағдайы ескеріледі. Мысалы, елді-мекенге құс фабрикасының жағымсыз исі келмес үшін фабрика желдің ығында болғаны дұрыс.

Тұжырымдап айтқанда, құс факбрикаларының ғимараттары технология-лық талаптарға сай келіп, оның ішіндегі құрал-жабдықтар құсханалардың микроклиматын, жарықтылығын жақсарту керек.

Құстарды торлы еденде ұстаған жағдайда оның биіктігі жерден 0, 4 м болғаны дұрыс. Бұл көрсеткіш тауықтарды күтіп-бағу ұзақтығына байланысты болады да, қордаланған саңғырықтан тазартуды жеңілдетеді.

Барлық өндірістік құсханалардың, өрт қауіпсіздігін сақтау үшін кем дегенде екі эвакуациялық дарбазалары болуы керек.

Тауықтардың санын бірқалыпты ұстап отыру және де балапандарды сату үшін құс фабрикасында бір немесе екі инкубатор болады [43] .

Өндірістік құсханалардың биіктігі 3 м-ден кем болмауы тиіс. Өйткені саңғырықты тазалайтын, жем тасымалдайтын және тарататын, төсеніш салатын механизмдер кедергісіз жұмыс істеп тұруы керек [44] .

Өндірістік ғимараттардың, икубатордың жұмыртқа қоймаларының ішкі қабырғалары және төбесі тұтас келіп, оларды ылғалдылыққа төзімді, ақ түске сырлануы керек.

Құстарды сою цехының қабырғасы керамикалық кафельдермен қалануға тиіс [45] .

Тауықтарды құсханаларда күтіп-бағу нормативтері.

Құсханалар бөлімдерінде өндірістік жұмыртқалағыш тауықтарды 1000-1500, толықтырғыш балапандарды 1000-2500, бройлерлерді 10 000 бастан орналастырады.

Тауықтарды еденде күтіп-бағу технологиясын қолданғанда қоршалған серуендеу алаңы қарастырылады. Оның ауданы құсханалардың жартысындай болуы керек [46, 47] (4-кесте) .

4-кесте. Құсхананың 1 м 2 алаңына орналастыратын тауықтың саны

Тауықтардың жасы (күн)
1 м 2 тауықтың саны
қалың төсенішті еденде
торлы еденде
Тауықтардың жасы (күн):

Жұмыртқалағыш ересек мекиен:

аналық топ

өндірістік топ

1 м2тауықтың саны:

3, 5-4, 0

5

3, 5-4, 0

5

Тауықтардың жасы (күн):

Толықтырғыш балапандар (күн)

1-30

31-60

1-60

61-140-150

141-151-18

1 м2тауықтың саны:

25

16

17

9

4, 0-4, 5

-

-

17

9

4, 0-4, 5

Тауықтардың жасы (күн):

Бройлерлер (күн)

1-75

1 м2тауықтың саны:

16

16

4-кестеде көрсетілгендей, тауықтарды күтіп-бағудың екі түрінің айырмашылығы тек қана 1-60 күндік толықтырғыш балапандардың басына байланыстылығымен ерекшеленеді.

Технологиялық құрал-жабдықтар мен өндірістік процестерді механикаландыру

Құс фабрикаларындағы өндірістік процестерді (азық тасымалдау және жемдеу, суару, жұмыртқа жинау, саңғырықты тазалау, т. б. ) механикалан-дыруда түрлі машиналар, агрегаттар жүйесі қолданылады. Олар тауықтардың өндірістік бағытына, жасына, азықтандыру, суару технологиясына, кешендер-дің аймақтық ерекшеліктеріне байланысты болады. Мысалы, балапанды өсіретін КБЭ-1, КБЭ-1А, КБМ-2, мекиендерге арналған 3-4 қабаттық КБН батериялары жиі кездеседі [48] .

Тауықтарды еденде күтіп-бағу үшін азықтандыратын және суаратын дөңгелек автоматты жабдықтар (дөңгелек науалар) қойылады және жұмыртқа-лайтын ұялар салынады. Олардың өлшемдері 0, 3х0, 4х0, 3-0, 4 м болып, еденнен 0, 5-0, 6 м биіктікте орнатылады.

ОНТП 4-79, 82 нормативі бойынша төсеніштің қалыңдығы 30 см болғанда ол бір мекиендерге 8 кг жұмсалса, 1-26 апталық балапандарға 1, 5 кг қажет болады.

Жалпы су шығыны бір ересек тауыққа тәулігіне 0, 46 л болса, 1-22 апталық шөжелерге 0, 25 л [49] .

Өндірістік тауықханалардың микроклиматы.

Стандарт бойынша тауықхананың температурасы 16-18 0 С, ал ауаның салыстырмалы ылғалдылығы 60-70% шамасында болуы тиіс. Бұл көрсеткіш 1-4 апталық балапандар үшін 28-24 0 С, 5-11 апталықтағыларға - 18-16 0 С, 12-26 апталықтардіке 16 0 С жоғары болмауы тиіс.

Өтпелі көктемгі және күзгі мезгілдері тауықханының ауасының ылғалды-ғы 85%-ке артуы мүмкін. Қыстың күндері бұл көрсеткіш 40-50%-ке төмендей-ді. Жазғы айларда сыртқы ортаның температурасы 10 0 С жоғары болғанда, тауықхана ауасының температурасындағы айырмашылық 5 0 С шамасында болуы керек. Сыртқы ауаның температурасы 33 0 С шамасында болғанда, 1-10 күндік балапандар үшін 28 0 С, есейген шөжелер үшін 26 0 С болуы тиіс.

Атмосфералық ауаның температурасы 33 0 С асқан жағдайда (ОҚО жиі байқалады) желдеткіштерді, салқындатқыштарды қосып, тауықханалардың температуасын төмендету керек болады.

Салқын күндері құсханалардағы ауа алмасуды көмірқышқыл немесе су буының үлесімен анықтайды, ал жазғытұрым шамадан тыс жылудың мөлшерімен анықталады (5-кесте) .

5-кесте. Құсханадағы ауа қозғалысының жылдамдығы, м/сек

Тауықхана-лардағы құстар
Жыл мезгілі
салқын
жылы
минимал-ды
оптимал-ды
макси-малды
минимал-ды
оптимал-ды
макси-малды
Тауықхана-лардағы құстар: Тауық
Жыл мезгілі: 0, 2
0, 3
0, 6
0, 3
0, 6
1, 0
Тауықхана-лардағы құстар: Балапан
Жыл мезгілі: 0, 1
0, 2
0, 5
0, 2
0, 4
0, 6
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Құс пастереллезінің диагностикасы
Соттық ветеринариялық-санитариялық сараптау пәні
Құс шаруашылығы еңбекшілерінің жағдайын жақсартуға арналаған ветеринариялық - санитариялық шаралар және антропоозондардың алдын алу
Құс өсіру шарттары
Тауық жұмыртқаларын инкубациялаудың режимі
Қазақстанның кейбір облыстарындағы мал қораларында кезігетін кеміргіштердің түрлері
Құстарды теңіз тұздарымен байытылған құрама жеммен жемдеу ерекшеліктері
Құстың жұқпалы ларинготрахеитіне қарсы ветеринариялық-санитариялық іс-шаралар
Бройлер балапандарын өсіру
«Шин-Лайн» балмұздақ фабрикасында технологиялық қондырғыларды санитариялық өңдеу
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz