Тағамдық тізбектегі радионуклидтердің көшу механизмі



I.Кіріспе ... ... ... ... ..3
II.Негізгі бөлім ... ... ... ...4
2.1Тағамдық тізбектегі радионуклидтердің көшу механизмі ... ... ... ... ...4
2.2Иондаушы сәулелердің тірі ағзаға әсерінің ерекшеліктері ... ... ... ..6
2.3 Радиоктивті ластанған зонадағы сыртқы гамма сәулеленуден қорғанудың кейбір тәсілдері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...9
III.Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 17
Пайдаланылған әдбиеттер ... ...
Адам баласының сан алуан қызметтерінің ауқымы дамыған сайын қоршаған ортада радиоактивті элементтердің мөлшері көбейе түсуде. Дәлелді айтсақ, ауыл шаруашылығы үшін калийлі тыңайтқыштарды өндіру және егістікке шашудың өте кең ауқымда атқарылуы салдарынан сол ортада калий-40 радиоактивті затының үлесі арта түскені байқалады. Сондай-ақ фосфор тыңайтқышының өндірісі де табиғи радиациялық деңгейдің өсуіне себеп болуы ықтимал. Өйткені, фосфор кенін өңдеу нәтижесінде, оның құрамында болмашы ғана мөлшерде кездесетін радий-226, торий-232, уран-238 сияқты радиоактивті заттар өндірілген фосфорлы тыңайтқыштар құрамында егістікке жетеді.
Радиоактивті заттардың толық бөлініс кезеңіне сәйкес алынатын доза мөлшерінің негізінде, радиоактивті іздер түзілген аймақтар шартты түрде 4 зонаға бөлінеді.
Бұл зоналардың аумағы жарылыстың қуаты мен желдің жылдамдығы бойынша анықталады. Сөйтіп бүгінгі күні, ядролық тарихы бар қоршаған ортада және онымен еншілес жатқан аймақтарда табиғи радиациялық фонға қосымша ластану көздерінің пайда болуы байқалады.
1.Зингер С. И., и др. Осн. «Экспериментальных методов ядерной физики». М.Атомизат. 1980
2.Белов, А. Д. Ветеринарная радиобиология [Текст] : учебник / А. Д. Белов, В. А. Киршин. - 2-ое изд., перераб. и доп. - М. : Агропромиздат, 1987
3. Данков, Г. Ю. Математические модели в радиобиологии [Текст] : монография / Г. Ю. Данков. - М. : Издательство МГУ, 1992
4. Гродзинский Д. М. Радиобиология. Биологическое действие ионизирующих излучений. М., 1961

Жоспар

I.Кіріспе ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
II.Негізгі бөлім ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4
2.1Тағамдық тізбектегі радионуклидтердің көшу механизмі ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..4
2.2Иондаушы сәулелердің тірі ағзаға әсерінің ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 6
2.3 Радиоктивті ластанған зонадағы сыртқы гамма сәулеленуден қорғанудың кейбір тәсілдері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 9
III.Қорытынды ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..1 7
Пайдаланылған әдбиеттер ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..18

Кіріспе

Адам баласының сан алуан қызметтерінің ауқымы дамыған сайын қоршаған ортада радиоактивті элементтердің мөлшері көбейе түсуде. Дәлелді айтсақ, ауыл шаруашылығы үшін калийлі тыңайтқыштарды өндіру және егістікке шашудың өте кең ауқымда атқарылуы салдарынан сол ортада калий-40 радиоактивті затының үлесі арта түскені байқалады. Сондай-ақ фосфор тыңайтқышының өндірісі де табиғи радиациялық деңгейдің өсуіне себеп болуы ықтимал. Өйткені, фосфор кенін өңдеу нәтижесінде, оның құрамында болмашы ғана мөлшерде кездесетін радий-226, торий-232, уран-238 сияқты радиоактивті заттар өндірілген фосфорлы тыңайтқыштар құрамында егістікке жетеді.
Радиоактивті заттардың толық бөлініс кезеңіне сәйкес алынатын доза мөлшерінің негізінде, радиоактивті іздер түзілген аймақтар шартты түрде 4 зонаға бөлінеді.
Бұл зоналардың аумағы жарылыстың қуаты мен желдің жылдамдығы бойынша анықталады. Сөйтіп бүгінгі күні, ядролық тарихы бар қоршаған ортада және онымен еншілес жатқан аймақтарда табиғи радиациялық фонға қосымша ластану көздерінің пайда болуы байқалады.
Радиациялық қауіпсіздік және экология институтының бұрынғы Семей сынақ полигонындағы жарылыстардан таралған радиоактивті іздердің бойымен ауқымдық тексеріс жұмыстарын белгілі бір масштабта жүргізіп келеді.[4]

Негізгі бөлім
2.1 Тағамдық тізбектегі радионуклидтердің көшу механизмі
Радионуклидтердің топырақтан өсімдікке өту және азықтық, экологиялық тізбектерге қосылу қарқыны, олардың топырақтан өзара әрекет-қатынасының сипатына әрі топырақтағы миграциялану ерекшеліктеріне немесе қабілеттеріне тікелей байланысты. Бұл тұста айта кету керек, миграция құбылысын топыраққа сіңірілу(сорбциялық) процесі мен керісінше, топырақтан ерітіндіге оралу(десорбциялық) тәріздес әлсін - әлсін қайталанып, екі жақты толассыз жүретін процесс ретінде қарауға болады.
Атмосфераға түскен радиоактивті заттардың әрі қарай таралуына жауын- шашын мен ауа қозғалысы әсер етеді. Соған байланысты радиоактивті заттардың, шартты атаумен құрғақ және дымқылды деп, екі түрлі таралу жолдарын ажыратып жүр. Егер біріншісін, бөлшектердің өз салмағымен жерге тартылғаны деп түсінсек, яки біліп жатсақ, екіншісінде - жауын-шашынның немесе қардың көмегімен жерге түсу құбылысын айтамыз. әрине, жауын-шашын арқылы радиоактивті заттардың жер бетіне түсуі жылдамырақ жүретіндігі, ал олардың кеңістікте таралуы жел құбылысының құзырында болатындығы да оқырман үшін түсінікті болар деп ойлаймыз. Табиғи экологиялық жүйелер арасында радионуклеотидтерді басымырақ қабылдайтыны орманды алқап көрінеді, әсіресе қылқан жапырақты ормандар.
Ал су көздеріне(көл, тоған, шалшық сулар, т.б) түскен радиоактивті заттар өзіндік салмағы жоғары бөлшектер ретінде су түбіне тұнатын көрінеді. Осы көлшік немесе көл табанындағы тұнбаларда су бетіне түскен радионуклеотидтердің 95-98% қоныс табады. Дегенмен, олардың бір бөлігі суда еріп, оны да ластап үлгереді екен.

Радионуклеотидтердің топырақта сіңірілу және қозғалу мүмкіндіктері көптеген факторлардың әсеріне тәуелдігі белгілі. Солардың ішінде, төмендегідей орта ерекшеліктерінң ықпалы әжептәуір:
А) радионуклеотидтердің әр түрлі топырақта сіңірілу ерекшелігі.

Уранның негізгі бөлініс өнімдері болып саналатын стронций - 90 мен цезий-137 радионуклидтерін сіңіруде топырақ пен топырақ минералдарының жоғары сорбциялау қабілеттерінің зор екендігі жайлы топшыламалар көптеген зерттеушілердің еңбектерінде айтылып жүр. Сол ғылыми еңбектерді зерделеп талдау нәтижесінде түйген пікір, негізінен аталмыш радионуклидтер үшін топыраққа сіңірілу қарқыны әрі сипаты топырақтың минералогиялық құрамына және сіңірілу сыйымдылығына тікелей байланысты екендігі айқындалған. Сондай - ақ, топырақтың құрамындағы органикалық заттар мен балшықты минералдардың мөлшері көп болған сайын, олардың топыраққа сіңірілу қабілеттері де жоғарылай түсетіндігі анықталған. Ал гумусы аз жеңіл топырақта радионуклидтердің сіңіріліуі әрі сақталынуы төмендеу дәрежеде болады, оның басты себебі - бұл топырақтардың сіңіру сыйымдылығы шағын ғана шамаға ие. Топырақтардың мұндай қасиеті - ауылшаруашылығы мамандарына аян.

Радионуклидтердің ерітінді реакциясы мен аналог-элементтердің концентрациясына байланысты топыраққа сіңірілу ерекшелігі.

Қандай да болмасын химиялық элементтердің, оның ішінде радионуклидтердің миграциялануға қабілеттігі, олардың ерітіндіде төзімді пішіндерінің болуымен сипатталады. Мысалға суда ауырлау еритін радионуклидтер (кобальт, стронций және цезий) үшін, мұндай пішін кейпі ретінде иондық пішінде болуы саналса, жеңіл радионуклидтер (темір, иттрий және церий) үшін, иондық пішінмен қатарлас жұқа шашырмалы коллоидтар күйінде болуы да белгілі дәрежеде сіңірілуіне әсер етеді.
Ал енді радионуклидтердің ерітіндідегі күйі мен бір физикалы-химиялық пішіннен екіншісіне ауысуы көптеген факторлардың әсеріне тәуелді көрінеді. Олардың қатарында негізгілері ретінде сол ортаның реакциясы мен аналог-элементтердің концентрациялары есепке алынады. Өйткені ерітінді реакциясы мен құрамындағы элементтер концентрациясының өзгеруі нәтижесінде болатын ерігіштік құбылысының күрт артуы, олардың химиялық пішіндерінің ауысуына ұласады. Бұл өзгерістердің аяғы, химиялық элементтердің топырағы қозғалғыштық қабілетінің артуына немесе азаюына әкеледі.

Топыраққа радионуклидтер сіңірілу процесінде өсімдік қалдықтары мен жасанды комплексондардың алар орны.

Жасанды комплексондар деп кейбір химиялық элементтердің катиондарымен жеңіл еритін ішкі комплекстік қосылыстар түзей алатын заттарды айтады. Олар топырақ қабатын және су қоймаларын ластайтын радионуклидтерге тиімді ықпал жасаушы қосылыстар ретінде, радиоэкологиялық зерттеу жұмысында табысты қолданылады. Комплексондарды пайдаланудың басты механизмі топыраққа радионуклидтердің және басқа да зиянды химиялық элементтердің сіңірілуіне бөгет жасау арқылы, топырақтағы олардың мөлшерін азайтуға, яки тіпті көбейтпеуге бағытталған.
Ішкі комплекстік берік қосылыстар құрамына енген радионуклидтер топыраққа сіңісе қоюға қабілетті емес, сол себептен олардың миграциялану мүмкіндігі әрдайым жоғары болады. Мұндай жағдайда радионуклидтердің топырақ ерітіндісімен миграциясының күшеюі олардың өсімдіктер бойына түсетін мөлшерінің артуына әкеледі.
Осы бағытта жүргізілген зерттеу жұмыстарының нәтижесінде, өсімдік қалдықтарының шіру процесі кезінде туындайтын әртүрлі суда ерігіш қосылыстардың топырақ қойнауындағы табиғи суларға және ерітіндіге қосылуы байқалды.
Топырақ ылғалдылығы режимінің радионуклидтер миграциясында атқарар ролі.

Баршамызға белгілі жайт, өсімдік қалдықтарының шіру қалпы, соның нәтижесінде туындайтын органикалық заттардың сандық және сапалық құрамы топырақ ылғалдылығына тәуелді екендігі.Топырақ - ерітінді жүйесінде радионуклидтердің қозғалғыштық қабілетіне тигізер әртүрлі режимдегі топырақ ылғалдылығының ықпалы, оның сұйық фазасының құрамына өткен радионуклидтер мөлшерінің үлесіне көбірек тиеді. Топырақ қабатының бойымен миграцияланатын әрі өсімдік тамырларына сіңетін радионуклидтер негізінен осы еріген пішін өкілдері болып табылады.
Қорыта айтқанда радионуклидтердің топыраққа сіңірілу ауқымы мен оған беку беріктігінің шамасы, радионуклидтердің химиялық қасиеттеріне және сол топырақ-ерітінді ортасының физикалы-химиялық ерекшеліктеріне байланысты. Ал бұл ерекшеліктерге жататын факторлар тізбегі:
ерітіндінің реакциясы (рН) мен температурасы;
ерітінді құрамында әртүрлі катиондар мен комплекс түзеуші заттардың болуы;
топырақтың химиялық құрамы мен ылғалдылық режимі;
Сол сияқты тағы да басқадай факторлардың да қатынасытынын айта кетуге болады.

Радиактивті іздерді зоналарға бөлу

Зона
Зонаның атауы
Жарылыс өсімдерінің толық бөлінісіне дейінгі сәуле түзу дозасы, Р
Дозаның эталондық қуаты, Рсағ.
А
Орташа ластанған
40-400
8-80
Б
Қатты ластанған
400-1200
80-240
В
Қауіпті ластанған
1200-1400
240-800
Г
Аса қауіпті ластанған
4000-нан жоғары
800-ден жоғары

Ескертпе: Мұндағы дозаның эталондық қуаты деп жарылыстан кейінгі 1 сағаттан соң белгілі болатын көрсеткіші алынады.

Радиациялық қауіптің көбеюі радиациядан қорғанудың сенімді жүйесін ойластыруды және радиациялық қауіпсіздік деңгейін көтеруді талап етеді. Оның алғашқы қадамы- сәулелену құбылысының көрсеткіштерін анықтауда дозиметрлік және радиометрлік істерді дұрыс жолға қою деуге болады.[2]

2.2 Иондаушы сәулелердің тірі ағзаға әсерінің ерекшеліктері.

Жер бетіне түскен радиоктивті заттар табиғи зат айналымының биологиялы цикліне қосылуы арқылы тағамдық тізбекте болуы,олардың адам ағзасына ену қауіпін туғызады.Сондықтан,ауыл шаруашылығы өндірісінің мамандары үшін,радиоактивті заттардың тағамдық тізбектегі қозғалыс заңдылықтарын білу және өсімдіктер мен жануарладың сол ортада қоректену ерекшеліктерін ескеру сияқты жайттарды санадан шығармау ,бүгінгі күн тіршіліктерінде аса қажет.
Радиактивті заттардың ауыл шаруашылығы өнімдерін ластау процессі өсімдіктер мен малдардың бойына түсу әрі жиналу арқылы болады.Осы бөлініс заттарының жерге түсу сипаты сияқты атмосфералық құбылыстар мен топырақтың қасиеттері де әртүрлі болады.Соған байланысты олардың ауыл шаруашылығы өсімдіктері мен өнімдерінің құрамындағы шамасы өте кең өрісті қамтиды.Мұндай ерекшелік,табиғи орта саяқтарының құрамындағы радионуклидтердің химиялық және физикалық қасиеттеріне де байланысты,өткен тарауларда айтып өткеніміздей,мұндай заңдылықтардың негізінде,өсімдік пен топырақтың түрлері,олардың қоректік элементтермен қамтамасыздану дәрежесі және басқа да миграциялық ерекшеліктердің қамтылатыны белгілі.
Өсімдіктерге түсетін радиактивті заттардың мөлшерін білу үшін және оның тигізер ықпал дәрежесін анықтау үшін,аңғаруға қажетті көптеген сырт факторлар бар.Соның бірі-метерологиялық жағдайлар.Жоғарыда айтқанымыздай,жер бетіне қонған радиактивті заттар негізінен,қоршаған ортаның саяғында орналасады,олар:топырақ,су көздері мен өсімдік.Топырақ қабатына енген радиактивті заттар,атосфералық жауын-шашын арқылы немесе суғаруға пайдаланылған судың күшімен қалыптастырылған ылғалды ортада еріп,тіпті кейбір жағдайда механикалық жолмен топырақтың төменгі қабаттарына жылжиды.Сөйтіп жоғары ылғалдылық жағдайында,төменде жатқан ыза суына дейін жетуі ықтимал.Атап айтар болсақ,радионуклидтердің топырақ қабатымен жылжу жылдамдығы көптеген факторларға тәуелді:
-топырақтың сулық режиміне;
-механикалық құрамы мен физикалы-химиялық қасиеттеріне;
-топырақ бетінде өсімдік қалдықтарының болуына және шіру жағдайына;
-радиактивті заттардың ерігіштік қасиеттеріне байланысты.
Тірі ағзалардың сырттай ғана емес,іштей сәулеленуге ұшырайтындығы белгілі.Іштей сәулелену көздеріне-ағза бойына азықтық элементтермен ,ауамен және сумен кіріктірілетін радиактивті заттарды жинай алу қабілеті бар.
Шындығында радиактивті заттардың,әсіресе жасанды радионуклидтердің қоршаған ортадағы қимыл-қасиеттерін бақылап,зерттеудің түпкілікті себебі олардың тағамдық өнімдерге өту салдарынан,радиациялық қауіптің туындайтындығы белгілі.
Ластанған өсімдіктер азық ретінде мал ағзасына радиактивті заттарды тасымалдаушы әрі олардың былғануының басты көзі болып саналады.Сөйтіп,өз кезегінде малдың сүтімен немесе етімен,сондай-ақ өсімдіктік тағамдарымен қоректенуші адам ағзасына да радиактивті заттардың түсуі әбден мүмкін.
Өсімдікке радиактивті заттар екі жолмен түседі екен:
-бірінші-ауадан радиактивті бөлшектердің өсімдік сабақтары мен жапырақтарына және де басқа да топырақ бетіндегі органдарына қонуы арқылы, өсімдіктің вегетативті және генеративті органдарының ішіне сіңірілуі;
-екінші жолы-тамырлар арқылы,радионуклидтердің топырақтан өсімдіктің барлық органдарына таралуы деп танылады.
Өсімдіктердің радиактивті заттармен ластануының жолдарын дұрыс айыра білген жөн.Олай айтуымызға негіз бар:
-біркелуі ластанған аймақтағы өсімдіктердің топырақ бетіндегі органдарына радиактивті заттардың түсуі,олардың радионуклидтерді көбірек жинауының басты айғағы;
-радиактивті ластану жағдайы,негізінен тек радиактивті заттар түскен кезде байқалады;
-тамырлар жүйесі арқылы радиактивті ластану процесі аз мөлшермен болса да,ұзақ мерзім жүруі мүмкін;
-өсімдік органдарының радиактивті ластану деңгейлері,олардың өсімдікке түсу жолдарына байланысты.
Өсімдік бойына радиактивті заттардың сіңірілуіне қажет жағдайдың бірі-жапырақтың ылғалдылық күйі.Радиактивті заттардың өсімдіктерге өтуінің басты,тіпті негізгі жолы ,тамырлар жүйесі арқылы тасымалдануы болып табылады.Жалпы тамыр жүйесі арқылы радиактивті заттардың түсу реті мен әртүрлі органдарына жиналуы тәртібі бойынша өсімдіктер екі топқа бөлінеді:
-Біріншісі-өсімдіктің топырақ бетіндегі органдарына қарқынды қалыпта көбірек радионуклид жинақтайтын топ болса;
-Екіншісі-әлдеқайда баяу қалыпта,негізінен радионуклидтерді тек тамыр жүйесінде ғана жинақтайтын топ болып ажыратылады.
Радионуклидтердің өсімдік тамырымен сіңіріліп,оның бойымен басқа органдарына таралуы,көптеген жағдайда,олардың химиялық қасиеттеріне байланысты.Радиактивті заттардың топырақ-өсімдік жүйесіндегі тәртібі жайлы заңдылықтар зерттеу нәтижесінде,топырақ пен өсімдік құрамындағы радионуклидтер мөлшерінің арасындағы корреляциялық байланыстар табылуда.Сол радиоизотоптардың химиялық қасиеттерімен ерекшеліктері анықталды.
Сонымен қатар,олардың өсімдік бойына түсу және жылжу заңдылықтарын білу қажет.Мұндай заңдылықтардың ашылуы,радиактивті ластанған аймақтағы жерлерді тазарту және ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің өнімдеріне ,радиактивті заттардың өтуіне кедергі жасау мақсатындағы шараларды өндіріске енгізуде орны ерекше.
Мал ағзасына түскен радиактивті заттардың бәрі бірдей тағаммен бірге сіңе бермейтін көрінеді.Олардың бір бөлігі экскременттер құрамында сыртқа шығарылып,топыраққ қайтып оралады.Сөйтіп радиоруклидтердің қайтадан өсімдік бойына оралуы,жүзеге асуы мүмкін.Сондай-ақ небір компастар құрамында,күлмен және басқа да қалдықтарымен бірге,радиактивті заттардың топырақ қабатындағы айналымға түсуі мүмкін.Мал ағзасының ішіне енген радиактивті заттардың қайсібір органдарға тигізер радиациялық әсері,олардың ағза бойында сақталған мерзіміне байланысты.
Бүгінгі күні ауыл шаруашылық өнімдеріне қоршаған ортадан әр түрлі радиактивті заттардың түсуі жайында небір нәтижеге толы экспериментальді мәліметтер жинақталған.Радиактивті заттардың түсу пәрменділігі мен топырақ құрамындағы олардың мөлшері арасындағы байланыстылық зерттелуде.Сондай-ақ олардың әртүрлі өсімдіктердің өз бойына сіңіру қабілеттері анықталынуда және мал өнімдеріне азықпен өту коэффициенттері есептелінуде.Мұндай жұмыстардың маңыздылығы,радиоактивті заттармен ластанған аймақтарды мекендейтін тұрғындардың күндік ауқат құрамына радиоактивті заттардың енбеуін немесе сақтану шараларын белгілеуде өте зор екендігі сөзсіз.[4]

2.3 Радиоктивті ластанған зонадағы сыртқы гамма сәулеленуден қорғанудың кейбір тәсілдері.

Тірі ағзаны иондаушы сәулелену ықпалынан қорғау ілімін игеру мақсатында,ең алдымен өсімдік және жануарлар әлемі өкілдерінің радиацияны сезу,оған төтеп бере алу немесе бейімделу сияқты басқа да қабілеттерімен жақын.Ғылым әлемі мен техниканың әртүрлі салаларында иондаушы сәулелену құбылысын қолдану аясы кеңіген сайын,тірі ағзаның радиосезімталдығын арттыру мәселелері туындауда.Осы мақсат талабында,радиосезімталдық қабілетті күшейту жолдарын іздестіру бағытында көптеген іргелі міндеттер тұр.Бұл тарапта адам өмірі үшін аса қажетті шараның бірі-сәулеленуге қарсы қорғаныстық мақсатта қолданылар әдістерді табудың қаншалықты маңызы бар.Жалпы тірі ағза атаулының,оның ішінде өсімдік ағзасын сәулеленуден қорғау мәселесінің шешімін іздеуді ең алдымен олардың қолайсыз жағдайлар(факторлар)әсеріне төтеп бере алу қабілетінің жалпылама биологиялық механизмдерін зерттеумен ұшттастырған жөн.Сәулеленуге қарсы тұраралық ағзаның қорғаныс қабілетті де осындай қасиеттерінің іске асу нәтижесі деп түсінген жөн.Сондықтан да,ағзаның иондаушы сәулеленуден қорғана алар қабілетін тануды сол ағзаның оған бейімделе алу мүмкіндігін арттырар немесе жүзеге атсалысар жағдайлардан,яки әдістерден іздестірген дұрыс болады.Сөйтіп,радиактивті заттармен ластанған қоршаған ортаның әртүрлі қолайсыз жағдайларына төтеп бере алатын ағза табиғатының сырын ашу үшін сан-қилы қимыл-қарекет қажет екендігіне көз жетті.Сол мақсатта,аталмыш мәселенің алғашқы сатыларын белгілеп,анықтау жолында табиғи ортаның әртүрлі саяқтарымен жан-жақты әрі терең ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізілуде.Мамандар қауымына белгілі жайт,тұқымдық кезеңде өсімдік тыныштық қалпында болатындықтан,олардың иондаушы радиация әсеріне және басқа да зақымдаушы әрекеттерге төзімділігі,әлбетте жоғары тұрады.Сол себептен де,өсімдіктермен тығыз айналыса қоймаған мамандар арасында,өсімдіктер радиотөзімділігі жайлы жаңсақ пікірлердің қалыптасуы кездейсоқ емес.Олармен кей тұста келісуге де,келіспеуге де болады.Ылғалды ортаға түскен тұқым көктей бастайды.Тұқымнан топырақ бетіне өскін шығысымен,өсімдіктің радиосезімталдығы күрт артады.Кейінгі даму сатыларында небір өзгеріске түскенімен радиацияға деген сезімталдығы вегетациялық кезеңнің соңына дейін төмендемейтін көрінеді. Мәдени өсімдіктер арасында бұршақтұқымдастардың көптеген өкілдері басымырақ радиосезімталдық қабілеттерімен ерекшелінеді.Ал радиотөзімділікке келер болсақ,астықтұқымдас өсімдіктердің және кейбір көкөністер мен техникалық дақылдардың аталмыш қасиеттері жоғарырақ екен.Иондаушы сәулелену әсерінен өсімдіктер қауымдастығына да біршама өзгерістер болуы ықтимал.Ценоз құрамындағы кейбір радиосезімтал өсімдіктің жойылуына дейін апаратын радиация дозасының әсерінен немесе кейде тіпті аз мөлшерінің ықпалынан - ақ фитоценозда өзгерістер болып жатады.Радиациалы жоғары фон жағдайында фитоценоз құрамындағы радиосезімталдығы күшті өсімдік түрлеріне әжептәуір ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Атом электр станциясындағы апат
Судағы және құрлықтағы жануарлар ағзаларына радионуклидтердің түсуінің негізгі жолдары
Сүт және сүт өнімдері
Халықаралық стандарттау және техникалық реттеу (сүт өнімі мысалында)
Қозғалтқыштарды сынау бөлімшесі
Биологиялық белсенді заттардың шикі сүт секрециясының фракциялау және сүт өнімдері өндірісінде оларды пайдалану
Өндірісті ұйымдастыру мен басқару тәсілдері
Химиялық элементтермен ластану
Ет сапасына әсер ететін табиғи факторлардың тізімі
Балалар мен жасөспірімдерге арналған тамақ өнімдерінің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар
Пәндер