Күркетауықтарды бағып күту



I.Кіріспе
II. Негізгі бөлім
1. Күркетауықтардың жалпы сипаттама
2. Күркетауықтарды инкубациялау гигиенасы
3. Күркетауықтардың өнімінің сапасы
4. Күркетауықтарды күтіп . бағу
5. Күркетауықтарды азықтандыру
6. Күркетауықтардың гигиенасы
7. Вет.сантариялық жағдайы
8. Аурулардан сақтау шаралары
III.Қорытынды
IV.Пайдаланылған әдебиеттер
Өндірістік күркетауық нарық сұраныстарын жеңіл диетикалық тағамдармен қамтамасыз етуге өзінің сүбелі үлесін қосатын, аграрлық кешениің әрі үдемелі, әрі жедел өзгеріп, тез дамитын саласы болып табылады.
Келешекте күркетауықтың технологияларын жетілдіру, әрі шаршы метр жерден өнім шығымын көбейтіп, оның өзіндік құнын төмендетуді көздейді. Бұл жағдайдағы негізгі мақсат және міндет, бүкіл шығынды барынша азайту болып табылады. Күркетауық дұрыс та тиімді пайдалануға бағытталған ортаның жан – жақта көрсеткіштерін, күркетауықтың тұқымдық ерекшеліктерін түгел қамтитын технологиялық процестің басты мақсаты күркетауықтың күнделікті тіршілігіне қажет жем мөлшерін барынша азайтып, оларды адамға қажет өнімдер алуға (жұмыртқа, ет, мамық) пайдалану.
1. Ветеринариялық гигиена. –Алматы: ҚазҰАУ, Мырзабеков Ж. Б., Ибрагимов П.Ш.
2. Ветеринарная гигиена, 2005 Гершун В.И.,
3. Гигиена сельскохозяйственных животных, 1980, Данилова А.К.
4. Зоогигиена, 2003, 2005, Мырзабеков Ж.Б.
5. Практикум по зоогигиене, 1984, Храбустовский И.Ф
6. Справочник по ветеринарной гигиене, 1984, Кузнецов К.Ф., Баланин И.В.,
7. Руководство к лабораторным занятиям по Общей гигиене, Румянцев Т.И. и др

Пән: Ветеринария
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 19 бет
Таңдаулыға:   
Жоспары

I.Кіріспе
II. Негізгі бөлім
1. Күркетауықтарың жалпы сипаттама
2. Күркетауықтарды инкубациялау гигиенасы
3. Күркетауықтардың өнімінің сапасы
4. Күркетауықтарды күтіп - бағу
5. Күркетауықтарды азықтандыру
6. Күркетауықтардың гигиенасы
7. Вет.сантариялық жағдайы
8. Аурулардан сақтау шаралары
III.Қорытынды
IV.Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе
Өндірістік күркетауық нарық сұраныстарын жеңіл диетикалық тағамдармен қамтамасыз етуге өзінің сүбелі үлесін қосатын, аграрлық кешениің әрі үдемелі, әрі жедел өзгеріп, тез дамитын саласы болып табылады.
Келешекте күркетауықтың технологияларын жетілдіру, әрі шаршы метр жерден өнім шығымын көбейтіп, оның өзіндік құнын төмендетуді көздейді. Бұл жағдайдағы негізгі мақсат және міндет, бүкіл шығынды барынша азайту болып табылады. Күркетауық дұрыс та тиімді пайдалануға бағытталған ортаның жан - жақта көрсеткіштерін, күркетауықтың тұқымдық ерекшеліктерін түгел қамтитын технологиялық процестің басты мақсаты күркетауықтың күнделікті тіршілігіне қажет жем мөлшерін барынша азайтып, оларды адамға қажет өнімдер алуға (жұмыртқа, ет, мамық) пайдалану.
Алға қойылған мақсатқа жету үшін, ең алдымен мынандай мәселелерді шешу қажет: бірнеше бағыттағы фермаларын мамандандыру, шаруашылықтарды пайдалы технологияға ауыстыруды, күркетауықты инфекциядан қорғауды қамтамасыз ететін қажет құрал -- жабдықтары бар күркетауықтардың фермаларын салу, күркетауықтардың клеткаларын пайдалану мерзімін ұзартатын клеткалық батареяның ыңғайлы конструкциясын жасау, күркетауықты клеткалық батареяда ұстағандағы сұрыптау және өңдіру жұмыстарын ұйымдастыру.
Сонымен қатар, көліктің және басқару міндеттерін орындайтын машиналардың технологаялық жүйесі жасалынады, автоматтандырылған басқару бағдарламасымен жабдықталған құру мәселесі шешіледі. Бұл салалық автоматтың басқару жүйесін дайындап, оны өндіріске енгізудегі ең басты талап.
Күркетауықтарды бағып күту. Қазіргі уақытта күркетауық өнімдерін алуда, ірі мамандандырылған күркетауық фабрикаларында маңызы өте зор. Күркетауыты күтіп - бағумен, азықтандырудың әдістерін және жаңа техника дамыған жетістіктерін пайдалану. Күрке тауық тауық тұқымдас құстардың ішіндегі ең ірісі болып табылады. Күрке тауық өсірудің рентабелділігі жоғары көрсеткіштермен ерекшеленеді. Оның еті дәмді, жұмсақ, әрі оның құрамында холестерин мөлшері өте төмен.
Тауықтәрізділер - құстардың бір отряды. Қазба қалдықтары төменгі эоцен қабатынан белгілі. Жер шарында кең тараған, Антарктика мен кейбір Мұхит аралдарынан басқа жерлердің барлығында кездеседі. Қазіргі кезде 280-нен астам түрі бар, олар морфологиялық және экологиялық ерекшеліктеріне қарай 2 отряд тармағына: тауықтар және гоациндерге бөлінеді. Тауықтардың 6 тұқымасы бар; қоқыстауықтары, кракстар, құрлар, цесарлар, қырғауылдар, және күркетауықтар.
Қазақстанда тауықтәрізділердің 13 түрі мекендейді. Тауықтәрізділердің тұрқы 12 см-ден (ергежейлі бөдене) 235 см-ге дейін (айдарлы аргус), салмағы 45 г-нан (ергежейлі бөдене) 11,5 кг-ға (жабайы күркетауық, асыранды күркетауық - 22,5 кг) дейін жетеді. Қораздары мекиеніне қарағанда ірі. Кейбіреулерінде етті сырға, қасы, айдары болады. Тұмсығы қысқа, дөңес. Үстіңгі тұмсығының ұшы имек. Аяқтары күшті, кішкентай артқы саусағы бар, қораздарында тепкі (басқы) жақсы жетілген, топырақ қопсытуға бейім. Қанаттары қысқа, жалпақ, әдетте жерден тез көтерілуге ғана жарайды, ұзақ ұша алмайды. Қауырсыны тығыз, мамығы аз, көпшілік түрі отырықшы құс-тар. Полигамиялы, жылына 1 рет көбейеді, жерге ұялайды, (гоацин мен гокко ағашында), 3 - 26 жұмыртқа салады, мекиені 14 - 30 күн жұмыртқа басып, балапанына қамқорлық жасайды. Балапандары жұмыртқадан шыға сала мекиеніне еріп кетеді. тауықтәрізділердің қорегі - өсімдіктердің вегетативті бөлімдері, жемістері мен тұқымдары, кейде жәндіктер, құрттар. Көпшілік түрінің кәсіптік маңызы бар, әуесқойлық мақсатта ауланады. Банкив әтеші, цесарлар, күркетауықтар ертеден қолға үйретілген, көптеген түрі үй құстарының арғы тегі болып саналады. Тауыс және қырғауыл кейде қолда өсіріледі.
Күрке тауық тауық тұқымдас құстардың ішіндегі ең ірісі болып табылады. Күрке тауық өсірудің рентабелділігі жоғары көрсеткіштермен ерекшеленеді. Оның еті дәмді, жұмсақ, әрі оның құрамында холестерин мөлшері өте төмен. Олар да мамық пен қауырсын береді. Бұл құстар қызыққыш, ақылды, адамдарға тез үйреніп кетеді. Олар жем талғамайды және де жаз мезгілінде көбінесе жайылымда болады.
Күрке тауық өсіру бойынша шағын бизнес идеясының тартымдылығы - бұл бизнесті үй шаруашылығындағы бизнеске айналдыруға болатындығында. Яғни, барлық отбасы мүшелерін осы бизнеске тарту арқылы жалдамалы жұмысшыларға кететін жалақыны үнемдеуге боладымық пен қауырсын береді. Бұл құстар қызыққыш, ақылды, адамдарға тез үйреніп кетеді. Олар жем талғамайды және де жаз мезгілінде көбінесе жайылымда болады.
Күрке тауық өсіру бойынша шағын бизнес идеясының тартымдылығы - бұл бизнесті үй шаруашылығындағы бизнеске айналдыруға болатындығында. Яғни, барлық отбасы мүшелерін осы бизнеске тарту арқылы жалдамалы жұмысшыларға кететін жалақыны үнемдеуге болады.
Күркетауықтар - тауықтәрізділер отрядының бір түрі. Дене тұрқы 85 - 100 см. Басы және мойнының біраз жері тықыр. Аталығы тоқылдағында мойнында етті қатпарлар пайда болып, құйрықтарын тік ұстап, желпуіш сияқты желпиді. Қауырсындары қара металл түсті жылтыр. Жақсы жүгіріп, жерде жақсы жүреді. Бірақ ұшқанды ұнатпайды. 2 түрі белгілі. Соның ішінде арғы тегі Солтүстік Америкада кеңінен таралған кәдімгі күркетауық.(1- сурет).

1- сурет. Күркетауық
Күркетауық - үй құстары ішіндегі ең ірісі. Қоразының тірі салмағы 9 - 35 килограмм, мекиені 4,5 - 11 килограмм. Жаңа шыққан балапанының салмағы 50 - 55 грамм, 120 күннен соң 4 - 5 килограмм. Ұрғашы балапан 4 айлығында, еркегі 7 - 8 айлығында өсуін тоқтатады да, одан әрі ет алып, май жинайды. 3 - 4 ай бордақыланып етке өткізіледі. Еті дәмді, құрамында жеңіл қорытылатын протеин көп (28%-ға дейін). Әр күркетауықтан орта есеппен жылына 90 - 100 жұмыртқа алынады, балапанын 28 күнде шығарады. Оны негізінен ет алу мақсатында асырайды. Күркетауықтың еті өте дәмді және диеталық мақсатта пайдаланылады. Себебі, етінің құрамында организмге тез сіңетін протеин (28%) болады. Тауықтәрізділердің 26 түрі мен 11 түр тармағы Халықаралық табиғат қорғау одағының "Қызыл кітабына", алтай ұлары Қазақстанның "Қызыл кітабына" енгізілген.
Күркетауық, яғни, үндік өсіру рентабельділігі жоғары көрсеткіштермен ерекшеленеді. Оның еті дәмді, жұмсақ, әрі құрамында холестерин мөлшері өте төмен. Олар да мамық пен қауырсын береді.
Күркетауық өсіру бойынша шағын бизнес идеясының тартымдылығы - үй шаруашылығындағы бизнеске айналдыруға болатындығында. Отбасы мүшелерін осы іске тарту арқылы жалдамалы жұмысшыларға кететін жалақыны үнемдеуге болады. Талап етілген өнімділікке байланысты оны өсіру мен көбейтуді тұқымдарды таңдаудан бастау керек. Бұл құстардың қола түсті кең кеуделі және ақ кеуделі екі түрі бар. Алғашқысы жоғары көрсеткіштерімен ерекшеленеді, дұрыс тамақтанатын болса, аталығының салмағы 9-11 кг жетеді. Орта есеппен балапанының туғаннан кейінгі 13 аптадағы салмағы - 4,4,- 17 аптадағы салмағы - 6,6 кг. Ақ кең кеуделісінің етінің сапасы жақсы, сыртқы түрі өте әдемі. Қола кең кеуделісіне қарағанда, еті тез піседі, жұмыртқа салуы 90 пайыздық ұрықтану көрсеткішімен шамамен 85 жұмыртқаны құрайды.

Күркетауықтарды инкубациялау гигиенасы. Жұмыртқаларды инкубациялау үшін инкубаторлар мен инкубаторийлер санитариялық - гигиеналық режимді сақтаудың маңызы зор. Инкубатор құрамында инкубация залы, жұмыртқа салынатын орын, жуып тазартатын және қызмет істейтін бөлмелер кіреді. Бұл нысандарда әртүрлі микроорганизмдердің өсіп - өнуіне жол бермеу үшін бұларға құс жұмыртқалайтын маусының қарсаңында және онан кейін айына 1 рет дезинфекция жасап отырады. Инкубаторға жұмыртқаны жұқпалы аурудан (пуллороз, қылау, нейролимфоматоз, оба, витаминоздар) таза фермалардан ғана әкеп салады. Инкубаторға салынған жұмыртқаның сақталу мерзімі 4 - 6 күннен аспауы керек, оның тұрған жерінің температурасы + 5 - +8 С, ал ылғалдылығы 75 - 80 пайыз болу шарт Инкубациялау үшін ірі жұмыртқаларды іріктеп алған жөн. Инкубациялау режимі - температура, ылғалдылық жұмыртқаны мезгіл - мезгіл ауыстырып отыру, таза ауаның келіп тұруы сияқты тәртіп қатаң сақталуы керек. Инкубациялаудың жартысында температура біршама жоғары болуы тиіс. Инкубатордағы ауаның ылғалдылығы 54-57 пайыз мөлшерінде болады.
Ылғалдылық ортадан тепкіш насоспен немесе қаңылтыр табаға су құйып қою жолымен бірқалыпты ұсталады. Инкубациялаудың алғашқы күндерінде және жұмыртқаның қабығы тесіле бастаған кезден балапанның шығуына дейінгі кезеңде ылғалдық жоғары болуы тиіс. Инкубациялау кезінде жұмыртқаны қысқа мерзімге әлсін - әлсін салқындатып тұру ұсыналады, оны желдеткіш арқылы сырттағы салқын ауаны жіберу жолымен іске асырады. Сыртқы ауаның температурасы қандай екеніне байланысты желдеткішті 3 - 4 мин немесе 25 - 30 мин іске қосады. Инкубатор ішіндегі ауа температурасы 32 -33 С-қа дейін төмендегенше осылай істеле береді. Салқын ауа енгізу тоқтатылғаннан кейін электр жылытқышы іске қосылып, температура қалпына келтіріледі. Гигиеналық норма бойынша инкубаторлар мен инкубаторийлердің ауасындағы көмірқышқылының мөлшері 0,4 - 0,7 пайыздан ауыспауға тиіс. Ауадағы шаң - тозаң және микроорганизмдер жұмыртқадан жаңа шыққан балапандардың тыныс жолын ауруға шалдықтыруы мүмкін, сондықтан ауаның таза болуын бақылап отыру керек. Бұл үшін қолайы желдеткіш, шаңсорғыштар және арнаулы жабықтар қолданылады. Жұмыртқаға мезгіл - мезгіл 1 - 1,5мин бойына сынаптық кварц шамамен 40 см биіктіктен сәуле түсіріледі, мұның өзі де ауаны тазатуға жағдай жасайды. Балапандардың бір мезгілде жұмыртқа қабығын тесіп шығуы инкубациялау жұмысының ойдағыдай екенін көрсетеді. Инкубациялауға салынған жұмыртқаның 87 - 99 пайыз балапан болып шығуы тиіс. Инкубатордан шыққан балапандар үсті кепкеннен кейін 6 - 8 сағаттан соң өсірілетін қораға жіберіледі, балапандарды картоннан немесе фанерден жасалған, ішкі қоршаумен бөлінген жәшікке салынады да, машинаны ақырын жүргізіп, тасып жеткізеді. Әрбір жәшікке 15 күркетауықтың балапаны, орналастырылады. Ыстық күндерде балапандарды белгілі мөлшерінде 20 пайызға кем орналастырылады. Балапандарды әрқашан тасымалдағаннан кейін, жәшіктердің ішін жақсылап тазартып, дезинфекциялап отырады.
Инкубацияға салынған барлық жұмыртқалардан балапан шығару орта есеппен 60-70 пайыз аралығын қамтиды. Өнімділікке байланысты күрке тауықты өсіру мен көбейтуді тұқымдарды таңдаудан бастау қажет. Бұл құстардың қола түсті кең кеуделі күркетауық және ақ кең кеуделі күрке тауық деген екі түрі бар. Қола түсті кең кеуделі күркетауықтар - өздерінің жоғары көрсеткіштерімен ерекшеленеді, дұрыс тамақтанатын болса, аталығының салмағы 9-11кг. дейін жетеді. Орташа есеппен күрке тауық балапанының туғаннан кейінгі 13 аптадағы салмағы 4,4 кг., 17 аптадағы салмағы - 6,6 кг. болады. Ақ кең кеуделі күрке тауықтардың етінің сапасы жақсы, сыртқы түрі өте әдемі (терісі сарғылт түсті) болып келеді.
Күрке - тауық - ты мынандай тәсілдер - мен өсіруге болады. Әдетте күр - кетауық 27-30 күн аралығында өз жұмыртқасын басып шығарады. Жұмыртқаны немесе балапандарды құс фабрикаларынан сатып алуға да болады. Балапандарды бір қабырғасы - на полиэтилен пленкалар тар - тыл - ған жылы да жарық шағын қораларда күтімге алған жөн. Оны жылыту үшін 250 ваттық лампа іліп қоюға болады. Азық пен суды клетканың неғұрлым салқындау жеріне қояды. Балапандардың астына шөп пен сабан төсеуге болады. Бірақ оларды күн сайын ауыстырып отыру қажет. 2-2,5 ай шамасында өсіп-жетілген балапандарды мұнан әрі тауық қораға апарады. Осы кезде ол қораларда желдің болмағандығын ескерген дұрыс. Қора жарық болу үшін оған да жылу шашатын лампа іледі.
Ба - лапандарды алғашқы күн - дері пісірілген жұмыртқамен азықтандырады. Жұмыртқаны ұсақтап, бөлшектеген дұрыс. Бес күннен кейін ұсақталған немесе тартылған ет, ірімшік, пияз берген дұрыс. Он күн - нен кейін пісірілген картоп - пен сүт араластырылып ұнтақ - талған бидай мен арпа, әртүр - лі тағам қалдықтарымен азықтан - дырыла бастайды. Суға жас жұ - мыртқаның сары уызын қосу, сондай-ақ сүтпен суару жөн болады, азықтандырып отыру қажет. Тамақ қалдықтарын және су беріп отырған жөн. Ал қыс - ты күні арнаулы алаңшада жем беріп, қыдыртып алған дұрыс. Алаңшаны қардан тазартып, жемді шашып тастайды. Себебі күркетауыққа қысты күні қимыл-қозғалыс қажет болады. Шашылған жемді теріп жеу арқылы ол жақсы қимылдап, қан таратады. Егер даланың температурасы 10 градустан суық болса, онда күркетауықтарды далаға шығармаған жөн. Күркетауықтарды көбейтуді олардың ұрғашыларының жұмыртқаға 27-30 күн бастыру арқылы немесе инкубаторда да жүзеге асырады. Балапандарды күркетауықсыз шығарған кезде алдын ала орын дайындаған абзал. Ең дұрысы - полиэтилен қаптамамен қапталған (төбесі мен алдынан басқа) тор. Жылыту үшін 250 Вт. Лампаны қолданып, температураны 36 градустан түсірмеу қажет. Жем беретін ыдысын, су беру науасын, майда ойығы бар май шамды тордың суық жеріне орналастыру керек. Төсенішті (ең дұрысы сабан мен пішен) күнделікті ауыстырған жөн. 2-2,5 айда балапандарды құс қорасына ауыстыруға болады. Онда жел болмасын, жылытқыш шам орнатыңыз.
Балапандарды алғашқы күндері ұсақтап туралған піскен жұмыртқалармен коректендіреді. 5-10 күн аралығында азығына ұсақтап туралған ет, құмырсқа жұмыртқасын, жасыл пияз бен салат, тәтті ірімшік қосады. Оныншы күннен бастап, азығын қаймағы алынбаған сүтке араластырылған піскен картоп пен бидай кебегіне, буға піскен тарыға, бидайға, ұсақталған арпаға, ірімшікке, әртүрлі ас үй қалдықтарына, үстеме қосу керек болса, әртүрлі көк шөптерге ауыстырады. Қаймағы алынбаған немесе алынған сүтті жылы, бөлме температурасындағы суды (суға жұмыртқаның сарысын араластырып жіберсе пайдалы) 5-6 күннен бастап беруге болады.
1 ай мерзімде балапан 1,5-1,8 килограм салмақ тартып, қажетті вакциналары егіліп, тиісті жемдерімен, дәрумендерімен азықтандырылады. Бағып-қағудың дұрыс технологиясын сақтаған жағдайда үндіктің салмағы кемі 15-тен 25 килгромға дейін сойылған кездегі салмақты береді. Күркетауық, яғни, үндік өсіру рентабельділігі жоғары көрсеткіштермен ерекшеленеді. Оның еті дәмді, жұмсақ, әрі құрамында холестерин мөлшері өте төмен. Олар да мамық пен қауырсын береді. Бұл құстар қызыққыш, ақылды, адамджарға тез үйреніп кетеді. Күркетауық өсіру бойынша шағын бизнес идеясының тартымдылығы - үй шаруашылығындағы бизнеске айналдыруға болатындығында. Отбасы мүшелерін осы іске тарту арқылы жалдамалы жұмысшыларға кететін жалақыны үнемдеуге болады. Талап етілген өнімділікке байланысты оны өсіру мен көбейтуді тұқымдарды таңдаудан бастау керек. Бұл құстардың қола түсті кең кеуделі және ақ кеуделі екі түрі бар. Алғашқысы жоғары көрсеткіштерімен ерекшеленеді, дұрыс тамақтанатын болса, аталығының салмағы 9-11 кг. Жетеді. Орта есеппен балапанының туғаннан кейінгі 13 аптадағы салмағы - 4,4, 17 аптадағы салмағы - 6,6 кг. Ақ кең кеуделісінің етінің сапасы жақсы, сыртқы түрі өте әдемі. Қола кең кеуделісіне қарағанда, еті тез піседі, жұмыртқа салуы 90 пайыздық ұрықтану көрсеткішімен шамамен 85 жұмыртқаны құрайды. Инкубацияға салынған барлық жұмыртқалардан балапан шығару орта есеппен 60-70 пайыз аралығын қамтиды. ( 2- сурет)

2 - сурет. Инкубацияға салынған жұмырқалардан басып шығару.
Күркетауықты күтіп бағу мәселелерін дұрыс шешу үшін түрлі малдәрігерлік - санитарлық жұмыстарды жақсарту, аталынған шараларды дер кезінде өткізу, күркетауық фирмаларында тұрақты микроклимат жағдайын туғызу, дұрыс азықтандыру, нысандарды дұрыс жобалау, құрылыс және қайта құру кезінде зоогигеналық талаптарды орындау және де күркетауықтардың биологиялық ерекшеліктерін ескеру қажет. Күркетауықтардың биологиялық ерекшеліктері олардың:
:: күтіп - бағу мен азықтану жағдайына өте сезімталдығы;
::заталмасу қабілетінің жоғарылығы;
:: Өсімталдығының жоғарлылығы (күркетауықтардың негізгі өнімдік қасиеті;
:: ішкі анатомиялық құрылыстарының ерекшеліктері, яғни тістерінің болмауынан түскен азық олардың жемсауында қорыталады;
:: ең маңызды ерекшелігі - аналық организмнен тыс дамуы, яғни жұмыртқадан пайда болуы;
:: Көру қабілеті нашар, ал керісінше есту қабілеті жақсы жетілген;
Күркетауықтар мен балапандардың барлық түрлерін қора еденінде бағып-күтеді, оның серуендететін орны болады. Тауықтарды шарбақтардың ішінде бағып-күтеді, балапандар мен күркетауықтарды серуендетпей және күн шуакқа шығармай, топтастырылған немесе жекелеген шарбақта бағып-күтеді. Күркетауықтар және балапандардың барлық түрлерін лагерьде күтеді.
Күткетауықтың өнімділігі. Құс етін өндірудің өнеркәсіптік технологиясының бір принципі жоғары генетикалық әлеуетпен жоғары өнімді гибридті құсты пайдалану. .
Диеталық құс еті ақ етке жатады. Онда қой, сиыр, шошқа еттеріне қарағанда белок мөлшері жоғары. Қоян еті, әрине жақсы. Дәрумендік және минералдық құрам бойынша құс еті барлық еттерден асып түседі. Дәрумендік (С, В6, В12, РР) және минералды (темір, фосфор, кобальт, марганец, фтор және калий) ет құрамы ешқандай етпен салыстыруға келмейді. Құстың ақ еті натрий тұздарына кедей, ол оның басқа қасиеттерімен диеталық тамақтануда таптырмас ас болып табылады.
Күркетауық еті(3 - сурет) - ауыл шаруашылық құстарының ішіндегі ірісі болып табылады. Күркетауық жоғары тағамдық және дәмдік сапасына байланысты ет алу үшін өсіреді. Үй жағдайында өсірілетін күркетауықтар жабайы түрлерге қарағанда мөлшерімен және салмағымен ерекшеленеді.

3 - сурет. Күркетауық еті.
Күркетауық салмағы 20-30 кг ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Күркетауықтарға арналған қора-жайларға қойылатын ветеринариялық-санитариялық және гигиеналық талаптар, малдарды күтіп-бағу жағдайлары және оларды жақсарту шаралары
Балапандарды бағып – күту әдістері
Тауықтарға арналған қора-жайларға қойылатын ветеринариялық-санитариялық және гигиеналық талаптар
Балапандарды бағып - күту әдістері. Балапандарды еденінде бағып - күту гигенасы
«Үйректерге арналған қора жайларға қойылатын ветеринариялық-санитариялық және гигиеналық талаптар»
Күркетауық балапандар
Балапандарды өсіру
Балапандарға арналған қора-жайларға қойылатын ветеринариялық-санитариялық және гигиеналық талаптар, балапандарды күтіп-бағу жағдайлары және оларды жақсарту шаралары тақырыбында жазылған
Зертханалық жануарларды күтіп - бағу, өсіру, көбейту
Күркетауыққораларға қойылатын экологиялық талаптар
Пәндер