Дәрілік өсімдіктер (шипалы өсімдіктер )



I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім
1. Дәрілік өсімдіктерді дайындау, ұйымдастыру, шикізатты стандарттау.
2.Табиғи ресурстарды қорғау және тиімді пайдалану.
III. Қорытынды
IV. Пайдаланылған әдебиеттер
Дәрілік өсімдіктер (шипалы өсімдіктер ) – медицинада және мал дәрігерлігінде емдеу және аурудыңалдын алу мақсатында қолданылатын өсімдіктер. Дәрілік өсімдіктердің емдік қасиеті олардың құрамында стероид, тритерпен, алкалоид пен гликозидтердің, витаминдердің, эфир майлары мен тұтқыр заттар сияқты түрлі химиялық қосылыстардың болуына байланысты. Қазақстанда өсетін 6000-нан астам өсімдік түрінің 500-дей түрі дәрілік өсімдіктерге жатады.
Дәрілік өсімдіктер кептірілген шөп, тұнба, қайнатынды, шай, ұнтақ, тағы басқа түрінде қолданылады. Дәрілерді дайындау үшін шикізат ретінде пайдаланылатын дәрілік өсімдіктер бөлек іріктеледі. Дәріні, көбінесе, жабайы өсімдіктерден алады. Көптеген өсімдіктердің емдік қасиеттері бар. Оларды дәрілік өсімдіктер дейді. Осы заманғы кейбір ең таңдаулы дәрілер жабайы шөптерден жасалған.
1. «Фитофармкология» Е.М. Қорабаев., Н.А. Заманбеков., Ә. М. Өтенов., Алматы. 2014ж.,
2. «Фитофармакология» Н.А. Заманбеков, Байниязов А.А.,
Алматы 2009ж.,

Пән: Медицина
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   
Жоспары

I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім
1. Дәрілік өсімдіктерді дайындау, ұйымдастыру, шикізатты стандарттау.
2.Табиғи ресурстарды қорғау және тиімді пайдалану.
III. Қорытынды
IV. Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе.
Дәрілік өсімдіктер (шипалы өсімдіктер ) - медицинада және мал дәрігерлігінде емдеу және аурудыңалдын алу мақсатында қолданылатын өсімдіктер. Дәрілік өсімдіктердің емдік қасиеті олардың құрамында стероид, тритерпен, алкалоид пен гликозидтердің, витаминдердің, эфир майлары мен тұтқыр заттар сияқты түрлі химиялық қосылыстардың болуына байланысты. Қазақстанда өсетін 6000-нан астам өсімдік түрінің 500-дей түрі дәрілік өсімдіктерге жатады.(1-сурет).

1-сурет. Дәрілік өсімдіктер

Дәрілік өсімдіктер кептірілген шөп, тұнба, қайнатынды, шай, ұнтақ, тағы басқа түрінде қолданылады. Дәрілерді дайындау үшін шикізат ретінде пайдаланылатын дәрілік өсімдіктер бөлек іріктеледі. Дәріні, көбінесе, жабайы өсімдіктерден алады. Көптеген өсімдіктердің емдік қасиеттері бар. Оларды дәрілік өсімдіктер дейді. Осы заманғы кейбір ең таңдаулы дәрілер жабайы шөптерден жасалған.(2-сурет)

2-сурет. Дәрілік шөптер.

Соған қарамастан адамдар пайдаланып жүрген дәрілік шөптердің бәрі бірдей медициналық тұрғыдан өз бағасын алған жоқ, ал ондай шөп қолында барлар кебіне оны қате пайдаланады. Кейбір дәрілік шөптер, егер оларды ұсынылғанынан артық мөлшерде қабылдаған жағдайда, өте улы келеді. Бұл орайда, осы заманғы дәрілер әлдеқайда қауіпсіз, себебі олардың мөлшерін оңай анықтауға болады.
Дәрілік өсімдіктерді дайындау. Мемлекеттік дәрілік заттар Реестріне енген, медициналық практикада және қолдануға рұқсат етілген дәрілік өсімдіктер шикізаттар және өсімдік текті препараттар номенклатурасының талдауы. (Мемлекеттік Фармакология және басқада нормативті - техникалық құжаттар) жаңа дәрілік өсімдіктер. Дәрілік өсімдік шикізаттар жобасының жоспарын өткен жылғы нәтижеге қарай отырып құрастыру. Дәрілік өсімдіктерді дайындаумен шұғылданатын фармацевт және фармакогност нұсқауларымен танысу. Дәрілік өсімдік шикізаттарын сақтау және тауарлық талдау, қолдан ережелері жайлы құжаттармен танысу. Фармация және денсаулық сақтау мекемелері дайындайтын дәрілік өсімдік шикізат номенклатурасымен танысу.
Дәрілік өсімдік шикізаттын дайындауды ұйымдастыру. Дәрілік өсімдік шикізаттының отандық қорын қалыптастыру, Қазақстан Республикасындағы жабайы және мәдени дәрілік өсімдіктерді жинаудың қазіргі жағдайы. Дәрілік өсімдік шикізатын импорттау мен экспорттау. Мемлекеттің табиғи ресурстарды қорғау жөніндегі шаралары. ҚР-ның қоршаған ортаны қорғау туралы Конституциясы. Табиғи дәрілік өсімдіктер ресурстарын рациналды пайдалану және қорғау. Қазақстан Республиасында дәрілік өсімдік шикізатын дайындау көлемін арттыруға бағытталған мемлекет шаралары. Дайындау орындары және олардың функциялары. Республикадағы дәрілік өсімдіктер саласы. Халықты дәрілік өсімдік шикізатпен қамтамасыз ететін Казлекарсром, Фармация тәрізді мекемелер қызметі.
Дәрілік өсімдік шикізатын дайындау процесінің негізі. Дәрілік өсімдік шикізатын дайындаудың рационалдық әдістері; алғашқы өңдеу, кептіру, ұнтақтау, қаптау, маркілеу, сақтау, тасымалдау. Орташа аналитикалық көрсеткіштерді жинау. НТД (ФС, ГОСТ, ВФС) қолдану.
Дәрілік өсімдік шикізатын стандарттау. Қазақстан Республикасындағы стандарттау жүйесі. Дәрілік өсімдік шикізаттарының норма - техникалық құжаттарымен өңдеу реті; Мемлекеттік фармакопея мақалалары (ФМ), фармакопеялық мақалалар (УФМ). Дәрілік өсімдік шикізаттарына арналған ФМ құрылысы. Дәрілік өсімдік шикізаттары сапасына НТД талабы.
Дәрілік өсімдіктердің қорын қорғау және оларды тиімді пайдалану
Табиғаттың адамзатқа тегін ұсынылған дәрілік өсімдіктердің биологиялық тұрғыдан тиімді пайдалануы - бұл басты мақсат. Соңғы жылдардағы химияның жетістіктеріне, синтетикалық дәрілік заттардың көптігіне қарамай өсімдіктерден алынатын дәрілік заттарға көп көңіл бөлінуде. Қазіргі кезде көп қолданылып жүрген барлық дәрілік заттардың 40% дәрілік өсімдіктерден алынған препараттар болып табылады.Табиғи препараттардың әсерлерінің жоғары болуы олардағы белсенді заттар жүйелі түрде болуы, жағымсыз әсерінің төмендеу болуы және шипалық құндылығының жоғары болуында. Бұл препараттар көптеген жағдайларда синтетикалық, химиялық жолдармен алынбайды. Біздің елімізде, дүние жүзінің басқа да елдеріндегі тәрізді, дәрілік өсімдіктердің қоры шексіз деуге болады. Өсімдіктер әлемінің органикалық бөлігі ретінде, дәрілік өсімдіктерді қорғау мемлекетіміздін табиғатты, сыртқы ортаны қорғау мемлекетіміздің табиғатты, сыртқы ортаны қорғау бағдарламасында елеулі орын алады. Оның дәлелі ретінде Қызыл кітап ұйымдастыру, әртүрлі табиғи қорықтар құру, жасыл ел бағдарламасын жүйелі түрде іске асыру және басқа да Мемлекеттік стратегиялық жоспарлар құру болып табылады. Дүниежүзілік табиғатты қорғау стратегиясы бағытында 1980 жылы халықаралық қалыптылық актысы қабылданған, әрбір мемлекеттің өздерінде табиғатты қорғау заңдары бар. Онда селекциялық әдіспен өсімдіктердің жаңа дәрілік түрлерін шығару,бигеоценоз компонентерін сақтау, емдік дәрілерді жинау ережесінің дұрыс жүргізілуін қадағалау және тағы басқа мәселелері қарастырылған. Осындай шараларға қарамай көптеген дәрілік өсімдіктердің қатары азайып, тіпті мүлдем жойылып барады деуге де болады. Оған нақты себептер; тың жерлерді игеру, жырту мелиорация шаруашылығы жұмысының тиісті дәрежеде жүргізілмеуі, орман- тоғайларды жою, табиғи жасанды өрттер, құрылысы жұмыстары, жердің , судың өндіріс қалдықтарымен, улы химикаттармен ластануы, халық санының жылдан жылға өсуі, ауыл шаруашылығында пестицидтерді, инсектицидтерді қолдану, атмосфераны өндіріс және транспорт заттарымен ластануы тағы басқа.
Еліміздің бұл саладағы ғылыми-зерттеу жұмыстрын жүргізетін мамандардын алдына қойылған мақсаты - дәрілік өсімдіктердің жаңа түрлерін тауып қана қою емес, сонымен қатар оларды тиімді түрде пайдаланудың жоспарын жасау. Дәрілік өсімдіктердің жер астындағы бөліктерін тонналап жинау жер ландшафтына зиянды әсер етпей қоймайды. Бір кезде платфиллин алкалоидын дайындау үшін зиягүлдің тамырын тамыр сабағымен көп мөлшерде қазып алу ол өсімдіктің бірінші түрлерінің жоғалып кетуіне апарып соқты.Дәрілік өсімдіктердің түрлерін сақтап қалу - ұқсас өсімдіктердің түрлерін көбейтудің маңызы бар.
Дәрілік өсімдіктерді оларды фармакологиялық белсенді заттарының ең көп жинақтаған кезінде жинау керек. Оларды кептірген кезде әсер ету деңгейінің төмендеуімен қадағалау керек. Экстракция процесін, тазалау, бөлу технологияларын үнемі жетілдіріп отыру керек. Міне осындай ғылыми тұрғыда негізделген дәрілік өсімдіктерді қорғау мәселелері іске асқанда ғана олардың мөлшері мен сапасы жоғарылайды.
Дәрілік өсімдіктерді мәдени түрде қолдан өсіру. Дәрілік өсімдіктерді қолдану өсіру - оларды жинауды және қолдануды жеңілдету үшін қолданылады. Бұл әдіс дәрілік өсімдіктерден алынатын шикізаттардан өте көп мөлшерде қажет болғанда фармакологиялық белсенді заттары көп дәрілік өсімдіктердің сапасы жоғары болу үшін маңызды. Дәрілік өсімдіктерді фармакологиялық белсенді заттардың биосинтезін бақылау мәдени түрде өсірілген өсімдіктерде табиғи өсімдіктерге қарағанда әлдеқайда жеңіл.
Мәдени түрде өсірілетін дәрілік өсімдіктердің өнімділігін арттырудың екі жолы бар;
1.Агротехникалық және агрохимиялық әдістрдің көмегі арқылы;
2. Дәрілік өсімдіктердің тұқымдық қасиеттерін ескере отырып, сұрыптау әдісімен.
Қазіргі шаруашылықтарда суперфасфатың түйіршікті түрін қолдану оларды себуін оңайлатты және өнімін арттырады. Кейбір өсімдіктердің шипалық қасиеттін жақсарта отырып, өнімділігін 2-3 есеге дейін арттырады.
Мәдени түрде өсірілетін негізгі дәрілік өсімдіктерге себілетін дәрілік тыңайтқыштардың тиімді уақыты мен мөлшері тәжірибе жүзінде анықталған. Генетикалық сұрыптау әдісі дәрілік өсімдіктерге алколоидтардың, гликозидтердің және басқа да фармокологиялық белсенді заттардың түзілуіне тиімді жағдай жасайды. Оның ең жеңіл және жылдам әдісі табиғи дәрілік өсімдіктердің ең жақсы түрлерін таңдап алып өсіру. Кейбір өсімдіктер бірінші жылына да, екінші жылында да гүлдейді. Тәжірибе жүзінде бірінші жылғы гүлінде әсер ететін заттардың ттөменгі сапада және аз болатындығы дәлелденген.Осындай өсімдіктердің бірінші жылғы гүлдегендерін жойып, екінші жылы гүлденгендерінен дәрілік шикізат дайындайды. Сондай-ақ осы бағытта гибридтеу және полиплоидиялық әдістерде қолданылады.
Дәрілік өсімдіктердің интродукция деген ұғымы болады. Интродукция - өте күрделі биологиялық процесс. Яғни бұл - бір аймақта өспейтін дәрілік өсімдіктердің түрлерін екінші жерден әкеліп өсіру, сол ортаның жағдайына, ауа райына бейімделу. Осындай бейімделудің ең жоғарғы сатысы табиғилану деп аталады. Ондай өсімдік өздігінен көбейеді, сыртқы ортаның қолайсыз жағдайына қарсы тұра алады. Жаңа жағдайда өсірілетін дәрілік өсімдіктердің химиялық құрамына көп көңіл бөлінеді. Интродукцияның тиімділігін жүйелі факторларды - жылулық, биоэкологиялық тәуелділіктерді анықтау арқылы болжауға болады.
Емдік қасиеті бар өсімдіктерден шикізат дайындау процессі оларды жинаудан басталып, дайындалған шикізаттарды дұрыс сақтау үшін қолданылатын іс-шаралармен аяқталады. Қазіргі кезде бұл процесстердің көпшілігі дерлік толық механикаландырылған.
Дәрілік өсімдіктердің шипалы бөліктерін жинау оларды фармакологиялық белсенді заттардың жиналуының ең жоғары деңгейге сай келетін вегетациялық кезеңінде жүргізіледі. Өсімдіктердің онтогенезін зерттеу арқылы оларды жинаудың ең қолайлы уақытын анықтайды. Ондай күнтізбе географиялық аймаққа және ауа райына байланысты болады. Кейбір өсімдіктердің бөліктерін жинау үшін тәулік мезгіліде қажет. Мысалы, дәні мен ұрығы оңай шашылып қалатын зире өсімдігі тәрізді дәрілік өсімдіктердің сол бөліктері таңертеңгілік мерзімде жер бетіндегі бөліктері, керісінше, шық бар кезде, ал жер бетіндегі бөліктері, керісінше, шық кепкеннен кейін жиналады. Міне, сондықтан да, әрбір дәрілік өсімдіктер үшін олардың шикізаттарын жинау ережесі жасалған.
Қазіргі кезде 2,5 мыңнан аса өсімдіктердің дәрілік қасиеттері бар екендігі белгілі. Ал тәжірибе жүзінде олардың тек 10% -ы ғана қолданылады. Сапалы шикізат алу үшін оларды дұрыс дайындауға қоятын талаптар мыналар болып табылады;
* Көптеген өсімдіктердің әсіресе жер бетіндегі бөліктерін жақсы, құрғақ, ашық ауа райында; күндізгі сағаттарда; судан, шықтан құрғаған кезде жинайды. Ал жер астындағы бөліктерін, оларды жуып тазалайтын болғандықтан, кез келген уақытта дайындауға болады;
* Дәрілік өсімдіктерді жинау күнтізбе ерекшеліктеріне қарай отырып жүргізеді, атап айтқанда;
* өсімдіктердің вегетация фазасын ескереді;
* әрбір өсімдіктің белсенді заттарының шоғырланатын бөлігін жинайды.
Жиналған өсімдіктерді мұқият іріктейді. Ол үшін;
* оларды бөгде заттан тазалайды;
* емге керексіз, жарамсыз, зақымданған өлі, шіріген бөліктерін алып тастайды;
* ыдыстардың таза, құрғақ, бөгде иіссіз болуын қадағалайды;
* бір ыдысқа әр түрлі өсімдіктерді біріктірмейді;
* жиналған шикізаттардың тығыз жатпауын қадағалайды;
жұқа қабатпен жайып кептіреді.
Шөптер. Жеке адамдар аз мөлшерде керекті шөп түрлерін гүлдей бастаған кезде олардың қатқыл бөліктерін кірістірмей кәдімгі пышақ, орақ, тартпа, кескіштерді пайдалану арқылы жинайды. Көп жылдық өсімдіктерді көп мөлшерде жинауда механикаландырылған шөп шапқыштарын пайдаланады. (3-сурет)

3-сурет. Шөптер

Жапырақтарды өсімдіктер гүлдей бастағанда шикізаттардың түрлеріне байланысты, төменгі , орта тұстағы жапырақтарын қолмен жинайды. Тостағанша жапырақшаларды пышақпен кесіп алған дұрыс. Ірі өсімдіктердің жақсы жетілген жапырақтарын таңдап кесіп алады. Ондай өсімдіктердің қалдықтары малға азық ретінде пайдаланылады.(4-сурет)
Дәрілік өсімдіктердің шикізаттарының сапасы белгілі бір талаптарға, қалыптылыққа сай болуы керек. Мұндай қалыптылықтар мемлекеттік жүйеде стандарттық құжаттарда көрсетіледі. Ондай стандарттар мемлекттік, салалық және кәсіпорындық болып жіктеледі.

4-сурет. Жай жапырақ пішіндері:
1-ине (қылқан) жапырақ; 2 - таспа жапырақ; 3 - сопақша жапырақ; 4 - қаңдауыр жапырақ: 5 - сопақ жапырақ; 6 - дөңгелек жапырақ; 7 - жұмыртқа тәрізді жапырақ; 8 - теріс жұмыртқа тәрізді жапырак; 9 - ромб тәрізді жапырақ; 10 - қалақ жапырақ; 11 - жүрек тәрізді жапырақ; 12 - бүйрек тәрізді жапырақ; 13 - стрелка тәрізді жапырақ; 14 - жебе тәрізді жапырақ; 15 - қалқан тәрізді жапырақ.
Гүлдер. Оларды жинау түрлеріне, көбеюіне орналасуына байланысты болады. Әлі гүлдеп біте қоймаған, жаңа жарылып келе жатқан гүлдерді қолмен жинаған дұрыс. Кейбіреуін абайлап үзіп алады, ал кейбіреулерін пышақпен кесіп жинайды. Биік өсімдіктердің гүлдерін ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Дәрілік өсімдіктер туралы зерттеулер жүйесі
Қазақстандағы дәрілік өсімдіктер
Дәрілік өсімдіктермен емдеу әрі шипалы, әрі зиянсыз
Дәрілік өсімдіктермен емдеу
Бөлме өсімдіктерінің дәрілік қасиеттерін тану, ажырата білу, олардың емдік қасиеттерін анықтау
«Қазақстанның танымды өсімдіктері және оларды пайдалану»
Дәрілік өсімдіктердің түрлері
Дәрілік өсімдіктердің химиялық, формакологиялық құрамдары
Өсімдіктің белгілі бір түрімен емделетін ауруды анықтау күрделі шаруа
Халық емшілігі
Пәндер