Қанның морфологиялық және биохимиялық құрамы



I.Кіріспе
II.Негізгі бөлім
1. Қанның морфологиялық және биохимиялық құрамының түліктік ерекшеліктері
2. Қанның құрамымен ерекшеліктері
III.Қорытынды
IV.Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Жас түліктерде қанның морфологиялық құрамын клиникалық практикалық зерттеу барысында, лейкозбен анимея ерекше диагнозтикалық мағынаны талап етеді. Сонымен жануарлардың интерьерлік ерекшеліктерін анықтау кезінде қанның морфологиялық және ондағы ақуыздың құрамының алатын орны да зор. Жануарлардың қаны олардың өнімділігі мен және биологиялық ерекшеліктерін анықтау да үлкен маңызға ие және де тірі кезінде зоотехникалық тәжірибелерді қоюда қанды зерттеу негізінен оның морфологиялық құрамын, ондағы зат алмасу процесінде негізгі рөл атқаратын эритроцит пен гемоглобиннің мөлшерін анықтау негізге алынады. Көптеген авторлардың зерттеулерінің арқасында жануарлардың қанының морфологиялық құрамы олардың өнімділік қасиеттеріне әсер ететіні дәлелденеген. Олардың айтуынша қанның гематологиялық көрсеткіштері жануарлардың жасына, жыл мезгіліне және де тұқымына да байланысты өзгереді.
1. Х. Сәтпаева, Ж. Ніддібаева, Ә Өтепбергенов Адам физиологиясы. А. Білім 1995ж.
2. Физиология человека Уч. Инс. Физ. Куль Н.В. Зимкина М. ФиС 1975г.
3. Физиология мышечной деятельности Уч. Инс. Физ. Куль Я.М. Коца М. ФиС 1982г.
4. В.Смирнов, В. Дубровский Физиология человека воспитания и спорта. М. 2002г.
5. А. Солодков, Е. Сологуб Физиология человека. Уч. Инс. Физ. Куль М. 2001г.
6. С. Ж. Бұғыбаева Адам физиолгиясы А. 2003ж.
7. З. Алиакбараова Мектеп ижасындағы балалардың анатомиясы, физиологиясы және мектеп гигиенасының негіздері. А. 1993ж.
8. С. Жұмабаев Жас ерекшеліктер физиологиясы. 1997ж.
9. М. Матюшонок, Г.Г. Турик, А:А: Крюкова Балалармен жасөспірімдер физиологиясы және гигүиенасы. А. Мектеп. 1986ж.

Қосымша:
10. Физиология человека Уч.для мед. Инс. Медицина 1984г.
11. Физиология человека. В. 4 томах. М. Мир, т.1,2. 1985г. Т. 3,4,5. 1986г.
12. Общии курс физиологии человека и животных М. 19991г.
13. В. Флинин, В. Фомин. Возрастные основы физического воспитания. М. 1972г.
14. Физиология человека. Медицина 2001г. 607 стр.
15. Физиология человека. В. Смирнова М. Мед. 2001г. 668 стр.
16 Физиология человека. В.М. Покровскии 2 том. М. Мед. 2001 г

Пән: Медицина
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 17 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар
I.Кіріспе
II.Негізгі бөлім
1. Қанның морфологиялық және биохимиялық құрамының түліктік ерекшеліктері
2. Қанның құрамымен ерекшеліктері
III.Қорытынды
IV.Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе
Жас түліктерде қанның морфологиялық құрамын клиникалық практикалық зерттеу барысында, лейкозбен анимея ерекше диагнозтикалық мағынаны талап етеді. Сонымен жануарлардың интерьерлік ерекшеліктерін анықтау кезінде қанның морфологиялық және ондағы ақуыздың құрамының алатын орны да зор. Жануарлардың қаны олардың өнімділігі мен және биологиялық ерекшеліктерін анықтау да үлкен маңызға ие және де тірі кезінде зоотехникалық тәжірибелерді қоюда қанды зерттеу негізінен оның морфологиялық құрамын, ондағы зат алмасу процесінде негізгі рөл атқаратын эритроцит пен гемоглобиннің мөлшерін анықтау негізге алынады. Көптеген авторлардың зерттеулерінің арқасында жануарлардың қанының морфологиялық құрамы олардың өнімділік қасиеттеріне әсер ететіні дәлелденеген. Олардың айтуынша қанның гематологиялық көрсеткіштері жануарлардың жасына, жыл мезгіліне және де тұқымына да байланысты өзгереді.

Төлдердің қан жүйесінің морфо-физиологиялық ерекшеліктері
Қан жүйесінің маңызы мен мөлшері және қан өндіру. Жануарлардың организмінің тіршілігі денеге қуат беретін қоректік заттарды қабылдап, оларды қорыту арқылы сақталады. Тамақ құрамындағы қоректік заттар организмде қорытылып, оттегінің қатысуымен болатын тотығу барысында энергия бөледі. Қоректік заттардың осы өзгерістерінің нәтижесінде Жануарлардың денесінде зат алмасудан пайда болған организмге қажетті заттармен қоса, қажетсіз, тіпті денені уландыратын заттар да пайда болады. Айталық, зат алмасуының нөтижесінде денеде аммиак, мочевина, фенол, индол, кетондар т. с. с. улы заттар пайда болады. Сонымен, жануарлардың өмірі клеткаларға аса қажетті қоректік заттар мен оттегіне және организмдегі зат алмасудан пайда болатын қажетсіз улы заттардың шығуына байланысты. Мұның бәрін тасымалдау қызметін денедегі қан атқарады. Қан күллі денені аралап, оның ұлпаларындағы клеткалардағы заттың алмасуына қажетті химиялық заттарды екеліп, қажетсіз заттарын әкетеді. Мұнымен қоса, қан дененің тұрақты температурасын сақтауға қатысады, организмнің иммундық қасиеттерін қамтамасыз етеді және мүшелердің қызметін гуморальдық реттеуге қатысады. Ерте заманда адамдар қаңды "тіршілік өзені" деп бекер атамаған. Яғни қан және өмір бір-бірінен айырылмай, қосарланып жүреді: қан бар жерде өмір бар, қан болмаса тіршілік тоқталады. Қанның маңызды қызметтерінің іске асып орындалуы, оның ерекше құрылысы мен қасиеттеріне байланысты. Жануарлардың денесіндегі қан -- организмнің сүйық негізгі ішкі ортасы. Қанның жалпы мөлшері ересек малдарда 4,5-6 л шамасында, яғни дененің жалпы салмағының 6-8 %. Жаңа туған төлдерде ол 10-20 %, 1 жаста 9-13%, 5-7 жаста 7-8 % болады. Организмдегі барлық қанның 50% қан деполарында қор болып сақталады. Ондай мүшелерге бауыр, көк бауыр, өкпе және тері жатады. Бұл мүшелердегі қан қоры мал жараланып, қансырағаңда қан айналымына шығып, тіршілікті сақтап қалады, ал денедегі қанның 50-60% жоғалса, мал өліп қалады.Қан өндіру ұрықтық кезенде басталады. Бұл кезде қан сары денеде, бауырда, көк бауырда жөне сүйектің кемігінде өндіріледі. Ұрықтың мүшелері кезектесіп, яғни бірінің қан өндіру қызметі төмендегенде екіншісінің қызметі басталады да, қанның үнемі өндірілуін қамтамасыз етеді. Қан ұрықтың 2-3 апталық кезеңіңде сары денеде алғаш өндіріле бастайды. Сары дене семіп, азайып, кішірейе бастағанда, қан өндіру қызметі бауырға ауысады.

Шошқаның қан айналым шеңбері
Ірі қара малда сүйектің қызыл кемігі ұрықтық мерзімнің 4-ші айыңда қызмет ете бастайды да 6-шы айдан бастап ол қан өндірудің орталығына айналады. Төл туар кезде барлық сүйектердің кемігі сүйек "майына" толы болады. Ол негізінен қан клеткаларынан тұрады. Тек 1-2 айдан бастап қан клеткаларының арасында май клеткалары пайда бола бастайды да, 5 айда майлы сүйек кемігі жілік сүйектерінің бастарында ғана қалады. 1-2 жаста барлық жіліктер майға толады деуге болады. Қызыл кеміктің маймен ығыстырылуы сүйектерде біркелкі емес. Алдымен кәрі жілік пен асықты жілікте, кейіннен тоқпан жілік пен ортан жіліктегі қызыл кемік маймен ығыстырылады. Сүйектің қызыл кемігіңдегі қан ендіру қызметі 3-4 айдан, 1 жөне 2 жаста маңызды орын алады.
Лимфа түйіндері ұрықтық кезеңнің 2-ші айында қан тамырлары жолының бойында пайда бола бастайды да, кейбіреулері төл туғаннан кейін түзіледі.8-9 ай арасында лимфа түйіндерінің ретикуло-эңдотелиалдық жүйелері күшті дамып, 1-2 жас аралығында лимфа түйіні мүше ретінде толық жетіледі. Лимфа түйіндерінің құрылысы төлдің денесінің барлық жерінде біркелкі емес, олардың қүрылысы тұрған орнына байланысты: терең орналасқан лимфа түйіндерінен гөрі тері астындағы лимфа түйіндерінде трабекулалар көбірек болады: дененің тұла бойындағы және аяқ-қолдардағы түйіндердің милы қабаты күштірек дамиды, ал кеуде қуысы мен құрсақтағы түйіндердің милы заттары көбірек болады. "Лимфа түйіндерінің аумағы төлдің жасы ұлғая келе өседі.
Қанның құрамы мен қасиеттері. Қанның құрамы өте күрделі. Қан пішінді элементтер, яғни қан клеткаларынан және сүйық плазмадан тұрады. Қанның пішінді элементтеріне қанның қызыл клеткалары эритроциттер, ақ клеткалары лейкоциттер және қызыл пластинкалары тромбоциттер жатады. Қанның бұл клеткалары күллі қанның 55-60%-ын, ал плазма 40-45%-ын қүрады. Қан плазмасының құрамы да күрделі: оның 90%-ға жуығы су, 7-8 % белоктар, 2 % түрлі органикалық және бейорганикалық заттар. Оның құрамында белок 0,3-0,6%, май жөне липидтер 0,1%, 120 мг% глюкоза қанты, 0,9% кемірсутегі, минерал заттар - натрий, калий, кальций, хлор түздары, амин қышқылдары мен полипептидтер 4-10 мг%, мочевина 10-25 мг%, түрлі ферменттер, гормондар, түрлі витаминдер, холестерин т. б. заттар болады. Плазманың белоктарының негізгілеріне альбуминдер 4,5%, (3,%глобулиндер 2-3 %, фибриногендер 0,2-0,3 %) жатады. Қанның белсенді реакциясы оның құрамындағы сутегінің иондарының концентрациясына байланысты және оны рН реакциясы (сутегінің корсеткіші) деп белгілейді. Қанның белсенді реакциясының тұрақтылығы денедегі күллі ферменттердің қатысуымен болатын реакциялар үшін маңызды. Қалыпты жағдайда қанның рН = 7,36 тең, бүл әлсіз сілтінің реакциясы. Қанның белсенді реакциясының тұрақтылығына қанның буферлік жүйесінің үлкен маңызы бар. Кейбір бейорганикалық қосындылар, белок заттары қанға келетін зат алмасуының нәтижесінде қышқыл немесе сілтілік қасиеттері бар заттармен қосылыстар жасайды. Мысалы, дене еңбегімен шүғылданғанда қанға зат алмасуынан пайда болған қышқыл заттар келеді. Қанның буферлік қасиеті гемоглобин, карбонаттар, плазманың белоктарының буферлік жүйелеріне байланысты. Бұлардың ішіндегі аса маңыздылары гемоглобиндік жөне карбонаттық буферлік жүйелер.
Қанның қызметтері: тасымалдау - қанның ең әмбебап қызметi, тыныс алудағы-ерiтiлген, химиялық байланыстағы газдардың тасымалдауын (оттегi, көмiр қышқылы) қамтамасыз етеді; қоректiк - сiңiрiлген жерден қоректiк заттарды ұлпаларға тасымалдайды; сыртқа шығару - ұлпалардан зат алмасу өнiмдерiн бөлiп шығарады (зәрмен); реттеу - түрлi ұлпалар жасушаларына әртүрлi қызметтердi реттейтiн гормон, өсу факторларымен биологиялық қарқынды заттарды тасымалдайды; ағзалар арасында жылуды таратып, оны сыртқа бөлiп шығарады; тұрақтылықты сақтау - организмнің iшкi ортасында қышқылды-сiлтiлi, осмостық тепе-теңдiктi, су теңгерiмiн, дене қызуын, ұлпа сұйығының биохимиялық құрамын және басқа тұрақтылықты сақтайды; қорғаныш - бөгде тегiжатты бейтараптап, микроорганизмдердi өзiне тән және тән емес механизмдермен зиянсыздандырады. Организм дене массасының 7-10% қан құрайды, жоғары да көрсетiлген қызметтердi атқарады. Төл және жас жануарлар қанының салыстырмалы көлемi, жетiлгендерге қарағанда, көп болады. Құлында 10 литр қан болса, оның 23% көлемiн құрады, жылқыда 50 литр қан болса, оның 7% ғана көлемiне тең болады. Сүтқоректiлер қанының құрам бөлiктерiне-қызыл қан түйiршiктерi (эритроциттер), лейкоциттер, қан табақшалары (құстарда, төменгi сатыдағы омыртқалыларда тромбоциттер деп аталады) және қан плазмасы жатады. Мұндағы лейкоциттер ғана нағыз жасушалар, ал эритроциттер мен қан табақшалары-жасушадан кейiнгi құрылымдар. Қан құрамбөлiктерi белгiлi сандық ара қатынаста болатындықтан (шыны түтiкте тұндырып, бiртектi емес заттарды ажырату әдiсiмен анықтайды) - қан формуласы немесе гемограмма, ал лейкоциттердiң процентпен көрсетiлген ара қатысын-лейкоциттiк формула деп атайды. Қан құрамбөлiктерi қоюлығын санау микроскопта арнайы есеп камерасы (Горяев) көмегiмен жүргiзiледi. Қазiргi кезде цитометр, автоматты талдағыш бейнелеудi пайдаланып, оны өте кең таралып келе жатқан автоматтық есеп әдiсiн қолдану арқылы алады.
Эритроциттер (erythrocytus, грек. еrуthrоs-қызыл, суtоs-жасуша) қан құрамбөлiктерiнiң ең көбi, миллиондап саналады. Эритроциттердің саны жануарлар түрiне, тұқымына және жасына байланысты болады. Олар-шаршағанда, барометрлiк қысым күшейгенде, әртүрлi қан ауруларында көлемiн, пiшiнiн өзгерте алады. Сүтқоректiлерде-ұсақ (4-7 мкм), ядросыз, пiшiнi екi жақты ойық дискiдей (пiшiн үйлесiмi газ алмасуына өте қажет, көлемiн ұлғайтады), цитоплазмасында ферменттерi (олар эритроциттердiң жарғақша құрылымын, екi жақты ойық дискiдей формасын сақтайды, қабығы арқылы электролиттердi тасымалдап, жасуша iшiнде шоғырлануын қамтамасыз етедi, гемоглобиннің молекуласында қалыптасқан темiрдi, гемоглобиннiң ерiтiндi күйiн сақтайды), диаметрi 3-8 мкм, орта қалыңдығы 0,8 мкм, шетiнде 3,5 мкм, басқа омыртқалыларда тiршiлiк әрекетi нашар таяқша тәрiздi ядролары болады. Эритроциттер саны, көлемi арасында керi байланыстылық байқалады. Ешкi 1 мкл қанында 14 млн. эритроциттер болса, диаметрi 4 мкм; бақа 1 мкл қанында 0,35 млн. сопақ эритроциттер болса, ұзына бойындағы диаметрi 22,8 мкм, енiндегi диаметрi 15,8 мкм тең болады. Әр жануарда эритроциттер көлемi бiрдей болады. Қанда эритроциттер көлемi, формасы өзгерсе, оның бұзыла бастағанын көрсетедi. Оны анизоцитоз деп атайды. Жетiлген эритроциттiң қабығы, жарғақшасы тамырлар арнасында амин қышқылдарын, антиденелер, уыттар, дәрiлiк заттарды ұстап, тасымалдап, едеуiр серпiмдi болып, ол пiшiнiн өзгертiп, тар қылтамырлардан (диаметрi 3 - 4 мкм) жеңiл өтеді. Цитоплазмасында тұрақты қосындылар болмайды, олардың орнын су, 34% гемоглобин, глюкоза, АТФ және ферменттер толтырады. Мұндағы гемоглобин хромопротеидтен тұрады, белоксыз бетiнде екi валенттi темiрi болады. Гемоглобин арқасында эритроциттер басты қызметiн-оттегiнi өкпеден ұлпа, ағзаларға тасымалдап, гемоглобин оттегiмен тұрақсыз қосылып, оксигемоглобин құрады. Одан ағзада оттегi бөлiнiп, дене ұлпаларына өтiп, эритроцит олардан көмiр қышқыл газын өкпеге алып шығады. Газ алмасуы организмдегi өкпе мен ұлпаларда оттегi мен көмiр қышқылы қысым мөлшерiнiң әр түрлiлiгiнен жүредi. Эритроцит қабығының көптеген жарғақша белоктары гликопротеидтер, гликолипидтер болады, олардың сыртқы соңғы қанты аз құрамбөлiктерi тиiстi қан топтарын, эритроцит зарядын айқындайды. Қалыпты жағдайда ол терiс зарядты болады. Эритроцит заряды өзгерсе, олар бiр-бiрiмен жабысып, түрi тиын бағанасына ұқсайды, ал заряды қалпына келсе, бағанадағы эритроциттер бұзылмай, қайта ажырай алады. Жас эритроциттi арнайы өңдегенде, эндоплазмалық тор, рибосома, митохондрий, центриоль және Гольджи аппаратының қалдықтары жеке тетіктер немесе өте жұқа негіздік тор тәрiздi байқалады. Мұндай, жалпы эритроциттер санының 12% құратын жасушаларды - ретикулоциттер (reticulocytus) деп атайды. Олар қан айналымына сүйек кемiгiнен түседi, құрамында рибосомалар, митохондрийлер, Гольджи аппараты сақталады. Ретикулоциттердің саны бауыр, көк бауыр және сүйек кемiгiнде өлген эритроциттер санына тең болады. Эритроциттердің тiршiлiк ұзақтығы ұсақ малдан гөрі iрi жануарларда ұзағырақ болады. Ол бұқада - 120-140, қойда - 127, шошқада - 72, қоянда - 30, тауықта - 28 күнге тең. Қартая бастаған эритроциттердің (жарғақша асты кешен тұтастығының бұзылуына, жарғақшаның химиялық құрамы өзгерiп, жарғақшаның иондық сорабы бұзылуына, гемоглобин құратын ферменттер қарқындығының төмендеуiне, гемоглобин құрамы өзгеруiне байланысты) көлемi азаяды. Ретикулоцит диаметрi 7 мкм болса, эритроцит жас түрiнің диаметрi - 5,5 мкм, ал қартайған эритроцит диаметрi 3-4 мкм тең болады. Эритроциттер тығыздығы үлкен болады. Қанды алдын-ала ұйытпайтын заттармен өңдеп, ыдысқа құйып қойса, эритроциттердің шөгуi (тұнуы) байқалады. Ол жануарлардың жасына, жынысына, түріне байланысты, бiрдей болмайды. Ең жоғарғы эритроциттер шөгуi жылқыда, ең төменгiсi iрi қара малда жүредi. Бұл әдiстiң ауруды анықтаудағы, оның алдын алудағы маңызы өте зор. Эритроциттер iшкi ақаудың, төңiрегiндегi түрлi факторлардың әсерiнен бүлiнiп, оның құрамы плазмаға шығады. Бұл құбылысты еру (ыдырау) немесе гемолиз деп атайды. Ол қан құйғанда қан топтары сәйкессiздiгiнде де дамиды. Гемолиз айналымдағы эритроциттердің жалпы санын кемiтедi. Эритроциттер бүлiнсе темiрдің ионы, өкпе бөлетiн көмiртектің тотығы билирубиндi (альбуминмен бауырға тасымалданып, өт құрамымен iшекке түседi) қалпына келтiретiн биливердин құрады. Лейкоциттер (leucocytus), қанның ақ түйiршiктерi-әртүрлi түссiз ядролы жасушалар тобы. Олардың цитоплазмасында тұрақты, тұрақсыз қосындылар болады. Әрбiр 500-1000 ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ақмола облысы жағдайындағы Герефорд тұқымды ірі қара малының қанының көрсеткіштері
Сүтті сиырлар СӨЖ қанның биохимиялық және гематологиялық зерттеулері бойынша
Иондаушы сәулелердің канға, қан түзейтін мүшелерге әсері
Қанның құрамымен ерекшеліктері
Сәуле
Қолданылатын бифидобактериялардың штаммдары
Ет және ет өнімдерін сараптау
Жануарлар потологиясы - зертханалық жұмыстар
Жануарлардың иондаушы сәулелер әсеріне сезімталдығы
Жануарлар қанындағы гемоглобиннің жалпы мөлшері
Пәндер