Ветеринарлық-санитарлық қадағалау негізі



Ι.Кіріспе
ΙΙ.Негізгі бөлім
2.1 Экспорт және импорт кезінде жануарларға, жануартекті өнім мен шикізатқа қойылатын ветеринариялық.санитариялық талаптар.
2.2 Жануарларды, жануартекті өнім және шикізаттарды импорттау кезіндегі мемлекеттік ветеринариялық қадағалау.
2.3 Жануарлардың барлық түрін тасымалдауға қойылатын жалпы ветеринариялық.санитариялық талаптар.
2.4 Араларды темір жол көлігімен тасымалдау ережелері..
2.5 Араларды әуе көлігімен тасымалдау ережелері.
ΙΙΙ.Қорытынды
ΙV.Пайдаланылған әдебиеттер
Қазіргі таңда Қазақстан Республикасында жануарларды, жануартекті өнімдер мен шикізаттарды экспорттау жəне импорттау көлемі өсуде. Осыған байланысты Қазақстан Респуб ликасының шекара жəне көліктегі мемлекеттік ветеринарлық инспекторларының жауапкершілігі артуда. Ветеринарлық инспекторлардың міндеттері: аурудан сау емес шаруашылықтан өнімді шығармау; тасымалдау барысында жұқпалы аурулардың пайда болуына жəне таралуына қарсы алдын алу шараларын жүргізу; ақауы бар еттерді, ет, сүт өнімдерін жəне жануартекті шикізаттарды жібермеу; тасымалдау кезінде ҚР ветеринария туралы заңдылық ережелерін ұстануға; вагон, автокөлік жəне кеме көліктерімен өнімдерді тасымалдау кезінде зарарсыздандырғыш жұмыстарды сапалы жүргізу. Көліктің барлық түрлерімен жануар, өнім жəне жануартекті шикізаттарды тасымалдау кезіндегі басты мəселе – аурулардың таралуының алдын алу жұмыстарын жүргізу, тасымалдау барысында ветеринарлық-санитарлық талаптарды міндетті түрде орындау жатады. Барлық аталған міндеттер ҚР аумағына шетелден жұқпалы аурулардың қоздырғыштарының өтуінен сақтайды, бұл жұмысты шекарадағы ветеринарлық бекеттің ветеринарлық инспекторлары жүзеге асырады. Бұл жағдайда ҚР көліктегі ветеринарлық қызметтің транзит жəне республика ішінде ішкі тасымалдау мен ветеринарлық-санитарлық қадағалау жұмыстарын дұрыс ұйымдастыру маңызды болып табылады.
1. ҚР «Ветеринария туралы заңы» 10.07.2002 ж.
2. ҚР «Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы заң» 21.07.07 ж. № 301-11 (берілген өзгерістер мен толықтырулармен 13.01.2014 ж. 159-V).
3. Кеден одағы комиссиясының 18.06.2010 ж. №317 шешімімен бекітілген «Кеден одағының кедендік шекарасында жəне Кеден одағының кедендік аумағында Ветеринарлық бақылауды жүзеге асырудың бірыңғай тəртібі туралы ереже».
4. Кеден одағы комиссиясының 18.06.2010 ж. №317 шешімімен бекітілген «Ветеринарлық бақылауға жататын тауарларға қойылатын бірыңғай ветеринарлық-санитариялық талаптар».
5. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 09.05.2012 ж. №1146 қаулысымен бекітілген «Мемлекеттік ветеринарлық-санитариялық бақылау жəне қадағалау туралы ереже».
6. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 21.01.2012 ж. № 149 қаулысымен бекітілген «Қазақстан Республикасының аумағында орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді тасымалдауды (орнын ауыстыруды) жүзеге асыру ережесі».

Пән: Ветеринария
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

Ι.Кіріспе
ΙΙ.Негізгі бөлім
2.1 Экспорт және импорт кезінде жануарларға, жануартекті өнім мен шикізатқа қойылатын ветеринариялық-санитариялық талаптар.
2.2 Жануарларды, жануартекті өнім және шикізаттарды импорттау кезіндегі мемлекеттік ветеринариялық қадағалау.
2.3 Жануарлардың барлық түрін тасымалдауға қойылатын жалпы ветеринариялық-санитариялық талаптар.
2.4 Араларды темір жол көлігімен тасымалдау ережелері..
2.5 Араларды әуе көлігімен тасымалдау ережелері.
ΙΙΙ.Қорытынды
ΙV.Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

Қазіргі таңда Қазақстан Республикасында жануарларды, жануартекті өнімдер мен шикізаттарды экспорттау жəне импорттау көлемі өсуде. Осыған байланысты Қазақстан Респуб ликасының шекара жəне көліктегі мемлекеттік ветеринарлық инспекторларының жауапкершілігі артуда. Ветеринарлық инспекторлардың міндеттері: аурудан сау емес шаруашылықтан өнімді шығармау; тасымалдау барысында жұқпалы аурулардың пайда болуына жəне таралуына қарсы алдын алу шараларын жүргізу; ақауы бар еттерді, ет, сүт өнімдерін жəне жануартекті шикізаттарды жібермеу; тасымалдау кезінде ҚР ветеринария туралы заңдылық ережелерін ұстануға; вагон, автокөлік жəне кеме көліктерімен өнімдерді тасымалдау кезінде зарарсыздандырғыш жұмыстарды сапалы жүргізу. Көліктің барлық түрлерімен жануар, өнім жəне жануартекті шикізаттарды тасымалдау кезіндегі басты мəселе - аурулардың таралуының алдын алу жұмыстарын жүргізу, тасымалдау барысында ветеринарлық-санитарлық талаптарды міндетті түрде орындау жатады. Барлық аталған міндеттер ҚР аумағына шетелден жұқпалы аурулардың қоздырғыштарының өтуінен сақтайды, бұл жұмысты шекарадағы ветеринарлық бекеттің ветеринарлық инспекторлары жүзеге асырады. Бұл жағдайда ҚР көліктегі ветеринарлық қызметтің транзит жəне республика ішінде ішкі тасымалдау мен ветеринарлық-санитарлық қадағалау жұмыстарын дұрыс ұйымдастыру маңызды болып табылады.

Негізгі бөлім

2.1 Экспорт және импорт кезінде жануарларға, жануартекті өнім мен шикізатқа қойылатын ветеринариялық-санитариялық талаптар.

ҚР мемлекеттік шекарасында жануарларды, жануартекті өнім мен шикізатты жəне фуражды экспорттау жəне импорттау кезінде ветеринарлық санитарлық қадағалауды дұрыс ұйымдастыру мақсатында ветеринарлық бекеттер жүйесі құрылған. Мұндай бекеттер халықаралық тасымалдаумен айналысатын ірі əуежайларда да бар. Шекаралық қадағалау бекетінің тексеруіне көліктің кезкелген түрі мен шекара арқылы өтетін барлық жануарлар мен малшаруашылық жүктер көбінесе үй, зоопарктік, зертханалық т.б жануарлар, сонымен қоса құстар, шаяндар, балықтар, аралар, қоңыз жəне кенелер, шəует, уылдырық, фураж, жануартекті өнім мен шикізат, биологиялық препараттар, т.б жүгіндіріледі. Жануарларды, жануартекті өнімді жəне шикізатты жануар ауруынан сау шаруашылықтарынан əкелсе ғана, кіргізуге жəне шығаруға рұқсат етіледі. Жануарлардың, ауылшаруашылық өнімдерінің, шикізат жəне фураждың экспорт импорт операциялары ҚР АШМ Ветеринарлық бақылау жəне қадағалау комитетінің рұқсатымен жүргізіледі.
Экспортқа жіберетін жануарларды дайындау кезіндегі мемлекеттік ветеринарлық қадағалау. Экспортқа жіберерде жануарларды ветеринарлық өңдеу жəне сұрыптау кезінде қол даныстағы ережелерді басшылыққа алады. Экспортқа жіберуші шаруашылық жұқпалы аурулардан сау болуы шарт. Экспорттаушы шаруашылықтың індеттік жағдайын құрамында ветеринарлық бақылау жəне қадағалау комитетінің облыстан, шаруашылықтан келген өкілі жəне ауданның бас мал дəрігері бар комиссия анықтайды. Экспортқа арналған жануарлар 1 ай бойы карантинде ұсталады.

2.2 Жануарларды, жануартекті өнім және шикізаттарды импорттау кезіндегі мемлекеттік ветеринариялық қадағалау.

ҚР-на шет елдерден жануарларды импорттап əкелу ҚР АШМ ветеринария комитетінің рұқсатымен аурудан сау шаруашылықтардан жүргізіледі. ҚР импортталатын жануарлар сатушы базасында ҚР дəрігерінің қадағалауымен 14 күндік карантинде болу керек. Карантин кезінде келесі диагностикалық зерттеулер жүргізіледі:
Ара жанұяларын, аналықтарын, бал, балауызын, т.б. ара шаруашылығы өнімдері соңғы 12 айда жұқпалы аурулардан сау шаруашылықтардан əкеледі, ара шаруашылығы өнімдерінің өзіне тəн органолептикалық қасиеттері болу керек.
Жөнелтер алдында ара жанұялары 30 күн, аналықтары 10 күн ветеринарлық маманның қадағалауында болуы шарт. Бұл уақыт аралығында ара жанұялары əр 10 күн сайын бруцеллез, варроатоз, таңдамалы түрде акарапидоз, амебеоаз, нозематозға лабораториялық, американдық жəне еуропалық шірімеге бактериологиялық тексеріледі. ҚР келген кезде аралар 30 күн ветеринарлық қадағалауда болады, клиникалық байқау мен зертханалық зерттеулер жоғарыда көрсетілгендей жүргізіледі. ҚР келген жануарлар 1 айлық карантинде арнайы базаларда ұсталады, карантиннен кейінгі 12 айда жергілікті жануарлармен қатынаста болдырмау керек. Соятын жануарларды əкелгеннен кейін 1-2 тəуліктен кейін союға жібереді.

2.3 Жануарлардың барлық түрін тасымалдауға қойылатын жалпы ветеринариялық-санитариялық талаптар.

Қазақстан Республикасының ветеринария заңы бойынша темір жол, əуе, су, автокөлік арқылы тасымалдау тек қана жұқпалы аурулардан таза шаруашылықтан алынған, клиникалық тексерістен өткен жануарлар ғана, ал табындық жəне қол данылатын жануарлар, диагностикалық зерттеулерден өңдеуден өткеннен соң жіберіледі. Басқа аудандарға сатылуға жіберілетін табындық жануарларды профилактикалық оқшауға қояды, ол мерзімде диспансеризация өткізіледі, 3 күннен кем емес аралықта жануарлар тасымалдау кезіндегі азықтандыру режиміне бейімделу қажет, ал союға дайындалатын жануарларды 4-5 күннен кем емес аралықта транспорттық режимге ауыстыру керек. Темір жол, су, автокөлік, əуе жолдары арқылы жұқпалы аурулар кездескен шаруашылықтан əкелінген жануарларды тек клиникалық тексерістен өткізген соң тасымалдауға болады.

2.4 Араларды темір жол көлігімен тасымалдау ережелері..

Бал араларын, сонымен қатар өсiруге жəне акклиматизациялауға арналған шаяндарды, тiрi балықтарды, ұрықтандырылған уыл дырықты тасымалдау, нормативтiк құқықтық актiлерiне сəй кес атқарылады. Тасымалдау мерзімі мен тізімін жөнелтуші таға йындайды. Араларды омартада фанер жəшіктерінде көктемгі, жазғы, күзгі кезеңдерде тасымалдайды. Жабық вагондарда тасымалдағанда, омартамен жəшіктерді бірнеше қабатта орналастырады, желдету тесіктері жабылмайды, əрі-бері ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасындағы малдәрігерлік жүйе
Жануарлар ауруларының қоздырғыштары
Темір жол ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау
Жануарларды тасымалдау шарттары
Заңның мақсаттары және маңызы
Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы минстрлігінің ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің құрылымы, қызметі, міндеттері
Базарлардағы ветеринариялық санитариялық қадағалауды ұйымдастыру
КҮНДЕЛІК ПЕН ЕСЕПТІ РӘСІМДЕУ ТӘРТІБІ
Мемлекеттік шекарадағы ветеринарлық - санитарлық бақылауды ұйымдастыру
Әуе көліктерімен тасымалдау кезіндегі мемлекеттік ветеринариялық бақылау
Пәндер