Зат ұғымы



Кіріспе
Негізгі бөлім
2.1 Зат ұғымы
2.2 Атомдар мен молекулалар
2.3 Зат құрылымының теориялары
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Бізді қоршаған ортада сансыз мол әр түрлі табиғи заттар мен денелер бар. Қолдан жасалған көптеген жасанды бұйымдар да жеткілікті. Әлемдегі әр түрлі денелер, Жер бетіндегі, мұхиттар мен теңіздердегі сан алуан өсімдіктер мен жан-жануарлар қаншама?! Міне, осындай «тірі» табиғат пен «өлі» табиғаттағы сан жетпес әр түрлі заттар мен денелер неден тұрады деген сұрақ туады.
Зат – дискреттік бөлшектері тыныштық массасында тұрған материя түрі. Заттардан физикалық денелер құралады. Заттардың қасиетін сандық сипаттайтын шамалар физикалық константалар деп аталады. Заттар таза заттар(күкірт, темір, дистилденген су) мен қоспаларға (табиғи су, құймалар) бөлінеді. Табиғатта абсолютті таза зат кездеспейді. Егер қоспа мөлшері өте аз мөлшерде болса, затты шартты түрде таза деп есептейді. Таза зат біркелкі болады, қоспалар біртекті және әртекті болады. Заттар әртүрлі өзгерістерге ұшырауы мүмкін. Бір заттан екінші заттың түзілуі құбылысы химиялық деп аталады.
1. Гумарова Л.Ж. «Радиобиология».Алматы 2011 ж.
2. Радиобиология — 2011 жылы Алматы қаласы «Дәуір» баспасында басылып шыққан кітап. Кітап авторы/құрастырушысы — Л. Ж. Гумарова. Беттер саны — 176.
3. А.Қ., Әбжәлелов А.Б., Асқарова Ұ.Б., «Радиобиологиялық талдау» , 1998 жыл., 290бет..
4. Канаев.А.Т., Сагындыкова С.З., Қоршаған орта экологиясы. Алматы,2002 жыл, 370 бет

Жоспар

Кіріспе
Негізгі бөлім
2.1 Зат ұғымы
2.2 Атомдар мен молекулалар
2.3 Зат құрылымының теориялары
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

Бізді қоршаған ортада сансыз мол әр түрлі табиғи заттар мен денелер бар. Қолдан жасалған көптеген жасанды бұйымдар да жеткілікті. Әлемдегі әр түрлі денелер, Жер бетіндегі, мұхиттар мен теңіздердегі сан алуан өсімдіктер мен жан-жануарлар қаншама?! Міне, осындай тірі табиғат пен өлі табиғаттағы сан жетпес әр түрлі заттар мен денелер неден тұрады деген сұрақ туады.
Зат - дискреттік бөлшектері тыныштық массасында тұрған материя түрі. Заттардан физикалық денелер құралады. Заттардың қасиетін сандық сипаттайтын шамалар физикалық константалар деп аталады. Заттар таза заттар(күкірт, темір, дистилденген су) мен қоспаларға (табиғи су, құймалар) бөлінеді. Табиғатта абсолютті таза зат кездеспейді. Егер қоспа мөлшері өте аз мөлшерде болса, затты шартты түрде таза деп есептейді. Таза зат біркелкі болады, қоспалар біртекті және әртекті болады. Заттар әртүрлі өзгерістерге ұшырауы мүмкін. Бір заттан екінші заттың түзілуі құбылысы химиялық деп аталады.

Негізгі бөлім
2.1 Зат ұғымы
Зат - 1) жаратылыстануда - негізгі физикалық ұғым. Зат тыныштық массасы мен кеңістікте шектелген пішімі бар бөлшекті нысандардың (атом, молекула, ион, денелер) жиынтығын білдіреді. Дене мен затбөлшектері ауыспалы жылдамдықпен қозғалып, ал өріс (мезондықтан басқасы) вакуумдегі жарық жылдамдығымен бірдей тарайды. Элементар бөлшектер (электрон, протон, нейтрон, т.б.) дәрежесінде затпен өрістің айырмашылықтары шартты болады. Зат бөлшектерінің өзі белгілі бір өрістердің кванттарына айналады да, өзінің таза дискреттік сипатын жоғалтады, ал өріс болса үздіксіз болудан қалып, өзінің кванттары - дискреттік құрылымын құрайды. Бұл затпен өріс бірлігінің көрінісін және олардың арасында қатал шектеудің болмайтынын көрсетеді. Сонымен бірге, белгілі жағдайға байланысты затпен өріс өзара бір-біріне (өрістен затбөлшектері пайда болып немесе керісінше) ауысып отыруы мүмкін. Өйткені олардың қасиеттері бір-бірімен өзара тығыз байланысты, себептес болып келеді;
2) философияда - салыстырмалы түрде басқа нәрседен тәуелсіз, орнықты жеке бір нәрсе, дене, адам іс-әрекетінің құралы. Философияда зат ұзақ уақыт бойы өзінің қарапайым мағынасында, тек объективті дене есебіндегі қасиеттерімен бірге ғана қарастырылып келді. Дүниені осындай жеке заттардың, нәрселердің жиынтығы есебінде қарастыру философияда 19 ғ. басына дейін орын алған болатын. Философия тарихында затұғымына ерекше мән бере талдау неміс философы И.Канттан басталған. Ол өз ілімінде "өзіндік затты", яғни өздігінен өмір сүретін затты біздің қабылдауымыздағы затқа басқаша айтқанда, "біздің затқа" қарама-қарсы қойып қарастырады да, оларды бір-бірінен мүлде алшақтатып, адамзат танымының мүмкіндігін қабылдаудағы затпен шектеп, "өзіндік затты" танып-білуге болмайды деп тұжырымдайды. Қазіргі философияда затұғымы күрделі мағынаға ие. Зат жай ғана әлдебір қарапайым нәрсе емес, ол көп өлшемді. Өйткені әр түрлі басқа заттарға қатынасында, адамның жан-жақты шығарм. іс-әрекетінде (экономикалық, техникалық, коммуникативтік және т.б.) әр түрлі қасиеттерімен, сапаларымен айшықталады. Сондықтан затты тек қана бір жағынан қарастыру, оның физ.-хим., яғни табиғи қасиеттерімен ғана шектелу абстрактылық түсінікке соқтырады. Затты толыққанды түсіну үшін оны адамға, адамның мұқтаждары мен мақсат-мұраттарына, талғамдары мен құндылықтарына байланыстыра қарастыру қажет. мысалы, орманда өсіп тұрған ағаш, үй тұрғызғандағы құрылысшының қолданған ағашы, балтаның не балғаның ағаш сабы не суреттегі көркемдеп салынған ағаштың бейнесі - бәрі де бір затболып көрінгенімен, олар бір-бірінен мәнді айырмашылығы бар әр түрлі заттар санатына жатады, әр түрлі қызмет атқарып, әр түрлі пішінде өмір сүреді. Сондықтан затты берілген бір ғана түрде қабылдаумен шектелмей, оны қалыптасуы мен дамуы, адамның әмбебап іс-әрекетіндегі атқаратын көптүрлі қызмет аясында алып қарастыру қажет;
3) құқықта - мүліктік құқық қарым-қатынасындағы негізгі нысан. Азаматтық құқықта зат әрқилы негіздемелер бойынша жіктеледі:
өндіріс құрал-жабдықтары
тұтыну заттары
біртекті заттар және дара заттар,
бөлінетін заттар және бөлінбейтін заттар, т.с.с.
Біртекті заттар барлығы үшін ортақ қасиеттерімен сипатталады да, мөлшері санмен, салмақпен, т.б. өлшемдермен айқындалады. Оларды бір-бірімен алмастыруға болады, жоғалуы, жойылып кетуі де мүмкін, әдетте, мұның өзі борышкерді затты несие берушіге қайтару міндетінен босатпайды, өйткені оның "тегі ешқашан өлмейді". Кейбір келісімшарттардың (мысалы, жалдау шартының, мердігерлік шартының) нысаны тек дара заттар болуы мүмкін.
Бөлінетін заттар оларды бөліске салу барысында өзінің пайдалылық қасиетін жоғалтпайды (мысалы, бір қап ұн), ал бөлінбейтін заттар ондай қасиетін жоғалтып алады (мысалы, автомашина). Мұндай қасиет бір затқа ортақ меншікке қатысушылар үшін оны бөлу кезінде, сондай-ақ, көп тарапты міндеттемелердегі үлестік және ынтымақты жауапкершілік кезінде әрқилы заңдық салдарларға апарып соқтырады.
Заттар, сондай-ақ, негізгі зат және оған қосалқы заттар болып та жіктеледі (мысалы, кілт құлыппен бірге, шаңсорғыш түтікшелермен бірге сатылады). Азаматтық құқықта ақша мен бағалы қағаздар да зат деп танылады. Ақша мен ұсынушыға арналған бағалы қағаздар біртекті, алмастырылатын заттардың бір түрі ретінде қарастырылады. Ақшаның жойылуы борышкерді несие берушіге ақша алған сомасын төлеуден босатпайды.
Заттар, сондай-ақ, ұқсатылатын заттар және ұқсатылмайтын заттар болып та бөлінеді. Ұқсатылатын заттар бірнеше мәрте пайдалану барысында жойылып бітеді немесе мүлдем өзгеріске ұшырайды (мысалы, шикізат), ал ұқсатылмайтын заттар пайдалану кезінде тозады, бірақ недәуір уақыт бойына өзінің бастапқы қасиеттерін жоғалтпайды (машиналар, тұрғын үйлер, жиҺаздар, т.б.). Ұқсатылатын заттар мүліктік жалдау, қайтарымсыз пайдалану келісімшарттарының нысаны бола алмайды, әйтсе де ақшаны жұмсаған борышкер борыш сомасын несие берушіге басқалай ақшамен қайтара алатындықтан қарыз келісімшартының нысаны бола алады. Азаматтық құқықта жер телімдері, жер қойнауы телімдері, оқшауландырылған су нысандары және жермен тығыз байланысты нәрселердің бәрі, яғни міндет-мақсатына орасан зор зиян келтірмей тасымалдау мүмкін емес нысандар, соның ішінде ормандар, көпжылдық екпе ағаштар, үй-жайлар, ғимараттар жылжымайтын заттарға, яғни жылжымайтын мүлікке жатқызылады. Жылжымайтын мүлікке жатпайтын заттар, соның ішінде ақша мен бағалы қағаздар жылжымалы мүлік деп танылады. Жылжымайтын мүлік құқығын тіркеу заңда көрсетілгендерден басқа реттерде талап етілмейді.

2.2 Атомдар мен молекулалар
Атом бүтіндей алғанда зарядсыз, бейтарап бөлшек. Ол ортасында өзінен радиусы 104 -105 есе кіші көлемді алып жатқан оң зарядты ядродан және оны айнала қозғалып жүрген теріс зарядты электрондардан тұрады. Атом өзінің сыртқы бір немесе бірнеше электрондарын жоғалтқанда оң, ал сырттан электрон қосып алғанда теріс ионға айналады. Атомның сызықтық өлшемдері ~ 10-8 см, көлденең қимасының ауданы ~10-16 см2, көлемі ~10-24 см3. Борлық атом теориясында ең қарапайым атом - сутегі атомы. Оның радиусының дәл белгілі бір мәні бар және ол мүмкін болатын ең кіші айналу орбитасының радиусы шамасына тең: a=0.53 * 10−8 см (дәлірек, 0.52917*10-8 см). Атомның массасы, негізінен оның ядросының массасына тең және ол массалық санға (А), яғни протондар мен нейтрондардың жалпы санына (нуклондардың жалпы санына) пропорционал болып ұлғаяды. Өйткені атомдағы электронның массасы (0.91*10-20 г) бір протонның немесе нейтронның массасынан (1.67*10-24 г) 1.840 есе аз. Сондықтан атомның ауырлық центрі ядроға дәлдей келеді.
Кез-келген атом үш түрлі элементар бөлшектердің жиынынан тұрады. Олар электрон, протон және нейтрон. Эксперименттік зерттеулер протондар мен нейтрондардың атомның орталық бөлігінде - ядросында орналасатынын көрсетті. Ал электрондар ядроны шыр айнала қозғалады да, атомның электрондық қабатшаларын түзеді.
Табиғатта, жасанды атомдарды қоспағанда, әр түрлі 92 атом бар. Олар бір-бірінен ядродағы протондардың санына қарай ерекшеленеді. 92 түрлі атомға 92 химиялық элемент сәйкес келеді. Ең жеңіл элемент сутегі атомының ядросында бір протон бар, оны айнала бір электрон қозғалады.
Атомдық бөлшектердің электрлік сипаттамалары әр түрлі. Мысалы, электронның электрлік заряды теріс, ал протонның заряды оң болып келеді. Нейтрондарда электр зарядтары сезілмейді. Протон мен нейтронның массалары бір-біріне тең деуге болады, ал олардың әрқайсысының массасы электрон массасынан жуықтап алғанда 1850 еседей үлкен.
Әр элементтің атомы-сол элементтің физикалық-химиялық қасиеттерін сипаттайтын ең ұсақ бөлшегі.
Бір ғажабы: әлемдегі сан жетпейтін неше түрлі денелер мен заттардың барлығы да 92 химиялық элементтің атомдарынан тұрады.Денелер мензаттар осындай санаулы ғана элементтердің атомдарының бір-бірімен байланысы арқасында түзілген.Бірнеше атомдардың өзара байланысуынан молекула түзіледі. Мысалы, су молекуласы үш атомнан: сутегінің екі атомынан және оттегінің бір атомынан құралған. Заттар молекулалардан тұрады. Әр заттың молекулалары бір-біріне ұқсамайды. Сондықтан олардың құрылымдары да, қасиеттері де түрлі-түрлі болады.
Әлемдегі заттардың 99 пайызы ең жеңіл екі элементтен: сутегі мен гелийден тұрады. Ғалымдардың пайымдауынша, ғарыш денелеріндегі 10 000 сутегі атомына гелийдің 500 атомы, ал қалған 90 элементтен бір ғана атом келеді.
Әр заттың молекуласы - сол заттың ерекшелігін сипаттайтын ең ұсақ бөлшегі.
Атомдар мен молекулалардың кристалдағы орналасу ретін, олардың жалпы сұлбасын қазіргі электрондық микроскоптар мен иондық проекторларда көруге болады. Ұсақ бөлшектерді электрондық микроскоптар жүздеген мың есе үлкейтеді, ал иондық проекторлар миллиондаған есеге дейін үлкейте алады. Молекуланың өте ұсақ бөлшек екенін сезіну үшін мына мысалдарға жүгінейік. Көлемі орташа алма Жер шарынан неше есе кіші болса, молекула да алмадан сонша есе кіші. Көлемі 1мм3 сутегі газында қалыпты жағдайда 27 000 000 000 000 000 = 2,7*1016 жуық молекулалар бар.
Қорыта айтқанда: жекелеген атомдар-химиялық элементтердің, ал молекулалар заттардың ең кіші бөлшектері болып табылады. Әр түрлі заттардан денелер құралады.
Молекула (лат. moles - масса) - жай немесе күрделі заттың негізгі химиялық қасиеттерін сақтайтын және өздігінен өмір сүретін ең кіші бөлшек.
Молекула ұғымы ғылымға 1860 ж. енгізілген. Молекуланы тәжірибе жүзінде 1906 ж. француз ғалымы Жан Перрен броундық қозғалысты зерттеу кезінде дәлелдеген. Молекула құрамында бір (инертті газдар), екі (H2, O2, N2, CO, т.б.), үш (O3, N2O), сондай-ақ жүздеген, мыңдаған, тіпті одан да көп атомдар (полимер, ақуыз, т.б.) болады.Халықаралық Карлсруэ Конгресінде 1860 жылы молекулалар мен атомдар анықтамалары қабылданды. Молекулалардың химиялық қасиеттері бар барлық химиялық заттар, ең аз бөлшектер ретінде анықталды.
Молекулааралық өзара әсер - электрлік қасиеті жағынан бейтарап молекулалар немесе атомдар арасындағы өзара әсер. Бұл әсер молекулааралық қашықтыққа (r) тәуелді және өзара әсердің потенциалдық энергиясы U(r) арқылы өрнектеледі. Заттардың көптеген қасиеттері мен агрегаттық күйі осы U(r)-дің шамасы арқылы анықталады. Молекулааралық өзара әсер ұғымын (1873) голланд ғалымы Йоханнес Ван-дер-Ваальс нақты газдар мен сұйықтықтардың қасиетін түсіндіруге қолданды. Оның болжамы бойынша бір-біріне жақын орналасқан молекулалар арасында тебіліс күштері әсер етеді де, ал молекулааралық қашықтық (r) артқанда бұл күштер тартылыс күштерімен алмасады. Осы болжамдарды пайдалана отырып ол нақты газдардың күй теңдеуін [(р + аV2)(V-b) = RT] қорытып шығарды.
Молекулааралық өзара әсердің табиғаты электрлік және ол тартылыс күштері (ориентациялық, индукциялық, дисперсиялық) мен тебіліс күштерінен тұрады. Ориентациялық күштер полюсті молекулалар арасында әсер етеді; индукциялық (поляризациялық) күштер полюсті және полюссіз молекулалардың және сонымен қатар полюсті молекулалардың да арасында әсер етеді. Дисперсиялық молекулааралық өзара әсер полюссіз молекулалар арасында байқалады.
Молекулалық масса, салыстырмалы молекулалық масса - заттың бір молекуласының массасы. Молекулалық масса молекуланы құрайтын барлық атомдар массаларының қосындысына тең. Олар өте кішкене болғандықтан, тәжірибеде олардың орнына салыстырмалы атомдық масса және салыстырмалы молекулалық масса ұғымдары қолданылады. Салыстырмалы молекулалық масса (Мr) заттың бір молекуласы массасының көміртектің 12С изотопы массасының 112 бөлігіне қатынасына тең. Көміртектің 12С изотопы массасының 112 бөлігі массаның атомдық бірлігі ретінде қабылданған: молекуланың атомдық бірлігі (м.а.б.) =1,6607.10 - 24 г. Егер зат молекуласының құрамы белгісіз болса, онда белгісіз заттың молекулалық массасын эбуллиоскопия, криоскопия, осмометрия, масс-спектроскопия, т.б. әдістер арқылы анықтауға болады. Молекулалық масса химиялық, физикалық және химия-техникалық есептеулерде қолданылады.[2]
Молекуладағы атомдардың тербелуі

Молекулалардағы тербелмелі қозғалыстардың түрі сан алуан. Олардың арасындағы бірден бір қарапайым түрі -- екі атом ядросын қосатын түзу сызық бойына орналасқандардың бір-біріне тәуелсіздік жағдайда тербелуі. Мұны серіппе арқылы байланыскан екі шардың механикалық тербелісімен ойша салыстыруға болады. Егер екі шарды бір-біріңе тартатын күш серіппе болса, молекулаларда мұндай серіппенің міндетін электрондардың өзара әсерінен пайда болатын валенттілік байланыс атқарады, ал екі ядроның бір-біріне әсерінен тебіліс пайда болады. Егер ядроларды тербеліске келтіретін энергия жеткілікті, тіпті көп болса, онда тербелмелі қозғалыс ангармоникалық заңдылыққа бағынады.
Инфрақызыл спектрлер (КҚС) инфрақызыл сәулелер үшін мөлдір, яғни сәулені тұтпайтын ас тұзы, калий бромиді сияқты кристалдар оптикалық аспаптары бар спектограф көмегімен жазылады. ИК-сәулелерді тіркеу олардың жылу әсеріне негізделіп, термоэлемент пен болометр және өзі жазатын құралдар, қондырғылар көмегімен жүзеге асады. Сұйық және газ күйіндегі қосылыстардың ИҚ-спектрлері бірден жазылып шығады, ал қатты заттардын спектрін жазу үшін оларды әуелі бір ортада ұсактап аламыз. Тәжірибеден алынған деректерге қараған-да, сіңіру ИҚ-спектрлері сіңіру энергиясының толқын жиілігіне не оның ұзындығына тәуелді болады.
ИК-спектрлерде кез келген толқын көрініп, анықтала бермейді, тек молекуланың дипольдік моментіне ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Азаматтық құқық объектісінің түрлері
«Қазақстан Республикасының азаматтық құқығы»
САҚТАУ ШАРТЫНЫҢ ТҮСІНІГІ ЖӘНЕ ЖАЛПЫ ЖАҒДАЙЛАРЫ
XI-XII ғасырлардағы түркі әдеби ескерткіштері тіліндегі зат есімдер
Тауар қоймасында сақтаудың түсінігі мен жалпы жағдайлары
Азаматтық құқық қатынастарының объектілері
Мүліктік құқықтар
Рим құқығы
Кеңістік локалдылығының негізгі сипаттамалары
МҮЛІКТІК ЕМЕС ӨЗІНДІК ҚҰҚЫҚТАР
Пәндер