Жануарларды тасымалдауға қойылатын жалпы ветеринариялық-санитарилық талаптар



I Кіріспе ... ... ... ... ...3
II Негізгі бөлім ... ... ... ... .4
2.1 Жануарлардың барлық түрін тасымалдауға қойылатын жалпы ветеринариялық.санитарилық талаптар ...4
2.2 Экспорттау және импорттау кезіндегі жануарларды дайындау кезіндегі мемлекеттік ветеринарлық қадағалау ... ... 5
2.3 Әуе көліктерімен жануарлардың барлық түрін тасымалдауында ветеринариялық бақылау ... ... ... ... ... ... .6
2.4 Түбітті аңдарды, қояндарды жəне иттер мен мысықтарды кедендік одақтың аумағында жəне (немесе) тараптар арасында тасымалдау (орнын ауыстыруда) кезінде қойылатын ветеринарлық талаптар ... ... ... ... ... ... ...8
2.5 Халықаралық поштамен жіберіп тасымалданатын қорап.тыстарды зарарсыздандыру ... ... ... .9
III Қорытынды ... ... ... ..11
IV Пайдаланылған әдебиеттер
Көліктің барлық түрлерімен жануар, өнім жəне жануартекті шикізаттарды тасымалдау кезіндегі басты мəселе – аурулардың таралуының алдын алу жұмыстарын жүргізу, тасымалдау барысында ветеринарлық-санитарлық талаптарды міндетті түрде орындау жатады. Барлық аталған міндеттер ҚР аумағына шетелден жұқпалы аурулардың қоздырғыштарының өтуінен сақтайды, бұл жұмысты шекарадағы ветеринарлық бекеттің ветеринарлық инспекторлары жүзеге асырады. Бұл жағдайда ҚР көліктегі ветеринарлық қызметтің транзит жəне республика ішінде ішкі тасымалдау мен ветеринарлық-санитарлық қадағалау жұмыстарын дұрыс ұйымдастыру маңызды болып табылады.
Ветеринарлық-санитарлық қадағалау негізіне ветеринарлық санитария ғылымын оқу барысында алынған білім жатады, себебі зертханалық жəне өндірістік зерттеулер тəжірибесінің негізі патогенді немесе шартты патогенді микроорганизмдер жануар ауруларын тудыратын жəне өнімдермен жануартекті шикізаттардың жарамсыздығына əкелетін компоненттерді жақсы білу шарт.
1. Поляков А. А. и др. Руководство по ветеринарной-санитарии. М., Колос, 1986 г.
2. Песков П. Г., Малуша П. М., Фих Л. Э. Ветеринарно-санитарный надзор на транспорте. М., Колос, 1982 г.
3. Туник Н. Т., Лещук А. Т., Чалый А. А. и др. Перевозка сельскохозяйственных грузов автомобильным транспортом. М., 1982 г.
4. Европейская Конвенция о защите при международных перевозках от 14 мая 1991 г.
5. ҚР «Əкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексі» (2014.23.04. берілген өзгерістер мен толықтырулармен).

Пән: Ветеринария
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар
I Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
II Негізгі бөлім ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4
2.1 Жануарлардың барлық түрін тасымалдауға қойылатын жалпы ветеринариялық-санитарилық талаптар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..4
2.2 Экспорттау және импорттау кезіндегі жануарларды дайындау кезіндегі мемлекеттік ветеринарлық қадағалау ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5
2.3 Әуе көліктерімен жануарлардың барлық түрін тасымалдауында ветеринариялық бақылау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...6
2.4 Түбітті аңдарды, қояндарды жəне иттер мен мысықтарды кедендік одақтың аумағында жəне (немесе) тараптар арасында тасымалдау (орнын ауыстыруда) кезінде қойылатын ветеринарлық талаптар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...8
2.5 Халықаралық поштамен жіберіп тасымалданатын қорап-тыстарды зарарсыздандыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 9
III Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 11
IV Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..12

I Кіріспе
Көліктің барлық түрлерімен жануар, өнім жəне жануартекті шикізаттарды тасымалдау кезіндегі басты мəселе - аурулардың таралуының алдын алу жұмыстарын жүргізу, тасымалдау барысында ветеринарлық-санитарлық талаптарды міндетті түрде орындау жатады. Барлық аталған міндеттер ҚР аумағына шетелден жұқпалы аурулардың қоздырғыштарының өтуінен сақтайды, бұл жұмысты шекарадағы ветеринарлық бекеттің ветеринарлық инспекторлары жүзеге асырады. Бұл жағдайда ҚР көліктегі ветеринарлық қызметтің транзит жəне республика ішінде ішкі тасымалдау мен ветеринарлық-санитарлық қадағалау жұмыстарын дұрыс ұйымдастыру маңызды болып табылады.
Ветеринарлық-санитарлық қадағалау негізіне ветеринарлық санитария ғылымын оқу барысында алынған білім жатады, себебі зертханалық жəне өндірістік зерттеулер тəжірибесінің негізі патогенді немесе шартты патогенді микроорганизмдер жануар ауруларын тудыратын жəне өнімдермен жануартекті шикізаттардың жарамсыздығына əкелетін компоненттерді жақсы білу шарт.

II Негізгі бөлім
2.1 Жануарлардың барлық түрін тасымалдауға қойылатын жалпы ветеринариялық-санитарилық талаптар

Қазақстан Республикасының ветеринария заңы бойынша темір жол, əуе, су, автокөлік арқылы тасымалдау тек қана жұқпалы аурулардан таза шаруашылықтан алынған, клиникалық тексерістен өткен жануарлар ғана, ал табындық жəне қол данылатын жануарлар, диагностикалық зерттеулерден өңдеуден өткеннен соң жіберіледі. Басқа аудандарға сатылуға жіберілетін табындық жануарларды профилактикалық оқшауға қояды, ол мерзімде диспансеризация өткізіледі, 3 күннен кем емес аралықта жануарлар тасымалдау кезіндегі азықтандыру режиміне бейімделу қажет, ал союға дайындалатын жануарларды 4-5 күннен кем емес аралықта транспорттық режимге ауыстыру керек. Темір жол, су, автокөлік, əуе жолдары арқылы жұқпалы аурулар кездескен шаруашылықтан əкелінген жануарларды тек клиникалық тексерістен өткізген соң тасымалдауға болады. Транспорттық ветеринарлық қадағалау тасымалдауға дейін жануарларды тексеріп қараудан өткізіп, келесі ауруға зерттеулер өткізілуін қадағалау керек: ірі қара малды бруцеллез, туберкулез, лейкоз, лептоспироз, кампилобактериоз, хламидиоз, паратуберкулез, трихомоноз ауруына; қойларды - бруцеллез, листериоз, вирустық іш тастау; ешкілерді - бруцеллез, лептоспироз, инфекциондық эпидидимит, туберкулез, меди-висна, аденоматоз, энцефалит-артрит, листериоз, блутанг, паратуберкулез, хламидиоз; шошқаларды - классикалық шошқа обасы, репродуктивті-респираторлы синдром, бруцеллез, туберкулез, лептоспироз, Ауески ауруы, хламидиоз, вирусты трансмиссивтік гастроэнтерит, шошқа тұмауы, атрофиялық ринит, парвовирусты инфекция, шошқаның везикулярлы ауруы; жылқыларды - маңқа, киеңкі, сурру, пираплазмоз, инфекциондық метрит, бруцелез, инфекциялық анемия, туберкулез, лептоспироз, везикулярлы стоматит, вирусты артерит; есек пен қашарларды - маңқаға; түйелерді - бруцеллез, туберкулез, маңқаға, су-ауру, блутанг, паратуберкулез, контагиозды плевропневмония, африкандық обаға; бұғыларды - бруцеллезге, некробактериозға, туберкулезге; құстарды (тауық) - пуллороз, туберкулез Марек ауруына қарсы егілу керек; ит жəне мысықтарды - етқоректілердің обасы, құтырық, гепатит, вирусты энтерит, лептоспироз; түбітті аңдар (қара түлкі) алеут ауруына; қояндарды - эймериозға; араларды - варроатоз, акарапидоз, браулез, іріңді ауруға, аскофероз; балықтарды - тұқы балықтың геморрагиялық септицемиясы, описторхоз Басқа да зерттеулерді мемлекеттік ветинспектор келісімімен атқарады. Бруцеллез ауруы кездеспеген шаруашылықтың малдарын, (ірі қара малдар, қой, ешкі, шошқа, түйе, бұғыларды) бруцеллезге аглютинация реакциясы (АР), комплементті байланыстыру реакциясымен (КБР), ал соған қоса қой-ешкілерді аллергиялық реакциямен зерттейді. Нəтижесі теріс болса, сол жануарларды тасымалдауға рұқсат береді. Ал осы айтылған малдардың 4 айға дейінгі төлдерін бруцеллезге зерттемейді.
Жөнелтуші жануарларды клиникалық тексерістен өткізу керек. Жануарлардың дене қызуы төмен не жоғары болса, əлсіз жəне арық, соған қоса жануарларда əртүрлі жарақаттар болса, тасымалдауға рұқсат берілмейді. Тасымалдау кезінде жануарларды күтіп бағып, жұмыс істей білетін жол серіктерін дайындау керек.Тасымалдау алдында жануарлар санына, тасымалдау уақытына, қашықтығына байланысты азықтар мен суды, төсеніштерді, суаратын ыдыстарды, шелектерді, күректерді, т.б. есептеп дайындап қою керек. Шөп пен сабанға №3 ветеринариялық сертификат немесе анықтама беріледі, анықтамада азықтардың сапасы мен зертханалық нəтижелері жазылады. Жөнелтуші, жануарларды тиеу орнына апарар алдында, 3 күн ішінде тасымалдауға рұқсат беретін ветеринарлық сертификатты немесе анықтаманы алу керек.
Соңғы жылдары түбітті жануарлар жиі тасымалданады, сондықтан көліктік ветеринарлық қадағалау олардың етқоректілер обасына қарсы вакцинациялануын жəне күзендерді ботулизмға қарсы вакцинациялануын тексеру қажет.

2.2 Экспорттау және импорттау кезіндегі жануарларды дайындау кезіндегі мемлекеттік ветеринарлық қадағалау.
Экспортқа жіберерде жануарларды ветеринарлық өңдеу жəне сұрыптау кезінде қол даныстағы ережелерді басшылыққа алады. Экспортқа жіберуші шаруашылық жұқпалы аурулардан сау болуы шарт. Экспорттаушы шаруашылықтың індеттік жағдайын құрамында ветеринарлық бақылау жəне қадағалау комитетінің облыстан,
шаруашылықтан келген өкілі жəне ауданның бас мал дəрігері бар комиссия анықтайды. Экспортқа арналған жануарлар 1 ай бойы карантинде ұсталады. Осы кезде келесі өңдеулер жүргізіледі:
Түбітті аңдарды, қояндарды жəне иттер иен мысықтарды инвазиялық ауруларға тексереді түлкілер, ақ түлкілер, құндыздар жəне иттер - токсоплазмозға; құндыз - алеут ауруына; мысықтар - дерматофитозға диагностикалық зерттеулерден өткізеді. Егер жануарлар, соңғы 6 ай ішінде егілмесе, жіберер алдында 14 күн бұрын түлкілер, ақтүлкілер - етқоректілердің обасына; құндыздар жəне саскүзендері - ботулизмге, етқоректілер обасына, псевдомонозға, вирустық энтеритке; күзен - пастереллезге; иттер - құтырыққа, етқоректілердің обасы, гепатитке, вирусты энтеритке, парво - жəне аденовирусты инфекцияларға, лептоспирозға; мысықтар - құтырыққа жəне панлейкопенияға; қояндар - миксоматозға, пастеррелезге жəне вирустық геморрагиялық аурулар, жəне импорттаушының басқа да ауруларға вакцинацияланады. Жеке бас қолдануына арналған иттер мен мысықтарды екі бастан артық емес, енгізуге арнайы елдің рұқсатынсыз, ветеринарлық сертификатқа теңескен халықаралық паспортпен енгізіледі.
ҚР-на шет елдерден жануарларды импорттап əкелу ҚР АШМ ветеринария комитетінің рұқсатымен аурудан сау шаруашылықтардан жүргізіледі. ҚР импортталатын жануарлар сатушы базасында ҚР дəрігерінің қадағалауымен 14 күндік карантинде болу керек. Карантин кезінде келесі диагностикалық зерттеулер жүргізіледі:
Терісі бағалы аңдар, қоян, иттерді ботулизмге қарсы вакцинациялайды, етқоректілер обасына қарсы түлкілерді артуға 10 күннен кешіктірмей егеді, иттерді 14 күн бұрын оба жəне құтыруға қарсы, қояндарды пастереллезге қарсы егеді жəне кокцидиостатикалық препараттармен емдейді (5 күндік 2 курс), диагностикалық зерттеулер жүргізеді, Алеут ауруына құндыздарға 10-30 күн қалғанда йодтық сынама қояды.
ҚР келген жануарлар 1 айлық карантинде арнайы базаларда ұсталады, карантиннен кейінгі 12 айда жергілікті жануарлармен қатынаста болдырмау керек. Соятын жануарларды əкелгеннен кейін 1-2 тəуліктен кейін союға жібереді.

2.3 Әуе көліктерімен жануарлардың барлық түрін тасымалдауында ветеринариялық бақылау

Жүктердің жіктелуі. Сауда жағдайына байланысты əуе көліктеріндегі жүктер келесі түрлерге бөлінеді: тез бұзылатын жəне арнайы. Тез бұзылатын жүктерге азық жəне басқа өнім жүктері жатады. Бұл жүктер оптималды температура жəне ауа ылғалдылығына байланысты тез бұзылатындықтан, оларды сақтағанда жəне жабдықтағанда ерекше жағдайлар жасап, тез арада белгіленген орынға жеткізу керек. Тез бұзылатын жануартекті жүктерге келесі топтар жатады: жануартекті өнімдер - əртүрлі мал еті, құс, салқындатылған жəне ысталған балық, уылдырық, жəне сиыр майы, əртүрлі майшабақ, консервілер, шұжық өнімдері, ірімшік жəне т.б; тірі балық өнімдеріне - тірі уылдырық, азықтық ағзалар, мольки; биологиялық препараттар, қағанақ (плацентарная) сары суы, консервіленген қан, медициналық сүлік. Бұл өнімдерді сақтаған, тасымалдаған кезде арнайы жағдайлар жасалынады. Сақтау барысында жағдай жасалып жəне тез арада жеткізілетін жүктер Арнайы жүк түрлері деген атаумен ерекшеленеді. Жеткізу уақыты шектелген жəне ұзақ қашықтыққа тасымалданатын жүктер тек қана əуе көлігімен жеткізіледі. Арнайы жануартекті жүктерге ауылшаруашылық жəне жабайы жануарлар, құс (сонымен қатар тəуліктік балапандар) жəне түбітті аңдар, ара, ауылшаруашылық малдарының ұрықтары, бауырмен жорғалаушылар, асыл тұқымды жұмыртқалар жатады.
Малдарды арнайы жүк таситын тік ұшақта немесе арнайы секциялы ұшақта унифицирленген контейнерлерде тасымалдауға болады. Жүк тасуға арналған тік ұшақ бөлімдерін қажетті деген жабдықтармен жабдықтайды, яғни ондағы шетен бөлімдері дұрыс бекітілген, азық, су, құралдар, сонымен қатар жануарларды енгізетін жəне айдап шығаратын арнайы бөліктермен жабдықталғаны жөн. Шетендер (стойла) жеңіл, бірақ мықты ұзындығы 20 см металдан, ені 80-150 жəне биіктігі 150 см жеңіл жиналатын, (съемные) іші сыртында үшкір заты жоқ (шеге, болт жəне т.б.) металдардан жасалады. Шетен ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мал сою және санитариялық сою пунктарын дезинфекциялау
Жылқы малдарының гигиенасы
Қой мен ешкіні су, әуе, темір жолмен, автокөлікпен импорттау ,экспорттау кезінде ел ішінде тасымалдау кезінде қойылатын талаптар ветеринариялық- санитариялық бақылау
Жануарларды тасымалдауға дайындау және тасымалдау кезіндегі мемлекеттік ветеринариялық-санитарлық бақылау жүргізу
Мемлекеттік ветеринариялық санитариялық бақылауымен жануарларды тасымалдауға дайындау және оның реті
Мал шикізат өнімдері
Жұмыртқа және жұмыртқа өнімдерін, өсімдіктерді (импорттау, экспорттау және әуе, су, темір жол көліктерімен) тасымалдау және ветеринариялық – санитариялық бақылау
Шошқаларды экпорттау және импорттау кезінде қойылатын ветеринариялық талаптар
Евразиялық экономикалық қауымдастығына мүше мемлекеттердің аумағына жануарлар, жануар текті шикізаттарға қойылатын ветеринариялық талаптар. Жануарларды айдап жеткізу кезіндегі ветеринариялық-санитариялық қадағалау
Мемлекеттік шекарадағы ветеринарлық - санитарлық бақылауды ұйымдастыру
Пәндер