Орта ғасырдағы теологиялық философия
1 Ортағасырлық батысеуропалық философия
2 Ортағасырлық араб . түрік философиясы
3 Қайта өрлеу дәуірінің философиясы
4 Жаңа дәуір философиясы
2 Ортағасырлық араб . түрік философиясы
3 Қайта өрлеу дәуірінің философиясы
4 Жаңа дәуір философиясы
Орта ғасырдағы теологиялық философия деп Европада V-XV ғасырларда таралған философиялық бағытты атаймыз, онда жоғарғы жаратушы ретінде құдайды, ал қоршаған орта оның туындысы. Осы кезеңде қоғамның рухани өмірінде үстемдік етуші дін болды. Ортағасырлық батысеуропалық философияның басты мәселелерінің негізі құдай болмысының дәлелі, сенім мен ақылдың ара-қатынасы адам жанының мәңгілігі болды. Антикалық философияға қарағанда орта ғасырдағы ойлау стилі теологиялық болды, яғни әлемді жаратушы ғарыш емес, құдай болды. Ортағасыр философтарының идеялары теологиялық ойға негізделді. Білімділіктің, зиялылықтың орталығы христиан дінінің шіркеуі болды. Шіркеу-мемлекет ішіндегі мемлекет, яғни көптеген мемлекеттік функцияларды атқарды. Философия теологияға қызмет етті. Онтологиялық мәселе-жаратылу идеясы, креационизм болса, ал гносеологияда христиандық аян идеясы орын тапты. Ортағасырлық батысеуропалық философиясы басты екі негізгі идеяға сүйенді: барлық заттың бастамасы шындық пен туындылық. Ортағасырлық батысеуропалық философиясында үстемдік етуші дүниетаным христиандық болды.
Ортағасырлық теологиялық философияның көрнекті өкілдері: Тертуллиан Карфагендік (160-220), Аврелий Августин (354-430), Боэций (480-524), Ұлы Альберт (1193-1280), Фома Аквинский (1225-1274), Ансельм Кснтерберийлік (1033-1109), Пьер Абеляр (1079-1142), Уильям Оккам (1285-1349), Николай Отрекурлык (ХІVғ.)
Орта ғасырлық батысеуропалық философиясын келесі кезеңдерге бөлуге болады:
Патристика (латынша - әке) – ІІ-VІғғ. алғашқы христиан философиясының негізін салушы шіркеу әкелерінің мектебі, ілімі.

Ортағасырлық батысеуропалық философия
Орта ғасырдағы теологиялық философия деп Европада V-XV ғасырларда таралған
философиялық бағытты атаймыз, онда жоғарғы жаратушы ретінде құдайды, ал
қоршаған орта оның туындысы. Осы кезеңде қоғамның рухани өмірінде үстемдік
етуші дін болды. Ортағасырлық батысеуропалық философияның басты
мәселелерінің негізі құдай болмысының дәлелі, сенім мен ақылдың ара-
қатынасы адам жанының мәңгілігі болды. Антикалық философияға қарағанда орта
ғасырдағы ойлау стилі теологиялық болды, яғни әлемді жаратушы ғарыш емес,
құдай болды. Ортағасыр философтарының идеялары теологиялық ойға негізделді.
Білімділіктің, зиялылықтың орталығы христиан дінінің шіркеуі болды. Шіркеу-
мемлекет ішіндегі мемлекет, яғни көптеген мемлекеттік функцияларды атқарды.
Философия теологияға қызмет етті. Онтологиялық мәселе-жаратылу идеясы,
креационизм болса, ал гносеологияда христиандық аян идеясы орын тапты.
Ортағасырлық батысеуропалық философиясы басты екі негізгі идеяға сүйенді:
барлық заттың бастамасы шындық пен туындылық. Ортағасырлық батысеуропалық
философиясында үстемдік етуші дүниетаным христиандық болды.
Ортағасырлық теологиялық философияның көрнекті өкілдері: Тертуллиан
Карфагендік (160-220), Аврелий Августин (354-430), Боэций (480-524), Ұлы
Альберт (1193-1280), Фома Аквинский (1225-1274), Ансельм Кснтерберийлік
(1033-1109), Пьер Абеляр (1079-1142), Уильям Оккам (1285-1349), Николай
Отрекурлык (ХІVғ.)
Орта ғасырлық батысеуропалық философиясын келесі кезеңдерге бөлуге болады:
Патристика (латынша - әке) – ІІ-VІғғ. алғашқы христиан философиясының
негізін салушы шіркеу әкелерінің мектебі, ілімі.
Апологетика ( грекше - қорғаймын, ақтаймын ) – ІІ – ІІІ ғ.ғ. пұттық
политеизммен күресте христиандық догматика негіздерін қорғаған, уағыздаған
ілім;
Классикалық патристика - (ІV-Vғғ.) - тринитарлық мәселе, яғни әке, ұл және
қасиетті рух мәртебесі арақатынасы туралы ілім; христологиялық мәселе, яғни
Христостағы екіұдайлық, яғни құдайлық және адамдық екі бастама туралы;
антропологиялық мәселе, яғни құтқару мен арылу барысындағы Құдайдың
мейірімі мен адамның күнәһарлық табиғаты жөніндегі ілім;
Соңғы кезең (VІ-V ІІІ ғғ.) - христиандық догматиканың орнығуы, теология мен
ғылымның энциклопедиялық кодификациялануы.
Схоластика (латынша мектеп) - ортағасырлық теологиялық ілім, философияның
теологияға қызмет ететін тұсы. Схоластиканың үш кезеңі болды:
- Балауса схоластика (ІХ-ХІІғғ.);
- Кемеліне жеткен схоластика (ХІІІғ.);
- Құлдырау кезеңі (ХІV-ХVғғ.).
Схоластикалық философияның негізгі мәселесі:
• Құдайдың бар екенін рационалды (ақылмен) дәлелдеу;
• Жалпылықтың жекелікке қатынасы немесе универсали, яғни жалпылық ұғым
мәселесі.
Осы сұрақтарға жауап бере келе схоластикада екі бағыт пайда болды:
Номиналаизм (лат.nomo- ат, атау) бойынша алдымен қандай да бір зат пайда
болса, оған ат беріледі. Олар құдайдың бар екендігін былай дәлелдейді: Әке
- құдай, ұл - құдайы, рух - құдай. Номинализм өкілдері - П.Абеляр,
Росцелин, Дунс Скот, Жан Буридан, Роджер Бэкон.
Реализм бағыты бойынша алдымен заттың өзі емес, оның жалпы атауы
универсалийлер пайда болады, яғни сөз, соған сәйкес зат болады. Құдайдың
бар екендігін былай дәлелдейді: Құдай туралы сөз бар, яғни құдайдың заты
да, өзі де бар. Реализм өкілдері: А.Кентерберийский, Шампо.
Аврелий Августин Ә у л и е (354-430) - христиандық теолог, шіркеу
аталарының (католиктерде) бірі, христиандық дүниетаным жүйесін жасаған
әулие. Христиандық әлемде дін және философия мәселелері бойынша шексіз
беделі болған және Ұстаз деген атаққа ие болған. Антиктік мәдени мұра мен
оған христиандықтың қатысы туралы пікірталаста сенім мен ақылдың
үйлесімдігі туралы ілімді тұжырымдап, Қасиетті Жазу мен Қасиетті
Өсиеттің күмәнсіз беделдігін мойындай отыра, адамның діни өміріндегі ғылым
мен философияның рөлін кемітпеді. Августин жүйесіне рухани бастауларды
әсірелеу тән. Адам үшін, дейді ол, Құдай мен дүние арасында таңдау бірден-
бір абыройлы құндылық болып табылады. Адам тіршілігі құндылықтарының
арасында ылғи жақсы көріп аялайтын игіліктер мен тек пайдалануға
жарайтындарын бөлуге болады. Біріншісіне тіршіліктің бастауы болып
табылатын абсолютті жақсылық ретінде Құдайды сүю жатады. Екіншісіне адамзат
мәдениетінің жемістері мен нақтылы дүнияуи игіліктерді қосуға болады.
Оларсыз тіршілік ету мүмкін емес. Бірақ оларға үйреніп, жақын көруге
болмайды. Августин Құдайға біртіндеп жақындатып, тән мен жанды тазартатын,
аскеттік сипатта болатын катарсис жүйесін тұжырымдады. Августиннің
мәдениетке деген көзқарасы Құдай қаласы туралы еңбегінде берілген. Ол екі
адамдық қауымдастықты бөліп қарастырады: Жер қаласы — Құдайды ұмытқан
өзімшілдікке негізделген мемлекет пен мәдениет және Құдай қаласы — өзін
ұмытқан, Құдайға деген сүйіспеншілігі шексіз рухани бірлестік. Рим
империясының соңғы уақытына ұқсас Жер қаласы нәпсіқұмарлық пен
күнәһарлыққа толы және алғашқы күнәдан бастау алады. Осы қалада өмір
сүруге мәжбүр адам бар ықыласын Құдайлық Қалаға бағыттауы керек.
Августиннің теологиялық ілімдері оның эстетикасымен де тығыз байланысты.
Фома Аквинский (1225-1274) - италияндық діни ойшыл. Католиктік шіркеудің ең
ірі ойшылы. Дегдар отбасынан шықса да, ол ата-анасының қарсылығына
қарамастан, доминикандық діни ұйымға кіреді. Париждегі Сен-Жак
монастырында, кейін Париж унверситетінде дәріс береді. Сонан соң Италияға
қайтып келіп, Рим Папасының сарайында болады. Сол жылдары ол Аристотельдің
философиясын тереңдетіп, өз ілімінің негізіне айналдырады. 1269 ж. Парижге
қайтып оралып, Құдайтану қосындысы жұмысын жалғастырады (1266—1273). 1274
ж. Неапольдан Лионға шіркеулік кеңеске бара жатып қайтыс болады. Логик,
метафизик, теолог, Фома әулие Аристотельдің рационалды философиясын
христиан дінімен сәйкестендіруге тырысқан. Ф. Аквинский ойынша, дін мен
білімнің қарым-қатынасы гармонияға, бейбіт жарасымға құрылуға тиіс.
Философия қарама-қайшылыққа ұрынған шағында (мысалы, уақыт шеңберіндегі
жарату мәселесі), оның көмекке дінді шақыруы қажет. Ф. Аквинский-
теоретикалық теологияның негізін салушы. Негізгі еңбектері: Теология
жиынтығы, Философия жиынтығы. Ол Құдайдың барына 5 дәлелді келтіреді:
1. қозғалыс: барлық заттың алғашқы қозғаушысы – құдай;
2. себеп: барлық нәрсенің бір себебі болады: ол – құдай;
3. кездейсоқтық пен қажеттілік;
4. сапа дәрежесі: заттардың сапасы әр түрлі, ең жоғарғысы құдай;
5. мақсат: қоршаған заттың белгілі бір мақсаты болады, құдай - мәңгі.
Ф. Аквинский томизм бағытының негізін қалаушы. Томизм – Ф.Аквинский іліміне
негізделген католиктік философияның бағыты.
Ортағасырлық араб – түрік философиясы
Батыс философиясында өнер мен ғылым өз дамуында белгілі бір уақыт
аралығында тоқтап қалып, христиандық дінді идеологияландыру жүріп жатса, ал
Шығыс философиясында әсіресе VІІ-Х ғасырларда араб ойшылдарының арқасында
философия мен ғылым өзінің гүлденген кезеңін бастан кешіреді. Ортағасырлық
араб-түрік философиясы деп арабтар мен Таяу және орта Шығыс халықтарының
мәдени-саяси әсерімен қалыптаса отырып, Гибралтардан Индқа дейін созылған
Араб Халифаты териториясында орналасқан, VIII-XIV ғасырдағы кезеңді
қамтитын философияны айтамыз. Ортағасырлық араб-түрік философиясы мен
мәдениеті антика мұрасын сақтай отырып, діни сипаттағы дамуды күшейтті.
Арнайы білім салаларының дамуына әл-Хорезми, әл-Бируни, Ибн- Сина, Омар
Хайям және т.б. ойшылдар өз үлесін қосты. Мұсылман әлемінің философтары мен
ғалымдары Батыстың ғылымы мен философиясының қалыптасуына дүниетанымдық
және теориялық зор ықпалын тигізді.
Ортағасырлық араб-түрік философиясын екі негізгі кезеңге бөлуге болады:
1.VІІ-ІХ - араб-түрік философиясының пайда болуы.
2.IX- XV- араб-түрік философиясының ерте грек философиясын игеру кезеңі.
Ортағасырлық араб-түрік философиясының негізгі бағыттары:
• Калам - исламдағы діни-саяси ағымдардың пайда болуымен қатар дамыған
дискуссиялар, мұсылмандардың басқа сенім өкілдерімен, христиан өкілдерімен
пікірталасы. Бұл пікірталаста құдайдың мәні, құранның негізі, құдайдың
жазуы, бостандық мәселесі қаралды. Каламда екі бағытты атап көрсетеміз:
ерте калам-мутазализм, кейінгі калам - ашаризм.
• Мутазалиттер (ерекше, айрықша) - ХІ ғасырдың бірінші жартысында гүлденген
калам мектебінің өкілдері. Олар Алладан басқа ешкімді мойындамайды, ең
құдіретті Алла. Сондай-ақ мутазализм-шийттердің идеялық ағымы болып
табылады. Мутазализмнің атақты өкілдері ал-Алляф, ан- Наззам, ал-Джахисс.
• Суффизм - исламдағы мистикалық аскеттік ағым. Адам үшін жоғарғы игілік
адамның қоршаған ортадан, барлық қызықтан бас тартуы. Өкілдерінің бірі Қожа
Ахмет Яссауи.
Ортағасырлық араб-түрік философиясы грек философиясы мен Европа
филоссофиясы - схоластика арасындағы байланыстырушы буын болып табылады.
VІІІ-ХІІ ғасырдан бастап, шығыста ғылымның дамуына жол ашылады. Алдымен
тригонометрия, алгебра, оптика, психология кейіннен, астрономия химия,
география, ботаника мен медицина дамиды. Одан кейін біртіндеп діни-
филоссофиялық бағыттар алдыға шыға бастайды. Орта ғасырлық араб-түрік
философиясының басты бағыты ислам мен мешіттің догматтарын сақтау, оны
дамыту болды. Орта ғасырлық араб-түрік философиясының басты өкілдерінің
бірі Ибн - Сина (Авиценна) (980-1037). Ол Әл-Фарабидің кейбір идеяларын
шығармашылық тұрғыда жалғастырды: эманация идеясы, ақыл-ой туралы идея т.б.
Ибн-Сина философиялық білімді екі салаға бөледі: теориялық және
практикалық. Оның ойынша, егер теориялық философия ақиқатты игеруге
ұмтылса, практикалық философия - игілікке жетуге ұмтылады. Теориялық
философияға физиканы, математиканы, ал практикалық философияға саясатты,
экономиканы жатқызады. Ал логика ғылымдардың барлығын пысықтайды, ол әлемді
тану құралы. Барлық ғылымдардың шыңы метафизика деп аталынады, ал
метафизика деп кейде теологияны, кейде философияны атайды. Қорытындылай
келгенде, Ибн-Сина өз жауаптарында мынадай идеяларға келеді: егер философия
ақыл-ой мәліметіне, дәлелге негізделген шындық туралы білім берсе, ал
теологиялық білім сенімге сүйенеді.
Әл-Фараби (870-950) Аристотельдің ізбасары болып табылады. Оның еңбектері
Герменевтика, Қайырымды қала тұрғындары, т.б. Оның көптеген идеялары
батыс европа идеяларымен философиялық концепциялардың дамуына теориялық
әсерін тигізді. Фараби ғылыми болжамға, әлемді ғылыми танып білу
мүмкіндігіне сеніп, қоғамдағы зорлық-зомбылыққа қарсы шықты. Жер бетіндегі
соғыссыз қоғам идеалын теориялық тұрғыда негіздеді.
Фусул әл-мадани еңбегінде Әл-Фараби адамдық болмыс ретіндегі мәдениетті
талдауды бірінші ұядан - отбасынан бастайды. Үйдің өзіне тән мақсаттары
болғанымен, ол қаланың құрамдас бір бөлігі болып табылады. Қалада отбасылар
келісімді, тату-тәтті өмір сүруі керек. Қала ұғымы мемлекетпен
жақындастырылады. Тағы бір мағынасында қала ұғымы әлеуметтік-мәдени топ
түсінігімен де байланысты қарастырылады. Әл-Фараби 4 түрлі қалалар бар
дейді: қайырымдылар қаласы, надандар қаласы, адасқандар қаласы, азғындар
қаласы. Бұл әлеуметтік мәдени типтер сол заманның мәдени бағдарларымен
сәйкес келеді. Рухани мәдениет бастауларын Әл-Фараби адамдарды өзара
байланыстыратын құндылықтардан - жан дүние үндестігінен, әдеміліктен,
қайырымдылықтан, бақыттан іздеді. Қайырымды қала тұрғындары ақыл-ой,
әділеттілік, теңдік, бақыт бастауларын жоғары бағалайды. Бұларға жету үшін
мәдени тәрбиенің маңызы зор. Тәрбиенің негізгі мақсаттарының бірі - білімді
қалыптастыру. Білімсіз адамгершілік молаймайды, білімсіз адам өзгелердің
ақылдылығын аңғармайды. Ғылым мен тәрбие ұштаса келе жоғары мәдениеттілікке
жол ашылады. Мәдениеттілікке тәрбиелеу мәселесін Әл-Фараби жалпы
мұсылмандық білім жүйесі - мағрипатпен үндес қарастырады. Оның басты түйіні
- мінсіз ақылды әрі жетілген адамды қалыптастыру (әл-камили әл-инсани).
Әбу-Жүсіп-әл-Кинди құдай, ақыл-ой, философия мәні, ғылымды классификациялау
мәселелеріне көп көңіл аударған. Құдай туралы мынадай анықтама береді:
құдай - түп негіз, барлық нәрсенің бастауы, ол абсолютті шексіздік және
мәңгілік. Адамның әлемді танудағы ақылдың рөлін анықтай отырып, әл-Кинди
ақыл-ойдың төрт түрін және танымның үш сатысы туралы ой айтады. Ақыл-ойдың
төрт түрі: белсенді ақыл-ой, енжар ақыл-ой, бейжай ақыл-ой, жариялаушы ақыл-
ой.
Болмыстық біртұтас принципін Ибн Араби (1165-1240) екі ғарыштық және
феноменальдық деңгейде қарастырады. Араби үшін, Болмыстың бірлігі үш
деңгейде – Абсолют ретінде, Атаулар (архетиптер) тұрғысынан, тұтас дүние
көрінісінен білінеді. Абсолютте бәрі де өздігінен, жағдайын шектемей-ақ
өмір сүреді. Болмыссыз өмір сүре алмайды. Өмір сүру бастауы туралы айтыста
спекулятивті теологиясының жаңа түрі — калам, мутакалалимдік ағым
қалыптасты. Мутакалимнің пікірталасына иудаистер, христиандар сияқты
мұсылман емес сарапшылар да қатысқан.
Мутакалимдердің ой-толғаныстары мына мәселелерге біртұтас құдайлық,
Құдайдың қалтқысыз туралығы, қылығына қарай Құдайдың мейірімділігі және
қаһары, күнә жасаған мұсылманның өтпелі күйі, мұсылманның зұлымдыққа
қарсы әрекетіндегі тыйымды бетке басу және игілік жасатар жарлықты
құптау және т.б.
Ибн Араби Болмыстың бірінші деңгейін – Абсолют, Құдай, Шындық деп атайды.
Бұл деңгей - Болмыстық біртұтас мәнді реалдылығы, абсолютті жетілгені.
Дүние болса, ол Құдайдың көлеңкесі. Құдай жалғыздықта жапа шекпеу үшін өз
атауын басқалар айту үшін дүниені жаратты.
Ибн Араби, басқа суфистер сияқты, мұндай түсініктемені киелі хадиске
(Пайғамбардың емес, Алланың өз сөзіне) сүйенгенін еске салады.
Қайта өрлеу дәуірінің философиясы
Қайта өрлеу дәуірі өнеркәсіптің, сауданың, әскери істің, яғни материалдық
өндірістің дамуымен ерекшеленеді. Сонымен қатар техника, жаратылыстану,
механика, математиканың дамуы да байқалады. Бұндай өзгерістер орта ғасырға
тән схоластикалық ойлаудың принциптерінен арылуды талап етеді. Жаңа дәуірге
ауысуға себепкер болған жаңалықтар: Американың ашылуы, астрономия жүйесінің
орнауы, өмірге, дүниеге деген адамдардың көзқарасын өзгертіп, ғылым мен
философияның әрі қарай дамуына үлкен із қалдырды. Осы дәуірдің ойшылдары
тәжірибеге сүйене отырып, қоғамды, адамдарды, табиғатты, өмірді
түсіндіргісі келді. Осы дәуірге сонымен қатар антикалық идеялардың қайта
жаңғыруы тән. Гуманизм, адамның шығармашылық дербестігі принципі, оның
өмірдегі барлық жақсылықтарды иеленуге құқығы бар сияқты идеялары кең
тарады.
Уақыт жағынан қайта өрлеу дәуірі XIVғ. аяғы мен XVIІ ғасырдың аралығын
қамтиды. Қайта өрлеу дәуірі қандай да болмасын бір ғана дәстүрге ғана
бағынудан бас тартты. Қайта өрлеу дәуірінің философиясының пайда болуының
алғышарттары:
1.Феодализмнің дағдарысы;
2.Сауда, мәдени, саяси орталықтарға айналған қалалардың өсуі;
3.Европа мемлекеттерінің орталықтануы;
4.Алғашқы парламенттің пайда болуы;
5.Ғылыми-техникалық жаңалықтар.
Қайта өрлеу дәуіріне тән ерекше белгілер:
- антропоцентризм мен гуманизм;
- шіркеу мен шіркеу идеологиясына деген оппозиция;
- қоршаған ортаны ғылыми-материалды негізде түсіну;
- әлеуметтік мәселелерге, қоғам мен мемлекетке деген үлкен қызығушылық;
- индивидуализмнің басымдылығы;
- әлеуметтік теңдік идеясының кең таралуы;
Қайта өрлеу дәуір философиясына бірнеше бағыттың болуы тән:
1.Гуманизм;
2.Неопалтонизм;
3.Натурфилософия;
4.Реформация;
5.Саяси бағыт;
6.Утопистік-социалистік.
Гуманистік бағыт XIVғ.-XVғ. орта шені, оның орталығы Италия болды. Гуманизм
бағытының негізін салушы Ф. Петрарка. Шығармалары: Өлеңдер кітабы, Менің
құпиям. Ол бірінші болып жеке бастың өзіндік санасының қалыптасуының
негізін салды. Гуманистік антропоцентризмнің басты сипаттамасы - адам басты
құндылық болып есептелінеді. Гуманистер не еретиктер, не атеистер болған
емес, керісінше олардың көпшілігі құдайға сенді, бірақ олар ең бірінші
орынға адамды қойса, одан кейін құдай туралы сөз қозғайды.
XVI ғасырдың басы рим-католиктік шіркеудің ірі дағдарысымен ерекшеленді.
Осы кезеңде шіркеудің кейбір жат қылықтарына қарсы бағытталған реформация
қозғалысы қалыптасты. Реформациялық процесстер рим шіркеуінің бөлінуіне
және протестантизмнің пайда болуына әкеліп соқты.
Николай Коперник – поляк астрономы. Әлемнің гелиоцентристік жүйесін
жасаушы. Коперник ілімі шын мәнінде революциялық іс болды, сол арқылы
табиғат зерттеу істері өзінің діннен тәуелсіз екенін паш етті. Жердің күнді
айналуы және жердің бір тәулік ішінде өз кіндігін айналып шығуы туралы
теорияны айтты.
Джордано Бруно – итальяндық философ, астроном. Негізгі еңбектері:
Себептілік бастама және біртұтастық туралы, Әлемнің және заттардың
шексіздігі туралы. Бруноның пікірінше, табиғаттан тыс ешқандай күш жоқ. Ол
кеңістікте де, уақытта да шексіз, ал қозғалыс оның өмір сүру формасы.
Табиғат өз заңдылығымен ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz