Адам құқығы. Кәмелетке толмағандардың әкімшілік жауаптылығы



1 Адам құқығы
2 Жастар неге қылмысқа әуес!?
3 Кәмелетке толмағандардың әкімшілік жауаптылығы
4 Қоғамдық тәртіпке және имандылыққа қол сұғатын әкімшілік құқық бұзушылық
Міндетті түрде заң тілімен емес өзміздің ойымызша адам құқығы деген не? Адам құқығы деген:
өзіңіздің мүдделеріңізді заң шеңберінде жүзеге асыру мүмкіндігі: Адам құқылары табиғи және әлеуметтік болып екіге бөлінеді. Табиғи құқықтар дегеніміз — адамның тіршілік етуінен туындайтын құқылары. Мысалы адам дүниеге келді қандай құқығы пайда болды? Өмір сүру! Сол сияқты тәуелсіздігі, еркін жүріп-тұруға, жеке басына тиіспеушілік т. б. Әлеуметтік құқылар дегеніміз — адамның мемл-пен өзара әрекеті процесінде пайда болатын құқықтары: оларға заңда көрсетілгендей 6 жасқа тола салысымен білім алуға, 16 жастан еңбек етуге, 18 жастан мүлік иеленуге неке құруға! Ауқатты өмір сүруге, азаматтық алуға, сотқа жүгінуге, , мүліктерді иеленуге құқықтары пайда болады екен! Ал сол адам құқықтарын қандай заңда жазылған?. Адам құқықтарының қағидалары ұлттық деңгейде Конституцияда (Қазақстан Республткасының Конституциясы, 10-39 баптар) және заң актілерінде қарастырылады.

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   
Адам құқығы деген не өзі:
Міндетті түрде заң тілімен емес өзміздің ойымызша адам құқығы деген не? Адам құқығы деген:
өзіңіздің мүдделеріңізді заң шеңберінде жүзеге асыру мүмкіндігі: Адам құқылары табиғи және әлеуметтік болып екіге бөлінеді. Табиғи құқықтар дегеніміз -- адамның тіршілік етуінен туындайтын құқылары. Мысалы адам дүниеге келді қандай құқығы пайда болды? Өмір сүру! Сол сияқты тәуелсіздігі, еркін жүріп-тұруға, жеке басына тиіспеушілік т. б. Әлеуметтік құқылар дегеніміз -- адамның мемл-пен өзара әрекеті процесінде пайда болатын құқықтары: оларға заңда көрсетілгендей 6 жасқа тола салысымен білім алуға, 16 жастан еңбек етуге, 18 жастан мүлік иеленуге неке құруға! Ауқатты өмір сүруге, азаматтық алуға, сотқа жүгінуге, , мүліктерді иеленуге құқықтары пайда болады екен! Ал сол адам құқықтарын қандай заңда жазылған?. Адам құқықтарының қағидалары ұлттық деңгейде Конституцияда (Қазақстан Республткасының Конституциясы, 10-39 баптар) және заң актілерінде қарастырылады.
Заң актілеріне мысалы
1. Азаматтық кодексі.
2. Бюджеттік кодексі.
3. Еңбек кодексі.
4. Қылмыстық кодексі
5. Ветеринария туралы Заңы.
6. Мемлекеттік мүлік туралы
7. Мемлекеттік қызмет туралы Заңы.
8. Сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы Заңы.
9. Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы Заңы.
10. Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы Заңы.
11. мемлекеттік қызметкерлердің ар-намыс кодексі.
12. Мемлекеттік сатып алу туралы
13. Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы
14. Салық кодексі
15. Су кодексі
16. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы кодексі
17. Еңбек кодексі
18. Экологиялық кодексі
19. Бюджет кодексі
20. Шетел инвестициялары туралы

Жастар неге қылмысқа әуес!?
1) Ата аналар мәселесі: А) Үйдегі назардың азайуы! Тәрбиенің бәрі отбасынан деп кеткен ата бабаларымыз! Дұрыспа дұрыс мысалы Сізге ата анаңыз тәрбие бере ма? Кеше қанша уақыт сіздің тәрбиелік жұмыстарыңызға көңіл қойды?Кез келген мысалды алсақ мысалы: автобуста үлкен кісі келсе орын беру! Дұрыспа бәрі орын бередіғо? Оны сана қалыптасып беру керек екен деген жоқ ол кішкеньай кезден кез келген барған жердегі айтылатын әңгіме Үлкенге орын бер Үлкенге орын бер деген сияқты сөздермен біз баланың миына құйып қоямыз что үлкен келсе міндетті түрде орын беру керек дегенді осының қасына Екіншкі тәрбиелік нақыл ретінде неге Біреудің баласын ұрма ештеңесін алма деп мыйға құймасқа! Сонда бала оны жадында сақтап кез келген жерде қасындағы сондай надан әрекеттерді жасауға бара жатқан достарын алып қалады! В) Ата ананың баламен ашық сөйлеспеуі! Бұл мәселені сәби дүниеге келген кезде ақ қозғау керек! Себебі ата анамен сөйлеспеген бала бала бақшадада сыныптады тіпті жұмыс орындарындада тұйық мінезді болып өседі! Бұның бір жаманы бала абайсызда бір жағдайға ұрынып қалса кез келгеннің бірінші айтатын сөзі мама папаға айтаңдар әйтпесе бізді өлтіред! Дұрысқо менімен қазір бірнеше студенттер келіседі! Мысалы іште жоқ маған көңіл бөледі дейтіндер бар шығар бірақ балам сабақ қалай болд жақсы ааа деу ол оған жатпайды менің ойымша! Г) Жәнеде бұл пунктер орындалмай бала бұзақы болып келсе ата-ана неге сіздер оған мына оқу орындарды кінәлайсыздар? Тәрбие болмаған жерде қайдан білім болсын!? Сіздерден тәрбие ал мына кісілерден ертеңгі болашақты қамтамасыз ететін білім! Болд басқа ештеңе! Білім білім білім)!
2) Теледидар мәселесі! Бұлда ата ананың назарының аз болуына әкеп соғады! Баланың кез келген уақытында немесе бос уақытында жекпе-жек қан төгіс қырғын қосып алуы! Содан ол көре келе тағы да мыйда керек емес ақпарат қалады анау ұсталмай кетті анаған ештеңе болмады давай көрейін деген сияқты ойлар!
3) Қазіргі ер балалар әлдеқашан 7-8 сыныптан бастап бірін-бірі ауыр тисе кешіріңіздер тонай бастайды екен! Байқағаным сыныптан сыныпқа өткен сайын оқушылар белгілі бір кезең кезеңмен өтіп бара жатқан сияқт! мысалы : 7 сынып: Запынка зажим деген нәрселер кетед сосын 20-50 аралығы! 8 сынып: Галстук сағат очки,50-150 аралығанда 9 сынып ұялы телефон, жарасатын сумка костюм 150-300 аралығы! 10-11 сыныптарды осыған қарап ойлауға болады! Бұл неге әкеліп соғады отбасының әлеуметтік жағдайына! Үйдегі ақшаның жоғалуына ал ол не белгі : бала кішкентайынан ұрлыққа бейімделуі !
9-тарау.
Кәмелетке толмағандардың әкімшілік жауаптылығы

72-бап. Кәмелетке толмағандардың әкiмшiлiк жауаптылығы
1. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасалған кезде он алты жасқа толған, бірақ он сегiз жасқа толмаған адамдар осы тараудың күшi қолданылатын кәмелетке толмағандар деп танылады.
2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаған кәмелетке толмағандарға тәрбиелік ықпал етудің мәжбүрлеу шаралары қолданыла отырып, әкімшілік жаза тағайындалуы мүмкін.

73-бап. Кәмелетке толмағандарға әкiмшiлiк жазалар қолданудың ерекшелiктерi
1. Кәмелетке толмаған адамға салынатын әкімшілік айыппұлдың мөлшері осы Кодекстің ерекше бөлімінің бабында көзделген айыппұл мөлшеріне қарамастан, айлық есептік көрсеткіштің бестен бір бөлігінен кем болмауға және он айлық есептік көрсеткіштен аспауға тиіс.
Айыппұл кәмелетке толмаған адамда бар мүліктің есебінен төленеді. Кәмелетке толмаған адамның айыппұл төлеуге жеткілікті мүлкі болмаған жағдайда, айыппұл ата-анасына немесе олардың орнындағы адамдарға салынады.
2. Арнаулы құқықтан айыру кәмелетке толмағандарға бір жылдан аспайтын мерзiмге қолданылуы мүмкiн.
3. Әкiмшiлiк жазалардың басқа да түрлерi (әкiмшiлiк қамауға алуды қоспағанда), сондай-ақ осы Кодекстiң 45 және 57-баптарында аталған әкiмшiлiк-құқықтық ықпал ету шаралары әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасауда кiнәлi кәмелетке толмағандарға жалпы негiздерде қолданылады.
74-бап. Кәмелетке толмаған адамға әкiмшiлiк жаза қолдану
1. Осы Кодекстiң 61 және 62-баптарында көзделген мән-жайлардан басқа, кәмелетке толмаған адамға әкiмшiлiк жаза қолданған кезде оның өмiр сүру және тәрбиелену жағдайлары, психикалық даму деңгейi, жеке басының өзге де ерекшелiктерi, сондай-ақ оған жасы үлкен адамдардың әсер етуi ескерiледi.
2. Кәмелетке толмаған жас басқа да жеңiлдететiн және ауырлататын мән-жайлармен жиынтықта жеңiлдететiн мән-жай ретiнде ескерiледi.
75-бап. Кәмелетке толмағандарды әкiмшiлiк жауаптылықтан және әкiмшiлiк жазадан босату
Әкiмшiлiк құқық бұзушылықты бірiншi рет жасаған кәмелетке толмаған адамды сот, әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi қарауға уәкiлеттi орган (лауазымды адам) оған заңдарда көзделген тәрбиелiк ықпал ету шараларын қолдана отырып, әкiмшiлiк жауаптылықтан немесе тағайындалған әкiмшiлiк жазаны орындаудан босатуы мүмкiн.
76-бап. Тәрбиелік ықпал ету шаралары
1. Кәмелетке толмаған балаға тәрбиелік ықпал етудің мынадай шаралары тағайындалуы мүмкін:
1) заңды түсіндіру;
2) ата-аналарының немесе олардың орнындағы адамдардың не мамандандырылған мемлекеттік органның қадағалауына беру;
3) келтірілген зиянның есесін толтыру міндетін жүктеу;
4) бос уақытын шектеу және кәмелетке толмаған баланың мінез-құлқына ерекше талаптар белгілеу.
2. Кәмелетке толмаған балаға бір мезгілде тәрбиелік ықпал етудің бірнеше шаралары тағайындалуы мүмкін.
3. Осы баптың бірінші бөлігінің 4) тармақшасында көзделген тәрбиелік ықпал ету шараларын қолдану мерзімі үш айға дейінгі уақытқа белгіленеді.
4. Кәмелетке толмаған бала осы баптың бірінші бөлігінің 4) тармақшасында көзделген тәрбиелік ықпалы бар мәжбүрлеу шараларын жүйелі түрде орындамаған жағдайда, мамандандырылған мемлекеттік орган, егер осы Кодекстің 703-бабының 1-тармағында белгіленген ескіру мерзімі өтпеген болса, бұл шараның күшін жою және кәмелетке толмаған баланы әкімшілік жауаптылыққа тарту мәселесін шешу үшін материалдарды сотқа ұсынады.
77-бап. Тәрбиелiк ықпал ету шараларының мазмұны
1. Заңды түсiндiру кәмелетке толмаған адамға оның әрекетiмен келтiрiлген зиянды және осы Кодексте көзделген құқық бұзушылықтарды қайталап жасаудың заңдық салдарын түсiндiруден тұрады.
2. Қадағалауға беру ата-аналарға немесе олардың орнындағы адамдарға, не мамандандырылған мемлекеттік органға кәмелетке толмаған адамға тәрбиелiк ықпал ету және оның мiнез-құлқына бақылау жасау жөніндегі мiндеттердi жүктеуден тұрады.
3. Келтiрiлген зиянды жөнге келтiру мiндетi кәмелетке толмаған адамның мүлiктiк жағдайы мен тиiстi еңбек дағдыларының болуы ескерiле отырып жүктеледi.
4. Бос уақытын шектеу және кәмелетке толмаған адамның мiнез-құлқына ерекше талаптар белгiлеу белгiлi бір орындарға баруға, бос уақытын өткізудiң белгiлi бір нысандарын, оның iшiнде көлiк құралдарын пайдалануға, тәулiктiң белгiлi бір уақытынан кейiн үйден тыс жерлерде болуға, кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның рұқсатынсыз басқа жерлерге кетуге тыйым салуды көздеуi мүмкiн. Кәмелетке толмаған адамға қатысты құқық бұзушының мінез-құлқына осы Кодекстің 59-1-бабында көзделген ерекше талаптар белгіленуі, сондай-ақ, оқуды аяқтау не кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның көмегімен жұмысқа тұру талабы қойылуы мүмкін. Бұл тiзбе осымен шектелмейдi.

78-бап. Ескіру мерзiмдерi
Осы Кодекстiң 69-бабында көзделген ескіру мерзiмдерiнiң кәмелетке толмағандарды әкiмшiлiк жауаптылықтан немесе әкiмшiлiк жазаны орындаудан босату кезiнде жартысы қысқартылады.
79-бап. Кәмелетке толмаған адам әкiмшiлiк жазаға ұшырады деп есептелетiн мерзiм
Өзiне әкiмшiлiк құқық бұзушылық үшiн әкiмшiлiк жаза қолданылған кәмелетке толмаған адам осындай жазаға әкiмшiлiк жаза қолдану туралы қаулының орындалуы аяқталған күннен бастап алты айдың iшiнде ұшырады деп есептеледi.

22-тарау. Қоғамдық тәртіпке және имандылыққа қол сұғатын әкімшілік құқық бұзушылық
330-бап. Ұсақ бұзақылық
1. Ұсақ бұзақылық, яғни қоғамдық орындарда былапыт сөйлеу, жеке тұлғаларды қорлап тиiсу, тұрғын жайларды қорлау, ортақ пайдалану орындарын, саябақтарды, скверлерді ластау, оның ішінде белгіленбеген орындарда коммуналдық қалдықтарды шығару және қоғамдық тәртiптi және жеке тұлғалардың тыныштығын бұзатын, төңiрегіндегілердi сыйламаушылықты бiлдiретiн басқа да осындай iс-әрекеттер, -
айлық есептiк көрсеткiштiң үштен онға дейінгі мөлшерiнде айыппұл салуға не он тәулiкке дейiнгi мерзiмге әкiмшiлiк қамауға алуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер, -
он бес тәулiкке дейiнгi мерзiмге әкiмшiлiк қамауға алуға әкеп соғады.
3. Осы баптың екінші бөлігінде көзделген, осы Кодекстің 55-бабының үшінші бөлігіне сәйкес өздеріне қатысты әкімшілік қамауға алу қолданылмайтын адамдар жасаған іс-әрекеттер -
айлық есептік көрсеткіштің оннан жиырмаға дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
330-1-бап. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын адамның заңды талабына бағынбау
1. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын адамның заңды талабына бағынбау, --
айлық есептік көрсеткіштің беске дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекет (әрекетсіздік),-
айлық есептік көрсеткіштің бестен онға дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға не бес тәулікке дейін әкімшілік қамауға алуға әкеп соғады
331-бап. Кәмелетке толмағандар жасаған бұзақылық
Он төрт жастан он алты жасқа дейiнгi кәмелетке толмағандар жасаған Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 257-бабының бірiншi бөлiгiнде көзделген ұсақ бұзақылық немесе бұзақылық, -
ата-аналарға немесе оларды алмастыратын адамдарға айлық есептiк көрсеткiштiң екіден беске дейінгі мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
332-бап. Елдi мекендерде атыс қаруынан ату, пиротехникалық қондырғыларды жару
1. Елдi мекендерде және бұл үшiн бөлiнбеген орындарда жеке тұлғалардың тыныштығын әрi белгiленген тәртiптi бұзатын атыс қаруы мен газды қарудан, сондай-ақ қолдан жасалған немесе соған бейiмделiп жасалған қарудан ату, -
қаруды тәркiлеп немесе онысыз, айлық есептiк көрсеткiштiң үшке дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Елдi мекендерде және бұл үшiн бөлiнбеген орындарда жеке тұлғалардың тыныштығы мен белгiленген тәртiптi бұзатын және iрi материалдық залал келтiруге әкеп соқпаған арнайы және қолдан жасалған пиротехникалық қондырғыларды жару, -
пиротехникалық құралдар мен қондырғыларды тәркiлей отырып, айлық есептiк көрсеткiштiң үшке дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Он алты жасқа дейiнгi кәмелетке толмағандар жасаған нақ сол iс-әрекеттер, -
пиротехникалық құралдарын тәркiлей отырып, ата-аналарға немесе оларды алмастыратын адамдарға ескерту жасауға не айлық есептiк көрсеткiштiң екiге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Осы баптың бірінші және екінші бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған, сол сияқты осы Кодекстің 333-бабында көзделген құқық бұзушылық үшін бір жыл ішінде әкімшілік жауаптылыққа тартылған адам жасаған іс-әрекеттер, -
айлық есептiк көрсеткiштiң онға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға немесе оннан он бес тәулiкке дейiнгi мерзiмге әкiмшiлiк қамауға алуға әкеп соғады.
333-бап. Тыныштықты бұзу
1. Жеке тұлғалардың қалыпты демалысы мен тыныштығына кедергi келтiретiн, түнгi уақытта (сағат 23-тен таңғы 6-ға дейiн) тыныштықты бұзу, оның iшiнде тұрғын үй-жайларда және олардың сыртында шұғыл қажеттілікпен байланыссыз шу шығаратын жұмыстарды жүргiзу -
ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға - екі, лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - он, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға қырық айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бір жыл iшiнде қайталап жасалған осындай iс-әрекет -
жеке тұлғаларға - бес, лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - жиырма, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға сексен айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
334-бап. Арнайы қызметтердi көрiнеу жалған шақыру
1. Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарын, полицияны, медициналық жедел жәрдемдi, авариялық қызметтердi көрiнеу жалған шақыру,-
айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған не аварияларды, өрттерді, табиғи апат зардаптарын жою кезеңінде жасалған іс-әрекеттер, -
айлық есептiк көрсеткiштiң елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Он төрт жастан он алты жасқа дейiнгi кәмелетке толмағандар жасаған, осы баптың бірiншi және екiншi бөлiктерiнде көзделген iс-әрекеттер, -
ата-аналарға немесе оларды алмастыратын адамдарға ескерту жасауға немесе айлық есептiк көрсеткiштiң онға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
334-1-бап. Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы көрінеу жалған ақпарат беру
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүргізетін органға сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы көрінеу жалған ақпарат беру -
айлық есептік көрсеткіштің жүзден екі жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға не отыз тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамауға әкеп соғады.
335-бап. Үйде жасалатын ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кәмелетке толмағандардың қылмыстылығының негізгі себептері
Әкімшілік құқық бұзушылық және әкімшілік жауаптылық
Кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауаптылығы түсінігі
Кәмелетке толмағандарды жазаны өтеуден мерзімінен бұрын- шартты түрде босату
Кәмелетке толмағандардың құқықтары
Кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауапкершілігі
Кәмелетке толмағандарға қарсы қылмыстардың түрлері
Отбасы және кәмелетке толмағандарға қарсы қылмыстардың түрлері
Әкімшілік жауаптылықтан босату институтындағы құқықтық қатынасты ізгілендіру мәселесі
Кәмелетке толмағандарға тағайындалатын жазалардың түрлері
Пәндер