Саяси және Мемлекеттік билік


Жоспары :
1 Саяси билік
2 Мемлекеттік билік
Саяси билік
Саяси билік - таптық, топтық, жеке адамның саясатта түжырымдалған өз еркін жүргізу мүмкіндігін білдіреді. Саяси билік адамзат тарихының барлық кезеңдерінде болған. Саяси билік тек мемлекеттік аппарат арқылы ғана емес, сонымен бірге партиялар, кәсіподақтар, халықаралық ұйымдар сияқты саяси жүйенің басқа элементтері арқылы да жүргізіледі.
Принциптері
Сяаси билік принциптері - легитимдік принципі, қорғау принципі, ұтымдылық принципі, сыр бермеу принципі.
Әдістері
Саяси билік әдістері - саяси билікті жүзеге асыру құралдары мен түрлері. Құқық, бедел, сендіру, дәстүр, алдап-арбау, зорлау, күштеу арқылы жүзеге асырылады.
Саяси биліктің легальдылығы
Саяси биліктің легальдылығы - басқару түрінің зандық негізі, яғни оның құқықтығының барлық тұрғындармен мойындалуы. Кейбір саяси жүйелерде билік легальды болғанымен, легитимді болмауы мүмкін. Мысалы, отар мемлекеттердегі метрополия билігі. Ал, түрғындардың басым көпшілігінің қолдауымен жүзеге асқан революциялық төңкерістен кейінгі жағдайда билік легитимді, бірақ легальды емес.
Саяси биліктің легитимділігі
Саяси биліктің легитимділігі - халықтың келісіміне негізделген әрі заңмен, ережелермен, дәстүрмен анықталған билік сапасы. Легитимдік дегеніміз - халықтың үстемдік етіп отырған саяси билікті қолдауы, оның заңдылығы мен шешімдерін растауы.
Демократиялық жағдайда мемлекеттік билік легитимді болуы үшін келесі екі шарт орындалуы қажет:
1) ол халықтың қалауы бойынша қалыптасуы және көпшіліктің еркіне қарай орындалуы керек;
2) мемлекеттік билік конституциялық қағидаларға сәйкес жүзеге асырылуы керек.
Немістің көрнекті ғалымы М. Вебер билік басына келудегі легитимдіктің мінсіз түрлері ретінде үш үлгісін көрсеткен:
1) әдет-ғүрыптық легитимдік. Ол сонау ерте заманнан бастап халықтың санасына сіңген салт-дәстүрге сүйенеді;
2) харизматикалық легитимдік. Мүнда өзінің ерекше батырлығымен, адалдығымен немесе басқа үлгілі қабілет-қасиеттерімен көзге түскен адамды басшы ету;
3) ақыл-парасаттың, құқықтың легитимдігі. Саяси билік қазіргі саяси құрылым орнатқан құқықтық ережелерге, тәртіптің ақыл-ойға сыйымдылығына негізделеді.
Саяси биліктің маңызды қырлары
Саяси биліктің маңызды қырлары:
адамдарды нақты іс-әрекетке ояту қабілеті, үстемдік етуші субъектілер мүдделері мен мақсаттары негізінде әрекеттер жасату;
адамдардың билікке тиімсіз іс-әрекеттерінің алдын алу қабілеті;
нақты күштердің үстемдігін көрінбеген жағдайдың өзінде жүзеге асыру мүмкіндігі;
түтастығы, барлық жерде мәжбүрлеу түрінде өмір сүру қабілеті. Мүндай мәжбүрлеу жеке үстемдік ретінде қабылданбайды.
Саяси билік ресурстары
Саяси билік ресурстары - субъекті мақсатына сәйкес билік объектісіне ықпал етуді қамтамасыз ететін барлық құралдар. Олар: экономикалық, әлеуметтік, ақпараттық, күштеу, демографиялық.
Экономикалық - қоғамдық және жеке өндіріске және пайдалануға қажетті материалдық құндылықтар, ақша, пайдалы қазбалар, техника, т. б.
Әлеуметтік - әлеуметтік құрылымдағы орынды, әлеуметтік мәртебені жоғарылату немесе төмендету қабілеттілігі.
Ақпараттық - білім мен ақпарат, сонымен бірге оларды алу және тарату: ғылым және білім институттары, БАҚ, т. б.
Күштеу - бүл қару, күшті қолдану аппараты, осы мақсатта арнайы дайындалған адамдар тобы. Мемлекетте оның ядросын әскер, полиция, қауіпсіздік органдары, сот, прокуратура құрайды.
Демографиялық - адамның өзі басқа ресурстарды құрушы әмбебап ресурс ретінде қызмет етеді.
Саяси билік субъектілері
Саяси билік субъектілері - іс-әрекетті жасаушы, объекті өзгертуші жеке адам, әлеуметтік топ, тап, партия, мемлекетті айтады. Саяси билікті жүзеге асыру үшін арнайы ұйымдар мен ме- кемелер құрылып, субъект оларға өкілдік береді. Олар билікті қолданушы, қорғаушы, "иелік етуші" болып есептеледі. Басқа сөзбен айтқанда, субъект билікті "иелік етушілер" арқылы жүргізеді.
Мемлекеттік билік
Мемлекеттік билік - тікелей мемлекеттің өзі жүргізетін немесе өзінің атынан жүргізуге өкілеттілік беріп, өз жәрдемімен өзге бір ұйым, мекеме арқылы жүргізетін қоғамдық биліктің бір түрі, мемлекеттік басқару органдарының жиынтығы. Мемлекеттік билік өз қырын өзгелерге тану үшін мәжбүрлеу күштеріне арқа сүйейді. Мәжбүрлеу жоқ жерде Мемлекеттік билік те жоқ, мәжбүрлеу тек тарихи жағдайға және билік болмысына қарай басқа мазмұнда, әр түрлі нысанда көрініс береді. Сондай-ақ, Мемлекеттік билік қатынастары ырық жүргізу сипатында болады және өз құрылысына орай үстемдік пен бағыныштылық әрі жетекшілік пен мойынұсынушылықтан құрылады. Ол қызметіне қарай
- заң шығарушы;
- атқарушы;
- сот билігі
болып бөлінеді. Билік объектісі мен субъектісінің қарым- қатынасына қарай
- авторитарлық;
- тоталитарлық;
- демократиялық
болып бөлінеді. Басқа қоғамдық билік түрлерінен ажыратуға негіз болатын Мемлекеттік биліктің белгілері мыналар:
- пәрменінің бүкіл қоғамға жүруі,
- пәрменінің бүкіл қоғамға жүруі,
- жария-саяси сипатта жүруі,
мемлекеттік мәжбүрлеуге сүйенуі және арнайы адамдар - мемлекеттік қызметкерлер арқылы жүзеге асырылуы
Пайдаланған әдебиет
1 Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Әлеуметтану және саясаттану бойынша / Жалпы редакциясын басқарған э. ғ. д., профессор Е. Арын - Павлодар: «ЭКО» ҒӨФ. 2006. - 569 б.
2 Саяси түсіндірме сөздік. - Алматы, 2007.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz