Сот шешіміне шағымдану немесе наразылық келтіру


Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

ҚРАІЖК-нің 6, 218 бабтарының талабына сәйкес, сот шешімі заңды болуға тиіс, яғни іс бойынша қолдануға жататын материалдық құқық нормаларына сәйкес және іс жүргізу құқықтық нормаларын сақтай отырып сот шешімі шығарылуы қажет.

  • Сот шешімі негізді болуға тиіс, яғни сот отырысында жан-жақты және толық зерттелген дәлелдемелерге, істі мәні бойынша шешу үшін барлық мән-жайларға негізделген шешім.

Сот шешімі күшіне енгенге дейін ешкімде істі соттан сұрап ала алмайды шешім заңды күшіне енгеннен кейін істі заңмен қарсылық білдіруге уәкілетті адам ғана қадағалау тәртібімен сұрап ала алады.

Сот түпкілікті шешім шығарған күннен бастап 15 (он бес) күн өтпеннен кейін заңды күшіне енеді, егер ҚРАІЖК-нің 235 бабының 1 бөлігі, 334 бабының 3 бөлігіне сай Апеляциялық тәртіппен шағым немесе наразылық білдірген жағдайда, егер шешімнің күші жойылмаған болса, ҚРАІЖК-нің 235 бабының 3 бөлігі, 368 бабының негізінде апеляциялық сатыдағы сот қаулы шығарған күні заңды күшіне енеді.

Сот қабылдаған шешім тек мемлекеттік өкілетті органдары, лауазымды адамдар мен барлық азаматтар үшін ғана емес, соттың өзі үшінде міндетті түрде орындалуы тиіс.

Сот шешімін қасақана орындамағаны немесе оны орындауға кедергі келтіргені үшін қылмыстық жауаптылық көзделген

Сот шешіміне шағымдану немесе наразылық келтіру

Қазақстан Республикасы Жоғарғы сотының шешімдерінен басқа, бірінші сатыдағы сот шешіміне апелляциялық тәртіппен шағым немесе наразылық келтірілуі мүмкін.

Қазақстан РеспубликасыАзаматтық іс жүргізу кодексінің 332 бабының 1 бөліміне сәйкес заңды күшіне енбеген сот шешімімдеріне аппеляциялық тәртіппен шағым жасалуы, наразылық берілуі мүмкін.

Осы кодекстің 334 бабының 1 бөлімінде көрсетілгендей шағымдар, наразылықтар шешім, қаулы шығарған сот арқылы беріледі. Тікелей аппеляциялық сатыларға келіп түскен шағымдар, наразылықтар осы бабтың 2 бөлігінде және осы кодекстің 338 - бабында көрсетілген талаптарды орындау үшін шешім шығарылған сотқа жіберілуге тиіс, Бұл баптардың талабы бойынша шағымдар, наразылықтар іске қатысушы тұлғалардың санына қарай көшірмелермен қоса сотқа беріледі. Қажет болған жағдайларда судья апелляциялық шағымды немесе наразылықты берген тұлғаны апелляциялық шағымға немесе наразылыққа қоса тіркелген жазбаша айғақтардың іске қатысушы тұлғалардың санына қарай көшірмелерін беруге міндеттей алады.

Шағымның, наразылықтың және оған қоса тiркелген жазбаша дәлелдемелердiң көшiрмелерiн келесi күннен кешiктiрмей iске қатысушы адамдарға жiберуді судья талап етеді.

Судья шағымдануға, наразылық келтіруге белгіленген мерзім өткеннен кейін істі аппеляциялық сатыға жіберуге міндетті.

ҚРАІЖК-нің 335 бабында Апелляциялық шағымның немесе наразылықтың мазмұны көрсетілген.

1) шағым немесе наразылық жолданатын соттың атауы;

2) шағым жасайтын немесе наразылық келтіретін тұлғаның атауы;

3) шағым жасалатын немесе наразылық келтірілетін шешім және сол шешімді шығарған соттың атауы;

4) істі қараудың дұрыс еместігі неде екендігін көрсету;

5) заңдарға, өзге де нормативтік құқықтық актілерге және материалдарына сілтеме жасай отырып, шешімнің заңсыздығы немесе негізсіздігі неде екендігінің негіздемесі;

6) шағым жасайтын немесе наразылық келтіретін тұлғаның шағымды немесе наразылықты толық немесе бөлігінде келтіретінін және қандай өзгерістер енгізуді талап ететіндігін көрсету;

7) шағымға немесе наразылыққа қоса тіркелген құжаттардың тізімі;

8) шағымды, наразылықты беру күні және шағым, наразылық беретін адамның қолы болуы тиіс. Өкіл берген шағымға сенімхат немесе іске осындай өкілеттік болмаса, өкілдің өкілеттігін растайтын өзге де құжат қоса тіркелуге тиіс.

  • Апелляциялық шағымда немесе наразылықта айғақтарына апелляциялық шағым немесе наразылық бойынша дау айтылатын куәларды шақыру туралы өтініштің де болуы мүмкін.
  • Апелляциялық шағым, наразылық беретін тұлғаның бірінші сатыдағы сотқа табыс етілмеген жаңа айғақтарға сілтеме жасауына тек шағымында олардың бірінші сатыдағы сотқа оларды табыс етуге мүмкіндігі болмауы негізделген жағдайда ғана жол беріледі.

ҚРАІЖК-нің 336 бабының талабына сай осы кодекстің 334 бабының екінші бөлімінде және 335 бабында көзделген талаптарға сәйкес келмейтін апелляциялық шағым немесе наразылық берілген кезде судья ұйғарым шығарады, сол арқылы шағымды немесенаразылықты қозғалыссыз қалдырады.

Шағым немесе наразылық берген адамға кемшіліктерді түзетуге мерзім тағайындайды.

Егер шағым немесе наразылық берген тұлға белгiленген мерзiмде қаулыдағы нұсқауларды орындаса, шағым немесе наразылық сотқа алғашқы табыс етiлген күнiнде берiлген болып есептеледi.

Апелляциялық шағымды немесе наразылықты қозғалыссыз қалдыру туралы бiрiншi сатыдағы соттың қаулысына жеке шағым, наразылық берiлуi мүмкiн.

ҚРАІЖК-нің 337 бабының талабына сай апелляциялық шағым немесе наразылық судьяның ұйғарымымен оларды берген тұлғаға мына жағдайларда қайтарылады:

- Шағымды, наразылықты қозғалыссыз қалдыру туралы судьяның ұйғарылудағы нұсқаулары белгiленген мерзiмде орындалмағанда;
- Шағымды немесе наразылықты берген (келтiрген) тұлғаның өтiнiшi бойынша;
- Егер шағымдану немесе наразылық келтiру мерзiмi өтiп кетсе және шағымда немесе наразылықта оны қалпына келтiру туралы өтiнiм болмаса немесе оны қалпына келтiруден бас тартылған жағдайда;
- Егер шағымды немесе наразылықты апелляциялық шағым немесе наразылық беруге (келтiруге) құқығы жоқ тұлға берсе (келтiрсе) қайтарылады.

Апелляциялық сатыдағы сот заңды күшіне енбеген бірінші сатыдағы сот шешімдеріне апелляциялық шағым мен наразылықты қарайтын екінші сатыдағы, жоғары тұрған сот. Апелляциялық сатыдағы сотта істер, бірінші сатыдағы сотта істер қарау ережесі бойынша АІЖК-нің ерекшеліктерімен қаралады.

Апелляция - бірқатар мемлекеттерде (қылмыстық және азаматтық істер бойынша) сот қаулысына шағымданудың бір нысаны, тараптардың шағымдары бойынша және шағымда көзделген талап шегінде істі мәні бойынша қарайтын екінші сатыдағы сот.

Апелляция ұғымының екі мағынасы бар: істі қараған теменгі сот қаулысын қайта қарату мақсатында жоғары тұрган сотқа жүгіну; жоғары тұрған сотқа шағымдану - төменгі тұрған соттың әділетсіз каулысын өзгерту немесе күшін жою туралы дәлелді өтініш.

Сот шешіміне жазбаша нысанда апелляциялық шағым мен наразылық берілуі мүмкін.

Сот шешіміне апелляциялық шағым беру құқығы іске қатысушы тараптар мен басқа да тұлғаларға тиесілі екені ҚРАІЖК -нің 332 бабының 2 бөлігінде айтылған.

Сот шешіміне аппеляциялық наразылық келтіру істі қарауға қатысқан прокурорға тиесілі.

Жалпы ереже бойынша қазақстан республикасының бас прокуроры мен орынбасары, облыстық прокурорлармен оған теңестірілген прокурорлар, олардың орынбасарлар, аудандық прокурорлармен оған теңестірілген прокурорлар, олардың орынбасарлары өздерінің құзіреті шегінде істі қарауға құқылы екені ҚРАІЖК-нің 392 бабының 3 бөлігінде көрсетілген. Осы бабтың 4 бөлігі негізінде Iске қатысуға тартылмаған, бiрақ сот құқықтары мен мiндеттерi жөнiнде шешiм қабылдаған тұлғалар да (мысалы үшінші тұлғалар) апелляциялық шағым беруге құқылы.

Апелляциялық шағымдар, наразылықтар шешім, қаулы шығарған сот арқылы іске қатысушы тұлғалардың санына қарай көшірмелермен қоса беріледі.

ҚРАІЖК-нің 334 бабының 3 бөлігіне сәйкес апелляциялық шағым немесе наразылық, бірінші сатыдағы сот түпкiлiктi түрде шешiм шығарғаннан кейiн 15 (он бес) күн iшiнде берiлуi мүмкiн. Себебі осы мерзім өткеннен кейін бірінші сатыдағы сот шешімі заңды күшіне енеді.

Қазақстан Республикасы Жоғарғы сотының істі бірінші сатыдағы сот ретінде қараған кезде шығарған қаулылары аппеляциялық тәртіппен шағымдануға, наразылық келтіруге жатпайды және олар жария етілген күннен бастап күшіне енеді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сот қаулыларына апелляциялық шағымданудың қағидалары
Апелляциялық шағым наразылық беру
Апелляциялық сатыдағы сотта істі қараудың екінші бөлімі - апелляциялық шағымды немесе наразылықты қарау
Апелляциялық сатыдағы соттың апелляциялық шағымды, ұсынымды қарау кезіндегі құқықтары
Апелляциялық сатыда іс жүргізу
Апелляциялық іс жүргізудің мәні, маңызы
Аппеляциялық іс жүргізу
Апелляциялық шағымдану
АППЕЛЯІЩЯЛЫК 1C ЖҮРГІЗУ
Аппеляциялык шағым беру, наразылык білдіру кұқығы және тәртібі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz