Бағалы қағаздар нарығы және оның құрылымы


КІРІСПЕ . . . . . . 3
1 Бөлім: БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАР НАРЫҒЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ…. 5
1. 1. Құнды қағаздар нарығының мәні…… . . . . . ………. 5
1. 2. Құнды қағаздар нарығының объектілері …… . . . …. 12
1. 3. Құнды қағаздар нарығының субъектілері . . . 28
2 Бөлім: БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАР НАРЫҒЫНА ТАЛДАУ . . . …. . 32
2. 1. Мемлекеттік құнды қағаздар нарығы: мәні және қазіргі жағдайы . . . 32
2. 2. Корпоративті құнды қағаздар нарығы: мәні және қазіргі жағдайы …… . . . . . ……… . . . ………. 40
2. 3. Бағалы қағаздардың қаржылық талдауы . . .
3 Бөлім: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАР НАРЫҒЫНЫҢ ЖЕТКЕН НӘТИЖЕЛЕРІ МЕН ДАМЫТУ ЖОЛДАРЫ . . . 46
3. 1. KASE-тің 2009 жылғы қызметінің қорытындысы жəне
2010 жылы атқарылатын жұмыстардың негізгі бағыттары . . . 46
3. 2. Құнды қағаздар нарығының инфрақұрылымы . . .
3. 3. Бағалы қағаздар нарығының даму болашағы
мен дамыту жолдары. 62
ҚОРЫТЫНДЫ
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
КІРІСПЕ
Республикамыздың қаржы секторы экономиканың ең жоғары қарқынмен дамып жатқан саланың бірі болып саналады. Елдегi нарықтық өзгерiстердің дамыумен қаржы нарығының әсерiнің маңыздылығы және салалары кеңидi, бұл салалар экономиканың субъекттерiнiң ұсыныс пен сұраныстың сәйкес капитал ағындарын тиiмдi қайта бөлуін қамтамасыз ететiн ең негiзгi нарықтық тетiгіне айнала бастады.
Бағалы қағаздар нарығы елдiң экономикасын дамытудың басым бағыттарының бiрі болып табылады. Нарықтық экономика жағдайында есепке алудың ең маңызды объектiсі - қаржы инвестициялары болып табылады, яғни инвестордың бағалы қаздарды сатып алуға кеткен шығыны, кәсіпорындағы үлестік қатысуы, қарыз міндеттемелері арқылы кәсіпорындарға заемдер беру. Бағалы қағаздар иесі қаржы инвестицияларды жүзеге асыру кезнде тек бір ғана мақсатты көздейді - табыс алу, капиталды көбейту ең болмаса оның бұрыңғы деңгейінде сақтау, ал бұл инфляция жағдайында өзекті мәселе болып саналады.
Қор нарығының рөлі қаржы нарығының жалпы құрылымында маңызы өте зор. Ортақ қаржы нарығының құрама бөлiгi ретiнде бағалы қағаздар нарығы жалпы экономиканың дамуына түбегейлi ықпал етіп экономикаға инвестиция салуына негiзгi инфрақұрылым элементтерiнің бiрі болады.
Қор нарығы сияқты капиталды үлкейтудің тиiмдi тетiктiң бар болуы, инвестицияларды тарту тиiмдiлiгін сан ретке көбейтеді, сонымен бірге экономиканың инвестициялық мүмкiндiктерiн үлкейтеді.
Бағалы қағаздар нарығы кез келген елдiң қаржы нарығының құрама бөлiгi болып табылады. Халық шаруашылығының саласы, жаңа технологияны енгiзу, жұмыс iстейтiн өндiрiстiң жаңа құрылыс немесе жаңғыртуы, қандай болмасын игеру нақты капиталды бiр моменттi салуды талап ететiндiгiнен, бағалы қағаздар нарығы бүкіл әлемде, барлық елдiң экономикасын дамытуының маңызды факторы болып табылады. Бағалы қағаздар нарығының құралы ретінде бағалы қағаздар болып табылады. Бағалы қағаздар нарығы қаржы жүйесiнiң құрама бөлiгi бола тұра, капиталды және борыш құралдарын қайта бөлу арқылы өте қолайлы жұмыс салаларын құруын қамтамасыз етедi, бәсекелестікті дамытады және инвестициялардың тиiмдiлiгiнiң жоғарлауына мүмкiндiк туғызады.
Көрсетiлген қарыз капиталы, бағалы қағаздар нарығы, валюталық нарық және алтын нарығы деген төрт бөлiктен тұратын қаржы нарығының сегменттерiнiң дамуы, елдiң экономикалық дамуына тәуелдi болады. Мемлекетіміз нарықтық қатынастарға көшпегенше дейін бағалы қағаздар нарығы дамымаған болатын. Соңғы кездерге дейiн меншiктi капитал жеткiлiксiз болған кезде ақша қаражаттарын ұзақ мерзімді, сол сияқты қысқа мерзiмдi несиелердің негiзiнде тартуы болды. Бірақ несие саясатының қаталдандыруы банктiк мекемелердiң қарыз беруі туралы талаптарының жоғарылатуында көрініс тапты, ал бұл несиелердің қолдану аясын тарылтты. Қазіргі таңда қосымша ақша қаражаттарын тартудың негізгі көзі болып бағалы қағаздарды шығару болып табылады.
Қазақстан Республакасының нарықтық экономикаға өткеннен кейін бағалы қағаздар нырығын дамыту шараларын жүргізу үшін көптеген реформалық саясаттар жүргізілді. Барлық бағалы қағаздардың түрлері ішінде ең жақсы өтімділік қабілетіне мемлекеттік құнды қағаздар және акция мен облигация нарықтары ие. Ал туынды бағалы қағаздарға сұраныс әлде қайда төмен. Менің ойымша ҚР-да бағалы қағаздар нарығының дамуына үлкен кедергі болып, инвесторларды қорғау туралы тиімді жүйесінің жоқтығымен бірге халықтың экономикалық белгісіздігі болып табылады.
Қазақстанда бағалы қағаздар нарығын дамыту бойынша екі бағдарлама іске асырылғанына байланысты, бағалы қағаздар нарығының негізгі субъектілерінің сапасын объективті түрде бағалап, болашақта қызмет етуінің перспективасын анықтау қажет.
Еліміз ақша-несиелік реттеу және қаржы саясаты аумағында атқарылып жатқан жұмыстар арқасында ақша-несиелік саясатты құрастыру мерзімі бойынша көптеген ТМД елдерінен озып кеткенін айта кетуі жөн деп ойлаймын. Жеке тоқталсақ, Қазақстан ТМД елдері арасында: Зейнетақы реформасы, банктік салымдардың кепілдік жүйесі, Ұлттық банк арқылы Әлем банкіне қарызды ұзақ мерзімде қайтару, Ұлттық қорды қалыптастыру және т. б. шараларды бірінші болып енгізді. Мемлекет және шаруашылық субъекттер қаржыны басқарудың қазіргі әдістерді белсенді түрде пайдаланып, құнды қағаздарды (еврооблигациялар, депозитарлық қолхаттар) шетел нарықтарына шығарады, қайта сақтандыру мен тәуекелдерді хеджерлеу механизмдерін қолданады.
Осылардың бәрін ескере отырып, сауатты ақша-несиелік және қаржы саясатына тірелген "2030 ж. Бағдарламалары" нақты сипатқа ие болуын болжауға болады.
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Бағалы қағаз нарығы қаржы нарығының негізгі құрамдас бөлігіне жатқызылады. Бағалы қағаз нарығын дамыту елдің басыңқы бағыттарының бірі ретінде тануы қазіргі уақытта осы нарыққа деген ғалымдардың, экономистердің аса көңіл аударуына септігін тигізді.
Қаржы нарығының жаһандануы және әлемде бәсекелестік артықшылықта болу елдегі бағалы қағаздар нарығына әсерін береді. Әлемдік қаржы нарықтарының дамуы, ең алдымен дамыған бағалы қағаздар нарығымен сипат алады. Макро деңгеймен қатар, бағалы қағаздар нарығы микро деңгейде де үлесі зор. Ең алдымен, бағалы қағаздар нарығында қаржылық ресурстар шоғырлануын атауға болады. Қаржылық ресурстар меншіктік, қарыздық және тартылған жіктелімі бар. Олардың арасындағы бәсекелестіктің болуы дамыған нарықтың бірден-бір факторы. Себебі, нарық субъектілері үшін қаржылық ресурстардың жедел, әрі арзан құралды қолдануы негізгі мақсаттарына айналды.
ҚР қаржы нарығы негізінен банктік саладан тұрады. Банктік мекемелер өнімдері мен қызметтерінің жыл сайын дамуы бағалы қағаздар нарығының бәсекелеске түсуіне кедергі келтіреді. Ал, қаржылық ресурстардың тек банктік салада шоғырлануы, нарықтың барлық қатысушыларына кері әсерін тигізеді. Еліміз егемендігін алғаннан бастап бағалы қағаздар нарығы қалыптасты. Бағалы қағаздар нарығының, соның ішінде қор нарығының қалыптасу уақыты аз емес. Осы аралықта ұлттық бағалы қағаздар нарығының қалыптасу ерекшелігі, дамыған мемлекеттердің қолданған тәжірибесін енгізуімен сипат алады. Алайда, соған қарамастан ұлттық нарықтағы біршама қайшылықтардың салдарынан бағалы қағаздар нарығының жете дамымауы көрініс алады.
ҚР Президентінің кезекті жолдауында ұлттық бағалы қағаздар нарығын дамыту бағыттары мен міндеттері айқындалды. Соған қарамастан, бағалы қағаздар нарығының дамуын тежейтін факторлардың болуы тұтастай қаржы нарығының даму серпініне әсер ете алмайды.
Жоғарыдағы факторларды ескере отырып, бағалы қағаздар нарығы, оның мәселелері жөніндегі зерттеулердің қажеттілігі, таңдалған тақырыптың өзектілігін сипаттайды.
Зерттеудің мақсаты ретінде Қазақстан Республикасы бағалы қағаздар нарығының теориялық-әдістемелік және тәжірибелік жақтарын зерттей отырып, бағалы қағаздар нарығының даму бағыттарын анықтау болып табылады. Аталған мақсатқа жету барысында зерттеудің алдында келесідей міндеттер анықталған:
- бағалы қағаздар нарығының теориялық пен тәжірибелік мазмұнын қарастыру;
- әлемдік және ұлттық бағалы қағаздар нарықтарының үлгілерін, оны құрушы факторларды зерттеу;
- бағалы қағаздар нарығының дамуы жағдайында Қазақстанда мемлекеттік реттеудің сипатын айқындау;
- ҚР эмиссиялық бағалы қағаздар нарығының жағдайына талдау жүргізу;
- ҚР бағалы қағаздар нарығындағы қатысушылардың өзара байланысының механизмін және олардың қызметіне бағалау жүргізу;
- бағалы қағаздар нарығының даму бағыттары бойынша ұсыныстар беру.
Диплом жұмысының пәні ретінде ҚР бағалы қағаздар нарығындағы мемлекеттік органдар мен бағалы қағаздар нарығы қатысушылардың арасындағы экономикалық қатынастары алынады.
Зерттеу объектісі болып Қазақстан Республикасындағы бағалы қағаздар нарығы саналады.
Менің диплом жұмысым: кіріспе, негізгі бөлім, қорытынды және қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Негізгі бөлім үш тараудан тұрады. Бірінші тарауда құнды қағаздар нарығының құрылымы туралы жазылған, атап айтқанда мәні мен қалыптасуы, сонымен бірге қор нарығының объектілері мен субъектілері. Екінші тарауда бағалы қағаздар нарығына талдау жасалған. Үшінші тарау Қазақстан құнды қағаздар нарығының жеткен нәтижелері, даму перспективалары мен оны дамыту жолдары анықталған.
1 БӨЛІМ. БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАР НАРЫҒЫНЫҢ МӘНІ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ
- Құнды қағаздар нарығының мәні.
Қазақстан қаржы нарығы әлі де даму кезеңінде. Оның тиімді жұмыс жасауы және экономикадағы өзгерістердің нақты бейнесін көрсететін құралдарының бірі болып бағалы қағаздар нарығы және оның құрамдас бөлігі, яғни мемлекеттік бағалы қағаздар, нарықтың инфрақұрылымы және мамандандырылған инвестициялық институттар болып табылады.
Бағалы қағаздар нарығы (немесе Капитал нарығы ағыл. Capital market) - құрамына бағалы қағаздар, туынды қаржы құралдары және т. б. жататын қаржы құралдарын сату-сатып алу операцияларын жүзеге асыратын қаржы нарығының құрамдас бөлігі.
Бағалы қағаздар нарығы (қор нарығы) қаржы нарығының ең маңызды сегменті бола тұра, - эмитенттерге инвесторлардың ақша қаражаттарын тартуға мүмкіндік беретін, ал инвесторларға ақша қаражаттарын бағалы қағаздарға салу арқылы көбейту механизмі болып табылады. Бұл нарықта эмиссия - сатып алу - бағалы қағазды сату операциялар жүргізіледі. Түптеп келгенде, бағалы қағаз саудасынан эмитентке сауда-саттыққа араласқан басқаларға да түсер пайда көп. Тұтас алғанда бұл экономиканы көтерудің бір жолы өйткені, бағалы қағаздан түскен қаржыны көзін тауып, өндіріске жұмсай білсе, бұдан бүкіл Қазақстан ұтады, жұмыссыздық саны азайып, халықтың тұрмыс жағдайы да жақсара түспек. Бағалы қағаз саудасы биржа қоры аркылы жүргізіледі оның, құнды қағаз жөніндегі Ұлттық комиссия бекіткен өз талаптары бар. Ол талаптар биржа аралық қатынастың сенімділігіне, қаржы мәселесіне тіреледі. Биржа арқылы құнды қағазын өткізген әрбір кәсіпорын көпшілік хабардар болып отыруы үшін, өзінің қаржы жағдайын экономикалық ахуалы, басқарма органдары, алдағы жоспары хақында ақпарат беріп тұруға міндетті. Бағалы қағаздарға жататындар: компаниялардың акциялары және адамдардың облигациялары, мемлекеттік облигациялар, банктердің сертификаттары, казначейлік вексельдер.
Қазақстанның бағалы қағаздар нарығы 18 жылға жуық қызмет атқарып жатыр. Оның алғашқы элементтері 1991 жылы ССРО-ның заңнамалық базасында акционерлік қоғам, брокерлік фирмалар, қор биржалары құрылған кездерінде пайда болды.
Кесте 1 - Қазақстанның республикасының экономикасындағы қаржы нарығының рөлін сипаттайтын негiзгi көрсеткiштер 1
Бағалы қағаздар нарығы түрлерінің классификациясы бағалы қағаздар класификацияларымен көп ұқсастықтары бар:
- халықаралық және ұлттық бағалы қағаздар нарығы
- ұлттық және жергілікті бағалы қағаздар нарығы
- нақты нарықтардың бағалы қағаздар түрлері (акция және облигация)
- бастапқы және туынды бағалы қағаздар нарығы
Аталған капитал салымдар нарығы арасындағы қаражат қозғалысы көп факторларға байланысты болады, олардың негізгілері болып:
- табыстылық деңгейі;
- нарықтың салық салу шарттары
- капиталды жоғалту немесе күтілген табысты алмау тәуекел деңгейі
- инвесторға арналған ыңғайлықтар және нарықтың ұйымдастырылуы, нарыққа тез кіру және шығу мүмкіндіктері, ақпаратты тез жеткізу деңгейі.
Бағалы қағаздар нарығының функциялары:
- коммерциялық функция, яғни берілген нарықта операциялардың нәтижесінде табыс алу функциясы;
- бағалық функция, яғни нарықтық бағаны құру процесін жасайды, олардың тұрақты қозғалысын қамтамасыз етеді;
- ақпараттық функция, яғни нарық сауда объекттерi және оның қатысушылары туралы нарықтық мәлiметтерді өз қатысушыларына дейiн өндiрiп алып жеткiзедi;
- реттеу функциясы, яғни нарық сауда ережелерін және онда қатысу ережелерін құрайды, қатысушылар арасында дауларды шешу тәртіптерін және қадағалау органдарды бекітеді;
Басқа нарықтардан айырмашылық тудыратын озіндік функциялары:
- бағалық және қаржылық тәуекелдерді сақтандыру функциялары;
- ақша қаражаттарын салалар арасында және нарық қызметтерінің әр түрлі сфераларына қайта бөлу;
- халықтың жинақтарын өндірістік емес формадан өндірістік формаға аудару
- мемлекеттік бюджеттің дефицитін инфляциялық емес негізінде қаржыландыру, яғни айналымға қосымша ақша қаражаттарын шығармау.
Бағалы қағаздар нарығын келесі белгілер бойынша бөлуге болады - бастапқы және туынды, ұйымдастырылған және ұйымдастырылмаған.
Бастапқы бағалы қағаздар нарығын2, бағалы қағазды шығару және орналастыру кезінде бір жағынан эмитенттің немесе оның тапсырысымен андеррайтердің, әлде эмиссиялық консорциумнің және екінші жағынан инвесторлардың қатынастары ретінде сипаттауға болады. Бастпақы бағалы қағаздар нарығы - бұл бағалы қағаздың эмитенттен бастап бірінші сатып алушыға дейіңгі өтіп жатқан экономикалық кеңістік. Бұл кеңістіктің экономикалық деп аталуы эмитент және инвестордың қатысы болғандықтан ғана емес, сонымен қатар ол ұтымды ұйымдастырылған болып саналады, осы кеңістіктің шегінде белгілі экономикалық есепті іске асыру кезінде эмитент өзіне керекті капиталды алу мүмкіндігі бар. Бірінші сатып алушыдан соңғы сатып алушыға бағалы қағаздың бұдан былайғы қозғалысы эмитентке табыс алып келе алмайды.
Туынды бағалы қағаздар3 - бағалы қағаздар нарығының субъектілері арасында, орналасқан бағалы қағаздардың айналымы процессінде пайда болған құқықтық қарым қатынас. Эмитенттен сатып алған бағалы қағаздың бірінші иесі акцияларын сатқаннан кейін бағалы қағаздар осы айналыс өрісіне түседі. Бұл нарық келесідей болу мүмкін:
- ұйымдастырылған4 - бұл эмиссиялық бағалы қағаздар немесе басқа да қаржы инструменттердің айналым сферасы, мұнда мәмілелерді жасайтын қатысушыларына арналған, сауданы ұйымдастырушылармен (қор биржасы) бекітілген процедуралармен және ішкі құжаттарға сәйкес шарттармен, реттелетін нарықтың бір түрі.
Қор биржасы - ғылыми, ақпараттық және техникалық ұйымдастырылған, сонымен қатар белгілі бір қағидалар негізінде жұмыс істейтін бағалы қағаздар нарығы. Бұл қағидалар төмендегілерден тұрады:
- сатылатын бағалы қағаздардың сапасын тексеру және сенімділігін тексеру;
- бір эмитенттің бірдей бағалы қағаздарына аукцион саудасы негізінде біртұтас курсты анықтау;
- биржада орындалатын операциялардың жариялылығы.
1992 жылдың биржалық даму үдерісі кезінде массалық биржа құру сипатынан кейін биржалық сауда біршама тоқтатыла бастады. Өздеріне биржалық статусты иемденген ұйымдар, заңнамалық регламенттерінің қызметтері бойынша мемлекеттік стандарттарға сай келмей сауда үйлеріне, брокерлік ұйымдарға және мүлдем бағалы қағаздар нарығынан бас тартуға мәжбүр болған.
1996 жылдың аяқталу кезінде Қазақстан бағалы қағаздар нарығында өзара бәсекелесуші алғашқы құрылған - Орталық Азия және Қазақстан қор биржаларынан тендерде жеңуінің нәтижесінде қазірде нарыққа бір ғана - Қазақстан кор биржасы кызмет көрсетуде.
1997 жылдың 5 наурызында «Бағалы кағаздар нарығы туралы» және «Қазақстан Республикасында бағалы қағаздармен мәмілені тіркеу туралы» қабылданған екі заң негізінде қазіргі Қазақстан бағалы қағаздар нарығының базалық инфрақұрылымы түгелінен құрылды. Қазақстан Үкіметі осы заңдарға сүйене отырып, 1997 жылдың жазында бағалы қағаздар нарығында кәсіби қызметті атқаруды және лицензиялауды реттейтін нормативтік-құқықтық актілердің - брокерлік-дилерлік, кастодиандық, Орталық депозитарий, бағалы қағаздарды ұстаушылардың реестрін жүргізу бойынша пакетін бекітті.
1997 жьілы жүргізілген тендердің нәтижесінде ¥лттық банк пен Қазақстан кор биржасының біріккен ұсынысы жеңіске жетіп, «Бағалы қағаздардың Орталық депозитарийі» ЖАҚ құрылды. Ол Қазақстан қор биржасымен бірігіп қор нарығының техникалық инфрақұрылымының негізгі өзегі болып есептеледі. Орталық депозитарий бағалы қағаздар бойынша есеп айырысудың халықаралық стандарты саналатын - «Отыздар тобының» ұсынысымен құрылған. Бағалы қағаздар депозитарийі - бағалы қағаздар иесінің құқығын, сондай-ақ бағалы қағаздардың дематериализациясын айқындайты және есеп бойынша қызметті жүзеге асыратын арнайы ұйым. Сөйтіп қазіргі кезде Қазақстан Республикасында мемлекет қолдап тұрған және қызметі Орталық депозитарийдің жұмысымен өзара байланыстырылған «Қазақстан қор биржасы» АҚ-ы қызмет етіп жатыр.
Сонымен бірге бағалы қағаздардың туынды нарығы ұйымдастырылмаған бола алады - бұл бағалы қағаздар немесе басқа да қаржы инструменттердің айналым сферасы бірақ мұнда мәмілелерді жасайтын қатысушыларына арналған, сауданы ұйымдастырушылардың бекітілген процедуралармен және ішкі құжаттарға сәйкес шарттармен, реттелмейтін нарықтың бір түрі. Ұйымдастырлмаған бағалы қағаздар нарығы - тарихи бірінші құрылған құнды қағаздар нарығы болып саналады. Оның пайда болуы 18 ғасырдың басына жатқызуға болады, осы нарықта сатылатын бірінші құнды қағаздар болып вексельдер, коносоменттер, облигациялар және акциялар болып табылады.
Ұйымдастырылмаған нарық келесі ерекшеліктермен мінезделеді:
- сатушылардың көптігі;
- бірдей бағалы қағаздардың біртұтас курстың болмауы;
- бағалы қағаздардың саудасы біріңғай бірнеше жерде жүзеге асырылады;
- осы сауданы ұйымдастыратын және әдістерін құратын біріңғай орталықтың болмауы.
Бағалы қағаздар нарығын оның қатысушылары арасындағы бағалы қағаздардың шығырылымына және айналымына байланысты экономикалық қатынастар жийынтығы ретінде анықтауға болады. Қазақстан нарығында бағалы қағаздар ретінде шаруашылық субъектілерінің және ҚР Үкіметнің акциялары және облигациялары қолданылады.
Акция - шаруашылық субъектісінің дивиденд түрінде пайдаға қатысу құқығын, акционерлердің жалпы жиналысында дауыс беру құқығын және оны жою кезінде субъектінің мүлік бөлігіне құқық беретін оның бағалы қағазы. Акционердің қоғамдағы үлесін немесе меншігін куәландыратын бағалы қағаз.
Облигация - қоғамды басқаруға құқық бермейтін, бірақ купоy ненемес дисконт түрінде сыйақы алуға кепілдік беретін борыштың бағалы қағаз.
Негізінен, бағалы қағаздар ресурстарды тарту құралы болып табылады. Акциялар - акционерлік капиталды арттыру үшін шығарылады. Облигациялар айналымдағы қорларды арттырады немесе белгілі мақсатты бағдарламаларды жүргізу үшін эмитацияланады. Мемлекеттік облигациялар - бұл мемлекет қайтарымды және ақылы негізде бюджет тапшылығын өтеу, әртүрлі мақсатты бағдарламаларды жүргізу, зейнетақы және т. б. берешектерді төлеу үшін ресурстарды тартқан жағдайдағы мемлекет борышының нысаны. Эмитент көзқарасымен корпоративтік облигациялар - облигацияларды шығару және орнықтыру арқылы белгілі мерзімге, банктік кредиттің орташа нарықтық ставкасынан төмен болып саналатын белгілі ставка бойынша ақшаларды тарту арқылы банктік кредитк баламасы.
Шектеулер инвестордың қызмет өзгешелігімен туындаған жағдайдан өзге, бағалы қағаздар нарығындағы инвесторлар қандай да бір шектеулерсіз жеке және заңды тұлғалар болуы мүмкін. Бірақ қор нарығында жұмыстарды орындау өзінің клиенттері атынан сатып алумен/сатумен айналысатын делдалдарсыз мүмкін емес. Қор нарығындағы кәсіби делдал - бұл өзінің штатында білікті мамандары бар және биржа мүшесі болып табылатын брокерлік/дилерлік қызметпен айналысуға лицензиясы бар кәсіби қатысушы брокер немесе дилер. Брокер мен оның клиентінің өзара қарым қатынастары негізгі және бір реттік сипаттағы брокерлік шарттармен реттеледі.
Инвестор тарапынан, бағалы қағаздар - банктік депозит баламасы. Оларды сатып ала отырып, инвестор уақытша бос қорларды орналастырады немесе бағалы қағаздарды өтеу мерзіміне дейін (облигация жағдайларында, себебі акциялар өтеу мерзіміне ие емес) немесе инвестордың пікірі бойынша кез келген ыңғайлы мерзімде сатумен орналастырады.
Қаржы кеңесшілері қор нарығы капиталды көбейтудің негізгі құралы деп атайды. Бірақ бағалы қағаздарға қаржы бөлу туралы шешімді қабылдай отырып, оның пайдасымен қатар жоғалтып алу қаупінің бар екендігін ұмытпау керек. Сіз ақшаларыңызды сенімді басқармаға бергеніңізге, тіпті тәуекелін өзіңіз көтергеніңізге байланыссыз. Кез келген жағдайда, қор нарығындағы инвестициялардың жемістілігі ең алдымен, сіздің «қажет» бағалы қағаздарды немесе «жақсы» басқару компаниясын таңдап алғаныңызға байланысты. Ал, бұл әркімнің жеке қаржы сауаттылығының еншісінде.
1. 2 Бағалы қағаздар нарығының объектілері
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz