Кен орнының апт-неоком горизонтын терең-сорапты қондырғылармен игеру
Кіріспе
1 Геологиялық бөлім
1.1 Мұнай ауданының физика.географиялық және экономикалық сипаттамасы
1.2 Геологиялық зерттеу тарихы
1.3 Стратиграфия
1.4 Тектоника
1.5 Мұнайгаздылық
1.6 Сулы қабаттарының сипаттамасы
2 Техника.технологиялық бөлім
2.1 Игерудің жағдайы туралы қысқаша мағлұматтар
2.2 Мұнай, газ және су алу сипаттамасы
2.3 Объектілер бойынша мұнай газ және су өндірудің қысқаша талдануы
2.4 Қабат қысымы динамикасы
2.5 Қабат қысымын ұстау үшін айдалатын су динамикасы
2.6 Терең сорапты ұңғымалар қоры
2.7 Терең сорапты ұңғымалар қоры динамикасы
2.8 Штангалы терең сорапты ұңғымаларды пайдалану
2.9 Пайдалану коэффициенті және орташа.аралық период динамикасы.
2.10 Терең сорапты ұңғымамен игеру кезінде кездесетін құм пайда болуымен күресу жолдары
2.11 Терең сорапты ұңғымаларды зерттеу жұмыстары
3. Экономикалық бөлім
3.1 Жайық мұнай . газ өндіру басқармасының өндірістік ұйымдастырылу құрылымы
3.2 Жайық мұнай.газ өндіру басқармасының негізгі және қосалқы өндірістерін ұйымдастыру
3.3 Техникалық басшылық органдары
3.4 С. Балғымбаев кен орнын игерудің негізгі техника . экономикалық көрсеткіштерінің талдануы
3.5 Товарлы өнімнің өзіндік құнына талдау
3.6 Мұнайдың өзіндік құнының калькуляциясын талдау
3.7 Орындалған геологиялық техникалық шаралардың талдануы 2006 жылға
3.8 Экономикалық тиімділікке есептеу
4 Еңбекті және қоршаған ортаны қорғау
4.1 Қауіпті және зиянды өндірістік факторларды талдау
4.2 Қорғаныс шаралары
Қорытынды

Мұнай өнеркәсібі еліміздің экономикасында басты орындардың бірін алады, әсіресе энергетикалық тарапы өркендеуінде өзінің зор үлесін қосады.
Жалпы мұнай өнеркәсібінің дамуы ауыр және жеңіл өнеркәсіптердің, жалпы шаруашылық пен транспорттың дамуын жеңілдетті.
Қазақстан Республикасы мұнай-газ және газоконденсат кен орындарына өте бай, олардың көпшілігі Қазақстанның Батыс бөлігінде орналасқан және қазіргі уақытта да көптеген жаңа кен орындары ашылу үстінде.
Қазақстанның Батыс бөлігі бойынша ашылған кен орындары көбіне Каспий маңы ойпатының тұз-күмбездегі құрылымда орналасқан.
Сондай-ақ Каспий маңы ойпатында терең жатқан мұнай кеніштерін игеруге өнеркәсіптік жұмыстар мыналарға қол жеткізді: Континентальды шельфтегі мұнай-газ кен орындарын меңгеруді жеделдету және осы үшін керекті өндірістік-техникалық базаның жасақталуы.
Осы аудандағы мұнай-газ кен орындарының әртүрлі жағдайда орналасуы, олардың мұнайларының әртүрлі қасиетке ие болуына себепкер. Мұнай қасиеттерінің әртүрлі болуы, олардың жаңарған техника мен техника-технологияны қолдануды қажет етеді. Осыған байланысты дипломдық жобаның негізі болып отырған С. Балғымбаев кен орны да өз мәнінде игеру мен пайдаланудың көптеген әдістерін қолданып игеріледі.
«С. Балғымбаев кен орны 1968 жылдан өндірістік іске қосылды. Қазіргі уақытта төрт өнімді горизонт бойынша өндіріледі: олар апт-неоком, I неоком, II неоком және ортаюра.

1. Ерешенко, Н. А. Геология нефти и газа / Н. А. Ерешенко. М. Недра, 1968
2. Желтов, Ю. П. Разработка нефтяных месторождений / Ю. П. Желтов. М. Недра, 1986
3. Щуров, В. И. Технология и техника добычи нефти / В. И. Щуров. М. Недра, 1986
4. Уточненные проекты и анализ разработки месторождения Балгынбаев
5. Серебрякова, В. П. Методические указания по выполнению дипломного проекта / В. П. Серебрякова, В.Е. Вишневская. Уральск. ЗКАТУ, 2011
6. Карпеев, Ю. С. Охрана труда в нефтяной и газовой промышленности / Ю. С. Карпеев. М. Недра, 1991
7. Лутошкин, Г. С. Сбор и подготовка нефти газа и воды к транспорту / Г. С. Лутошкин. М. Недра, 1972
8. Технологичекие счеты НГДУ “Жайыкнефть”
9. Ескалиев, У. Е. Опыт разработки нефтянного месторождения Балгынбаев / У. Е Ескалиев. М. ВНИИОЭНГ, 1991
10. Егоров, В. И. Анализ хозяйственной деятельности предприятий нефтяной и газовой промышленности / В. И. Егоров, Л. Т. Злотникова, Н. Н. Победоносцева. М. Недра, 1968
11. Тайкулакова, Г. С. 2001 мамандығының студенттеріне дипломдық жобаның ұйымдастыру - экономикалық бөліміне әдістемелік нұсқаулар. Алматы, 2000 жыл.
12. Нұрсұлтанов, Ғ. М. Мұнай және газды өндіріп, өңдеу / Ғ. М.Нұрсұлтанов, Қ. Н. Абайұлданов. Алматы «Өлке», 2000 ж.
13. Тайқұлақова Г.С. Дипломдық жобалау (мұнайшылар тобы) Алматы
ҚазҰТУ 2001
14. Мусин, К. А. Еңбекті қорғау / К. А. Мусин. Алматы, ҚазҰТУ 1995
15. Гиматудинов Ш.К. и другие «Справочное руководство по
проектированию разработки и эксплуатации нефтяных месторождений»
М. Недра, 1983г.
16. Шуров, В. И. Техника и технология добычи нефти / В. И. Шуров. М. Недра, 1983г.
17. Бренц А.Д. и другие Организация, планирования и управление
предприятиями нефтяной и газовой промышленности» М. Недра, 1976г
18. Мальшев Ю.М. и другие Эконмика нефтяной и газовой
Промышленности. М. Недра, 1980г.

Мұнай өнеркәсібі еліміздің экономикасында басты орындардың бірін алады,
әсіресе энергетикалық тарапы өркендеуінде өзінің зор үлесін қосады.
Жалпы мұнай өнеркәсібінің дамуы ауыр және жеңіл өнеркәсіптердің, жалпы
шаруашылық пен транспорттың дамуын жеңілдетті.
Қазақстан Республикасы мұнай-газ және газоконденсат кен орындарына өте
бай, олардың көпшілігі Қазақстанның Батыс бөлігінде орналасқан және қазіргі
уақытта да көптеген жаңа кен орындары ашылу үстінде.
Қазақстанның Батыс бөлігі бойынша ашылған кен орындары көбіне Каспий
маңы ойпатының тұз-күмбездегі құрылымда орналасқан.
Сондай-ақ Каспий маңы ойпатында терең жатқан мұнай кеніштерін игеруге
өнеркәсіптік жұмыстар мыналарға қол жеткізді: Континентальды шельфтегі
мұнай-газ кен орындарын меңгеруді жеделдету және осы үшін керекті
өндірістік-техникалық базаның жасақталуы.
Осы аудандағы мұнай-газ кен орындарының әртүрлі жағдайда орналасуы,
олардың мұнайларының әртүрлі қасиетке ие болуына себепкер. Мұнай
қасиеттерінің әртүрлі болуы, олардың жаңарған техника мен техника-
технологияны қолдануды қажет етеді. Осыған байланысты дипломдық жобаның
негізі болып отырған С. Балғымбаев кен орны да өз мәнінде игеру мен
пайдаланудың көптеген әдістерін қолданып игеріледі.
С. Балғымбаев кен орны 1968 жылдан өндірістік іске қосылды. Қазіргі
уақытта төрт өнімді горизонт бойынша өндіріледі: олар апт-неоком, I неоком,
II неоком және ортаюра.
Жазылған дипломдық жобамның мақсаты осы кен орнының апт-неоком
горизонтын терең-сорапты қондырғылармен игеру және пайдалану жағдайларын
талдау, штангалы терең-сорапты қондырғыны пайдалану жұмыстарын талдай
келіп, тиімді режимде жұмыс жасалуының есептерін келтіру.
С. Балғымбаев кен орнында техника мен технологияның жақсартылуы, мұнай
бергіштіктің арттырудың соңғы әдістерін кеңінен енгізу және прогрессивті
технологияның процесстерді қолдану арқылы ұңғыма шығынын жоғарылатып, кен
орнында тиімді техника-экономикалық көрсеткіштерге қол жеткізу дипломдық
жобамның өзектілігі болып табылады.
1 Геологиялық бөлім
1.1 Мұнай ауданының физика-географиялық және экономикалық сипаттамасы
С.Балғымбаев кен орнын өндірістік игеру 1968 жылдан басталған. Бұл кен
орны Орал мен Еділ аралығында теңізді зонада орналасқан.
Облыстық басқару және өндірістік орталығы Атырау каласы Аққыстау
поселкесінен 84 км қашықтықта, ал С.Балғымбаев кен орны 76 км шығыс жақ
бетте орналасқан. Бұл кен орны өте қолайлы экономикалық зонада, Ембі
мұнайлы аймағының батысында және Солтүстік Каспийдің жаңалық аймағында орын
тепкен.
С.Балғымбаев кен орны геологиялық барлау жұмыстарына сәйкес қолайлы
құрылымдардан: Қамысты, Жаңаталап, Шәліп, Бақсай, Манаш, Граннан тұрады.
Осылардың ішінде өндірістік мұнайлы деп табылған және мұнай игерілетіндер:
Қамысты, Жаңаталап, Гран, Ровное.
Геоморфологиялық жағынан алғанда, қарастырылып отырған аудан теңіздік
аккумулятивтік минус 20 метр белгіде, ал солтүстікте абсолюттік белгі минус
30 метр болады.
С.Балғымбаев тұз күмбездерінің төмен түсуіне байланысты ол жер рельефті
жазықтармен сипатталады.
Топырағы құмды, кейбір жерлерінде саз балшықтармен алмасады.
Өсімдіктер әлемі тапшы, көбінесе қамысты типті өсімдіктер өседі.
Грунт суларының деңгейі 1,5-2 метр тереңдікте орналасқан. Құмды
бөліктеріндегі суы аз минералданған. С.Балғымбаевтың өз территориясында
өзен жоқ. Кен орны территориясынан Солтүстік-Шығысқа қарай, Орал өзенінің
бөлігі болып есептелетін Бақсай өзені ағып өтеді. Су тасыған уақытта ағынды
сулар молаяды, жазда ол, су айдау станциялары арқылы Орал өзенінің есебінен
болады.
Теңіз жағалауы С.Балғымбаевтан Оңтүстікке қарай 12-15 км қашықтықта
жатады.
Аудан климаты континентальды. Жазы ыстық, қысы суық. Жылына түсетін
жауын-шашын мөлшері 160 пен 300 мм аралығында ауытқып тұрады.
Ауданның жергілікті тұрғындары және өндірістік дені - қазақтар. Ауыл
және мал шаруашылықтары жақсы дамыған.
1.2 Геологиялық зерттеу тарихы
С.Балғымбаев ауданында геофизикалық барлау жұмыстары 1957 жылдан бастап
жүргізіле бастады. 1960 жылы №15-60 сейсмикалық партия С.Балғымбаев
ауданында зерттеу жүргізді.
Бұл кен орны құрылымы солтүстік-шығыс бағытқа тартылған, оңтүстік-
шығыста бірте-бірте өзгеретін, солтүстік-батыста тік жар болып келетін тұз
күмбезі тәрізді.
1961 жылы маусымнан бастап зерттеу қорытындысы бойынша С.Балғымбаев
территориясының геологиялық құрылысын нақтылау үшін, төменгі бор
қабаттарында мұнай бар екені белгілі болғаннан кейін және құрылымды терең
барлама бұрғылауға дайындау үшін структуралық іздеу бұрғылауы басталды.
1961 жылдың тамыз айынан бастап структуралық іздеу бұрғылауы арқылы
төменгі бор қабаттарда мұнай жиындары белгілі болған соң, барлама бұрғылау
жүргізуге тура келді.
Құрылымды іздеу және барлама бұрғылау арқылы, ол жерлерде апт-неокоммен
контактіде мұнай жиындары бар екені анықталды.
1.3 Стратиграфия
C.Балғымбаев мұнай кен орны тұзды күмбезді құрылымда орналасқан. Ондағы
тұз тереңдігі 1190 метрге дейін жетеді. Кен орны қимасында кунгур
жыныстарынан төрттікке дейінгі қабаттар алынған.
Төменгі пермь
Кунгур ярусі Р1К
Кунгур шөгіндісі пермдегі жыныстарын алмасып келетін кристальді
тұздан және гипстен тұрады. Кен орындағы 13 ұңғымадағы тұздың алынған
қалыңдығы 80 метр.
Триас жүйесі Т
Триас жүйесінің қабаттары гипс, құм және құм тастарымен алмасып келген.
Қабат қалыңдығына 147 метрден 515 метрге дейін барады.
Юра жүйесі J
Юра жүйесі үш бөлімнен тұрады: олар төменгі, орта және жоғары.
Юра қабаты көбінен құм, құмтас және сазды болып келеді. Қиманың
саздануы төменнен жоғарыға қарай өседі. Жоғарғы бөлігінде мергел мен әктас
байқалады. Юра шөгінділерінің қалыңдығы 523 м.
Бор жүйесі К
Ашылған қабат қимасында бор жүйесінің төменгі бөлім (готелмь,апт, және
альб) және жоғарғы (туран, сантон, кампон, мастрик) бөлім ярустары
кездеседі. Туран жыныстары трансгрессивті сәйкессіздікпен альб ярусында
жатады. Төменгі бор қабаттары құмды сазды жыныстардан, сонымен қатар
қалыңдығы 715 метр құмды қабаттан тұрады. Апт және альб қималарында көбіне
саздар болады. Төменгі бор қабаттарының қалыңдығы 595,5 метрге дейін
жетеді. Жоғарғы бор қабаттары көбінесе ізбес тас пен бордан және құммен саз
қабаттасқан мергельден тұрады. Жоғарғы бор қабатының қалыңдығы 392 метрге
дейін жетеді.
Неоген жүйесі N
Неоген жүйесі шөгіндісі 2 ярусқа бөлінеді: ақшағыл және окшеронды. Олар
шұғыл сәйкессіздікпен бордың бетінде жатады, литологиялық қатынаста
қарастырылып отырған қабаталмасып келетін құм, саз, мергель және әк таспен
көрінген. Ноген қалыңдығы 24-124 метр болып табылады.
Төрттік жүйе Q
Төрттік системаға құмды болып келетін бакин ярусі жатады.
Төрттік шөгіндінің қалыңдығы 75 метр. Төрттік жүйе шөгінділернің
қалыптасуы. Каспий теңізі трансгрессиясына тәуелді, сондықтан да төрттік
жүйе шөгінділерін Каспий шөгінділері деп атайды. Каспий шөгінділері ашық-
қоңыр саз балшықтармен ашылған. Олар темірлі, тығыз, құм тасты, әктасты
болып келеді. Қиманың төменгі қабатшасы болатын саз балшықтары жатады. Бұл
саздар құмтасты, әрі әктасты болып келеді. Төрттік жүйе шөгінділерінің ең
кіші қалыңдығы 29 метр, ал үлкені 75 м.
1.4 Тектоника
Тұз үсті шөгінділерінің құрылысы тұзды ядро морфологиясымен тығыз
байланыста.
Ол құрылымды белгілеріне қарап Солтүстік және Оңтүстік С.Балғымбаев
болып бөлінеді.
Солтүстік С.Балғымбаев мынадай бөлікке бөлінеді: солтүстік қанат
солтүстік қабаққа кіреді, ал оңтүстіктегі солтүстік тұзды биіктікке кіреді.
Осы қанаттар тұз биіктігі сводына қарсы жатқан грабенмен бөлінген. Кен
орнының құрылысын структуралық карта және геологиялық профильдері береді.
Солтүстік С.Балғымбаев
Құрылысының ең биік жері Солтүстік қанат. Оңтүстікте ал негізгі
амплитудасы 450-480 метр болатын грабеннің лықсуысен шектеледі. Осы
лықсудың құлау бұрышы 45-500. 13-ші ұңғымада 56 метр тереңдікте f2 лықсуы
бар, амплитудасы 90 м. Осы лықсудың құлау бағыты солтүстікке 600 бұрыш
жасайды. Осы лықсу 2-ші грабенмен лықсуы болып табылады.
Оңтүстік С.Балғымбаев
Тұз үсті шөгінділері құрылымы бойынша антиклиналь болады, ол грабеннің
бөлігінде. Осы жерде екі қанатты Солтүстік батыс және Оңтүстік қанаттар.
Оңтүстік қанат құрылымында ең көтеріңкі және жартылай тұйықталған формада

Ол құрылымды белгілеріне қарап Солтүстік С.Балғымбаев мынадай бөлікке
бөлінеді.
Солтүстік С.Балғымбаев мынадай бөлікке бөлінеді: Солтүстік қанат
солтүстік қабаққа кіреді. Осы екі қанат тұз биіктігі сводына қарсы жатқан
грабенмен бөлінген.
Оңтүстік С.Балғымбаевда солтүстік батыс және оңтүстік қанаттар өзара
грабенмен бөлінген.
Кен орынның құрылысын структуралық карта және геологиялық қималармен
береді.
1.5 Мұнайгаздылық
Көп қабатты С.Балғымбаев кен орнының мұнайгаздылығы негізінен бес
өнімді қабатта ашылған. Олар төменгі бор (К1) және орта Юра (J2)
шөгінділерімен байланысты.
Апт-неоком горизонты
Бұл горизонт жиыны солтүстік батыс қанатының барлық аумақтарында және
оңтүстік қанатта негізгі мұнайдың геологиялық қорын құрайды. Бұл горизонт
ауданы бойынша барынша үлкен.
Мұнай қоры құрамы әртүрлігімен де, қалыңдығымен де ерекшеленеді.
Бастапқы су-мұнай жапсары -705-715 метр шегінде өзгеріп отырады, ал мұнайлы
қабаттың қалыңдығы 95 метрді құрайды.
І неоком горизонты
І неоком горизонтының тиімді қалыңдығы 2... метр аралығында.
Горизонттың абсолюттік тереңдігі -654 метр, ал контурда -720 метр, қабат
биіктігі 46 метр.
Горизонт литологиялық жағынан ұсақ түйіршікті құмтастардан, құмнан
тұрады және ол қабат 2 қабатшаға бөлшектенеді. Бөлшектердің орташа
коэффициенті 1.2 болады.
Жиын өнімділігі бойынша І неоком горизонты апт-неоком горизонтына жол
береді. Бастапқы шығын 2.80 ттәулігінің аралығында.
Аралық горизонт
Аралық горизонт оңтүстік қанаттың солтүстік шығыс бөлігінде және
орталығында 2 линзамен түзілген.
Горизонттың тиімді қалыңдығы 0,1 мен 1,5 метр аралығында. Литологиялық
жағынан алғанда аралық горизонттың жоғары жатқан горизонттан айырмашылығы
бар.
ІІ неоком горизонты
ІІ неоком горизонты өндірістік мәні жағынан апт-неокомнен кейін 2-ші
жиын болып табылады. Бастапқы мұнай шығындары 5-120 ттәулігіне, ал газды
шоғырларда 2-40 мм3. Бастапқы су мұнай контактісі 706 метрде анықталады.
Қабат биіктігі 49 метрге тең.
Горизонт 2-3 қабатшаға бөлінген. Мұнаймен қаныққан қалындық 6-10 метр
аралығында өзгереді. ІІ неоком горизонт жоғарғыларға қарағанда әртекті,
оның бөлшектеу коэффициенті 2,46-ға тең.
Ортаңғы юра горизонты J2
Орта юра горизонты С.Балғымбаев кен орнының өнеркәсіптік мұнайлы
горизонты. Горизонттың абсолютті тереңдігі күмбезде -870 метр, ал контурда
-930 метр, шоғыр биіктігі 60 метр.
Өндірістік геофизика бойынша өнімді қабаттар мұнаймен қанығуға
анықталған.
Төменде қабаттар бойынша мұнаймен қанығуы коэффициенттері
көрсетілеген.
Апт-неоком 0,76
І неоком 0,56
Аралық 0,67
ІІ неоком 0,67
Ортаңғы Юра 0,66
Кеуектілік
Коллекторлар кеуектілігін кері және басқа да, геофизикалық әдістермен
анықтайды. Кері арқылы параметрдің жоғарғы мәндерін алуға болады.
ІІ неоком горизонтынан басқа жерлерде кеуектілік аз мөлшерде, типті
өзгермейді деуге болады.
Нақты берілгендер әрбір блоктың орташа кеуектілігінің мәні бір
горизонтта, бір-бірінен айырмашылығы болмайтынын көрсетеді. Толығымен апт-
неоком горизонтының орташа мәні кернмен алғанда 30,4 процент (%) каротажбен
33,1 процент (%) кеңістілік мәнінің интегралы 23-35 процент (%) болады. І
неоком горизонты бойынша орташа кеуектілік кернмен 35,1 процент (%)
каротажбен 25,6 процент (%) кеуектілік мәнінің интегралы 23-35 процент (%).
Аралық горизонттың керні бойынша орташа кеуектілік 32,8 % каротаж
бойынша 28,5 % кеуектілік мәнінің интегралы 25-35 %.
ІІ неоком бойынша орташа кеуектілік кернмен алғанда 30,3%, каротажбен
29,3%.
Ортаңғы Юра горизонты бойынша орташа мәні кернмен алғанда 27,6 %,
каротажбен 25,5 %, кеуектілік мәнінің интервалы 22-32 %.
Апт-неоком горизонты бойынша, ұңғымадан алғанда орташа арифметикалық
әдіспен анықталады, орташа кеуектілік 26,9-31,8 %-ң аралығында өзгереді.
І неоком горизонты бойынша орташа арифметикалық әдіспен есептелген ашық
кеуектіліктің мәні 31,9 % - 33,2 –ге дейін өзгереді.
І неоком горизонт бойынша ортша өлшенген әдіс бойынша орташа кеуектілік
25,4% - 34,9 %-ң аралығында.
ІІ неоком горизонты бойынша ұңғымамен алынған орташа арифметикалық
әдіспен есептелген, ашық кеуектіліктің орташа өлшенген мәні 26 % пен 32,7 %
аралығында.
Ортаңғы Юра горизонты бойынша ашық кеуектілік орташа арифметикалық
әдіспен алынған 26,6 % - 31,1% арасында. Орташа өлшенген әдіс бойынша
кеуектілік ұңғымада 23,3 % пен 30,8 % аралығында өзгереді.
Өткізгіштік
Өткізгіштікті 36 ұңғымада зерттеуге мүмкіндік болды. Осы жағдайда
тұрақтандырылған сынақ алу арқылы 26 анықтама, қысым тарамау қисығын
тұрғызу арқылы 17 анықтама алынады және 7 ұңғыма арқылы екі әдіспен де есеп
жүргізілді.
Ауа бойынша орташа арифметикалық өткізгіштің мәні 414 мг, ал су
бойынша 111,6 мг
І неоком бойынша ауамен коллектордың орташа арифметикалық өткізгіштігі
газбен 594,6, ал сумен 10 мг.
ІІ неоком горизонты бойынша орташа арифметикалық өткізгіштік ауамен
511, сумен 188,0.
Ортаңғы Юра горизонтының ауа бойынша өткізгіштігі 188,0, ал сумен
566,5. Осы берілгенге сүйенетін болсақ С.Балғымбаев кен орнының
ұңғымаларының өніміділігінің жоғары екенін көреміз. өнімділік коэффициенті
үлкен шамада өзгереді, яғни тәулігіне 1 млн 32 тонна аралығында. Бұл өнімді
жыныстардың фильтрациялық қасиеттерінің әртүрлі екенін көрсетеді.
Өндірістік геофизика матриалдары бойынша, өнімді қабаттардың мұнаймен
қанығуы кестедегідей ауқымды өзгереді.
Горизонттар бойынша мұнаймен қанығушылық коэффициентінің шамалары: апт-
неоком горизонты үшін 86 %-56 % ке дейін.
І неоком горизонты үшін 65 % -50%-ке дейін, аралық горизонты үшін 85 %
тен бастап соңы оның анықталмаған.
ІІ неоком горизонты үшін 71%-60%-ке дейін болады.
Мұнайдың құрамы мен қасиеті
С.Балғымбаев кен орнының өнімді шөгу қабаттарының екі түрлі топқа
сәйкес мұнай беретінін көреміз:
А) мұнайлы газ
Б) бензинді мұнай
Апт-неоком және І,ІІ неоком горизонттарының беретін мұнайлары майлы,
юра горизонты бензинді мұнайға жатады. Барлық горизонттардың мұнайлары өз
құрамдарына сәйкес бір типті болып келеді. Олар 2177,66 ГОСТ-қа сәйкес аз
күкіртті (0,3%), аз парафинді (0,6 %) және шайырлы (20%) болып келеді.
Олардың меншікті салмағы 0,8090 –0,9375 (гсм3) аралығында. Газсызданған
мұнай тұтқырлығы 500С –да 23-45 ОСС-ң аралығында. Олардың бәрі жоғары
температурада көлемі ұлғайып, төменгі температурада көлемі азаяды.
Юра горизонтының мұнайы басқа барлық горизонттың мұнайына қарағанда
анағұрлым жеңіл. Олардың меншікті салмағы 0,7785-0,1885 гсм3. бұл мұнайлар
тұтқырлығы аз, яғни тұтқырлығы 500С градуста 20,8-2,7 ССТ-ты болады. Юра
горизонты мұнайынан ашық түсті фракциялардың шығуы бор горизонтының
мұнайларына қарағанда жоғары болады.
Күкірт пен парафиннің мөлшері онша үлкен емес. Күкірт 0,3% -дан аз, парафин
мөлшері 0,6 %-дай және шайыр мөлшері 20% - ды құрайды.
1.6 Сулы қабаттарының сипаттамасы
С.Балғымбаев алаңдарында қабаттар сулануы триас, юра, неоком, апт, альб
және үштік шөгінділерінде.
Ортаңғы Юра 2 сулы қабаттан тұрады. Оның біріншісі оңтүстік және
солтүстік С.Балғымбаев аралығында анықталған. Мұнда су тұздылығы 20-230 Бе.
Төменгі барлық сулы қабаттары мұнай кенінің контур сырты аймағында
төселген. Бұл қабат суларының тұздылығы (190 Бе-ға дейін және тығыздығы
1,16 гсм3) жоғары болуымен сипатталады.
Барлық айтылған шөгінділер суларының минералдануы жоғары (390-1040 Мг
эквм). Олар тығыз, тұзды. Пальмер бойынша ІІІ кластас.
Үштік шөгінділер негізінен су арасында қалыңдығы кішкене болатын, құмды
қабатшалар кездеседі. Осы аралық қабаттарда су алатын В-3, В-5, В-7, В-9
және В-16 ұңғымалары қазылған.
Бұл ұңғымалардан өндірілетін техникалық сулар, апт-неоком горизонты
бойынша қабат қысымын ұстау үшін және ұңғымаларды бұрғылау үшін
пайдаланады.
Үштік шөгінділер сулар тұздылығы төмен (100Бе) және тығыздығы 1,08
гсм3 шамасында. С.Балғымбаев кен орнында барлық шөгінділер сулары
қорректену аймақ суларымен салыстырғанда минералдану дәрежесі жоғары.
Барлық сулар тұзды, тығыз, пальмер бойынша үш классқа жатады.
Классификацияға сәйкес хлор кальцийлі типке, хлорлы топқа, натрийлі
топқа жатады.
Талдауға сәйкес С.Балғымбаев кен орындарының жер асты сулары
төмендегідей сипатқа ие:
Сулар минералдануы 388,14 Мг-ден, үштік шөгінділерде 1035,516 МГ және
ортаңғы Юра шөгінділерінде де сондай. Бұл кен орны ауданы тұз үсті
шөгінділеріне жатады. Және күрделі биологиялық құрылыс бола отырып,
келесідей үш түрлі энергетикалық типін сипаттайды. Ол негізінде су арынды
режимге жатады.
І пайдалану процесінде қабат қысымы айтарлықтай төмендейтін жиында
жоғары активті контур суы болады.
ІІ бұл типте де жоғары активті контур сулары болады, пайдалану
процесінде бірте-бірте төмендейді.
ІІІ аз активті тегеурінді контур сулары болатын қабат.
Бұл ауданның кен орындарының көпшілігі ІІ типті қабатқа жатады.
Игерудің аяғына дейін энергияның көзі болып контур сулары табылады.
С.Балғымбаев кен орнының аралық және Юра горизонттарынан басқа барлық
горизонттарда да контур суы болады және бос газ болмайды. Яғни кен орны
тектоникалық бұзылыстармен күрделенген. Сонымен қатар өнімді горизонттардың
қабатының және бөліктері айтарлықтай ауданда контур суларымен шектелген.
Өнімді қабаттарды игеруге байланысты жүргізілген талдау кен орнының ІІ
типті энергетикалық режимге жататынын көрсетеді.
Горизонттардың тереңдігі 618 метрден 706 метрдің аралығында. Игеру
объектісі бойынша орташа температура 300 –400 С өзгереді.
Аралық қабаттарда қазылған су алатын В-3, В-5, В-7, В-9 және В-16
ұңғыма арқылы су алынып, олар әртүрлі мақсаттар үшін пайдаланылады. Тек
апт-неоком горизонты бойынша ғана емес, барлық өндіру горизонттары үшін
ұңғымалары бұрғылайды.
Кесте 1.1
С.Балғымбаев кен орны мұнайлы горизонттарының геологиялық - физиклық
сипаттамасы
Горизонт тереңдігі Қабаттың Орташа Керн бойынша Қабат Қанығу Қабат
(м) тиімді қуатты- орташа қысымы қысымы температурасы 0С
қалыңдығы (м)лық өткізгіштік (мПа) (мПа)
% (мПа)
Апт-неоком 620...715 7...12 30,4 0,414 7,4 4,0 36
ІІ неоком 657...706 6...10 30,3 0,511 7,6 5,0 32
І неоком 634...720 2...4 31,1 0,143 7,4 4,2 31
Ортаңғы 870...930 2...6 27,6 0,544 10,3 1,1 35
юра
Кесте 1.2
С.Балғымбаев кен орнының қабат мұнайы параметрлері
Горизонт Қанығу Орташа Газдың фактор Мұнайдың Тығыздығы гсм3 Тұтқырлы-ғы Газ
қысымы темпера-тум3т көлемдік тығызды-ғы
расы 0С коэффициенті гл
Апт-неоком 4,0 30 20 1,044 0,865 25,0 0,89
ІІ неоком 4,2 31 20 1,046 0,866 26,5 0,90
І неоком 5,0 32 22 1,049 0,864 18,0 0,90
Ортаңғы юра
1,1 45 21 1,24 0,750 1,6 1,82
2 Техника-технологиялық бөлім
2.1 Игерудің жағдайы туралы қысқаша мағлұматтар
Жайық мұнай-газ өндіру басқармасы алты негізгі мұнай кен орындарын
игереді: С. Балғымбаев, Камышитовый, Жаңаталап, Ровное, Гран, Забурын,
Оңтүстік-Шығыс Камышытовый.
Айдау ұңғымалары қоры С. Балғымбаев кен орны бойынша істеп тұрғандар
27, су алатын 15 ұңғыма, бақылау ұңғымалары 12, консерванцияда 1 ұңғыма.
С. Балғымбаев кен орны бойынша мұнай өндіру алдыңғы қатарлы жоғарғы
қарқынмен жүргізіледі, сондықтан да гидродинамикалық және геофизикалық
зерттеулер игеруді бақылауға маңызды міндет болып табылады.
Механикалық тәсілмен жұмыс істейтін барлық ұңғымалар, графика сәйкес
динамограммаға түсіріледі. Барлық істейтін ұңғымалар қоры бойынша, айына 2
реттен сирек емес механикалық қоспа, су құрамына сынақ өткізіледі. Ал
барлық айдау және бақылау ұңғымалар қоры бойынша қабат және түп қысымына
өлшеулер өткзіледі.
С. Балғымбаев кен орны бойынша 1.12.2012 жылда 112 ұңғымамен мұнай
игеріледі, олардың ішінде үшеуі тоқтап тұр. Тоқтап тұрғаннан пайдаланушыға
үш ұңғыма кіргізіледі, 24, 40 және 130 айдау ұңғымалары қорынан бір ұңғыма
(193) және бір ұңғыма бақылау қорынан айдау ұңғымасы қорына ауыстырылады
(19).
Кен орны бойынша су айдау 30 ұңғыма мен жүргізілуі керек болды, бірақ
оның 3-і іске қосылмады.
Кесте 2.1
С.Балғымбаев кен орны ұңғыма қоры жағдайы 1.01.2013 жылғы
Ұңғымалар категориясы Ұңғыма саны Ұңғыма нөмері
Істеп тұрғандар 115
Уақытша тоқтап тұрғандар 3
А) жер асты жөндеуде 1 3
Б) күрделі жөндеуде 1 164
В) жөндеу күтіп тұрған 1 104
Пайдалану қоры 118
Су алатындар оның ішінде істеп
тұрғаны 27
Су айдау ұңғымасы оның ішінде
жұмыстағы тоқтап тұрғаны
6. Бақылау ұңғымасы 4
12
2.1 кестенің жалғасы
7. Консервациядағылар 1
Жойылған ұңғымалар
оның ішінде 32
геологиялық жағынан 19
техникалық жағынан 13
ШТС 111
Электровинтті сорап (ЭВС) 4
2.2 Мұнай, газ және су алу сипаттамасы
С. Балғымбаев кен орны өтімді қабаттары үш игеру объектісіне
біріктірілген:
І объект – апт неоком және І неоком горизонтын мұнайдың (кен орны
бойынша) 62,6% құрайды.
ІІ объект аралық және ІІ неоком горизонталын біріктіреді, бұл
объектіде жалпы қордың 16,9%.
ІІІ объект Солтүстік С. Балғымбаев кен орны бойынша ортаңғы Юра
горизонты, өзінде жалпы салынатын қордың 1,5%-ін құрайды.
Кен орында игеру басынан бастап, су алудың үздіксіз өсуі көрінеді,
соның ішінде 1989 жылдан бастап, судың қарқынды жоғарылауы болды. Бұл
өндіру ұңғымалары аз кезінде сұйықтың жоғарғы қарқынмен ашылуы.
Кен орны бойынша, мұнайдың ең үлкен шығымы 1973 жылы алынды. Келесі
жылдарда айдалатын су мөлшерінің өсуіне қарамастан, жылдық өнім өндіру
жылдан-жылға төмендеп отыр. Тек соңғы жылдарда айдалатын су көлемімен
ашылатын сұйық көлемінің өсуіне байланысты өндіру өседі.
Игеру басынан бастап кен орны бойынша 14037882 мың т. мұнай, 47100,422
мың т су және 2703285 мың м3 газ өндіріледі, 1505,654 де 2012 жылда
114,851 мың т мұнай, 1505,654 мың т су және 1152 мың м3 газ алынды. Орташа
газдық фактор 9,5 м3т.
Алынатын қордың 93,4% алынды, жобалау бойынша 93%. Мұнай ашу
коэффициенті 0,436 ал жобалау бойынша 0,44. бастапқы алынатын қордан,
өнімді алу қарқынан 1,6% құрайды, жобалауда 1,87%. Кен орынның қабаттар
сулануы қаіргі уақытта 91%-ке жетті, жобалау бойынша 92,8 процент.
Игерудің І объектісі 1968 жылдан бастап игерілді. Мұнай жиынын игеру
қарқынының жобалау деңгейінен қалып қабы, игерудің технологиялық
көрсеткіштеріне кері әсерін тигізеді.
Максимальды мұнай өндіруге 1973 жылы қол жеткізілді. Ол 64 ұңғымалық
жұмысы кезінде, 478 мың.т мұнай өндірген игеру процесінде 1973 жылдан
бастап, кейбір жылдарда жобалаудан нақты өнім өндіру жоғары (мысалға 1977-
1982 ж.ж). Бірақ, бірте-бірте 1983 жылдан бастап жылдық өнім өндіру
жобаланғаннан аз мөлшерде болады.
2.3 Объектілер бойынша мұнай газ және су өндірудің қысқаша талдануы
І объект Игеру басынан бастап І объект бойынша 108972 мың.т.
мұнай 38476,9 мың т су және 210194,2 мың м3 газ, оның ішінде негізгі
алаңнан өндірілген 364567 т мұнай, 1346504 т су, 1978 мың м3 газ, бөлікті
жиындардан 42448,5 т мұнай, 30749 т су, 506 мың м3 газ өндіріледі. Орташа
газдың факторы объект бойынша 9 м3т құрайды сулану 89%, жобалауда 82,4%.
Мұнай бергіштік коэффициенті 0,379, жобалауда 0,377. Алғашқы алынатын
қордан алу қарқыны 1,8% құрайды, жобалауда 2,4%. Бір ұңғымаға келетін
орташа тәуліктік шығын 6 ттәулігіне мұнай, ол 58 ттәулігіне сұйық.
Барлық ұңғымалар механикалық әдіспен жұмыс жасайды.
І объектіде контур ішінен су айдау 1970 жылдың апрель айынан
басталады. Ол айдау ұңғымасы арқылы жүргізілді. Ол ұңғымалар арқылы жиын
ішінен су айдау қабат қысымына әсер етіп, ол 7,21 мПа-ға дейін жоғарылады.
1971 жылы объектіні одан әрі игеруде, бұл айдау ұңғымаларының
жеткіліксіздігі байқалады.
2011 жылы, тағы да 3 игеру ұңғымасының су айдауға берілуі, қабат
қысымын 7,44 мПа-ға дейін жоғарлатты, ал 2012 жылы одан әрі айдау
ұңғымалары қорының 10-ға дейін жоғарлауы, қабат қысымын бастапқы қабат
қысымынан да жоғары 7,8 мПа-ға жеткізді. Айдау басталғаннан бастап, І
объект бойынша 34525,9 мың м3 су айдалды және 26806 мың т сұйық алынды.
ІІ объект бойынша ұңғыма қоры 2-ден 1976 жылы 21-ге дейін өсті. Объект
бойынша пайдалану қоры 1.01.2006 жылға 23 ұңғыма құрады, ол жобалауда ол 25-
ге дейін жетті. Игеру басынан бастап, ІІ объект бойынша 2707244 мың т,
мұнай 7952,185 мың т су және 32005,5 мың м3 газ өндірілді.
Орташа газдың фактор 9,5 м3т құрайды. Айдаудан түскен қосымша өнім
18548 т мұнай. Бұл ІІ объект бойынша орташа тәуліктік айдау 1092
м3тәулігіне. Ол 5,8-3,9 мПа айдау қысымда жүргізілді.
Кесте 2.2
С. Балғымбаев кен орнын игерудің жобалау және нақты
көрсеткіштерінің салыстырылуы
Көрсеткіштер жобанақты 2010 2011 2012
Мұнай өндіру мың.т 101,5101,8 101,4101,3 102,6102,8
Су өндіру мың.т
Сұйық өндіру мың.т 1089,11091,6 1034,71028,7 1075,81083,9
Сулану, процент
Газдық фактор Жинақталған1818,91809 17611778,7 16451705
мұнай өндіру мың.т. 92,991,9 93,192,3 93,492,8
Жинақталған су өндіру 9,5
9739,89676 9966,19824,8 10185,499583
38174,726222 3108,9280555 30292,472975
Жинақталған сұйық өндіру
Мұнайдың орташа тәуліктік37914,535090 41175378803 44477,939747
шығымы, ттәулік
Қабат жағдайында
сұйықтықты өндіру 302,7302,4 302,4301,9 300,1300,3
орт.тәулік, м.куб
Өндіру ұңғымасы қоры
Айдау ұңғымасы қоры 42804290 42104205 41004131
Айдау ұңғымасының істеп
тұрғаны 109110 115115 118118
Бастапқы қордан алу
қарқыны % 3025 3027 3027
Су айдау мың м3
Ілеспе газ өндіру мың м33022 3020 3023
Су айдаудан түскен
қосымша өнім, мың т 1,941,3 21,3 1,91,18
2505,52489,4 24902497,6 24752482,4
850870 850869 850878
55,555,3 53,854,5 54,05 54,13
2.4 Қабат қысымы динамикасы
Жиын бойынша қабат қысымының таралуы, олардың игеру процесі
кезіндегі өзгеруі және және олардың басқа пайдалану көрсеткіштерімен
салыстырылуы (сұйық алу ұңғыманың сулану қарқыны мен сипаты) игеру процесі
ерекшеліктерін талдауға мүмкіндік береді.
Кен орындағы контур аймағында бастапқы қабат 7.9 ... 8.0 мПа-ға тең
болды бірінші және төртінші алу аймағы қабаттарындағы, оның қысымына
сәйкесті 7.7 және 6,5 мПа болды.
2006 жылы контурдағы бастапқы қабат қысымы 7,6 мПа-ға дейін төмендеді,
ал сұйық алу аймағында (V қатар) 6,34 мПа-ға дейін төмендеді.
Жиынға су айдау 1970 жылдың апрель айында басталды. Олар 7,65,67,69
ұңғымалар арқылы жүргізілді.
Су айдауды енгізу, мұнай өнімдерін алуды барынша жоғарылату, қабат
қысымын арттыруға қол жеткізді.
Су айдауда енгізу мұнай өнімдерін алуды барынша жоғарылату, қабат
қысымын арттыруға қол жеткізді.
Арлық қабылдайтын қабаттар интервалында қабылдайтын, тек жоғарғы апт-
неоком горизонты. Кен орындағы су айдау тиімділігі көбіне айдаудың тиімді
қысымын таңдап алуға тәуелді.
Қорыта келе, жылдық өнім қарқынына сұйық алу қарқыны мен айдау әсер
етеді.
2.5 Қабат қысымын ұстау үшін айдалатын су динамикасы
Қабаттың мұнай бергіштігін жоғарлату проблемасы “қажет ететін
тиімді шешімдердің” басты және актуальды маңызы бар мәселесі болып
табылады.
С.Балғымбаев кен орны бойынша қабаттың мұнай бергіштігін және қабатты
игеру қарқындылығын жоғарлату мақсатында, 1970 жылдан бастап су айдау
жүйесі қолданылады.
І объектіде контур ішінен су айдау 1970 жылдың апрель айында,
техникалық схемада жоспарланғаннан 8 ай ерте басталды. Бұл су айдаудың ерте
енгізілуі қабат қысымының қарқыны төмен түсіп кетуіне байланысты болды.
2008 жылы сәуір айында бүкіл объект бойынша, қабат қысымы 1,0-1,5
мПа-ға дейін төмендеді,ол ұңғыма шығыны мен фонтандау шартына өзінің кері
әсерін тигізді.Су айдауды енгізу мұнай өндіруді өсірді және сұйықты алу
қарқындылығының тез жоғарлануына қабілеттендірді. Пайдаланылатын өндіру
ұңғыманат су айдаудың жеткілікті таралуына, қабаттың барлық зоналарында,
контур аймағынан күмбез бөлігіне шейін таралуына себеп етті. Контур ішінен
су айдау алғашында өнім жоғарылауына, соңынан қабат қысымының тұрақталуына
себеп болды. Су айдау негізгі алаңның горизонталында, қабат қысымын алғашқы
деңгейіне (7.4-7.6 мПа)
І объект бойынша, бастап 82712726 м3 су айдауды және 52053783 м3 сұйық
алынды.
2012 жыл бойынша, І объектіде 1909,2 мың м3 су айдауды және су
айдаумен алынған сұйық 22,04%-ті құрайды. 2012 жылы су айдаудан алынған
қосымша өнім 33,78 мың т, ал игерілген кезден бері 4187899 м3. су айдау
ұңғымаларының саны 21. І объект бойынша орташа тәуліктік су айдау 4772,6
м3тәулігіне 13,6-4,7 мПа қысымда.
Кесте 2.3
Су айдау көрсеткішінің өзгерісі
Көрсеткіштер 2010 2011 2012
Айдау ұңғымалары, скв 16 23 27
Су айдау, мың м3 2152,4 2280,5 2308,4
Жинақталған су айдау мың м3 49774,6 53172,4 58880
Су айдаудың өнім алуға қатынасы,
бірлік үлес 1,41 1,43 1,47
Су айдаудан түскен қосымша өнім,
мың т. 78,2 75,2 66,7
2.6 Терең сорапты ұңғымалар қоры
2012 жылдың қазанында кен орынның сорапты ұңғымалар қорында 107
ұңғыма болды, оның 104-і тербелмелі станокпен жабдықталған, типі 5СК-4-2.1-
1600 және 3 ұңғыма 6СК-4-3.0-2500 типті тербелмелі станокпен. Өнім алу
диаметрі 56 мм-лік НГН-2 сорабымен жүргізіледі.
Ұңғымалар өнімділігінің жоғарлатып отырып-тәулігіне 50-ден 150 тоннаға
дейін сұйық алу интервалында, ұңғымалардағы динамикалық деңгей 100-200 метр
аралығында болады. Берілген сұйық алу жағдайында, кезекті өнімділік
диаметрі 82 мм сораппен жүргізіледі.
Бір уақытта – бөлек пайдалану схемасы бойынша, жұмыс жүргізуге көңіл
аудара отырып, типі 6 СК-6-2,1-2500 болатын тербелме-станокқа (жүк
көтергіштігі 6 тн) кепілдік береміз. 2 объектіде бір уақытта – бөлек
айдауды қамтамассыз ету мақсатында 2006 жылдан бастап УЗК-2ІІІ-146В
қондырғысына монтаждау қарастырылды.
Штангалы ұңғымалы сораптар (ШҰС) көмірсутекті сұйықтарды (сулануы 99%-
ға, абсолютті тұтқырлығы 100 мПа·c-қа, механикалық қоспалары 0,5%-ға,
қабылдауындағы еркін газ 25%-ға, күкіртті сутек 0,1%-ға, судың
минералдылығы 10гл-ге және температурасы 130оС-ге дейін) сорып жер бетіне
шығаруға арналған.
ТМД елдерінің (бүкіл мұнай өндіру көлемінің 16,3%-на таман) әрекет
ететін ұңғымалар қорының 23 бөлігі (66%) ШҰСҚ-мен игеріледі. Ұңғыма шығымы
тәулігіне 10кг-нан бірнеше тоннаны құрайды. Сораптарды ондаған метрден
3000м-ге деінгі тереңдікке, ал кейбір ұңғымаларда 3200-3400м тереңдікке
түсіреді.
Штангалы ұңғымалы сорапты қондырғы (ШҰСҚ):
- жер үсті жабдығы: теңселме-станок (СК), саға жабдығы;
- жер асты жабдығы: сорапты-компрессорлы құбырлар (СКҚ), сорапты
штангілер (СШ), штангалы ұңғымалы сорап (ШҰС) және қиын жағдайларда
қондырғының жұмысын жақсартатын түрлі қорғаныс құрылғылар.
Ұңғымада плунжерлі немесе поршенді сорап орнатылады. Ол штангілер
тізбегі арқылы жер үсті жетегінің көмегімен қозғалысқа келтіріледі.
Штангалы тереңге түсірілетін сорапты қондырғы (2.1-сурет) ұңғымалы
сораптан (салынатын немесе салынбайтын типті), сорапты штангалардан,
планшайбаға немесе құбырлы алқаға ілінген сорапты-компрессорлы құбырлардан,
сальникті тығыздауыштан, сальникті (жылтыратылған) штоктан, теңселме-
станоктан, фунтаменттен және үштармақтан (саға жабдығы) тұрады. Ұңғымалы
сораптың қабылдауында газды немесе құмды фильтр түрінде қорғаныс тетігі
орнатылады. Бірақ түсіру тереңдігінің шектелуі және мұнай шығымының аз
болуы штангалы сораптардың кемшілігі болып табылады.
Сурет 2.1 Штангалы ұңғымалы сорапты қондырғының (ШҰСҚ) сұлбасы
Шартты белгілер: 1 - сору клапаны, 2-айдау клапаныі, 3- сорап штагілері, 4-
үштік, 5-сальник 6-балансир, 7-8 кривошипті-шатунды механизм, 9 –
қозғалтқыш.
Штангалы ұңғымалы сорапты қондырғының жер үсті жабдығы: теңселме-
станок (СК) - балансир 6, кривошипті – шатунды механизм 7-8, қозғалтқыштан
9, саға жабдығы - үштік 4, сальниктан 6 тұрады; жер асты жабдығы: сорапты-
компрессорлы құбырлар (СКҚ), сорапты штангілер (СШ) 3, штангалы ұңғымалы
сорап (ШҰС) сору 1 және айдау 2 клапандары, саға сальнигінен және қиын
жағдайларда қондырғының жұмысын жақсартатын түрлі қорғаныс құрылғылардан
тұрады.
Салынбалы сораптарды толығымен жер бетінде жинайды және ұңғымаға СКҚ
ішіне штангіларда түсіреді. НСВ үш негізгі тораптан тұрады: цилиндр,
плунжер және цилиндрдің құлыпты тірегіші.
Құбырлы сорапта цилиндырын ұңғымадан шығару бүкіл жабдықтың (штангілер
мен клапандар, плунжер және СКҚ) жер бетіне шығарылуын қажет етеді. Бұл
құбырлы және салынбалы сораптардың негізгі айырмашылығы болып табылады.
Салынбалы сораптарды қолдану кезінде ұңғыманы жөңдеуде көтеру-түсіру
операциялар уақыты 2-2,5 есе кемиді. Соның нәтижесінде жұмысшылар еңбегі
жеңілдейді. Бірақ құбырлардың берілген диаметрінде салынбалы сораптың
өнімділігі салынбайтын сораптың өнімділігінен әрқашан кем болады.
Сурет 2.2 НГН-2 үш клапанды құбырлы сораптың схемасы
Шартты белгілер: 1-айдау клапанының торы; 2-плунжер; 3-плунжерлі ұштық; 4-
цилиндірлі қаптама; 5-сору клапанның торы
Сораптың жұмыс істеу принципі.
Плунжердің жоғары қарай жүрісі кезінде сору клапаны 1 сұйықтың
әсерінен ашылып, соның нәтижесінде сұйық сорап цилиндріне өтеді. Осы кезде
айдау клапаны 2 сорапты құбырдағы сұйық бағанасы қысымы әсерінен жабық
тұрады.
Плунжердің төмен қарай жүрісі кезінде плунжер астындағы сұйық қысымы
әсерінен сору клапаны 1 жабылады, ал айдау клапаны 2 ашылып, сұйық
цилиндрден плунжер үсті кеңістігіне өтеді (2.2 сурет).
Жер үсті және жер асты жабдығы
Сорапты ұңғымалардың саға жабдығы құбыраралық кеңістікті, СКҚ-ң ішкі
қуысын саңылаусыздандыруға, ұңғыма өнімін бұруға (отвод) және СКҚ тізбегін
ілуге арналған.
Саға жабдығы саға сальнигінен, үштармақтан, айқастырмадан, тиекті
краннан және кері клапандардан тұрады.
Саға сальнигі сальник басы көмегімен жылтыратылған штоктың шығысын
саңылаусыздандырады және өнімнің үштармақ арқылы өтуін қамтамассыз етеді.
Үштармақ СКҚ муфтасына бұралады. Шарлы қосылыс сальникті штоктың СКҚ осімен
сәйкес келмеген жағдайдағы сальник басының өздігінен қондырылуын
қамтамассыз етеді, тығыздауыштың (набивка) біржақты тозуын болдырмайды және
тығыздауышты ауыстыруды жеңілдетеді.
2.7 Терең сорапты ұңғымалар қоры динамикасы
Фонтанды ұңғымалар сулануының жоғарлауы, 1973 жылдан бастап
ұңғымаларды пайдаланудың машиналық әдісіне көшуіне себепкер болды. Мұнай
ұңғымаларын терең-сорапты қондырғылармен игеру, Батыс қазақстан бойынша
мұнай өндірудің негізгі әдістерінің бірі болып табылады.
Бұл тереңмен сорап қондырғысы арқылы сұйықты жоғары көтеру, әртүрлі
типті қондырғылармен іске асырылады.
С.Балғымбаев кен орында негізгі 2 түрлі группаға бөлінетін, штангалы
терең сораптармен мұнай өндіріледі. Олар:
1. Салынбайтын
2. Салынбалы
Кесте 2.4
Терең сорапты ұңғымалар қоры динамикасы
Жылдар 2009 2010 2011 2012
Ұңғымалар саны107 110 112 115
Кен орнын ұңғымалар қоры арқылы игеру 1975 жылдан бастап іске қосылды.
Жоғарыдағы таблицадан көретіні: 2009 жылдан 2012 жылға дейін ұңғымалар
саны 107 тен 115-ге дейін өсті.
2.8 Штангалы терең сорапты ұңғымаларды пайдалану
Мұнай ұңғымаларын штангалы терең сорапты әдіспен игеру, мнай өндіруде
қолданылатын көп тараған, механикаландырған әдістердің бірі. Штангалы
сорапты ұңғымалардың түсірілу тереңдігі 5500м, шығыны 400 ттәулігіне
келетін жағдайларда қолданылады.
Штангалы сорапты қондырғы жер асты және жер үсті құралдарынан
тұрады. Жер асты жабдықтарына кіретіндер штангілі ұңғыма сорабы (сору
клапынымен бірге). Сору клапаны поршенді - плунжердің төменгі шетінде
орналасқан, штангалар мен құбырларда жер асты жабдықтарына кіреді.
Жер асты құралдарына кіретіндер: тербелме-станок. Ол
электрдвигательдерден, кривошипты-шатуннан, балансирден, сағалық сальниктен
және үштіктен тұрады.
Тербелме-станок электродвигательдердің білігі айналысын балансир
басы немесе штанга іліну нүктесінің қайтымды-ілгермелі қозғалысына әкеледі.
Сорапты штангалар колонасына қайтымды-ілгермелі қозғалыс
электродвигательден редуктор арқылы немесе кривошипты-шатун механизмі
арқылы және сол штангалармен бірге қайтымды ілгермелі қозғалысқа келеді.
Цилиндрдің төменгі шетінде орнатылған сору клапаны жоғары жүріс
кезінде ашылады. Цилиндр құбырға ілінеді. Цилиндр ішінде ұзындығы 1-1,5 м
түрінде жоғары қарай ашылатын айдау клапаны бар пармень-плунжер қозғалыста
болады.
Плунжер штангаға ілінеді. Плунжердің жоғары қозғалысы кезінде,
сұйық сору клапаны арқылы, қысым күші әсерінен цилиндрдің ішк төменгі
бөлігін толтырады.
Плунжердің төмен қозғалысы кезінде сору клапаны жабылады, плунжер
астындағы сұйықтың сығылады да айау клапаны ашады. Осындай жолмен ашық
клапанды плунжер сұйыққа толады. Келесі кезекті жоғары жүріс кезінде айдау
клапаны жабылады, ол плунжер үстіндегі сұйық қысымы әсерінен болады.
Плунжер поршенге айналады және сұйықтың биіктігі 0,6-6 метрге дейін
көтереді. Плунжер үстіне жиналған сұйықтың ұңғыма сағасына дейін жетеді,
одан әрі қарай үштік арқылы мұнай жинау құбырлары арқылы жинау қазандарына
құйылады.
2.9 Пайдалану коэффициенті және орташа-аралық период динамикасы.
Терең сорапты ұңғымалардың қалыпты жұмысы бұзылуының негізігі
себептері С.Балғымбаев кен орны өндірісінде, ұңғыманың қалыпты жұмысы
бұзылуы сирек емес. Олар электро-энергиясының болмауы, жөндеу жұмыстары
жүргізілуінен болады.
Өндіру ұңғымаларының тоқтауы мыналарға байланысты: құбыр алмастыру,
ұңғыманың құмдардан тазартылуы, пакер түсіру, сорап ауыстыру және
жоғарылулармен штанга ағытуларын жоюға ұңғымалар тоқтады ұзақтығын
пайдалану коэффициенті бойынша талдауға болады.
Кесте 2.5
Пайдалану коэффициенті динамикасы
Көрсеткіштер 2008 2009 2010 2011 2012
Пайдалану коэффициенті 0,961 0,935 0,945 0,966 0,966
Жөндеу аралық период 180 184 186 236 244,2
Кестеден көріп отырғандай, терең сорапты ұңғымаларды пайдалану
коэффициенті 0,961-ден 0,966-ға дейін өзгереді.
Жоспар бойынша пайдалану коэффициенті 0,97 болуы керек. Пайдалану
коэффициентінің жоспар бойынша орындалуының басты себебі ұңғымалардың
тоқтап қалуы. Ұңғыма жұмысы жөндеу аралық периодтық жоғарлауы – ұңғыма
жөндеуімен айналысатын жұмысшылардың басты міндеті.
2008 жылы жөндеу аралық период 180 күн, келесі жылдарда ол 2009 жылы 4
күнге, 2010 жылы 6 күнге, 2011 жылы 56 күнге және 2012 жылы 64 күнге өсті.
Бұл жоғарлауды жер асты жөндеу жүргізуде, жаңа техника мен
технологияның қолданылуымен түсіндіруге болады.
Терең сораптармен игергенде, сорап шығынын түсіретін факторларды атап
көрсетуге болады.
А) ол жоғарғы кеңістікте еркін газ болып, оның сорапқа беретін кері
жері;
Б) цилиндр мен плунжер шеттерінің желініп олардың арасынан сұйық ағып
кетуі мүмкін.
Егер жоғарыдағы кестеге қайта оралып қарайтын болсақ, жөндеу аралық
периодтық 180 күннен 244 күнге дейін өсуі ұңғымалар жөндеу жұмыстары сапалы
жүргізіліп, олардың жөндеу аралық периодының өскенін көреміз.
2.10 Терең сорапты ұңғымамен игеру кезінде кездесетін құм пайда
болуымен күресу жолдары
Штанга сорап қондырғысының жұмысында қиындық келтіретін
факторлардың бірі айдалатын сұйықтың құрамында ұсақ құмдар болды.
Қабаттан мұнаймен бірге түскен құмдар ұңғыманың түп аймағында құмды
тығын (пробка) түзуі мүмкін. Осының нәтижесінде сұйықтың ұңғымаға келуі
азайып не болмаса тоқтап қалуы мүмкін. Сонымен қатар түскен құм сораптық
жоғарғы бөлік детальдарын бүлдіріп, цилиндр мен плунжер арасындағы қуыс
және клапан арқылы сұйықтың ағып кетулерін көбейтіп жібереді, кей
жағдайларда плунжер жұмысын бұзып, штанганың үзулерін әкеледі. Бұндай
жағдайда ұшыраған ұңғымаларға кететін жөндеулер бірнеше апталарға созылуы
мүмкін, өйткені жер асты қралдарын жөндеу және сорап ауыстыру көп уақытты
керек етеді.
Сорапты ұңғымалардағы құмның келтіретін қиыншылықтармен күрес, үш түрлі
бағытта жүргізіледі. қабаттан құмның түсуін ұңғымалардан алынатын сұйықты
азайту жолымен реттеу. Түпте арнайы сүзгілер орнату және химиялық
реагенттер арқылы құмның түп аймағына бекуі, ұңғымаға түскен барлық
құмдардың бетке шығарылуын қамтамасыз ету; сорапқа кірер жерде, әртүрлі құм
мөлшері немесе жөнделетін сүзгілер арқылы айыру (сепарация).
С. Балғымбаев кен орнында жоғарыда көрсетілген сорапты ұңғымалардағы құммен
күре жолдарының біріншісі қолданылады, бұл сұйықты алуды реттеп, оны құмды
ұңғымаларда меңгеру. Меңгеру алдында сұйық алу жүргізіледі, егер осы
жағдайда ешқандай құмдар байқалмаса, онда сұйық алу жоғарлатылады, бірақ 20-
25%-тен көп емес. Осыдан соң, ұңғыма жұмысы жақсы жолға қойылса, онда одан
әрі 20-25%-ке өсіреді, тағы солай жалғастырыла береді.
Егер осындай кезекті сұйық алуды жоғарлатуда, құмдар пайда болса, онда
шектейміз, яғни азайтамыз. Кен орында ұңғымаларды жөндеуден шығарғаннан
кейін, жоспарлы іске қосу арқылы жіберіледі.
Сұйық алуды өзгерудің техникалық әдістері және “жоспарлы іске қосу”
айдау режимін өзгерту арқылы (тербеліс саны, жүріс ұзындығы) немесе сорап
арқылы (тербеліс саны жүріс ұзындығы) немесе сорап арқылы өтетін сұйықтық
құмсүзгіш концентрациясын кішірейту үшін, ұңғыманың құбыр аралық
кеңістігіне таза мұнай қою арқылы жүргізіледі.
2.11 Терең сорапты ұңғымаларды зерттеу жұмыстары
Штангалы терең сорапты ұңғымаларды зерттеу, ағынды оқып-үйрену,
индикатордың қисық тұрғызу және сондай-ақ сораптың өзінің жұмысын және беру
коэффициент өзгерісін түсіндіреді.
Мұнай-газ және су шығындарының түп қысымына, терең сорапты
ұңғымалардағы динамикалық деңгейге тәуелдігі тұрақтандырылған сұйық алу
әдісі арқылы анықталады. Тұрғызылған тәуелділік негізінде, депрессия арқылы
ашылған өнімділік коэффициенті анықталады және ұңғымаларды игеру режимі
жасалады.
Штангалы – сорапта қондырғының алатын сұйығының - өзгерісіне қол
жеткізу: шток жүріс өзгерісі арқылы, кривошиптегі қойылуы арқылы болады.
Кейбір жағдайларда сұйық алудың өзгерісіне, сорап өлшемін ауыстыру арқылы
қол жеткізеді. Бірақ, бұл операция өте күрделі, өйткені ұңғымаға жер асты
жұмыстарын жүргізуге тура келеді.
Ұңғыма шығыны зерттеу жұмысы кезінде, штоктың жүріс жүріс ұзындығы
кішірейту және үлкейту, балансир ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz