Осман империясының әлеуметтік-экономикалық дамуы және араб елдерін жаулап алуы



КІРІСПЕ
1. Осман империясының саяси әлеуметтік. экономикалық дамуы

1.1. Осман империясының қалыптасу тарихы мен мемлекеттік құрылысы ... ..6

1.2. Осман қоғамының әлеуметтік.экономикалық құрылымы ... ... ... ... ... ... .13

2. Осман империясының араб иеліктері

2.1. Османлылардың әскери.жаулаушылық жүйесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...20

2.2. Араб елдеріне түрік билігінің орнауы: алғы шарттары, барысы және салдары ... ... ...25

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... 33

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Түркия мен Қазақстанның арасындағы байланыс ежелгі кезден бері келеді. «Біздің түп тамырымыз бір, екі ағайынды халықтардың өкіліміз, Арыстанбаб, Қожа Ахмет Ясауи, Аль-Фарабидің тұқымдарымыз» деген сөздің жаны бар.
Түркия мемлекеті ең бірінші болып Қазақстан Республикасының тәуелсіздігін мойындаған ел. Осы жылдан бері президентіміз Н.Ә.Назарбаев Түркия мемлекетіне көптеген іс-сапарларымен барып келді. 2003 жылдың мамыр айында елбасының Түркияға 14-ші іс сапары болды. Онда ол Түркияның президенті Ахмет Недждет Сезермен кездескен болатын.
Көріп отырғанымыздай біздің ел үшін Түркия мемлекеті өте үлкен маңызды орын алады. Яғни осы елдің тарихын білу өзекті мәселе болып келеді. Түркияның тарихында үлкен орын алатын, маңызды кезең ол – XIVғ аяғы мен XVIIIғ Осман империясындағы әлеуметтік саяси және билігіндегі құрылымдар жағдайы. Осы кезең түрік тарихында өзіндік ролі бар, тарихта өзіндік із қалдырған Осман империясының құрылғаннан оның құлдырау кезеңі болды.
1. Васильев Л.С. История Востока / Л.С. Васильев. - Москва:Высшая школа, 1993. – 495с.
2. Тортаев С. Осман бейлігі Осман түріктері мемлекетінің негізі болды / С.Ә. Тортаев // Аңыз адам №10(70) Мамыр 2013. 12-13с.
3. Қалқан И. Осман империясы оның негізін қалаушы Осман ғазидың атымен аталады / И. Қалқан // Аңыз адам №10(70) Мамыр 2013. 15с.
4. Витол А.В. Османская империя (начало XVIII в)/ А.В. Витол. – Москва:Наука, 1987. – 136с.
5. Шамшиденова Ф. Селим сұлтан ұлының атын Сүлеймен пайғамбардың құрметіне Сүлеймен деп қойған / Ф. Шамшиденова // Аңыз адам №10(70) Мамыр 2013. 5-9с.
6. Егор О. Всемирная история. ІІ том / О. Егор. – Москва:АСТ, 1999. – 690с.
7. Тортаев С.Ә.Орта ғасырлардағы және Азия және Африка тарихы / С.Ә. Тортаев. – Алматы:Nurpress, 2009. – 400с.
8. Еремеев Д.Е., Мейер М.С. История Турции в средние века и новое время/ Д.Е. Еремеева, М.С. Мейер. – Москва:Университет, 1992. – 246с.
9. Елхадж Ахмед Али паша. Османски политически трактат. Подг. за печат Б.Цветкова. / Елхадж Ахмед Али паша. - София:НБКМ, 1972. – 151с.
10. Жуков К.А. Османские хроники XV-XVIIвв. о создании войск «яя ве мюселлем». -Turcologica . 1986. К восьмидесятилетию академика А.Н.Кононова. / Ленинград, 1986.
11. Ковтунович Г.О. История Востока. Т.3 на рубеже средневековья и нового времени. XVI-XVIII вв / Г.О.Ковтунович. – Москва: «Восточная литература», 1999. – 461с.
12. Гасратян М.А., Орешкова С.Ф., Петросян Ю.А. Очерки истории Турции. / М.А. Гасратян, С.Ф. Орешкова, Ю.А. Петросян. – Москва:Наука, 1983. – 200с.
13. Фрейденберг М.М. Дубровник и Османская империя. / М.М. Фрейденберг. – Москва:Наука, 1989. – 303с.
14. Еремеев Д.Е. На стыке Азии и Европы. Очерки о Турции и турках. / Д.Е. Нремеева. - Москва:Наука, 1980. – 254с.
15. Тортаев С.Ә. Орта ғасырлардағы Шығыс елдерінің тарихы. / С.Ә. Тортаев. - Алматы:Кітап, 2009. – 200с.
16. Жуков К.А. Проблема происхождения тимара в современной историографии. – Письменные памятники и проблемы истории культуры народов Востока: XVI годичная научная сессия ЛО ИВ АН СССР. / К.А. Жуков. - Москва, 1982. - 302с.
17. Люблинская А.Д. Источниковедение истории средних веков. / А.Д. Люблинская. – Ленинград:Университет, 1955. – 367с.
18. Удальцова З.В. Записки янычара. / З.В. Удальцова. - Москва: Наука, 1978. – 135с.
19. Мейер М.С. К вопросу о происхождении тимара. Формы феодальной земельной собственности и владения на Ближнем и Среднем Востоке. / М.С. Мейер. - Москва:Наука, 1979. – 261с.
20. Жүніс Қ. Осман сұлтандары янычарлар арқылы өздерін бұйрықты мүлтіксіз орындайтын әскермен қамтамасыз етті / Қ. Жүніс // Аңыз адам №10(70) Мамыр 2013. 26-27с.
21. Мейер М.С. Османская империя в XVII в: Черты стуктурного кризиса. / М.С. Мейер. – Москва:Наука, 1991. – 261с.
22. Кинросс Лорд. Османлы империясының гүлденуі мен құлауы / Кинрос Лорд. - Москва:КРОН-ПРЕСС, 1999. – 136с.
23. Новичев А.Д. История Турции. Т.1. / А.Д. Новичев. -Ленинград: Университет, 1963. – 222с.
24. Османская империя и страны Восточной и Юго-Восточной Европы в ХҮ-ХҮІ вв./ Москва: Наука, 1984. – 236с.
25. Түркі мемлекетінің тарихы. Динашбаева Л., Пала А. / Л. Динашбаева, А. Пала.- Алматы, 2014. – 348с.
26. Аманжолов К.Р. Түркі халықтарының тарихы 2 кітап. / К.Р. Аманжолов. - Алматы «Білім» 2002. 300с.
27. Хитцель Ф. « Османская империя» / Ф. Хитцель. - Москва: Наука, 2006. – 384с.
28. Орешкова С.Ф. Османская империя, государственная власть и социально-политическая структура. / С.Ф. Орешкова. - Москва «Наука», 1990. – 337с.
29. Құрманбаев Қ. Осман сұлтандары Араб елдерін дамытуға көп көңіл бөлді / Қ. Құрманбаев // Аңыз адам №10(70) Мамыр 2013. 30-31с.
30. Орешкова С.Ф. Русско-турецкие отношения в начале XVIII в. / С.Ф. Орешкова. – Москва: Наука,1971. 322с.

Пән: Жалпы тарих
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 40 бет
Таңдаулыға:   
Осман империясының әлеуметтік-экономикалық дамуы және араб елдерін жаулап алуы
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ
1. Осман империясының саяси әлеуметтік- экономикалық дамуы

1.1. Осман империясының қалыптасу тарихы мен мемлекеттік құрылысы ... ..6

1.2. Осман қоғамының әлеуметтік-экономикалық құрылымы ... ... ... ... ... ... .13

2. Осман империясының араб иеліктері

2.1. Османлылардың әскери-жаулаушылық жүйесі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ..20

2.2. Араб елдеріне түрік билігінің орнауы: алғы шарттары, барысы және салдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .25

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 33

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... 34

КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі. ... Біздің Түркиямен, күллі мұсылман әлемімен жақын қатынастарымыз да тұрақты назарда болуға тиіс деп 2004 жылы 24 наурыздағы елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев халыққа жолдауында сыртқы саясатының маңызды бөлігінің бірін көрсетті.
Түркия мен Қазақстанның арасындағы байланыс ежелгі кезден бері келеді. Біздің түп тамырымыз бір, екі ағайынды халықтардың өкіліміз, Арыстанбаб, Қожа Ахмет Ясауи, Аль-Фарабидің тұқымдарымыз деген сөздің жаны бар.
Түркия мемлекеті ең бірінші болып Қазақстан Республикасының тәуелсіздігін мойындаған ел. Осы жылдан бері президентіміз Н.Ә.Назарбаев Түркия мемлекетіне көптеген іс-сапарларымен барып келді. 2003 жылдың мамыр айында елбасының Түркияға 14-ші іс сапары болды. Онда ол Түркияның президенті Ахмет Недждет Сезермен кездескен болатын.
Көріп отырғанымыздай біздің ел үшін Түркия мемлекеті өте үлкен маңызды орын алады. Яғни осы елдің тарихын білу өзекті мәселе болып келеді. Түркияның тарихында үлкен орын алатын, маңызды кезең ол - XIVғ аяғы мен XVIIIғ Осман империясындағы әлеуметтік саяси және билігіндегі құрылымдар жағдайы. Осы кезең түрік тарихында өзіндік ролі бар, тарихта өзіндік із қалдырған Осман империясының құрылғаннан оның құлдырау кезеңі болды.
XVI ғасыр Осман империясының әскери және саяси күшінің гүлденген кезеңі. Осы кезде Осман империясы өз құрамына Таяу Шығыс және Солтүстік Африка территорияларын енгізді. Үздіксіз агрессиялық соғыстар нәтижесінде үлкен империя қалыптасты. Оның билігі әлемнің үш бөлігіне таралды: Европа, Азия және Африка. Ортағасырлық Түркияның Таяу Шығыстағы басты қарсыласы Иран осы кезде әлсірейді. Сауда жолдарындағы Осман империясының тағы бір қарсыласы Египет жеке мемлекет ретінде өз тәуелділігін жоғалтты. Нәтижесінде ол империя құрамына кірді.
Осман империясы жаулап алынған мемлекеттердің әлеуметтік-экономикалық және саяси құрылымына, мәдениетінің, тілінің, дінінің дамуына өзінің үстемдігі арқылы ықпал етті.
Мақсаты мен міндеттері.
Осман империясының мемлекеттілігін зерттеу мәселесі өзекті болғандықтан оның зерттеу обектісі ретінде де арнайы қарастырылуы қажет. Ортағасырлық Осман империясының мемлекеттік құрылымының даму тарихын зерттей отырып, алдымызға Ортағасырлық Осман империясының мемлекеттік билігі мен әлеуметтік саяси құрылымын ашып көрсетуді мақсат қойдық. Осман империясының мемлекеттік билігі мен саяси-әлеуметтік құрылымы күрделі құбылыс болғандықтан оны жан-жақты зерттеу қажет сондықтан алдымызға қойған мәселені зерттеу үшін бірқатар міндеттер орындалуы керек. Ең алдымен:
- Түрік мемлекетінің қалыптасу тарихы мен мемлекеттік құрылысының негізгі сатыларын көрсету;
- Осман қоғамының әлеуметтік-экономикалық құрылымына мінездеме беру;
- Осман мемлекетінің жаулап алу саясаты мен жаулаушылық жүйесін ашып көрсету;
- Араб елдеріне түрік билігі орнауының алғы шарттарын айқындау.
Осы міндеттер арқылы ортағасырлық түркі қоғамының мемлекеттік және қоғамдық-әлеуметтік тарихы толық зерттеледі.
Тарихнамасы. Орта ғасырлық Түрік мемлекеті туралы зерттеулер шығыс тарихнамасында кездеседі. Осман империясы кезеңі ғылыми тұрғыдан көптеген түрік тарихшыларының зерттеу жұмыстарында қарастырылады. Әсіресе Осман империясының жаулап алушылық соғыстарына жиі көңіл бөлінеді. Өйткені империяның саяси және экономикалық құрылымының негізінде әскери жаулап алышылық соғыстар болғаны белгілі.
Васильев Л.С. "История Востока" деген еңбегінде Осман империясының арабтарды жаулап алуы, янычарлар әскерінің құрылуы мен қалыптасуы жайлы біраз жазылған.
Авторы белгісіз Записки янычара деген еңбекте Осман империясы құрылғаннан бастап билі құрған сұлтандар жайлы қысқаша мағлұматтар және османлылардың әскери тактикасы жайлы толымды деректер келтірген.
Түрік тарихшылары Осман империясының тарихын зерттеуде көбінесе сұлтандар мен визирлердің және басқа беделді қызметкерлердің жағдайын сипаттаумен айналысса, кейін Түрік республикасы құрылғаннан кейін тарихнамада ұлттық концепция байқалады. Осы бағытта түрік тарихшыларының алдындағы басты мақсат Түрік тарихының ерекшелігін көрсете отырып, европалық тарихшылардың түркітер туралы дәстүрлі де қате көзқарастарын жоққа шығару. Бұл туралы 1990 жылы басылып шығарылған Османская империя, государственная власть и социально-политическая структура атты еңбекте айқын көрінеді. Аталған еңбекте Түрік мемлекетінің қалыптасуының алғы шарттары мен себеп-салдары айтылған және оған тарихшылар өз тарапынан баға бере отырып, Осман империясының даму ерекшелігі көрсетілген.
Кеңес тарихышлары да Осман империясы кезеңіне қатысты тарихманада өз үлестерін қосқан. Осман империясына қарсы көтерілістер көбіне саяси жағдайлар негізінде басталғандығын дәлелдейді. Тарихшы М.С. Мейер сияқты кеңес зерттеушісі өзінің Османская империя в XVII в: Черты стуктурного кризиса атты еңбегінде Осман империясының мемлекеттік құрылымы мен саяси-экономикалық жағдайын зерттей отырып, оған өз тарапынан баға берген. Көптеген тарихшылардың зерттеуі бойынша Осман империясы түрік мемлекеттілігінің негізін салуға түрткі болғаны туралы ой бөліседі.
Зерттеу жұмысымыздың хронологиялық шеңбері XIV ғасырдан XVIII ғасырға дейінгі аралықты қамтиды. Бұл кезең Ортағасырлық түрік мемлекетінің тарихын толық ашып көрсетеді.
Зерттеу объектісі: Осман империясының араб елдерін жаулап алуы.
Жұмыстың құрылымы.
Осман империясының саяси билігі мен саяси-әлеуметтік құрылымы бойынша зерттеу жұмысымыз кіріспеден, екі тараудан, әр тарау бірнеше параграфтан, қортындыдан, сілтемеден және пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады. Кіріспеде зерттелгелі отырған мәселенің өзектілігі мен оның тарихнамасы және зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері ашып жазылған.
Бірінші тарауда XVI-XVIII ғасырлардағы Осман империясының саяси-әлеуметтік және экономикалық тарихы зерттелген. Осы тұрғыда Осман империясының мемлекеттік құрылысыда қарастырылған. Сонымен қатар Осман қоғамының әлеуметтік құрылымы және оның ерекшеліктері толық зерттелген.
Екінші тарауда XIV-XVI ғасырлар аралығындағы Түрік мемлекетінің шарықтау шегі қарастырылған. Сонымен қатар әскери-лендік жүйе және оның Осман мемлекетінің әскери өміріне тигізген әсері қарастырылған. Осман үкіметінің жаулап алу саясаты мен оның Түрік мемлекетінің құрылысына тигізген әсеріде осы тарауда зерттелген.

1. Осман империясының басқару жүйесі

0.1. Осман империясының қалыптасу тарихы мен мемлекеттік құрылысы

ХІ ғасырдың 40-жылдары Шығыста жаңа түркілік мемлекеттің жұлдызы жанды. Ол селжүк түріктерінің мемлекеті еді. Жаңа мемлекеттің негізін 993-1063 жылдары өмір сүрген Тоғрыл-бек қалады. Ол Х-ХІ ғасырларда Сырдарияның ортаңғы ағысы мен Қаратау маңын мекендеген оғыз тайпалық одағындағы қайы руының көсемі Селжүк ибн Тугактың немересі болатын. Х ғасырдың аяғында Селжүк бастаған топ Сырдарияның төменгі ағысына қоныс аударып, аралдық оғыздар көтерілісін қолдады. Көтеріліс басылған соң Селжүкті қолдаушылар Мауереннахрға қоныс аударды. Ол кезде Мауереннахрда саманилер шығыстан қауіп төндірген қарахандықтармен күресіп жатқан еді. Селжүктер саманилер жағында шайқасып, жеңіліс тапты. 999 жылы саманилер мемлекетін қарахандар басып алды. Селжүктер енді қарахандар жағында ғазнауларға қарсы соғысты. 1008 жылдан бастап селжүктер ғазнаулердің қорғауында болды. 4000 түрікпен селжүктеріне Амудариядан өтіп, Серахс пен Авиберда (қазіргі Түркмения) маңында қоныстануына рұқсат берілді. Тарихшылар Махмұд сұлтанның бұл ісін үлкен ағаттық деп санайды. Селжүктер Хорасанға қоныстанған соң жергілікті халыққа зәбір көрсете бастады. 1025 жылы ғазнауилер Селжүк ибн Тугактың үлкен ұлы Исраилды тұтқындап, түрмеде өлтірді. 1028 жылы Махмұд Ғазнауи селжүктерді Хорезмге қуып тастады. Бірақ 1030 жылы билік үшін күрес кезінде ол селжүк түріктерін өз жағына тартты. Солардың көмегімен 1031 жылы қаңтарда таққа отырды. Селжүктер Балхан тауына қоныс тепті. 1035 жылы Селжүк ибн Тугактың баласы Мұса ибн Тугактың баласы Мұса ибн Селжүк пен немерелі Дауд Шағрыл-бек, Мұхаммед Тоғрыл-бектер бастаған түріктер Амудария өзенінен өтіп, қазіргі Түркмения жеріне қоныс тепті. Олар Махмуд Ғазнауиден Ниса мен Ферав жерлерінен малдарын бағып, көшіп қонып жүретін жайылым сұрады. Ақысына әскери қызмет атқарып, салық төлеп тұруға міндеттенді. Ғазнауилердің әмірі Хорасаннан айырылып қалудан қауіптеніп, 1035 жылғы жазда селжүктерге қарсы әскер жүберді. Бұл кезде күшейіп үлгерген селжүктер, сұлтан әскерін талқандайды. Мұса, Тоғрыл-бек пен Шағрыл-бек Махмұд Ғазнауимен келісім-шарт жасасып, қоныстанған жерлеріне қоса Дахистан (қазіргі Батыс және оңтүстік Түркмения) облысын иемдене тұруға алды. 1038 жылы Махмұд Ғазнауи селжүктік түріктерге қарсы Сюбасшы басқарған әскер жіберді. Серахс маңында селжүктер бұл әскерді де талқандады. Тоғрыл-бек Нишапурде сұлтан деп жарияланды. Теджен өзенінің бойындағы Дих-и Базарген ауылының маңында қантөгіс шайқас орын алды. Біраз үзілістен кейін 1039 жылдың қысында соғыс қайта жалғасты. Сол жылғы қараша айында Махмұд Селжүк түріктеріне қарсы кезекті жорығын бастады. Тоғрыл-бек 1040-1050жылдары аралығында Хорезмді, бүкіл Иранды, Әзірбайжанды, Күрдістан мен Иракты басып алып, өз билігін орнатты. 1049 жылы арменияны, 1055 жылы Бағдат қаласы да селжүктердің қоластына көшті. 1071 жылы селжүктер Манцикерт маңында византиялықтарды жеңді. 1071-1081 жылдар аралығында селжүктер Кіші Азияны т.б. жерлерді жаулап алды[1,281].
Отыз жылға жуық созылған феодалдық өзара қырқысулардан кейін Керманды, Хорасан мен Батыс Иранды хорезмдіктер басып алды. Селжүктер тек Кони сұлтандығын ғана сақтап қалды. Кони (Рум) сұлтандығы әсіресе Алад-дин Кей Қуат (1219-1236) сұлтанның тұсында күшейді. Ол Қырымға жорық жасап, қыпшақтарды жеңді, олардан судак қаласын тартып алды. 1239 жылы Баба Исхак басқарған көтерілісте олар сұлтан жібереген әскерді жеңіп, Амасью қаласын басып алды. Сұлтан ІІ Кей-Хосроу көтерілісті әрең басты. Көтеріліс сұлтанатты әлсіретті. 1243 жылы моңғолдар Кесе-даг маңында селжүк әскерін талқандады. Кей-Хосроу ІІ моңғолдың ұлы ханына тәуелділігін мойындады. 1307 жылы Рум сұлтандығы моңғолдарға бағынышты бірнеше бейлікке бөлініп кетті. Сол бейліктің бірі - Осман бейлігі 1299 жылы аяғында құрылған Осман түріктері мемлекетінің негізі болды[2,12].
Осман ғази немесе Осман-бей - алты жүз жылдан астам уақыт өмір сүрген атақты Осман империясының тұңғыш патшасы. Ол 1258 жылы Сөгут жерін мекендеген қайы тайпасының билеушісі Ертоғрұл ғази мен Хайме ананың шаңырағында дүниеге келеді. 1281 жылы әкесі қайтыс болысымен Осман сұлтан тайпа билігін өз қолына алады. Ол аз уақытта селжүктерден алған өз билігіндегі жерді Византияның есебінен кеңейтіп, күшейе бастады. 1299 жылы Билежик пен Ярһисар аймақтарын өзіне қаратып, византиялықтарға күйрете соққы берді. Осыдан бастап түріктердің жеңісті жорықтары бірінен кейін бірі жалғаса береді. Осман ғази қайы тайпасын негіз етіп, үлкен мемлекет құрады. Мемлекет оның негізін қалаушы Осман ғазидың атымен аталады[3,15]. Аса сабырлы, ержүрек адам болғандықтан, ол басқарған елде тұрақтылық орын алады. Осылайша шағын бектік аз уақыттын ішінде күшті бектікке айналды. 1299 жылы Билежикті бағындырған Осман ғази оны өз бектігіне астана етеді. Іле-шала Көпірхасир, Китехисар, Қарахисар, Ақхисар бекініс-қалаларын басып алды. Ал 1308 жылы Изник пен Бурса қалаларын қоршауға алды. Византиялықтардың ең маңызды орталықтары болып есептелген осы екі қаланы алуды армандап жүреген Осман ғази бұл кезде сырқаттанып жүретін сол себепті өзінің орнына ұлы Орханды әскерге бас қолбасшы етіп тағайындайды. 1326 жылы Орхан ғази Бурсаны бағындырады. Соңғы демін алып жатқан әке ержүрек ұлының жеңісіне куә болады[4,15].
1. Осман патшалары:
2. Осман І Қасиетті (12991300-1324)
3. Орхан Жеңімпаз (1324-13591360)
4. Мұрад І Билеуші (13591360-1389)
5. Баязид І Найзағай (1389-1402)
6. Сүлеймен Челеби (1403-1410)
7. Мұса (1410-1413)
8. Мехмед І Челеби (1413-1421)
9. Мұрад ІІ (1421-1451)
10. Мехмед ІІ Фатих Жаулаушы (1451-1481)
11. Баязид ІІ Қасиетті (1481-1512)
12. Селим І Қаһарлы (1512-1520)
13. Сүлеймен І Заңшыл (1520-1566)
14. Селим ІІ Ішкіш, Сары (1566-1574)
15. Мұрад ІІІ (1574-1595)
16. Мехмед ІІІ Әділ (1595-1603)
17. Ахмед І Жолы болғыш (1603-1617)
18. Мұстафа І (1617-1618, 1622-1623)
19. Осман ІІ Балғын (1618-1622)
20. Мұрад ІV Қасиетті (1623-1640)
21. Ибрахим І Ессіз (1640-1648)
22. Мехмед ІV Аңшы (1648-1687)
23. Сүлеймен ІІ (1687-1691)
24. Ахмед ІІ (1691-1695)
25. Мұстафа ІІ Жеңімпаз (1695-1703)
26. Ахмед ІІІ (1703-1730)
27. Махмұд І Бүкір (1730-1754)
28. Осман ІІІ (1754-1757)
29. Мұстафа ІІІ (1757-1773)
30. Абдул-Хамид І (1773-1789)
31. Селим ІІІ (1789-1807)
32. Мұстафа ІV (1807-1808)
33. Махмұд ІІ Әділ (1808-1839)
34. Абдул-Мажид І (1839-1861)
35. Абдул Азиз (1861-1876)
36. Мұрад V (1876)
37. Абдул-Хамид (1876-1909)
38. Мехмед V Решад (1909-1918)
39. Мехмед VІ Вахитдеддин (1918-1922)
40. Абдул Мажид ІІ Қуыршақ патша (1922-1924) [5,7].
Жаңа дәуірден бастау алған шағында ислам әлеміндегі күштердің түпкілікті түрде жаңаша топтастырылуы болды. Мамлүк сұлтандығы Темірдің қаһарлы патшалығы, Дели сұлтандығы және құлдырай бастаған Алтын Орданың орнында жаңа қуатты патшалықтар пайда болды. Олар, ең алдымен Ұлы Моғолдар, Сефевиттер және Осман патшалықтары. 1453 жылы Констанинопольды басып алғаннан кейін Осман мемлекеті халықаралық саясатта бірінші орынға шыққан әлемдік державаға айналды. Қайта өрлеу дәуірінде Осман патшалығы христиандық Еуропаның басты жауы болып табылды. Ол католик шіркеуіне, князьдар мен дворяндарға қарсы шыққан барлық күштердің жиылу орталығы болды. 1454 жылы көпке танымал раввин Исхак Сарфати өзінің діндестерін осман түріктерін жан-жақты қолдып, солардың иеліктеріне, еврейлердің жаңа отанына көшуге шақырды. Германияның еврейлік қауымдастықтарының көбі оны жақтады. 1485 жылы Испания мұсылмандары Стамбұлға өкілдерін жіберіп, көмек сұрайды. Антикотоликтік ағымдардың бәрі - дунай антитринитарилерінен бастап француз гугеноттарына дейін - түріктердің көмегіне сенген еді.
Ал ислам жерінде османдар жағынан көмекке тіпті кәміл сенетін. Солтүстік Африка, Араб Шығысы, Қырым және Үндістан мұсылмандары Стамбул билеушілерінен қорғаныш пен қамқорлық іздеді. Константинопольды басып алғаннан кейін ислам әлемінде осман мемлекеті - айшық елін тәртіпке келтіре алатын, әділдік орнатып, сыртқы жаудан қорғай алатын айта жаңғырған шығыс қағанат деген тұрақты пікір қалыптасты[6,205].
Өз билігін сұлтан жоғарғы дін адамдары мен ірі әскербасыларынан тұратын патшалық кеңеспен (диван-и хумайюк) бірге жүзеге асыратын. Осман патшалығының саяси құрылыстары билік бірлігі мен ұжымдық басқару қағидаларына сүйенгендігін ерекше атап айту керек. Ұжымдық басқару деген келіспеушілікті немесе консенсусты талап еткен және барлық мұсылмандардың еркін білдірген шешімдерді талқылап таразылап қабылдау шура, яғни кеңестік қағида. Осыдан Осман патшалығында заң шығарушы, атқарушы және соттық билік және де діни немесе әкімшілік функциялары арасында нақты бөліну болған жоқ. Олардың бәрі бір қолда болды да бір-бірін толықтырып тұрды. Бұл саяси құрылымдар ұжымдық басқару органдарында - билік етуші кеңестердің атынан жүзеге асыратын.
Ең ірі территориялық бөлімшелер билер биліктер болды. ХVІ ғасыр басында олардың саны үшеу болды. Олар - Румели (орталығы Эдирнда), Анадолу (Анкара мен Кютахйя), Рум (Амасья, Сивас). 1520 жылға қарай алтау, ал 1610 жылы отыз екігі жетті. 1590 жылдан бастап олар эйалеттер деп аталды. Провинциялар уездерге бөлінді. Қалалар үлкендігі мен маңыздылығына байланысты эйалетқа немесе санжакқа, кейде нахияға бағынды. Бірқатар аудандарда, әсіресе таулы жерлерде (Күрдістан, Ливан) автономиялық бірліктер болды. Олардың жергілікті әулеттер басқарды. Олар белгілі бір дәрежеде санжак немесе нахия шеңберіндегі вассалдық мемлекетке ұқсас келді. Жергілікті әулеттер өздеріне бағынышты халықпен қарым-қатынасын осман әкімшілігі жағынан ешбір бақылаусыз жасады. Бірақ әскери жағынан олар тиісті осман әкімшілігіне бағынды, эйалеттердің жасақтарына қатысты. ХVІ ғасырда Мысыр мен тағы бірқатар араб елдерін бағындырғанда сальяне деп аталған салық төлейтін Эйалеттер құрылды. Сальяне - қазынаға немесе билерби апаратын қамтамассыз етуге жұмсалатын төлем. Өздерінің орталық билікпен қарым-қатынастарын олар алым-салықтық немесе вассалдық үлгіде құрылды. ХVІ ғасырдың ортасы мен ХVІІ ғасырдың басында османдардың жаулап алған немесе өздеріне бағындырған жерлердің бәрі сондай дәреже алды[7,283].
Османдардың әкімшілік-саяси құрылысының ең бір керемет ерекшелігі милеттер болды. Ол - ішкі өзін-өзі басқаруда кең құқықтарға ие болған өзге діндегі халықтың автономды діни саяси құрылымдары, ХVІ-ХVІІ ғасырлары үш мемлекет болды: рум милеттер (армияндық миллет). Бұлардың біріншісі Осман патшалығының православиелік халқын, екіншісі - әртүрлі еврей коенгрегацияларын (және караимдер мен самаритяндарды), үшіншісі - армян-грегориандар мен басқа да шығыс христиандық, халкидондық емес конфессияларды (копталар, яковиттер, несторлықтарды) біріктірді.
Сұлтанның жоғарғы билігін мойындап, жизье деп аталған жан басына салынған салықты төлесе болды бұл милеттердің бәрі мәдениет бостандығына иеленіп өздерінің қауымдастық мәселелерін өздері шешетін болды. Нақты жері болмаса да, бұл шіркеулік-конфессионалдық мемлекеттердің толық ішкі егемендігі болды. Басқа сөзбен айтқанда, олардың егемендігі экстратерриториялық сипатта болды, яғни белгілі аумақтардың жұртына емес, тұратын жеріне тәуелсіз нақты бір адамдар әртүрлі билікке бағынды. Тек экономикалық және саяси өмір мәселелерінде ғана шешуші сөз мұсылман мемлекетінікі болды[8,137].
Милетті дін қізметкерлері басқарды. Оның басында миллет - басшы тұрды. Ол проваславиелік шіркеудің патриархы немесе өзге конфессияларда жоғарғы діни жетекші болып мойындаған адам болды. Мысалы, гахам-башы- патшалықтың басты раввины болып саналытын адам. Миллет-башы патшалық кеңестің мүшесі болды, сұлтанмен тағайындалды және де оның алдында милеттегі діни қызметкерлер мен миряндардың өкілдерінен тұратын диванмен бірге билік жасады. Миллет-башы миллеттің иерархтарын тағайындады. Оның жеке қазынасы, абақтысы, полициясы болды және ол әртүрлі салықтар мен құрбандықтар жинады. Сот, мектеп, діни және қайырымдылық ұжымдары соның қолында болды. Сот миллеттің заңдары мен дәстүрлеріне негізделді. Бұл заңдар жанұялық-некелік қатынастардын бәрін, меншіктік құқық, т.б. азаматтық және қылмыстық істерді реттеді.
Бірқатар эйалеттерде осман билеушілері мен жергілікті діни-этникалық азшылықтар (язидтер, друздар, андалустықтар, испандық мұсылмандар, т.б.) арасындағықарым-қатынас миллет жүйесі бойынша құрылғаның айта кету керек. Осман патшалығының қол астына өткенде оларға миллет құқықтарына ұқсас ішкі өзін-өзі басқару құқығы берілген еді[9,247].
Басқарудың ерекше саласы багшү девтердар басқарған қаржы-салық қызметі. Эйалеттерде оның өкілдері - провинция дефтердарлары болды. Оларға санжактардың дефтердарлары ірі қалалардың мемлекеттік меншігіне басшылық етушілер (шехир эминдер) және мамандандырылған басқармалардың басшылары бағынды: қазынашылар (хазинә), кірісті санау палаталары, қалалық және ауылдық мукатааларды басқарған басшылар (эмин) қызметіне жауап беретін мемлееттік меншік палатасы. Егер мукатаа (яғни жер, әртүрлі меншік, т.б.) тікелей мемлекет иелігінде қалса, олар хавасси хумайүн (патшалық мүлік) немесе жай ғана эманет деп аталды. Сөйтіп, мемлекеттің материалдық байлығын жинау, есептеу және бөлу ісін басқарған үлкен бюрократиялық аппарат түгелдей дефтердарлар мен оларға бағынышты қызметтердің қолында болды.
Алғашқы сынықтарды жүргізгенде жаңадан қосылған жерлерде жаулап алғанға дейін қалыптасқан ренталық қалыптар мен төлемлер сақталды. Балқанда және дунай елдерінде оларға мұсылмандарда қабылданған салық атаулары берілді (мысалы, ушр, хараж, ресм-и чифт, т.б.) Венгрия жерлерінің Осман Осман партиялылығына қосылғаннан кейін адам басына бір флорин көлемінде джизье салығы енгізілді. Алайда, бұл шариаттың дәстүрлі салықтарының бірі түп мәнінде османдардың жаулап алғанына дейін дәл осындай көлемде венгр қазынашыларының әр жанына жинаған алымының өзі болды. Яғни бұл салықтың атауы ғана өзгерген.
Дефтерлер мен канун- немерелерді құрастыру ісі тарихқа Кануни Заң шығарушы есімімен кірген І Сулеймен сұлтан тұсында аяқталды.
Тұрғындардан алынған ренталық-салықтық төлемдердің жалпы деңгейі осман қоғамының негізі салынған батыс анатолиялық-балқан аумағы үшін түгел бірдей болды. Бұл жерлерде османдардың басын алуына дейін болған ренталық-салықтық иемдену мен салыстырғанда оның деңгейі әлдеқайда төмен болды. Шаруалардың жұмыс істеу міндеттілігі толық өзгерді. Олар енді жылына үш күнді құрады. Шаруалардың кейбір топтарына белгілі бір тұрақты міндеттер артылды. Мысалы, жолдарды жөндеу, өткелдер мен асуларды күзеті, т.б. бұл үшін олар салықтарды төлеуден жартылай немесе түгелдей босатылды[10,152].
Сүлеймен Кануни тұсында салық салудың бұл жалпы османдық деңгейі, кейбір жергілікті ерекшеліктерді сақтай отырып, Шығыс Анатолия мен Қосөзенге таралды. Ол жергілікті тұрғындардың өтініші еді, өйткені мұнда Ақ қоюнлы мемлекетінен қалған салық жүйесі әлдеқайда қиын болатын. Солтүстік Африка елдерінде, әсіресе салықтар шаруа қожалығы пайдасының 2% құраған алжирда, салық көлемі біраз төмендеді. Осман патшалығының барлық бөліктерінде басыбайлы құқықтың, жеке тәуелдіктің ешқандай түрлерінің болмағандығын айта кету керек. Жалпы, көзбен көрген адамдардың баяндауы бойынша ХVІ-ХVІІ ғғ. Мұндағы шаруалардың жағдайы Батыс Еуропадағы көршілес елдерден артығырақ болды[11,216].
Алғашында тимарлар зеамет, яғни түсетін пайдасы 20мың акчеден артық тимар алған кавалерист-сарбаздар мен олардың әскери командирлеріне ғана берілді. Бірақ ХVІ ғасырда сипахтармен қатар салық пайдасына орталық мемлекет аппаратының шенеуніктері, сұлтан үйінің жоғары бағаланған малайлары мен кейбір кедейлер қосылып, ақшалай алатын төлем ақысының үстіне тимарлық рента алатын болды.
Осман дәуірінде барлық жер және су байлықтары умманы (мұсылмандар қауымы) жеке меншігі болып есептелді. Ол екі түрде көрінді: мемлекеттік (мири) және вакфтық. 1528 жылы мири үлесіне өнделетін жерлердің 87% вакфтық үлесіне - 13% келетін. Мүліктік жерлер жоққа тән болды. Мысалы, Анадолу эйалетінде 1520-1535 жж. Ауылды жерлерде мүліктік жер иелері 11278 ауылдың алпыс алтысын мекен салық төлеушілерінің 0,6% құрды. Мири жерлерінен жиналатын пайда тікелей қазынаға (эманетте) немесе әртүрлі рента бұйрықшыларының әмірлігіне түседі.
1528 жылы жалпы патшалық бойынша жиналған 437929006 акче пайданың 51% эманеттерге келді, ал 49% орталықсыздандырылған алынуларды құрады, соның ішінде 37% -тимарлар. Тимарлық және басқа да қызметтік еңбекақылардың көлемі әр провинцияда әркелкі болды. Шекаралық (майданға жақын) аудандарда ол бәрінен биік болды. Мысалы, Мысырда 1528 жылы әскериренталарға мемлекеттік кірістің 14%, Сирия мен Румелияда 52-ден, Жоғары Қосөзенде 69, Анатолияда 74%, оның үстіне 56%тимарлар келетін болды. Бұдан шығатын нәтиже: Румелия, Сирия, Қосөзен, әсіресе Анатолия тимарлар рента-салық жүйесі мен ауыл басқаруда басты әкімшілік-ұйымдастарушы белгі болы. Мысыр, Иемен және Солтүстік Африка елдерінде шаруаларды басқаруда мемлекеттік бюрократиялық қалыптар үстемдік етті.

1.2 Осман қоғамының әлеуметтік-экономикалық құрылымы
Осман патшалығының әлем державасы дәрежесіндегі негізгі әлеуметтік-саяси және экономикалық институттары ІІ Мехмед тұсында құрылған. ІІ Баязид кезінде (1481-1512жж) олар тәртіпке келтірілді және де Мехмед ибн Мырза (1480 жылы қайтыс болған) мен бірсыпыра осман үлемдерінің қызметімен байланысты нақты діни құқықтық негізге ие болды. І Селим (1512-1520жж) мен І Сүлеймен Кануни (1520-1566жж) дәуірінде мемлеттік институттарға ғасырлар бойы осман қоғамында үлгі тұту нысанасы болып келген толық аяқталған күйіне ие болды[12,105].
Осман мемлекеттілігінің негізінде ХІІ-ХІІІ ғғ. Акийлік және ғазилық қозғалыстар дәстүрі жатады. Өздерінің рәміздерінде олардың сайид аль-гуззат белгісін ерекше мақтан тұтуы тегін емес (сайид аль-гуззат - ғазылардың, яғни киелі соғыс сарбаздарының көсемдері). Шынында да, патшалықтың әскери, әлеуметтік және саяси институттарының көбі ертедегі осман ұйымдарының тікелей жалғасы мен дамуы болып табылады. К.Иналджик пен басқа да батыс-либералдық мектептердің түрік тарихшыларының оларды ерекше, Мұсылмандық Шығыс елдерінен өзгеше әлеуметтік-саяси институттар ретінде көрсетуге талпынулары қалаған нәрсесеін шындық етіп шығарғанға көбірек ұқсайды. ХІХ ғасырдың ортасына шейін замандастарды, кейінгі ұрпақ та Осман патшалығын нағыз халифат, шариғат қағидалары іс жүзінде қоғамдық, мемлекеттік және жеке өмірдің барық жақтарын реттейтін әлемдегі бірінші шариғаттық мемлекет ретінде қарастырды. Осман патшалығы тарихты мұсылман діні ресми мәртебе алып қызметтері мен функциялары нақты белгіленген кәсіби адамдардың ерекше иерархиялық ұжымын құрған алғашқы мемлекет болды. Османдардың ірі теологтары - Махмед ибн Фира-Мырза (Хүсрев молда), Ибрахим аль-Халеби (1458-1549жж), Шейх-заде (1667 жылы қайтқан), Әл-Хаскафи (1677 жылы қайтқан), т.б. - осман қоғамының идеялық-теориялық және құқықтық негізін жетілдірді. Османдардың шариғатты түсіндірулері соған негізделген. Мемлекеттік билік өкілдері өздерінің заң шығарушы, әкімшілік қызмет етуінде соған сүйенген. Биліктің қандайда болмасын іс-әрекетінің діни рұқсаты болу керек. Ол фетва - сарапшылардың белгілі бір әрекетінің шариғат қағидаларына сәйкестігі жөніндегі шешім түрінде берілді.
Билік басында Осман үйінің сұлтаны тұрды. Ол мемлекеттің рухани билеушісі, қасиетті заңдардың сақшысы, орындаушысы және түсіндірушісі болып есептеледі. Қанда да болмасын тоекратиядағы жоғарғы билік тәуелсіз болмады. Осман сұлтандарының еуропалық монархтардан айырмашылығы - олар шешім қабылдауды тым шектеулі болды, алдын ала берілген құндылықтар шеңберінен шыға алмады. Әйтпесе халықтың ревалюция жасауға құқығы болды. ХVІ-ХVІІ ғасырларда он бес сұлтанның алтауына шариғатты бұзғаны үшін айып тағылып, олардың екеуі өлім жазасына тартылды. Патшалықты басқару биліктің екі жолы бойынша жүзеге асырылды: әскери-саяси және шариғаттық, яғни кадийлік немесе діни-соттық аппарат. Әскери-саяси биліктің басшысы ұлы везир болды, эйалет деңгейінде - билерби (1590 жылдан-вали), әрі қарай - санжакби мен субашы (әскербасы). Олардың әрқайсысы өз жерінде тәртіп пен қауіпсіздік үшін заңдардың сақталуы мен мемлекет алдындағы міндеттерді уақытында орындау үшін жауап берді. Азаматтық басқару - ең алдымен шаруашылық тіршілігі мен шариғат қағидаларының орындалуын бақылау, оның үстіне сүт, мектеп, діни мәдениеттілік пен мейірімділік жасау - мұсылман дінінің қызметкерлерінің қолында болды. Оның басында автокефалды шариғат ұжымдарына басшылық еткен шейх уль - ислам мен үш қазиәскерлер тұрды. Эйалет денгейінде шариғаттық билікті басты кадий басқарды. Санжактар мен ірі қалаларында (шекир) - аға кадий. Төменгі денгейде - шағын қалалар мен ауыл нахийлерінің кадийлері. Соңғылары көбіне өзінің қоластына екі-үш нахияны біріктірді де кадийлік округтар (каза) санжак пен нахилер сұлтанмен тағайындалды: билербилер - үш, басты кадийлер - бір жылға. Билерби эйалет диванының төрағасы болды да, оның шешімдері жариялады, сондықтан ол шешімдер шариғат қағидаларына сәйкес келиеген жағдайда вето құқығына ие болды[13,169].
Османдық әлеуметтік-саяси құрылысының негізі - өзін-өзі басқаратын өңдірістік- аудандық ұжымдар немесе қауымдастықтар (таифа). Олардың басында жергілікті қадимен тағайындалған немесе оның бақылауымен тағайындалған шейхтар тұрды. Шейхтер ақсақалдар кеңестеріне сүйенді. Ең маңызды мәселелер жалпы жиналыстың немесе ұжымның барлық мүшелерінің жиналысында шешілді. Қауымдық өзін-өзі басқарудың бұл жүйесі кәсіби қызметтің барлық салаларын қамтыды. Мұнда шаруалар қауымдастақтары, саудалық-кәсіпкерлік бірлестіктер немесе цехтар, саудагерлер қоғамдастықтары және дәстүрлі осман әскері мен флотының әр бөлімшесінде әскери серіктестіктер болды. Әскери таифа әскери өмірдің шаруашылық-тұрмыстық мәселелерін реттеп, тқменгі және жоғарғы буын командирлерінің сыйлады және әкімшілік алдында әскерилердің мүддесін қорғады. Саудалық кәсіпкерлік бірлестіктер мен шаруашылық серіктестіктері өңдіріс жұмыстарының процестерін ұйымдастырумен тікелей айналысты. Ұжым ішіндегі қайшылықтарды шешті, өз мүшелерінің әлеуметтік қауіпсіздігін қамтамасыз етті. Олар салық төлеу мен мемлекет алдындағы міндеттерді орындау үшін бәрі бірге жауап берді. Өзін-өзі басқаратын автономиялық ұжымдар санын көшпенді және жартылай көшпелі тайпалар толыөтырды. Олардың тайпалы-рулық құрылысы патшалықтың жалрпы бірлестік құрылысына жақын келетін. Бұл тұрғыдан осман мемлекеті империялық әкімшіліктің бақылау мен қамқорлығында болған өзін-өзі басқаратын шағын қауымдастықтардың шексіз әлемі ретінде көрінді.
Ауылда, әсіресе Анатолия мен Балқан провинцияларында, мемлекеттің бақылау мен әкімшілік-полицей функцияларын сипах-тимариоттар орындады. Әскри қызметтің үстіне олар тәртіп сақтауды бақылауға, жер пайдалану ережелерінің орындалуын, егіншілік жұмытарының уақытында жасалуын және салықтардың жиналуын қарауға міндетті болды. Хассалық ауылдарда мұндай шаруашылық-ұйымдастыру қызметін эминдер орындады. Керек болған жағдайда кади мен субашылар оларға көмектесетін. Тимарларды үлестіру қатал орталықтандыру мен шектеуге ұшырады. Тимарлар тек сұлтандық бераттар (берілген грамоталар) негізінде ғана үлестіре бастады. Осман әкімшілігі тұрақты, әдетте 30-40 жылда бір, бүкіл мукаталардың санағын өткізді. Бұл санақтар негізінде әр санжак бойынша бөлек кадастр кітаптар (рефтерлер) құрылды. Дефтерлерден канун-наме жазылды. Онда салықтар, шекара және базар алымдарының көлемі және тимариоттар, эминдер, амилдар (әртүрлі басқарушылар мен салық жинаушылар), кейде әлдеқайда жоғарырақ деңгейдегі шенеуніктердің құқықтары мен міндеттері белгіленді[14,107].
Осман қоғамының әлеуметтік құрылысы әдеттегі Шығыс деспотиясына сай болды. Сұлтанға бағынушылардың бәрі тең немесе жоғарғы билік алдында құқықсыз болды. Батыс Еуропадағыдай емес, осман патшалығының дворяндық немесе басқа ақсүйек тап болған жоқ. Бостандық пен ешқандай құқық болған жоқ. Намыс және жеке абырой түсініктері, пірлер соты, т.б болмады. Бірақ бұқара санасында әлеуметтік құрылыстың иерархиялық мен ақсүйектік туралы ұғым қалыптасты. Әдетте олар рудың көнелігімен, адамдардың айналысатын істерімен, олардың әлеуметтік, мәдени деңгейімен іс-қылықтары мен өмір сүру стилі мен байланыстырылды. Пайғамдар ұрпақтары және де ата тегі мұсылман қасиеттілерінен, сельджук немесе мамлүк сұлтандарының, бей-ғазилер тағы басқалардан шығатын адамдар ерекше мәртебелі сыналды. Алайда, бұл тұрмыстық сана деңгейінде болған айырмашылықтар іс жүзінде құқық ережелерімен бекітілмеген. Басқа сөзбен айтқанда, осман қоғамында таптар, яғни адамдарды әлеуметтік жағдайының, ата-тегіне байланысты құқықтар мен міндеттерінің ортақтығы бойынша біріктіретін ресми қабылданған қоғамдық таптар болған жоқ. Осман түсінігі бойынша адамдардың бәрі тумасынан тең болады. Оларда қанмен байланысты ешқандай артықшылықтар болмаған, болуы мүмкін де емес еді.
Теория жүзінде, доктриналық жоспарда, осман жазушылары - көбінесе әлеуметтік-дидактикалық тарактаттардың авторлары - Осман қоғамын төрт тап немесе дәрежеге (аснаф) бөлді: дін қызметкерлері (лама), әскерилер (әскери), мищандық (ан-нас) және шаруалар (реайя). Соңғыларына кейде XVI-XVII ғғ өте көп болған зиммилер мен құлдар жатқызды. Бұл кеде құлдар, негізінен үй малайлары, біршама дәулетті отбасылардың бәрінде болды. Мұнымен байланысты XVII ғасыр соңына қарай ұғымдар белгілі бір деңгейде жіктелді. Реайя (райя) термині бірте-бірте мұсылман шаруашылығы деген түсініктен алшақтап, төмендетілген әлеуметтік мәні бар сұлтанның мұсылман емес бағынушылары деген мағынағы ие болды.
Сырттай өзінің әлеуметтік кәсіби белгілері бойынша жоғарыда көрсетілген төрт дәреже топтарға ұқсас келді. Шындығында олар ондай болған емес, олардың заңды түрде бекітілген дәрежесі болмады. Ол әлеуметтік абстракция еді. Іс жүзінде әкімшілік-соттық және салықтық тәжірибе тұрғысынан сұлтанға бағынушылардың бәрі екіге бөлінді: әскерилер мен алым-салық төлеушілер (реайя). Бұлай жіктеу ІІ Махмед пен І Сүлейман Канунидің заңдарынан және сот мекемелерінің құрылысынан айқын көрінді. Әр макхамда (кадилер жанындағы сот палатасы) екі бөлім болды: әскери бөлім (кисма аскарийя) және араб елдерінің жай ғана араб бөлімі деп аталған (касма арабийя) әдеттегі бөлім. Біріншісінде әскерилердің істері, екіншісінде басқа адамдардың мәселелері қарастырылды[15,44].
Осман қоғамының бұл екі табы құқықтары емес, міндеттері бойынша ерекшеленді. Бірінші тапқа кәсіби мұсылман-сарбаздар, дін қызметкерлері, ең алдымен кадилер мен олардың аппараты және де мемлекеттік кеңсе шенеуніктері жатқызылды. Олардың негізгі міндеттері - салық төлеуден босатқан мемлекетке қызмет ету. Екінші тап мещандар, шаруалар, сұлтанның христиандық бағынушылары. Олардың басты міндеті - салық төлеу болды. Бір сөзбен айтқанда біріншілері басқарушы, екіншілері бағынушылар болды.
Қандай да болмасын деапотиядағыдай, басқарушылар үстемдік етуші тапқа айналды. XVI ғасыр басында оның құрамында елеулі өзгерістер болы. XV ғасырдың екінші жартысы мен XVІ ғасыр басында ескі ғази рулары мен сипахилік жоғарғы деңгейдегілер мемлекетте алдыңғы қатардағы орындарынан айырылды. Бірінші орынға жаңа қабат - табалдырық құлдары (қапықұлы), яғни тікелей сұлтанға бағынатын сарбаздар мен шенеуніктер шықты. Алғашында олар өз еркімен османдарға қызмет етіп, ислам дінің қабылдаған қашқындар мен әскери ттұтқындардан қалыптасты. Алайда XVІ ғасырға қарай қапқұлдар ертеректегі рекрут борыштылығы - девширме арқылы алынатын болды. Бұл борыштылық негізінен Румелия христиандарының балаларына түсті. 9-14 жас аралығындағы балаларды ата-анасынан айырып, ислам дініне кіргізіп, түрік тілі мен құлдық қызметті үйрету үшін материалдық жағдайы іркелкі түрік отбасыларына берді. Бірнеше жылдан кейін оларды қайта жианап сарай маңындағы арнайы мектепке орналастырды. Онда жат жақтан келеген балалар (аджеми огландар) әскери немесе азаматтық қызметке даярлады. Олардан сұлтан жалақысына тұратын әскери бөлімшелер құрылды. Олардың арасында ең әйгілі болған - осман мергендері (янычарлар). бұл деңгейдегі адамдар арасынан орталық басқарудың көптеген шенеуніктері шықты.
Әскер мен басқару аппаратында мұндай деңгейдегі адамдардың болуы барлық османдық әулеттік құрылымға өзіндік бір қасиет үстем етіп тұрды. Сұлтанға тәуелді, қоршаған қоғамға жат және жек көрінішті қапықұлдар тәртіпті бәрінен жақсы сақтайтын болып шықты. Олар ылғи әкімшілік әмірінде болып, мемлекетті барлық ішкі және сыртқы жаулардан сақтауға бейімдеген еді.
Осман патшалығында мүндай институттың болуы мемлекеттік құрылыста деспоттық бастаулардың ұлғаюына әсер етті, үстемдік етуші тап ішінде қайшылықтар тудырды, оның жабық феодалдық тапқа айналуына жол бермеді.
Қапықұлдардың жоғарғы қабаты немесе кейбір түрік авторларының айтуынша, девширме ақсүйектері сарайлық немесе мемлекеттік қызметі үшін хасс және арпалықтар түрінде тимарлық ренттік қамтамасыз ету жалақысынан алып отырды. Бұл жалақылар белгілі қызметпен байланысты болы да, сипахилік иеліктер секілді мүрагерлікпен буысқан жоқ. Қызмет бойынша мирасқорлыққа берілді. Олардың көлемі сипахилердің тимар жалақысынан әлде қайда биік болды. Қапықұлдардың сипахилерден айырмашылығы олар жергілікті тұрғындармен байланысты болған жоқ, өз тимарларында өмір сүрмеді және де оларға қызмет баспалдағына көтерілу барысында өзгеріп кете алатын уақытша пайда көзі ретінде қарады. Олай болса, тимариот-сипахилер мен салыстырғанда олар шарушылық өмірден алшақ осман қоғамының жатып-ішерлер тобы болды. Солай бола тұра XVІ ғасырда тимарлық фонд қапықұлдардың пайдасына қарай ауысты. Қапықұлдар институтының нығаюымен тимариот-сипахилер мен олардың командирлары үшін жаңа тимар алу мен сарайда және өкіметте жоғарғы қызметтерге жылжу мүмкіндіктері таралды.
Қапықұлдар арасынан шыққан адамдар мемлекетте жоғарғы қызметтерді ала бастады. Мемлекеттің қапықұлдар-қызметкерлерінің көбі осман қоғамының белгілі бір әлеуметтік немесе этникалық топтарының өкілдері ретінде көрінді. Сөйтіп ата-тегі XІV-XV ғасырлар барысында Балқан қуатты болған би-ғазылардан шыққан кейбір түрік рулары күшін жоғалтып, өздерінің отбасыларында тәрбиеленген қапықұлдар арқалы патшалық саясатына ықпалын сақтай алды. Сұлтан отбасы да сондай әрекет жасады. Көбіне ұлы везирлар орындарына қапықұлдардан шыққан сұлтанның көптеген күйеу балаларын (дамадтарды) тағайындау кең етек алды. Христиан отбасыларының да көбі осы институтты пайдаланып, девширме арқылы османдардың басқарушы элитасына өз өкілдерін еңгізді. Мысалы, үш сұлтанның - І Сүлеймен, ІІ Селим, ІІІ Мұрадтың әйгілі ұлы везиры, сұлтан дамады қапықұл Мехмед Соколлу белгілі сербтердің Соколовичтер руынан шыққан. XVІ-XVІІ ғғ бұл рудың гүлденуіне әрине, сұлтанның ең жақын маңайындағы адамдардың арасында олардың өкілінің болуы әсер етті[16,145].
Девширме негізінде қазына есебінен асырылған осман әскерінің неғұрлым қуатты да күшті бөлімшелері қалыптасты. Ол ең алдымн - янычар жасақтары, сұлтан сипахилерінің алты атты корпусы, артиллеристер (топчу), минашылар, саперлар бөлімшелері және осман флотының негізгі күштері. ХУ ғасыр соңында қапықұлдардың бұл әскері османдық қарулы күштердің негізгі алдыңғы қатарлы қуатты болды. Оның саны әрбайым өсіп отырды. Тимарлық сипахтар жасақтары салмақты әскери маңызын жоғалтты. Олардың ұйымдастырылуы, әдістері мен қару- жарақтары ескірді. Тимариоттардың кейде отпен ататын қарулары да болмады[17,68]. ХУІ-ХУІІ ғасырлар бойы бұл жасақтарды қайта ұйымдастыруға бірнеше қайтара талпыныстар жасалды. ХУІ ғасыр аяғынан бастап провинциялық паштар сипахилік жасақтармен қатар ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Орта ғасырлардағы Азия, Африка елдерінің тарихы пәні бойынша семинар сабақтарына арналған оқу әдістемелік құрал
Таяу Шығыстағы Британ Француз үкіметінің отарлық саясатының дағдарысы
XVI – XVII ғасырлардағы осман империясы
Әмір Темір жорықтары
Осман - түрік мәдениеті
Кавказды арабтардың жаулап алуы
Азия және Араб елдерінің өркенденуі
Кейінгі орта ғасырдағы Осман империясы
Халықтың маньчжур үстемдігіне наразылығы өршіді
Таяу Шығыстағы қақтығыстарды шешу перспективалары
Пәндер