Өсімдіктер жапырағы


Жапырақ
Жапырақ (лат. folіum , гр. phyllon ) - жоғары сатыдағы өсімдіктердің фотосинтез, газ алмасу, буландыру, қор жинау, көбею қызметтерін атқаратын өсу мүшесі. Ол негізгі өркеннің жанама бұтақтарының қысқаруынан пайда болады.
Жапырақтың мөлшері әртүрлі болады. Мысалы, шөптесін өсімдіктерде 3-10 см-дей, банан жапырағының ұзындығы 1-5 м, ені 40-50 см, цейлон пальмасы жапырағының ұзындығы 10-20 м, ені 12 м-ге дейін. Жапырақтың сыртқы құрылысы - Жапырақ тақтасынан (алақанынан) және сағақтан тұрады. Жапрақтың кеңейген жері - тақтасы, ал сабаққа бекінетін жіңішке бөлігі - сағағы деп аталады. Сағақсыз жапырақтар да болады. Сабақ буынынан тармақталған сағақты бір жапырақ өсіп шықса - жәй Жапырақ деп аталады, олардың пішіндері әртүрлі болады, мысалы, қарағайдың, шыршаның Жапырақты - қылқан, ине, астық тұқымдастарында - таспа; көк теректе - дөңгелек тәрізді. Бір сағаққа бірнеше жапырақ орналасса - күрделі Жапырақ деп аталады. Бұлар да әртүрлі болады: үшқұлақты күрделі Жапырақ (беде, соя) ; саусақ салалы күрделі Жапырақ ( атбас талшын, қарасора, қазтабан, т. б. ) ; қауырсын тәрізді күрделі Жапырақ , ал бұл жұп қауырсынды ( асбұршақ, ноғатық, т. б. ), тақ қауырсынды (қызыл мия, итмұрын, шетен, грек жаңғағы, т. б. ) болып бөлінеді. Жапырақ тақтасының анатомдық құрылымы - оның қандай қызмет атқаратынын анықтайды. Жапырақ тақтасын екі жағынан да жұқа қабықшамен қапталған эпидермис жауып жатады. Эпидермистің астында борпылдақ ұлпа - мезофилл болады. Сонымен қатар бұл ұлпаның жасушаларында фотосинтезге және өсімдіктің тыныс алуына қатысатын хлоренхима бар.
Жапырақ құрылысы
Жапыраққа беріктілік, серпімділік қасиет беретін, оның “ қаңқасын ” құрайтын талшықтар жапырақ жүйкесін құрайды. Жапырақ жүйкесінің құрамында әртүрлі жасушалардан құралған негізгі өткізгіш ұлпа - ксилема ; өсімдікте органикалық заттарды таситын және өсімдіктің арнайы мүшелерінде (жер асты тамырында, өсу нүктесінде, жемісі мен дәнінде, т. б. ) қор жинауға қатысатын түтікті-талшықты күрделі ұлпа - флоэма болады. Жапырақ сағағынан тақтасына қарай жалғасып жатқан өткізгіш шоқтар - орталық жүйке деп аталады, ал одан жан-жаққа таралған жанама жүйкелердің орналасуына қарай жүйкелену бірнеше типке бөлінеді: қауырсын тәрізді торлы жүйкелену - орталық жүйкенің жан-жағын жанамалап жатуы (тал, терек, алма, алмұрт, шие, т. б. ) ; саусақ салалы жүйкелену - негізгі орталық жүйке бір жерден басталып, жапырақ жиегіне дейін саусақ тәрізді салаланып таралуы (үйеңкі, бегония, т. б. ) ; параллель (қатарласа) жүйкелену - талшықтар жапырақтың ұшына қарай қатарласа созылуы (барлық астық тұқымдастары), доғалы жүйкелену - жүйкелер жапырақ тақтасының түбінен шығып, жапырақтың ұшына жеткен кезде доға тәрізді бір-бірімен соқтығысады (інжугүл, жолжелкен. )
Жүйкелену
Жапырақ тақтасындағы өткізгіш шоқтар
Жүйкелену - деп өткізгіш шоқтардың жапырақ тақтасына орналасуын айтады .
Олардың қызметі:
- Жапырақ қабаттарына су мен онда еріген минералды тұздар жеткізіледі ;
- Органикалық заттар басқа мүшелеріне таратылады;
- Жапыраққа беріктік қасиет береді.
Жүйкеленудің типтері:
- Қауырсын тәрізді торлы жүйкелену негізгі орталық жүйкенің жан-жағынан жанама жүйкелер теңдей таралады. Майда жүйкелері торлап жатады.
- Саусақ салалы жүйкелену орталық жүйке бір жерден басталып жапырақ жиегіне дейін саусақ тәрізді саланып таралады.
- Параллель жүйкеленуде жүйкелер жапырақтың ұшына дейін қатарласа созылады .
- Доғалы жүйкелену жапырақ тақтасының түбінен қатарласа шыққан жүйкелер, жапырақ ұшына жеткенде доға тәрізді бір -бірімен түйіседі .
Жапырақтың сабақта орналасуы 3 түрлі болады:
- Кезектесе орналасу. Сабақтың әр буынында 1 жапырақ болса - кезектесе орналасу деп аталады.
- Қарама қарсы орналасу. Бір буында екі жапырақ қарама-қарсы болса- қарама қарсы орналасу деп аталады
- Топтаса орналасу. Бір буында үш-төрт жапырақ болса - топтаса орналасу деп аталады
Өсімдік жапырағы
Өсімдік жапырағы белгілі бір заңдылықпен орналасады: 1) кезектесіп орналасу - сабақтың әр буынында дара жапырақ кезек-кезек шығады. Мысалы, жапырақ бір-бірін көлеңкелемеу үшін бір жапырақ сабақтан оңтүстікке қарай, екіншісі солтүстікке, үшіншісі шығысқа, төртіншісі батысқа қарай кезектесе орналасады. Сондықтан жапырақ тақталары қанша үлкен болғанымен, жарықтың түсуіне кедергі болмайды ( астық тұқымдасы, емен, т. б. ) ; 2) қарама-қарсы орналасу - сабақтың әр буынынан екі жапырақ бір-біріне қарама-қарсы өсіп шығады да, үстіңгі жапырақтар төменгілерін көлеңкелемейді ( үйеңкі, қалампыр, жалбыз, сирень , т. б. ) ; 3) топтанып орналасу - сабақтың бір буынында үш не одан да көп жапырақтың болуы ( сары ағаш, қарғакөз, т. б. ) .
Жапырақ алдымен ұшынан өседі, 30-40 күннен кейін өсуі тоқталады, тек қырыққұлақ пен вельвичияның жапырақтары қурап қалғанша өсе береді. Жапырақтың тіршілік ету ұзақтығы бірнеше айдан 15 жылға дейін созылады. Мысалы, кәдімгі қарағайда 2-3 жыл, Кавказ самырсынында 9-13 жыл, шыршада 5 жыл, т. б. Ал ашық тұқымдылардың жапырақтары бірден түспей кезектесіп түсетіндіктен мәңгі жасыл болып көрінеді.
Жапырақтың түсуі
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz