Қос жарнақтылар классы, магнолия тұқымдасы



1 Қос жарнақтылар
2 Дара жарнақтылар
3 КӨП ЖЕМІСТІЛЕР, НЕМЕСЕ МАГНОЛИЯ ТӘРІЗДІЛЕР ҚАТАРЛАР ТОБЫ
Классификациясы. Жабық тұқымдылар ертеден қос жарнақтылар (Dicotyledoneae) және дара жарнақтылар (Monocotyledoneae) кластары болып екіге бөлінеді.Бұл кластардың бір-бірінен ажырататын ең қажетті және ең көрнекті белгілерін келтіреміз (193-сурет).
Айтып кеткен жөн, қос жарнақтылар мен дара жарнақтылардың деңгейінде осы келтірілген белгілерден бір қатар ауытқушылықтар болып отырады.Мысалы, кейбір қос жарнақтылардың тұқымжарнағы біреу (фикария - чистяк), жапырағының жүйкеленуі доға тәрізді (бақажапырақ – подорожник) болады, ал дара жарнақтылардың сабақтары екінші рет жуандайды (юкка, драцена) және т.б. Бұдан біз жоғарыда келтірілген белгілердің салыстырмалы түрде ғана алынғанын байқаймыз. Сондықтанда өсімдіктің қай класқа жататындығын анықтағанда осы белгілердің тек біреуіне ғана сүйінбей, олардың барлығын түгілімен ескеру қажет.

Пән: Биология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 2 бет
Таңдаулыға:   
Қос жарнақтылар классы, магнолия тұқымдасы
Классификациясы. Жабық тұқымдылар ертеден қос жарнақтылар (Dicotyledoneae) және дара жарнақтылар (Monocotyledoneae) кластары болып екіге бөлінеді.Бұл кластардың бір-бірінен ажырататын ең қажетті және ең көрнекті белгілерін келтіреміз (193-сурет).
Айтып кеткен жөн, қос жарнақтылар мен дара жарнақтылардың деңгейінде осы келтірілген белгілерден бір қатар ауытқушылықтар болып отырады.Мысалы, кейбір қос жарнақтылардың тұқымжарнағы біреу (фикария - чистяк), жапырағының жүйкеленуі доға тәрізді (бақажапырақ - подорожник) болады, ал дара жарнақтылардың сабақтары екінші рет жуандайды (юкка, драцена) және т.б. Бұдан біз жоғарыда келтірілген белгілердің салыстырмалы түрде ғана алынғанын байқаймыз. Сондықтанда өсімдіктің қай класқа жататындығын анықтағанда осы белгілердің тек біреуіне ғана сүйінбей, олардың барлығын түгілімен ескеру қажет.

Қос жарнақтылар
1. Ұрықтың екі тұқым жарнаңы болады.
2. Ұрықтың тамырша келешегінде жанама тамырлары бар кіндік тамырға айналады;тамырлары екінші рет қалыңдауға (жуандауға) кабілетті; тамыр системасы формасы жағынан көп жағдайда кіндік тамырлы.
3. Сабағы өсімдіктің өсу барысында жуандайды, өйткені өткізгіш шоқтары ашық; сабақтың көлденең кесіндісінде олар шеңбердің бойымен орналасады немесе барлығына бірдей ортақ өткізгіш цилиндрі болады.
4. Жапырақтары жай және күрделі, жүйкеленуі торлы.
5. Гүлдерінің мүшелері 5 қатар, сиректеу 4 қатар түзіп орналасады.

Дара жарнақтылар
1. Ұрықтың бір ғана тұқым жарнағы болады.
2. Ұрықтың тамырша біршама ертерек өледі, кіндік тамырдың орнына қосалқы тамырлары пайда болады; тамырлары екінші рет қалындауға (жуандауға) қабілетсіз, тамыр системасы көп жағдайда шашақ тамырлы.
3. Сабағы жуандамайды, өткізгіш шоқтары жабық, сабақтың көлденең кесіндісінде олар ретсіз шашыраңқы орналасады.
4. Жапырақтары жай, параллель немесе доға тәрізді жүйкеленген болып келеді.
5. Гүлдерінің мүшелері 3 қатар түзіп орналасады.

Жабық тұқымдылардың табиғи топтарын гүлдерінің құрылысына және өмірлік формаларына қарай бөлу (топтастыру) немесе талдау мынаны көрсетеді. Туыстық жақындығы бар қатарлар біршама қысқа болады. Осыдан барып жабық тұқымдыларға шолу шасағанда оларды қатарлардың тобына біріктіру тәсілдемесі шыққан. Бұл кітапта 10 қатарлардың тобы қарастырылады. Олардың 8 қос жарнақтылар класына жататын қатарлардың тобы: көп жемістілер (магнолия тәрізділер), раушангүлдер тектес бос желектілер, раушангүлдер тектес бір жабынды өсімдіктер, раушангүлдер тектес біріккен желектілер, орталық дәнді бос желектілер, орталық дәнді бір жабынды өсімдіктер, тұқымдары гүл түйінінің қабырғасына жанаса орналасқан біріккен желектілер, тұқымдары гүл түйінінің қабырғасына жанаса орналасқан біріккен желектілер және дара жарнақтылар класына жататын екі қатардың тобы: желекті гүлділер, қабыршақты гүлділер.

ҚОС ЖАРНАҚТЫЛАР, НЕМЕСЕ МАГНОЛИОПСИДТЕР КЛАСЫ (ДВУХДОЛЬНЫЕ ИЛИ МАГНОЛИОПСИДЫ) - DICOTYLEDONEAE, MAGNOLIOPSIDA
Түрлерінің саны 200 мыңнан астам (300 тұқымдас) болады. Олардың көбісінің практикалық маңызы зор немесе теориялық тұрғыдан назар аударарлық.

КӨП ЖЕМІСТІЛЕР, НЕМЕСЕ МАГНОЛИЯ ТӘРІЗДІЛЕР ҚАТАРЛАР ТОБЫ - POLYCARPICAE, MAGNOLIDAE
Көп жемістілерге 30-дай тұқымдас жатады, олардың біреулері негізінен ағаштар, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қос жарнақтылардың сан алуандылығы
Консорция. Түрлік консорция. Популяциялық эндоконсорттар. Эпиконсорттар. комменсалдар. даралардың және популяцияның ассосациялануы
Алғашқы жабық тұқымдылардың шығу тегі және дәлелдері
Гүлдің құрылысы және оның қызметтері
Төменгі сатыдағы өсімдіктер систематикасы
Өсімдіктер систематикасының міндеттері
Гүлдің құрылысы
Желектілер қатарлар тобы - Corolliflorae
Қос жарнақтылар класы
Дара жарнақтылар класына және өкілдеріне сипаттама беру
Пәндер