Механикалық ұлпалар


Пән: Биология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   

Механикалық ұлпалар

«Тірек-механикалық ұлпалар»

Тірек-механикалық ұлпалардың топтары. Тығыз қалыптасқан және қалыптаспаған дәнекер ұлпалары, классификациясы, құрылымы, гистогенезі, тығыз және талшықты шеміршектердің биохимиясы және физиологиясы. Шеміршек ұлпалары. Классификациясы, топографиясының құрылысы, қызмметі, биохимиялық ерекшеліктері, гиалинді, эластикалық және талшықты шеміршектердің хондрогенезі. Сүйек ұлпасы. Сүйек ұлпасының классификациясы, құрылысы, қызметі, химиялық құрамы. Эмбриогенезде және репаративтә регенерация кезіндегі остеогенздің түрлері. Онтогенезде және регенерация кезінде қаңқа ұлпаларының әртүрінің өзара байланысы. Омыртқалылардың ішкі орта ұлпаларының әртүрінің өзара қарым-қатынасы.

Тірек-механикалық ұлпалардың топтары. Тығыз қалыптасқан және қалыптаспаған дәнекер ұлпалары, классификациясы, құрылымы, гистогенезі, тығыз және талшықты шеміршектердің биохимиясы және физиологиясы. Шеміршек ұлпалары. Классификациясы, топографиясының құрылысы, қызмметі, биохимиялық ерекшеліктері, гиалинді, эластикалық және талшықты шеміршектердің хондрогенезі. Сүйек ұлпасы. Сүйек ұлпасының классификациясы, құрылысы, қызметі, химиялық құрамы. Эмбриогенезде және репаративтә регенерация кезіндегі остеогенздің түрлері. Онтогенезде және регенерация кезінде қаңқа ұлпаларының әртүрінің өзара байланысы. Омыртқалылардың ішкі орта ұлпаларының әртүрінің өзара қарым-қатынасы.

Шеміршек ұлпасы қаңқа ұлпаларының құрамына кіріп, организмге механикалық қызмет атқарады. Шеміршектің құрамындағы негізгі заты тығыз болып келеді де оның беріктілігін қамтамасыз етеді. Сонымен бірге шеміршектің серпімділігі де сақталады. Шеміршектің осындай құрлысы сүйектердің бір-бірімен тығыз байланысуын қамтамасыз етеді. Шеміршек әсіресе төменгі сатыдағы омыртқалылар мен жоғарғы сатыдағы жануарлар ұрықтарының денесінің тірегін құрайды. Ересек адам организмінде шеміршектер сүйек буындарының үстіңгі қабатын, қабырғалардың ұштарын, кеңірдектің, жұтқыншақтың, бронханың және құлақтың қалқанын құрайды. Шеміршек ұлпаларының аралық заты өте тығыз болатындықтан қан мен дәнекер ұлпаларының клеткалары және жүйке мен қан тамырлары шеміршектің ішіне өте алмайды. Сондықтан шеміршектің қоректенуі- перихондр (peri-айнала, chondros-шеміршек) арқылы орындалады. Аралық заттың құрлысына байланысты шеміршектер гиалинді, серпімді және талшықты болып, бөлінеді.

Гиалинді шеміршек-ұлпаның ең көп тараған негізгі түрі. Сүтқоректілердің ересек организмінде олар буындардың үстін, қабырғалардың ұштарын, кеңірдекті және т. б. органдардың шеміршектерін құрайды. Гиалинді шеміршек тығыз, серпімді және түсі мөлдір болады. Шеміршектің клеткалары негізгі заттың ерекше қуыстарында орналасады. Көбінесе олар 3-4 клеткалардан тұратын топтар түзеді. Бұл топтар бір клетканың бөлуінен пайда болатындықтан изогенді топтар деп аталады.

Қартайған сайын шеміршектің негізгі заты тығыздалып, клеткалары дискі тәрізді және бұрыш тәрізді болады.

Шеміршек клеткалары көбінесе бір ядролы кейде екі ядролы болады. Органоидтары жақсы жетілген. Шеміршектің клетка аралық заты біркелкі болмайды. Микроскоппен қарағанда онда аморфты зат пен желімделген коллаген талшықтары да байқалады. Талшықтар өзара шырматылып тор түзеді. Шеміршек ұлпасының басқа ұлпалардан айырмашылығы ондағы аморфты затының химиялық қасиетінде. Шеміршектің аморфты заты протеиндерден хондриотино күкірт қышқылынан және альбумоидтан тұрады. Протеиндердің бір бөлігі хондриотино күкірт қышқылымен күшті қосылып хондромукоид түзеді. Ол шеміршектің негізгі заты. Шеміршектің негізгі затында коллаген мен хондромукоид біркелкі орналаспайды ол жануарлар мен адамдардың жасына байланысты. Адам есейген сайын шеміршектің негізгі затының ерекшеленуі айқындала түседі. Онда тұздар көп жиналып, кәрі шеміршек опырылғыш келеді.

Серпімді шеміршек негізінде гиалин шеміршегіне ұқсас, бұның да клеткалары капсуламен қоршалып изогенді топтар құрайды. Оның түсі сары болады. Серпімді шеміршектен құлақ қалқаны, кеңірдектің кейбір шеміршек сақиналары құралады.

Талшықты шеміршек мұның негізгі затында каллоген талшықтары жинақталған. Омыртқа аралығында кездеседі.

Шеміршектің дамуы-гиалинді шеміршек басқа дәнекер ұлпалары сияқты мезенхимадан дамиды. Дамуы мезенхиманың тығыздалуынан басталады. Қаңқалы бөлімдер пайда болады. Ұлпа сұйығының химиялық қасиеті өзгереді. Онда шеміршектің затына ұқсас заттар пайда болады. Кейін олардан каллоген талшықтары дамиды. Шеміршектің осыдан бастап екі бөлімі, аралық заты және клеткасы айқындала басталады және клеткалары көбейе бастайды. Негізгі заттың базофильдігі артады. Ұрықтың шеміршектің айырмашылығы олар изогенді топ құрамай клеткалары бір-бірінен бөлек орналасады

Мезенхима эмбриондық дамудың бастапқы кезінде ұрықтық жапырақшалар пайда болғаннан кейін түзілетін дәнекер ұлпасы. Мезенхима негізінде мезодермадан бөлініп шығатын ұрықтық жапырақшалардың арасын толтырып тұратын, тармақтары бір-бірімен ұштасып тор құрайтын жұлдыз пішінді клеткалардан тұрады. Мезодермадан пайда болатын мезенхиманы энтомезенхима деп атайды. Мезенхима қан клеткаларына, алғашқы қан тамырларына, дәнекер ұлпасына, шеміршек, сүйек ұлпаларына жіктеледі. Мезенхима клеткаларының ядросы ірі, пішіні сопақша болып келеді. Цитоплазмасында эндоплазмалық тор жақсы жетілген және митохондриялар көп болады. Клетка аралық заттарда негізінде белоктар, қанттар кездеседі.

Сүйек ұлпасы механикалық қызметтері жақсы жетілген дәнекер ұлпасының бір түрі. Организмдегі минералды заттардың алмасуын реттейді. Сүйектің негізгі заттарының құрамында кальцийдің, магнийдің, фтордың, фосфор қышқылы тұздары кездеседі. Cүйек ұлпасы тығыз ұлпалардың бірі. Сүйектен омыртқалылардың қаңқасы құрылады. Шеміршек пен сүйек дененің беріктігін қамтамасыз ететін және формасын белгілейді. Сүйектің аралық заты аморфты заттан және коллаген талшықтарынан тұрып, біркелкі болмайды. Солардың орналасуына сәйкес торлы талшықты және пластинкалы құрылысы сүйектер деп ажыратылады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жануарлардың жарақаттанулары және оның алдын алу
Стресс, анықтамасы, жіктелуі, себебі
Ашық механикалық жарақаттың анықтамасы және түрлері
Өсімдіктің әртүрлі мүшелерының негізгі бөлігін құрайтын ұлпалар
Өсімдік ұлпасы түзуші ұлпалар немесе меристемалар
Ұлпалар туралы
«Қойдың жабық жарақатын емдеуге арналған ауру тарихы»
Жараның секвестрациялық тазаруы
Өсімдіктердің даму циклі барысында ұрпақтардың ауысуы
Өсімдік ұлпаларының жалпы сипаттамасы және құрылысы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz