Өсімдіктер клеткасы



1 Өсімдік клеткасының құрылысы
2 Клетка қабықшасы
3 Өсімдіктер клеткасының негізгі ерекшеліктері
Клетка өсімдіктер мен жануарлар денесінің негізгі құрылымдық және функциональды бірлігі. Клетка жалпы құрылысы бойынша ұқсас: химиялық құрамы, құрылымы және клетка элементтерінің функциясы. Биологиялық табиғаты бойынша жаңа клетка түзілу қабілеттілігі – барлық клеткалы организмдерде бөліну арқылы аналық клеткадан пайда болады.
Өсімдіктер клеткасы бөлінуі тура, ядрода хромосома түзілмейді (амитоз), тура емес, ядроның кариокинезді (митоз) немесе редукциялық (мейоз) бөлінуі арқылы жүреді.
Өсімдіктер клеткасы клетка қабықшасы, протопласт және вакуольден тұрады. Клеткалар формасы әртүрлі. Олар шар тәріздес, көпқырлы, жұлдызша тәріздес, тікбұрышты және т.б. болуы мүмкін. Кең тараған екі формасы: 1) паренхималық клеткалар, барлық бағытта ұзындығы мен ені шамамен бірдей- шартәріздес, кубтәріздес, көпқырлы. 2) прозенхималық клеткалар, ұзындығы енінен бірнеше есе артық.

Пән: Биология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
Өсімдік клеткасының құрылысы
Клетка өсімдіктер мен жануарлар денесінің негізгі құрылымдық және функциональды бірлігі. Клетка жалпы құрылысы бойынша ұқсас: химиялық құрамы, құрылымы және клетка элементтерінің функциясы. Биологиялық табиғаты бойынша жаңа клетка түзілу қабілеттілігі - барлық клеткалы организмдерде бөліну арқылы аналық клеткадан пайда болады.
Өсімдіктер клеткасы бөлінуі тура, ядрода хромосома түзілмейді (амитоз), тура емес, ядроның кариокинезді (митоз) немесе редукциялық (мейоз) бөлінуі арқылы жүреді.
Өсімдіктер клеткасы клетка қабықшасы, протопласт және вакуольден тұрады. Клеткалар формасы әртүрлі. Олар шар тәріздес, көпқырлы, жұлдызша тәріздес, тікбұрышты және т.б. болуы мүмкін. Кең тараған екі формасы: 1) паренхималық клеткалар, барлық бағытта ұзындығы мен ені шамамен бірдей- шартәріздес, кубтәріздес, көпқырлы. 2) прозенхималық клеткалар, ұзындығы енінен бірнеше есе артық.
Клетка қабықшасы
Клетка қабықшасының атқаратын қызметі клеткаға су, газ және еріген заттардың таңдамалы келіп түсуін және олардың өсімдік бойында жылжуын, қор ретінде жиналуын анықтайды және өсімдіктер мүшелеріне беріктік және мықтылық қасиет береді.
Протопласт. Протопласт- клетка сұйықтығы, негізгі бөлігі тіршілік қабілеттілігін жүзеге асырады. Онда метазаттар тасымалдануы мен айналымы жүреді. Осы процестің күрделі құрылымы протопластының құрылымдық элементтерге-оргоноидтарға бөлінуіне байланысты.
Протопластың негізгі құрылым түзуші материал болып белокты - липидті мембрана саналады. Мембрана беріктік, созылмалы және таңдамалы өткізгіштік қасиеттерімен ерекшеленеді.
Ядро. Ядро ядро қабықшасы, кариолимфа, ядрошықтан тұрады. Кариолимфада ДНК және белок молекуласынан тұратын хроматинді жіпше және РНК-дан тұратын ядрошық болады. Осы заттардың молекуласында клетканың интерфазалы кезіндегі зат алмасуды анықтайтын және бөліну кезінде жаңа клеткаға тұқымқуалаушылық белгілерін беретін информация сақталады.

Цитоплазма күрделі коллоидты және құрылымдық жүйе. Онда протопластың ірі органоидтары (жарық микроскопы арқылы көрінетін )-митохондрия және пластидтер орналасқан.

Пластидтер-өсімдіктердің клеткасына ғана тән қос мембраналы органоид. Пластидтер туралы алғашқы мәліметтер Д.Левенгуктың (1676) еңбектерінде келтіріледі.
Пластидтерді зерттеумен А.Шимпер (1882) айналысып, оны 3 типке бөлді:1) түссіз (мөлдір) лейкопластар, 2) реңі жасыл хлоропластар және 3) реңі қызыл-сары, сары хромопластар. Бұл жүйелеу осы уақытқа дейін пайдаланылып келеді.
Пластидтерді зерттеуде К.А.Тимирязев, В.В.Сапожников, М.С Цвет, В.Н Любименко, Т.Н Годнев т.б.ғалымдар зор үлес қосты. Пластидтерді зерттеуші ғалымдардың пікірі бойынша олар ұрық пен түзуші ұлпалардың клеткаларында болатын түссіз пропластидтерден пайда болды.
Пропластидтер пішіні жағынан митохондрияға ұқсас, бірақ көлемі одан ірі. Бір қарағанда пропластидтер сырты қос мембранамен жабылған, іш жағында тығыз матриксі орналасқан сияқты көрінеді. Матриксте алғашқы кезде ретсіз орналасқан бірнеше ғана көпіршіктер санының артуына қарай пропластидтің көлемі де ұлғаяды. Қос мембрананың ішкі қабаты жиыры- лып, қабаттар түзіп, сыртқысынан біртіндеп алыстай бастайды. Матрикстегі қөпіршіктер бір-бірімен қосылып ламеллалар, ал олардың белгілі бір рет-ретпен орналасуынан грандар түзіледі.
Сол сияқты пластидтердің бір түрі екінші түріне айналып отырады. Мысалы, хлоропластар уақыт өте келе олардың пигменттерінің бұзылуынан хромопластар пайда болды. Оны күзде ағаш жапырақтарының реңінің қызыл-күрең, сары, қызғылт, сарғыш болып өзгеруінен байқаймыз.
Хлоропластар. Балдырлардың талломдары, жоғарысатыдағы өсімдіктердің жапырағы, жас сабағы, піспеген (шикі) жемістерінің клеткаларында болатын жасыл түсті пластидтер.
Жоғары сатыдағы өсімдіктерде хлоропласт пішіні дөңгелек немесе сопақша, линза тәрізді көбінсе дәнге ұқсас болып келеді. Сондықтан олар- дың клеткаларындағы хлоропласты хлорофилл дәндері деп, ал балдырлар клеткасында хроматофор деп атайды. Жоғары сатыдағы өсімдіктердің бір клеткасында хлоропластың саны 1-2-ден 50-ге дейін жетеді. Мысалы, алма жапырағының клеткасында орта есеппен 50 шамасында. Хлоропластың көлемі жоғары сатыдағы өсімдіктерде 2-7 мкм, қалындығы 1-2 мкм. Тірі хлоропласт құрамында белок - 50%, липидтер- 33%, хлорофиллдер 5-10%, каротиниодтар-1-2% және аз мөлшерде РНК мен ДНК бар.
Хроматографиялық әдіс бойынша М.Цвет хлорофиллдің 2 түрін тапты. Оның бірі хлорофилл "а" С55 Н72 О5 N4 Mg көкшіл-жасыл пигмент, екіншісі хлорофилл "в" С55 Н70 О6 N4 Mg сарғыш жасыл пигмент.
Хлоропласт құрамында тағы да қызғылт пигмент каротин - С40 Н56 және сары түсті пигмент ксантофилл- С40 Н56 О2 бар. Қазіргі кезде хлорофиллде "с" және "d" пигменттерінің барлығы белгілі.

Хлорофилл - көміртегі, сутегі, оттегі және ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Өсімдіктер мен жануарлар гаметогенезі
Гүлді өсімдіктердің табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы
Клетка туралы ілімінің тарихы
Жануарлар мен өсімдіктер клеткаларының морфологиясы
Клетканың морфологиялық құрылысы
Хара балдырлар бөлімі
Цитология лекция тест және бақылау сұрақтары глоссарий оқу құралы
Өсімдіктер клеткасының жалпы құрылымдық ерекшеліктері
Хара балдырлары
Генетиканың даму тарихы туралы ақпарат
Пәндер