Цианобактериялар (көк-жасыл балдырлар)



1 Бактериялар
2 Бактериялардың жіктелуі
3 Архебактериялар
4 Бактериялардың құрылысы және тіршілік процестері
5 Бактериялардың көбеюі
6 Бактериялардыңнегізгі органеллалары
7 Энергия көзі ретінде бактериялардың жіктелуі
Бактериялар (гр. bakterion - «таяқша») — тек микроскопта ғана көрінетін аса ұсақ жасушалар және олар көптеген әр алуан аурулар туғызады бірақ көбінесе нейтралды қызметті атқарады.
Бактерия - бір жасушалы организм, көбісі таяқша пішінді болып келеді. Бактерия негізінен түссіз тек кейбіреулерінде ғана аздап бояғыш заттар кездеседі. Фотосинтез құбылысы жүретін көк-жасыл қызыл түсті өкілдерін цианобактериялар деп атайды; ядросы, митахондриясы, пластидтері қалыптаспаған өте кішкентай біржасушалы организмдер[2].
Бактериялар – табиғатта ең көп тараған, негізінен бір жасушадан тұратын, оқшауланған ядросы жоқ, қарапайымдылар. Алғаш рет бактерияларды 17 ғасырда голланд ғалымы, микроскопты жасаушы – Антони ван Левенгук байқаған. 19 ғасырда бактериялардың құрылысы мен табиғаттағы рөлін француз ғалымы Луи Пастер, неміс ғалымы Роберт Кох және ағылшын ғалымы Джозеф Листер зерттеді.

Пән: Биология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 16 бет
Таңдаулыға:   
Бактериялар (гр. bakterion - таяқша) -- тек микроскопта ғана көрінетін аса ұсақ жасушалар және олар көптеген әр алуан аурулар туғызады бірақ көбінесе нейтралды қызметті атқарады.
Бактерия - бір жасушалы организм, көбісі таяқша пішінді болып келеді. Бактерия негізінен түссіз тек кейбіреулерінде ғана аздап бояғыш заттар кездеседі. Фотосинтез құбылысы жүретін көк-жасыл қызыл түсті өкілдерін цианобактериялар деп атайды; ядросы, митахондриясы, пластидтері қалыптаспаған өте кішкентай біржасушалы организмдер[[2]].
Бактериялар - табиғатта ең көп тараған, негізінен бір жасушадан тұратын, оқшауланған ядросы жоқ, қарапайымдылар. Алғаш рет бактерияларды 17 ғасырда голланд ғалымы, микроскопты жасаушы - Антони ван Левенгук байқаған. 19 ғасырда бактериялардың құрылысы мен табиғаттағы рөлін француз ғалымы Луи Пастер, неміс ғалымы Роберт Кох және ағылшын ғалымы Джозеф Листер зерттеді. Бактериялардың жасуша құрамында тұрақты жасуша қабаты, цитоплазмалық мембрана, цитоплазма, нуклеоид, рибосома болады. Ядроның қызметін дезоксирибонуклеин қышқылы (ДНҚ) атқарады. Бактериялар ядросы мембрана қабығымен оқшауланбаған және онда хромотин жіптері түзілмейді. Бактериялар қарапайым бөліну арқылы көбейеді. Мысалы, 1 г қара топырақта 2 - 3 млрд. бактериялар, 1 г құмды топырақта 150 мың бактериялар, адам көп жиналған бөлме ауасының 1 м3-інде он мыңдай бактериялар тіршілік етеді. Олардың пішіндері әртүрлі: шар тәрізділерін - кокк, қосарланғандарын - диплококк, таяқша тәрізділерін - бациллалар, үтір тәрізділерін - вибриондар, таға тәрізділерін терроидтар, жүзім тәрізді шоғырланғандарын - стафилококтар деп атайды. Бактериялардың ұзындығы 1 - 20 мкм, ені 0,1 - 10 мкм, ал жіп тәрізділерінің ұзындығы 50 - 100 мкм-ге жетеді. Қолайсыз жағдай туғанда сырты қалың қабықпен қапталып спора түзеді. Бактериялар өте төменгі температурада ( - 190[0]С-та, ал споралары - 253[0]С-та) тіршілік ете береді. Оларды өте жоғары температурада (+100[0]С-та) кептіргенде, кейбір түрлері (мысалы, гонококтар) тіршілігін тез жойса, дизентерия таяқшалары жеті тәулік, дифтериянікі отыз тәулік, туберкулездікі тоқсан тәулік, ал түйнеменің бациллалары он жылға дейін тіршілігін жоймайды. Бактерияларды ультракүлгін сәулелері ерітіп жібереді. Қышқылды, қантты, тұзды ортада тіршілік ете алмайды. Бактериялардың көпшілігі зиянсыз, ал зиянды түрлері көптеген жұқпалы аурулар (туберкулез, тырысқақ, көкжөтел, т.б.) тудырады. Бактериялар жасушасында өсімдіктер мен жануарлардың жасушасында болатын элементтердің барлығы кездеседі. Бактериялардың тіршілігінде ферменттердің атқаратын рөлі зор. Олардың бір бөлігі (эндоферменттер) бактерияларда синтез, тыныс алу процесін реттесе, ал екіншілері (экзоферменттер) бактериялар арқылы қоршаған ортаға бөлініп шығады. Сондай-ақ олардың тіршілік етуі үшін көміртек пен азот өте қажет. Бактериялар азотты белоктан, амин қышқылдарынан, аммоний тұздарынан, нитраттардан алады, кейбіреулері атмосфера азотын сіңіреді. Бактериялар көміртекті көптеген көмірсулардан, спирттерден, органикалық қышқылдардан, т.б. алады. Органикалық қосылыстардағы көміртекті сіңіретін бактерияларды гетеротрофты, ал атмосферадағы көміртекті сіңіретіндерді автотрофты бактериялар деп атайды. Бактериялар ауа бар жерде де (аэробты бактериялар), жоқ жерде де (анаэробты бактериялар) өсіп-өнуге бейімделген. Өсімдіктер мен жануарларқалдықтарын минералдандыру арқылы бактериялар табиғаттағы зат айналымына қатысады.
Мысалы, бактериялар өсімдік қалдығына әсер еткенде, оның құрамындағы крахмал, пентозандар, целлюлоза, пектин заттары су мен көмір қышқылына ыдырайды. Тірі организмдерге шіріту бактериялары әсер етсе, ондағы азот қосылыстары аммиакқа айналады. Ал топырақтағы нитрификациялаушы бактериялар аммиакты азот қышқылы тұздарына дейін тотықтырады. Бактериялар топырақ құнарлылығын қалыптастыруға, химиялық элементтердің геохимиялық жолмен алмасуына қатысады, антибиотиктерді, амин қышқылдарын, витаминдер мен ферменттерді, т.б. қосылыстарды түзеді. Бактериялар тамақ және жеңіл өнеркәсіптерінде (сүт тағамдарын әзірлеу, зығырды жібіту, т.б.) кеңінен пайдаланылады.
Бактериялардың жіктелуі
Тiрi дүние жүйесiнде бактериялар Жасушалылар империясына, Прокариоттар дүние тармағына немесе Бытыраңқылылар (Монера) дүниесiне жатады.
1991жылы Серавинның жіктелу жұйесі бойынша молекулалы-биологиялық зерттеулерге байланысты бактерияларда екi дүние тармағын:
1. Архебактериялар және
2. Эубактериялар
1992 жылғы Мамоновтың жіктеуі бойынша үш дүние тармағын:
1. Архебактериялар,
2. Эубактериялар және
3. Оксифотобактериялар қарастырады.
Бактерияларды микроскопиялық ядросы жоқ организмдердiң тобы ретiнде және ескi оқулықтардағы бактерияны бiр бактериялар дүние деңгейiнде қарастыру, қазiргi кезде ескiрген. Л.Н. Серавиннiң (1991) пiкiрiнше, бактериялар -- бұл ерекше клеткаға дейiнгi (прокариотты) бактериоидты деңгейлi құрылысы бар организмдер, оның құрылысы:
* процитке,
* процит отарына,
* полипроциттерге бөлiнедi.
Бактериялар бiздiң планетаның қарапайым организмдерi болып табылады, олар құрылысы және тiршiлiк ету процестерi бойынша әртүрлi болып келедi:
Цианобактериялар (көк-жасыл балдырлар)
Цианобактериялар - 2 мың түрге жуық 54 бактериялар тiршiлiк етедi. Бұл үш млрд жыл бұрын пайда болған өте көне организмдер. Жасушасының пiшiнi доғалы, цилиндрлi таяқша тәрiздi. Ционобактериялар бiржасушалы болуы мүмкiн немесе көпжасушалы жiпше құрайды клетканың жарғақшасы целлюлоза, нуклеин және пектин заттарынан тұрады. Сыртынан Жасушалар тығыз қапшық тәрiздi сiлемеймен қапталған. Барлық прокариоттар сияқты оларда ядро болмайды. Цианобактериялар жасушаларының түсi әр түрлi - көкжасылдан күлгiн қызыл және қараға дейiн. Мұндай спектр ерекше пигменттер жинағымен анықталады олар - хлорофилдер, ксантофилдер және фикобилиндер Цианобактериялар жасушаның екiге бөлiну арқылы көбейедi.
Тiршiлiк ету ерекшелiгi фотосинтезбен атмосфералық азотты азотфиксациялау қабiлетi болып табылады. Көне дәуiрде Архей заманында атмосферасы оттегiмен цианобактериялардың фотосинтезi қызметiнiң арасында байыған.
Архебактериялар
Архебактериялар (Archaios -- көне) физиологиялы-биохимиялық қасиеттерi бойынша нағыз бактериялар-эубактериядан ерекше, жасушаның құрылысы прокариотты болып келетiн микроорганизмдер тобы. Архебактерияның мембрана липидiнiң құрамы, эубактерияда да, эукариоттарда да кездеспейтiн глицерин мен изопреноидты спирттiң эфирi кiредi. Архебактерия клетка қабықшасы эубактериядағы муреиннен емес, қышқыл полисахаридтен, ақуыз немесе псевдомуреиннен тұрады. РНК-полимеразасы 9-12 субьбiрлiктен тұрады (эубактерияларда 4-8).
Рибосомаларға оған кiретiн ақуыздың күштi қышқылды болуы тән. Эукариот хромосомына тән, архебактериялардың генетикалық материалында жүздеп қайталанатын нуклеотидтi тiзбектермен интрондар қатысады. Архебактериялар рибосомды және тасымалдаушы РНК-дағы нуклеотидтер тiзбегiнiң құрамы бойынша, басқа микроорганизмдерден ерекшеленедi. Архебактериялар зат алмасу типi бойынша, физиологиялық және экологиялық ерекшелiгi бойынша әртүрлi болады, оның iшiне: аэробтар мен анаэробтар, хемогетеротрофтар мен хемоавтотрофтар, нейтрофилдер мен ацидофилдер кездеседi. Кейбiр архебактериялар (галлобактериялар) фотосинтездiң, жарықты хлорофил емес, бактериородоксин сiңiретiн ерекше типiне ие.
Архебактериялардың бес топқа жататын (25 тұқым) 40 тан астам түрi бар. Кейбiр зерттеушiлер Архебактерияларды жеке дүниеге, ал басқалары (Mendosicutes) және (Archaebacteria) прокариттар дүние үстi мен бөлiмiне жатқызады.
Клеткалы қабықша құрамында муреин орнын басқа биополимерлер қышқыл МПС, ақуыз немесе псевдонуклеин құрайды. Оның нуклеиннен айырмашылығы, оның құрамында мурамды қышқыл болмайды. 100 градустан жоғарғы температурада дамуы мүмкiн.
Бактериялардың құрылысы және тіршілік процестері
Бактериялар - ядросыз, микроскопиялық бiр клеткалы организмдер (құрылымның прокариоттық типi).Бактериялардың тұқым қуалау материялы (нуклеоид) цитоплазмада орналасқан сақина тәрiздi нуклеин қышқылымен (ДНК) берiлген. Бактериялардың нуклеин қышқылындағы гендердiң саны адам клеткасындағыдан 500 есе аз.
Бактерия клеткасы жарғақшамен қоршалған. Оның iшiнде сiлемейлi капсуланы, клеткалық қабықшаны, және цитоплазмалық жарғақшаны керуге болады. Клеткалық қабықша муреиннен тұрады. Клеткалық қабықшалардың бояғыштармен бояу қабiлетiне қарай грамм - оң және грамм терiс деп ажыратады (бұл әдiс зат ғалымы Грамм ұсынған). Грамм оң бактериялардың муреин қабақшасына басқа заттардың - полисахароид және ақуыздардың молекулалары ендiрiлген, ал грамм терiс бактерияларда клеткаларының қабықшаларына ерекше қасиет беретiн муреин үстiнде липидтер қабаты (майтәрiздес заттар) орналасқан. Кейбiр бактериялардың плазмалық жарғақшасы клетканың iшiне майысып, фотосинтезбен тыныс алуда қатысатын ферменттердiң негiздерiн құрайды. Бактериялардың цитоплазмасында клетка органоидтарынан тек рибосомалар ғана бар. Эукариот клеткаларына тән органоидтар (ядро, митохондриялар, пластидтер, Гольджи аппараты) бактерияларда болмайды.
Клеткалар бiрiгу ерекшелiктерiнiң түрлерi жағынан бiрнеше топқа бөлiнедi: шартәрiздес - кокктар, жұп байланысқан кокктар - диплококктар, жiп тәрiздес стрептококктар, жүзiм шоғы тәрiздес - стафиллококктар, жiп тәрiздi - таяқшалар мен бациллалар, спиральдi иiрiлген - спириллалар, ұзын, қатты иреленген-спирохеттер. Кейбiр бактерияларда қозғалыс органоидтары талшықтары болады.
Спораның түзiлуi тек кейбiр бактерияларға ғана тән, мысалы клостридиуль бациллалары.
Қоректену типi жағынан бактериялар екi топқа бөлiнедi: автотрофты және гетеротрофтылар. Автотрофты бактериялар беиорганикалық заттардан органикалық зарттар түзедi. Автотрофтар пайдаланатын қуат көзiне қарай фототрофты (жасыл және қызғылт) және хемосинтездеушi (нитрификсациялайтын, темiрбактериялар, күкiртбактериялар) болып бөлiнедi. Гетеротрофты бактериялар дайын органикалық заттармен қоректенедi: сапротрофтар -- өсiмдiктер мен жануарлардың өлiк қалдықтарымен, паразиттер мен симбионттар - тiрi организмдер.
Азотты пайдаланудың көзiнен олар аминоавтотрофты және аминогетеротрофты болып бөлiнедi: бiрiншiлерi азоттың минералды қосындыларынан және ауадан (азотфиксациялайтын бактериялар), белокты синтездеу, екiншiлерi дайын аминқышқылдарды пайдаланады.
Бактериялардың көбеюі
Бактериялардың көбеюi клетканың екiге бөлiнуi арқылы жүредi (жыныссыз көбею). Бөлiну жылдамдығыжоғары әр 20 мин. бiр бөлiнедi. Мұндай жылдамдықпен 6 сағат iшiнде бiр клеткадан 250 мың клетка түзiледi. Кейбiр кезде бактерияларда жынысты көбеюге ұқсас процесс (генетикалық ақпарат алмасу) байқалады. Қолайсыз жағдайда бактериялар спора түзедi. Спора күйiнде бактериялар жоғарғы және төменгi температураға төзiмдi және ұзақ уақыт бойы сақталуы мүмкiн. Осылай сiбiр жарасының таяқшасы спора түрiнде 30 жыл бойы өз тiршiлiк ету мүмкiндiгiн сақтайды.
Бактерияның вегетативтi формасы 60 градус температурада 30-60 мин. iшiнде, 80-100 градуста 1-2 минуттан кейiн өледi. Споралар төзiмдi болады. Сiбiр жарасының бацилласының спорасы қайнатуға 10-20 мин., ал ботулизм клостридийдiң спорасы 6 сағатқа шыдайды.
Қоректi заттағы бактерияның вегетативтi формасын 60 градус температурамен ұзақ уақыт бойы (30 мин) жоюды француз ғалымы Л.Пастер ойлап тапты. Бұл процестi "пастерлеу "деп атады.
Микроорганизмдер мен олардың спораларын жоғарғы температура арқылы толық жою стерилизация деп аталады. Бұл бактериялар (сапрофиттер) өлi өсiмдiктер мен жануарлардан қоректi заттарды өндiредi, оларды редуценттерге жатқызады. Олар табиғатта зат айналымын қамтамасыз етедi. Бұл бактериялардың топырақты түзуде рөлi зор. Гумустың мөлшерiн көбейте отырып олар топырақтың құнарлығын арттыруды болады.
Гетеротрофты бактериялар азық-түлiктерге түсiп, оларды бұза алады, мысалы ақуызды заттардың шiруiн тудыратын бактериялар. Көмiртегi субстратын ыдыратып сүтқышқылды өнiмдердi ашу процесiнiң биологиялық рөлiн француз ғалымы Луи Пастер анықтады. Сүтқышқылды бактериялар сүттi ашытып қаймақ, iрiмшiк, сары май, айран, кiлегей сүт сияқты сүттi-қышқыл өнiмдердi жасауда қолданылады. Сүтқышқылды бактерияларға- сүтқышқылды стрептококк, кiлегейлi стрептококк ацидофилдi таяқша жатады. Сүтқышқылды ашыту пiшен (силос) дайындағанда, орамжапырақты ашытқанда, көкөнiстердi консервациялағанда пайдаланылады.
Бұл бактериялар жануарлардың ас қорыту жолының түрлi бөлiмшелерiнде мекендейдi. Әсiресе бұл бактериялардың өте көп мөлшерi күйiс қайыратын малдардың қарнында орналасады. 1 мл қарын құраушыда 1-ден 10 млрд бактерия табуға болады (Насенов Б.) Бұл бактериялардың қызметi целлюлозаны құраушы дөрекi қоректi (корм) ыдырату. Целлюлозаның 90% дейiнiн микробтармен ыдыратылады. Ыдыраудың өнiмдерi организммен игерiлетiн органикалық қышқылдарды түзейдi. Адамның iшегiнде көптеген симбионттар-лактобактериялар, бифидобактериялар орналасқан. Олардың тiршiлiк ету өнiмдерi кейбiр патогендi микробтардың дамуын тежейдi.Тоқ iшек бактерияларға аса бай болады. Бұл бөлiктiң тұрақты тұрғындары -- эмерихиялар, энтерококктер, сүтқышқылды таяқшалар.
Осыдан басқа, бактериялар өсiмдiктермен симбиозға түседi -- бұршаққап өсiмдiктерiнiң түбiр түйнектерiнде тiршiлiк ететiн ризобиум бактериясы азоттан ауаны фиксациялау қабiлетiнне ие.
Бактериялардыңнегізгі органеллалары:нуклеотид,цитоплазма, цитоплазмалық мембрана,клетка қабырғасыжәнеқосымшаорганеллалары бар:споралар,капсулалар,талшықтар,ж іпшелер жатады.
Жасуша қабырғасы - жоғарғы дәрежеде созылмалы қабілеттілігі бар биогетерополимер. Химиялық құрамы бойынша прокариоттардың жасуша қабырғасы эукариотордан ерекшелігі бар. Оның негізгі компоненті пептидогликан класына жататын-муреин. Муреин және оған қосылған арнайы қосымша компоненттері бойынша барлық бактериялар грам оң және грам теріс боялатын екі топқа бөлінеді.
Грам оң бактериялардың жасуша қабырғасы мұғал болады, қалыңдығы 20-80 нм жетеді. Ол гомогенді құрылымнан тұрады және цитоплазмалық мембранаға тығыз жабысын тұрады. Жасуша қабырғасындағы муреин оның құрғақ массасының 50 ден 90 ға дейін процентін құрайды және муреинмен тейхой қышқылы байланысқан.
Грам теріс бактерияладың жасуша қабырғасы жұқалау 14-17 нм. Химиялық құрамы бойынша әр түрлі болады. Ішкі қабаты муреиннен тұрады. Сыртқы қабаты фосфолипид , липополисахарид, липопротеид және ақуыздан тұрады, олардың антигендік қасиеті болады.
Жасуша қабырғасы зақымданса қайта орнына келмейді, біраз уакыттан кейін микроб тіршілігін жояды.
Жасуша қабырғасынан толық айырылған бактерияларды протопласт, ал жасуша қабырғасынан жартылай айырылғандарды сферопласт деп атайды. Жасуша қабырғасы жартылай жойылғанымен, көбею қабілеттілігін сақтаған микроорганизмдерді -пішінді бактериялар деп атайды. Олардың тұрақты және тұрақсыз түрлері болады. Кейбір жұқпалы аурулардың ұзаққа созылып, қайталап дамуы ағзада патогенді бактерияладың L пішінді түрге айналуымен байланысты болуы мүмкін.
Цитоплазма-судан,млн.қосылыстардан, ақуыздан,рнқ,днқдан құралған коллоидтыжүйе.
Нуклеоидтар-клетка цитоплазмасында шашыраған ядролық зат.
Цитоплазмалық мембрана- липид, ақуыздан тұратын күрделі кешен. Ақуыздар молекуласы тыс жағында орналасып липидті бөлшегінің құрылысына мозаика тәріздес ілмектеніп орналасады. ЦПМ жартылай өткізгіштік қасиеті бар құрылым, қызметі әр түрлі.
I. Жасушадағы метоболизмді реттеуге қажетті тұрақты осмостық қысымды бақылайды
II. Су және тұз алмасуын реттейді
III. Бактериялардың қоректенуін қамтамасыз етеді: Жасуша ішінде қоректік заттарды шоғырландырады, зат алмасудан пайда болған қажетсіз заттарды пермеаза ферментінің көмегімен сыртқа шығарады.
IV. Гидролаза ферменттерін синтездейді
V. ДНҚ-ны синтездеуге қажетті ферменттерді топтастырады.
VI. Цитоплазманың ішіне қарай бағытталған, бұралып бірнеше қабаттан тұратын құрылым-мезосома түзеді. Осындай құрылымның кейбіреулері нуклеоидпен байланысқан және микробтың бөлінуіне қатысады.
Цитоплазма бактерияның негізгі көлемін құрайды. Ол колоидты мембрандық жүйеден тұрады. Цитоплазмада нуклеоид, рибосома, гликоген гранулалары, әр түрлі қосындылар орналасқан. Цитоплазманың дәне тәріздес болуы рибосомамен байланысты. Прокариоттардығы рибосоманың тұнбаға түсу жылдамдығы 70S мөлшері 15-20 нм, саны әр түрлі болуы мүмкін, мысалы, ішек таяқшасының рибосомасы 15 мыңға дейін болады. Жасушадағы ақуыздардың биологиялық синтезделуі полисомалардың көмегімен атқарылады. Бактериялық жасушаның цитоплазмалық қосындылары ақуыздық мембранамен қоршалған. Цитоплазма ішінде қосындыларға қоректіқ қор жатады.
Бактериялық жасушаның негізгі энергетикалық қоры-волютин. Волютин дәндері оптикалық тығыз құрылым, мөлшері 0,1-0,5 мкм, метахроматикалық боялу қасиеті бар, яғни бояудан басқа түске боялады. Волютин дәндері күл таяқшасында болады, екі шетінде орналасады, дифференциалды диагностикалық белгі болып табылады. Бактериялардың нуклеоиды-сақиналы тұйықталған қос тізбекшелі ДНҚ. Эукариоттардың нағыз ядросы болады, ол прокариоттар нуклеоидында ядролық қабаты болмайды, ядрошығы, ақуыз-гистоны жоқ митоздық тәсілмен бөліну қабілеті болмайды.
Капсула - бұл негізгі химиялық компонентті полисахаридтен тұратын көп қабыршақты фибриллярлы құрылым. Бактерия денесіне оңай бөліне алады. Патогенді бактериялардың вируленттік белгісіне жатады, өйткені ол бактерияны фагоцитоздың әсерінен қорғайды. Кейбір бактериялар капсуланы тек ағзада құрайды, бұл қасиетін қоректік ортада өсіргенде жоғалтады. Ал капсулалы бактериялар деп аталатын топтағы микроорганизмдер қандай жағдайда болса да капсула түзу қабілеттілігін жоймайды. Капсуланың негізгі қызметі: микроорганизмдердің әр түрлі улы заттардың, фагоцитоздың әсерінен қорғау, жасуша қабатына микроорганизмдердің жабысуына көмектесу.
Талшықтар-цитопалзмадағы базальді денешіктерден басталатын, бактериялық жасушадан бірнеше есе ұзын, табиғатты ақуызды жіпшелер. Олар микроорганизмге жылжымалық қасиет береді. Егер де бактерияның бір шетінде бір талшығы болса - оны монотрих, екі шетінде бір немесе бір неше талшығы болса - амфитрих, бір шетінде бір топ талшығы болса - лофотрих, ал барлық жағынан шығатын болса-перитрих деп атайды.
Талшықтар антиген болып табылатын, Н антиген ақуыз - флагеллинен (flagellum - талшық) тұрады. Флагеллин суббірліктері спираль тәріздес ширатылған.
Кірпікшелер немесе фимбриялар -бактериялардың сыртқы қабатында болатын ақуыз табиғатты өсінділер. Фимбриялардың жынысты ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Цианобактериялар
Цианобактериямен симбиозды тіршілік ететін бактерия-серіктестерін анықтау
Балдырлар классы
Микробалдырлардың аралас өскен дақылдарының құрғақ биомассасын алу және олардың өнімділігін зерттеу
Көк-жасыл балдырлар бөлімінің морфологиясы, көбеюі, таралуы, экологоясы
Прокариоттар
Азотфиксациялаушы цианобактериялардың биологиясы және таралуы
Цианобактериялардың жалпы систематикалық топтары
Балдырлардың формалары жіп тәрізді және талломды
Азотфиксациялаушы цианобактерия NOSTOC CALSICOLA – ның морфологиялық, физиологиялық, биохимиялық қасиеттерін зерттеу
Пәндер