«Қазақстан-2050» стратегиясы» жаңа Қазақстандық патриотизмнің мәні туралы



І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім:
2.1 «Қазақстан. 2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты:болашаққа бағдарланған даму бағыттары.
2.2 «Қазақстан. 2050» стратегиясындағы патриотизм.
2.3 «Қазақстан жолы . 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ»
2.4 Ұлттық сана
ІV. Қорытынды
V. Пайдаланған әдебиеттер тізімі
Егеменді еліміз жиырма алты жылдық тарихын¬да көптеген қиындықтар мен кедергілерді ең¬серіп, зор жетістіктерге қол жеткізді. Қазақ елі әлемге ұлтаралық келісіммен дінаралық татулықтың озық үлгісін көрсеткен бірегей ел екен¬дігін дәлелдеді. Елімізде тұтастандырылған экономикалық кеңістік құрылып, билік тар¬мақтарының бөлінуіне негізделген заманауи мемлекеттік басқару жүйесі қалыптасып ма¬ңызды конституциялық және саяси реформалар жүргізілді. Бүгінгі таңдағы әлемде болып жатқан өзгерістердің сипаты жаһандық өзара іс-қимыл ұзақ мерзімді дамуды талап етеді. Енді екі-үш жылдан кейін елімізде тәуел¬сіздіктің екінші буыны дүниеге келеді. Қазіргі кезеңде еліміздің алдында тұрған бас¬ты мақсат – жалпыға ортақ еңбек қоғамын құру. Қазақстан жиырма бірінші ғасырдың ортасына қарай әлемнің ең дамыған елі¬нің қатарында болуы тиіс. Дамудың қазақ¬стандық үлгісі – жаңа саяси бағыттың негізі іргетасы болып қаланды.
1. Елбасы жолдауы «Қазақстан- 2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты:болашаққа бағдарланған даму бағыттары.
2. Елбасы жолдауы «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ»
3. Интернет желісі
4. А. Құнанбаевтың өлеңдер жинағы

Пән: Саясаттану
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 18 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан-2050 стратегиясы жаңа қазақстандық патриотизмнің мәні туралы. Ұлттық сана.

ЖОСПАРЫ:
І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім:
2.1 Қазақстан- 2050 стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты:болашаққа бағдарланған даму бағыттары.
2.2 Қазақстан- 2050 стратегиясындағы патриотизм.
2.3 Қазақстан жолы - 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ
2.4 Ұлттық сана
ІV. Қорытынды
V. Пайдаланған әдебиеттер тізімі

Кіріспе

Егеменді еліміз жиырма алты жылдық тарихын - да көптеген қиындықтар мен кедергілерді ең - серіп, зор жетістіктерге қол жеткізді. Қазақ елі әлемге ұлтаралық келісіммен дінаралық татулықтың озық үлгісін көрсеткен бірегей ел екен - дігін дәлелдеді. Елімізде тұтастандырылған экономикалық кеңістік құрылып, билік тар - мақтарының бөлінуіне негізделген заманауи мемлекеттік басқару жүйесі қалыптасып ма - ңызды конституциялық және саяси реформалар жүргізілді. Бүгінгі таңдағы әлемде болып жатқан өзгерістердің сипаты жаһандық өзара іс-қимыл ұзақ мерзімді дамуды талап етеді. Енді екі-үш жылдан кейін елімізде тәуел - сіздіктің екінші буыны дүниеге келеді. Қазіргі кезеңде еліміздің алдында тұрған бас - ты мақсат - жалпыға ортақ еңбек қоғамын құру. Қазақстан жиырма бірінші ғасырдың ортасына қарай әлемнің ең дамыған елі - нің қатарында болуы тиіс. Дамудың қазақ - стандық үлгісі - жаңа саяси бағыттың негізі іргетасы болып қаланды.
Қазақстан халқын бір ортаға топтастыратын саяси мәні зор Қалыптасқан мемлекеттің саяси бағыты атты бағдарламада әлеуметтік-саяси дамудың қазақстандық үлгісін демократиялық жолмен өркендетудің негізгі тетіктері көрсе - тілген. Қазақ елінің басты мақсаты - дамыған экономиканың және жалпыға ортақ еңбек - тің негізінде берекелі қоғам құру болып табылады. Ұлт көшбасшысы Н. Ә. Назарбаевтың тәуелсіз Қазақстанның даму перспективаларына орай стратегиялық мақсаттар мен міндеттерді пайымдаған әлеуметтік дамудағы маңызды серпіліс - деп айтуға болады Қазақ елі өзінің барлық мүмкіндіктерін әлемге көрсете білген ел. Дәл сол себептенде халықаралық қауымдастық Қазақстанды ЭКСП0-2017 Халықаралық көрме - сін өткізу орны ретінде таңдады. Біздің еліміз ТМД кеңістігінде ЕҚЫҰ-на төрағалық еткен, осы Ұйымның Саммитін өткізген және ғаламдық іс-шара ЭКСПО-2017 көрмесін өт - кізетін алғашқы ел. Тәуелсіз Қазақстан алдыменен экономика, содан соң, саясат деген айқын принциппен дамып өркендеп келе жатыр.
Тәуелсіз Қазақстанның стратегиялық бағ - дар - - ламасында әлеуметтік өркендеудің жаңа ме - жесі ретінде 2050 жылға дейінгі уа - қыт ара - лығын қамтуы бекерден-бекер емес. Қазақстан Республикасы 2050 жылға қарай әлемнің дамыған 30 елінің қатарына кіруді межелеп отыр. Бұл ғылыми негізделген қаржылық және кадрлық ресурстармен тия - нақталған қол жеткізуге мүмкіндіктеріміз бар мақсаттар. Стратегиялық бағдарламаны жү - зеге асыруда әрбір қазақстандық азаматтың еншілес үлесі бар.
Қазақстан Республикасы 2050 жылға дейін кезең-кезең мен жаңа міндеттерді шешу прин - ципі маңызды деп көрсетілген.
Қазақстан 2050 стратегиясы еліміздің эконо - микалық, әлеуметтік және саяси дамуының нақты жолдарын көрсетіп, болашақтағы негізгі мақсат-міндеттерін белгілеп берген тарихи құжат. Бұл бағдарламадағы қарастырылған мәселелер тек еліміз үшін ғана өзекті емес әлемге, планетаға ортақ көкейкесті проблемалар екені шындық. Сондай-ақ, бұл стратегияда осындай толғақты мәселелердің түйінін тарқатудың, шешімін табу - дың жолдары көрсетілген.
2.1Қазақстан- 2050 стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты:болашаққа бағдарланған даму бағыттары.
2012 жылдың 14 желтоқсанында Қазақстан Республикасының Президенті - Елбасы Н.Ә. Назарбаев Қазақстан-2050 Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты атты Жолдауын Қазақстан халқына арнады.
Өзінің Жолдауында Елбасы өткен 15 жыл бойынша республика дамуының негізгі нәтижелерін талдады, қазіргі заманның басты үрдістері мен түйіндерін белгілеп, Қазақстан - 2030 Стратегиясындағы көптеген тапсырмалар сәтті орындалды, енді елдің алдында жаңа тапсырма орын алып тұр - ол Қазақстан - 2050 Стратегиясының іске асу негізіндегі дүниежүзінің дамыған 30 мемлекет қатарына кіру.
Бұрынғы совет кеңістігіндегі стратегиялық жоспардың бірінші тәжірибесі мен қазақстандық қоғамның өміріндегі межелік оқиғасы ретінде Қазақстан - 2030 Стратегиясы болды, ол бүгінгі таңда заманауи даму үлгілерін Қазақстан жолының өзгешелігінің терең түсінігімен байланыстырған интеллектуалдық өнімнің үлгісі болды.
Қазақстан - 2050 Жаңа Стратегиясы - ол бір жағынан Қазақстан - 2030 Стратегиясы шеңберінде өткізілген реформалар курстарының жалғасуы болып табылса, екінші жағынан - бәсекелестіктің жаңа межелеріне арналған Қазақстан дамуының басты бағыттары анықталған дербес құжат болып табылады. Бұл құжатта ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаев Қазақстанды экономикалық, саясаттық және әлеуметтік дамудың жаңа деңгейіне әкелетін жеті стратегиялық басымдылықты анықтады.
1. Жаңа бағыттың экономикалық саясаты - пайда алу, инвестициялар мен бәсекеге қабілеттіліктен қайтарым алу принципіне негізделген түгел қамтитын экономикалық прагматизм.
2. Кәсіпкерлікті жан-жақты қолдау - ұлттық экономиканың жетекші күші.
3. Әлеуметтік саясаттың жаңа қағидаттары - әлеуметтік кепілдемелер мен жеке жауапкершілік.
4. Білім және кәсіби біліктілік - қазіргі білім жүйесінің, кадрлерді даярлау мен қайта даярлаудың кілтті бағыттары.
5. Мемлекеттіліктің одан әрі дамуы және қазақстандық демократияның дамуы.
6. Дәйекті және жорамалды сыртқы саясат - ұлттық мүдделерді өрлету және аймақтық пен жаһандық қауіпсіздікті нығайту.
7. Жаңа қазақстандық патриотизм - біздің көп ұлтты және көп конфессиялық қоғамның жетістік негізі.
Бұл стратегиялардың көмегімен біз болашақта Қазақстанның қандай қуатты мемлекетке айналғанын күллі жаһаннамға көрсете аламыз. Осы стратегияларды басшылыққа ала отырып жұмыс жасасақ алға қойып отырған мақсат- міндеттерімізге жетуіміз соншалық тез болмақ.
Елбасымыз сонымен қатар өз жолдауында 10 негізгі жаһандық сын- қатерді атап көрсетті.
ХХІ ғасырдың жаһандық он сын-қатері:
Бірінші сын-қатер - тарихи уақыттың жеделдеуі.
Екінші сын-қатер - жаһандық демографиялық теңгерімсіздік.
Үшінші сын-қатер - жаһандық азық-түлік қауіпсіздігіне төнетін қатер.
Төртінші сын-қатер - судың тым тапшылығы.
Бесінші сын-қатер - жаһандық энергетикалық қауіпсіздік.
Алтыншы сын-қатер - табиғи ресурстардың сарқылуы.
Жетінші сын-қатер - Үшінші индустриялық революция.
Сегізінші сын-қатер - үдей түскен әлеуметтік тұрақсыздық.
Тоғызыншы сын-қатер - өркениетіміз құндылықтарының дағдарысы.
Оныншы сын-қатер - жаңа әлемдік тұрақсыздық қаупі.
Бұл сын- қатерлер біздің болашақта қазақ ұлты болып қалуымызға кедергі болмақ. Осылардың алдын алу үшін, болашақ ұрпақтарымыздың өз өткенін білуі үшін сын- қатерлерді түзетуіміз қажет. Әрине жалғыз елбасымыз ғана емес барша Қазақстандық жиылып , бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарсақ алынбайтын асу жоқ екені рас. Әлбетте, өзіміздің тарих қойнауына толы өткенімізбен тек қана жарық сәуле шашатын ертеңімізге жетуіміз үшін бүгінімізді бағалай білейік. Дәл осы сәттен бастап алға қарай қадам жаасауымыз керек. Қандай да болмасын елбасымыздың айтқан әрбір сөзін егжей- тегжейлі оқып, санамызбен түсіне біліп ой қорыта білуіміз керек. Қазақстанда қанша халық болса сонша көзқарас бар. Демек, әркім өзі тұрып жатқан Қазақстанды таныту үшін жан аямай еңбек етіп, жарқын болашақты жасай білуі шарт.

2.2 Қазақстан- 2050 стратегиясындағы патриотизм
7. Жаңа қазақстандық патриотизм - біздің көп ұлтты және көп конфессиялық қоғамның жетістік негізі.
Бұл стратегиялық басымдылықтың жүзеге асуы қоғамдық келісімінің сақталуы мен нығаюынан тұрады. Осы мақсатта келесі шараларды орындау қажет:
1. Этникалық айырмашылықтан тыс, барлық қоғамды біріктіретін
Жаңа Қазақстандық Патриотизмді қалыптастыру.
2. Барлық этностардың теңдігін ұстануды қамтамасыз ету.
3. Қазақ тілі мен тілдердің үштұғырлығының дамуын қамтамасыз
ету, оны барлық салаларда қолдану.
4. Мәдениетті, дәстүрлерді және өзіндік ерекшелікті барлық сан алуандығы мен айбындылығында сақтау, мәдениеттік дәулетімізді түйірлеп жинау.
5. Ұлттық интеллигенцияны қалыптастыру.
6. Елдің дәстүрлері мен мәдени нормаларына сәйкес келетін діни
сана-сезімді қалыптастыру.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан - 2050 стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты атты Жолдауында: Біздің басты жетістігіміз - тәуелсіз Қазақстанды құрғанымыз, - деп, Қазақстан халқының тәуелсіздік жылдарында жеткен жетістіктерін талдап, саралап, оның ішінде Қазақстан - 2030 стратегиясының қорытындысын, нәтижелерін, жетістіктерін айтып өткен еді. Дәл қазіргі таңдағы қоғамдық тұрақтылық пен келісімнің арқасында халықаралық аренада таныла бастағанымызды айтқан Елбасы халықтың мерейін өсіріп, бір серпілтіп тастаған еді.
Осы Жолдаудағы маңызды бағыттардың бірі - жаңа қазақстандық патриотизмді қалыптастыру болғаны баршаға аян. Осыған кеңірек тоқталатын болсақ, дәл қазіргі таңда патриотизмді қалыптастыру мәселесі бұрынғыдан гөрі өткір болып тұрғандай. Себебі жаңа қазақстандық патриотизмді қалыптастыру жолына мемлекет басшылары да ерекше ықылас танытып, көңіл бөліп отырғаны анық. Бұл туралы Елбасының соңғы Жолдауында айтылуы тегін болмаса керек. Жолдаудың жетінші тармағында Жаңа қазақстандық патриотизм - біздің көпұлтты және көпконфессиялы қоғамымыз табысының негізі екені айтылып, Елбасы өз сөзінде: Біздің бұл бағыттағы басты мақсатымыз қарапайым және түсінікті: біз қоғамдық келісімді сақтауға және нығайтуға тиіспіз. Бұл - біздің мемлекет ретінде, қоғам ретінде, ұлт ретінде өмір сүруіміздің айнымас шарты. Қазақстан патриотизмінің іргетасы - барлық азаматтардың тең құқылығы және олардың Отан намысы алдындағы жалпы жауапкершілігі, - деп ерекше атап өтті.
Егер қазақы патриотизмнің қайнар көзін бажайласақ, біздің ұлтқа ол ешқашан жат болмағанына, қайта бесіктегі сәттен бастап ұлттық тәрбиемен бірге бойға дарығанына көз жеткізуге болады. Бағзы ата-бабаларымыз Отанды қорғауда жан-тәнін аямай, патриотизмнің ең озық үлгісін көрсеткен. Себебі, ол табиғаттан, ұлттық тәрбиеден берілген сезім болатын. Қазыбек би: Атадан жақсы ұл туса, елінің туы болады. Атадан жаман ұл туса, көшінің соңы болады, - деген. Осындай аталы сөздер ғасырлар бойы халқымызды жігерлендіріп, қанына сіңген қасиетке айналған. Біз әлі де осы қасиеттен ажыраған жоқпыз. Алайда ендігі мәселе ұлттық патриотизм үлгісін жаңа қазақстандық патриотизммен ұштастыру, басқа ұлттарға өзіміздің елімізді, жерімізді, ұлтымызды, мемлекетімізді сыйлауына жол, бағыт көрсету болмақ. Бұл, әрине, құптарлық мәселе.
Патриотизм - отбасына, туып-өскен ортасына, топырағы мен табиғатына, еліне деген құрметтен бастау алады. Өз ұлтын, жерін сүйіп, оның мұңын мұңдап, жоғын жоқтайтын адам ғана шынайы патриот бола алады. Оны зорлықпен, нұсқаумен жүргізу мүмкін емес. Ел Президенті Н.Назарбаевтың: Әрбір адам біздің мемлекетімізге, оның бай да даңқты тарихына, оның болашағына өзінің қатысты екенін мақтанышпен сезіне алатындай іс-қимыл жүйесін талдап жасауы қажет. Елдің проблемалары да, келешегі де барлық адамға жақын әрі түсінікті болуы тиіс. Әрбір адам бала кезінен Қазақстан - менің Отаным, оның мен үшін жауапты екені сияқты мен де ол үшін жауаптымын деген қарапайым ойды бойына сіңіріп өсетіндей істеген жөн, - деуі патриотизмге баулудың жарқын үлгісі іспетті. Қазақстандық патриотизмнің анықтамасы да осынау парасатты ойдан бастау алатындай.
Жалпы, патриотизмді ұлттың тілі, діні мен ділімен тығыз байланысып, астасып жатқан ұғым деп қарастырған дұрыс болар. Дәл бүгінгі шақта көтеріліп отырған маңызды мәселелер қатарында жастарды патриоттық сезімге баулып, өсіру өзекті саналады. Қазақстанның кез келген азаматын отансүйгіштік, патриоттық рухта тәрбиелеудің орны бұрын да бөлекше болған, бүгін де маңызын жойған емес. Кез келген елдің дамуы саналы азаматтар қатарының көбеюімен де байланысты. Себебі болашақ - қазақ жастарының қолында. Ал осы жолда тайсалмай, елім үшін деп ерінбей еңбек ететін болсақ, өз үлесімізді қосарымыз анық. Келешекте ел тізгінін қолға алатын жастардың барынша білімді, жан-жақты, білікті болуы қаншалықты маңызды болса, олардың Отанына деген сүйіспеншілігінің мол болуы басты қажеттілік болса керек. Өйткені, елін, жерін сүймеген азамат Отанына адал қызмет ете алатыны күмән тудырады. Ұлтының патриоты болған адам ана тіліне бей-жай қарай алмайды. Ал өз тілінде де, өзге тілдерде де еркін сөйлейтін маман қай кезде де еліне пайда келтіре алатыны анық. Қазіргі тәуелсіздік жағдайында патриоттыққа баулу - айырықша маңызға ие мәселелердің бірі болып отырғаны да сондықтан.
Саяси түсіндірме сөздігінде патриотизмге былайша анықтама берген екен: Патриотизм (грек, patris - отан, атамекен) - өзінің жеке және топтық мүдделерін жалпы елдің мүдделеріне бағындыратын, оған адал қызмет етіп, қорғауды мақсат тұтатын өз Отанына, Атамекеніне деген терең сүйіспеншілік сезімі. Патриотизм мәселелері жаңа мемлекеттердің құрылуы, ұлттың қалыптасуы, ұлт-азаттық қозғалыстар мен соғыстар кезінде ерекше өзектілікке, саяси мәнге ие болады. Бүгінгі күні Патриотизм мәселесі жаһандану, интернационализация, мемлекетаралық, аймақтық және жер шарылық ықпалдастық жағдайында өрши түсуде. Шынайы патриотизмді интернационализм мен космополитизмге қарсы қоюға болмайды. Өз халқын басқа ұлттар мен этностарға қарсы қоюға бағытталған патриотизм шынайы емес, ол ұлтшылдыққа және шовинизмге ұласып кетуі оңай. Ал, ұлттық және ұлттық-мемлекеттік нигилизмге негізделген интернационализм мен космополитизм жалпыадамзаттық мүдделер мен құндылықтарға қайшы келеді, - делінген.
Н.Г.Чернышевскийдің сөзімен айтар болсақ: Өз Отанына салқын адам бүкіл адамзатқа да опа бермейді.
Кей мамандардың сөзіне құлақ түрсек, патриотизм - азаматқа мінездеме беретін негізгі қасиеттерінің бірі екен. Және ол тек қоғамдық сананы ғана емес, оның дамуының да алғышарты болса керек.
Тұтастай алғанда қарапайым халық патриоттықты ұлтын сүюмен байланыстырады. Ал оның астарында көптеген алғышарттары жатқанын біреу білсе, біреу біле бермейтін шығар. Шын мәнінде, ол тек ұлтын сүюмен шектелмейтіні белгілі. Онымен қоса, мемлекетін, тілін, дінін, ділін, дәстүр-салтын құрметтеумен де байланысты екені ақиқат. Көптеген жетістіктерге жетуге себепкер болған да осы патриотизм десек, жаңылыспаған болар едік. Кезінде Алаш арыстары да ұлтшыл деп айыпталғанымен, шын мәнінде нағыз патриот болғанын тарих дәлелдеп берді.
Патриотизм феноменін үшке бөліп қарастырған жөн дейді отандық ғалымдар. Ол: мемлекеттік, ұлттық және жеке түрлер. Оның біріншісі бүгінгі таңда аса маңызды саналып отырған - жаңа қазақстандық патриотизм. Бұл елімізде мекен етіп жатқан жүз отызға жуық ұлт пен ұлыстардың елге деген сүйіспеншілігі тұрғысында қарастырылады. Яғни, барлық қазақстандықтар жаңа патриотизмге ден қоюы басты межеге, күн тәртібіндегі мәселеге айналып отыр. Жалпы, кез келген адам патриоттықты бесіктегі шақтан бастап бойға сіңіре бастайды. Бұл жерде отбасылық тәрбиенің де, балабақша мен мектеп, жоғары оқу орындары мен ондағы білім беруші ұстаздардың да үлесі зор. Сондай-ақ, жұмыс істеу барысында қоғамдық ұйымдардың немесе басқа да орталықтардың ықпалы болары сөзсіз.
Елбасы Н.Ә. Назарбаев Қазақстан халқына арнаған Жолдауында Лондон Олимпиадасындағы спортшыларымыздың 205 ұлттық құрама арасынан 12-орын алғанын ерекше атап өткен еді. Сондай-ақ, Қазақстан командасы көптеген этностардың берік және ынтымақты шаңырағының біртұтас жасағы ретінде сайысқа түскенін мақтанышпен жеткізді. Бұл жеңіс тек қазақтар үшін ғана емес, бүкіл қазақстандықтар үшін маңызды болғаны анық. Себебі әрбір азамат алтын, күміс және қола жүлдеге ие болғандарды ұлтына қарамастан мақтан тұтты. Дәл осы сөздерді Елбасы былайша жеткізген еді: Олимпиададағы жеңіс салтанаты халқымызды одан әрі біріктіре түсті, патриотизмнің ұлы күшін танытты. Бұқаралық спорт және жоғары жетістіктерге жеткізетін спорт кешенді жүйелі тәсілді талап етеді. Тек саламатты ұлт қана бәсекелестікке қабілетті болмақ, - деді.
Бір қырынан алғанда көпұлтты Қазақстан үшін ұлтаралық татулықтан асқан маңызды мәселе жоқ шығар. Ел ішіндегі тұрақтылыққа мемлекет тарапынан жете мән берілуі де сондықтан болар. Және ел ішіндегі әлеуметтік құрылымдардың қалыптасып, жұмыс істей бастағаны да көңіл көншіктірерлік жағдай. Осындай ұйымдар мен орталықтардың басты мақсаты да қоғамдағы тұрақтылықты, қоғамдық сананы және ұлттық идеяны қалыптастыруға бағытталып отыр. Осындай маңызды мәселелердің қатарында қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейту де алдыңғы орында тұрғаны рас. Әсіресе, жастардың арасында мемлекеттік тілді қастерлеу, қазақ тілін жетік меңгеруге бағытталған іс-шаралардың қолға алынғанына да біраз уақыт болып қалды. Алайда межелі нәтижеге қол жеткізу үшін әлі де қыруар шаруаның атқарылуы қажет екені айдан анық. Ал қазақ қазақша білмесе, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жаңа Қазақстандық Патриотизмді қалыптастыру
Патриотизм - санаға біртіндеп қалыптасатын, тынымсыз тәрбиенің нәтижесінде орнығатын ұлы сезім
Қазақстандық патриотизмнің қалыптасу тарихы мен даму жолдары
АСЫЛ МҰРА түркі антологиясы
Елбасы еңбектері тарихи дерек ретіндегі шынайлығы мен обьективтілігін көрсету мақсаты
Елбасы еңбектерінің қазақ тарихының дерек көзі ретіндегі маңызы мен ерекшеліктері
ҚР Президентінің ұсынған ұзақ мерзімді Стратегиялары және олардың тарихи маңызы
«Қазақстан-2050» стратегиясындағы патриоттылық
«Қазақстан- 2050» стратегиялық мақсатын есепке ала отырып дамыту
Қазақстан – 2050» стратегиясы: бір халық – бір ел – бір тағдыр
Пәндер